Руханият партиясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстандағы азаматтық қоғам институттарына сипаттама. Саяси партия және оның қоғам үшін маңызы

І Кіріспе

1. 1 Қазақстандағы азаматтық қоғам институттары

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Азаматтық қоғам - адамзат дамуының нәтижесі

2. 2 Қоғамның саяси жүйесіне кіретін саяси партиялар

2. 3 Қазақстанның саяси партиялары

ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І Кіріспе

1. 1 Қазақстандағы азаматтық қоғам институттары

Азаматтық қоғамның қалыптасу үрдісінде, оның басты факторлары мен құндылықтарына ғылыми зерттеу жүргізіліп, даму үрдістерін анықтау маңызды мəселелердің бірі. «Азаматтық қоғам» ұғымы арқылы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың жағдайы бейнеленіп, белгілі бір мелекеттегі тұрғындардың азаматтық қайраткерлігінің қарқыны, мемлекет пе қоғамның əлеуметтік саладағы қызметтерінің бөліну деңгейі анықталады. Басқаша айтқанда, азаматтық қоғам демократиялық құрылысқа аса қажет əлеуметтік қатынаастардың өзін-өзі реттеу қызметіне жағдай туады: азаматтар саяси институттардың көмегіне сүйенбей-ақ, өздері реттей алатын қатынастарға мемлекеттің қол сұғуы тежеледі. Сондықтан да демократиялық сипаттағы саяси жүйесі бар құқықтық мемлекеттің дамуында азаматтық қоғамның алатын орны ерекше.

Конституцияда көрсетілген бостандық түрі сол уақытта жеке тұлғаның құқығы болып табылады. Мысалы, сөз бостандығы- бұл азаматтың еркін өз ойларын, көзқарастарын айту құқығы жиналыс, митинглер бостандығы-азаматтардың өз өміріндегі жəне қызметіндегі проблемаларды шешу үшін жиналу құқы.

Республика Конституциясы Қазақстандағы азаматтық қоғамның даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайтын нормативтік-құқықтық акт болып табылады. Оған дәлел ата заңымызда көрсетіліп жазылған баптар құқықтық негізді құрайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялык, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүлде - мақсаты.

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Азаматтық қоғам - адамзат дамуының нәтижесі

Азаматтық қоғамның басты институттарының бірі болып табылатын қоғамдык-саяси партиялар мен бірлестіктердің, мемлекеттік емес ұйымдардың қызметі мемлекет тарапынан құқықтық нормалардың жүйесін құрайтын нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасында дербес мемлекеттілікті қалыптастыру барысында аталған азаматтық қоғам институттарының қызметтерін құқықтық негізде реттейтін бірнеше заңдар қабылданды. Мәселен, 1996 жылғы 31 мамырда қабылданған «Қоғамдык бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңы, 2001 жылғы 16 қаңтарда қабылданған «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазакстан Республикасының заңы, 2002 жылғы 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңы және т. б.

Азаматтық қоғамды қалыптастыру ісінде үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесін көтеруде және олардың қоғамдағы ықпалын арттыруда өкілетті органдардың мемлекеттік билік ісінде шешуші рөл айқындауға баса көңіл бөлу қажет.

Мемлекеттiк органдар мен азаматтық институттар ынтымақтастығын нығайту үшiн:

  • мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара iс-қимыл проблемаларын шешу және өзара iс-қимыл мен серiктестiк басымдықтарын айқындау жолдарын тұжырымдау үшiн жалпыұлттық тиiмдi үндесу алаңқайына айналуға тиiстi азаматтық форумдарды тұрақты негiзде өткiзу;
  • заң шығарушылық жұмысы, мемлекеттiк, салалық (секторалдық) және өңiрлiк даму бағдарламаларын қалыптастыруға қатысу жөнiндегi қоғамдық кеңестер, консультативтiк-кеңесшi органдар, комиссиялар, жұмыс топтары түрiнде ынтымақтастықтың тұрақты қолданыстағы тетiктерiн орталық және өңiрлiк деңгейлерде дамыту;
  • әлеуметтiк мәндi проблемалар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткiзу практикасын енгiзу;
  • мемлекеттiк билiк органдарының қызметiн және олардың азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн сақтауға, бюджет процесiнiң ашықтығы мен мөлдiрлiгiне байланысты қабылдайтын шешiмдерiн азаматтық бақылаудың өнiмдi тетiктерiн пысықтау және практикаға енгiзу, жұмыстың осы бағытының шеңберiнде тиiстi әдiстемелiк база құру;
  • азаматтық қоғам институттарының даму бағдарламаларын iске асыру мониторингi мен олардың сектораралық ынтымақтастығын қамтамасыз ететiн ұлттық ақпараттық-талдамалық желi құруға және оны дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ қазiргi заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар енгiзу;
  • азаматтық институттардың сектораралық өзара iс-қимылының неғұрлым перспективалы нысандары мен әдiстерiн жүйелi түрде зерделеу, анықтау, байқап көру және енгiзу, мемлекеттiк билiк пен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары үшiн азаматтық қоғам институттарымен өзара iс-қимылдың тиiмдi тетiктерiн қалыптастыру жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау;
  • азаматтық қоғам институттарымен жұмыс және қоғаммен байланыс үшiн елдiң мемлекеттiк жоғары оқу орындарына кадрлар даярлаудың арнайы курстарын енгiзу мәселесiн пысықтау;
  • орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда қоғаммен байланыс жөнiндегi құрылымдық бөлiмшелер құру мәселесiн зерделеу;
  • Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сәйкес жұмыс берушiлер, қызметкерлер және билiк органдары арасындағы мүдделердi келiсудiң негiзгi тетiгi ретiнде еңбек қатынастары саласындағы тиiмдi әлеуметтiк серiктестiктi дамыту қажет.
  • Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты тиiмдi iске асыру үшiн ұйымдық, саяси және құқықтық жағдайларды қамтамасыз етуге айрықша көңiл бөлу қажет, бұл мемлекеттiк органдар мен азаматтық институттардың өзара iс-қимылы мен ынтымақтастық жүйесiн дамытуға мүмкiндiк бередi.
  • Принциптiк тұрғыдан орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың, ең алдымен әлеуметтiк блоктың тетiгiн тарату қажет. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысқа арналған бюджет шығыстарын кезең-кезеңiмен ұлғайту көзделген жөн.
  • Мемлекеттiк әлеуметтік тапсырысты iске асыруға қолайлы жағдай жасау үшiн сонымен қатар республикалық және өңiрлiк деңгейлерде:
  • серiктестiк негiзде билiк органдары мен азаматтық қоғам институттары арасындағы қаржылық-шарттық қатынастарды дәйектi дамыту;
  • мақсатты топтар мен қызмет көрсетулердi алушылар үшiн тиiстi пайдалылық индикаторларының көмегiмен қоғамдық қажеттiлiктердi зерделеу мен жобалардың нәтижелерiн бағалау негiзiнде YЕҰ-дың қатысуымен мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс қалыптастыру;
  • азаматтық институттар мен мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылының мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыру және орналастыру процесiнiң ашықтығын қамтамасыз ететiн қазiргi заманғы құралдарын практикаға енгiзу;
  • азаматтардың әлеуметтiк белсендiлiгiн арттыруға бағытталған жұмыстың жаңа нысандары мен әдiстерiн жасау және iске асыру;
  • түрлi әлеуметтiк мәндi салалардағы ұлттық және аумақтық (өңiрлiк) iс-қимыл бағдарламаларын дайындау мен iске асыру жөнiндегi алдыңғы қатарлы шетелдiк тәжiрибенi зерделеу және елде енгiзу.

Сонымен, мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынас өзара тең құқықты міндеттермен құқықтар арқасында қалыптасады. Бұл азаматтық қоғамның басты белгісі.

2. 2 Қоғамның саяси жүйесіне кіретін саяси партиялар

Саяси партиялар азаматтардың саяси өмірге қатысуының негізгі себепші әлеуметтендіру құралы болып есептеледі. Қоғамда ұйымдар, соның ішінде саяси ұйымдардың мүшелерінің саны мен сапасының көрсеткіші жоғары болған сайын, олардың саясатқа қатысу деңгейі де жоғары болып есептеледі. Бірақ, барлық уақытта солай болады деуге болмайды. Қоғамның саяси жүйесіне кіретін саяси партиялар мен ықпалды топтардың іс-әрекеті мен әдістерінің арасында айырмашылық та жоқ емес. Мысалы, партиялар мемлекеттік аппаратты бағындырып, оларды басқаруға ұмтылады. Ал ықпалды топтар мемлекеттік аппараттардың шешім қабылдау ісіне ықпал жасаумен шектеледі. Бұлар кейде саяси партиялардың құрамына да кіреді. Партиялар азаматтардың саяси ерік-жігерін қалыптастыруға және оны білдіруіне жәрдемдеседі (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 56-бап) . Бірақ ол шексіз емес, олардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіне араласуына жол берілмейді (54-бап) .

Сол сияқты мемлекет өз аумағында басқа мемлекеттердің саяси партиялары қызметіне жол берілмейді. Көп партиялылық - плюрализмнің бірден-бір тетігі емес, оның заманы өткен дейтін зерттеушілер де бар екенін айтпай кетуге болмайды. Олай деушілердің ойынша көп партиялылықты шұғыл енгізу жағдайында ішкі саяси ахуал қатты шиеленіседі, белгілі дәрежеде демократиялық дағды қалыптасып үлгермеген қоғамда бірден шексіз еркіндік беруге де болмайды.

Бір ғана саяси партия жағдайында ол проблемаларды талқылауға құқықты бірден-бір ұйым болмауға тиіс. Партияның деңгейінде дамымаған болса да, саяси майданда бәсекеге түсе алатын басқа саяси ұйымдар да болуға тиіс. Бұдан басқа да АҚШ-тағы сияқты екі партиялылықтың тиімді екенін жақтайтын пікірлер де бар. Азаматтардың саяси еркіндігі көп ретте осы жағдайлармен байланысты.

2. 3 Қазақстанның саяси партиялары

Нұр-Отан Халықтық Демократиялық партиясы . Төрағасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары - Бахытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов. Отан республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды.

Қазақстан коммунистік партиясы. Партияның бірінші хатшысы - Серікболсын Әбділдә ұлы Әбділдин. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркеуден өтті. ҚКП-тың мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Партияның бөлімшелері республиканың барлық облыстарында бар. Партия республикада ғылыми социализм қағидаларына негізделген еркіндік және әлеуметтік әділетті қоғам құруға жағдай жасауды; коммунистік қоғамдық құрылысты қалыптастыруды өзінің негізгі мақсаты етіп санайды. 2004 жылы өткен Мәжіліс сайлауына Қазақстанның коммунистік партиясы партиялық тізім бойынша 3, 44% дауыс жинаған Коммунистердің халықтық оппозициялық одағы және ҚДТ сайлау блогының құрамында қатысты. Партия 2007 жылғы Мәжіліс сайлауына қатысқан жоқ.

Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы. Бірінші хатшысы - Владимир Борисович Косарев. 2004 жылғы 21 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия сапы 90 мың адам құрады. Партияның саяси платформасына сәйкес, ҚКХП-ның қызметі қоғамдық дамудың жаңа жағдайына бейімделген маркстік-лениндік идеологияға негізделген. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 1, 98% дауыс алды. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте партияның депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша ҚКХП 1, 29% дауыс жинады.

Қазақстанның Ауыл социал-демократиялық партиясы. Партия төрағасы - Ғани Әлімұлы Қалиев. Партия 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген. 2003 жылғы 2 сәуірде партия қайта тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия мүшелерінің саны 61 043 адамды құрады. Қазақстанның барлық облыстарында партияның құрылымдық бөлімшелері бар. Партия мақсаттары: мемлекеттік реттеуді және агросекторды қолдауды күшейту; ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау; қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға белсенді ықпал ету; экономиканың барлық салаларында нарықтық қатынастардың негізді формаларын жүзеге асыру. Партия 2004 жылғы парламенттік сайлауға қатысты, алайда үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бірде-бір депутаттық мандатты иелене алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша Ауыл партиясы 1, 51% дауыс жинады.

Қазақстанның патриоттар партиясы. Партия төрағасы - Ғани Есенкелді ұлы Қасымов. Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияның мәліметтері бойынша оның құрамында 172 мың мүшесі бар. Партия келесі мақсаттарды ұстанады: Қазақстан халқының ұлттық қайта өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру; нарықтық экономикасы бар құқықтық демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатыстыру; елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары деңгейде өмір сүру сапасын қалыптастыру және азаматтардың денсаулығына басым көңіл бөлу. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 0, 55% дауыс жинап, Парламентке өте алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0, 78% дауысқа ие болды. Партия жетекшісі Ғ. Е. Қасымов 2007 жылы Президент Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.

Қазақстанның АҚ ЖОЛ демократиялық партиясы. Партия төрағасы - Әлихан Мұхамед ұлы Бәйменов. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің құрамы 175 862 адамды құрайды. партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденген, демократиялық және еркін Қазақстан. Іргелі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттік. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 12, 04% дауыс жинады. Партия үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір депутаттық мандатты иеленді. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша Ақ жол партиясы 3, 09% дауыс жинады.

Руханият партиясы. Партия төрайымы - Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова. Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 мың адамды құрайды. Партия бөлімшелері облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партияның негізгі міндеттері: экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу, биік адамгершілікті және рухани бай қоғамды дамыту. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0, 44% дауыс жинап, үшінші шақырылымдағы Мәжілісте депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша Руханият партиясы 0, 37% дауыс жинады.

Әділет демократиялық партиясы. Партия төрағасы - Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев. 2004 жылғы 14 маусымда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 70 мың адамды құрайды. Партия аумақтық принцип бойынша құрылып, республиканың барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларында өз бөлімшелерін иеленген. Қазақстанда құқықтық демократиялық әлеуметтік мемлекет құруды, тиімді, озық және дамыған экономикалық жүйе құруды, азаматтық қоғам қалыптастыруды партия өзінің басты міндеттері санайды. Партия 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партиялық тізім бойынша сайлауда 0, 76% дауыс жинады. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір мандатты округ бойынша сайланған бір депутаты болды. 2007 жылғы 8 шілдеде өткен Әділет демократиялық партиясының 5-ші съезінде Қазақстанның АҚ ЖОЛ демократиялық партиясына қосылу жөнінде шешім қабылданды. Қазақстанның Нағыз АҚ ЖОЛ демократиялық партиясы Партияның тең төрағалары: Болат Мұқышұлы Әбілов, Ораз Әлиұлы Жандосов, Төлеген Тілекұлы Жүкеев. Партия АҚ ЖОЛ ҚДП-ның бөлінуінің нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірінде құрылған. 2006 жылғы 17 наурызда тіркелді. Партия мүшелерінің саны 87 012 адамды құрайды. 2007 жылғы 23 маусымдағы Нағыз Ақ жол ҚДП-ның 3-ші съезінде Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясына (ЖСДП) қосылу туралы шешім қабылданды.

Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) . Партия төрағасы: Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай. Төрағаның орынбасары: Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов. Партия 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Партия мүшелерінің саны - 140 мың адам. Партия барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өзінің бөлімшелерін ашқан. Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясы өз алдына демократиялық, құқықтық әлеуметтік мемлекет қалыптастыру, инновациялық экономика құру, жаңа гуманитарлық саясатты жүзеге асыру міндеттерін қояды. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясы 4, 54% дауыс жинады.

Азаматтық, немесе жеке құқық - бұл адамға жаратылысынан берілетін құқықтар, оның дербестігін және ерекшелігін көрсетеді. Олардың қатарына өмір сүру құқы, жеке тұлға бостандығы мен тәуелсіздігін жатқызамыз. Саяси құқық азаматтардың мемлекет пен қоғам істерін басқаруға қатысу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Сөз, баспасөз, ұждан еркіндігі, ақпарат алу құқы, өз пікірлестерімен біріге алу құқы, мемлекеттің өкілетті органдарына сайлау мен сайлану еркіндігі т. б. жатады. Қазіргі кезде нарықтық саясат пен қатынастардың мемлекет ұсынған моделінің болашағы туралы пікір-таластары жүруде.

2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен 2006-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Экономикалық, әлеуметтік және саяси сферадағы түбірлі реформалардың арқасында қоғамдық бірлестіктер құрылып, олар түрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға бағытталып әрекет ете бастады. Зерттеулер қорытындысы бойынша саясатқа қатысатын азаматтарды, партия және қоғамдық қозғалыс мүшелерін үш топқа бөлуге болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан партиялары
Қазақстан Республикасының саяси партиялары
Социалистік партия
Партиялар қазіргі таңдағы демократиялық қоғамның саяси жүйесінің ажырамас бөлігі
Көппартиялардың пайда болуы және ерекшеліктері
Қазақстандағы көппартиялықтың пайда болуы
Қазақстанның саяси партиялары
Саяси партия саяси институт ретінде және Қазақстандағы саяси партиялардың дамуы
ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы
Қазақстандағы саяси партиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz