МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АҚША ҚОРЫ ҚАТЫНАСТАР


МАЗМҰНЫ
I тарау. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні
1. 1. Мемлекеттік бюджеттің мазмұны, әлеуметтік-экономикалық мәні және рөлі
Бюджет - мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылык негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржылық ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржылык, саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты болады. Мемлекеттік бюджеттің болуы мүлдем адамдардың субъективті калауының (еркінің) нәтижесі емес, ұлғаймалы ұдайы өндірістің мұқтаждарымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен шарттасылған объективті қажеттігі.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған каржылық ресурстар мемлекетке коғамдық өндірістің қажетті карқындары мен үйлесімдерін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумактық құрылымдарын жетілдіруге жетуге, экономика салаларын дамытудың бірінші кезектегі бағдарламалары үшін кажетгі мөлшерлерде каражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгертулер жүргізуге жағдай жасайды.
Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақшалай қаражаттар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайлар жасай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.
Сөйтіп, құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты арналымды орындайды - жалпықоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді. Объективтік ұдайыөндірістік қатынастардың өмір сүруінің экономикалық нысаны бола отырып, айрықшалықты қоғамдық арналымды орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық қосалқы категория ретінде болады.
Қаржылық қатынастардың белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен оны жалпы қаржылық категориядан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджеттік катынастардың ұдайыөндірістік сипаты бар, әрқашан ақшалай нысанда жүзеге асырылады, мақсатты ақшалай қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджеттік қатынастарға белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды. Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнін бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіщтік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну үдерісін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера каржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құңдық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржылык қатынастар материалдык өндірісте де, материалдық емес сферада да тауар-ақшалай қатынастармен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез-келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін материалдық- заттай іске асырылуы болады: бюджеттік қатынастар мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорында - бюджеттік қорда затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) үдерістер мемлекетгің жұмылдыратын және пайдаланатын акша ағынында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор - бұл құндық бөліністің белгілі стадияларынан өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару бойынша қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түскен қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігі қозғалысының объективті түрде шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану құнды бөлумен және қайта бөлумен байланысты оның (құнның) қозғалысының үдерісін білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық қосалқы категория ретінде мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын жасау және оны ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үдерісінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақшалай қатынастарды білдіреді. Қаржылық қатынастардың бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттік бюджет жалпы мемлекет каржысының функцияларына сәйкес келетін функцияларды - бөлу және бақылау функцияларын қаржылардың ұдайыөндірістік тұжырымдаманың шеңберінде орындайды. Бұл функциялардың іс-әрекеті, мазмұны, мәні мен маңызы бюджеттік қатынастардың қаралған өзіндік айрықшалығымен айқындалды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекеті өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің құны коғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылыктың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлінеді. Сонымен бірге қаржының және мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде: мемлекет каржысының орналастыру (ресурстарды), қайта бөлу, тұрақтандыру қосалқы функцияларын орындауды қамтамасыз етеді. Бақылау функциясы бюджеттік қорларды бөлудің сандық үйлесімдеріңде, олардың коғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарау керек. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық үдерістер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі каржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттің қарыздары және т. б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Бюджет нақты кезеңге (әдетте, бір қаржы жылына жасалатын, ал 2009 жылдың 1 каңтарынан бастап бюджет үш жылға жасалады) бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылган қаржылық ресурстардың шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері Парламенттің жыл сайын қабылдайтын республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет - ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Бюджетке тән құндылықтардың көрінуі, оны бөлу мен бақылаудың құралы ретінде пайдалану мемлекет жасайтын бюджеттік механизмде бейнеленеді. Бюджеттік механизм мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады және ірі құрылымдық; ілгерімдерді жүргізу, ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамыту, инновациялық технологияларды ендіру үдерісінде пайдаланылады. Экономиканы реттеу үшін бюджеттік механизмді пайдалану қоғамдык өндірісті дамытудың қарқындары мен үйлесімдеріне әсер ете отырып, мемлекеттің қарамағына түсетін ақшаны оңтайландыру арқылы жүзеге асырылады. Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған акшалай қордың сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу үдерісінде қаржылық ресурстарды қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң) .
Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн (1. 1 сызбаны қараңыз) .
1. 1 сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы
Қоғамдық ұдайы өндірісте мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 31%, ішкі жалпы өнімнің 22%, жалпы қоғамдық өнімнің 11% бөлінетіндігімен және кайта бөлінетіндігімен анықталады. Ол ақшалай қаражаттарды ұлттық шаруашылықтың әр түрлі салалары, өндіріс секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары, елдің экономикалық аудандары мен аумақтары арасында бөледі.
Бүкіл ұлттық шаруашылықтың бюджеті ретінде болатындықтан мемлекеттік бюджет жалпы экономикаға белсенді ықпал етеді. Материалдық өндірістің стимуляторы ретінде бола отырып, мемлекеттік бюджет бұл сферада үлкен рөл атқарады. Бюджеттік қаражаттар қорлардың дара (жекелеген кәсіпорындардың шеңберінде) толық айналымында да, сондай-ақ олардың қоғамдық (бүкіл ұлттық шаруашылык аукымында) толық айдалымында да пайдаланылады. Жұмыс істеп тұрған және жаңадан іске қосылатын кәсіпорындарда күрделі жұмсалымдар мен айналым қаражаттарын бюджеттен қаржыландыру, басқа шығыстарды қамтамасыз ету бюджетке жекелеген кәсіпорындарда корлардың үздіксіздігі мен бірқалыптылығын ынталандыра отырып, олардың дара толық айналымына қосылуына жағдай жасайды.
Бюджеттік қаржыландыру материалдық емес сферада оның жұмыс істеуі мен одан ары дамуының негізгі көзі болып табылады. Бұл сфера мекемелері мен ұйымдарының негізгі бөлігінің кірістерінің меншікті көздері болмайды. Ағартуға және денсаулықты сақтауға, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға, ғылымға, мәдениет пен өнерге жұмсалатын мемлекеттің шығыстары қаржы базасы болып табылады, онсыз жалпымемлекеттік аумақтың әлеуметтік-мәдени шараларын жүргізу мүмкін емес. Материалдық емес сфера салаларының ұтымды құрылымын қалыптастыруда бюджеттің үлкен маңызы бар. Материалдық емес сфераньң жұмыс істеуін қаржылық ресурстармен қамтамасыз ете отырып, мемлекет бюджет аркылы тұтыну қорының түпкілікті мөлшерлерін қалыптастыра алады.
1. 2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде өңірлердің шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақшалай ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарынын желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңестіру үдерісінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір каржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы - бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет кұқықтарының жиынтығы - бюджет құрылысын құрайды.
Дүние жүзінін әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақгық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджеттік үдеріс пен қатынастардың жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердін жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардын аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
- мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық бюджеті;
- федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та - штаттардың, ГФР-да - жерлердің (ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация субьектілерінің бюджеттері) ;
- жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер.
Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік-парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер:
- республикалық бюджет;
- облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті;
- ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады (2. 2 сызбаны караңыз) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz