Жабдықтау тізбегін басқару


БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Дипломдық жұмыста келесі белгілер мен қысқартулар қолданылды:
ЖТБ
ЖШС
SCM
Жабдықтау тізбегін басқару
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Supply Shain Management
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. ХХ-ХХІ ғасырлардың аралығы әлемдік экономиканың жаһандануы, трансұлттық қауымдастықтардың, бірлескен кәсіпорындардың, стратегиялық альянстардың және басқа да іскерлік серіктестіктердің санының ұлғаюымен сипатталады . Нарықтың осындай қарқындыдамуы, бизнестің жаһандануы, бәсекелестіктің қатаюы өнім сапасының жақсаруын және тұтынушыларге қызмет көрсету деңгейін жоғарылатуды талап етеді, осылайша логистика үшін жаңа тапсырмалар тудырады.
Нарықтық артықшылықтарын нығайту және бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін қазіргі заманғы кәсіпорындар шикізатпен жабдықтаудан бастап соңғы тұтынушыға қызмет көрсетуге дейінгі жабдықтау тізбегіндегі барлық процесстерді оңтайландыруы үшін тиімді шешім қабылдау қажет. Логистика мен жабдықтау тізбегінде жоғары тәукелділік, тұрақсыздық, қатаң бәсекелестік жағдайларында имитациялық модельдеуді қолдану тиімді басқарушылық шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Сондықтан, осындай имитациялық модельдеуге негізделген жабдықтау тізбегін басқару процесстерін құру және оптимизациялау өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Ғылыми жаңалығы. Логистикалық ақпараттық технологиялар мен бағдарламаларды енгізу сандық экономика үшін бірыңғай платформа мен құрылымның қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Пpактикалық маңыздылығы. Имитациялық модельдеу күрделі бизнес-процесстерді сипаттауға, мәселен, дағдарыс жағдайында жабдықтау тізбегіндегі экономикалық субьектілердің іс-әрекеттерін модельдеуге, компанияның саясатын қалыптастыруға, және ағымдағы жоспарлаудағы логистикалық қызметтің тиімділігін арттыру құралдарын таңдауға мүмкіндік береді.
Ғылыми мәселенің бүгінгі күйін бағалау. Қазіргі уақыттағы логистиканың жағдайы және даму құрылымы компьютерлік технологиялар енгізудің арқасында жылдам дамыды. Еуропалық жеткізу тізбегі менеджерлері өздерінің компаниялар үшін маңызды сандық мәселе тақырыбы SCM мен IT-интеграциясы екенін айтады. 2020 жылы еліміздегі жалпы ішкі өнімнің 4, 7% ақпараттық-коммуникациялық сектордың үлесінде болмақ. Ал аталмыш саланың еңбек өнімділігі 34% артады деп күтілуде. Бұл көрсеткіштер 2017 жылы қабылданған «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қол жеткізу көзделіп отыр.
Жұмыстың мақсаты. AnyLogic бағдарламасында логистикалық компанияның жабдықтау тізбегінің имитациялық моделін құру.
Жұмыстың міндеттері:
- AnyLogic бағдарламасында имитациялық модельдеудің негізін зерттеп білу;
- компанияның негізгі бизнес-процесстерін анықтау;
- имитациялық модель құруда бағдарламалық құралдарына салыстырмалы анализ жасау;
- логистикалық компанияның имитациялық моделін құру;
- тәжірибе жүргізу және қорытынды нәтижелерді сипаттау.
Зерттеу әдістері: AnyLogic бағдарламасындағы жүйелік динамика әдісі және агенттік модельдеу.
Практикалық негізі. Дипломдық жұмысындағы зерттеулер «Метал-М» ЖШС негізінде жүргізілді.
- Жабдықтау тізбегін басқарудың және имитациялық модельдеудің теориялық негіздеріЖабдықтау тізбегін басқарудың қалыптасуы мен тұжырымдамасының эволюциясы
ЖТБ (жабдықтау тізбегін басқару) түсінігі, немесе SCM (Supply Chain Management), XX ғасырдың 90 жылдарынан бастап индустрияландырылған мемлекеттерде кеңінен қолданыла бастады. Жабдықтау тізбегі негізінен материалдық ағынмен байланысты, ол бірнеше өндірістік және логистикалық ұйымдардан тұратын буындардың жиынтығы. Ол жабдықтаушылардан шикізат немесе дайын материалдарды сатып алудан басталады, бірақ тек тұтынушыларға дайын тауарлар мен қызметтерді сатумен ғана аяқталмайды. Қазіргі заманауи жабдықтау тізбегіне сондай-ақ сатудан кейінгі қызмет көрсету, реверсивті және утилизацияланған логистика сияқты функционалды қызметтер кіреді.
Сонымен, ЖТБ - бұл жабдықтаушылардың, өндірушілердің, делдалдардың және сатушылардың тиімді интеграциясын қамтамасыз ететін басқару тәсілдері мен ақпараттық құралдар кешені. Нарықтың талаптарын және тұтынушыларға қызмет көрсету сұрауларын ескере отырып, дәл осындай логистикалық ұйым қажетті өнімнің қажетті уақытында қажетті орынға төмен шығындармен жеткізуін қамтамасыз етеді.
SCM-нің дамуының 5 кезеңдерге бөліп қарастырсақ болады (Кесте 1) :
Кесте 1.
Жабдықтау тізбегін басқару тұжырымдамасының эволюциясы.
1-кезең.
Supply Chain Management теориясының қалыптасуы
2-кезең.
Supply Chain Management теориясының логистикадан бөлінуі
1-кестенің жалғасы
3-кезең.
Supply Chain Management-тің классикалық тұжырымдамасының қалыптасуы
4-кезең.
SCM теориясының дамуының заманауи кезеңі
5-кезең.
SCMтеориясы мен практикасының дамуы
Жабдықтау тізбегі - шикізат көзінен бастап соңғы тұтынушыға дейінгі материалдық, қаржылық, ақпараттық ағымдарда өзара әрекет етуші ұйымдардың (өндірушілер, қоймалар, дистрибьюторлар, 2PL ÷ 5PL провайдерлер, экспедиторлар, көтерме және бөлшек сауда) жиынтығы.
1PL (First Раrtу Logistics) - барлық логисткиалық функцияларды тауардың иесі болып табылатын тек бір компания жүзеге асырады. Бұл автономды логистика болып табылады.
2PL (Second Раrtу Logistics) - бұл аутсорсингтің қарапайым формасы, яғни сыртқы компания тасымалдау және қойманы басқару бойынша қызметтерді ұсынады.
3PL (Third Party Logistics) - аутсорсингтің неғұрлым дамыған формасы. Мұнда мамандандырылған логисткиалық компания стандартты логистикалық қызметтермен қоса, тұтынушыға қосымша функционалды логистикалық қызметтерді ұсынады.
4PL (Fourth Раrtу Logistics) жабдықтау тізбегіне қатысатын компаниялардың интеграциясын білдіреді. 4PL провайдер жабдықтау тізбегіндегі барлық компаниялардың логистикалық процесстерін басқарады.
5PL (Fifth Party Logistics) - бұл заманауи ақпараттық платформа құралымен жүзеге асырылатын 4PL провайдерінің дамыған түрі.
Жабдықтау тізбегінің келесідей ерекшеліктері бар:
- Тізбекке қатысушылардың заңды тәуелсіздігі;
- Фокусты компанияның болуы, яғни соңғы тауарды немесе қызметті жүзеге асыратын компания.
- Жабдықтаушылар мен клиенттер арасындағы кооперативті және үйлесімді байланыс;
Жабдықтау тізбегінің құрылымы келесідей болады (Cурет 1) :
Cурет 1. Жабдықтау тізбегінің құрылымы.
Ескерту - [] әдебиет негізінде автормен құрастырылған
Жабдықтау тізбегін басқару оның қатысушылары арасында келесі бизнес-процесстердің интеграциясы ретінде қарастырсақ болады:
- тұтынушылармен қарым-қатынасты басқару;
- тұтынушыларға қызмет көрсету;
- сұранысты басқару;
- тапсырысты орындауды басқару;
- өндірісті басқару;
- жабдықтауды басқару;
- өнімді коммерциялық мақсатта қолдануға дайындау;
- қайтарылатын материалдық ағындарды басқару.
Тұтынушылармен қарым-қатынасты басқару. Жабдықтау тізбегін тиімді басқарудың алғашқы қадамы - негізгі тұтынушылық топтардықұру, яғни кәсіпорын табысына елеулі әсер ететін тұтынушылар. Тұтынушылармен әрекеттесу нарықтық сұранысты нақты болжауға және қызмет көрсету сапасын жоғарылатуға көмектеседі.
Тұтынушыларға қызмет көрсету тараптарға өнімнің артықшылықтары туралы, өнімдердің қолжетімділігі менжоспарланған жеткізу күндері туралы ақпаратты беруге және алуға мүмкіндік береді.
Сұранысты басқару тұтынушылар тапсырыстарының тұрақсыздығын ескергенде жабдықтау тізбегін басқарудың негізі болып табылады. Сұранысты басқару тұтынушылар қашан және қанша мөлшерде сатып алатындығын анықтайды. Жабдықтау тізбегін басқарудағы заманауи ақпараттық жүйелер өндіріс пен тұтынушылар сұранысын синхрондауға және материалды ағындарды тиімді басқаруға көмектеседі.
Тапсырыстарды орындауды басқару. Жабдықтау тізбегін тиімді басқарудың тағы бір алғышарты - өндірісті, таратуды және тасымалдауды жоспарлаудың интеграциясы арқылы тапсырысты дәл уақытында жеткізу. Осы мақсатта жабдықтау тізбегіне қатысушылар мен жеткізушілермен серіктестік қатынсатарды дамыту қажет. Бұл тұтынушылардың талаптарын барынша қанағаттандыруға және оны жеткізудің шығындарын төмендетуге көмектеседі.
Өндірісті басқару. Өндірісті басқарудағы логистикалық тәсілі шикізаттың дәл уақытында, қажетті мөлшерді жабыдқтауын және материалдық, еңбек ресурстаны тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.
Жабдықтауды басқару. Кәсіпорында материалды жабдықтау процессі шикізат пен материалды сатып алуын, сонымен қатар өндіріс процессін қамтамасыз етуін, материалдық ресурстарды басқаруын, және кооперациялық байланыстарды (жабдықтауды, қойманы, ғимаратты жалға алу, аутсорсинг) ұйымдастыруды талап етеді.
Өнімді коммерциялық мақсатта қолдануға дайындау неғұрлым қысқа мерзімде жүзеге асырылуы қажет, себебі тек осы жағдайда ғана компания бәсекеге қабілетті бола алады. Өндірістік процесс пен жаңа өнім дайындау процесстерінің сәйкестігін қамтамасыз ету үшін бірге стратегиялық жоспарды әзірлейді. Негізгі жабдықтаушылармен ұзақ мерзімді серіктестік орнатылады. Өнімді дайындаудың бастапқы кезеңдерінде сенімді жабдықтаушыны тарту жаңа өнімдерді әзірлеуге қажет уақытты төмендетуге көмектеседі.
Қайтарылатын материалдық ағындарды басқару (реверсивті логистика) . Дәстүрлі тәсілде реверсивті логистика жабдықтау тізбегіндегі өнімге құндылық қоспайды және ритейл мен өндірушілерге қосымша шығын әкеледі деп есептелінеді. Алайда, жабдықтау тізбегінде қайтарылатын ағындарды басқару кәсіпорынның бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Жабдықтау тізбегіндегі логистикалық делдалдарға келесілер жатады: экспедиторлар, тасымалдаушылар, кедендік брокерлер, агенттер, және т. б. Сонымен қатар, жабдықтау тізбегіне институционалды контрагенттер де қатысады - кедендік қызмет, бақылау органдары, банктер, ақпараттық қызмет компаниялары, жарнамалық компанияла, және т. б. Жабдықтау тізбегінің буындарының санына байланысты үш деңгейге бөліп қарастырсақ болады:
- тік жабдықтау тізбегі;
- кеңейтілген жабдықтау тізбегі;
- максималды жабдықтау тізбегі.
Тік жабдықтау тізбегі үш қатысушылардан тұрады: жабдықтаушы, фокусты компания, сатып алушы. Жабдықтау тізбегінің құрылымын және контрагенттердің қатынастарын фокусты компания анықтайды.
Кеңейтілген жабдықтау тізбегі қосымша жабдықтаушылар мен екінші деңгейлі тұтынушыларды қосады (Сурет 2) :
Сурет 2. Кеңейтілген жабдықтау тізбегі.
Ескерту - [] әдебиет негізінде автормен құрастырылған
Максималды жабдықтау тізбегі фокусты компания және оның барлық контрагенттерінен, сонымен қатар, жабдықтаушылардан, тұтынушылардан тұрады (Сурет 3) :
Сурет 3. Максималды жабдықтау тізбегі.
Ескерту - [] әдебиет негізінде автормен құрастырылған
Жабдықтау тізбегіндегі логистикалық бизнес-процесстердің көрсеткіштердің тиімділігін бағалау кестеде көрсетілген атрибуттарға негізделген (Кесте 2) :
Кесте 2.
Жабдықтау тізбегінің атрибуттары.
- жеткізу графиктерін орындау;
- клиенттердің қанағаттандырылған коэффициенті.
- тапсырысты орындау уақыты;
- логистикалық циклдің ұзақтығы.
2-кестенің жалғасы
- қойма жабдықтарының өнімділігі;
- көлік құралдарының өнімділігі;
- ақпараттық жүйелердің өнімділігі.
- Тауар сатылымының көлеміндегі жалпы шығындар.
- Жабдықтау тізбегін басқарудағы жалпы шығындар.
- Қойма басқарудағы шығындар.
- Қайтарылымдар мен қалдықтарды басқарудағы шығындар.
Сұранысты қанағаттандыру үшін активтерді басқарудағы логистиканың тиімділігі.
Барлық активтерді басқаруды қосады: негізгі капитал және айналым капиталы.
- Ақшалай қаражаттың айналым циклінің ұзақтығы.
- Жабдықтаудағы қорлар.
- Актив айналымдарының саны.
Кестеде көрсетілген көрсеткіштер жабдықтау тізбегіндегі логистикалық бизнес-процестердің тұтынушыға бағытталған сыртқы және логистикалық активтерге байланысты ішкі факторлардың тиімділіктерін сипаттайды.
Көптеген мамандар жабдықтау тізбегін басқарудың пайда болуы мен дамуы өндірістік қуаттарды ұтымды пайдалану қажеттілігімен байланыстырады. Жабдықтау тізбегін басқаруға мүмкіндік болмағандықтан, кәсіпорындар шикізаттық, материалдардық қорларын ескере отырып, өндірісті жоспарлауға мәжбүр болды, өйткені жеткізу процестері жеткізушілермен немесе тұтынушылармен синхрондалмаған. Кейіннен пайда болған корпоративтік ақпараттық жүйелер және интернет технологиялары жеткізу тізбегінде процестерді үйлестіру тиімділігін арттырды. Жабдықтау тізбегінің құрылымы күрделене бергендіктен, оны басқару және процесстерін оптимизациялау үшін олардың моделін құру қажеттілігі пайда болды.
Жабдықтау тізбектерінде имитациялық модельдеуді қолданудың мәні сандық және сапалық нәтижелерді алу болып табылады. Талдау нәтижелері бойынша алынған сапалы қорытындылар зерттелетін кешенді бақылау жүйесінің бұрын-соңды белгісіз қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді: оның құрылымы, даму динамикасы, тұрақтылығы, тұтастығы және басқалар. Сандық қорытындылардың маңызы, негізінен, зерттелетін жүйені сипаттайтын айнымалылардың өткен мәндерін түсіндіру немесе болашағын болжау болып табылады.
- Имитациялық модельдеудің түсінігі, қолдану аясы мен мақсаты, артықшылықтары
Имитациялық модельдеу - бұл әртүрлі күрделі жүйелердің математикалық модельдерімен компьютерді пайдалану арқылы эксперимент жүргізуге бейімделген сандық әдіс. Имитациялық модельдеу күрделі бизнес-процесстерді сипаттауға, мәселен, дағдарыс жағдайында жабдықтау тізбегіндегі экономикалық субьектілердің іс-әрекеттерін модельдеуге, компанияның саясатын қалыптастыруға, және ағымдағы жоспарлаудағы логистикалық қызметтің тиімділігін арттыру құралдарын таңдауға мүмкіндік береді. Мұндай проблемаларды шешу ағымдағы шешімдер мен кейінгі оқиғалардың динамикалық өзара тәуелділігін есепке алу қажеттілігіне байланысты. Модельдеу қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді түрде қолданатын логистикалық компанияларда негізгі басқару шешімдерін қабылдаудың міндетті кезеңі болып саналады. Бұл компаниялар стратегиялық шешім қабылдауды жеңілдетуге көмектесетін жүйелік менеджерлерді тартады, олар модельдерді және қазіргі заманғы модельдеу жүйелерін пайдалануға негізделген құралдар болып табылады.
Имитaциялық мoдeльдeудің қoлдaну aяcы:
- жaбдықтaу тізбeгін бacқapу;
- өндіpіcтік ceгмeнт;
- құpылыc;
- қoймaны бacқapу;
- тacымaлдaу;
- жoбaлapды бacқapудa;
- бизнec-пpoцecтep;
- мұнaй-гaз caлacы.
Бұл әдісті қолданудың негізі ретінде компьютер арқылы іске асырылатын арнайы модельдеуші алгоритм пайдаланылады. Осы алгоритм, қарастырылып отырған күрделі жүйенің элементтерінің күйін, олардьщ бір-бірімен байланыстарын және әртүрлі кездейсоқ ауытқулардың әсерін ескере отырып, модельдеуге тиіс. Ал осы әртүрлі ауытқу факторларын бейнелеу үшін кездейсоқ сандар қолданылады.
Осы кездейсоқ сандардың көмегімен неше түрлі ықтималдық заңдылықтарына бағынышты кездейсоқ шамалар, кездейсоқ процестер немесе кездейсоқ ағьндарды компьютермен модельдеуге болады.
Айта кететін тағы бір жәй, осы модельдеуші алгоритм, зерттеліп отырған жүйелерде өтіп жатқан процестерді сипаттаған кезде, олардың әрбір қарапайым қадамын оның логикалық сұлбасына және уақыт тізбегіне сәйкес бейнелеуі қажет.
Соныменен, модельдеуші алгоритм, алғашқы берілген деректерді пайдаланьш зерттеліп отырған процестердің, уақыттың әртүрлі мезгілдеріндегі, жағдайын болжауға мүмкіншілік береді.
Имитациялық модельдеудің негізгі артықшылықтарының бірі, онымен зерттелетін күрделі жүйелер әр тәнді элементтерден тұра алатындығы. Мысалы, олардың бірі үздіксіз әрекетті болса, екіншісі дискретті бола алады. Екіншіден, бұл элементтер көптеген күрделі мәнді ауытқулардың әсеріне ұшырауы, немесе оларда өтіп жатқан процестер өте күрделі және шиеленіскен өрнектермен бейнеленуі де мүмкін. Мұндай модельдеу ешқандай арнайы құралдар мен қондырғылар жасауды да қажет етпейді. Сонымен қатар, имитациялық модельдеу кезінде зерттеліп отырған жүйелердің бастапқы шарттары мен әртүрлі параметрлерінің мәндерін оңай өзгертуге болады.
Логистикалық тапсырмаларды модельдеу келесі жағдайларда қолданылады:
- логистикалық басқару жүйесін зерттеу міндеті толық немесе дұрыс тұжырымдалмаған кезде;
- аналитикалық әдістер болған кезде, бірақ математикалық процедуралар күрделі және уақытты қажет еткен жағдайда;
- шынайы жағдайда құбылыстарды бақылау мүмкін болмаған кезде;
- күрделі жүйедегі жаңа жағдайларды зерттеуде;
- логистикалық басқару жүйесін болжауда.
Имитациялық модельдеудің келесідей тәсілдері бар:
- дискретті-оқиғалық модельдеу;
- жүйелік динамика;
- агенттік модельдеу.
Текст кос Мади бос болмау керек
Төменде имитациялық модельдеудің тәсілдері көрсетілген (Сурет 4) :
Сурет 4. Имитациялық модельдеу тәсілдері.
Ескерту -[41] әдебиет негізінде автормен құрастырылған
Жүйелік динамика - 1950 жылдың соңында Джей Форрестердің зерттеуінің нәтижесі болып табылады. Бұл зерттеулер кәсіпорынның ішкі факторларының (ұйымдастырушылық құрылымының) тәуелділігін және компания қызметінің тиімділігінзерттеуге бағытталған. Бұл әдісте процесстер дифференциалдық теңдеулерге негізделіп сипатталады, көбінесе динамикадағы күрделі жүйелерді зерттеуге қажет. Мұндағы жеке элементтер тек бүкіл жүйе жұмысының шеңберінде ғана қарастырылады, және элементтер арасындағы байланыстарды зерттеуге ерекше назар аударылады. Жүйелік динамикада тұрғысынынан қарастырғанда, жүйе өзара әсер етуші кері байланыстардың жиынтығы ретінде қарастырылады. Бұл тәсілмен құрастырылған модель сандық агрегатты көрсеткіштермен жұмыс істегендіктен, элементтердің жеке сипаттамалары ескерілмейді. Сондықтан, осы әдіспен жұмыс істегенде үшін жүйенің тек глобалды тәуелділігін ғана ескеру қажет. Жүйе динамикасы - жүйенің жоғарғы деңгейлі көрінісі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz