Егемендігі туралы декларация



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Тақырыбы:ҚР Егемендігі туралы декларация

Тапсырған:Әмірхан Айгерім
Қабылдаған:Илгидаева С.М

Алматы 2019

Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім а)Егемендік туралы деклорация ә)Егемендіктің маңызды белгілері б)Егемен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері г)Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет
3.Қорытынды

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен егемендігін баянды етті.Қазақстан мемлекетінің егемендігі мына белгілермен сипатталады:Қазақстан Республикасының тарихи қалыптасқан аумағы бар.Қазақстанның аумағы бес мемлекетпен:Ресеймен,Қытаймен,Өзбек станмен,Қырғызстанмен және Түркіменстанмен шектеседі.Мемлекетіміздің аумағы біртұтас және оған қол сұғуға болмайды.Мемлекетіміздің аумағына басқа мемлекеттің қол сұғуы агрессия деп аталады.Агрессияны халықаралық құқық айыптайды.Конституцияда жарияланғандай,Қазақстан басқа мемлекеттермен тату көршілік,олардың ішкі ісіне араласпау,дауларды келісім арқылы шешу,бірінші болып қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізеді.Республикаға қарсы агрессия бола қалған күнде немесе сырттан тікелей қауіп төнсе,Президент республиканың барлық аумағында немесе кейбір жерлерде соғыс жағдайын енгізіп,ішінара немесе жалпы әскерге шақыруды жариялайды.Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заң бойынша біздің мемлекет өз аумағын құрлықта,теңізде,әуе кеңістігінде өз қарулы күштермен қорғайды.Республика шекарасын Қазақстанның шекара әскері күзетеді,ол республика тұтастығына қандай болсын қарсы әрекетке тойтарыс беруі қажет,адамдарды қылмыстық әрекеттерден қорғауы тиіс.Қоғамда өтіп жатқан процестер мен мемлекет қызыметінің бағытына сәйкес бұл факторлар мемлекеттегі дағдарыс пен тұрақтандыруға жауап береді.

Мемлекеттік егемендік туралы деклорация- 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды.
Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның қойнауы, су,әуе кеңістігі,өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді. Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 ж. 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заң қабылданды. Декларацияда: "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сәйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. "Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен Президентке бағынатын, солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-нің құқығы бар" делінді. Егемендік - (souverainete - жоғарғы билік) - мемлекеттің сыртқы саясатта толық тәуелсіз болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұруы. "Егемендік" ұғымын алғаш рет ХВЫ ғасырда француз ғалымы Жан Боден қолданды. Бұл ұғым қоғам дамуының әр кезеңінде әр түрлі мәнге ие болды. Қазіргі кезде мемлекеттік биліктің үстемдігі мен тәуелсіздігі егемендіктің саяси құқықтық мәнін білдіреді және ішкі-сыртқы саясатта көрініс табады. Бұл үстемдік мемлекеттік органдарда қоғамдық тәртіп орнатуға және құқық тәртіптерін сақтауға қабілеттілігінен, лауазым иелері мен лауазымы жоқ адамдардың тең құқықтарын қамтамасыз етіп, бірдей міндеттер жүктеуінен көрінеді. Сыртқы саясатта әр мемлекет өзге мемлекеттің егемендігін ескермей тұра алмайды. Сондықтан егемендік пен тәуелсіздікті өзара құрметтеу принциптері халықаралық қатынастар мен халықаралық құқықтағы негізгі мәселе болып табылады. Оның басты шарты - тәуелсіз мемлекеттердің әлеуметтік-саяси жағдайының ерекшеліктеріне, халық саны мен аумағының көлеміне және т.б. жағдайларына қарамастан, бір-бірімен тең дәрежеде қарым-қатынастар жасасып, араласуы. Бұл принциптер БҰҰ жарғысында және бірқатар халықаралық келісімдерде бекітілген. Халықаралық қатынастарда мемлекеттер бір-бірімен ықпалдасу кезінде өздерінің іс-әрекеттерін егемендікті құрметтеу қағидаттарының белгілі бір ережелеріне бағындырады. Мұндай ережелер келісім жасалған сәттен бастап әлгі мемлекеттер үшін міндеттілік сипат алып, халықаралық құқық нормаларына айналады. Сонымен қатар егемендік сол мемлекетті құрап отырған ұлттың саяси билігін қорғауы тиіс. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің егемендігін жариялады. "Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы" Қазақстанның тәуелсіздігін бекітуге жасалған алғашқы қадам болды. Онда елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы жасалды. Осы бағдарлама негізіңде 1991 жылы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылданды.

Қазақстан егемендік туралы Декларация жариялаған 1990 жылы КСРО құрамына кірген балтық елдері өздерінің одақ құрамынан шығатындарын мәлімдеген болатын. Ал келесі, 1991 жылдың ортасында Мәскеу Грузия, Молдова және Арменияның тәуелсіздіктерін мойындады. Ал Қазақстан Одақ құрамында болғандардың ең соңында - 1991 жылдың 16-шы желтоқсанында өзінің тәуелсіздігі туралы декларация қабылдады. Бұдан тура 16 жыл бұрын - 1990 жылдың 25 қазаны күні Жоғары Кеңес Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Қазір бұл Қазақстанның мемлекеттілік негізін қалаған алғашқы заңдық құжаты болып есептеледі. Декларацияда қазақ халқының тілі, салт-дәстүрі және ұлттық намысын қайта жандандыру мен дамыту ең басты міндеттердің бірі болып қойылды. Алайда Кеңес Одағы құрамында қалуды мақсат етіп қойған 1990 жылғы Декларацияны қызыл күн деп жариялап, мейрам ретінде тойлату қоғамда үлкен қолдауға ие болмай отыр.

1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі"Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы" заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егемендіктің теориялық сипаттамасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет
ҚР Конституциясы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік декларациясы
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ДЕКЛАРАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Жер ресурстарының халықаралық құқықтық мәселелері
Қазақстан Республикасындағы тәуелсіздік декларациясының қабылдану сипаты
Қазақстан Республикасының 1991-2000 жылдар аралығындағы саяси өмірі
Қазіргі таңдағы конституциялық декларацияның конституциялық құқықтық маңыздылығын анықтау
Пәндер