Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек бойынша синтетикалық есебі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ КОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: «Қаржылық есеп»

Тақырыбы: «Қызметкерлердің дебиторлық есеп берешегі»

Мамандығы: 0518012 «Есеп және аудит»

Орындаған: күндізгі оқу бөлімінің

БУХ-РП-31к топ студенті

Аугамбаева Диана

Жетекші: Джолдаспаева С. Д

Қарағанды 2019

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .

  1. Дебиторлық берешек түсінігі, түрлері . . . 4
  2. Дебиторлық қарыздың жіктелуі . . . 5

1. 3 Қызметкерлермен есеп айырысуды есепке алу . . . 6

2. ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАРДЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАДАЙ ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР . . .

2. 1 Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек бойынша синтетикалық есебі . . . 9

2. 2 Күмәнді дебиторлық қарыздар . . . 13

2. 3 Берілген аванстар есебі . . . 14

3. ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАРДЫҢ КӘСІПОРЫН

ҚЫЗМЕТІНДЕГІ РӨЛІ . . .

3. 1 Дебиторлық борыштардың жабылу жағдайлары . . . 15

3. 2 Дебиторлық борыштардың 1С «Бухгалтерия» бағдарламасында

көрсетілуі . . . 17

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 19

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 20

Кіріспе

Нарықтық экономиканың қалыптасуының және басқаруды жетілдірудің, кәсіпорындарды дамытудың жаңа стратегиясын әзірлеудің қазіргі заманғы жағдайларында бухгалтерлік есеп жүйесінің рөлі мен маңызы күшейе түсуде.

Сатып алушылармен есеп айырысу қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің пайда болуына сөзсіз алып келеді. Бұл берешек ақы төлеу және тауарларды босату немесе алу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету бойынша туындайды.

Дебиторлық берешек-бұл ұйым мүлкінің құрамына кіретін, әртүрлі негіздерден туындайтын құқықтық қатынастардағы борышкер болып табылатын басқа тұлғаларға қойылатын мүліктік талаптар. Дебиторлық берешек өнім немесе тауар жөнелтілген, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген, бірақ сатып алушы әлі төлемеген не сатушы кәсіпорынға алдын ала төлеу немесе аванс тәртібімен ақша аудару жүргізілгендігін, бірақ өнім немесе тауар әлі түспегенін куәландырады. Дебиторлық берешектің болуы қаражаттың айналымнан кетуін немесе алаңдатылуын сипаттайды. Сонымен қатар, берешек сомасының төмендеуі - көптеген жағдайларда әрдайым оң сәт емес, өйткені ол ақша қаражатының есеп айырысуға емес, қоймаларда жинақталған және өткізімі жоқ дайын өнімге бөлінгенін дәлелдеуі мүмкін. Дебиторлық берешекті уақытында алу-кәсіпорынның қолайлы қаржылық жағдайын қамтамасыз етудің қажетті шарты. Дебиторлық берешекті және оның баламаларын дұрыс ашу және жіктеу кәсіпорынның қаржылық жағдайын дәл бағалау үшін қажет. Ол үшін кәсіпорынның бухгалтерлік есеп шоттарында дебиторлық берешекті уақтылы және нақты көрсету қажет.

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі дебиторлық берешектің түсінігі, олардың құрамы, құрылымы мен жіктелуі, сондай-ақ олардың ұлғаю немесе азаю қарқындылығы ағымдағы активтерге салынған капиталдың айналуына, демек, кәсіпорынның қаржылық жағдайына үлкен әсер ететіндігіне негізделген.

Курстық жұмыстың мақсаты-дебиторлық берешектің есебін ұйымдастыруды зерттеу.

Курстық жұмыстың көрсетілген мақсатына қарай оның негізгі міндеттері болып табылады. :

- дебиторлық берешектіңтүсінігі;

- дебиторлық берешектің жіктелуі;

- дебиторлармен есеп айырысу жағдайын ішкі бақылау жүйесін зерттеу, оның тиімділігіне баға беру;

- есеп жүргізу ережелерінің және бухгалтерлік есептілікте ақпаратты көрсету тәртібінің заңнама мен нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін бағалау.

1 ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Дебиторлық берешек түсінігі, түрлері

Дебиторлық берешек - кәсіпорын алдында пайда болған міндеттеме. Ол шаруашылық іс-әрекет нәтижесінде пайда болады, шот фактурамен расталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борыштары бар заңды және жеке тұлғалар «дебиторлар» болып табылады. Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде өтелетін дебиторлық берешектер қысқа мерзімді активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:

- қысқа мерзімді дебиторлық берешек (1200)

- сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі (1210)

- еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі (1220)

- қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі (1230)

- филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі (1240)

- қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі (1250)

- жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек (1260)

- алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар (1270)

- өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек (1280)

- күмәнді талаптар бойынша резерв (1290) .

Кәсіпорында дебиторлық берешектер негізгі қызметтердің сатыпалушылары және негізгі емес қызметтердің сатыпалушылары болып танылады. Ал бухгалтерлік есепте қызметкердің борыштарды мойындауы және бағалауы қажет. Мойындау дегеніміз шаруашылық операцияның нақты жасалғаны, ал шаруашылық операцияның нақты жасалғанынан дебиторлық берешектер пайда болады деген сөз(мойындау) және бұл дебиторлық борыштың сомасының мөлшері(бағалау) . Келісім шарт бойынша белгіленген мерзімге төлемге талап етіп отырған сома дебиторлық берешектің бағалануы болып танылады. Төлем мерзімдегі пайызсыз міндеттелген сома номиналдық құн болып есептелінеді.

Дебиторлық берешек қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып танылады. Бір жылдам астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар «ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» болып есептеледі.

Қысқа мерзімді дебиторлық берешектерді есепке алу барысында бухгалтерлік есеп шоттардың жұмыс жоспарының бірінші бөлімінде 1210 - сатыпалушылармен тапсырыс берушілердің, 1220 - еншілес ұйымдардың, 1230 - қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың, 1240 - филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің, 1250 - қызметкерлердің, 1260 - жалдау бойынша, 1270 - алуға сыйақылар, 1280 - өзге де дебиторлық берешектер, 1290 - күмәнді талаптар бойынша резерв бағалау шоттарға жатады. Осы тәртіппен екінші бөлімде ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер 2110, 2120, 2130, 2140, 2150, 2160, 2170, 2180 шоттар реттелген. Аталған шоттар дебитте жазылады, ал кредитте олардың мойындалуы, яғни келісім құнмен 6-шы бөлімнің шоттары кредитте есептеледі №11 журнал ордерде жасалады және шот фактура сомаларын жинап топтастыру үшін әрбір сатыпалушыларға ведомост жасалады. Мысалы, сатыпалушыларға алынатын тауарлар үшін шот ұсынылады дт 1210, кт 6010, осымен қоса сатыпалушыларға ҚҚС есептеледі дт 1210, кт 3130, тауарлардың өзіндік құны есептен шығарылады дт 7010, кт 1330, сатыпалушы банктік шотқа ақша қаражатын аударды дт1030, кт 1210.

Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар (дебиторлық борыштар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады.

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі тіркелімдерден басқа дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық (аналитикалық) есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартында ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында қолданатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырыңда, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, олар негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық борыштар шоттарында есептелетін сомалардың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізілуі қажет.

1. 2 Дебиторлық қарыздың жіктелуі

Дебиторлық қарыздың әртүрлі түрлері бар: тиеліп жіберген тауарлар; тауарлар үшін және көрсеткен қызмет үшін дебиторлармен есеп айырысу; алынған векселдермен есеп айырысу; еншілес кәсіпорындармен, бюджетпен, басқадай операциялар бойынша персоналдармен есеп айырысу; жеткізушілерге және мердігерлерге берілген аванстар; жарғы капиталына құрылтайшылардың жарна қарызы және т. б.

Өнім өндіруші кәсіпорындардың дебиторлық қарызының едәуір бөлігін тиелген тауар қаражаттарды құрайды. Тиелген тауарлар қаражаты шарасыз пайда болады, өйткені, қоймадағы дайын өнімдер, шартта көрсетілген уақытта тұтынушыларға тиеліп жіберілуі тиіс. Бірақ тиеліп жіберген тауарлардың құрамында әртүрлі мағыналы қаражаттар болады. Олардың бір бөлігі тиеліп жіберген тауарлардың үлесіне тиісті, бірақ төлем уақыты жетпеген. Бұл жағымдығы тез өтетін құбылыс. Төлем мерзімі өткеннен кейін, кәсіпорынның төленбеген қаражаттары, тиеп жіберген тауарлар түріне айналады. Соңғысы, тұтынушының төлем қаражатының жоқ екендігін көрсетеді.

Алынуға тиісті шоттарға жыл ағымында алынған келесі баланстық құн немесе компанияның операциялық циклі ағымында алынған сомаларды қамтиды. Көбіне қарызды жою мерзімі 30 күннен 60 күнге дейінгі кезең саналады.

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі үшін 1210 «Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы» және 2110 “Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарызы” шоттарында жүргізіледі. Ұйым сатып алушылар және тапсырыс берушілерден аванстар алуы мүмкін. Алынған аванстар сомасы 3510 «Қысқа мерзімді алынған аванстар» шотының кредиті мен ақша қаражаты есебінің шоттарының дебеті бойынша көрсетіледі. Тапсырысты орындаудан кейін немесе өнімді тиегеннен кейін алынған аванс сомалары есепке жазылады. Бұл кезде 3510 шот кредиттеледі. Сатып алушыларға өнім тиелгенде: Дебет шот 7010 Кредит шот 1320. Сатып алушыларға шот көрсетілген кезде 1210 шот дебеттеліп, 6010 шот кредиттеледі. Еншілес ұйым бас компанияның бақылауындағы ұйым болып табылады. Тәуелді ұйым инвестордың ықпалынан тәуелді болады және оның еншілес емес, бірігіп бақыланатын заңды тұлға да болмайды. Еншілес (тәуелді) серіктестердің берешектерін есепке алу үшін 1220 "Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешектері" және 1230 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешектері», 2120 "Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешектеры" және 1230 “Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешектеры" шоттары арналған. Кәсіпорын жұмыскерлерінің және басқа да тұлғалардың дебиторлық берешектері туралы ақпараттарды бейнелеу үшін 1250 “Жұмыскерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешектері” және 2150 “Жұмыскерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешектері” шоттары арналған. Шоттың дебеті бойынша есеп беруге тиісті сомалар, жұмыскерлерге көрсетілген займдар, материалдық шығынды өтеу сомалары көрсетіледі.

1. 3 Қызметкерлермен есеп айырысуды есепке алу

Кәсіпкерлік ұйымдар қолма-қол ақшамен есептеу барысында өз қызметкерлерінің есебіне ақша босатуға мәжбүр болады. Бұл жерде іс-сапар шығындары, шаруашылық қажеттілікке берілген, салықтық және басқа да кредиторларға төлемдер жасауға босатылуы мүмкін. Жұмсалған ақшаға қызметкер аванстық есебімен есептеседі. Өз мойнындағы ақша қаражатын басқа тұлғаға беруге құқығы жоқ. Есеп беруге берілген қолма-қол ақшаның жұмсалмаған бөлігі алынған мерзімі аяқталғаннан кейінгі 3 күннен кешіктірместен кассаға қайтарылуы тиіс. Қолма-қол ақшаны алған тұлға жұмсалған сомалар туралы есептелгені мерзімі аяқталғаннан кейінгі 5 күннен кешіктірместен субъектінің бухгалтериясына тапсыруға міндетті. Қолма-қол ақша қаражаттарын қызметкерлерге тек басшының бекітілген тізімі бойынша ғана босатылады. Есеп беру сомаларын жұмсау туралы есептемені белгілі уақытта тапсырмаған және аванстық жұмсалмаған соманы қайтармаған тұлғалардан бухгалтер заңда көрсетілген тәртіпке сәйкес аталған борышты жалақыдан ұстап қалуға құқылы. Қолма-қол ақшаларды беруді және оларды іс-сапар, шығыстар үшін пайдалану тәртібі заңдармен реттеледі.

Іс-сапарға жіберілген қызметкерлерге беріледі:

-іс-сапар орнына дейінгі және одан кері қарай тұрақты жұмыс орнына дейінгі жол жүру шығындары;

-тұрғын үй жайды жалдау шығындары;

-тәулік ақысы ұсынылған құжаттарға сәйкес шығындарын шаруашылық субъект төлейді.

Іс-сапар орнына жетудің және қайтудың жол жүру құжаттары болмаған жағдайда төленбейді.

Қызмет бабындағы іс-сапардың тәулік ақысы қызметкер іс-сапарда болған әрбір күнге айлық есептік көрсеткіштің 50% мөлшерінде төленеді. Жеке меншік ұйымдарда өз бетімен шешіледі, тек салық кодексі бойынша 6 АЕК-тен аспау қажет. Іс-сапарға жіберілген адам тұрақты тұратын жеріне қайтып келе алатындай жерге жіберілсе, тәулік ақы төленбейді. Басшылар іс-сапарға байланысты белгіленген нормадан тыс төлемдерді кәсіпорын қарамағында қалған пайда есебіне жүргізуге рұқсат етеді. Қызметкерлердің дебиторлық есебін жүргізу үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарының бірінші бөлімінде 1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» - активті, негізгі есеп айырысу, екінші бөлімінде 2150 «Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» шоттары реттелген. Аталған шоттардың дебитінде қызметкерлерге берілген сомалар көрсетіледі және қызметкерлердің материалдық жауапкершілігі барысында кем шыққан сомаларда көрсетіледі, ал кредиті жағында өтелген сомалар көрсетіледі. Шаруа шығындарына, операция мұқтаждықтарына, іс-сапарларға есеп беруге қолма-қол ақша берілгенде дт 1250, 2150 кт 1010, 1030 (1040) аударым жолымен есеп беруге сомалар беріледі. Мысалы, ұшаққа билет сатып алу дт1040 кт1030. Есеп беретін тұлға сатып алған тауарлар кірістеледі дт 1310-1319, 1320, 1330; кт 1250, 2150. Аванстық есептемелер тапсырылған бойда есеп сомалары есептен шығарылады дт 7210, кт 1250, 2150. Жұмсалмаған есеп беру сомаларын жалақыдан ұстап қалу дт 3350, кт 1250.

Өкілдік шығындар

Басқа кәсіпорындармен қарым қатынас жасау барысында кәсіпорын белгілі бір қызметтер көрсетіп шығындар жасауға мәжбүр болады. Жасалынатын шығындар салық кодексіне сәйкес талап етіледі. Олар уәкілдерді қарсы алу бойынша шығындар болып табылады. Оған қарсы алу тізімі бойынша тұлғаларға жасалатын шығындар есептеледі, яғни тамақтандыру, автокөлік шығындары, байланыс телефон шығындары, аудармашыға жасалынатын шығындар. Жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге нақты ақша беріледі және олар алған ақшасына есеп беруте тиісті.

2. ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАРДЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАДАЙ ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР

2. 1 Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек бойынша синтетикалық есебі

Сатыпалушылармен тапсырыс берушілерге босатылған немесе өткізілген тауарлар, өнімдер және басқада ағымдағы активтер үшін есептесуге арналған 1200, 2100шоттар. Есептік регистрлардан № 11 журнал-ордер қолданылады.

р\р
Шаруашылық операция
Шот корресподен -
циясы
Д
К
р\р№: 1
Шаруашылық операция: Келісім баға бойынша сатыпалушыларға шот ұсынылды

ҚҚС ұсынылды %
Шот корресподен -циясы: 1210-1240


1210-1240
6010

3130
р\р№: 2
Шаруашылық операция: Он бағам айырмашылығы бойынша сатыпалушылардың берешегі көбейді (ұлғайды)
Шот корресподен -циясы: 1210-1240
6250
р\р№: 3
Шаруашылық операция: Сатыпалушылардан өткізілген өнімдер үшін түсім түсті
Шот корресподен -циясы: 1010, 1030,

1040, 1050
1210-1240
р\р№: 4
Шаруашылық операция: Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек қысқа мерзімдегіге ауысуы
Шот корресподен -циясы: 1210-1240
2110 -2140
р\р№: 5
Шаруашылық операция: Бірлескен к\орындар және еншілес ұйымдар мен филиалдардан түсім түсті
Шот корресподен -циясы: 1010, 1030,

1040, 1050
1220-1240
р\р№: 6
Шаруашылық операция: Жасалған төлемдер ағымдағы банктік шотқа түспеуі
Шот корресподен -циясы: 1020
1220-1240
р\р№: 7
Шаруашылық операция: Акт- сверка бойынша немесе айырбас нәтижесінде міндеттемелер шот жабылуы
Шот корресподен -циясы: 3310- 3340
1210-1240
р\р№: 8
Шаруашылық операция: Алдын ала төленген аванс бойынша сатыпалушылармен есептесу
Шот корресподен -циясы: 3510
1210
р\р№: 9
Шаруашылық операция:

Сатылға өнімнің қайтарылуы:

  • келісім құнға
  • ҚҚС сомасына
  • Берілген жеңілдіктер
Шот корресподен -циясы: 6020

3130

1210-1240
1210-1240

1210-1240

6030
р\р№: 10
Шаруашылық операция: Дебиторлық берешек сома күмәнді болып танылды
Шот корресподен -циясы: 1290
1210-1240
р\р№: 11.
Шаруашылық операция: Күмәнді дебиторлық берешек сомасы қайтарылды
Шот корресподен -циясы: 1210
1290
р\р№: 12
Шаруашылық операция: Күмәнді талаптар бойынша резерв қалыптасты
Шот корресподен -циясы: 7440
1290
р\р№: 13
Шаруашылық операция: Жойылған сатыпалушылардың берешегі күмәнді болып танылды
Шот корресподен -циясы: 1210,

1280
1290
р\р№: 14
Шаруашылық операция: Күмәнді болып танылған сатыпалушылардың берешегіне резерв сомасы қолданылды
Шот корресподен -циясы: 1290
1210, 1280

Қызметкерлердің дебиторлық берешек есебі
Кәсіпорын өз қызметкерлерінің жауабына ақша босатқандағы (таурлар, материалдар сатыпалуға, бюджетке немесе кредиторларға төлеуге, іс сапар шығындарына . . . ) немесе жауапты тұлғалардың жетіспеушілігі анықталғандағы операциялар қозғалысы 1250, 2150 шоттарда есептеліп, бухгалтерлік регистрлардың №7 журнал-ордерінде жүргізіледі.

Шаруашылық операция мазмұны
Шот корреспонденциясы
дебет
кредит
Шаруашылық операция мазмұны: 1. Кассадан қызметкерге ақша берілді
Шот корреспонденциясы: 1250, 2150
1010
Шаруашылық операция мазмұны: 2. Іс сапар шығындары есептен шығарылды
Шот корреспонденциясы:
Шаруашылық операция мазмұны: - әкімшілік қызметкерлердікі
Шот корреспонденциясы: 7210
1250, 2150
Шаруашылық операция мазмұны: - өнім өткізу саласындағы қызметкерлердікі
Шот корреспонденциясы: 7110
1250, 2150
Шаруашылық операция мазмұны: - құрылыс саласындағы жұмысшылардікі
Шот корреспонденциясы: 2930
1250, 2150
Шаруашылық операция мазмұны: - цехтағы жұмысшылардікі
Шот корреспонденциясы: 8040
1250, 2150
Шаруашылық операция мазмұны: 3. Берілген ақшаға аванстық есеп жасалып, кірістелді
Шот корреспонденциясы:
Шаруашылық операция мазмұны: - МЕА
Шот корреспонденциясы: 2700, 2730
1250, 2150
Шаруашылық операция мазмұны: - материалдар
Шот корреспонденциясы: 1310-1320
1250, 2150
Шаруашылық операция мазмұны: - тауарлар
Шот корреспонденциясы: 1330
1250, 2150
Шаруашылық операция мазмұны: - негізгі құралдар
Шот корреспонденциясы: 2410
1250, 2150
Шаруашылық операция мазмұны: - ҚҚС
Шот корреспонденциясы: 1420
1250, 2150
Шаруашылық операция мазмұны: 4. Пайдаланбаған ақша кассаға тапсырылды
Шот корреспонденциясы: 1010
1250, 2150
Шаруашылық операция мазмұны: 5. Кем шыққан сома еңбекақыдан ұсталынды
Шот корреспонденциясы: 3350
1250, 2150

Кезеңде операциялық және қаржылық жалдау бойынша ағымдағы жалдау төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар есепке алынады;
Берілген жал бойынша дебиторлық берешек есебіне бухгалтерлік есеп шоттардың типтік жоспары 1260, 2160 шоттар қарастырылған.
1270, 2170 шоттарда акциялар (қатысу үлестері) бойынша есептелген дивидендтер; қаржылық жалдау бойынша есептелген сыйақылар, берілген қарыздар, сатып алынған қаржы инвестициялары, сенімді басқару және зге есептелген сыйақылар жөніндегі дебиторлық берешектің қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;

р\р

Шаруашылық операция
Шот корресподен -

циясы
Д
К
р\р№: 1
Шаруашылық операция: Операциялық жалға берілді
Шот корресподен -циясы: 1260, 2160
6260
р\р№: 2
Шаруашылық операция: Берілген жал сомасы төленді
Шот корресподен -циясы: 1010, 1030
1260, 2160
р\р№: 3
Шаруашылық операция: Берілген жалға сыйақы есептелді
Шот корресподен -циясы: 1270
6110
р\р№: 4
Шаруашылық операция: Есептелген жал соманың сыйақысы төленді
Шот корресподен -циясы: 1010, 1030
1270

Басқада дебиторлық берешек есебі
Басқада дебиторлық берешек есебіне бухгалтерлік есеп шоттардың типтік жоспары 1280, 2180 шоттар қарастырылған.

р\р

Шаруашылық операция
Шот корресподен -

циясы
Д
К
р\р№: 1
Шаруашылық операция: Алынған вексельдер бойынша берешек төленді
Шот корресподен -циясы: 1280
1010, 1030
р\р№: 2
Шаруашылық операция: Жеткізушілерден тауарлар кірістелу барысында жетіспеушілік анықталды
Шот корресподен -циясы: 1280
3310
р\р№: 3
Шаруашылық операция: Түгендеу барысында жетіспеушілік анықталды (анықталуға дейін)
Шот корресподен -циясы: 1280
1010, 1310,

1330, 2410 . . .
р\р№: 4
Шаруашылық операция: Басқада дебиторлық берешек қысқа мерзімдіден ұзақ мерзімдіге ауыстырылды
Шот корресподен -циясы: 2180
1280
р\р№: 5
Шаруашылық операция: Ағымдағы банктік шоттан валюталық шотқа конвертация жасалды
Шот корресподен -циясы: 1280
1030
р\р№: 6
Шаруашылық операция: Валюталық шотқа конвертация жасалды
Шот корресподен -циясы: 1030/
1280

2. 2 Күмәнді дебиторлық қарыздар

Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанмен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін уақтылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұйымдардың таратылуы, сондай-ақ борышты талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады. Сатып алушылардың келісімшартқа сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары «Күмәнді қарыздар» деп аталады. Күмәнді қарыздарға - уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар жатады.

Салық кодексіне сәйкес күмәнді талаптар - Қазақстан Республикасының заңды және жеке кәсіпкерлері-резиденттеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы іс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар-резидент еместерге тауар өткізу, жұмыс орындау, қызмет көрсету нәтижесінде пайда болған сәттен бастағанда үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар; сонымен қатар өткізілген тауарлар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызметтер бойынша пайда болған деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді болып табылады.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп жеткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі бар. Біріншісі - тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты шаттарды үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі - резервтік әдіс - бұл жағдайда шығындар алдын-ала қарастырылған тәсілмен есептеледі.

Егер күмәнді дебиторлық берешек ықтимал (мерзімі біткен және есепке алынуы мүмкін болса, есепті кезең соңында түзету жазбасын жасау талап етіледі. Мысалы, егер субъект 15000 теңге сомасында күмәнді дебиторлық берешекті күтсе, күмәнді борыш бойынша шығынды көрсететін мынадай проводка енгізіледі.

7210 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шот дебеті.

1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» шот кредиті 15000.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дебиторлық берешек есебі
Бухгалтерлік есептің типтік шаруашылық операцияларының шот корреспонденциялары
Дебиторлық және кредиторлық берешек
Алдағы кезең шығыстарын есепке алудың негіздері
Бухгалтерлік есеп пен есептілік ережесі, мақсаты, маңызы
Бухгалтерлік есептің қажеттілігі мен мәні
Дебиторлық берешектердің аудиті
Кассадағы ақша қаражат есебі, оның құжатталуы
Дебиторлық қарыздар есебін ұйымдастыру
Дебиторлық берешектің есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz