ҚАЗАҚ БОЛМЫСЫНДАҒЫ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ОРНЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 153 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ӘОЖ 008:001. 89 Қолжазба құқында

АЛЬДЖАНОВА НУРЛЫХАН КОЖАБЕРГЕНОВНА

Қазақтардың коммуникациялық мәдениетін семиотикалық талдау

6D020400 - Мәдениеттану

Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми кеңесшілер Отандық ғылыми кеңесші:

Борбасова Қ. М., философия ғылымдарының докторы, профессор

Шетелдік ғылыми кеңесші:

Асунсьон Лопез-Варела доктор PhD, Мадрид (Испания) Комплутенсе

университетінің профессоры

Қазақстан Республикасы Алматы, 2016

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

3
КІРІСПЕ:

1 КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕМИОТИКАСЫ

3:

11

КІРІСПЕ:

1. 1 Коммуникация: әдіснама және ұғымталдау

3:

11

КІРІСПЕ:

1. 2. Коммуникациялық рәміздерді семиотикалық талдау

3:

26

КІРІСПЕ:

2 ҚАЗАҚ БОЛМЫСЫНДАҒЫ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ОРНЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ

3:

49

КІРІСПЕ:

2. 1 Қазақ этномәдениетіндегі коммуникациялық бастаулар және олардың

рәміздік-таңбалық нысандары

3:

49

КІРІСПЕ:

2. 2 Вербальды емес коммуникацияның дәстүрлі рәміздері

3:

73

КІРІСПЕ:

3 ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ КОММУНИКАЦИЯЛАР СЕМИОТИКАСЫ

3:

92

КІРІСПЕ:

3. 1 Дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі коммуникациялық рәміздер

3:

92

КІРІСПЕ:

3. 2 Қазіргі Қазақстан мәдениетіндегі коммуникациялық үдерістердің

семиотикасы

3:

110

КІРІСПЕ:

ҚОРЫТЫНДЫ

3:

132

КІРІСПЕ:

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

3:

134

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда жаппай жаһанду жүріп жатқан уақытта, қазіргі жер шарындағы халықтардың айтарлықтай бөлігі өзінің тілінен, ұлттық ерекшеліктерінен айырылуда. Демек, қазақ этносының тілі мен ділі, ұлттық психологиясы мен дүниетанымы, мәдениеті, оның ішінде өнерінің қазіргі кезеңде сақталуы, дамуы қазіргі кезеңнің кезек күттірмейтін міндеті болып отыр. Қазақтың дәстүрлі коммуникациясының семиотикалық үрдістері әлі күнге дейін көбіне классикалық талдаудың үлгісінде зерттеліп келеді. Семиотикалық тәсіл дәстүрлі мәдениеттің бірыңғай мәтінін біртұтас коммуникациялық жүйе ретінде, әрбір таңбаның басқа да таңбалармен ара қатынасы түрінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның мемлекет бағдарламаларымен байланысы . Заманауи мәдениетте коммуникация мәселесі жаһанданумен қатар қызу талқыланып жатқан өзекті тақырыпқа айналды және бұл ұғым толыққанды философиялық статусқа ие болды. Соңғы уақытта жарияланған кез келген философиялық сөздікте коммуникацияға қатысты біршама мағлұмат алуға болады. Өткен ғасырдың екінші жартысында пәнаралық сипатта қалыптасқан коммуникациялар семиотикасын кешенді түрде талқылау гуманитарлық ғылымдар үшін заманауи міндет болып тұр.

Қазақ мәдениетінің коммуникациялық болашағы қарым-қатынастардағы таза батыстық индивидуалистік ұстанымдамен де, шығыстық қауымшылдық тұғырнамалармен де шектелмейді. Аталған мәселенің ұтымды бір шешімін Елбасы ұсынады: «Бүгін тоталитарлық және либералды қоғам арасындағы дау жойылған кезде либералдық қоғам модельдерінің әр түрлі болатыны және әр елдің өзіндік ерекшеліктері болатындығы анықталып отыр. Негізгі айырмашылық модельдердің екі үлгісінің: ағылшын-саксондық және «азиялық жолбарыстар» көрсеткен азиялық үлгілердің арасында болып отыр. Бірқатар бағыттарға ортақ сипаты бола тұра, олардың арасында үлкен айырмашылықтар байқалады. Бірінші модельге көбіне даралық, екіншісіне - коммунитаризм тән. Бірінші жағдайда мемлекеттің шектеулі рөлі уағыздалады, екіншісінде мемлекеттің жоспарлаумен белсенді түрде айналысып, жекеше сектор мен бүкіл қоғамға жетекшілік етуге тиіс күшейтілген рөлі уағыздалады. Бірінші модельде көңіл макроэкономикаға, екінші модельде - микроэкономикаға бөлінеді және т. с. Біз - өзіміздің белгілі тарихымыз бен өзіндік болашағымыз бар еуразиялық елміз. Сондықтан біздің моделіміз басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтындай болады. Ол өз бойына әр түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді» [1, 47-48 б. ] .

Адамның болмыстық бітімін айқындайтын мәдениет заман талаптарына сай өзіндік санасы мен дүниетанымдық бағдарламаларына ғылыми талдауды қажет етеді. ХХІ ғасырдың табалдырығында тұрған қазақтың ұлттық мәдениеті үшін ғасырлар бойы жинақталған дәстүрлі үлгілерді сақтаумен қатар жаңа өркениеттілік құндылықтарын үйлесімді қабылдау келелі әрі өзекті міндетке жатады. Қазіргі коммуникациялық суреттемелерде ұлтсыздандырылған және тұлғасыздандырылған рәміздерден гөрі этномәдениеттердің төлтума белгілерін сақтайтын рәміз-үлгілер жоғары бағаланады. Зерттеудің көкейкестілігін

«Басқаны түсіну үшін алдымен өзіңді таны!» деген ұстаным арқылы жеткізуге мүмкіндік бар. Әрбір адамның кұнды екендігін мойындау сол адамдарды тұтастандырып тұрған этномәдениеттің де кұндылығын мойындау болып табылады.

Ұлттық рәміздер Елтаңба, мемлекеттік Жалау, Әнұранымызда айшықты көрініс тапқаны белгілі. Оларда ұлттық болмыс пен мәдени даму бағдарлары стратегиялық тұрғыдан түйінделген. Шексіз көкте самғаған қыран, кедергіге тоқтамайтың пырақ, мәнгілікке меңзейтін ою-өрнек және т. т. - бұл кімді болса да толғандырмай қоймайды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі және басты бағыттары. Таңдалып алынған тақырып отандық мәдениеттанулық және философиялық әдебиетте алғашқы болып табылады. Алайда бұл зерттеу ішкі мәнісі бойынша көптеген теориялық ізденістер, мәдени мәтіндер мен деректерге сүйене отырылып орындалған.

Бүгінгі таңда батыс елдерінде коммуникация семиотикасы жеткілікті дамыған теория болып табылады, бұның тәсілдері адам болмысының әртүрлі танымдық деңгейінің әрекетін талдауға мүмкіндік береді. Семиотикада белгінің бір-бірімен қатынасын синтаксис, белгінің белгіленген затқа қатынасы семантика, белгі жүйесінде тұтынып қолданылатын белгі қатынасын прагматика айырып көрсетеді. Ежелгі және дәстүрлі қоғам адамдарының дүниетанымдық түсініктерінің негізгі жүйесі семиотикалық тәсілде айқындалған.

Мәдени коммуникация құбылыстарын семиотикалық тұрғыдан зерттеу және жалпы рәміздік белгі мәселелер бойынша ізденістер семиотика мен семантиканың дамуына байланысты батыстық зерттеушілер тарапынан өрістеді: К. -О Апель, Ч. Моррис, Ч. Пирс, Э. Кассирер, М. Фуко, Р. Гвардини, В. Тэрнер, К. Леви-Строс, Д. Фрезер, Ж. Деррида. Ж. Делез, Ф. Гваттари, О. Шпенглер, Ф. Лиотар А. Тойнби және т. б. Рәмізді белгінің коммуникациялық мәдениеттегі маңыздылығы П. А. Флоренский, П. Г. Богатырев, Ю. Лотман, А. Ф. Лосев және т. б. ресейлік авторлардың еңбектерінде зерттеліп қамтылған.

Мәселенің зерттелу деңгейі туралы ізденуші мынадай әдістемелік ұстанымдарды басшылыққа алады: а) коммуникациялар семиотикасы мен рәмізшілдік мектеп батыстық мәдени философияда қалыптасқандықтан осы бағдардың жетістіктерін пайдалану отандық мәдениеттану мен философияны жоғары деңгейге көтеруге себепкер бола алады; б) сонымен бірге біз батыстық ұғым-түсініктерді өзгертпей, «калька» ретінде қабылдауды да дұрыс деп есептемейміз, өйткені дүниетанымдық қағидаттар нақтылы этномәдениет аясында қалыптасады. Мысалы, дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі дүние суреттемелері мен рәміздері тәңіршілдік, сопылық ықпалда көшпелілік өмір салты негізінде қалыптасады.

Тікелей коммуникацияның сеиотикалық суреттемелері мен олардың рәміздік негіздеріне арналмағанымен, осы мәселенің белгілі бір қырлары айқындалған қазақстандық кейбір ғылыми еңбектерді атап өтелік. Қазақ халқының мәдениеті, коммуникациялық қатынастары, қолөнері, тұрмысы жайлы жазылған Ш. Уәлиханов еңбектерінің маңызы зор. Оның еңбектері XIX ғ. орта кезеңіндегі қазақтардың қарым-қатынастары семиотикасы тарихына мол

мағлұмат қосады. Академик Ә. Марғұланның үш томдық еңбектері қызықты деректермен, құнды мазмұнымен қатар, әрбір мәдени артефакттың семиотикалық технологиясын сипаттап, қолдану орнын анықтайды. Қанат Нұрланова «Адам және әлем. Қазақтың ұлттық идеясы» атты кітабында қазақ идеясы ретінде «адаммен егіз Жарық дүние» рәміз-суреттемесін ұсынады. Осы Жарық дүниеге қазақ адамы іштесу үшін келген.

Диссертация тақырыбына қатысты Н. Ж. Шаханованың «Қазақтың дәстүрлі мәдениетіне семантика-семиотикалық талдау» және «Дәстүрлі қазақ мәдениетінің әлемі» атты зерттеулерінде дәстүрлі қазақ коммуникациясының кешендік құрылымына семиотикалық талдау берілген. Қазақстандағы коммуникациялық мәдениеттің семиотикалық сипаттамасының кейбір жақтары Г. Шалабаеваның докторлық диссертациясы мен соңғы жылдары жарияланған монографиялары мен мақалаларында, А. Р. Масалимованың коммуникациялық мәдениет пен маргиналдыққа қатысты зерттеулерінде, З. Н. Исмағамбетованың, Б. Ғ. Нұржановтың, А. Г. Қарабаеваның инновациялық мәдениет пен коммуникациялар туралы еңбектерінде қарастырылған. Қазақ дүниетанымы мен дәстүрлі мәдениетіндегі түйінді рәміздер Қ. М. Борбасованың Қазақстандағы діни қарым-қатынастарға арналған еңбектерінде, М. Ш. Хасанов пен Ж. Қаракөзованың «Қазақ мәдениетіні ғарышы», Т. Х. Ғабитовтың «Қазақ мәдениетінің тарихы», В. Ғалиевтың «Қазақ мәдениетінің рәміздері» және т. б. зерттеулерде сарапталған. Ғалым Х. Арғынбаевтың «Қазақ халқының қолөнері» атты еңбегінде де коммуникациялар семиотикасына қатысты құнды деректер қамтылады.

Қазақ мәдениетін ерекше зерттеуші Ө. Жәнібековтің еңбектері қазақ халқының материалдық мәдениетке, киім-кешекке, үй-жайға көңіл бөледі. Оның 1982 жылы басылып шыққан «Культура казахского ремесла» еңбегінде қазақ халқының қолөнері ел тұрмысымен тығыз байланыста көрініс тауып, киім үлгісі де сипатталған өте ауқымды еңбек болып табылады. З. Наурызбаева қазақ халқының дәстүрлі және заманауи мәдениетінің семиотикалық-стилистикалық бірлігі мен өзіндік ерекшеліктерін герменевтикалық тұрғыдан қарастырады.

«Оңтүстік Сібір түріктерінің дәстүрлі дүниетанымы», «Көшпенділер: Эстетика» атты ұжымдық монографияларда түріктердің діни наным-сенімдері, ата-баба рухына деген қамқоршылық қызметі нанымды сипатталған. Мұнда авторлар дәстүрлі мәдениеттің негізі көшпенділердің әлемге деген ерекше көзқарастарының біртұтастылықта қабылдап қалыптасқандығын айқындайды. Қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінің бірқатары дәстүрлі өнер мен этнографиялық құндылықтарды заттық-материалды мәдениет тұрғысынан сипаттап, түсінік береді. Алғаш рет коммуникациялық мәдениет Бек Ибраевтың ғылыми зерттеу мақаласында тарихи-этнографиялық тұрғыдан зерттеліп, семиотикалық талдау жасалады.

XVIII ғ. мен XIX ғ. бас кезеңінде Қазақстан жерінде болған орыс суретшілерінің суреттері де этнографиялық жағынан құнды материалдар болып табылады. И. Г. Георги, П. С. Паллас, А. И. Левшин, И. Казанцев, Т. Аткинсон, В. Н. Шевченко, П. Кошаров, П. Орловский, И. Клапрот, Г. Г. Гуркин, П. И. Лерх, П. В. Маковецкий, Н. М. Ядринцев, Г. И. Спасский, С. Большой, М. И. Минаев

және тағы басқалардың еңбектері өлкетанымдық тұрғыдан сипатталады. XVIII - XIX ғасырлардағы қазақтың тұрмыс-салты мен мінез-құлқы, шаруашылық әдісі, қолөнер бұйымдарының жасалу технологиясы, материалы жайлы біршама құнды пікірлерді ресейлік зерттеушілер еңбектерінде айтылған.

Адам санасындағы болмыс түсініктеріндегі барлық рәміздік-белгі мәдениет саласының шығармашылық қызметі. Сондықтан осы үрдісті жоғалтпай коммуникациялық мәдениетті зерттеуімізде дәстүрлі мәдениетіміздің рухани- материалдық бірлігін дүниетанымды рәміздік белгі құбылыстарында айқындауды көздейміз.

Қазақтың дәстүрлі коммуникациялық мәдениетін мәдениеттанымдық, философиялық, өнертанушылық тұрғыдан зерттеген ғалымдардың қатарында Б. Р. Қазыханова, С. Н. Ақатаев, Ғ. Ақпанбет, Ж. Алтаев, Ғ. Есім, І. Ерғалиев, Б. Байжігітов, Ж. Ж. Молдабеков, Ә. И. Мұхамбетова, О. А. Сегізбаев, Г. К. Шалабаева, С. Е. Нұрмұратов, Ш. Тоқтабаева, Г. Ж. Нұрышева, Б. Д., Кокумбаева, Г. К. Ибрайшина, Ә. Қ. Малаев, Н. Мыңжани,, А. Жиенбекова, Ж. Т. Берістенов, Р. Ерғалиева және т. б. есімдерін атауға болады.

Алайда бұл зерттеулер аталған тақырыпты тікелей қамтымағандықтан диссертациялық ізденістің объектісі мен пәнін жаңа деп бағалауға толық негіз бар. Біз қарастырып отырған мәселенің аталып өткен зерттеулерден негізгі айырмашылығы зерттеу нысанының өз дәрежесінде анықталуымен және соған сай зерттеу әдісін қолдану өзгешелігінде.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері . Қазіргі қарым-қатынас құндылықтары қайта қаралып жатқан қазақстандық қоғамдағы жүйелік дағдарыстан өтіп, жаңа өркениеттілік талаптарына сай қатынастарды жетілдіру үшін коммуникациялық мәдениеттің семиотикалық таңбалары мен олардың рәміздік негіздерін зерттеу жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Қойылған мақсат бойынша қазақ ұлттық коммуникациялар кешенін семиотикалық тұрғыдан зерттеу арқылы оның дәстүрлі және инновациялық үлгілі нысандары сараланып, басқа ұлыстардың ықпалымен дамыған нысандарына және даму жолдарына мәдениеттанушылық тұрғыдан талдау беру зерттеудің мақсатын нақтыландырады.

Аталған мақсатты шешу барысында төмендегідей ауқымды міндеттерді

алдымызға қойдық:

  • коммуникациялардың ұлттық-мемлекеттік даму моделін айқындау үдерісінде батыс философиясындағы семиотикалық-рәмізшілдік мектептің жетістіктері мен құндылықтарына мәдениеттанулық сараптау беру;
  • коммуникациялық семиотиканың әмбебап мәселелік өрісін анықтау және бұл ілімнің қазіргі мәдениеттегі звристикалық рөлін айқындау;
  • қазақ этномәдениетінің рухани бастауларындағы коммуникациялық ерекшеліктерді айқындау және оларға мәдениеттанулық салыстырмалы талдау беру;
  • қазақ коммуникациялық мәдениетінде қалыптасқан әр түрлі вербальды емес семиотикалық суреттемелерге типологиялық және мәтіндік талдау беру;
  • дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі коммуникациялар семиотикасын тарихи- мәдени контекстіде қарастыру және оны басқа өркениеттілік үлгілерімен салыстыру;
  • қазіргі Қазақстан мәдениетіндегі коммуникациялардың рәміздік суреттемелеріне герменевтикалық түсіндірме және концептуалды сипаттама беру.

Зерттеу жұмысының нысаны: қазақ халқының дәстүрлі және заманауи коммуникациялық мәдениеті.

Зерттеу жұмысының пәні: қазақ халқы коммуникациялық мәдениетінің таңбалық және рәміздік жүйесі, оның пайда болуы, семантикасы, прагматикасы және типологиясы.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы . Қазіргі батыстық мәдениет философиясының өзекті мәселесі - коммуникациялар семиотикасы алғашқы рет қазақ мәдениеті контекстінде қарастырылып отыр. Батыстық зерттеу ұстанымын қазақы қарым-қатынастар үрдістерінде тек үлгі-модель ретінде қолданылбай, одан этномәдени қисын іздестіріледі. Жұмыстың негізгі ғылыми жаңалығы - қазақы қоғамға іштей тән әлеммен үйлесімді қатынастардың рәміздік мәдени мән-мағынасының ашылуы. Диссертациялық еңбекте көтерілген тақырыптың маңыздылығынан және алға қойған мақсат-міндеттерді шешуден туындаған келесі жаңа ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді:

  • «шексіз коммуникация» ұстанымының сұхбаттық табиғаты анықталып, оның мынадай белгілері айқындалды: коммуникацияның анонимді қатысушыларын барынша азайту қажет; тікелей сұхбат мүмкіндігі кеміген жағдайда оны мәтін және медиакоммуникация арқылы жалғастыруға болады; әркім кез келген қатысушымен пікірталасқа бара алады; дәлелдер мен негіздер ашық келтіріледі.
  • архаикалық коммуникацияда вербальды емес таңбалар маңызды рөлатқаратындығы және олардың мифологиялық дүниетанымдағы антропоморфтық әлем моделінің суреттемелеріне ұқсас болып келетіндігі айқындалды. ;
  • діни коммуникацияларда жаратушылық рәміздері, ғылыми суреттемелерде рационалды түсіндірмелік, философияда - пайымдау басымдылық танытса, коммуникацияның мәдениеттанулық суреттемелерінде адами қарым-қатынастарды болмыстық бітімдермен үйлесімді типтік салыстырмалық тәсілмен білдіру алдынғы қатарға шығатындығы дәлелденді;
  • исламдық ықпалмен қалыптасқан Орталық Азия халықтары мәдениетіндегі коммуникациялық таңбаларда синкреттік қалыптағы рәміздер басымдық танытатындығы анықталды (мысалы, «Жеті қат көк» рәмізінде тәңіршілдік Көк мұсылмандық Нұрмен тұтасып кетеді) ;
  • хандық дәуіріндегі коммуникациялық таңбалардың түп негізінде бойына еркіндік, ерлік пен батырлықты үйлесімді қондырған «кісі» ұғымы жататындығы көрсетілді;
  • ХІХ және ХХ ғасырлардың басындағы қазақ ғұламалары ағартушылық рәміздерімен қатар дәстүрлі мәдени рәміздік құндылықтарды (кісілік, әдептілік, имандылық, қанағатшылық, құттылық, қауымшылдық және т. б. ) сақтап қалуға

шақыратындығы келтірілді. Қазақстандық мәдениеттанулық және философиялық әдебиетте ұсынылған «Далалық білім» жүйесі, шежірелер мен аңыздардағы рәмізшілдік талқылауға ұсынылды.

  • Тоталитарлық мәдениеттегі коммуникациялық суреттемелерге эсхатологиялық сарын, манихейшілдік, демоншылдық тән екендігі және оның рәміздік тұлғасы ретінде «шолақ белсендіні» алуға болатындығы қарастырылды;
  • Қазақстан Республикасы мәдениетіндегі коммуникациялық суреттемелерде еуразияшылдық, батысшылдық, ұлтжандылық, жаңа коммунистік, исламшылдық, архаикалық ұстанымдарды атап өтуге мүмкіндік бар.
Қорғауға ұсынылатын негізгі ғылыми тұжырымдар:
  1. Тарихи дамудың қисынан адам еркіндігінің артуы және тұлғалық дербестіліктің ілгерілеуі коммуникацияның мәнділігінің тереңдеуі мен оның күрделі нысандарының қалыптаса бастағанын аңғаруға болады. Мәдени әлеуметтік рәміздер жалпы семиотикалық тұрғыда адам мен әлем арасындағы қарым қатынас тұрғысынан түсіндірілсе, архетиптік сипаттағы мәдени рәміздер өз бойларына қашанда құпиялықты жасырады. Оның астарында қашанда кодтық мағыналық негізге сүйенген мәдени этикалық дәстүр сақталатыны белгілі. Әлемдік рәміз туралы зерттеулер бойынша рухани саладағы рәміздер адам қызметінің нысаны мен оның қажетті алғышарты болып есептеледі.
  2. Коммуникация кеңістігіндегі әрбір ұлттық мәдениет рухани жағынан екі бағыттарда дамуы мүмкін - прогрессивті және регрессивті. Бұл үдеріс ұлттық мәдениеттің ішкі потенциалына, ділдік деңгейіне, тектілігіне (тарих, этнопсихологиялық ерекшелік, өсу мен даму үдерістерінің дәйектілігі мен тиянақтылығы) және жаһандану үдерістерінің табиғатына (позитивтілігіне немесе негативтілігіне) байланысты.
  3. Қазақ мәдениетінің коммуникация кеңістігіндегі инновациялық үрдістері уақыт талабына сай өзгереді және өркениеттік толқындармен үйлесімді әрекет етеді. Семиотикалық талдау қазақтың коммуникациялық мәдениетінде дәстүр мен жаңашылдық, өткенге оралу, өшкенді жандыру, діни қайта өрлеу, шашыраған құндылықтарды түгендеу, жаппай батыстандыру үрдістерінің белсенді модернизация аймағында жүретіндігін көрсетеді. Қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі рәміздік қатынастарды айқындау арқылы қазіргі рухани мәдениеттің архиптеріне назар аударылады және осының нәтижесінде коммуникацияның ділдік негіздерін сараптау басталады.
  4. Қазақ мәдениетінде адамның әлеммен ажырамас байланысы «Адам мен әлем - бiртұтас» деп тұжырымдалған, сонымен қоса бұл идея көркем бейне түрiнде ауызекі және вербальды емес нысандарда жеткiзілген. Коммуникация ескі мен жаңаның, өзімдікі мен өзгенікінің өзара қатынастарына сүйенеді, онда игеру мен жатсыну, мұралану және ажырау үдерістері қатар жүріп жатады. Демек, коммуникацияның әрбір күйі бір мезет сияқты, бірақ бұл сәт ешқашан шектелмейді, әрі аяқталмайды.
  5. Қазақтың коммуникациялық мәдениеті батыстық емес құндылықтарға: тұлғааралық қатынастардың түпнегізділігіне, әрекеттенуші құндылықтардың

тұрақтылығына, рухани реттеудің салмақтылығына негізделген. Қазақтың дәстүрлі коммуникациялық мәдениетінде «кісі» концептісімен өзіндік Менге қатысты қолданылып, сөз өнерін жете меңгеру арқылы үлгі боларлық адамды белгілейді. Бұл, әсіресе, ақын-жыраулардың перформативтік дискурсына тән. Аталған дискурста кісілік коммуникация алдыңғы қатарға шығады

  1. Қазіргі Қазақстандағы коммуникациялық қатынастардың семиотикасы экрандық мәдениетпен тығыз байланысты. Оны мәдениеттанулық талдаудан желілік коммуникацияның айрықша кеңістіктік топологияға негізделетіні және оның коммуникациялық әрекетке қатысудағы анонимділігі көзге түседі. Жаһанданудың бірегейлендіру тенденциясы ұлттық ерекшеліктерге тиімді емес, сондықтан батыстандыру мен жаһанданудың қабылданатын коммуникациялық модельдерін трасформациялау қажет.

Жұмыстың әдістемелік және теориялық негіздері . Диссертациялық жұмыстың әдіснамалық және теориялық негізінде қазақ мәдениетіндегі коммуникациялық қатынастарды семиотикалық талдау жатыр. Ізденістің мазмұнындағы архитектоникалық бірлік логикалық және тарихи талдаудың ішкі байланысын айқындаудан туындайды, мәдени рәміздерге түсіндірме беру барысында ұлттық болмыстың гомогендігі мен тұтастығына ерекше көңіл бөлінді. Зерттеудің әдістемелік негізінде батысеуропалық, ресейлік және қазақ мәдениеттерінің тарихи мәтіндері талдау объектісі ретінде алынды.

Диссертациялық ізденісте соңғы жылдары Батыста кеңінен тараған жаңа әдістемелік ілімдер де өз қолданысын табады. Олардың қатарында Мен - Басқа коммуникациясын қарастыратын диалогизм концепциясын, интеррогативті логиканы, тілдік актілер ілімін атап өтуге тұрады.

Семиотика біріккен кешенді жүйе болғандықтан, диссертациялық жұмыста жалпылау, сипаттау, жүйелеу, салыстыру, жіктеу, талдау, қорытындылау әдіс- тәсілдері де кеңінен қолданыс тапты. Диссертациялық ізденістің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың маңызды бір әдістемесі - герменевтикалық тәсіл. Ойдың мағынасын тура айтпай, астарлап білдіру ауызекі коммуникацияға тән. Диссертант зерттеу барысында компаративистік, семиотикалық мәтіндерді интерпретациялау, модельдеу, типологияландыру, архаикалық коммуникациялық рәміздерді реконструкциялау тәсілдерін қолданды, сонымен бірге мәдени мәтіндерге түсіндірме беру барысында ұлттық қарым-қатынастар жүйесінің гомогендігі мен тұтастығына ерекше назар аударылады.

Бұл зерттеу қазақ мәдениетінің коммуникациялық жүйесіне типологиялық және семантикалық пайымдама жасауға арналғандықтан, семиотикалық талдаудың негізінде қазақтың дәстүрлі адам мен әлем және адам мен адам қарым-қатынастарының генезисін, аксиологиялық тамырын талдауға ерекше назар аударылды. Сондықтан мұндай материалдарды топтастыруда Орталық Азия, Сібір аймақтарында ежелден қалыптасқан тарихи материалдармен қосқатар қарастыру және олардың арасында салыстырмалы сараптама жасау да оң нәтиже бермек.

Диссертацияның теориялық және тәжірибелік маңызы. Зерттеу тақырыбының теориялық және тәжірибелік құндылығы мәдениетімізді заман талабына сай ұлттық болмысымыздың дамуымен байланыстыруға болады.

Қазақы қарым-қатынастардың тарихи бітімдеріне мәдениеттанулық суреттемелер беру философиялық-дүниетанымдық зерттеулерді ынталандырып, еліміздегі мәдениет философиясын заманауи өркениеттілік мәселелеріне бет бұруға себебін тигізеді. Олардың арасында қазіргі коммуникация суреттемелерінің рәміздік негіздері алдыңғы қатарға шығады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет - бұл тарихи құбылыс
Рухани дүниенің құндылықтық-жалпыадамзаттық маңызы
ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ АДАМ МЕН ӘЛЕМ БОЛМЫСЫНДАҒЫ ОРНЫ
ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ ЭТНИКАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ТАРИХЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы және кезеңдері
Интернеттегі коммуникация және қоғамның тілдік даму мәселесі
Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері
Дюркгейм Эмиль
Шал ақынның дүниетанымына тарихи-философиялық талдау
Онтология – болмыс туралы ілім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz