Стоматологиялық құралдарды зарарсыздандыру алды өңдеу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды Медицина Универитеті
Терапиялық стоматология негіздері

СРС
Тақырыбы: Стоматологиялық аспаптарды дезинфекциялау мен залалсыздандырудың заманауи әдістері

Орындаған:Мұсабеков А. Стом 2-002
Тексерген : Айгуль Саттаровна

Қарағанды 2019ж

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Залалсыздандыру және дезинфекциялауға жалпы түсінік
Залалсыздандыру және дезинфекциялау этаптары
Стоматологиядағы дезинфекция және стерилизация түрлері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Стоматологиялық кабинетте инфекция көзінің таралмауын қамтамасыз ететін негізгі шаралар асептика және дезинфекция болып табылады. Ал антисептика осы екі әдіспен тығыз байланысты. Осы ұғымдарға анықтама берейік.
Асептика - емдік және диагностикалық манипуляция кезінде жараға, тінге немесе денеде пайда болған қандайда бір қуыс ішіне микроорганизмдердің түсуін алдын алу мақсатында жасалынатын инфекцияға қарсы шара.
Антисептика - жараға немесе тінге түскен іріңді, анаэробты, инфицирленген жараны және шіріген процесстермен күресетін емдеу шарасы.
Дезинфекция - қоршаған ортадағы инфекционды ауруларды тудыратын қоздырғыштарды (бактерия, вирус, риккется, қарапаймдылар, саңырауқұлақтар) жою шарасы.
Стерилизация - микроорганизмдерді спораларымен қоса, физикалық, химиялық әдістерді қолдана отырып жою.

Стоматологиялық қабылдауда асептика, антисептика, дезинфекция және стерилизация шараларын сақтау өте қажет. Себебі:
Біріншіден, стоматологиялық клиника өзінінің спецификалық ерекшеліктеріне байланысты медицина қызметкерлердің және пациенттердің бактериальді, вирусты және саңырауқұлақты ауруларды жұқтырудың орны болып табылады.
Екіншіден, имунтапшылығы синдромы вирусымен инфицирленген адамдардың санының әлемдік тенденция бойынша қарқынды өсуі медициналық қызметкерлердің және науқастардың жұқтыруын одан ары қауіптендіреді;
Ал үшінші себеп қабылдау барысында көптеген стоматологтарың санитарлық - гигеналық және эпидемияға қарсы шараларға жауапсыз қарауында.

Дизенфекция мақсаты
Дезинфекция (зарарсыздандыру) - қоршаған ортадағы инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады. Микроорганизмдерді физикалық факторлар мен химиялық заттармен жоюға болады.
Дезинфекцияның мақсаты: емдеу сауықтыру мекемелерінің палаталарынан сыртқы ортаның объектілерінен инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын кетіру және жою.

Стоматологиялық бөлме жұмысына қойылатын талаптар:
Жұмыс алдында және жұмыс аяқталғаннан кейін ем шаралық үстелді, зарарсыздандырылған құралдарды сақтауға арналған үстелді, дәрігерлік орындықты, сушүмек, сушүмек астындағы жуғышты екі рет 1 % хлорамин ерітіндісіне батырылған шүберекпен сүртеді, артынан бактерицидті лампаны қосады. Зарарды үстелді 6 сағат жаяды.
Медициналық құралдарды стерильдеу алдында тазарту жұмыстары жүргізіледі.Яғни тазарту арқылы стерильдейтін заттарды ақуыздан, май қалдықтарынан, тағы басқа ластардан қолмен немесе механикалық әдістермен тазартады

Стоматологиялық құралдарды зарарсыздандыру алды өңдеу:
Медбике жүзеге асырады:
Салып қою 3% хлорамин ерітіндісіне немесе 6 % сутегінің асқын тотығымен 60 мин салады
15 мин ағынды сумен шаяды
15 мин 40 °С жылытылған биолот ерітіндісіне толық батырылады
15 c уақыт аралығында осы ерітіндіде мақта дәкелі сүлгімен әрбір құралды жуады
Ретімен жуу: ағынды сумен, содан кейін дистилденген сумен 1 және 0.5 мин уақытта шаямыз
Ашық ауада кептіреміз
Қолданылаған борларды, эндодонтия құралдарын 30 минутқа залалсыздандырушы ерітіндіге, артынан 15 мин биолот ерітіндісіне саламыз

Зарарсыздандыру алдындағы өңдеудің сапасын бағалау:
Медициналық аспаптарды, шприцтерді,инелерді және басқа заттарды стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын бақылау сынамалар қою арқылы жасалады. Қан қалдықтарын анықтау үшін амидопириндік және азопириндік сынама қойылады. Жуғыш заттардың қалдықтарын фенолфталеиндік сынамамен анықтайды.
Амидопириндік сынама -- 5% амидопиринннің спирттік ерітіндісін 30% сірке қышқылының 3% сутектің асқын тотығымен бірдей мөлшерде араластырады.Реактивті шприцтің поршенімен цилиндріне тиген қанның көмегімен тамызады, осылайша инеге алады.Егер залалсыздандыру алдында өңдеудің барлық кезеңдерінен кейін қан ғана қалса, тез арада реактив көкшіл-жасыл түске боялады. Көкшіл күлгін түске боялса онда қанның бір белгісі болып саналады. 2 минуттан кейін пайда болған боялу есептелмейді.
Азопириндік сынама - азопирам реактиві мен 3%-тік сутегі тотығының біркелкі мөлшерін араластыра отырып дайындалады. Одан кейін тексеру үшін қанды даққа 2-3 тамшы тамызамыз.Егер 1 минуттан аспай күлгін түс пайда болса, кейін қызғылт түске ауысса ректив қолдануға жарайды.Егер 1 минуттың ішінде боялу байқалмаса реактивті пайдалануға болмайды.
Фенолфталейндік сынаманы жүргізу әдістемесі.
Бұл тексерістің көмегімен шприцтердің жуып-шайылғанын анықтауға болады. Жуылған шприцтердің бөлшектерін 1% спиртті фенолфталейн ерітіндісінде суланған мақтамен сүртеді.Жуу ерітіндісінің қалдығында 30 секунд ішінде көкшіл-күлгін түс пайда болады.
Стоматологиялық құралдарды дезинфекциялау
Стоматологиялық ұштықтарды қолдануға дейін және қолданғаннан кейін екі рет 70 % спиртпен немесе 3 % хлорамин ерітіндісімен сүртеді, артынан оттан өткізеді
Стоматологиялық айналар 60 мин 3 % хлорамин ерітіндісіне немесе 6 % сутегінің асқын тотығына жабық ыдысқа салады. Содан оларды дистилденген суда шайып зарарды майлықпен сүртеді.
Айналар зарады лотокта немесе жабық зарады ортада сақталады. Қалыптар, ауыз қуысын шаюға арналған пистолетғ сауытты қиюға арналған пышақтарды екі рет 3% хлорамин ерітіндісімен 10 мин аралығында дезинфекциялайды.
Аспаптарды дезинфекциялау
Ұсақ стоматологиялық аспаптарды кептіргіш шкафта (ауамен кептіру әдісі) 120С температурада 30-40минут, 180С температурада 20минут заласыздандырады.
Стоматологиялық айна, өткір және кескіш аспаптар, пластмассадан жасалған қалақшалар, қайнату мен кептіруден тез құриды. Сондықтан оларды 40-50минут антисептикалық ерітіндіге салып, химиялық суық залалсыздандырады. Бұл үшін ауызы жақсы жабылатын шыны немесе пластмассалы ыдысқа антисептикалық сұйық құяды. Заласыздандырмай тұрып 0,5% сутегі тотығы мен жуғыш ЛОТОС ерітінділерінің қоспасына салады. Залалсыздандыруға 15гр натрии бикарбонатын, 20гр формалиннен, 3гр. фенол мен 1000мл тазартылған судан тұратын үштік ерітінді қолданылады.
Суық заласыздандыруға 1% хлорамин ерітіндісін,6% сутегі тотығын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық әртүрлі құралдар
Медициналық құралдарды өңдеу кезеңдері
Науқастың инфекцияларға бейімділігі
«Медбикелік ісі негіздері» пәнінен тәжірибиелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу 2 бөлім Дәрілік терапия тәсілдері және әдістері
Дезинфекция және оның әдістері
Медициналық ұйымдарда ауруханаішілік инфекциялық ауруларды бақылауды ұйымдастыру және жүргізу
Стерилизация
Дезинфекция және дезинфекциялық ерітінділерге сипаттама
Медициналық құралдар мен материалдарды стерилизациялау түрлері мен тәсілдері
Медициналық мақтаны орамдау технологиялары
Пәндер