Қазақ философиясының тарихи ерекшеліктері
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақ философиясы
Орындаған: Арасат Айдос_
Тексерген: Байқадамова Г. _
Топ: ТТ-17-1у_
ҚЫЗЫЛОРДА-2018
ЖОСПАР:
Кіріспе
I. Қазақ философиясы
* Қазақ философиясының қалыптасып-дамуының негізгі кезеңдері
* Түркі дүниетанымы -- қазақ философиясының бастауы. Әл Фара-би, Жүсіп Баласагұн, Қожа Ахмет Йасауи
* Қазақ философиясының вербальді-дискурсты сипаты. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлеріндегі және ақын-жыраулар шыгармашылыгындагы философиялық даналық.
.
II. Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
* Қазақ философиясының тарихи ерекшеліктері
* Қазақ тарихының белгілі бір кеңістік - уақыт, философиялық құбылыстарды үш кезеңі.
III. Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар
* Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар
* Қазақ философиясының және дүниетанымының қалыптасуына мифологиялық (қиял-ғажайып) ертегілері әсері
* Сақ - скиф философы Анахарсист.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Әдетте, адамдардың барлығы да ізденуші өмірге қажеттінің бәрін өзімен бірге ала келген жоқ. Тарихты адам жасайды, адамзат тарихы дегеніміз - дарияның асау тасқыны да, толқынға қарсы жүзетін кеме де, кемені қозғаушы жекен де осы адамның бір өзі ғана. Демек өмірдің мәні де, қожасы да адам. Рас, адам өмірі ешбір бөгетсіз сырғи бермейді. Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар, ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерешеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті. Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттау, тағы басқа мәселелері болды.
Тақырыптың-өзектілігі:
Тәуелсіздікке көзі жеткен Қазақстан Республикасы алдында руханиет саласында орасан зор әрі қасиетті мақсат - халық рухын, оның өзегі - ұлттық философияны жаңғырту немесе қайтадан қалпына келтіру мақсаты тұрған еді. Қаншама экономикалық және саяси жетістіктерге жеткенмен де, мәдени қайта өркендеусіз, Қазақстан өркениетті елдер қатарына еш қосыла алмайды. Біздер ауызша да, жазбаша да рухы күшті халық, рухани биік халық деп бағалаймыз. Қазақылықты немесе ұлттық рухты анықтауға тікелей қатысы бар басқа да қасиеттер болуы мүмкін. Қалай болғанда да олардың қазақ халқының тұтастығынан туындайтындығына күмән келтіруге болмайды. Оны бейнелейтін, санасына-сіңіретін-адам. Философия тарихы туралы жазылған еңбектер ерте заманнан белгілі. Ұлы ғұлама ойшыладардың шығармашылық мұраларын, олардың философияға қосқан үлестері, көтерген өзекті мәселелері жайлы әр елдің, әр заманның тарихшылары айқындап кеткен тұжырымдар, келелі ақын мен сезімге негізделген ойлары баршылық. Оларда философияның қоғамдық сананың ерекше түрі ретінде дүниеге келуіне басқадай алғышарттардың бастысы болып, мифологияның, діннің халықтың қарапайым санасының, ғылымның тигізген әсерлері толыққанды да ерекше сипатталған.
Реферат жұмысының деректік негізі ХХ ғасыр басында шыққан 80-90 жылдар аралығында әдебиет, баспасөз беттерінде жарияланған кейбір мақалалар пайдаланылды..
Халық философиясы тарихының тәуелсіз мемлекет үшін маңызы аса зор. Өйткені өзінің жеке философиясы болмаған елдің дербес рухани тұрмыс пен өркендеуге мүмкіндігі болмай, бөгде тектік факторларға тәуелділігі күшейе түседі. Ұлттық философия тарихы - жүйелілік ілім, ол философияның бір бөлігіне дәлірек айтқанда, тарих философиясына жатады.
I.
Қазіргі заманғы қазақ ғалымдары М.Орынбеков, Н.Байтенованың зерт-теулеріне сүйене отырып, қазақ халқының философиялық дүниетанымының қалыптасып дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады: Ежелгі заманнан ІХ-ғасырға дейінгі кезең -- қазақтардың ата-тегінің философиясы (предфилософия протоказахов). Бұл кезеңдегі философиялық көзқарастарда діни сипат басым.
Түркі тілді халықтардың философиясы, ІХ-ғасырдан ХV-ғасырға дейінгі кезең. Оның көрнекті өкілдері бүкіл түркі дүниесіне ортақ тұлғалар -- Анахарсис, Қорқыт, әл Фараби, Ж.Баласағұн. М.Қашғари, Қ.Иасауи. Бұл кезенді түркі тілді халықтардың философиясының Алтын гасыры деуге болады. Аталған ғұламалар тамаша шығармалар мен философиялық еңбектерді дүниеге әкеліп, әлемдік философияның дамуына елеулі үлес қосты.
Қазақ хандығы дәуіріндегі философия, ХV-ХVШ ғасырлар аралығын қамтиды, үш бағытта дамыды: а) жыраулар философиясы; ә) билер философиясы; б) Зар заман философиясы.
ХІХ-ғасырдағы Ағартушылық философиясы: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев философиясы -- антропоцентристік және экзистенциалистік сипатқа ие.
ХХ-ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ философиясы. Негізінен саяси философия болды: Ә.Бокейханрв, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, ЦД.Құдайбердиев. --
Кенес дәуіріндегі Қазақстандық философия. ХХ-ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап, 90-жылға дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы кеңестік философия секілді коммунистік партияның идеологияпық қызметшсіне айналып, өзінің ұлттық ерекшеліктерінен айрылды. Бірақ негізінен марк- систік сипатта болғанымен, осы кезенде кәсіби философия қалыптасты. 1958 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының құрамында Философия және құқық институты, Қазақ мемлекеттік университетінде философиж факультеті ашылды. Кеңестер Одағы кеңістігінде танымал болған Қазанстандық философия негізінен таным теориясы, таным диалектикасы және диалектикалық логика мәселелерін зерттеумен айналысып, биік деңгейге көтерілді.
Тәуелсіздік кезеңінін философиясы -- соңғы он бес жылда қалып- тасты, қазақ халқының философиялық дүниетанымын терендеп зерттеумен айналысып, үлкен табыстарға жетті. Салыстырмалы түрде тарихи аз уақыттың ішінде қазақ халқының философиялык дүниетанымын жарқы- ратып көрсеткен тамаша зерттеулер дүниеге келді және бұл саладағы жұмыстар толассыз жалғасуда.
Қазақ философиясы өзінің бастауын көне түркі дүниесінен, оның көрнекті өкілдері әл Фараби, ЖүсіпБаласағұн, Қо.жа Ахмет Иасауиден алады.
Әбу Нәсір әл Фараби қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысында өмір сүрген түркі тайпасында шамамен алғанда 870 жылы дүниеге келген. Әлі Фараби философиясының негізгі зерттеу объектілерінің бірі -- адам. Антика дәуірінің ойшылдары секілді әл Фараби де адам өмірінің мақсаты -- бақытқа жету деп түсінеді. Адам әуелі бақыттың не екенін түсініп, оныі өзінің мақсаты ретінде анықтап алған соң ғана оған жетудің жолдарыні танып-біле алады. Әл Фарабидің пікірінше, шын бақыттың не екенін түсінуге көмектесетін -- адамның ақыл-ойы. Жігердің үш түрі бар, біріншісі -- түйсіктен, екіншісі -- елестетуден, үшіншісі -- ойлау қабілетінен туындайды деп көрсеткен әл Фараби соңғысын еркін тандау деп атайды және ол адамға ғана тән, басқа жануарларда ол жоқ дейді. Әл Фараби нағыз бақыт деп білімге, ізгілікке және әдемілікке ие болу деп түсінді. Оған жету үшін адамның бойында жігердің осы үш түрінің бәрі де болуы шарт. Ұстаз, басшы болу, өзінің соңынан басқаларды ерту кез-келген адамның қолынан келе бермейді, ол үшін ерекше қасиеттер керек деген әл фараби өзінің Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат атты еңбегінде ұстазға тән қасиеттерді сипаттайды. Әл Фарабидің ойынша, айналандағы адамдар бақытсыз болса, жеке бақыт баянсыз: ...бір адам басқаның өмір сүруіне қажет нәрсенің бір бөлігін беру арқылы адамдардың бір-біріне көмектесуіне негізделген көптеген бірігудің нәтижесінде ғана адам табиғатынан маңдайына жазылған кемелденуге жетеді. Әл Фараби қайырымды қалаға қарсы қалаларды да сипаттайды: надан, азғын, адасқан, қажеттілік және тағы басқа қалалардың ортақ мақсаты жоқ, көздегендері бақытқа жету емес, өткінші байлық пен алдамшы рахатқа бөлену. Мұндай қалаларды алдап-арбау мен сұмдықтың неше түрі, моральдық құлдырау, нәпсіқұмарлық, мансапқорлық, билік құмарлық, надандық, діннен безушілік секілді ізгілікті адамға жат, тағылық қасиеттер жайлайды. Қала басшысы мұндай қала-мемлекетті тек күштің көмегімен басқарады, сондықтан олар әлсіз, болашағы жоқ, дамудың жоғары сатыларына жете алмайды
Бір қарағанда әл Фарабидің бұл ізгілікті қаласы утопия немесе қол жет- пейтін идеалды, мінсіз қоғам секілді болып көрінуі мүмкін. Бірақ осы модельдің өзінен біздің жас мемлекетімізге пайдалы көп нәрсені байқауға болады.
Мұсылмандық Шығыс дүниесінің тағы бір көрнекті өкілі, ХІ-ғасырда өмір сүрген ғұлама ойшыл Жүсіп Баласағұн еді. Ол өзінің негізгі туындысы Құтадғу білікте адам өмірі туралы өсиетін қалдыруға бекінеді. Жүсіп Баласағұн үшін адам баласы -- дүниедегі ең басты құндылық. Адамды жаратушы алла тек оны ғана емес, ай мен күнді, күн мен түнді, аспан мен жерді, дала мен тауды, қол мен елді де дүниеге әкелді бірақтек адамға ғана теңіздейін телегей ақыл, білімге бой ұрдырар зерде қайырымды іс қылдырар ар-ұят пен намыс сыйлады. Баласағұнның ойынша, ендігі міндет -- осы адам деген атақты жоғары ұстау, оған сай өмірі сүру. Ол өмірді адамға алланың берген қарызы деп түсінеді, осы өмірд мәнді кешкен адам ғана қарызын қайтара алады. Баласағұн Мәнді өмірге жетудің азапты жолында адамға серік болар төрт қасиетті -- әділет, дәулет, ақыл, қанагатты бөліп көрсетеді және оларға Күнтуды, Айтолды Өгдүлміш, Одғұрмыш деген есімдер береді.
Баласағүн Дәулет-құт өткінші, тұрақсыз, бүгін бар да ертең жоқ, сондықтан адамды дәулетке шектен тыс қызығушылықтан сақтандырады; ол үшін адамға қанағат керек. Құтадғу білікте Қанағат-Одғұрмыш адамның мал жиыаудың соңына түскендігіне өкпелеп, қоғамнан бойын аулақ салады, Күнтуды-Әділеттің шақырғанына қайырыла коймайды. Бірақ Күнтуды Одғұрмыштан адамның уақытша осалдығына, бойындағы табиғи эгоизмді жеңе алмауына, мал-дәулет алдындағы солқылдақтығына кешіріммен қарауға, адамға деген өкпесін ұмытып, қоғамға оралуды, кісікиік болмауды талап етеді, адам қоғамда ғана бақытты, жалғыз өмір кешіп, өз қамын ғана ойлаған адамның соры қалың деп ескертеді. Айтолдының өмірін мысалға ала отырып, Баласағұн тіршілікке алдан-бауға, дүниеге малданбауға үгіттейді. Мал-дүниесін жұртқа таратса да, өлімнен қашып құтыла алмаған Айтолды Өгдүлмішке өліммен адамшылық пен кісілік арқылы күрес деп өсиет қалдырады, өлімді ойла, ұмытпа еш, сарала дейді. Бұл өсиетті қазіргі адам да жадында ұстағаны дұрыс. Жалпы алғанда, Жүсіп Баласағұнның Құтадғу білігі өмірмәндік қағидаларға толы, әрбір адамға аса қажетті, құндылығы мәңгілік туынды.
Орта ғасырлық мұсылман дүниесінің тағы бір кернекті ойшылы -Кожа Ахмет Иасауи. Оның пікірінше, адамның мақсаты -- кемел адам қалпына жету, ал кемелдік жолы -- сопылық, алладан басқаны мойында-май, дүниені, бала-шағаны, нәпсіні тәрк етіп, тақуалық жолына түсу, жүректі оятып, алланы сүю, оған деген махаббат, ғашықтықтудыру. Бірақ аллаға ғашықтық жолында адамға кедергі болатын оның нәпсісі. Иасауи адамды нәпсіден без, оны еркіне жіберме деп үйретеді. Нәпсі адамға табиғатынан тән қасиет болғанмен, ол санаға тәуелді болмаса, адам оны саналы түрде реттеп отырмаса, нәпсі адамның түбіне жетеді. Иасауи нәпсіні кең мағынасында қолданады. Оның пікірінше, нәпсіқұмарлықтек тәнқұмарлық емес, билік пен байлыққа, өткінші қызыққа шектен тыс берілгендік. Нәпсіні тиып, алланы сүю жолына түскен адам рухани тазарады, сол арқылы өмірдің күйбең тіршілігінен жоғары көтеріліп, бойына имандылық, қанағат, адалдық. мейірімділік секілді адамгершіліктік қасиеттерді жинайды, сонда ғана шариғат, тариқат сатыларынан өтіп, хаки-қатқа -- аллаға ұласуға жетеді. Шариғат алланы сүю туралы сүю туралы ілім, тариқат -- адамның осы білімді жүзеге асыру жолындағы харекеті. Хақиқатқа жету қиын, бірақ оған ұмтылу, нәпсіні тиып, бойында аллаған махаббат пен имандылық қалыптастыру -- әрбір мұсылманның міндеті дейді.
Тіл -- адам рухының маңызды және жұмбақ жемісі, адамды ғана емесі жалпы өркениетті қалыптастыратын, оны түсінуге көмектесетін кілт. Тіл мен мәдениет халықпен бірге өмір сүреді, эволюциялық түрде дамушы этносты сипаттайтын - оның тілі мен мәдениеті. Демек, қазақтың шұрайлы мазмұны терең, сөздік қоры бай, өміршең тілін және оған деген қазақ халқының көзқарасын зерттеу арқылы оның дүниетанымын түсінуге болады. Сөз өнерін қазақ ежелден аса жоғары бағалады, қоғамдық өмірдің қай саласында болмасын, қазақтың сүйеніші тілі мен сөзі болды. Қазақтың сөз өнері жай ғана ауызекі тілдің функциясымен шектелмей, дискурстық, яғни пайымдық, пікірталастық сипатта болды. Дискурс адамдардың арасында туындайтын мәселелерді күштің көмегімен емес, ақылға құлақ түре отырып пікір алысу мен пайымдауға жүгіну арқылы шешіп, субъектілер арасында түсіністік орнатады, жай келісім емес, әлеуметтік келісімге қол жеткізеді.
Бұл ерекшелік қазақ халқының шешендік өнерінен, әсіресе мал мен жан, жер мен жесір, ар мен намыс дауын қара қылды қақ жарып әділ шешкен дала соттары -- билердің қызметінен жақсы байқалады. Ауыз әдебиетінің философиялық тұрғыдан арнайы зерттелмеген қара өлең, қоштасу, жоқтау, аңыз және тағы басқа түрлері философиялық пайымдауларға толы жәңе бұл философиялық толғаныстардың басты объектілері -- адам, өмір және қоғам. Қоштасу мен жоқтау қазақтың салт өлеңдерінің ертеден келе жатқан, мазмұны жағынан қара өлеңге жақын түрлері. Қоштасу қазақта қалыптасқан дәстүр бойынша өлең-жырмен немесе нақыл сөзбен айтылған. Оның түрлері сан алуан: жермен, елмен, өтіп бара жатқан дәуренмен, заманмен, өмірмен, артта қалып бара жатқан дүниемен қоштасу болады. Қоштасу өлендерінің осы аталған қай түрі болмасын өмір туралы толғауларға толы. Ерекше атап көрсететін бір нәрсе -- қазақтың қоштасу елеңдерінде өлімнен қатты қорқу, үрейлену сезімі байқалмайды, өлімді өмірден болмей, заңды құбылыс ретінде түсіну басымырақ. Өз өмірін белгілі бір іске, мақсатқа арнаған, ісін жалғастырушысы бар, өміріне риза адам өлімді тайсалмай қарсы алады. Оның мысалын Наурызбай батырдың өлім алдындағы қоштасуынан көруге болады. Өмірін еліне арнаған, дүшпанда кеткен кегін алатын алатын інілері Сыздық-Жаппар бар батыр өлімін өкінішсіз қарсы алады. Ал әйгілі Әсет ақынның құрбысы Кемпір-бай ақынның қоштасу өлеңінен оны аһ дегізген өкініш сезіледі. Ауырып жатқан ақын өзінің сырын түсінетін Әсет ақын келгенде ғана басын көтеріп, ілулі тұрған домбырасын сұрайды да, қоштасу өлеңін айтады. Өтіп бара жатқан өміріне шолу жасаған Кемпірбай Әсет досына ең басты арманын, екінішін жеткізеді. Ол өкініш -- ақындық ісін жалғастыратын ұрпағы жоқ. Өлім аузында жатқан Кемпірбай ақынды қинайтыны -- баянсыз өмірді мәнді ететін сенімнің жоқтығы.
Қазақ ауыз әдебиетіңің өмір туралы толғаныстар көрініс тапқан тағы бір түрі -- жоқтау. Өмірден өткен қимас адамына жоқтау айту қазақтың ертеден келе жатқан, қазір мүлдем дерлік ұмыт бола жаздап отырған салты. Жоқтау айтқан адам өмірден өткен асыл азаматтың өмірін, ерекше қасиеттерін, тындырған ісін, қоғамдағы орнын және қол жетпеген армандарын сипаттайды. Мамай батырдың шешесі Қараүлек айтқан жоқтау -- қазақ жоқтауының классикалық үлгісі. Онда өзінен туған ұрпағын жоғалтқан ананың орасан зор қайғысы. жан азабы, күйзелісі мейлінше дәл суреттелген. Зар салып баласын жоқтаған ана бір сәт өзін жұбатады.
Азалы ананың көңіліне медет болатын күш -- баласының үлгілі өмірі. Мамай елі үшін опат болды, онын өлімі жай өлім емес, ерлік өлім, елін жаудан қорғау -- батырдың өмірлік мақсаты еді, ол сол мақсатына жетті. Казақтың басқа батырлары сияқты Мамай да өзінің адамгершілік келбетін сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде танытты, сондықтан да халықтың беделіне ие болды. Оның өзі әлсе де, ісі жұртының есінде мәңгі қалмақ. Мамайдың мәнді өмірі өлімге осылайша қарсы тұра алды, өлімнің оны жеңуі мүмкін ёмес. Қараүлек ананы жұбататын да осы ой. Өмірдің қай саласында болмасын қазаққа қорғаныш болған өлеңі оның өліммен күресінде де демеу болды. Жоқтау айта отырып көңілін басқан қазақ өмірден күдерін үзбейді, түпкілікті түңілмейді, өмірдің әлімнен күштілігіне сенеді.
Қазақ ауыз әдебиетінің тағы бір маңызды түрі -- аңыз. Адам қоғамы пайда болғаннан бері өмір сүріп келе жатқан аңыз қоғам дамуының сатыларынан адаммен бірге өтіп, әлі күнге дейін қоғамдық сананың елеулі бөлшегі болып қалып отыр. Аңыз қашанда адамның өмір сүруін жеңілдету құралы болды деуге болады, мысал ретінде Қорқыт, Асан қайғы туралы аңыздарды және қазіргі заманғы аңыздарды атасақ жеткілікті. Қазақ аңызында Қорқыт ақылдыдан, еліне қамқор парасатты жан ретінде суреттеледі. Бұл тұрғыдан алғанда оны түркі жұртының философы деуге болады, себебі Қорқыт белгілі бір адамның немесе топтың, билік басындағылардың мүддесін қорғаушы емес, қарапайым адамдардың ақылшысы, сөзімен ғана емес, ісімен де өнеге көрсетуші, іс пен сөздің бірлігін қуаттаушы. Өлімді жеңудің жолы -- өмірді мәнмен толтыру. Қорқыттың түсінігінше, жоғарғы мән -- ар-иман. Қорқыт туралы аңыздардың қайсысында болмасын ар-иман ұғымы міндетті түрде кездеседі, өмір өткінші, қай өмір болса да өліммен бітеді, бірақ ең басть сы -- адамшылықты, ар-иманды сақтау.
Қазақ философиясының негізгі кезеңдерін және ауыз әдебиетіні түрлерінде жинақталган дуниетанымдық ұгымдарын тапдау арқылы қазақтың ұлттық философиясы жалпы қазақ халқының, оның әрбір өкілінің бойында қалыптасқанын, қазақ халңының басқа халықтар философкясынан еш кем емес философиялық дуниетанымы бар екенін айқын көруге болады
II.
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақатар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті. Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттауы, тағы басқа мәселелері болды.
Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер - бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әр түрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар шынай реализм, бітімнің негізгі жақтары еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылықққа қарсы күресу, құқықтық саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы басқалар еді. Осы аталған көзқарастар сыңаржаққа, тоқыраушылыққа, қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы бағытталды. Бұл да қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшелігі. Қазақ философиясының ойының тағы бір ерекшелігі деп оның шынайы патриотизмі, халқына сүйіспеншілігін, оның бағыты, мүддесі және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуі дер едік. Бұл айтқандардан қазақ философиясы басынан-аяқ тік тұрған, бірден қалыптасып жеткен жүйе деген пікір тумаса керек. Біртұтас көзқарас, дүниені жан-жақты танып білу, оның заңдылықтарын, таным процесін, әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсіну, ойлау түрлерінің жүйесін анықтау - ол соңғы ғасырлардың үлесіне тиеді. Дегенмен, халықтың жыраулық, ақындық шығармашылығынада қоршап тұрған табиғат пен әлеуметтік орта туралы ойлаудың біршама жиынтығы болды. Негізінен кездейсоқтық, жүйесіздік сипатына қарамастан онда адамдардың бай практикалық өмірін, халық даналығын көрсететін философиялық мән бар еді. Ойлау тәсілі ерекше, шығармашылық жолы мен шығармалардың сақталуы ауыз мәдениетіне сай, оны есінде сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа өзгертпей, жоғалтпай, ұрламай жеткізу - бұл философия тарихындағы ғажап құбылыс. Халқымыздың өмірін бейнелеген, адамдардың түйсігін, ойларын, өскелең талабын көрсете білген фольклорда объективті шындықтың элементтері бар. Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық-тұрмыстық поэмалар, мақалдар мен мәтелдер - адамдарды табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, саяси-экономикалық жағдайларды, ізгілік мақсаттарды өз уақытына сәйкес танып-білуінің куәгерлері. Ауызша халық мәдени ескерткіштерімізді зерттеу халқымыздың танымдық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік-тәрбие және дүниеге көзқарас ерекшеліктерін білуге көмектеседі.
Табиғи және әлеуметтік өмірді тікелей бейнелеу, дүниенің құрылымы, оның жасырын күштері туралы тұрпайы түсінік - бұл қазақ философиясының бастапқы кездегі деңгейі еді. Ол кезде жүйелі және негізделген көзқарас болған жоқ., сондықтан ол философия басты бағыттары да айқындалмаған еді. қазақ философиясының тарихы - халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің ірі. Онда ғылыми таным процесі мен халықтың идеялық ізденістері, бай тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ философиясы - халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен негіз және әдістемелік құрал. Ол қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланыста. Сондықтан оны зерттеп үйренбейінше қазақ ғылымының тарихын, саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, діндарлығын және тағы басқа пайымдау мүмкін емес. Халықтың ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан қазақ философиясы ғылыми құндылығымен қатар, жоғары азаматтық қасиетімен, әлеуметтік әділеттілікке жету жолдарын тікелей іздеуге ат салысқандығымен, өзініңі жемісті жетістіктерімен ерекшеленеді.
VI ғасырдан бастап Қазақстанның қазіргі аумағында алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап оның орнына феодалдық әлеуметтік-экономикалық формация орныға бастады.
Философия пайда болуының тарихи алғышарты - миф. Бірақ оны философия эпос арқылы өзгерген және жүйелеген кезінде ғана пайдаланды. Әрбір заманға байланысты эпос мифтің түрін өзгертіп отырды және сонымен қатар өнер мен бастапқы ғылым элементтерінің әсерімен философиясының шығу процесін, оның қоғамдық сананың шығу және жаңа бір түрі ретінде қалыптасуын жеделдетті.
Мифологиялық көзқарас пен табиғат және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz