Индикативтік жоспарлау


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Жоспарлаудың қағидалары мен тұрпаттары

2. Жоспарлаудың негізгі жіктеулері

3. Фирманы басқарудағы бизнес-жоспар

Қорытынды

Менеджменттегі жоспарлау

Өзінің жұмыс істеуі үшін кез келген экономика тұрақты экономикалық өсуді ұстап тұратындай экономикалық жүйені нығайтуға және тұрақтандыруға ұмтылу үшін қолдануға болатын басқарудың ең қолайлы тетіктерін пайдалануды көздейді. Мұндай тетіктер көп. Олардың ішінде өзін-өзі тарихи ақтаған тетіктердің бірі - жоспарлау болып табылады. Жоспарлау кез келген шаруашылық қызметі жетістігінің маңызды бөлігі. Оны елемеу кәсіпкерге қымбатқа түседі. Жоспар қызметкерлерге жеке өзіне қойылатын талаптар туралы, фирманың мақсаттары мен міндеттері туралы айқын түсінігі болуы үшін де керек.

Жоспарлау саласындағы әйгілі американ маманы Р. Акофф оны болашақты және оған жетудің ықыласты жолдарын жобалау, адамның ойлау қызметінің ең күрделі түрлерінің бірі деп атады. Жоспарлау тұтастай ұйым мен оның жекелеген бөлімдерінің жұмыс істеуі мен дамуына қатысты нақтылы шешімдер қабылдауды, әлеуетті барынша толық пайдалану және түпкі нәтижені оңтайландыру мақсатында оларды байланыстыруды ұйғарады.

Жоспарлау бірқатар қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады:

- жоспарлау жұмысына оны құрудың ең бастапқы кезеңдерінің өзінде ұйым қызметкерлерінiң барынша көп саны қатысуы;

- үздіксіздік, оған сәйкес жоспарлау бірлі-жарым акт емес, ұдайы қайталатын әрекеттер жүйесi болып табылады;

- жаңа жоспарлар өткендердің орындалуын және олардың өздері болашақта жоспарлар құруда негізі болатындығын ескере отырып әзірленетіндігін ұйғаратын мирасқорлық;

- жағдай өзгергенде бұрындары қабылданған жоспарларды белгілікті шектерде қайта қарау мүмкіндігін ұйғаратын икемділік;

- ұйым шегінде қабылданатын жоспарларды келісу (оның жекелеген бөлімшелерінің өзара байланысымен және олардың мүдделерін ескеру қажеттілігімен себептелген) . Бұл бір деңгейдегі бөлімшелердің жоспарларын үйлестіру және бағынышты бөлімшелердің жоспарларын шоғырландыру арқылы іске асады;

- жоспарды құру шығындары оны орындау әкелетін нәтижеден аз болуын талап ететін үнемділік;

- жоспарды орындау үшін қажетті жағдай жасау.

Жоспарлардың негізгі үш тұрпаты бар.

1. Басқару объектісі мен оның жекелеген элементтерінің ықыласты күйінің сандық және сапалық сипаттамаларының жинағын білдіретін жоспар-мақсаттар. Бұл сипаттамалар келісіледі және сараланады, бірақ не оған жетудің нақты тәсілімен, не ол үшін қажетті ресурстармен байланыстырылмайды. Мұндай жоспарлар үлкен мерзімдерде немесе нақты оқиғалардың болжалмайтындығы жағдайында пайдаланылады.

2. Оларды жүзеге асыру мерзімдері мен тәртібін белгілейтін қайталанатын іс-әрекеттерге арналған жоспарлар. Әдетте олар ойда болмаған жайлар туындаған жағдайда әрекет ету еркіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін «саңылау» қалдырады. Мұндай жоспарға темір жол немесе оқу кестесі мысал бола алады.

3. Айрықша мәселелерді шешу үшін жасалатын қайталанбайтын іс-әрекеттерге арналған жоспарлар. Мұндай жоспарлар ресурстардың түсуі мен бөлінуінің бюджеттері, бағдарламалар түрінде болуы мүмкін.

Басқарудың басты функциясы ретінде жоспарлау:

- ұйымның болашақтағы дамуын анықтайды;

- алға қоылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін белгілейді;

- міндетті орындауда болуы ықтимал зардаптарды көре білуді қамтиды.

Жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта факторларының әсері мен ұйымның ішкі мүмкіндіктерін бағалай отырып мақсаттарды белгілеу және сол мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді әдіс-жолдарын таңдап алу табылады.

Жоспарлау мынадай сұрақтарға жауап береді:

1. іздің қазіргі, бүгінгі күнгі жағдайымыз қандай?

2. болашақта біз қандай болуымыз қажет?

3. осы жолда нендей кедергілер орын алған?

4. мақсатқа жетуге қандай әрекеттер жасағанымыз орынды?

Осыдан барып жоспарлау барысында ұйым деңгейінде жүзеге асырылатын төменгідей міндеттерді атап өтуге болады:

1. нақтылы мерзім ауқымында белгіленген мақсаттар мен оны орындаудағы іс-әрекеттер;

2. қажет етілетін адамдық, материалдық, ақпараттық басқа да ресурстарды іздестіру;

3. басқару жүйесі мен ұйымдық құрылымды қалыптастыру және ақпараттар тасқынын реттеу;

4. еңбек өнімділігі мен пайда деңгейін арттыру, өндіріс барысы мен құрал -жабдықтарды ұтымды пайдалану және жақсарту жолдарын қарастыру;

5. сенімді бақылау жүйесін қамтамасыз ету арқылы міндеттерді орындауға қол жеткізу.

Жоспарлаудың негізгі жіктеулері

Қазіргі кездегі басқару теориясы мен тәжірбиесінде стратагиялық, тактикалық жоспарлау, индикативтік жоспарлау және ұйым ішіндегі жоспарлау орын алады.

Стратегиялық жоспарлау

Стратегия- бұл ұйым миссиясын жүзеге асыру мен оның мақсатына жетуін қамтамасыз етуге арналған кешенді жоспар. Стратегияның негізгі тезистері мынадай:

- стратегия көбіне жоғары басшылықпен тұжырымдалады әрі әзірленеді, алайда оны жүзеге асыру басқарудың барлық деңгейінің қатысуын ұйғарады;

- стратегиялық жоспар нақты тұлғаның емес, бүкіл ұйымның болашағы тұрғысынан әзірленуі керек;

- стратегиялық жоспар кең көлемді зерттеулер мен іс жүзіндегі мәліметтерге негізделуі тиіс;

- стратегиялық жоспар ұзақ уақыт бойы тұрақты болып қалатындай ғана емес, қажет болған жағдайда оларды түрлендіруге болатындай, біршама икемді болуы тиіс.

Стратегиялық жоспарлау - ұйымның мақсатқа жетуіне көмектесуге арналған арнайы стратегияларды әзірлеуге әкелетін басшылық кіріскен іс-әрекеттер мен шешімдерінің жинағы.

Стратегиялық жоспарлау процесі басқарушылық шешімдерді қабылдауға көмектесетін құрал болып табылады. Оның мақсаты- жеткілікті деңгейде ұйымдағы жаңашылдық пен өзгерістерді қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау процесі шеңберінде басқарушылық қызметтің 4 негізгі түрі бар:

1. Ресурстарды бөлу - қорлар, тапшы басқарушы дарындар мен технологиялық тәжирибені басқару сияқты шектеулі ұйымдық ресурстарды бөлу.

2. Сыртқы ортаға беіймделу - компанияның қоршаған ортамен қатынасын жақсартатын стратегиялық сипаттағы барлық іс-әрекеттер.

3. Ішкі үйлесім - ішкі операциялардың тиімді шоғырлануына қол жеткізу мақсатымен фирманың күшті және әлсіз жақтарын бейнелеу үшін стратегиялық қызметтің үйлесімі.

4. Ұйымдық стратегияны сезіну - бұрынғы стратегиялық шешімдерден үйрене алатын ұйымды қалыптастыру арқылы менеджер ойының жүйелі дамуын жүзеге асыру.

Жоспарлау кезіндегі бірінші және ең маңызды шешім ұйым мақсатын таңдау. Ұйымның негізгі жалпы мақсаты, яғни оның өмір сүруінің айқын көрсетілген себебі, оның миссиясыдеп аталады. Мақсаттаросы миссияны жүзеге асыру үшін жасалады. Ұйым қызметшілеріне дұрыс баяндалып, тиімді түрде жеткізілген сәйкес миссияның маңызы өте зор. Оның негізінде әзірленген мақсаттар басқарушылық шешім қабылдаудың барлық бұдан кейінгі процесі үшін белгі ретінде қызмет атқарады. Миссия фирманың мәртебесін нақтыландырады және түрлі ұйымдық деңгейлердегі мақсаттар мен стратегияларды анықтау үшін бағыт-бағдарды қамтамасыз етеді.

Тактикалық жоспарлау

Жоспарлаудың негізгі сыңарларынамыналар жатады: тактика, саясат, рәсімдер, ережелер.

Ұйым оның жалпы ұзақ мерзімді жоспарларымен үйлесетін қысқа мерзімді жоспарларды әзірлеуі тиіс. Осындай қысқа мерзімді стратегия тактика деп аталады.

Тактикалық жоспардың сипаттамасы:

- тактиканы стратегияны дамыту үшін әзірлейді;

- стратегияны жоғары деңгейдегі басшылық әзірлейтін болса, тактиканы орта деңгейдегі басшылар жасайды;

- тактика стратегияға қарағанда қысқарақ мерзімге жасалады;

- стратегия нәтижелері бірнеше жылдар бойы білінбейтін болса, тактикалық нәтижелер әдетте өте тез білінеді әрі нақты іс-әрекеттермен оңай салыстырылады.

Ұзақ мерзімді және тактикалық жоспарларды құрған соң басшылық шатасу мен бұл жоспарлардың дұрыс түсінілмеуін болдырмау үшін қосымша бағдарларды әзірлеуге көшуі тиіс. Жүзеге асыру барысындағы мұндай кезең саясатты әзірлеу болып табылады. Саясат - бұл мақсатқа жетуді жеңілдететін іс-әрекеттер мен шешім қабылдау үшін жалпы басшылық ету. Саясат әдетте ұзақ уақыт кезеңіне жоғары басшылықпен тұжырымдалады және ол мақсатқа жету немесе міндеттерді орындау үшін іс-әрекетті бағыттайды.

Басқарушылық іс-әрекеттерді басқару үшін көбіне жалғыз саясат жеткіліксіз болады. Бұл жағдайда басшылық рәсімдерді әзірлейді. Рәсім нақты жағдайда жасалуы тиіс іс-әрекетті бейнелейді, яғни ол бағдарламаландырылған шешім болып табылады. Мұнда әрекет ету еркіндігі аз және баламалар саны көп емес.

Жоспардың сәтті орындалуы тапсырманы дәл орындауға байланысты болған кезде, басшылық таңдау еркіндігін толығымен жоққа шығарады. Мақсатқа жету үшін бағыныштылықтың жоғары деңгейі қажет болғанда басшылық ережелерді пайдаланады. Ереже арнайы жеке-дара жағдайда не істелуі керек екенін анықтайды. Ережелер нақты және шектелген сұраққа есептелген.

Индикативтік жоспарлау. Қазіргі кезеңде өндірістің күрделене түсуі жағдайында айқын экономикалық құрылымдық саясаттың қабылдануы мен жүзеге асырылуын халық шаруашылығының басым салаларының дамуындағы мемлекеттік бағдарламаларына негізделген индикативтік жоспарсыз елестету қиын. Индикативтік жоспар кең мағынада мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуындағы басымдылық (приоритет) пен ғылыми дәлелденген мақсаттарды анықтауды, осыларға байланысты өлшемдер (параметрлер) жүйесін және міндетті орындау әдістерін береді.

Жеке аймақтық, кәсіпорынның және азаматтардың құқықтары мен мүдделері сақталына отырып, нарықты экономикада индикативті жоспар арқылы әлеуметтік-экономикалық саясаттың бағыт-бағдарламасы мен оны жүзеге асыру әдістемесі орындалады.

Индикативтік жоспарлау жүйесі: стратегиялық, орта мерзімджі және ағымды жоспарлардан тұрады. Стратегиялық жоспар бөлімдеріне енетіндер:-әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау; -әлеуметтік-экономикалық дамудың тұжырымдамасы; -бастапқы макроэкономикалық көрсеткіштер; - ұлттық бағдарламалар.

Әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау өндіріс мүмкіндіктерінің, экономиканың сыртқы және ішкі даму тенденцияларының мемлекеттік реттеу жүйесінің нәтижелілігі мен әрекеттілігінің өндіргіш күштердің салалық дамуы мен қозғалысының деңгейін бейнелейді.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың тұжырымдамысыда мемлекеттік реттеудің тікелей және қосалқы құралдары арқылы экономикалық саясаттың мақсаттары мен басымдылықтары, оған жетудің әдістері мен жолдары қарастырылдады.

Бастапқы макроэкономикалық көрсеткіштер экономикалық даму қарқынының болжамын, қоғамдық өндірістің құрылымын, мемлекеттің, кәсіпорындардың құрылымын, мелекттің, халықтың қаржы қорларын анықтайды.

Ұлттық бағдарламалар әлеуметтік-экономикалық стратегиялармен мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруда ұлттық мақсаттар мен басымдылықтарды тиімді орындауда бастапқы құрал болып табылады.

Ұйым ішіндегі жоспарлау. Ұйым ішіндегі жоспарлау фирманың сыртқы ортаға бейімделі барысын, мақсаттар мен ықтималды стратегияларды қалыптастыруды және олардың орындалуындағы қажетті іс-қимылды бейнелейді.

Фирма деңгейіндегі жоспарлау ұйым болашағын бейнелей отырып келесі кезеңдерден тұрады:

Жоспарлау бірқатар қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады:

- жоспарлау жұмысына оны құрудың ең бастапқы кезеңдерінің өзінде ұйым қызметкерлерінiң барынша көп саны қатысуы;

- үздіксіздік, оған сәйкес жоспарлау бірлі-жарым акт емес, ұдайы қайталатын әрекеттер жүйесi болып табылады;

- жаңа жоспарлар өткендердің орындалуын және олардың өздері болашақта жоспарлар құруда негізі болатындығын ескере отырып әзірленетіндігін ұйғаратын мирасқорлық;

- жағдай өзгергенде бұрындары қабылданған жоспарларды белгілікті шектерде қайта қарау мүмкіндігін ұйғаратын икемділік;

- ұйым шегінде қабылданатын жоспарларды келісу (оның жекелеген бөлімшелерінің өзара байланысымен және олардың мүдделерін ескеру қажеттілігімен себептелген) . Бұл бір деңгейдегі бөлімшелердің жоспарларын үйлестіру және бағынышты бөлімшелердің жоспарларын шоғырландыру арқылы іске асады;

- жоспарды құру шығындары оны орындау әкелетін нәтижеден аз болуын талап ететін үнемділік;

- жоспарды орындау үшін қажетті жағдай жасау.

Жоспарлау бірқатар қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады:

- жоспарлау жұмысына оны құрудың ең бастапқы кезеңдерінің өзінде ұйым қызметкерлерінiң барынша көп саны қатысуы;

- үздіксіздік, оған сәйкес жоспарлау бірлі-жарым акт емес, ұдайы қайталатын әрекеттер жүйесi болып табылады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Макроэкономикалық жоспарлау көрсеткіштері және әдістері
ИНДИКАТИВТІК ЖОСПАРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ
Мемлекеттік басқарудағы индикативтік жоспарлаудың теориялық негіздері
Мемлекеттік реттеудің теориясы мен тәжірибесі және шет елдердегі индикативтік жоспарлау
Әлеуметтік экономикалық дамуды жоспарлау
Қаржылық жоспарлау– шаруашылықты жургізу
Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кездегі басты ерекшелігі зерттемелік қасиеті
Әлеуметтік - экономикалық жоспарлау экономиканы мемлекеттік реттеудің құралы ретінде
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Қазақстан Республикасы деңгейіндегі орта мерзімді жоспарлау мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz