Кредиттік оқыту және қашықтықтан оқыту


Ж. К. Сағалиева, Г. И. Сейлхан
ПЕДАГОГИКА
АСТАНА 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С. Сейфуллин
Ж. К. САҒАЛИЕВА, Г. И. СЕЙЛХАН
ПЕДАГОГИКА
ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Ғылыми - педагогикалық бағытта оқитын
магистранттарға арналған
Оқу құралы ретінде
Университеттің Ғылыми Кеңесімен бекітілген
Астана 2018
КБЖ 74. 58 я 73
ОӘК 378 (075. 8)
С 14
Ж. К. Сағалиева, Г. И . Сейлхан. Педагогика. Оқу құралы. - Астана: С. Сейфулинат. ҚазАТУ баспасы, 2018. -188бет
Пікір берушілер:
Баубекова З. Д. - п. ғ. д., профессор Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы;
Майгелдиева Ш. М. - п. ғ. д., профессор Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемілекеттік университеті;
ҒалиевТ. Т. - п. ғ. д., профессор С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.
ISBN 9965-806-74-8
«Педагогика» оқу құралы жоғары мектеп педагогикасының негізі, оқыту теориясы, тәрбие теориясы мен жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту жағдайында оқыту процесін ұйымдастыруға байланысты мазмұнды қамтиды.
Оқу құралы жоғары мектеп оқытушылары мен ғылыми - педагогикалық бағытта оқитын магистранттарға арналған.
ISBN 9965-806-74-8 © Ж. К. Сагалиева, Г. И. Сейлхан, 2018
© С. Сейфулин ат. ҚАТУ баспасы, 2018
МАЗМҰНЫ
АЛҒЫ СӨЗ
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар - адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі білім беру мекемелерінде оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп, оқытудың инновациялық қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.
Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі - оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, жеке тұлға қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны сана «сүзгісінен» терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады.
Жаңа білім парадигмасы шәкіртке оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, танымдық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, рухани-интеллектуалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруды және жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді.
Білім беру процесін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі философтар мен оқытушы - ғалымдар пікірінше, білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде.
Білім беру саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жоғары кәсіптік білімді ізгілендірудің сапалы кезеңінде тұлғаның акмеологиялық бағдарын қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде.
Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесіндегі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқытуға үлкен мән берудің өзі еліміздегі өзгерістердің маңыздылығын көрсетеді.
Көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, ҚР стратегиялық даму бағдарламаларында, ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында басты принциптері ретінде жеке адамның рухани-интеллектуалдық әлеуетін дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелерінде басты міндеттер қатарында қойылған.
Демек, болашақ жастарымыздың кәсіби құзырлы, шығармашыл акме маман болуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңа парадигмасы оқытудың субъектісінің әлеуетіне тікелей әсері мол кәсіби акметұлғасын қалыптастырудың теориялық, әдіснамалық, дидактикалық тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады. Сондықтан бұл мәселелердің шешімін табуда "Педагогика" пәнінің алар орны ерекше. Себебі "Педагогика" - жоғары оқу орны студенттердің магистрантардың педагогикалық біліммен қаруландыратын, құзыретті маман даярлауды мақсат етуші арнайы бағытты пән болып табылады.
Педагогикада оқу-тәрбие үрдісінде жинақталған материалдар негізінде магистранттар жоғары мектеп педагогикасының өзекті мәселелері мен мақсат, міндеттері, жоғары білім берудін тарихы, қазіргі жағдайы мен келешегі туралы мағлұматтар алып, кәсіби даярлығын қалыптастыру мүмкіндіктеріне ие болады.
Осыған орай, бүгінгі ақпараттық қоғам жағдайының өркениетті, прогресшіл бағытына сай, терең білімді, өзгермелі жағдайға тез бейімделгіш, өзін-өзі саналы игеретін, бәсекелестік жағдайда өресі биік, азаматтық-тұлғалық бет-бейнесі қалыптасқан, рухани жан дүниесі бай, тұлға тәрбиелеу қоғамның басты мақсаттарының біріне айналды. Бұл мақсат-міндеттердің жүзеге асуы адам бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оқыту мен тәрбиені сабақтастықта, шығармашылық мақсат қоя отырып, арнайы оқыту процесін жүргізгенде мүмкін болмақ.
Ұсынылып отыран еңбекте студенттер жоғары мектеп педагогикасының теориялық-әдіснамалық негізі, Қазақстандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің дамуы мен қазіргі жағдайы туралы мәлімет алады. Сонымен қатар, білім берудің жаңа парадигмасы жағдайындағы жоғары кәсіби білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес, оқыту әдістері, формалары, құралдары жайында білімдерін кеңейтеді. Кредиттік білім беру жүйесі негізінде оқыту процесін ұйымдастырудағы білім беру технологиялары мен жоғары оқу орнындағы тәрбие кеңістігі, болашақ маман тұлғасы мен оның құзіреттілігіне қойылатын талаптармен танысады.
Оқу құралы жоғары оқу орындары студенттері мен магистранттарына, оқытушылар мен докторанттарға, білім жетілдіру мекемелері қызметкерлері мен ізденушілерге арналған.
- ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ
Қарастырылатын сұрақтар
- Педагогика тәрбие туралы ғылым.
- Жоғары мектеп педагогикасының мәні мен ерекшеліктері, нысаны, пәні, категориялары.
- Педагогика оқу пәні, мақсат - міндеттері.
1 Педагогика тәрбие туралы ғылым
Педагогика өзінің атауын гректің «paidagogas» білім алушыны жетектеуші сөзінен алған. Алғашқыда бұл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін ол тәрбие туралы ғылым ретінде қалыптасты.
Педагогика XVII ғасырға дейін философияның бір саласы ретінде қарастырылып келді. Дербес ғылым ретінде бөлініп шығуы Ұлы чех оқытушыы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты. 1654 жылы Я. А. Коменскийдің Амстердамда жарық көрген «Ұлы Дидактика» атты басты еңбегі алғашқы ғылыми-педагогикалық кітап ретінде бөлініп шығуына әсер етті.
Педагогика - тәрбие туралы ғылым.
Тәрбие - қоғамда жас ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы, алдыңғы ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгертуге бағытталған негізгі педагогикалық қызмет түрі. Сондықтан уақыт өткен сайын еңбектің қоғамдық бөлінісінде қоғамның «тәрбиенің» қызметін жүзеге асырумен байланысты кәсіби педагогикалық іс-әрекет бөлініп шықты.
- Жоғары мектеп педагогикасының категориялары, мәні мен ерекшеліктері
Кез келген ғылым өзінің категориялық-түсініктілік аппараты негізінде танылады. Категориялар мазмұндарында объективті шындықтың маңызы жақтары бейнеленуі уақыт анықталған категориялар құрамы, осы ғылым зерттейтін, объектвиті шындықтың толық бағалы сипаттамасын жасауға мүмкіндік береді
Осыған байланысты «термин», «ұғым» және «категория» сөздерінің мәнін ашып алу керек.
Термин (лат. terminus - шек, шекара) - шындық нысанын айқын бейнелейтін және жеке сала аясында басқа ұғымдармен қатынас орнататын сөздер мен сөз тіркестері.
Категория (грек. kategoria - анықтама) - шынайылықтың қатынасы мен заңдылықтарын, қасиеттерін, ұғымдарын бейнелейтін және ғылыми-теориялық ойлау сипатын анықтайтын жалпы және нақтылы ұғым.
Ұғым - белгілі бір мазмұндағы сөз бен сөз тіркестігі.
Педагогиканың негізгі категорияларына келесі ұғымдар жатады: білім беру, оқыту, тәрбие, педагогикалық үдеріс, өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу, педагогика ғылымы , педагогика теориясы, педагогика пәні. Бұл категориялардың анықтамасына тоқталайық.
Білім беру -білім алушылардың білімдер жүйесін қалыптастырудағы білім, іскерлік пен дағдыларын меңгертудің үдерісі, олардың негізінде дүниетанымдық, адамгершілік және т. б. тұлға қасиеттері, адамға тән көзқарастардың қалыптасуы, шығармашылық пен қабілеттерінің дамуы арқылы кәсіби қалыптасуы.
Оқыту - арнайы ұйымдастырылған, мақсатты бағытталған ЖОО-ғы педагогикалық процесс, оның ұйымдастырылуы барысында білім алушылар белгілі бір көлемде кәсіби білім, іскерлік пен дағдылар жүйесін игеріп, табиғи қабілеттер дамиды, әлеуметтік және тұлғалық мәнге ие қасиеттердің қалыптасуы жүзеге асады.
Тәрбие - тұлғаның кәсіби дамуына және қалыптасуына негізгі жағдайларды жасауға бағытталған мақсатты үдеріс.
Педагогикалық процесс - тұлғаның білім алуы мен дамуы, оқуы мен тәрбиеленуі туралы міндеттер шешілетін арнайы ұйымдастырылған оқытушы мен білім алушылардың өзара әрекеттестігі.
«Білім беру» мен «тәрбие» ұғымдарынан «өздігінен білім алу» және «өзін-өзі тәрбиелеу» деген сөздер туындайды.
Өздігінен білім алу - білімді іздеу мен игеру жолындағы адамның мақсатты әрекеті мен нысаналы бағытталған жұмысы.
Өзін-өзі тәрбиелеу - адамның өзіне қажетті мінез-құлық сапаларын қалыптастыру үшін мақсатты бағытталған саналы жұмыс түрі.
Педагогика ғылымы да басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіре отырып, педагогикалық теорияларды түзеді. Ал ғылымның дамуы ұғымдар жүйесі арқылы ғылыми білімнің тұрақтануымен байланысты.
Кез келген ғылым теория және іргелі (фундаментальді) білім жүйесінен тұрады.
Педагогикалық теория - сипаттау, түсіндіру, болжалдау және сәйкес келетін педагогикалық шынайылықты қайта құратын, педагогикалық нысандардың обьективті және заңнамалық қасиеттері мен байланыстарын ретке келтірілген білімдер жүйесін құрайды.
Педагогика дербес ғылым ретінде, басқада ғылымдармен әдіснамалық және пәндік байланыста: философия, психология, адам физиологиясы мен гигиенасы, әлеуметтану, этнография, медицина, экология, экономика, әдебиет, тарих және т. б. Педагогикада негізгі ұғымдар немесе «категориялар» жүйесі XVII ғасырдан бастап қалыптасты. Ол кездейсоқ емес, өйткені алдымен педагогикалық білімдер философия төңірегінде жинақталған, педагогика философиядан бөлінуі педагогикалық ғылымның объектісінің (насынасының) анықталуымен тығыз байланысты.
Сондықтан педагогикада аталған ғылымдардың категориялары да педагогикалық категориялармен кіріге қолданылуда.
Педагогиканың басқа ғылымдардың әдіснамалық байланысын философиялық идеялар мен тұжырымдамаларды , ал әлеуметтану ғылымының зерттеу әдістерін педагогикада қолдануымен түсіндірсек, ал педагогиканың басқа ғылымдармен пәндік , медицинаның, жоғары нерв физиологиясының зерттеу нәтежиелерін қолдануымен түсіндіреміз .
Аталған байланыстар педагогиканың жаңа салаларының пайда болуына әсер етті . Сонымен бірге білімдер аумағының өсуі жеке пәндерінің бөлінуіне алып келеді, яғни пәннің өзінің ішінде бөлініп даралануы басталды.
Педагогиканың философиямен байланысында - "Білім философиясы", психологиямен байланысында - "Педагогикалық психология", физиологиясымен байланысында - "Жас ерекшелік педагогикасы" пайда болды.
Бірте - бірте, педагогикада жалпы пәнмен байланысты, мақсатары, оқу-тәрбиелеу, оқу орындарының түрлері, типтері бойынша ерекшелегі бар салалар айқындала түсті.
Сондықтан педагогика барлық ғылымдар жүйесі салаларымен байланыста .
Педагогика ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінге педагогика, кәсіби педагогика, жоғары мектеп педагогикасы мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, корекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика, әлеуметтік педагогика, жеке пәндер әдістемесі және т. б. жатады.
Ал, жоғары мектеп педагогикасы өз алдына дербес ғылым саласы ретінде жоғары оқу орнындағы педагогикалық процесс пен білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді. Сондай-ақ жоғары оқу орнында болашақ мамандарға кәсіби әлеуметтік тәжірибені игеруі процесін ұйымдастырушы - жоғары мектеп оқытушысы.
Жоғары мектеп педагогикасы - ЖОО педагогикалық үдерістің мақсатын, заңдылықтарын, принциптерін, әдістері мен құралдарын, формаларын, мазмұны мен технологиясын адам дамуының құралы мен факторы ретінде зерттейтін ғылыми пән.
Педагогика нысаны ретінде кең мағынасындаЖОО-ғыбілім беруді танимыз, яғни тұтас педагогикалық үдерістегі болашақ маманның дамуы мен кәсіби қалыптасуы үшін білім алуы мен тәрбиеленуі.
Ғылым нысаны көпқырлы, көп аспектілі феномен, сондықтан оның ғылым пәні ретінде қызмет ететін нақтылы жақтары ғана алынады. Сондай-ақ, жоғары мектеп педагогикасы ғылымы - адам туралы ғылымдар жүйесіндегі, білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық процестің жоғары мектепте дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогикалық шындық тәжірибесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негізін жасайды.
Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикаға бағытталған қолданбалық сипатта болады. Міне осыдан педагогиканың гуманитарлық білімдер жүйесімен байланысы басталады.
Педагогика - адам туралы ғылымдар жүйесіне ене отырып, ол педагогикалық мақсаттылық және тұлғаның қалыптасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пән.
Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінде, діни ілімдерде, саясатануда, заңда, әдебиетте дамиды.
Педагогиканың дербес ғылым ретінде бөлініп шығуы (дифференциалдануы) белгілі бір уақыт кезеңінде ішкі ғылыми дифференциалдануға, педагогика ғылымдары жүйесінің түзелуіне алып келді. Бірақ ХІХ- ХХ ғасырлардағы зерттеулер педагогиканың ғылым аралық байланыстарының жоғарыда мәні болғанын көрсетеді.
Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты.
Психология - адам психикасының дамуының заңдарын, ал педагогика - тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді. Ойлаудың, іс-әрекетті мақсаттылықпен өзгерту психологиялық білімдерсіз мүмкін емес. Мұндай білімдерсіз тұлғаның оқығанын және тәрбиелілігін бағалуға мүмкін болмайды. Сондықтан педагогикада психологиялық білімдер ғана емес, сонымен бірге педагогикалық міндеттерді шешу үшін тұлғаны зерттеу әдістері (рейтинг, психометрия, жұптық салыстыру және тағы басқалар) пайдаланылады.
Педагогика ол ағзаның материалды-энергиялық түрлілігін ашып көрсететін физиологияға, соның ішінде жоғарғы нерв қызметінің заңдылықатырна (И. П. Павлов, П. К. Анохин) сүйенеді. Мұндай білімдерді меңгеру танымдық іс-әрекет және тұлғаның әлеуметтену процестері табиғатын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Педагогиканың социологиямен жан-жақты байланысының өте маңыздылығы: ол қоғам туралы біртұтас жүйе ретіндегі және оның бөліктерінен тұратын ғылым болып табылады. Міне осыдан, педагогиканың социологияның білім социологиясы, студенттер социологиясы және т. б. тарауларына деген қызығушылығы туған, себебі тек қана социологиялық зерттеулер арқасында оқытушытар, ұстаздар және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, демографиялық және мәдени ортаның жағдайы туралы біле алады.
Демек, педагогика теориясы педагогикалық шындықтың толық бағалы сипаттамасын жасау үшін «тәрбие», «білім беру», «педагогикалық процесс», «оқыту», «әлеуметтендіру», «іс-әрекет нәтежиесі» сияқты басқа ғылымдардың негізгі ұғымдарын «категорияларын» пайдалана алады, олар шындығында әртүрлі педагогикалық құбылыстарды танып білуде қолданылады.
Педагогиканың негізгі ұғымдары (категориялары) өзара тығыз байланысты - мазмұнды түрде бір-бірін өзара толықтырады. Толық бағалы теориялық білім дәл негізгі ұғымдар арқылы бекітіледі.
3. Педагогика оқу пәні, мақсат - міндеттері
Жоғары мектеп педагогикасы - болашақ мамандарды аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін, педагогикалық теорияларды меңгертетіп, жоғары оқу орнында білім алушыларды қалай оқыту, неге оқыту, кәсіби маман ретінде тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру бірлігіндегі тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыруға бағыттайтын ғылыми пән болып табылады.
Педагогика пәні - қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асыру процесімен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс-әрекет іске асырылатын объективтік шындықты сипаттайтын, педагогиканың насаны болып табылады. Ғылым шыңын бағындыру - оның негізін зерттеуден басталатындығы баршамызға аян. Бұл негіздер оқу пәнінде жинақталған. Ғылым мен оқу пәні бір-бірімен тығыз байланысты.
Педагогикалық әдебиеттерде оқу пәні деген ұғым төмендегідей ретпен анықталады:
-білім жүйесі; білімді меңгерудегі оқу-танымдық іс-әрекет түрлерінің жүйесі; ғылымның негізін дидактикалық жүйелі түрде мазмұндау;
-білім жүйесіндегі белгілі сатының модулі, оның ішіне мақсаттылық, мазмұндық, қисындық-әдістемелік (технологиялық), нәтиже-бағалаушылық компоненттері енеді; өзіне сәйкес ғылым негізінде әлеуметтік тәжірибе әсерінен қалыптасатын модуль.
Оқу пәні - ғылымның нәтежесі мен жетістігі. Оқу пәні жаңа білімдерді ашпайды, ол ғылымның дайын болған қорытындысын пайдаланады. «Ғылым» және «оқу пәні» ұғымдарының мазмұндық талдауы олардың бір нүктеде түйісетінін көрсетті, бұл - білімнің жүйелілігі.
Оқу пәні оқыту міндеттерін, білім алушылардың дайындығы мен жас ерекшелігін арнайы есепке алатын ғылымның негізінен тұрады. Оның негізгі қызметі - білім беру. Оқу пәні міндетті түрде ғылым құрылымының негізін сипаттайды. Оқу пәнін құруда ғылыми түсініктер мен жағдайды анықтау, жүйелеу, нақтылау болады. Ғылыми түсініктер, категориялар оқу пәнінде қайта өңделгеннен кейін ғылыми қолданыста жаңа, нақтыланған түрде қолданыла алады.
Жоғары оқу орындарындағы оқу пәнінің ерекшелігі ғылымның құрылымына жақын болғандықтан, онда ғылым теориясымен анықталған мәліметтер мен оларды танып білудің әр түрлі жолдары ашып көрсетілген.
Педагогика оқу пәні ретінде келесі компоненттерден тұрады:
- білім беру, оқыту, тәрбие жайлы білім жүйесі;
- білім, іскерлік, дағдылар мен құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған оқу-танымдық іс-әрекет жүйесі.
Оқу пәнінің құрылысын жасау кезінде бірнеше факторлар ескеріледі. Оларды:
- Егер ғылыми білімдер жеткілікті түрде жүйеленген және оны оқытудың әдістемелік аспектілері болса, сонда ғана олар оқу пәніне енеді.
- Сәйкес саладағы студенттердің біліміне байланысты оқытушы оқу пәнін жобалай алады. Сонымен бірге, білім алушылардың қабілеттілігі, жас және жеке психологиялық ерекшеліктеріне тән оқу пәні әрқалай оқытылады.
- Оқу пәні дәрістер, семинарлар, тәжірибелік және зертханалық сабақтар көмегімен оқытылады.
- Кез-келген оқу пәні дидактикалық материалдар қорымен (нақты тапсырмалар, көрнекілік материалдар, бақылау сұрақтары, әдістемелік нұсқаулар) бекітіледі.
- Оқу пәнінде белгілі теория, тұжырымдамалармен қоса, оқытушының әдіснамалық көзқарасы да орын алады.
Педагогиканың оқу пәні ретіндегі педагогикалық ғылым және әлеуметтік тәжірибемен өзара қатынасы маңызды сұрақтардың бірі болып саналады. Бұны өзара байланысты мақсаттық және қорытынды-бағалық компоненттер мысалында байқауға болады.
Педагогиканың мақсаттылық компоненті ғылым пәнін ескере отырып, әлеуметтік факторлар әсерімен өзгеріп, қалыптасады. Мысалы, Жоғары мектеп педагогикасын оқытудың мақсаты - педагогикалық үдерістің міндеттерін шешу үшін педагогикалық білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру болды. Ал қазіргі кездері педагогиканы оқу пәні ретіндегі мақсаты - әлемге деген этикалық қатынасының, дамыған дүниетанымдық көзқарасының, мәдениеті мен инновациялық құзіреттілігі бар кәсіби шебер оқытушыты қалыптастыру.
Педагогиканың қорытынды-бағалық компоненті де әлеуметтік практика әсерімен қалыптасады. Сонымен қатар, педагогикалық білім әлеуметтік практиканы ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, жобалап, болжап отырады. Егер педагогикалық білім базалық ғылымның негізгі қызметтерін орындай алса, сонда ол сапалы болып саналады.
Оқу пәні өз кезегінде, педагогикалық ғылымға әсер етеді. Мысалы, педагогикада ғылым ретінде «инновация» секілді ұғымның жаңартылған түсіндірмесі ашылады. Әсіресе педагогикалық практика педагогиканы зерттеу саласында маңызды бағыттарды нұсқап, ғылыми тұжырымдамалардың қалыптасуына әсер етеді.
Оқу пәнінің мазмұны зерттелетін ғылыми теориялардың үйлесімділігімен, оқу орындарының дәстүрлі, инновациялық тәжірибелерімен, оқытылатын ғылым саласындағы оқытушылардың және студенттердің жеке тәжірибелерімен анықталады.
Жоғары оқу орындарында жоғары білімнен кейінгі білім саласында, ғылыми-педагогикалық магистратурада педагогика базалық оқу пәні ретінде рәсімделген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz