Кәсіпорынның кассадағы операциялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Менің қаржылық есеп бойынша қарастырып отырған курстық жұмысынның тақырыбы Кассадағы ақша қаражаттарының теңгемен жүргізетін операциялар есебі, рәсімделетін құжаттар Кәсіпорында жүргізілетін барлық шаруашылық әрекеттер растаушы құжаттармен рәсімделуі керек.
Бұл құжаттар негізінде бухгалтерлік есеп жүргізілетін алғашқы есеп ақпараты қызметін атқарады, сондықтан құжаттандыру бухгалтерлік есеп әдісінің ең негізгі элементтерінің бірі болып табылады.
Бухгалтерлік құжат (лат-дәлелдеу, куәлік) дегеніміз - шаруашылық әрекеттерді орындау фактісін, оларды орындауға құқықты растайтын немесе жұмысшылардың оларға сеніп берілген құндылықтарға материалдық жауапкершілігін бекітетін жазбаша куәлік.
Кәсіпорынның қаржы - шаруашылық қызметі сан алуан және әр түрлі шаруашылық әрекеттерін орындаумен бірге жүреді. Өз кезегінде әрбір шаруашылық әрекеті міндетті түрде орындалған шаруашылық әрекеттері немесе оларды орындауға қүқық туралы алғашқы мәліметтері бар есеп құжаттарымен рәсімделеді.
Өндіріс және сату процестері, сонымен қатар кәсіпорынның өз ішіндегі және одан тыс жеке бөлімшелері мен әр түрлі қаржылық, шаруашылық, есеп айырысу қатынастары есеп құжаттарының объектілері болып табылады.
Кәсіпорындардың шаруашылық және есеп жұмыстарындағы құжаттардың маңыздылығы:
1) Құжаттар есеп жазбаларын негіздеу құралы қызметін атқарады. Құжаттардың сапасына айтарлықтай шамада дерлік бухгалтерлік есептің де сапасы байланысты болады. Дұрыс бухгалтерлік есеп ақпараттарын қажетті кезде тек кәсіпорынның барлық.шаруашылық әрекеттерін уақытында және нақты рәсімдеу жағдайында ғана алуға болады. Құжаттар есеп деректерінің дұрыстылығы мен шынайлылығын растайды және бухгалтерлік жазбалардағы мүмкін болатын қателерді анықтауға көмек береді.
2) Бухгалтерлік құжаттардың зор оперативті мағынасы бар. Олар үкімдерді беруг е, сонымен қатар шаруашылық әрекеттердің дұрыстығын растауға қьізмет етеді, яғни кәсіпорынды оралымды басқаруға қолдәнылады.
3) Бухгалтерлік құжаттар бақылау-талдау қызметін атқарады. Құжаттардың көмегімен орындалған әрекеттердің дұрыстылыгы бақыланады, жүргізілетін жұмыстың ағымдағы талдауы жасалады, яғни кәсіпорынды алдын ала, ағымдагы жэне кезекті басқару үшін пайдаланылады.
Алдын ала бақылау кәсіпорын басшысының құжаттарға қол қоюы кезінде жүзеге асырылады, өйткені олар орындалған әрекеттер үшін құжаттарды толтырған жұмысшының жеке жауапкершілігіне ие болады.
Ағымдағы бақылау алғашқы құжаттардың мәлімет-тері бойынша қаржы-шаруашылық қызметі есебі мен талдауы процесінде жүргізіледі.
Кезекті бақылау көбінесе құжаттың тексеру, аудит нысанында жүргізіледі, сонымен қатар есеп қызметкерлері бухгалтерлік есепте шаруашылық әрекеттерін бейнелеу кезінде құжаттарды тексеру жолымен жүзеге асырады.
Алынған мәліметтер кәсіпорын қызметін жақсарту бойынша шаралар қабылдау үшін қолданылады.
4) Құжаттардың кәсіпорынның меншігін сақтауын қамтамасыз етудегі рөлі ерекше. Олардың көмегімен материалдың жауапты тұлғалардың әрекеттері қадағаланады, құндылықтарды алу мен берудің негізділігі тексеріледі. Олар кәсіпорынның меншігін ұрлау және қасақана әрекеттер жасау жағдайларын ашуға, сонымен қатар олардың алдын алуға мүмкіндік береді.
5) Құжаттардың құқықтық маңыздылығы бар, олар кәсіпорындармен және басқа субъектілермен немесе жеке тұлғалармен арада туындайтын дауларды шешуде пайдаланылады. Төрелік сот пен сот инстанцияларында осындай дауларды дұрыс және уақытында құрылған жазбаша куәліктің заңды күші бар құжаттары арқылы шешеді. Құжаттармен құжаттандыру, бірізге салу, стандарттау және құжат айналымы сияқты ұғымдар тығыз байланысты.
Құжаттандыру - шаруашылық құралдарын, міндеттемелер мен шаруашылық әрекеттерін бухгалтерлік құжаттармен рәсімдеу әдісі. Әрекет есепте оны растайтын тиісті құжаттарсыз көрсетілуі мүмкін емес. Сондықтан барлық шаруашылық әрекеттерін дұрыс және уақытында рәсімдеу бухгалтерлік есептің алғашқы кезеңі болып табылады.
Құжаттарды бір ізге салу - бұл меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығынан байланыссыз әр түрлі кәсіпорындарда ұқсас әрекеттерді рәсімдеу кезінде пайдалану үшін құжаттардың үлгі нысандарын дайындау. Бір ізге салу құжаттарды ықшамдайды және қысқартады, сонымен қатар оларды автоматты өңдеуге цайындайды: бір реттік құжаттарды жинақтау құжаттарымен алмастыру, құжаттарда бар артық көрсеткіштерді жою, бірнеше жеке құжаттарды біріктіру және т.б.
Құжаттарды стандарттау - бұл құжаттарды басу кезіңце қағазды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бір типтік құжаттар бланкілерінің бірдей (стандартты) мөлшерлерін жасау. Сонымен стандарттау құжаттардың бухгалтерлік өңделуін және олардың мұрағатта сақталуын жеңілдетеді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. КАССАДАҒЫ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ
1.1 Ақша қаражаттарының кассадағы есебі.
Ақша қаражатын басқару қаржы нарығындағы өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етеді. Сондықтан ақша қаражаты мен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен жіктеу компанияның өтімділігін бағалау үшін қажет.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп ҚЕХСIAS 7 бухгалтерлік есеп стандартында ақшалай қаражат кассадағы және банктегі шоттардағы қолма - қол ақша ретінде анықталады. Ақша қаражаты қозғалысы - олардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалуы.
Ақша қаражаты қозғалысы туралы есеп ҚЕХС-ке сәйкес, ақша қаражатына қолма-қол ақшамен талап етілгенге дейінгі салымдар кіреді.
Кассадағы ақша қаражатын сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектінің дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізу ережелерінде белгіленген.
Касса - бұл ақша сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлме. Операция жүргізілетін уақытта есіктер ішкі жағынан жабылады, сейфтің және темір шкафтың кілттері кассирде сақталады, ал кілттердің көшірмелері мөрленген пакетте кәсіпорын басшыында болады. Қабылдаған құндылықтардың сақталуы үшін материалдық толық жауапкершілік көтеретін кассир кассалық операцияларды жүргізеді. Кассирді жұмысқа тағайындау туралы бұйрық шыққаннан кейін басшы оны кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен таныстыруға міндетті және толық жеке жауапкершілік жайлы шарт жасасады. Шартта қарастырылған тараптардың міндеттері мен жауапкершіліктері әкімшілік өкілі мен кассирдің қолымен бекітіледі. Кассир болмаған кезеңде толық материалдық жауапкершілік жайлы шарт жасасқан бухгалтер кассалық операцияларды атқарады.
Кәсіпорында өздерінің есепшоттарынан қолма - қол ақша алады, бұл мақсаттар үшін оларға банк чектік кітапша береді. Субъект чек жаза отырып, онда талап етілетін соманың тағайндалуын (еңбекақы төлеуге, жәрдемақыға және шаруашылық шығындарына және т.б) көрсетуге міндетті. Қолма-қол ақша алу үшін субъект банкке алдын ала талап етілген сомаға тапсырыс жолдайды.
ҚР-ның Ұлттық Банкі басқармасының 1993 жыдғы 23 шілдедегі № 24 хаттамасымен бекітілген ҚР хш касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Кассадағы ақшалар 1010 шоты бойынша жүргізілетін шаруашылық операциялар:

Кесте.1
Кассадағы ақша қаражаттарының шоттар корреспонденциясы.
Шаруашылық операцияларының мазмұны
Дебет
Кредит
Сома
Есеп айырысу шотынан кассаға ақша алынды
1010
1030
25850
Кассаға ақшаның қалдығы өткізілді
1010
1250,2150
12000
Кассадан есеп беруге тиісті сомалар берілді
1250,2150
1010
21000

1.2 Кассалық операцияларды құжаттық ресімдеу мен есептеу.
Кассалық операциялар қолма-қол ақша қабылдаған соң бас бухгалтер немесе өкілетті тұлға қол қойған кассалық кіріс ордерімен (ККО) (ф. №КО-1) (1-қосымша) ресімделеді.
Ұйым кассасына қолма-қол ақшаның түсуін ресімдеу үшін қолмен өңделгенде де, компьютерде өңделгенде де, компьютерде өңделгенде де ақпарат қолданылады. Кассалық кіріс ордерін бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер немесе өкілетті тұлға және кассир қол қояды, кассирдің мөрімен куәләндырады, кассалық кіріс және шығыс құжаттар тіркеу журналында тіркеледі және ақша тапсрушының қолына беріледі, ал ордер кассада қалады.
Халықпен қолма-қол ақша не банктік төлем карточкалары арқылы есеп айырысатын барлық салық төлеушілер фискалды жады бар бақылау-кассалық аппаратын пайдалануға және қолданушыға бақылау чегін қолға беруге міндетті (2002 жылғы 23 мамырға ҚР Қаржы министрлігінің №230 бұйрығына сәйкес). Сонымен қатар осы бұйрық бойынша ККМ орнына техникалық бүлінуі не электр энергиясы жоқ болған жағдайда жоғарыдағы бұйрықпен бекітілген үлгідегі тауарлық чек берілуі керек. Бақылау - кассалық чек фискалдық белгіден тұруы шарт:
oo Салық төлеушінің аты
oo СТН
oo ККМ зауыттық және тіркелген номірлері
oo Чектің реттік нөмірі
oo Сатылған күні мен уақыты
oo Тауар бағасы (жұмыс, қызмет) немесе сатып алу сомасы.
Қолма-қол ақша берумен байланысты операциялар (1-қосымша) кассалық шығыс ордерімен (КШО) №КО-2 ф. немесе басқа құжаттармен (төлем тізімдемесі, ақша беру туралы өтініш) және фискалды жады бар бақылау-кассалық аппараттар арқылы жүргізіледі.
Ұйым кассасына қолма - қол ақшаның түсуін ресімдеу үшін (ЖКО) қолмен өңделгенде де, компьютерде өңделген де ақпарат қолданылады. Бухгалерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер мен ұйым басшысы немесе соған өкілетті тұлға қол қояды, кассалық кіріс және шығыс құжаттар тіркеу журналында тіркеледі.
Ақша беру туралы құжатарға басшы және бас бухгалтер қол қояды. ККО, КШО және оларды ауыстыратын құжаттар сиямен немесе шарикті қаламмен анық, түсінікті толтырылуға тиісті, не болмаса компьютерде басылады.ККО, КШО кассаға тапсырылуға дейін бухгалтерияда оны жасау үшін негіз көрсетіледі және оларға тіркелетін құжаттар аталады. ККО, КШО кассаға тапсырылуға дейін бухгалтерияда кіріс және шығыс құралдарды тіркеу журналында (№КО-3 ф.) (3-қосымша) тіркеледі.
Кассалық ордерлер бойынша ақша қабылдау мен беру оларды толықтырған күні ғана болады. ККО, КШО - ларды алған кезде кассир мыналарды тексеруге міндетті:
oo Құжаттарда бас бухгалтердің қолы бар-жақтығын, растығын, ал КШО-да басшының да қойылған қолы бар екендігін тексеру.
oo Құжаттарды ресімдеудің дұрыстығын.
Егер осы талаптардың бірі орындалмаса, кассир құжаттарды бухгалтерияға қайтарады.
Касса кітабы - кәсіпорынның қолма-қол ақшасы қозғалысын есептеу үшін бекітілген нысандағы тізімдік. Онда әрбір кіріс пен шығыс операциясы бойынша кассалық ордердің нөмірі‚ ақшаның кімнен алынғаны немесе кімге берілгені‚ оның сомасы жазылады. Ол нөмірленген‚ бау тағылған‚ сүргішті мөр басылған болуға тиіс; беттердің саны бастық пен бас (аға) бухгалтердің қолдарымен расталады. Кассир екі дана етіп (көшірме қағаз арқылы) толтырады‚ біріншісі кітапта қалып‚ екіншісі жыртылады. Кассир касса кітабы бойынша күн сайын бір күнгі ақшаның кірісі мен шығысын қорытындылап‚ оның кассадағы қалдығын келесі күнге ауыстырады, сөйтіп, жыртылмалы парақты кіріс және шығыс құжаттарымен бірге есептеме ретінде бухгалтерияға табыстайды.

III. Кәсіпорынның кассадағы операциялары. (Азамат ЖШС мысалында)
Кассадағы қолма қол ақша есебін жұргізу тәртібі ХҚЕС №7 Ақша қаражат қозғалысының есебі, ҰҚЕС №2 бойынша 7 бөлімде қарастырылған, бухгалтерлік есеп шоттардың үлгілік жоспарында 1010 шот арналған, қозғалысы № 1 журнал-ордерде жүргізіледі.
Азамат ЖШС - де ақшаны сақтау, қабылдау және беруге арналған кассасы бар. Касса орналасқан бөлме кассалардың техникалық беріктігі және өрттен сақтау және дабыл қағу құралдарымен жарақтандыру, әрі оқшаулау талаптарына сәйкес жабдықталған.
Ұйым төрағасы кассадағы ақшаның сақталуын банктен жеткізу және банкке өткізу кезіндегі сақтық шараларымен қамтамасыз ету міндетін алған. Сондай - ақ ұйымға тиісті емес нақты ақшалар мен басқадай құндылықтарды кассада сақтауға тиым салынған. Кассадағы қолма - қол ақшаны шектеулі мөлшерде сақталуы тиіс, ал одан жоғары болатын ақша банк мекемесіндегі есеп айырысу шотына өткізіледі.
Азамат ЖШС - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Касса операцияларының есебі
Кассирдің касса есебін дайындау тәртібі және құжаттарды рәсімдеу
Касса операциялары бойынша есеп айырысу және журнал ордерлерін толтыру
КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ РӘСІМДЕУ
Кассадағы операциялар есебі
Банк және банктен тыс мекемелердің есебі
Ақшаны есепке алу
Кассадағы ақша қаражаттар есебі
Кассалық операциялар есебі
Бухгалтерлік есеп бойынша есептер жинағы
Пәндер