Туристік бизнестің бухгалтерлік есебі


Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Экономика, бизнес және құқық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Қаржылық есеп
Тақырыбы: Туристік бизнестің бухгалтерлік есебі
Мамандығы: 0518012 «Есеп және аудит»
Орындаған: күндізгі бөлімінің
Бух-РП-31қ топ студенті
Жомартқызы Айнұр
Жетекшісі: Джолдаспаева С. Д
Қарағанды 2019
МАЗМҰНЫ
- КІРІСПЕ . . . 3
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 5
- ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУЛЕР МЕН ОЛАРДЫҢ МӘНІ . . . 5Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері . . . 7Турбизнес кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру . . . 10
- ТУРӨНІМНІҢ БАҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ САЯСАТЫ . . . 16
2. 1 Турөнімнің шығын құрамы және оның қалыптасуы . . . 20
2. 2Турөнімдердің өзіндік құндарын калькуляциялау . . . 21
- Турөнімдерді өткізуден түскен табыстар мен шығындар есебі . . . 22
- ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23
- ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 25
- КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта туризм - экономиканың перспективалы саласының бірі болып табылады. Тарихи-мәдени ескерткіштерді, табиғи ресурстармен тең қолдануда. Туризм тұрғындардың жұмыс бастылық деңгейін көтеруге және тауар өнімін, қызмет көрсету өнімділігін жоғарлатуға ықпал етеді.
Қазақстан үшін туризмнің дамуы маңыздылығын қазіргі таңда Президент «Қазақстан 2030» бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген. Қызмет көрсетудің көптеген ерекше сипаттамаларымен қатар туристік өнімге өзінің ерекше өзгешеліктері тән және ол туристік фирмалардың маркетингтік қызметін ұйымдастыруда ескерілетін негізгі факторлар болып табылады. Сонымен қатар туристік қызмет көрсетушілерге экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік-мәдени және т. б. факторлар да әсер етеді. Тұрақты нормалар, әлеуметтік ереже, рухани құндылықтар жүйелері, адамдардың табиғатқа, еңбекке, спортқа, демалуға қатынасы ең үлкен күшке ие, сондықтан фирмалар осындай факторлардың мүмкін болатын өзгерістерін қадағалап отырылуы қажет.
Қазіргі таңда туристік бизнес даму бағыты халықаралық нарықта ерекше орын алатын, ел экономикасы үшін маңызды іс болып табылады. Экономикалық тұрғыда даму үшін тек ғана маркетинг және нарық факторларынан басқа бухгалтерлік есеп саясаты да зор рөл атқарады. Егерде арнайы турфирма өзінің кірстері мен шығыстарын білмесе, турөнімдердің құнын бағалай алмаса нарықта бәсекеге сай болмайды. Және болашақта экономикалық тұрғыда дамуына жағымсыз әсерлерін тигізеді.
Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған. Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген. Оларды жүзеге асыру барысында нақты кәсіпорынның есептік саясаты келесідей жорамалдардан алынғаны жөн: -кәсіпорын өз мүлкімен өзімен-өзі болушылығы; -толассыз қызметі; -есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі; -шаруашылық қызметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы. Пайдаланатын есеп саясатының басты мақсаты мен негізгі арналымы-кәсіпорынның қызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, обьективті және шынайы ақпаратпен қаптастыру. Есеп саясатының мақсаты: бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмаламау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету, материалды активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады.
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУЛЕР МЕН ОЛАРДЫҢ МӘНІ
Қызмет көрсетудің көптеген ерекше сипаттамаларымен (сезілмейтіндігі, өндіріс пен тұтынудың бір мезгілділігі, сапаның өзгермелілігі, сақтауға болмайтындығы) қатар туристік өнімге өзінің ерекше өзгешеліктері бар және ол туристік фирмалардың маркетингтік қызметін ұйымдастыруы болып табылады. Сонымен қатар туристік қызмет көрсетушілерге әсіресе экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік-мәдени және т. б. факторлар да әсер етеді. Тұрақты нормалар, әлеуметтік ереже, рухани құндылықтар жүйелері, адамдардың табиғатқа, еңбекке, спортқа, демалуға қатынасы өте маңызды және ерекше сондықтан фирмалар осындай факторларды ескеру қажет.
Туристік ұйым - бұл мүлікті ұйымның пайдалануы негізінде өнім өндіретін, қызмет көрсететін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Ұйымның мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып табылады.
Туристік бизнес - туристік саланың тұтынушыларына турөнімді ұсыну және өткізу болып табылады. Туристік бизнестің басты мақсаты тұтынушыларға турөнімді өткізу, қызметті көрсету барысында. Туристік ұйым табыс табуды турөнімді өткізу, қызмет жолдарымен жүзеге асырады - «туристік әрекеттерді» заңңға сәйкес - ол реттелген қалыптасу прцессі, өндіру, жылжыту, маркетингтеу, бөлу (резервті броньді), өткізу, жеткізу және жекеленген кешенді туристік өнімдермен қызметтерді жасау, көрсету болып танылады.
Туристтік қызмет көрсету деген - қонақжайлылық әрекеттерді, оған кіреді қонақ үйдің категориясына қарай оның жабдықтау, талабына сай қызметтерді ұйымдастыру.
Әрбір жеке кәсіпорынның туристік саясатының негізгі мақсаты нарықтық жағдайларды тиімді пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату, туристік өнімді өндіру, өткізу және жылжыту үрдістеріне жаңашылдықтар енгізу арқылы пайданы және туристік қызметтің рентабелділігін арттыру болып табылады.
Туризм - демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі.
Туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалардың өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер мен туристерге өткiзу жөнiндегi қызметi.
Туристiк агенттiк қызмет (турагенттiк қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристiк өнiмдi ұсыну және өткiзу жөнiндегi қызметiн атқарушы.
Тур - белгiленген мерзiмдер шеңберiнде белгiлі бiр маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені.
Туристікжолдама - туристік қызмет көрсету кешенін алуға құқықты растайтын құжат.
Туристiк өнiм - саяхат барысында туристiң қажетiн қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi туристiк қызмет көрсетулер жиынтығы.
Туристiк қызмет көрсету - туристiк саяхат кезеңiнде және осы саяхатқа байланысты туристiң қажеттіліктерiн қанағаттандыру үшiн маңызы зор қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушылары, гидтер (гид-аудармашылар) көрсететін қызметтер және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер) .
Туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығы үшін берілетін лицензия болып табылады. Лицензияның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүреді.
Өтінуші лицензия алғаннан кейін лицензия берілген кезден бастап жеті ай ішінде көрсетілетін туристік қызметтерге сертификат алуға міндетті, содан кейін олардың көшірмелерін лицензиарға тапсырады. Лицензия мынандай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:
-туроператорлық;
-турагенттік;
-экскурсиялық;
-туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі
Лицензия субьектіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат негізінде беріледі. Лицензия бір данада беріледі, лицензия жоғалған жағдайда, лицензиаттың жазбаша өтініш бойынша төл құжат алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат туристік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығы үшін алым ( бұдан әрі-лицензиялық алым) төлейді. Тұлғаның аталуы Заңды, орналасқан жері өзгерген жағдайда, ол бір ай ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қосып, лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап лицензиар он күн ішінде лицензияны қайта рәсімдейді. Лицензия «Лицензия туралы» Заңмен белгіленген мерзімге беріледі. Лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті адам лицензияға қол қояды және лицензиардың мөрімен куәландырылады.
Туризмнің ұйымдық нысаны - халықаралық және ішкі туризм. Халықаралық туризмге:
Келу туризмi - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегiндегi саяхаты;
Шығу туризмi - Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Рес-публикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхатын қамтиды. Ішкi туризм - Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегiндегi саяхаты кіреді. Туристік қызмет сферасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маркетингтік аспектілері нарықты зерттеу, тұтынушылардың сұранысы мен талғамын анықтау, ассортименттік, баға, өткізу, жылжыту саясаттарын әзірлеуді қамтиды.
Туристік бизнесті құру үшін арнайы сұранысты анықтау қажет, ол да бизнестің дамуына әсер ететін фактор болып танылады.
1. 1 ТУРИСТІК КОМПАНИЯЛАРДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Туристік бизнесте бухгалтелік есепті жүргізудің тәртібі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, 02. 07. 2018 ж № 166-VІ (01. 01. 2019 бастап қолданысқа енгізілген) Қазақстан Республикасының ҚР туристік қызметі заңымен, Қазақстан Республикасының №234-III 2018 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік» туралы заңымен, № 877 02. 10. 2018 ж (01. 01. 2019ж қолданысқа енгізілген) Үлгілі шоттар жоспарымен ХҚЕС, ДТҰ (Дүниежүзілік туризімдік ұйым) реттемеленді. Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің жүйесі Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме туралы Заң мен қаржылық есептеменің ұлттық стандарттары орнатқан қағидалар мен сапалы смпаттамаларға сәйкес құрылады. Қағидалардың екі тобы анықталады: негізгі қағидалар (есептеу мен үздіксіз қызмет) ; ақпараттың сапалы сипаттамалры (түсініктілік, орындылық, сенімділік, салыстырмалық) .
Қазіргі уақытта туризм - экономиканың перспективалы саласының бірі болы табылады. Тарихи-мәдени ескерткіштерді, табиғи ресурстармен тең қолдануда туризм тұрғындардың жұмысбастылық деңгейән көтеруге және тауар өнімін, қызмет көрсету өнімділігін жоғарлатуға ықпал етеді. ҚР Президентінің халыққа жолдауында экономикалық шикізат секторының дамуының қажеттілігн атап өтті.
Туристік шығындарға жататын статистикалық деректер мамандарға жоспарлау, коммерциялық қызмет пен зерттеулер саласында талап етілетін маңызды көрсеткіштердің бірін білдіреді. Олар туризімнің ұлттық экономикаға әсерін байқау мен бағалау үшін пайдаланылады.
Шығындарды анықтау туизмде туризм бірліктерін тікелей қанағаттандыру үшін пайдаланылған тауарлар мен қызметтер құны ретінде анықталатын тұтынудың анықтамасымен байланысты.
Туристік шығындар тұжырымдамасы негізіне бірнеше көзқарастар қатары енгізілген. Туристердің және экскурсанттардың экономикалық маңызды болып табылатын шығындары ғана есепке алуға жатады. Оны келушінің өзі, не оның атынан қандай да бір заңды немесе жеке тұлға әкеле алады. Мысалы, бюджетті басқаратын отбасы иесі саяхаттау кезінде барлық мүшелерінің атынан тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізеді. Туысқандарында және таныстарында болған уақыттағы шығындар қабылдаушы жиі жақ өзіне алмайды. Сапарлар сондай-ақ заңды тұлғалармен: мәселе жұмыс нәтижелері бойынша қызметтік іс-сапарлар немесе көтермелеу турлары туралы болғанда кәсіпорындармен, балалар, қарт адамдар және халықтың әлеуметтік тұрғыда қысымшылық көрген кейбір топтары үшін сапарларды ұйымдастырылатын қайрымдылық мекемелерімен; мемлекетпен қаржыландырылады. Кейбір жағдайларды ол туризмді спорттық, емдеу және білім беру мақсаттарымен субсидиялайды.
Келушінің шығнындары оның қажеттілігін қанағаттандыру үшін тұтынатын тауарлар мен қызметтер құнымен анықталады. Сұрау салулардың өзі сияқты олар өте әр түрлі: тасымалдау, орналастыру және тамақтанудан бастап ұзақ пайдаланылатын үлкен емес заттар, ағымдағы туристік тұтыну тауарлары мен базарлықтарға дейін. Олардың барлығы, сыйлықтардан басқа, келушінің өзімен тұтынылады. Алайда бұл жағдайда да оның оның иесі саяхаттаушы тұлға емес, басқа біреу болатынына қарамастан жасалған шығындар бойынша қолданыстағы жеңілдіктер менбағаларды, шайлықтар мен өзгелерін есепке ала отырып, оларды қолма-қол ақшамен, жолдық чектермен, кредиттік карточкалар бойынша және басқа да тәсілдермен төлеу нысанына қарамастан белгілеу ұсынылады.
Туризм статистиканың басты және неғұрлым қиын проблемаларының бірі туристік шығындар құрамын тәртіпке келтіру болып қала береді. Ол келуші шығын шегетін уақытпен (дайындық кезенде, сапар барасында немесе аяқталғанда), сондай-ақ туризм типімен негізделеді. Сәйкесінше резиденттердің өз елі бойынша саяхатымен байланысты ішкі және халықаралық туристік шығындарыерекшеленіп шығады. Соңғыларының экономикалық болмысын түсіну үшін келушінің шығу елінен бару еліне қозғалысының бағыты маңызды мәңге ие. Шығатын туристік ағын халықаралық туристік шығындар санатымен, ал келу - халықаралық туризімнен түсімдермен қатынасады.
ДТҰ материалдарында халықаралық туристік шығндар қандай да бір елдің тұрақты тұрғындарының шетелдегі саяхаты кезіндегі шығындары арқылы анықталады. Өзгелері санында олар шетелдік көлік компанияларының халықаралық тасымалдаулар бойынша қызметтерге алдын-ала төлемін қосады. Ағымдағы есептеулер теңгерімінде оларға жұбы ретінде халықаралық туризімнен түсімдер көрсеткіші пайдаланылады. Ол шетелдік келушілердің бару еліндегі барлық шығындардың сомасы ретінде есептеледі. Екі көрсеткіш те бірыңғай әдістеме бойынша құрылады және ақшалай қаражаттың трансшекаралық қозғалысымен байланысты шығындарды ғана көрсетеді.
Туристік бизнес ұйымдарында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың өз ерекшелігі бар болғанымен қаржылық есепті ұйымдастыру тәртібі жалпы «Бухгалтерлік есеппен қаржылық есептілік туралы» заңысен ХҚЕС сәйкес жасалады.
Турөнімнің өзіндік құнын қалытастыру барысында бухгалтерлік есеп шоттар жоспарының 8000 бөлім шоттары қолданылу мүмкін, онда «Негізгі өндіріс» 8110, «Көмекші өндіріс» 8310шоттарында жинақталып өнім дайын болғанда«Дайын өнім» 1320 шотымен жабылады.
Ұсынылатын бухгалтерлік проводкалар:
Туристік ұйымдар турөнімді нарықтық құнмен өткізеді Д 1210 К 6010, Д 1210 К 3130 және Д 7010 К1320 проводкалары жасалады.
1. 2 ТУРБИЗНЕС КӘСІПОРЫНДАРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Туристік бизнес - әлем шарушылығында тез дамитын салалардың бірі. Халықаралық туризм - мұнай өндіретін және автомобиль өнеркәсіптерінен кейінгі үш ірі экспорттық салалардың құрамына кіреді. Қазақстандағы туристік қызет нарығы экономиканың ең дамыған саласы болып табылады. Туризмнің ерекшеліктері - қызмет саласында атқарылатын жұмыс, сату формасы мен еңбек сипатына байланысты. Ал, туризм саласындағы бизнесті ұйымдастыру - тікелей тұрақты дамыған компаниялардың көрсететін қызметіне дұрыс, есеп жүргізуге байланысты. Осыған байланысты туристтік қызметтің дамуы бухгалтерлік есеп саласында жоғары мамандандырылған қызметкерлерді қажет етеді.
Аудит - есептерге баға беру, ұйымның қызметіне және жағдайына байланысты фактілерге қорытынды баға беретін, тәуелсіз жоғарғы білімді тұлғамен дүзеге асырылатын қызметтің түрі. Ол ақпараттық ттәуекелді төмендету үшін бағытталады, себебі қатысушыларға қаржылық есептерде жалған жіне дұрыс емес ақпараттар беруі мүмкін.
Туристік ұйымдағы аудиттің мақсаты - осы ұйымның ұйымдастыру қызметі, нормативттік-құқықтық және есепті-сараптамалық құжаттарының ұрыстығына аудитор (аудиторлық ұйым) қорытынды жасау үшін дербес тексеру жүргізу болып табылады. Туристік ұйым аудитінің алдында мынадай мақсаттары мен міндеттері бар:
- туристік ұйымның құрлымын терең бағалау;
- туристік ұйымның шығындары, шығыстары мен кірістері есебінің ақпараттық дұрыстығын тексеру;
- туристік ұйымның валюталық операциялар есебінің ерекшеліктерін зерттеу;
- бухгалтерлік есеп жіне басқару есебінің жағдайын жан-жақты немесе толық зерттеу;
- даму преспиктиваларын зерттеу;
- ұйымды тексеру және салық әдістемесін тексеру;
- аудиторлық қорытынды құру;
- есептік талдау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстарын және бағыттарын құру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz