Табиғат қорғау және табиғи қорларды пайдалануды жақсарту жөніндегі стандарттар жүйесі
Батыс Қазақстан инновациялық - технологиялық университет
Реферат
Тексерген: Зиналиева М.З.
Орындаған: Нұратдинов Қ.Б.
2019 жыл
1. Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі.Е Қ С Ж
2. Өндірістегі еңбек қорғауды бақылау жолдары.
3. Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Еңбек қауіпсіздігі туралы стандарттар (ЕҚС). Еңбек қауіпсіздігі жүйесін жасап оны енгізу арқылы өндірісте жарақат алуды және кәсіптік ауыруларды азайтуға, адам денсаулығын сақтап, оның еңбекке қабілетін жақсартуға болады.
Еңбек қауіпсіздігі жүйесі бірнеше стандарттардан тұрады. Машиналар, приборлар, құрал-жабдықтар, материалдар, заттар жөніндегі көптеген стандарттар мен техникалық шарттарда қауіпсіздік туралы талаптар белгіленген. Мұндай стандарттарды жасауға Денсаулық сақтау министрлігі, мемлекеттік қадағалау органдары, өнеркәсіп және құрылыс министрліктері қатысады.
Еңбек қауіпсіздігі жүйесі мынадай іс-шараларды белгілейді: еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарының талаптары;
өндірістің қауіпті және зиянды факторларына койылатын талаптар мен нормалар;
өндіріс құрал-жабдықтары қауіпсіздігінің талаптары;
өндіріс процесі қауіпсіздігінің талаптары;жұмысшылардың қорғаныс құралдарына қойылатын талаптар; өндіріс ғимараттары мен құрылыстарына койылатын талаптар.
Стандарттарда өндірістің қауіпті және зиянды факторларының рұқсат етілген шекті параметрлері мен сипаттамалары белгіленеді, олардың түрлері, қорғану және бақылау әдістері көрсетіледі.Қауіпсіздік сақтау тәртіптері стандарттар мен техникалық шарттардың "Техникалық талаптар" бөліміне кіргізілген. Пайдалану, тасымалдау, сақтау қауіпсіздігінің талаптары, сондай-ақ, сол талаптардың орындалуын бақылау тәсілдері стандарттар мен техникалық шарттардың тиісті бөлімдеріне кіргізілген.
Шикізаттар, материалдар және химиялық заттардың стандарттарында бұл заттардың токсикологиялық (улы) қасиеттері, адам ағзасына әсері, жұмыс орнының ауасы мен суындағы руқсат етілген мөлшерлері, мұндай мөлшерлерді анықтау әдістері белгіленеді. Заттардың қауіпті және зиянды әсерінен жұмыскерлерді қорғаудың шаралары мен құралдары да стандарттармен беріледі.Өрт техникасына және өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптар да стандартта белгіленеді.
Еңбек қауіпсіздігі жүйесінің стандарттары ылғида жетілдіріліп, әрекеттегі стандарттар қайта қаралып, жаңа стандарттар жасалынып отырады. Еңбек қауіпсіздігінің қызметі әсіресе жаңа техниканы енгізумен байланысты кеңейе түседі. Мысалы, лазер қауіпсіздігі, робот қауіпсіздігі, роботтанған технология қауіпсіздігі, ионданған және инфрақызыл сәулелерден, гидравликадан, жоғары температура және жоғары қысым құралдарынан сақтану қауіпсіздігінің стандарттары.
Табиғат қорғау және табиғи қорларды пайдалануды жақсарту жөніндегі стандарттар жүйесі. Табиғатты қорғау және табиғи қорларды пайдалануды жақсарту жөніндегі стандарттар жүйесінің негізгі мақсаты - адам әрекеті мен қоршаған табиғи ортаның тиімді байланысын белгілеу. Адам мен табиғат арасында дұрыс әрекеттесу болған жағдайда ғана табиғат байлығын ұтымды пайдалануға, өндірістің дамуы мен қоршаған орта арасындағы тепе-теңдікті сақтауға болады. Стандарттаудың бұл жүйесінде бір-бірімен өзара байланысқан мемлекеттік стандарттардың жиыны бар. Бұл стандарттар қоғамның іс-әрекетінің табиғатқа, адам денсаулығына тигізетін зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Табиғат қорғаудың стандарттарына суды қорғау және пайдалану стандарты, атмосфераны қорғау стандарты, топырақты қорғау және пайдалану стандарты, жерді пайдалануды жақсарту стандарты, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау стандарты, жер беті көрінісін өзгертуді қорғау стандарты, жер қойнауын қорғау және пайдалану стандарттары жатады.
Стандарттарда табиғи объектілердің күй-жайын анықтаудың, ластаушы заттардың рұқсат етілген мөлшерін есептеудің тәсілдері, сондай-ақ, табиғи ортаны ластанудан сақтауға арналған қондырғылар мен құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар белгіленеді.
Сөйтіп, табиғатты қорғау мәселелері стандарттау жүйесінде маңызды орын алады. Табиғат қорғау жөніндегі стандарттарды әрі қарай жетілдіру кешенді стандарттау бағдарламасына сай жүргізіледі. Елді жерлердің ауасының, суының сапасын, көмір қышқыл газының және автокөліктерден бөлінетін көмірсутектердің мөлшерін тексеру әдістерінің стандарттары жүйелі түрде кайта қарастырылып отыруы тиіс. Стандарттауды жетілдіру жүйесіндегі тағы бір мәселе ауадағы, судағы, топырақтағы зиянды заттарды анықтаудың өте дәл инструменталдық әдістерін жасау болып табылады, сол арқылы табиғат байлығын сақтауға, қалпына келтіруге және үнемді пайдалануға тиімді жол ашылады.
3,4. Нарықтық экономикадағы еңбек жекелеген адамдардың, сонымен бірге тұтастай қоғамдастықтардың, немесе жалпы алғанда бүкіл мемлекеттің өмірінде өзінің әлеуметтік маңыздылығы бойынша ерекше орын алады. Қазіргі кезеңнің адамдары өз өмірінің басым бөлігін өз әл-ауқаттарының көзі болып табылатын дәл осы жұмысқа, еңбекке арнайды. Осыған орай еңбекті қорғаудың маңыздылығы арта түседі және неғұрлым дәл және толық зерттеп, зерделеуді талап етеді, соның ішінде, құқықтық ғылым тұрғысынан.
Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде қоғамдық қатынастардың айтарлықтай бөлігі құқық нормаларымен реттеледі. Дәл осы себептен, еңбекті қорғау құқықтық ұғымын анықтау осы мәселені қарастырудың маңызды аспекті болып табылады.
Заң әдебиетінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ұғымы, маңызы мен мазмұны мәселесіне аз көңіл бөлінбеген, бірақ әлі де болса бұл мәселені шешілді деп есептеуге болмайды. Бұл тіпті мүмкін де емес шығар. Техникалық үдерістердің дамуы қызметкерлердің денсаулығына теріс әсер ететін еңбектің жаңа технологияларының және құралдарының пайдаланылуына алып келеді. Теория мен практика өзара тығыз байланысты. Бір-біріне үнемі ықпал ете отырып, олар өзара өз мазмұндарын өзгертулері мүмкін. Соған сәйкес, бұл мәселе, яғни, еңбекті қорғаудың мазмұны туралы мәселе даму үстінде қарастырылуы тиіс.
Еңбекті қорғаудың маңызды белгілерін анықтау үшін Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ұғымының тек құқықтық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік тұрғыдағы мазмұнын анықтап алу дұрыс болады. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың әлеуметтік құбылыс екендігі ғылыми әдебиетте бірнеше мәрте атап өтілген және оны әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру еңбекті қорғау ұғымының заңдық аспектіде дамуына және оны тереңірек түсінуге септігін тигізетіндігі ешқандай күмән туғызбайды.
Әлеуметтік құбылыс ретіндегі еңбекті қорғауды еңбектің қолайлы жағдайларын жасауға, адамның өмірін, денсаулығын және жұмысқа қабілеттілігін сақтауға, еңбек қызметі салдарынан белгілі бір жарақаттар алған және денсаулығына зиян келтірілген қызметкерлерге жеңілдіктер мен өтемақылар беруге бағытталған мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың және азаматтардың қызметі ретінде сипаттауға болады, сондай-ақ бұл - еңбекті қорғау жөніндегі нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеуге бағытталған қызмет [1].
Зерттеліп отырған институттың қоғам өмірінің әр алуан салаларында бой көрсетуі туралы А.С.Макевкина да айтқан - еңбекті қорғау сондай-ақ экономика нысаны да болып табылады, өйткені ол белгілі бір қаржылық әлпетті де білдіреді. Мемлекеттік билік органдары әр түрлі саяси бағдарламалар әзірлейді, олардың зерттеу тақырыптарының аясына еңбекті қорғау да кіреді. Еңбекті қорғауға құқық нормативтік-құқықтық актілерде, әрі әр түрлі салалардың актілерінде бекітілген [2].
Еңбекті қорғаудың, яғни, нормативтерге сай еңбек шарттарының қамтамасыз етілу деңгейі, өндірістік жарақаттылық пен кәсіби аурулардың төмен көрсеткіштері көбінесе жалпы алғанда қоғамның өзінің осы категорияға деген көзқарасына байланысты болады. Қоғамда нақты кезеңде қолданылатын басымдықтар қозғалтқыш, қозғалыс көзі маңызына ие болады. Яғни, жоғарғы инстанцияларда (сатыларда) еңбек жағдайларын жақсарту саясатын жүйелі түрде жүргізу, мемлекеттік органдардың осы мәселеге мұқият көңіл бөлуі тиісті ережелердің қамтамасыз етілуінің және сақталуының деңгейін арттырудың елеулі кепілдіктерінің бірі болып табылады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қалай болғанда да, қоғамның әр индивидінің өмірінің бір бөлігі болып табылады. Барлық адамдар өз өмірінің ішінде бірнеше рет еңбек құқықтық қатынастарын, демек, еңбекті қорғау қатынастарын да өрбітеді. Мәселен, экономикалық белсенді халықтың саны, ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің есебі бойынша, 2008 жылы 8 415 000 адамды, 2009 жылы 8 457 900 адамды, 2010 жылдың 1 тоқсанында 8 555 500 адамды, 2010 жылдың 2 тоқсанында 8 620 300 адамды құраған, ал жұмыспен қамтылған халықтың саны 2008 жылы 7 857 200 адамды, 2009 жылы 7 903 400 адамды, 2010 жылдың 1 тоқсанында 8 029 300 адамды, 2010 жылдың 2 тоқсанында 8 116 500 адамды құраған [3]. Көрсетілген сандардың талдауы, жыл сайын экономикалық белсенді халықтың саны артып келе жатыр деген тұжырымға әкеледі.
ҚР заңнамасына сәйкес, ұйымдарда өндірістік практикадан өтіп жүрген жоғары немесе орта кәсіби білім беру мекемелері студенттерінің; бас бостандығынан айыруға үкім кесілген және еңбек етуге тартылған адамдардың, және т.б. еңбегі қорғалуы тиіс екендігін есепке алу қажет.
Сонымен бірге, еңбекті қорғаудың жалпы алғандағы қоғамның жай-күйіне айтарлықтай әсер ете алатындығын ерекше атап өткен жөн. Еңбектің қажетті жағдайларымен қамтамасыз етілмеген қызметкерлер, үнемі шамадан тыс жұмыс істеудің, шаршап-шалдығудың және жұмыспен байланысты проблемалар ауыртпалықтарының салдарынан өз денсаулықтарына, әрі тек денесінің ғана емес, сонымен қатар моральдық денсаулығына да көңіл бөле алмайды.
Денсаулық дегеніміз - адамның психикалық, дене және әлеуметтік әл-ауқаты. Ол адамның және жалпы алғандағы қоғамның ең үлкен құндылығы болып табылады. Еңбектің жағдайлары мен оны қорғауды жақсарту - еңбек етушілердің денсаулығын қамтамасыз етудің маңызды құралы [4].
Еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарға қоғамның экономикалық белсенді халқының барлық мүшелері дерлік тартылады, және оның едәуір бөлігі үшін еңбекті қорғаудың тікелей маңызы бар, сондықтан еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау институтының жағдайы олардың мінез-құлқын айқындайды, ал ол жалпы алғандағы қоғамның келбетіне, оның белсенділігіне үлкен әсер етеді.
Барлық құбылыстардың қандай да бір деңгейде өзара байланысты болатындығы белгілі. Бір категорияның жағдайының нашарлауы немесе қанағаттандырылмауы қалғандарына да теріс әсерін тигізеді. Мәселен, еңбекті қорғау жөніндегі мәселелер мен қатынастардың қанағаттандырарлықсыз реттелуі жалпы алғанда қоғамдық өзгерістерге әсер етуі мүмкін, және жақсы жағынан емес екендігі түсінікті.
Осылайша, еңбекті қорғау әлеуметтік құбылыс болып табылады, ол еңбекті қорғау институтының жеке алғандағы әр адамға және жалпы алғандағы бүкіл қоғамға қатысты болатындығынан және ықпалын тигізетіндігінен көрінеді.
Еңбекті қорғау қоғам өмірінің әр алуан салаларында бой көрсетеді, -мысалы, экономикада еңбекті қорғау қаржыландыру нысаны болып табылады, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шығындарға арнайы баптар бөлінеді. Еңбекті қорғау медицинамен аса тығыз байланысты. Ұйымдағы еңбекті қорғаудың жай-күйі қызметкердің денсаулығына тікелей әсер етеді. Медицинада қызметкерлердің денсаулық жағдайына қандай да бір өндірістік факторлардың жасайтын ықпалына, кәсіби аурулардың немесе жарақаттардың белгілі бір өндірістегі еңбек үдерісімен байланыстылығына көңіл бөлінеді.
Техникалық ғылымдарда қандай да бір машиналардың, техникалық құрылғылардың, жабдықтардың және басқа да өндіріс құралдарының қолданылуының әр түрлі ережелері әзірленеді, сондай-ақ бірлікте және өзара ықпалдастықта қарастырылатын адам-машина жүйесі зерделенеді.
Саяси тұрақтылық, өзге факторларды есептемегенде, сондай-ақ тиісті мемлекеттің аумағында еңбектің қалыпты жағдайларының қамтамасыз етілу деңгейіне де байланысты болады.
Кезінде Л.И.Левитин атап көрсеткендей, еңбекті қорғауды дамыту ісінде техникалық, жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар саласындағы, соның ішінде, тиісті қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің неғұрлым тиімді жолдары мен формаларын анықтауға, заңнаманы жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеуге, қандай да бір нормативтік актінің қабылдануының практикалық нәтижелерін зерттеуге тиіс заң ғылымы саласындағы зерттеу жұмысы маңызды роль атқарады [5].
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау институтын қарастыру барысында біз осы ұғымға еңбек құқығының басқа институттарына немесе құқықтың басқа салаларына жататын нормалар кіретіндігін анықтадық. Мұндай нормалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге қаншалықты бағытталғандығына немесе жәрдемдесетіндігіне байланысты еңбекті қорғау институтына жатқызылады. Көрсетілген нормалар қатынастарды реттейді, немесе құқықтың еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге (немесе жәрдемдесуге) бағытталған басқа салаларының зерттеу тақырыбы болып табылады.
Еңбекті қорғау институты салааралық институт болып табылады, себебі еңбек міндеттемелерін орындау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында пайда болатын қатынастарды реттеу, еңбек құқығының өзінен басқа, азаматтық, сақтандыру, қылмыстық, әкімшілік, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы және, әрине, конституциялық сияқты құқықтың бірнеше салаларын реттеудің зерттеу тақырыбы болып табылады.
Конституциялық құқықтың еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін нормаларының қатарына ҚР Конституциясының 24-бабының қауіпсіздік пен гигиенаның талаптарына сай болатын еңбек жағдайларына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz