Халықаралық медиа нарықтағы ақпараттық биліктің рөлі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИА НАРЫҚТАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ БИЛІК

(«ӘЛ-ЖАЗИРА» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ҮЛГІСІМЕН)

Орындаған:

Жұматай А. Б.

Ғылыми жетекшісі:

Мысаева Қ. Н., ф. ғ. к, доцент

Алматы 2018

Қосымша 1

Ғылыми жұмыс аннотациясы

Атауы: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИА НАРЫҚТАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ БИЛІК

(«ӘЛ-ЖАЗИРА» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ҮЛГІСІМЕН)

ЖОО: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

УДК (ӘОЖ) :

Жұмыстың аяқталуы: 2018 жыл

Жұмыс көлемі: 30 бет

Қосымшалар:

Кестелер: 1 бет

Пайдаланылған әдебиеттер саны: 12

Негізгі әдебиеттер: 10

Қосымша әдебиеттер: 2

Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері.

Біріншіден, ақпараттық билік ұғымына жан-жақты анықтама беру. Екіншіден, халықаралық медиа нарықта жетекші орынға ие «Әл-Жазира» телеарнасының тәжірибесімен ақпараттық және саяси биліктің рөлін айқындау. Үшіншіден, зерттеуші-мамандар пікіріне сүйене отырып, арабтық медиа кеңістіктегі сөз бостандығының алғышарттарын атап көрсету. Төртіншіден, үгіт-насихат, психологиялық шабуыл және ақпараттық қауіпсіздіктің журналистикада қолданылу тәсілдеріне көңіл бөлу. Бесінші, «араб көктемі» жағдайында әлемдік БАҚ-тың хабар тарату үлгісі мен Қазақстандағы медиа байланысына жіті көңіл бөлу. Алтыншы, ақпараттық биліктің қауқарын зерттеп, қоғамдық пікір қалыптастыру.

Ғылыми жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі.

Қазақстандық және халықаралық медиа нарықтағы ақпарат тарату үлгісіне маманданған ғалымдардың зерттеулеріне, тәуелсіз тілшілер мен блогерлердің мақалаларына, соның ішінде Шафель Əли Шаиф Хусейн, Е. Л. Вартанова, Ю. К. Суворова, Амер Маан сынды шетелдік, Б. Сейдахметова, Н. Сұлтанмұратов, Ж. Батырбекұлы, Ғ. Боқаш сынды тағы да басқа отандық зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып жазылды.

Ғылыми жұмыстың нәтижесі.

Журналистика саласында еңбек етіп жүрген бірқатар зерттеушілердің пікірін негізге ала отырып, нақты дәлелдер келтірілді. Араб медиа нарығындағы саяси биліктің ықпалын мысалға келтіру арқылы, отандық БАҚ-тағы ақпараттық қауіпсіздік деңгейі анықталды. Халықаралық журналистика жетістіктерін салыстыра отырып, жаһанданудың жаңа кезеңінде тұрған Қазақстанның хабар таратудағы орны қарастырылды.

Ғылыми зерттеу құжаттары: жоқ

Ғылыми мақала авторы: А. Жұматай

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИА НАРЫҚТАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ БИЛІК

(«ӘЛ-ЖАЗИРА» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ҮЛГІСІМЕН)

Түйіндеме

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Шетелдік БАҚ-тағы ақпараттық биліктің рөлін араб медиасының жарқын үлгісі «Әл-Жазира» телеарнасын мысалға алып, зерттеу жүргізу. Журналистикада үгіт-насихаттың қолданылуы, кез келген оқиға жайлы тың жаңалықтың берілу тәсілдерін қарастыру. Халықаралық медиа нарықтағы және отандық журналистикадағы ақпараттық қауіпсіздік деңгейін салыстыру.

Тақырыптың өзектілігі.

Халықаралық медиадағы үгіт-насихат, психологиялық шабуыл мемлекеттің ішкі жəне сыртқы жағдайына нұқсан келтіретін құралдар. Ғаламдастыру үрдісіне сай «ақпараттық қоғам» қалыптасып, аталған құралдар қатары жаңалықпен толықты. Демек, екі немесе өзге де ел арасындағы жағдайларды халыққа жеткізу барысында баспасөздің рөлі айрықша. Осы ретте арабтық «Әл-Жазира» телеарнасының хабар тарату үлгісі отандық журналистикадағы ақпараттық қауіпсіздік үшін маңызды. Заман талабына сай, ақпараттық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі ретінде қалыптасты.

Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері.

  1. Ақпараттық билік ұғымына жан-жақты анықтама беру.
  2. Халықаралық медиа нарықта жетекші орынға ие «Әл-Жазира» телеарнасының тәжірибесімен ақпараттық және саяси биліктің рөлін айқындау.
  3. Зерттеуші-мамандар пікіріне сүйене отырып, арабтық медиа кеңістіктегі сөз бостандығының алғышарттарын атап көрсету.
  4. Үгіт-насихат, психологиялық шабуыл және ақпараттық қауіпсіздіктің журналистикада қолданылу тәсілдеріне көңіл бөлу.
  5. «Араб көктемі» жағдайында әлемдік БАҚ-тың хабар тарату үлгісі мен Қазақстандағы медиа байланысына жіті көңіл бөлу.
  6. Ақпараттық биліктің қауқарын зерттеп, қоғамдық пікір қалыптастыру.

Ғылыми жұмыстың жаңалығы. Араб медиа нарығындағы саяси биліктің ықпалын мысалға келтіру арқылы, отандық БАҚ-тағы ақпараттық қауіпсіздік деңгейі анықталды. Шетелдік медиа нарықта жетекші орынға ие «Әл-Жазира» телеарнасының тәжірибесімен ақпараттық және саяси биліктің рөлі қарастырылды. Белгілі зерттеуші-мамандар еңбектерін негізге ала отырып, ақпараттық кеңістіктегі сөз бостандығының алғышарттарына жіті назар аударылды.

Ғылыми жұмыстың нысаны. Халықаралық медиа жүйедегі ақпараттық биліктің түрлері және оның ықпалы.

Ғылыми жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Отандық және халықаралық медиа нарықтағы ақпарат тарату үлгісіне маманданған ғалымдардың зерттеулеріне, тәуелсіз тілшілер мен блогерлердің мақалаларына, соның ішінде Шафель Əли Шаиф Хусейн, Е. Л. Вартанова, Ю. К. Суворова, Амер Маан сынды шетелдік, Б. Сейдахметова, Н. Сұлтанмұратов, Ж. Батырбекұлы, Ғ. Боқаш сынды тағы да басқа отандық зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып жазылды.

Ғылыми жұмыстың құрылымы. Ғылыми жұмыс 30 беттен, яғни кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе5

1. І тарау. Халықаралық медиа нарықтағы ақпараттық биліктің рөлі

  1. «Әл-Жазира»: тарихтағы таспадан6
  2. «Әл-Жазира»: рупор, әлде соғыс?. . 8
  3. Араб көктеміндегі «Әл-Жазира»11

2. ІІ тарау. Ақпараттық билік және сөз бостандығы

2. 1. Билік етудің әдіс-тәсілдері: ақпараттық билік19

2. 2. Мемлекеттің саяси құрылымының сөз

бостандығына ықпалы20

2. 3. Тəуелсіз БАҚ-тың ерекшеліктері жəне маңызы23

2. 4. «Әл-Жазира»: үміт пен күдік24

3. Қорытынды27

4 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі28

5 Қосымшалар29

Кіріспе

Бұл ғылыми жұмысымда халықаралық медиа жүйедегі ақпараттық биліктің түрлері және оның ықпалы туралы ұғым-түсініктер теориялық және тәжірибелік тұрғыда айтылады. Сонымен қатар, зерттеуші-мамандар еңбектері арқылы медиа кеңістіктегі сөз бостандығының маңызы жайлы сөз қозғалады.

Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор. Мемлекеттің ақпараттық деңгейі жоғары болса, елдің экономикалық жағдайы құлдырамайды. Ал жаңалықты тыңнан түрен салып тарату, нақты дәлелдер арқылы креативті ойлауды қалыптастыру - ақпараттық биліктің қолында.

Отандық журналистика күн санап жанданып келеді. Заман талабына сай, ақпараттық дәуірде өмір сүрген қоғам үшін медиа нарықтың дамуы маңызды. Үгіт-насихат, психологиялық шабуыл мемлекеттің ішкі жəне сыртқы жағдайына нұқсан келтіретін құралдар. Ғаламдастыру үрдісіне сай «ақпараттық қоғам» қалыптасып, аталған құралдар қатары жаңалықпен толықты. Демек, екі немесе өзге де ел арасындағы жағдайларды халыққа жеткізу - ақпараттың теңдессіз нәтижесі. Тарихты тұлға жасаса, тілшілердің ақпараты резонанс туғызуы мүмкін. Осы ретте араб елдерінде орын алған оқиғалар мен белді телеарна «Əл-Жазираның» хабар тарату үлгісі сөзімізге дəлел.

Ұлттық қауіпсіздікпен тең ақпараттық қауіпсіздіктің күшеюі қазіргі кезеңде маңызды болып отыр. Демек, шетелдік медиа нарықтағы ақпараттық қауіпісіздіктің сақталуын, бұқаралық ақпарат құралдарына биліктің ықпалын негізге ала отырып, қазақстандық медиа жүйенің дамуына үлес қосуымыз қажет. Шетелдік медиада жетекші орынға ие «Әл-Жазира» телеарнасының хабарларын негізге ала отырып, ақпараттық және саяси биліктің рөлін айқындау және жақсы қырын отандық БАҚ-та қолдану ғылыми жұмысымның басты мақсаты. Жаһандану кезеңіндегі жаңа Қазақстанның дамыған мемлекеттер қатарына қосылуы үшін отандық журналистика мамандары да елеулі үлес қосуда. Ақпараты мықты, ойы жүйелі қоғамның жағдайы да өзгеден биік тұрады. Демек, медиа нарықтағы ақпараттық биліктің жүйелі әрекеті ұлттық қауіпсіздікті сақтайды. Халықаралық медиа нарықтағы және отандық журналистикадағы ақпараттық қауіпсіздік деңгейін салыстыру арқылы жазылған ғылыми жұмыс оқырманға саясат пен ақпараттық биліктің маңызы жайлы хабар беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратыны сөзсіз.

5

І тарау. Халықаралық медиа нарықтағы ақпараттық биліктің рөлі

1. 1. «Әл-Жазира»: тарихтағы таспадан

Қоғам арасында қандай да бір таптаурын ой қалыптастырып, тұшымды хабар беру телевидениенің бір қызметіне жатады. Қызметтен бұрын, қуаты десек те болар. Бұл ретте араб ақпарат əлемінде қос тілде хабар тарататын «Əл-Жазира», «Əл-Арабия» телеарналары жетекші рөлге ие болды. Катардың астанасы Доха қаласында орын тепкен «Әл-Жазираның» алғаш телеарна ретінде құрылу тарихы да ерекше. Араб елін дүр сілкіндіретін арна ашуды франк-израилдік ағайындылар Давид пен Жан Фридман көздеді. Олардың тың телеарна ашуына жақын туыс саналған Ицках Рабиннің өмірі себеп болды. 1995 жылы жазушы, саясаттанушы және әскери шенді Ицках Рабин Тель-Авивтегі халық көтерілісінде үш жерден оқ тиіп, қаза болады. Израильдің алтыншы және он бірінші премьер-министрі қызметін атқарған Рабинді «Осло» оқиғасына байланысты Игаль Амир есімді студент өлтіреді. Цивилизациялық кезеңді артқа тастаған барша мемлекет басшыларын дүр сілкіндірген жағдайдан соң Давид және Жан Фридман оқиғаны зерттеуге бағытталған телеарнаның негізін қалады. Араб халқы мен еврейлер үшін маңызы зор жаалықтар бөлімін құрып, тек қана нақты, дәл хабар тарататын тілшілерді іздеді. Алғашқы мақсат бойынша, Фридмандар телеараның саясаттан алшақ болғанын қалады. Алайда, 1995 жылы Катар басшылығына мұрагерлік жолмен Хамад бен Тамер əл-Танидің келуі жағдайды өзгертті. Ол өз елін дүние жүзі халықтарына ақпарат арқылы танытқысы келді. Билікте ықпалды басшы ағайындылардың ойын жалғастырды. Фридмандар қаңқасын құраған телеарна үшін барлық мүмкіндіктерге жол ашты. Дәл сол уақытта британдық «Би-Би-Си» телеарнасының ресми шешімімен 1996 жылы араб тіліндегі редакция жабылды. Мұны сəтті пайдаланған Шейх «BBC Arabic Service» тілшілерін тəуелсіз телеарна ашып, бірігіп жұмыс істеуге шақырады. Ақпарат министрлігі хабардар болған соң, Шейх жаңа телеарнаның атын «Əл-Жазира» деп атады. Арна атауы араб тілінен аударғанда «арал», «түбек» деген мағынаны білдіреді. Ал жаңа арнаның президенті болып шейх Хамад бен Тамер əл-Танидің немере ағасы сайланды. Араб ақпарат тарихына серпіліс əкелген телеарна 1996 жылы 7 қарашада алғаш эфирге шықты. Ақпарат құралдарының хабарлауы бойынша, шейх бұл телеарнаға жылына 30 миллион доллар көлемінде қаржылай көмек көрсеткен. Елдегі жиі орын алатын оқиғалар жайлы ақпарат ағылшын тіліндегі редакция арқылы əлемнің 31 мемлекетіне хабар таратады [1] .

ХХ ғасырдың соңында негізі қаланған «Әл-Жазираның» әр жылдардағы бағыты сан түрлі. Алғашқыда арнадан əлем жаңалықтары, аналитикалық материалдар, ток-шоулар, деректі фильмдер көрсетілді. Ал Фридмандар әулетінен билікті қолға алған Шейхтің тұсында телеарнаның бағдарламалар саны артып, рейтингі жоғарылады. Сол кезде ашылған бірнеше танымдық бөлімдер бүгінгі күнге дейін бар.

6

Олар төмендегідей:

• Al Jazeera - араб тілінде халықаралық жаңалықтарды тарататын бөлім;

Al Jazeera Documentary Channel - араб тіліндегі деректі фильмдерді

көрсететін бөлім;

Al Jazeera Sports - араб тілінде спорттық жаңалықтарды көрсететін бөлім;

Al Jazeera Mobasher - араб тілінде саяси шолу, мінбердегілердің жобаларын көрсететін бөлім;

Al Jazeera Childrens Channel - араб тілінде балаларға арналған танымдық, рекреативті хабарларды көрсететін бөлім;

Al Jazeera English - ағылшын тіліндегі ақпараттық арна, әлемнің отыз бір еліне таралды;

Baraem - мектепке дейінгі балаларға арналған араб тілді бөлім.

Хамад бен Тамер әл-Танидің тікелей қолдауымен қомақты қаржы жұмсалған телеарна араб елдерін мардымды ақпаратпен қамтамасыз ету арқылы бар сенімді ақтады. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы жоғары деңгейде ұйымдастырылған «сценарий» бойынша

«Би-Би-Си», «Си-Эн-Эн» телеарналарымен иық тірестіретін деңгейге жетті. Мол қаржы көздері мен жетік техникалық құралдармен толықтырылған арнаға білім мен тәжірибені қатар ұштастырған журналистер қызметке ағылды. «Пікір және жеке пікір!» ұранын басты қағида еткен телевидение өзінің әшкерелеу сипаттағы материалдарымен Катар мен Парсы шығанағы елдерінің арасында едәуір тың жоба, соны серпіліс әкелді. Бірақ, «Әл-Жазира» әуел бастан Фридмандардың жоспары бойынша Ұлыбританиядағы беделді қаржыландыру көзі және құпия тыңшылық әрекеттерді жақтаушы МИ - 6 ұйымының ықпалында еді. «Би-Би-Сидің» арабтық редакциясының жабылуы да алдағы уақытта Парсы шығанағындағы халықтар үшін қандай жаңалықтар мен арнайы әрекеттердің күтіп тұрғанын болжамсыз қалдырды. Сараптаудан бір адым ілгері, саясаттан бір адым кем болған телеарна тілшілері «жылы-жылы сөйлеп», көптеген елдің назарын аударды. Мысалы, Ауғанстандағы авиа-ракеталық шабуыл, Усама бен Ладеннің хабарлары ақылы Катардың ішкі саясатында, ал Египет, Сирия, Ливия, Сауд Арабиясының сыртқы саяси жағдайында қуатты ақпарат көзі саналды.

1999 жылы «Əл-Жазираның» Ауғанстандағы бюросы ашылып, CNN, Associated Press, Reuters агенттіктерімен бірлесе қызмет етті. Арабтық медиа нарықта «Би-Би-Си Арабик», «Əл-Арабия», «Франц 24», «Əл-Худра» сияқты арналар болғанмен, «Əл-Жазираның» ақпараттық кеңістіктегі орны ерекше болды. «Екінші CNN» атанған телеарна 2003 жылы Ирак, 2006 жылы Ливиядағы қарулы қақтығыс немесе «Израильдегі рождестволық соғыс» туралы хабарларымен танылды. 2005 жылы сəуірде өткен ІV Еуразиялық Медиа Форумда телеарна авторы BBC-дің белді қызметкері Н. Парсонмен кездесіп, екіжақты хабар таратуға келісім береді [2] . Жаңа жобаларды бірлесе атқаруды көздеген телеарнаның сол жылдардағы хабарларынан əлемде жетекші орынға ие бұқаралық ақпарат құралдарының ізбасары екені

байқалды.

7

Алайда, 2006 жылы барлығы үміт күткен «Әл-Жазираның» ұстанған позициясы 180 градусқа өзгерді. Англиядағы тыңшылармен құпия жұмыс атқаратын МИ - 6 Парсы шығанағындағы халықтар үшін «Араб көктемінің» нобайын жасады. Телеарнаның редакциялық қосынын JTrack компаниясының мүшесі Махмұд Джибрилге берілді. Ол - ливиялық жойқын соғыс ұйымдастырушы топтың басшысы еді.

1. 2. «Әл-Жазира»: рупор, әлде соғыс?. .

Ақпараттық биліктің қауқары мемлекеттің хал-жағдайын көрсетеді. Алғашында израильдік Фридмандар негізін қалап, кейіннен шейх Хамад бен Тамер әл-Тани қаржылай қолдау көрсеткен арабтық телеарна 2006 жылы «Мұсылман бауырлар» лаңкестік ұйымының белді мүшесі Юсуф әл-Арадавидің қолына өтті. Француздық журналист Тьерри Мейсан өзінің «Мемлекеттегі қысым мен қылмыс: 11 қыркүйектен Дональд Трампқа дейін» атты зерттеу еңбегінде Катарлық «Әл-Жазираның» террорлық ұйымды насихаттау барысын жазады. Сирияда ұзақ уақыт өмір сүрген зерттеушінің айтуынша: «Телеарна алғашқы ұстанымының ұстынын қашырып, нағыз насихат құралының қызметіне көшті. Болашағынан көп үміт күткен араб халықтары үшін «Мұсылман бауырлардың» қарамағына өткен телеарна әр хабар сайын үрей туғызды». Осы тектес мақалалар араб медиа кеңістігіндегі ақпараттық биліктің ықпалын зерттеді. 2006 жылы Усама бен Ладенді «қауіпті тұлға» ретінде таныған шетелдік БАҚ жер-жерде біржақты хабар таратты. Ақпараттың қуатты қару екенін пайдаланған кейбір тілшілер «АҚШ президенті Хиллари Клинтон мен Усама бен Ладен ақ үйде кездесу ұйымдастырды [3] . Олардың түпкі мақсаты - экстремистік ұйымдарға қолдау көрсету» деген мәтінмен халықты дүр сілкіндірді[3] . Шын мәнінде, аталған кездесудің болмағаны және суреттің фейк нұсқа екендігі анықталды. Билік басшысын жаманатты етіп көрсету телеарнаның басты мақсаты саналды. Себебі, Ресей Федерациясы, Америка Құрама Штаттары және Ұлыбритания үшін террорлық топ ретінде танылған «Мұсылман бауырлардың» бір мүшесі елдегі билікті қолға алуды көздеді.

Орта Азия халқы мен құпиясы мол араб әлеміндегі тарих пен мәдениеттің өзара ықпалдастығы үшін ақпарат көздерінің рөлі айрықша. Уақыт өте келе «Әл-Жазира» әлемнің біршама мемлекетінде таралып, араб халқының бейнесін бұрмалап көрсетуге көшті. Ақпаратқа билік еткен террорлық ұйым тілшілерді - қару, мақаланы - қалқан ретінде пайдаланды. 2005 жылы Қазақстанмен танысқан телеарна тілшілері: «Қазақстанда террорлық əрекет болмайтындықтан, біз бұл елде бөлімшемізді ашпаймыз» деп мəлімдеген болатын. Алайда, 2006 жылдың 25 ақпанында «Əл-Жазира» телеарнасы Алматы қаласында өзінің Орталық Азиядағы тұңғыш бюросын ашты. Ал 2007 жылы Қазақстандағы тәжірибелік күндері өтті. Ал «Əл-Жазираның» Мəскеудегі бөлімшесін Акрам Хузам басқарды. Өзінің тың əрі сұранысқа ие материалдары мен хабарлары арқылы беделді «Би-Би-Си», «Си-Эн-Эн»

8

телеарналарымен иық тірестірген арабтық арна өтірікке құрылған хабарларды тарата бастаса да, өз рейтингін жоғалтқан жоқ. 2011 жылы ақпанда Ливиядағы халық толқуларының азаматтық соғысқа ұласуы «Əл-Жазира» позициясын басқа қырынан көрсетті. Тарихта «араб көктемі» деген атпен белгілі оқиға аз ғана халқы бар Доха аралын күллі әлемге танытты. Биліктегілерді теріс бағытта насихаттаған телеарна аталған оқиғаның өршуіне себеп болды. Египетте Хүсни Мүбарак, Ливияда Муаммар Каддафи билігіне қарсы жойқына шабуылдар басталды [1] . Экстремистік топтардың Муаммар Каддафиге қарсы шабуылы жайлы ақпарат батыс халықтарына таралды. Сол кезден бастап тəуелсіз телеарна ақпараттық биліктің құрсауында қалып, саяси тұрғыдан толықтай «тəуелді» болады.

Батыс халықтары үшін рупорлық қызмет ретінде, ал араб халқы үшін «соғыс тудырушы» телеарна ретінде танылған «Әл-Жазираның» хабар тарату үлгісі түрлі бағытта өріс алды. Әлемдік ақпарат кеңістігіне жаңа қадам басқан телеарнадағы ағылшын бөлімінің сайтында «Пікір және жеке пікір!» ұраны «шегеленіп» жазылса да, 2006 жылдардан бастап орын алған көтерілістерді тілшілер тек біржақты көзқараспен таныды. Бұл туралы Эль-Мюрид атты бүркеншік атпен танылған ресейлік блогер Анатолий Несмиян: «Катардың экономикалық жағын да, саяси билігін де ағылшындар қадағалайды. Ақпарат әлемі дәл солай. Ал арабтықтар тек ғаламторда ойын ойнап, айына 25-30 мың доллар табады. Демек, олар басқамен айналысып жүргенде, «Әл-Жазира» батыстағы билік үшін ислам мемлекетіне кіретін басты «қақпа» болды. Бірнеше уақыт ішінде «Әл-Жазира» әлемдік желі ретінде жоғары деңгейге жетті: Альберт Гороға тиесілі АҚШ-тық телеарнаны сатып алды; Ресей Федерациясында орыс және татар тілінде, ал Қытай Халық Республикасында ұйғыр тілді редакция қосынын ашты. Әлемде мықты насихатталғанмен, «Әл-Жазираға» билік етушілер араб халықтарының үрейін қашырудан ары асқан жоқ». Расымен, бір уақытта бірнеше қалада немесе жер-жерде бір мақсатта орын алған жойқын көтерілістердің кең таралуына «Әл-Жазира» ықпал етті. Рупорлық, яғни «ащы дауыс» қағидасын емес, соғыс отын тұтатуды мақсат тұтқан тілшілер қауымы үгіт-насихат үшін жанын аямады. Ақпараттық биліктің халықаралық медиа нарықтағы қуатын арабтық арна дәлелдеп берді. Халықтың емес, «Мұсылман бауырлардың» «көзі, құлағы» функциясын атқарған «Әл-Жазираның» әр жылдардағы ақпараты сөзімізге тұздық.

Араб елдерінің белді телеарнасы сөзден бұрын, саясаттың үстемдік құруы себебінен біржақты, жалған ақпарат таратты. 2011 жылы ақпан айында Ливияда орын алған толқулардың азаматтық соғысқа ұласуы жайында күллі әлем бір ғана дерек қамтылған бірнеше репортаждарды тамашалады. «Әл-Жазираның» шынайы бейнесі қолдан ұйымдастырылған жағдайдан кейін айқындала түсті. Мәселен, Ливиядағы Триполь оқиғасындағы қарулы қақтығыстар туралы сюжеттің бірінде наразы топтың Муаммар Каддафиге қарсы шабуылы салдарынан Киренаикада 6000 адамның қайтыс болғаны айтылады. Шын мəнінде, тұтастай манифестік жағдайдың болмағаны жəне

9

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік медиа маркетинг және бұқаралық ақпарат құралдары
Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі
Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары
Жарнама нарығы
Қазақ медиасының шағын шежіресі
Сайлау науқанында саяси маркетинг пен PR-тің қолдану тәжірибесі
Жарнамалық іс-әрекет
Журнaлиcтер мен PR мaмaндaрының aрacындaғы теориялық негiздегi бaйлaныc
Жарнама қызметіне жалпы түсінік беріп, оның атқаратын қызметіне талдау
Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006 –2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz