1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы және оның тарихи маңызы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ

МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ

УНИВЕРСИТЕТІ

«Бизнес және құқық» факультеті

«Құқықтану» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы

Тақырыбы: 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы

және оның тарихи маңызы

Рецензент: доцент Ауешова Б. Т

Орындаған: ЮП-18-3 тобы студенті

Жайлыбаев Манарбек

Ақтау 2019

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 КОНСТИТУЦИЯ - МЕМЛЕКЕТТІҢ АТА ЗАҢЫ: ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ . . . 5

1. 1 Конституция - мемлекеттің негізгі заңы: ұғымы мен мәні . . . 5

1. 2 Қазақстан Республикасы Конституциясының даму тарихы. . 8

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АТА ЗАҢДАРЫНЫҢ ТАРИХИ -ҚҰҚЫҚТЫҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ . . . 14

2. 1 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясының мазмұны…. 14

2. 2 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы . . . …. . 19

ҚОРЫТЫНДЫ26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ28

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл курстық жұмысымның тақырыбы: 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы және оның тарихи маңызы. Демек бұл жұмысымда мен мемлекетіміздің ата заңы - конституциямыздың қалыптасуы және оның дамуын қарастырамын. Сонымен қатар конституцияның ұғымына кең ауқымды түрде түсінік беріп өтемін. Сондықтан бұл тақырып жайында баяндау, түсінік беру мен үшін ерекше жұмыс. Бұл курстық жұмысыма Қазақстан Республикасының Конституциясы оның тарихи құқықтық ата заңдармен сабақтастығы жайында кеңінен айтып өтемін.

Қазақстан халқы үшін, әсіресе сан ғасырлар бойы әр түрлі тарихи кезеңнің құқықтық жағдайын жетік зерттеудің ғылыми - танымдық маңызы ерекше. Бұл үшін, тарихи ақиқата көз жеткізу, қазіргі ұлттық мемлекетіміздің шынайы тәуелсіздікке бет бұрған кезде халқымыздың тарихи зердесін, танымын жаңартып, оның елдігін, ерлігін, тиімділігін паш ететін мұраларды зерттеу - азаматтық парыз.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Еліміздің конституциялық даму тенденциясын айқындағанда, әрине, халқымыздың демократиялық құқықтық мемлекет құруға бет алған шақта, осының өзегі болып табылатын еліміздің тарихындағы, яғни егемендікке дейінгі конституциялар мен 1993 және 1995 жылдардағы Ата заңымызды елемей кетуге болмайды. Қайта олар біздің алға қойған мақсатымыздың маңыздылығын толықтыра түседі.

Соған орай, зерттеу жұмысының өзектілігі - қазақ қоғамындағы тарихи қалыптасқан конституциялық құрылыстың екі кезеңін (1917-1991) - кеңестік және (1993-1995) - қазақстандық егемендік даму сатыларын баяндайтын Ата заңдарының логикалық үйлесімділігін талдау, осының негізінде заңдарымызды жетілдіру жолдары жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстарды енгізу болмақ. Және де әдебиеттерде, сирек кездесетін болса да, көңілге қонбайтын келеңсіз мәліметтердің мән жайын ашу болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Осы курстық жұмысты жазу барысындағы негізгі мақсатым, 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы баяндау. Осы мақсатқа жету барысында төмендегідей міндеттерді қарастырамын. Мемлекеттің негізгі заңы Конституцияның ұғымы мен мәні, оның даму тарихы, тарихи құқықтық сабақтастығының алғышарттары. Курстық жұмыс тақырыбымның негізгі бастамасы 1993 жылғы Қазақстан Республикасының толықтай мазмұны. Одан кейінгі 1995 жылғы Конституциямызға тоқталып өтемін. Еліміздің жүріп өткен Қиын өткелдерін сараптайтын Ата заңдарының (Конституцияларының) сабақтастығын зерттеп, оның оң жағымды), теріс (жағымсыз-ұтымсыз) жақтарына баса назар аудару, адам құқығын, азаматтар мен мемлекет мүддесін қорғау алдындағы тұрған күрделі міндеттерге және өзге де мәселелер төңірегіне ерекше көңіл бөлу зерттеу жұмысының негізгі мақсаты болып табылады.

Осы мақсатқа жетуде қазақ қоғамындағы өмірлік маңызды мәселерді қарастыру Қазақ елінің конституциялық дамуының проблемалары мен оның ұғым-категория аппаратын, құрылымдық ұйымдастырылуын, ішкі және сыртқы өзара байланыстарын, қоғамда алатын орнын, сондай-ақ қоғамның өмір сүруі мен дамуының аса маңызды алғы шарты ретіндегі рөлін ғылыми тұрғыдан зерттеу алға қойылған мақсаттардың бірі болмақ. Әсіресе, тоталитарлық режимді жеңіп, құқықтық, демократиялық мемлекеттер ретінде қалыптасып, бостандық, теңдік пен келісім идеялары негізінде азаматтық қоғам қалыптастырып жатқан, кең көлемді құқықтық реформалар жүргізіп, жаңа ұлттық құқықтық жүйелерді құру кезінде қиындықтар мен қарамақайшылықтарды басынан кешіп жатқан Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы елдерінде, соның ішінде Қазақстан жағдайында бұның өзектілігі арта түседі.

Курстық жұмыстың зерттелуі. Бұл курстық жұмысымда Қазақстан Республикасының 1993 жылы қабылданған Конституциясын оның тарихи маңызың зерттеймін. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы 1993 - 1995 жылы Конституциялардың маңызын, даму тарихын курстық жұмыс барысында зерттеп қарастырамын.

Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Бұл курстық жұмысым кіріспеден 4 тақырыпшадан тұратын екі тараудан тұрады. 1 тарау бойынша мына тақырыптарды қарастырдым, Конституция - мемлекеттің ата заңы: қалыптасуы мен дамуы, Конституция - мемлекеттің негізгі заңы: ұғымы мен мәні. Қазақстан Республикасы Конституциясының даму тарихы. 2 тарау бойынша келесідей тақырыптарды қозғадым; Қазақстан Республикасының ата заңдарының тарихи- құқықтық сабақтастығының алғы шарттары. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясының мазмұны. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы. Сонымен бірге курстық жұмысым қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 КОНСТИТУЦИЯ - МЕМЛЕКЕТТІҢ АТА ЗАҢЫ: ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

1. 1 Конституция - мемлекеттің негізгі заңы: ұғымы мен мәні

Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ, Конституция ұғымы ерте заманда сонау Грецияда Аристотель қалыптастырған болатын. Ол кезде «Конституция» деген сөз «саяси құрылыс» ұғымын білдіретін. XVII ғасырда Францияда бұл сөз рентаны, рента шартын бейнелейді. Мұнан соң көне грекше ұғымға қайта оралып, бұл атаусыз құқықпен бейнеленетін құрылым мағынасына ие болды. Ұлы француз төңкерісі қарсаңында «Конституция» атау сөзі (латының constitutio - бекіту, орнату деген сөз) . Рим империясы заңдарында императорлардың құқық көздеріне айналған түрлі нұсқаулары мен жарлықтарын білдірді. Орта ғасырларда феодалдық еркіндік туралы құжаттар осылай атала бастады.

Ең алғашқы конституциялық типтік актілер Англияда қабылданған болатын. Бірақ оның тарихи дамуының ерекшелігінің салдарынан мемлекеттің ішкі өмірінің ең басты жақтарын, оның ішінде қоғамдық құрылысты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын реттейтін тұтас актілердің болмауына әкеп соқтырды. Сөйтеп, осы күнге шейін, қазіргі Ұлыбритания, Жаңа Зеландия жазбалы емес конституциялары бар мемлекеттер. Оның жазбалы емес конституциясы деп саналатын актілердің қатарына XII-XX ғасырлардың қабылданған көптеген актілер, соның ішінде сот үрдістері (прецедент), әдет-ғұрып (конституциялық келісім) жатады. Бұлардың бәрі бірбірімен байланысы жоқ, белгілі бір жүйеге келтірілген, сондықтан тұтас акті ретінде қалыптаспаған.

Ең алғашқы жазбалы конституцияны ішкі құрылымдарға бөлінген біріңғай негізгі заң АҚШ-тікі деп атауымызға болады, ол 1787 жылы қабылданып, осы уақытқа дейін қолданылып жүр. Еуропадағы жазбалы конституциялар Польша мен Францияда 1791 жылы қабылданған болатын. Кез келген конституция қоғамда орныққан тәртіптің негізгі ұстандарын бекітіп береді. Мұнда ел өміріндегі аса маңызды өзгерістер көрініс табады. [1]

Конституцияның ерекше белгілерін айқындай отырып, құқықтанушылар, оны ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғарғы заңдық күші бар құқық нормаларының жүйесі, ол бір жағынан адам мен қоғамның, екінші жағынан адам мен мемлекеттің арасындағы қатынастар негізін, сонымен бірге мемлекеттің өзінің ұйымдастыру негіздерін қоғамдық және конституциялық құрылыстың негіздерін, адам мен азаматтың негізгі құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару буындарын ұйымдастыру және олардың қызметі қағидаттарын бекітуші әрі реттеуші Негізгі Заң ретінде тұжырымдайды. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізде қолданылып жүрген барлық заңдардың іргетасын қалайды, оның заңдарының заңы болуы шындық, ақиқат. Құқық қалыптарының бұл жүйесін заң салаларына қағидаттық қалып болып табылып, құқық реттегіштің базасын айналды. Ал, ағымдығы заңдар осы конституциялық қағидат қалыптарын әрі қарай дамытушы күш ретінде есептелетіні.

Бұл курстық жұмыста Ата заң (Конституция) оның мейлінше көп тараған мағынасы - ең жоғарғы құдіретті күші бар заң немесе заңдар деген ұғымда қолданылады. Конституцияның құдіретті күштілігі мынада айқын көрінеді: біріншіден, оның нормалары өзге заңдардың тұжырымдарынан айрықша басымдылықта болады, екіншіден, жай заңдар және тәуелді нормативтік актілер осы конституцияда айқындалған органдар арқылы конституциялық процедураға сай қабылданулары тиіс, үшіншіден, төменгі деңгейдегі нормативтік актілер Ата заңымыздың нормаларына сәйкес болуы керек.

Қазақстан Республикасының қазіргі конституциясы бесінші Ата заң (1917, 1937, 1978, 1993, 1995 жж. ) . Кейінгі екеуінің алдыңғылардың елеулі айырмашылығы сол - бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады. Кейінгі Ата заңда (1995 ж. ) құқықтық мемлекеттің қалыптастырылуы бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-жақты қалыптасуына қажетті экономикалық еркіндігі, идеологиялық пен саяси әр алуандағы (сөз бен шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық қозғалыстар бірлестігі), халық билігін жүзеге асырудың демократиялық адамдары, экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сай бейленеді. [2]

Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының мәтінінен көріп отырғанымыздай, оның нормалары ұзақ жылдарға бийімделген, тұрақты, жалпы мәндес болулары тиіс. Ал Конституциясының өзі референдумда (Қазақстан Республикасынды, Ресейде, Францияда, т. б. елдерде сияқты) немесе құрылтай жиналысында (Үндістанда, Италияда сияқты), немесе басқаша да қабылдауы мүмкін. Оның іс жүзіне енгізілуі біржақты - мемлекет басшысының актісі арқылы болуы да мүмкін. Сайып келгенде, Конституцияға құқықтық акт ретнде ғана емес, оны бүкіл қоғамымыздың әділеттік адамгершілік бағытын ұстаушы қалып ретінде қарауымыз дұрыс. Өзінің мәні жағынан конституция сол қабылданған кездегі саяси күштердің арақатынасын көрсетуші қоғамның әр түрлі бөліктерінің саяси мүдделері тоғысқан бейнебір қоғамдық шарт маятнигі болып табылады. Мұндай қоғамдық үйлесімсіз ешқандай құқықтық тәртіптің орнығуы мүмкін емес.

Конституциясының мәні оның қызмет ету сипаттамасынан айқын көрінеді. Ол үш негізгі қызметті: заң (құқықтық басты қайнар көзі ретінде), саяси (мемелекеттің құрылысын) және идеологиялық (қоғамның алтын қазынасын - адам және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтары) дәріптеуді қызметін атқарады.

Демек, Қазақстан Республикасының Констиуциясы барлық заң салаларының заңдық базасы болып табылады, ал оның нормалары басқалар үшін нормалық принцип болып есептелінеді. Қазіргі кездегі Қазақстандағы құқық жүйесінің қалыптасуы елімізде құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуыда. Сондықтан еліміздің Ата заңының мәні мен оның алатын орны барған сайын жоғарылауда.

Қоғамдық қатынастардың конституцяиялық құқықтық реттілігінің дамуын мінездейтін әлемдегі мынадай үш негізгі тенденцияларын атап көрсетуге болады:

1 Конституцияларды, жалпы алғанда конституциялық құқықтық тұрақты социализацияландыру көрінісі табуда. Дүние жүзіндегі алғашқы конституциялар, әдетте, саяси сферамен шектелген. Олар жеке (азаматтық) және (саяси) құқықтар мен бостандықтарын уағыздаған. Тек, ерекше жағдайда ғана құқық меншігін (мәні жағынан әлеуметтік-экономикалдық тұрғыда) мәлімдеген.

ХХ ғасырдағы әлеуметтік шиеленістердің нәтижесінде конституцияға бүкіл қоғамдық құрылысты реттеудің белгілі бір нысандарын (саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдениет жүйелерін қосқанда енгізу қажеттігі талап етлді. Осындай дәстүрді іс жүзіне енгізіп, нығайтуға «социалистік деп аталатын елдердің (атап айтқанда КСРО) конституциялары көп әсерлерін тигізіді. Демек, еңбекшілердің әлеуметтік қарсылығы негізінде пайда болған «социалистік» және «ұлттық-социалистік» тотарлитарлық режимдердің өмір сүруінің өзі дүниеге демократиялық мемлекетті «түнгі күзетші» міндетін атқарудан әрі асырмайтын және нарық жағдайында қоғамдық қатынастардың өзін-өзі реттеу үмітіне төнген аса зор қауіп екенін көрсетті. [3]

Алғашқы жылы кеңестік конституциялары Қазақ революциясына кейін пайда болды. Олар - 1918 жылғы РСФСР Конститутциясы, 1924 жіне 1936 жылдардағы КСРО Конституциялары, акыры, 1977 жылғы бүкілхалықтық мемлекеттің негізгі заңы. Біздің республикамызда ең алғашқы Қазақ автономиялық республикасының Конституциясы 1924 жылы жасалынды. Тек 1926 жылғы 18 ақпанда Орталық Атқару Комитеті бекіткен болатын. Ол кезде біз Ресей Федерациясының қарамағында болғанбыз, өкінішке орай, бұл Конституцияның жобасын Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті кейіннен бекітпей тастады, өйткені ол кездегі Ресейдің Конституциясы боыйнша автономиялық республикалардың Ата заңдарын бекіту Ресей өкілеттігінде болатын. Сондықтан да болар Қазақ Автономиялық Республикасының 1926 жылғы Констиуциясы қағаз жүзінде қалып қойғаны өкінішті.

2 Конституциялық құқықты демократизацияландыру. Бұл тенденция барлық жерлерде сайлаудың жалпыға бірдей, тең және төтелігінен туындайды. Өйткені, біз, Республика Президентінің, Парламент Мәжілісінің, Сенатының және маслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін жасырын дауыс беру жағдайында, лауазымына қарамастан, тек Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңы негізінде ғана өткіземіз. Бұдан да басқа қазіргі кездегі, өз егемендігімізді алғаннан бері дүниеге жаңа демократиялық институттар келіп, дами бастады. Солардың бірі - әкімшілік пен конституциялық әділеттілік, адам құқығы жөніндегі мемлекеттік ұйымдар, т. б.

3 Конституциялық құқықтық . Бұл тенденцияның басты өзегі әрбір демократиялық мемлекеттің Ұлттық конституциялық құқығының халықаралық құқықпен жақындасып, олардың арасындағы алшақтықтың бірте-бірте жойылуы. Жеке мемлекеттің конституциялық құқық мәселесіндегі айтарлықтай жетістіктері халықаралық деңгейде қорытындылап, олар халықаралық актілерге пактілер, конвенциялар, және т. б. түрінде енеді. Мұның өзі әрбір мемлекеттің ұлттық заңдарына тиісті демократиялық конституциялық құқықтық институттарды кіргізуге өз әсерін тигізеді деген сөз. Қазақстан Республикасының Конституциясындағы «Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару, талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолдалынады» (4 баптың 3-тармағы) және «барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады», - делінген тұжырымдар осының куәсі. Демек, біздің Ата заңымызда тікелей көрсетілмесе де, тек республика бекіткен халықаралық шарттар ғана өзіміздің құқықтық жүйелердің, құрамдас бөлігі деп есептеуімізге күмән жоқ. [4]

Мемлекеттік құқық ғылымында «конституция» термині материалдық және формальды негізінде түсіндіреді. Материалдық мәні ретінде конституция - бұл жазбалы акт, актілердің жиынтығы немесе констиитуциялық әдетғұрыптар. Мұндай материалдық мәнінде термин «конституция» өмірінде аз қолданылады. Көбінесе, біз мәнінде, яғни заң немесе заңдардың топтары ретінде, өзге нормативтік актілермен, заңдармен салыстырғанда оның ең жоғарғы күші бар екендігін түсінеміз. Демек, конституцияны бұл тұрғыда заңдардың немесе Ата заң деп түсінуіміз қажет.

Конституция түсінігін занды (юридикалық) конституция және нақтылы (фактически конституция жүктеулерінен ажыратуымыз қажет. Заңды конституция бұл қоғамдық қатынастарды реттейтін белгілі құқықтық нормалардың жүйесі. Нақтылы конституция болса, ол өмір өзегінен туындайтын қатынастар. Яғни, мұндай конституция өмірінен тығыз байланыста болып, одан алшақтамауы тиіс. Былайша айтқанда, ол өмір шындығы, өмір ақиқаты.

Сөйтіп қорыта келгенде, біз мынаны айтпақпыз. Қазақстан Республикасы - басқа ұлттық құқықтық қайнар көздеріне қарағанда ең жоғарғы заң күші бар, мемлекеттік және қоғамдық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқытарын бостандықтары мен міндеттерінің негздерін, сонымен қатар жергілікті өзин-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет принциптерін бекітетін және реттейтін мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы.

1. 2 Қазақстан Республикасы Конституциясының даму тарихы

Аталған мәселенің өзегін ашпастан бұрын жалпы конституциялардың нысаны (формасы) мен құрылымына тоқталғанымыз дұрыстау шығар. Заң әдебиеттері мен оқулықтарында көрсетілгендей, конституцияның нысаны - бұл конституцияның нысаны, алдымен оның бір немесе бірнеше нормативтік актілерден тұратындығымен анықталады.

Біртұтас және жалғыз конституциялық акті болып есептелінетін, мысалы, Германия, Испания, Ресей, Қазақстан Республикасынң конституцияларын айтсақ та жеткілікті. Ал бұлардан айрықша Швеция конституциясы үш нормативтік актілерден тұрады: 1974 жылғы басқару нысаны, онда мемлекеттік құрылыс негіздері, негізгі бостандықтар мен құқықтар және мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесі реттелген; 1810 жылғы мұрагерлік таққа отыру актісі және 1974 жылғы ақпарат құралдарының еркіндігі жөніндегі акт.

Егер Констиитуцияда, тұтас жазбалы акті ретінде бүкіл конституциялық мәні бар негізгі мәселелрдi қамтыса, онда оны (сұрапталған) деуімізге болады. Ал өзге жағдайда, айталық, жоғарыдағы мәселелер бірнеше актiлерде өз шешімін тапса, онда оны, керісінше, кодификацияланбаған деп есептейміз.

Кодификацияланған конституциялардың құрылымы белгілі бір қалыптардың түрлеріне сай келуі тиісті. Оның іргетасы преамбулдан (кіріспеден), негізгі бөлімнен (негізгі мазмұннан), қорытындылардан, өтпелі және қосымша ережелерден қалануы қажет. Әдетте, опреамбулаға конституцияның мақсаты жазылады, шығуының тарихи жағдайлары көрсетіледі, кей кездерде құқықтар мен бостандықтар немесе мемлекеттік саясаттың басты бағыттары айқындалады. Негізгі бөліміне азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, қоғамдық құрылыстың негізгі, мемлекеььік органдардың жүйелері мен мәртебесі, мемлекет рәміздері, конституцияны өзгерту тәртібі туралы нормалар енеді. Мемлекеттік органдардың мәртебесі туралы нормалар мемлекеттік биліктің бөліуі қағидаларына сәйкестіндіріліп орнықтырылады: көбінесе, алдымен парламент жөніндегі нормалар, одан кейін мемлекет пен үкімет басшылары, сот билігі және жергілікті мемлекеттік басқару нормалары.

Біздің осындай ой-өрісімізге дәлелді тиек ретінде 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясының құрылымындағы төмендегі бөліктерді атап өткенді жөн көрдік: 1) Қазақ КСР-нің қоғамдық құрылысы мен саясатының негіздері; 2) мемлекет және жеке адам; 3) Қазақ КСР-інің ұлттық мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымы; 4) Қазақ КСР-і халық депутаттарының Кеңестері және олар сайлау тәртібі; 5) Қазақ КСР-інің мемлекеттік өкіметі мен басқаруының жоғары органдары; 6) Қазақ КСР-індегі мемлекеттік өкімет пен басқарудың жергілікті органдары; 7) Қазақ КСР-інің экономикалық және әлеуметтік дамуының мемлекеттік жоспары. Қазақ КСРінің мемлекеттік бюджеті; 8) Сот төрелігі. Арбитраж және прокурорлық қадағалау, 9) Қазақ КСР-інің Елтанбасы, Туы, Гимні және астанасы; 10) Қазақ КСР Конституиясының қолданылуы және оны өзгерту тәртібі. Осы конституциялық бөлімдер құрылымдарының дұрыстығына көңіліміз толмай тұр. Оның себебі, біріншіден, Қазақ мемлекеті ұлттық-аймақтық бөліністерге ешқандай бөлінген жоқ. Сондықтан, Ата Заңның 3-бөлімінің атауы шын мәнінде әкімшілік-аумақтық құрылымы делінуі тиісті; екіншіден, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары, олардың міндеттері 2- бөлімдегі «жеке адам» тұжырымдарына енуі де бұрыстау сияқты .

Жаңа Конститция туралы мәселені көтерудің басты себебі - ол еліміздегі болып жатқан қоғамдық және мемлекеттік өмірдегі позитивтік елеулі өзгерістердің салдарынан республиканың қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаттарын баянды ету. Бәрімізге мәлім болғандай, КСРО-ның күйреп, саяси аренадан кетуі, сөйтіп, барлық, бұрынғы социалистік республикалардың орнына енді өз алдына тәуелсіз мемлекеттерге айналуы заңды процесс. Сөйтіп, социализмнің қоғамдық құрылысы түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Социалистік одақтас республикалардың орнына демократиялық, құқықтық, зайырлы әлеуметтік өмірге аяқ басқан тәуелсіз, егеменді мемлекеттер келді. Осындай елеулі құбылыстарды Негізгі заңда нақыштап белгілеу өмір заңы. 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессиясының 12 отырысында дүниеге жаңа Конституция келді. Оның басты желісі - дүниежүзілік қоғамдастықта жалпы адамгершілік принциптерді дамыту негізінде Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік және біртұтас мемелекет ретінде дүние жүзіне хабарлау. Алғашқы рет жаңа Ата заңның ең жоғарғы заңдық күші бар және оның нормалары тікелей қолданылады, - делінген. Сонымен қатар жаңа Ата заңда мемлекеттік тіл - қазақ тілі, орыс тілі - ұлттық қатынас тілі, - деп бекітілген. Басқа елеулі өзгерістерді бұрынғы Конституцияларды салыстырып тұжырымдағанда ғана білеміз. Сондықтан біз жаңа Конституцияның құрамдас бөлімдеріне тоқталғанды жөн көрдік. Ол 4 бөліктен (конституцияның преамбуласы (алғы сөзі) ; конституциялық құрылыстың негіздері; Ата заңның мәтіні; өтпелі кезең ережелері), 4 бөлімдерден (азамат, оның құқығы, бостандығы мен міндеттері; қоғам, оның курылысы негіздері; мемлекет, оның органдары мен институттары; конституцияны сақтау кепілдіктері) және 20 тараудан, 126 баптардан құралған. Мұнда азаматтардың құқықтық жағдайлары жөніндегі мәліметтер оқшауланып, бірінші бөлімде берілсе, ал мемлекеттер оның аппараттарры үшінші бөлімде қамтылған. Демек, адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттін ең қымбат қазынасы деген қағидаттан туындаған шығар. [5]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ата заңдарының тарихи - құқықтық сабақтастығының алғы шарттары
Қазіргі даму кезеңіндегі Қазақстан Республикасының конституциясы: 1993 - 1995 сабақтастығы мен айырмашылығы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясының мазмұны
Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдардағы Конституциялары
ХХ ғасырдағы Қазақстанның Конституциясылық дамуы
ХХ ғасырдағы Қазақстанның Конституциялық дамуының негізгі кезеңдері
Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Қазақстан Республикасының 1991-2000 жылдар аралығындағы саяси өмірі
1978-ші жылғы Қазақ ССР-нің Конституциясын, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясымен салыстырмалы зерттеу
Қазақстан Республикасы Президенті – мемлекет басшысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz