Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ШЕТ ТІЛІ КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Фирма және оның нарықтық экономикадағы рөлі»

Орындаған

ШТ 19-01Тобының

Студенті

Абдиева Алия

Тексерген

К. Э. Н Профессоры

Жүкібай М. Ы

Нұр-Сұлтан қ. 2019ж

Кіріспе . . . 3

1. 1 Фирманың экономикалық мәні . . . 3

1. 2 Фирма теориясы . . . 5

2. 1 Нарықтық экономика туралы түсінік . . . 7

2. 2 Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу . . . 10

Қорытынды . . . 11

Қолданылғын әдебиет тізімі . . . 12

2

Кіріспе

Фирма-нарықтық экономика құрылымының ең серпінді құрамдас бөлігі. Барлық технология, өндіріс құралдары, еңбек заты және кәсіби тәжірибе шеңберіндегі ғылыми -техникалық жетістіктер өз көріністерін фирмада табады.

Фирма (итал. firma - қойылған қол ) - пайда алу мақсатымен ресурстарды тауарлар өндіру немесе қызметтер көрсету үшін пайдаланатын, бір немесе бірнеше кәсіпкер иеленетін және басқаратын ұйым; заңи тұлға құқықтарын пайдаланатын шаруашылық, өнеркәсіптік, сауда кәсіпорны; бір текті немесе сабақтас кәсіпорындар бірлестігі; ұжымдық немесе жеке кәсіпкерлердің ең кең таралған ортақ атауы. "Фирма" термині көбінесе кез келген компанияны атау үшін пайдаланылады. Термин қызмет түрлерін айқындайтын терминдермен тіркесте қолданылады, мысалы, делдалдық фирма, риэлторлық фирма, өндірістік фирма, консалтингілік фирма, аудиторлық фирма, т. б.

1. 1

Фирманың экономикалық мәні

Шағын кәсіпкерлік кез келген мемлекет экономикасының негізгі саласының, бipi. Шағын және орта кәсіпкерлікке кез келген рынокты дамыған елдерде 10 кәсіпорынның 9-ы кipin отырады. Егер, Европа елдерінде әр мың тұрғынға шаққанда 45-50 шағын кәсіпорын болса, АҚШ-та ол көрсеткіш 75 кәсіпорын шамасында, ал Қазақстанда не бары 7-8 кәсіпорын ғана кұрайды екен.

Фирма, егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылыемес, сату көлемін арттыру арқылы жүзеге асыру керек , шын мәнінде осы факторлар өз ара байланысты болса да.

3

Жалпы қабылданғандай, фирма басшысы білімді және жан-жақты болса да, менеджерлер мен инженерлердің қандай таланттары мен қабілеттері болғанымен, бағалық емес, қатаң бәсеке

жағдайларында, яғни тұтынушылар сұраныстарының бірінші орынға жаңашылдық, сапа дизайн, жиі жаңартумен әр алуан ассортимент, сатудан кейінгі жоғары деңгейдегісервис қойылғанда, өз фирмасында өндірістік шығындар деңгейін белгілі бір шекарасынан төмен азайту мүмкін еместігіне көзі жетеді.

Микроэкономика саласындағы мамандардың бағаланушы кез-келген фирма үшін кез-келген экономика үшін шаруашылық қызметтің бағдары болып әлемдік сыныпты қазіргі заманға сай кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастыруы болуы тиіс:

Біріншіден , үлкен икемділігі, өнім ассортиментін тез өзгерту және өнімді жиі жаңарту қабілеттері болуы керек. Стандартталған өнімнің қатаң стандартқа негізделген жаппай өндірісті тұтынушылардың тез өзгеретін сұраныстарына бейімделуге қабілетсіз және оның салдары төлем төлей алмауға әкеледі;

Екіншіден , фирма жаңа технологиямен өндірісті ұйымдастырудың жаңа нышандары көшуге ұмтылуы тиіс. Өндіріс технологиясы күрделі екені соншалықты, қазір еңбек бөлінісі мен ұйымдастырудың басқа да нышандарын, әсіресе, фирма өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселе шынымен қойылған жағдайда қажет етеді;

Үшіншіден , фирмаға өзінің өнімінің сапасын және сатудан кейінгі сервистің деңгейіне көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек. Тұтынушылардың өнім сапасына деген талаптары бүгін тек өсіп қана қойған жоқ, және де өзінің сипатын түбірімен өзгертті.

4

1. 2

Фирма теориясы

Экономикалық теория мен тәжірибеде «фирма» ұғымы коммерциялық қызметпен айналысатын шаруашылық құрылымдар-дың атауын белгілеу үшін қолданылады. Фирма деп өзінің мүліктік жауапкершілігімен коммерциялық іс-әрекетті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін белгілі бір мүлкі мен бекітілген құқықтары бар шаруашылық бірлікті айтады.
Экономикалық теорияда фирманың бірнеше теориялық бағыттары бар.
Фирманың неоклассикалық теориясы. Бұл теория бойынша фирма өз пайдасын максималдауды көздейтін және қызметі өндірістік функциямен анықталатын технологиялық бірлік ретінде қарастыры-лады. Фирманың басты міндеті болып өндіріс шығындарын минималды деңгейге жеткізетін өндірісі ауқымы мен ресурстардың оңтайлы үйлесімділігін таба білу және өндірістің тиімділігін анықтау табылады. Фирманың неоклассикалық тұжырымдамасы нарықтың тиімділігін, ондағы ақпараттың толықтылығын, бағаның автоматты реттеушілік рөлін, экономикалық субъектілердің ұтымды тәртіптерін фирмалар көлемі мен шығындар деңгейінің бірдей болуын есепке алады. Алайда, бұл жерде фирманың ішкі ұйымдасушылық ерекшеліктері мен шешім қабылдаудың балама нұсқалары ескерілмейді. Сондықтан, осы тұрғыда бұл теория тәжірибеде қатты сыналады. Сонымен қатар, ол фирманың нақты экономикалық субъект ретіндегі шығу тегі, оның өзгерісінің себептері мен тетіктері туралы сұрақтарға жауап бере алмайды.
Фирманың институционалдық теориясы. Бұл теория бойынша фирма нарықтық белгісіздік пен тәуекел жағдайында іс-әрекет жасайтын күрделі сатылы құрылым болып табылады. Фирманың нарықтағы тәртібі ақпараттық толық еместігі жүйесінде қарастырылады және басты назарға фирма табиғатының және оның дамуының алуан түрлілігінің себептері туралы мәселелер алынады. Фирма табиғатын талдаудың негізіне нарықтық белгісіздік жағдайында келісімдерді жүзеге асыруда туындайтын трансакциондық шығындардың орын алуы туралы алғышарттар қойылады. Фирма осындай шығындарды қысқарта отырып, нарықтық және әкімшіліктік жолдармен ресурстарды оңтайлы үйлестірудің неше түрлі әдістерін қолдана алуы тиіс.

5

Нарықтық жол кезінде баға механизмі есепке алынады, ал әкімшіліктік жол кезінде баға механизмі ескерілмейді. Бұл жерде фирманың құрылымы ресурстарды нарықтық тұрғыдан үйлестірудің шығындары мен 5оларды әкімшіліктік басқару тұрғысынан бөлу шығындары арасындағы арақатынаспен анықталады. Нәтижесінде, фирманың өзі ресурстарды нарықтық әдіспен тиімді орналастырудың баламасы ретінде қарастырылады. Демек, нарық ресурстарды тиімді бөлудің жалғыз ғана әдісі деген белгісінен айырылады. Осындай бағыттың құндылығы фирманың қолданатын ресурсының ерекшелігіне байланысты дұрыс шешім қабылдауы нарықтың өзі қамтамасыз ете алмайтын өндірістік тиімді әдісті ұйымдастыра алу қабілеттілігін түсіндіруден анық көрінеді. Сондықтанда, фирманың пайда табудағы табиғаты трансакциондық және басқарушылық шығындарды салыстырудан ғана емес, оның ерекше ресурстарды қолдана алу қабілетіне де тәуелді болып табылады.
Фирма туралы аталған теориялардың ерекшеліктеріне қарамастан, олар пайда табу мақсатында ресурстарды тиімді бөлу тұрғысынан фирма қызметінің мәселелерін шешуді қарастырады. Басты айырмашылығы, бірінші жағдайда, фирманың өндірістік жағына көңіл бөлініп, нарықтың өзін-өзі реттейтін механизм ретінде қарастырылуы - бұл фирманың өндірістік теориясы, ал екінші жағдайда, фирманың өмір сүруі нарықтың жетілмегендігімен байланыстырылады және фирма қызметінің ұйымдастырушылық жағына көңіл бөлінуі қарастырылады - бұл фирманың келісімдік теориясы.
Сонымен, фирма ресурстар иелерінің арасындағы қатынастар жиынтығы ретіндегі күрделі иерархиялық ұйым болып табылады.
Фирма - бұл пайданы максималдау мақсатында өндіріс шығындарын төмендету қағидасы тұрғысынан өз қызметін жүзеге асыратын өндірістік бірлік.

6

2. 1

Нарықтық экономика

Нарықтық экономика - рыноктық экономика, базарлы экономика - еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.

Рынокта бәсеке барысында сұраным мен ұсыным, баға құралады. Сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті нарықтық экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін тетік болып табылады. Баға кәсіпорындар мен тұтынушыларға нарықта қалай әрекет ету керектігін - осы тауарды көп өндіру керек пе, жоқ па оның шығарылымын қысқарту немесе тоқтату керек пе, жоқ па дегенді хабарлайды. Бағаның құралу тетігімен қатар рыноктағы бәсекеге ерекше назар аударуға тура келеді, яғни бір-бірімен бәсекелесуші бірқатар фирмалар (кәсіпорындар) болса және олардың бірде-біреуі баға белгілеу үдерісін басқара алмаса - олар тұтынушылар алғысы келетін және төлей алатын тауарларды өндіруге мәжбүр болады. Алайда тауарлардың белгілі бір санаттары үшін баға тетігі жұмыс істемейді ( мыс., қорғаныс ), кейде тауар өндіруге жұмсалған барлық шығынды көрсетуге дәрменсіз болады, демек, баға мен шығын оның қоғамдық нәтижесін көрсетпейді. Нарықтың осы және басқа кемшіліктері нақты өмірде ұдайы кездесіп отырады, сондықтан “таза” нарықтық экономика, сұраным мен ұсынымның қандай үлгісінде құрылса да, болмайды. Нарық әрқашанда бірге әрекет етуші кәсіпорындар мен монополиялар, түрлі ұйымдар, саяси өкімет тарапынан араласу - реттеу арқылы толықтырылып, шектеліп отырады. Сонымен бірге нарықтық шаруашылық пен баға белгілеу тетіктерін толық алып тастап, оның орнына экономиканы толық басқару әкімш. және саяси шешімдермен шешілетін болса, онда “таза” жоспарлы экономика дейтін пайда болады.

Нарықтың өызметінің көп түрлілігінің ішінде ерекшксі реттеуші рөл атқаруы болып табылады.

7

Ол ұдайы өндіріс процессін тиімді және үздіксіз қамтамасыз етеді. Нарықтың реттеуші рөліін әкімшілік басқарудың ауыстыруы экономикалық жүйенің түрінің өзгеруіне алып келіп, сәйкессіздікке, тапшылықтың тууына, адамның экономикалық өсудегі қозғаушы күші рөлін жоюға алып барады.

Нарықтың келесі қызметі - ақпараттық. Тауар бағасы мен қызмет көрсету, банктегі депозит пен несиеге проценттік (пайыздық) өсімнің призма арқылы тұрақты өзгеруі нарықтық экономиканың барометріне әрі айнасына айналды. Нарық өндіріске қатысушыларға қоғамдық қажетті өндіріс шығындары жайлы жедел объективті ақпарат береді. Сондай-ақ, әрқайсысы сатылатын әрі сатып алынатын тауар мен қызмет көрсетудің қоғамдық қажетті сапасы мен ассортименті туралы да нарық хабар жеткізеді.

Нарықтық механизм «санациялық» (сауықтыру) қызметті де атқарады. Бәсекенің көмегімен ол қоғамдық өндірісті тиімсіз бірыңғай шаруашылықтан тазалап, үміт артатындардың дамуына ыңғайлы жағдай жасайды.

Біздің нарық терең монополияланған. Нарықтағы барлық тауарлардың 50-70% солардың өндірген өнімін құраса, онда кәсіпорын (фирма) қызметі монополияланған саналады. Сондықтан нарықтан ортаны қалыпқа келтіру үшін бәсекелестер әлемін жасау қажет. Бұл нарықтың қатынастардың табиғи күй-жайы. Осы жағдайда тауар өндірушілер марапатталып, кәсіпкер өндіріспен айналысады және өнімді шығаруға қызыға түсіп, өндіріске белсене кіріседі.

Нарықтың қажеттілеу қызметтеріне - тауардың қоғамдық мақызын мойындау, еңбекті материалдық ынталандыруды экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету және басқаларын жатқызамыз.

Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы

Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды.

8

Оның ерекшіліктері неден деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұраққа жауап беру онай шаруа емес. Себебі, біздер әлі кунге дейін өз халқымыздың, жеріміздің тарихын білмейміз. Мысалы, Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс болмастан патриархалдық -феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан. Оны қазақтардың көшпелі мал-шаруашылығымен айналасумен байланыстырады. Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштердің даму дәрежесі өте төиен болды, тауарлы ақша нарықтық қатынастардың қалыптасуын жағдай болған жоқ дейді. Менің бұл пікіріме әркім күмәнін, өз пікірлерін айта жатар.

Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты: Өндіріс құрал-жалдықтарына жекеменшік . Ал Қазақстанда өндірістік қатынастардың негізі жерге феодалдық меншік болды, Ірі-ірі мал иелері жердің де аса ірі меншіктенушілері болды. Көшпелі мал-шаруашылығы жағдайына жер өндірісінің шарты ғана емес, сонымен бірге оның негізгі құралы да болды.

Жерге феодалдық меншіктің күшею қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу ісімен тығыс байланысты. Оған Ресей империясының өте-мөте қатал жүргізген Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті. Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына, өркендеуіне жағдай жасады. Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда болды. Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды. Академик С. Бәйішевтің мәлеметтері бойынша, Қазақстанда малмен сауда жасау, әсіресе XVI ғасырдан бастап мықтап өріс алған, оның едәуір бөлігі айырбас, шетке шығарып өткізу үшін өндіріліп отырған.

Өздеріңізге белгілі, қазақтардың күн көрісінің арқауы тек қана мал шаруашылығы болды, егіншілікпен жеткілікті көлемде айналыспаған деген жалған тұжырым жасалып келді. Қазіргі тарихи зерттеулер бұл тұжырымның негізсіздігін көрсетеді.

9

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуі: басымдықтары мен келешегі
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамуындағы саланың маңызы
Қазіргі нарық шаруашылық байланыстары мен экономикалық қатынастардың күрделі жемісі
Нарықтың даму тарихы және теориясы
Нарықтық экономика теориясы
Нарықты мемлекет тарапынан реттеу
Қазақстандағы жекешелендіру процесі және оның ерекшеліктері туралы ақпарат
НАРЫҚТЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯСЫ ТУРАЛЫ
Қазақстандық қоғамның əлеуметтік-экономикалық қатынастарының жетілуі шартты негізіндегі-жемқорлыққа қарсы тұру
Экономикалық теорияның негізгі қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz