Халық тарих толқынында



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
С.Асфендияров атындағы Қаз ҰМУ

Реферат
Тақырыбы: Халық тарих толқынында

Орындаған:Тұрғынбаев Елдос
Тексерген: Илгидаева.С.М

2019 жыл

Мақсаты:Озық әдіснама мен әдістеме негізінде Қазақстанның тарих ғылымының
сапалық серпілісі,қазақ халқының ұлттық тарихы көкжиегін кеңейту,ұлттық жаңа
тарихи дүние танымдық көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ еліміздің қазіргі
тарихының жиырма жылдығын зерделеу үшін жағдай жасау болып табылады.

Жоспары:

1)Кіріспе
2)1-тарау: Елбасының ұлттық тарихымызға Тарих толқынында кітабында стратегиялық көзқарасын білдіруі.
3)2-тарау: Президенттің Қазақстан халқына теңдесі жоқ Мәдени мұра бағдарламасын жолдауы .
4)Қорытынды.
5)Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
*Мемлекет басшысы ұлттық тарихымызға өзіндік стратегиялық көзқарасын 1999жылы Тарих толқынында кітабында баяндады.
*2003жылы Қазақстан халқына жолдауында Президент Н.Ә.Назарбаев теңдесі жоқ Мәдени мұра бағдарламасының басталғанын жариялады.
*Бағдарламаны жүзеге асырудың жеті жылында -2004 жылдан 2011 жылға дейін - Қазақстан тарихы,археологиясы және этнографиясы бойынша 26 арнйы зерттеулер жүргізілді.Бірақ та мұның бәрі тарихи жадымызбен тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған біздің үлкен жұмысымыздың бастауы болатын.
* Біздің арғы ата- бабаларымыз Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі,Сібірден Үндістанға дейінгі аумақты алып жатқан мемлекеттердің дамуында екі мың жыл бойы елеулі рөл атқарып келеді.Орасан зор кең-байтақ аумақта қоныс аударумен болған көшпелілер Еуразияның этностық және мемлекеттік бет-бейнесін бір емес, бірнеше рет өзгертті
"Тарих толқынында" кітабынан

1-тарау
Елбасының ұлттық тарихымызға Тарих толқынындакітабында стратегиялық көзқарасын білдіруі.

Осыдан екі мың жыл дерлік бұрын біздің жерімізде дамыған мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын бір-бірімен шебер ұштастырған өзіндік бірегей андронов мәдениеті пайда болды.Арийлер деген атпен ұлы мәдениеттер жасап, ұлы мемлекеттер құру үшін бір кезде Үндістанға қарай бет алған тайпалар тап сол андронов мәдениетінің иелері еді. Қазақстанның сақ тайпалары андронов мәдениетін жасаушы халықтың Авестада айтылатын арий, тур, дах және дайлардың тікелей ұрпақтары болып табылады. Мұндай даусыз қорытындыны андронов жене сақ мәдениеттері арасындағы өзара байланыстың тікелей жүйесі бар екенін тапкан археолог ғалымдар мен қола дәуіріне қатысты сақ заманындағы халықтардың генетикалық тұрғыдан олардың мұрагер жалғасы екенін аныктаған антрополог ғалымдар дәлелдеп отыр.
Қазақ даласын мекендеген тұрғындар арасында сақ дәуірінен бастап бет-бейне жағынан Орталық Азиядан шыаққанын көрсететін моңгол тұрпатты аралас адамдар пайда болды.Шаруашылықтыжүргізудің сол кездегі жағдайында неғұрлым прогресшіл тәсілі болып табылған көшпелі мал шаруашылығына қарай ойысу да тап сақ дәуіріне сай келеді.
Мұнда Иран басқыншыларының, ұлы Ескендір Зұлқарнайын армиясының шабуылдарын тойтарыс беріп тоқтатқан мемлекеттер пайда болды. Мұнда адам мен ат одағы құрылып, соның арқасында түркілер мен басқа да көшпелі халықтар сол кезде өздеріне белrілі болған әлемнің тең жартысын тізе бүктіріп, бағындыра білді және оның қалған бөліrі -- Батыс Еуропа мен Қытайды үрейлі қорқыныштан көз аштырмады. Мұнда, Ертістің, Іленің,Сырдарияның, Жайықтың және Еділдің жағалауларында орасан зор империялардың гұндардын,түркі қағааттарының, карлуқ мемлекеттерінің ,моңғол хандары мен олардың мұрагер ұлыстарының-ғажайып астаналары пайда болды.
Орасан зор Еуразия кұрлығындағы орталық кең-байтақ алқапты сайын дала мен құмды шөлдер белдеуі аып жатты. Міне ,тап сол кеңістікте көшпелі ұлы мемлекеттер пайда болды. Қазіргі Қазақстанның және оған шектес жаткан аймактардың аумағында дүниеге келген алуан түрлі мәдениеттер әлемнің көптеген халықтарының дамуына айқындаушы ықпалын тигізді.
Орталык Азиядағы алғашқы ірі көшпелі империя біздің дәуірімізге дейінгі Ш ғасырдың соңында құрылды. Ол сюнну (хунну, ғұндар) империясы еді. Ол көп ұзамай-ак Байкал сыртынан Тибетке дейінгі, Орта Азиядан Хуанхэге дейінгi
аймакты басып алып, өзінің дүркін-дүркін баса-көктеп кіріп баратын шабуылымен ежелгі Қытай мемлекетін жарты мың жыл бойы қалтыратқан үрейлі қорқынышта ұстады. Біздің дәуіріміздің
IV-V ғaсырларында ғүндардың Еуропа мен Батыс Азияға жасаған шабуылдары туралы жылнамалар хабарлайды.
VI-ғaсырда Еуразиядағы тарих сахнасына жаңа тарихи тұлға-Түркі қағанаты-Түркілердің далалық империясы шықты. Ол өзінің гүлденіп өсуінің шырқау шегіне жеткен кезінде Қиыр Шығыстағы Кореядан Қара теңіздегі Қырымга дейінгі орасан зор шетсіз-шексіз кең-байтақ аумақты алыпжатты. IV -- VII ғасырлардағы жылнамалар Еуропада түркілердің алғашқы легі аварлардың, бұлғарлардың, суарлардың, хазарлардың пайда бола бас-тағанын жазады. Содан кейін шығыстан батысқа қарай оғыз-печенегтер, түркілер, салжұқтар, сондай-ақ қарлұқтар, қыпшақтар (половшылар,құмандар), қырғыздар ағылды. Түркі тайпалары Қазақстан мен Орта Азияның мол аумағын мекендеп қалды да, Иран мен Закавказьеге басып кіре бастады. Ал XI ғасырда олардың бір бөлігі (оғыздар мен түрікмендер) Кiшi Азияға қоныс аударды.Қысқасы, түркі тайпалары осылай тарала келin,бірте-бірте отырықшылыққа көшкеннен жене жергілікті халықтармен араласа бастағаннан кейін,ал кейде көшпелі өмір салтын сақтап қала отырып, шығыстағы якуттардан (сахалардан), тувалықтардан, алтайлықтардан, қазақтардан, ұйғырлардан бастап батыстағы чуваштарға, гагауздарға,Еділ мен Қырым татарларына, құмықтарға, қарашайларға, балқарларға және түріктерге дейінгі халықтардың орасан зор тобы құрылды.
** *
Біздің арғы ата-бабаларымыз Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі, Сібірден Үндістанға дейінгі aумақты алып жатқан мемлекеттердің дамуында екі мың жыл бойы елеулі рөл атқарып келді.
Орасан зор кең-байтақ аумақта қоныс аударумен болған көшпелілер Еуразияның этностық жэне мемлекеттік бет-бейнесін бір емес, бірнеше рет өзгертті. Дүниежүзіндегі аса маңызды тілдік топ алтай тілдік тобының (негізінен оның түркі және моңғол тілді тармақтарының), оған қазақ тілі де кіреді, ежелгі жане ортағасырлық замандарда кеңінен таралуы ортаазиялық көшпелілердің ұдайы қоныс аударып отыруына байланысты болды.Мейлінше кең тараған тілдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық тарих толқынында тарихи зерттеу бағдарламасының жобасы жасалынсын
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Тарих толқынында еңбегінде ұлттық тарихты зерделеу
Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты
Мәдени-тарихи мұрадағы, патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
Тұңғыш Президенттің өмірбаяны
Қазақстандық патриотизм – мемлекеттік принцип
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі жайлы
Елбасы еңбектері тарихи дерек ретіндегі шынайлығы мен обьективтілігін көрсету мақсаты
Елбасы еңбектерінің қазақ тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
МӘҢГІЛІК ЕЛ - ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ
Пәндер