Дюркгеймнің суицид мәселесіне социологиялық талдау


СРС
Тақырыбы: Э. Дюркгеймнің девиация әрбір қоғамның халқының құрамдас бөлігі тұжырымдамасына талдау. Суицид және оның түрлері
Қабылдаған:
Орындаған: Сарсенова А. Б.
Мазмұны
І Кіріспе
1. 1
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Дюркгеймнің суицид мәселесіне социологиялық талдау
2. 2 Суицид мәселесі, оның қоғам өміріне зардаптары мен ықпалы
2. 3 Өзін-өзі өлтірудің түрлері
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І Кіріспе
1. 1 Э. Дюркгеймнің девиация әрбір қоғамның халқының құрамдас бөлігі тұжырымдамасы
Э. Дюркгейм өзінің бүкіл социологиялық қызметі жолында қоғамдағы реттілік пен ретсіздіктердің себептерін зерттеудің маңыздылығына үлкен мән берді. Адамдардың бір-бірімен ымырашылдықта өмір сүруіне қандай нәрсе негіз болады? Кейде неліктен қоғамның құрылымы бұзылады? деген сияқты мәселелер көтереді. Осы сұрақтарға жауап беруге ұмтыла отырып, ол ұжымдық сана (коллективное сознание) немесе сенімдер мен пікірлер жиынтығы концепциясын ұсынды. Қоғам мүшелері (немесе топ мүшелері) ондағы жалпы нормаларға үлкен мән бергенде және өз өмірлерінде оны басшылыққа алғанда ғана әлеуметтік интеграция орнығады деп көрсетеді. Ал индивид жалпы нормаларды сақтағысы келмеген жағдайда әлеуметтік аномия пайда болады немесе жалпы норма жойылады. Бұл жағдай қоғамның әлеуметтік құрылымы кез келген күрт өзгеріске ұшыраудың нәтижесінде пайда болады. Мәселен, экономиканың күтпеген жерден күрт көтерілуі немесе төмендеуі жағдайында.
Э. Дюркгейм, сондай-ақ, адамның өзіне-өзі қол салуы мәселесімен де айналысқан. Осы мәселенің төңірегінде көптеген идеяларды тудырды. Статистикалық мәліметтерді кеңінен қолдана отырып, ол адамның өзіне-өзі қол салуын ұлттық, діни, жас ерекшелігі, жыныс, сондай-ақ, жыл мерзімдері сияқты факторлармен байланыстырған. Ең бастысы, ол адамның өзіне-өзі қол жұмсауынан болатын өлімнің өзгеруі әлеуметтік интеграция процесіне кері пропорционалды болатындығын дәлелдеді. Екінші сөзбен айтқанда, адамның өзіне-өзі қол салуы интеграция нығайған сайын көбейе түседі. Өзіне-өзі қол салу белгілі әлеуметтік топ өкілдеріне тән сипат және сондықтан да ол әлеуметтік құбылыс немесе Э. Дюркгеймнің сөзімен айтқанда, «әлеуметтік факт» болып табылады. Ондай құбылыстар көп жағдайда адамдардың жекедаралық ерекшеліктеріне байланысты болмайды, сондықтан, оларды биологиялық немесе психологиялық деңгейдегі себептермен түсіндіруге болмайды деп көрсеткен.
Э. Дюркгеймнің бұл концепциясы адамның әлеуметтік қызметінің дамуына негізделетінін көрсетеді. Өйткені, ол: «Әлеуметтік фактіні түсіндіру үшін біз оның әлеуметтік реттілікті жасаудағы қызметін анықтауымыз керек», - деп жазады. Криминалистер көп жағдайда қылмыстарды жеке адам патологиясымен байланыстырған. Э. Дюркгейм мұндай қалыпты қоғамдық құбылыс деп есептейді. Ешқандай қоғам жалпыға ортақ нормаларды бір қалыпты жағдайда қамтамасыз ете алмайды және ауытқу (девиация) табиғи жағдай және ол керек те деп көрсетеді. Өйткені, қоғам әр кезде әр түрлі өзгерiстерге дайын болуы керек және қоғам барынша икемді болуы керек деген тұжырым жасайды. Қоғамдық ғылымдар саласындағы басқа да ғалымдар сияқты Э. Дюркгеймді қобалжытқан мәселе, ол - өз заманындағы моральдық мәселе болды. Алайда, ол әлеуметтік институттардың қалыптасуы мен қызметін өте мұқият объективті түрде зерттеу керек деп есептеді. Тек қана ғылыми тұрғыдан зерттенгеннен кейiн ғана социолог қоғам ісіне араласуы керек деп көрсетедi. Э. Дюркгеймнің бұл пікірі ғылыми ойдың дамуына өте маңызды ықпалын тигізді.
Ауытқудың (девиацияның) себебі неде? Егер девиация мен конформизм - бір нәрсенің екі жағы болатын болса, онда бiрiншісіне жауап береді. Біріншіден, девиацияның өте бiр өзгеше құбылыс болуынан және оның адам көңiлiн өзiне тартқыштық қасиетінен деп көрсетсе, екіншіден, оған назардың басым болуын оған деген халықтағы, мемлекеттегi қобалжулықтардың көтеріңкі болуымен байланыстырады.
Басқа ғалымдар девиацияның себебін әр түрлі жолдармен түсіндіреді. Мәселен, XIX ғасырдың аяғында итальян дәрігерi Чезаре Ломброзо адамның физикалық қасиеттері девиацияға себеп болады дегенді айтады. Оның пікірінше, адамдар өзiнiң биологиялық құрылымына қарай белгілі бір мінезге ие болады. Ол «криминалды типке» жататын адамдарды әдетте адам қалыптасу эволюциясының алғашқы сатысына ұқсас болатындығымен байланыстырады. Мәселен, ондай адамның астыңғы иегі шығыңқы, сирек сақалды және ауруға деген сезiмi төмен болып келеді деп көрсетеді.
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Дюркгеймнің суицид мәселесіне социологиялық талдау
Э. Дюркгейм өзінің аномия теориясында алғаш рет девиациялық құбылыстардың себептеріне социологиялық тұрғыдан талдау жасайды. Э. Дюркгейм бұл теорияны өзінің классикалық адамның өзіне-өзі қол салу себептерін зерттеу концепциясында қолданған болатын. Сонымен, ол адамның өзіне-өзі қол салуы аномияға байланысты деп көрсетеді. Аномия деген сөз француздың «аnomіе» деген сөзінен шыққан, «заңның болмауы» деген мағынаны береді.
Э. Дюркгейм өзінің теориясында адамның «өзін-өзі билеуін жоғалтуы», белгілі бір «норманың болмауы» деген мағынада қолданып отыр. Осыны түсіндіре келіп, ол адамның қоғами тіршілігін реттеуде әлеуметтік нормалар адамдардың мінез-құлқын реттеуші, басқарушы феномен болатындығын мойындайды. Алайда, күйзеліс немесе түбірлі әлеуметтік өзгеріс жағдайында (мәселен, инфляция) адамдардың дәстүрлі тәжірибесi қоғамдық нормаларда берілетін мұраттарға (идеалдарға) сәйкес келмейтін құбылыстарға ұшырайды. Міне, осындай аномиялық жағдайлардың адам мінез-құлқына ықпалын дәлелдеу үшін Э. Дюркгейм экономиканың кенеттен төмендеу жағдайында адамның өзіне-өзі қол салу құбылысының әдеттегiден көбейетіндігін көрсетеді.
Э. Дюркгеймнің пікірінше, қоғамдағы күйзеліс немесе позитивті өзгерістер «ұжымдық реттiлiктiң өзгеруiне» байланысты болып келеді. Яғни, әлеуметтiк норма бұзылған жерде девиантты мінез пайда болады. Демек, әлеуметтiк тәртіпсіздік (дезорганизация) адамның девиантты мiнезiн түсіндіруде негізгі принцип екендігі социология ғылымында мойындалған. Әлеуметтік тәртіпсіздік ұғымы қоғамда әдеттегi мәдени құндылықтардың, нормалардың және әлеуметтiк байланыстардың жойылуынан туындайтын қайшылықтар мен тұрақсыздық жағдайларды көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда әлеуметтiк тәртіп үшін «әлеуметтік байланыс» ұғымының маңыздылығын көрсетеді. Мәселен, адамдар қоғамда қабылданған құндылықтарға неғұрлым берiк сенетiн болса, соғұрлым оларда әлеуметтік байланысы мықты болады және девиантты құбылыстар аз болады деген қорытынды жасайды. Бұл тақырып қазіргі таңда ең өзекті мәселеге айналып отыр. Өйткені Қазақстан Республикасы - қалыптасуы мен дамуының қиын кезеңін басынан кешіріп отырған, жас егеменді мемлекет.
2. 2 Суицид мәселесі, оның қоғам өміріне зардаптары мен ықпалы
Суицид мәселесі, оның қоғам өміріне зардаптары мен ықпалын, толық негізде қоғам өмірін зерттейтін гуманитарлық ғылымдардың, соның ішінде әлеуметтану ғылымы үшін өзекті және маңызды мәселе болып табылады. Қоғамымыздың аумалы-төкпелі шағында өзін-өзі өлтіру (суицид), нашақорлық, қылмыс, маскүнемдік секілді түрлі керітартпа әдеттердің тым көбейіп, жұқпалы дерт секілді таралуы, олардың әсері мен қауіптілігі - бұл әлеуметтік проблема. Бұл проблеманы зерттеудің өзектілігі осы қоғамымызға жат әрекеттердің біздің елімзде үздіксіз өсуімен және оның қауіптілігінің күшеюімен түсіндіріледі.
Бұл мәселеге деген қызығушылықтың артуы да осы девианттық әрекеттерді тудыратын себептерді іздестіруге, әсіресе, бұл мәселеге жастардың көбірек араласуы, оның көбеюін дер кезінде тоқтатуға және алдын алуға, жалпы айтқанда қоғам өміріндегі осы бір дерттің толық шешілуіне өз үлесімді қосуды мақсат еттім. Әу баста Алла-тағала адамды жаратып, оған жан силады. Діни көзқарастар жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулының пайда болуын, дамуын, өлуін ұлы күшпен байланыстырады. Біздің дін бойынша, адамға жан бітіріп өмір силаушы да, ажал жіберіп жанды қайтарып алып, өмірді үзуші де Алланың өзі. Адамның жанын тек Алланың өзі қалаған уақытысында алады екен. Ал адамның өз өмірін тоқтатып, өзін-өзі өлтіруі ислам қағидаларына қайшы келеді. Исламда мұндай адам дозақ отына күйеді деген сенім бар. Десек те, қазіргі біздің қоғамымызда өзіне өзі қол жұмсап, өз еркімен өмірден кетіп жатқандардың саны аз емес. Мұндай әрекеттерге нендей себептер түрткі болғанын көбіміз біле білмейміз. Өзін-өзі өлтірушілік, суицид латының sul өзімді, caedere өлтіру деген сөзінен шыққан, яғни, өз омірін әдейілеп қию [1] .
Өзін-өзі өлтіруді жіктеп зерттеу барысында қоғамдағы техникалық өркендеу, информациялық ресурстардың алшақталуы адамның қажеттілігінсіз өсуі, адам бақытының ұлғаюы, адам психикасындағы ауытқушылықтардың көбеюімен қоса жүріп отыратынын байқаймыз. Теріс мінез-құлықтың бір түрі болатын өзін-өзі өлтірушілер жігері мықты адамдар емес, керісінше, өз қиыншылықтарын жеңе алмайтын әлсіз адамдар типі. Адамзат тарихын басып өткен өркениеттер өзін-өзі өлтіру мәселесін түрлі дүниетанымда қарастырады. Мысалғы, Ежелгі Грецияда бұл мәселені теріс қабылдады және суицидті заң арқылы жазалау керек, тіпті өзін-өзі өлтіруге ниеттеліп, іске асыруға барған адамдардың қолын кесу керек деп есептеді.
Ислам дінінде де, христианда да өзін-өзі өлтірушілерді жақтамайды, исламда олардың жаңазасы шығарылмайды, христиан дінінде де бейітке шіркеуге апарылмайды. Бұл жерде дін осы мәселенің азаюына тосқауыл жасай алмайды. Ал басқа елдерде, мысалы, Қытайда өзін-өзі өлтірушілікке басқаша көзқараспен қарады. Олардың дүниетанымы бойынша, адам өзін-өзі өлтіру арқылы өз жанын азат етеді деп түсіндіріледі. Үндістанда да осындай дүниетаным қалыптасқан. Ал, Жапонияда мынадай харокира әдет-ғұрып бар: өзін-өзі өлтіру данышпандықтың, шыншылдықтың, тәртіптіліктің биік шыңы деп түсіндірілген. Дегенмен де харокира дәстүрі бойынша, өзін-өзі өлтіру екі түрлі сипатқа ие. Егер адам өмірмен қоштасқысы келсе, жанұя мүшелерін түгел шақырып, бастан-аяқ түгел ақ қиім киіп, ішін күйдіреді, осы кезде баласы немесе жақын досы басын кесуі керек. Бірақ мұның барлығы әдет-ғұрып тұрғысында толық қамтылмайды. Қазіргі күнде дүниежүзілік өркениетте араласқан мәдениеттің көбеюіне байланысты адамға көбіне діни және әлеуметтік-мәдени факторларға қарағанда экономикалық факторлар өз ықпалын тигізіп отыр. Бұл жағдай қазіргі заманға тән.
2. 3 Өзін-өзі өлтірудің түрлері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz