Дебиторлық борыштар есебінің шетелдік тəжірибесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1 Дебиторлық берешек түсінігі мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Күмəнді дебиторлық борыштарды есепке алудың əдістері ... ... ... ... ... ... ..9
1.3. Дебиторлық борыштар есебінің шетелдік тəжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ...13
ТӘЖИРБЕЛІК БӨЛІМ
2.1 Электромир ЖШС дебиторлық берешектің құжаттық рəсімделуі ... ... .17
2.2Электромир ЖШС сатып алушылармен жəне тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.3 Есеп беруге тиісті тұлғаларымен есеп айырысулардың есебі ... ... ... ... ... 27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 32

КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы əлемдік экономиканың циклдық дамуының төмендеу үрдісі кезеңіне аяқ басты. Ол үшін біз экономикалық саясаттың түзетілуін қажет етеміз. Еліміздің экономикалық өсу қарқыны мен сапасы, экономикалық саясат бағыты, оны мемлекеттік қолдау керектігін көрсетеді. Қаржы дағдарыстары əсерінен болған экономиканы қалпына келтіруді, шығындардың азаюын қажет ететін қазіргі жағдайда мемлекет тарапынан оны басқара отырып түзету жүйесін құру болжанды.
Республикалық бюджетті қалыптастыру, шығыстарын, жоспарлау нəтижелеріне бағдарланған бюджеттеуді енгізуде көздейтін мемлекеттік жаңаша жоспарлаудың жаңа жүйесін қалыптастырып, іске асырудың уақыты келді.
Қазіргі таңда шаруашылық жүргізуде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінің ең басты орынын алуда. Ол қандай кəсіпорын болмасын өзінің қаржылық жағдайын сипаттап жəне басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола алады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына сəйкес қаржылық - шаруашылық қызметті толықтай есепке алуға мүмкіндік береді. Экономиканың барлық саласындағы кəсіпорындардың иелері еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты пайдалануын, өндіріс қалдықтарын жоюға, бəсекеге төтеп беретін өнімдерді өндіруге, оның сапасын көтеруге жəне өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі.
Қаржылық есеп - ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір əдістер мен тəсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін жəне оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кəсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап жəне ұйымның болашақтағы атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасайды.
Қаржылық есептің негізгі міндеті - кəсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын үдерістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нəтижесінде өндірілген өнімдерді олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, ақша қаражаттарын сандық өлшемге келтіріп жəне оны арнайы құжаттарда көрсету.
Бухгалтерлік есеп - біздің коғамның ағымдағы өмірінің көптеген жағына əсер ететін қызмет саласы. Есеп-қисаптың маңыздылығын ескере отырып, Халықаралық бухгалтерлер конгресі француз ғалымы Ж.Б. Дюмарше ұсынған бухгалтерлер гербін бекіткен болатын. Онда - күн, таразы, Бернулли қисығы бейнелөніп: Ғылым, сөнім жəне тəуелсіздік деген ұран жазылған. Бұл арада, Күн - шаруашылық қызмет қаржысы арқылы бухгалтерлік есепті ашып көрсетсе, таразы - тепе-теңдік, яғни балансты білдіреді, ал, Бернулли қисығы - есеп бір кездерде пайда болып, болашақта мəңгі жалғасын табады дегенді меңзейді.
Сонымен, қаржылық есеп бүкіл халық шаруашылық есебінің ең басты негізі болып табылады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйек күнінде айтылған жолдауында "Қазақстан экономикасы жаһандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан алға ілгерілеп келеді. Жыл басынан бері оның өсімі орташа әлемдік көрсеткіштен жоғары болды. Егер қажетті құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырсақ, 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізуге болады. Экономиканың дамуына тың серпін беру үшін Үкімет пен Президент Әкімшілігі отандық және шетелдік сарапшылардың барлық жұмыстарын мұқият саралауы қажет. Елбасы ұсынған 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясына және Ұлт Жоспарына сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асыруымыз керек".
Қазақстан Республикасынын бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп стандарттары негізінде жəне субьектілердің қаржылық - шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттардың үлгілік жоспарымен, оларда бекітілген жалпы қағидалар мен ережелер негізінде құралады. Яғни қазіргі экономика саласындағы мамандар онын ішінде бірінші кезекте бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың жəне есеп берудің барлық жүйесін жақсы біліктілік таныту арқылы сол кəсіпорынның барлық активтері мен солардың негізін есепке ала отырып басқару шешімін қабылдауға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есепті жүргізуде ең алдымен бухгалтерлік есепті ұйымдастыруы қажет. Дұрыс ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп субьектінің тиімді қызметінің негізін қалайды. Сондықтан бұл есепте қазыналық мекеме ішінен қалыптастырылған бөлімнің қызметіне тоқталып, есепке алудағы жүйесіне тоқталып, қызметіне талдау жасалған.
Менің осы курстық жұмыста қарастырылатын тақырыбым - басқа да дебиторлық берешектер.
Курстық жұмыстың мақсаты - дебиторлармен есеп айырысу есебін толық меңгеру жəне тақырыпты жан - жақты қарастырып, оның ашылуын қадағалау жəне берілген тақырыптың проблемаларын іздестіріп, оларды шешу жолдарын табу, дебиторлық борыштар есебінің аудитін жүргізуді ұйымдастыру.
0.1 Дебиторлық берешек түсінігі мен түрлері

Кəсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін борыштары - 1200 Дебиторлық борыштары алынуға тиіс шоттар деп аталады. Осы кəсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды жəне жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін алынатын уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар жəне ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі алынуға тиісті шоттар бөлімінің шоттарында есептеледі.
Дебиторлық борыш - заңды немесе жеке тұлғамен өзара шаруашылық
қатынастың қорытындысында олардан кəсіпорынға, ұйымға, мекемеге есептелген төленбеген борыштың сомасы. Кəсіпорынның дебиторлық борышының болуы кəсіпорын қаражатының тікелей көзделген мақсаттан басқа мақсатқа жұмсалғандығы ретінде, демек, кəсіпорын жұмысындағы елеулі кемшілік ретінде қаралады.
Жалпы актив ұғымымен мүлік, мүліктік немесе мүліктік емес игліктер жəне құндық бағаға ие тұлғаның құқықтары түсінділеріледі. Актив түріндегі болашақ экономикалық пайда - бұл тұлғаның ақшалай құрал жабдықтарының айналымына салынған потенциалды тікелей немесе жанама салым.
Осыдан шығатыны, дебиторлық борыш - бұл заңдық құқықтарымен қоса, иелік ету құқығымен байланысты актив түріндегі болашақ экономикалық пайда. Дебиторлық берешекті есептеудегі басты мəселе сату мерзімін анықтау болып табылады, сатып алушыларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың қашан сатылғанын тануында.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:
:: Ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
:: Тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
:: Вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
:: Негізгі ұйымдар мен еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
:: Ұйымның лауазымды адамдарыны (тұлғаларанының) дебиторлық борышы;
:: Басқадай дебиторлық борыштар.
Кəсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексеь бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар (дебиторлық борыштар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ дебиторлық борыш дегеніміз, бұл - иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активке қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық борыштардың есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кірісті алынған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін жəне қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сомасы бойынша есептелінеді. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар болып есептеледі.
Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кəсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардан мұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін пайдалану ұйымының күмəнді борыштарының сомасын қысқартуға үлкен əсер етеді. Халықаралық тəжірибеде баға жеңілдіктері сөзімен бірге сауда жеңілдігі сөзі қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер жəне басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары жəне тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандарттарында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барсында қолданылатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің
құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым əдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, оларға негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді жəне олар басқадай операцияларда қолданылады.
Дебиторлық борыштар шоттарында есептелінетін сомаларлың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізу керек, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын щоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат - əрбір шоттағы сомалардың сəйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты мəселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушы ларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен мен сатып алушыға қаржылық жəне есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.
Дебиторлық борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:
1210 Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы.
1290 Күдікті қарыздар бойынша резервтер.
1220 Еншілес (тəуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы.
1280 Басқадай дебиторлық борыштар.
1620 Алдағы кезең шығындары.
1630 Берілген аванстар.
Яғни осы жоғарыда аталған баптар бойынша кəсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебиторлық борышы болып табылады.

1.2 Күмəнді дебиторлық борыштарды есепке алудың əдістері

Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды жəне жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қанщалықты арттырғанымен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетліге қызмет үшін уақтылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардң бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тəжірибеде əрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кəсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе ол кəсіпорындар мен ұйымдардың тартылуы, сондай-ақ борышты талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады. Сатып алушылардың келісімшартқа сəйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары күмəнді қарыздар деп аталады. Күмəнді қарыздрға - уақытында төленбеген, жабылмаған жəне де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар жатады.
Қазақстан Республикасының заңына сəйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен
дебиторлық берешек күмəнді қарыз болып саналады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмəн тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тəсілі бар. Біріншісі - тікелей есептен шығару əдісі, мұнда шығындар нақты шоттарда үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі - резервтік əдіс, бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тəсілмен есептеледі.
Тікелей еспетен шығару əдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сəйкестілікке келтіре алмайды, яғни күмəнді борыштарды тауарлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер көрсетліген сəтінде емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Кəсіпорындар мен ұйымдар күмəнді қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай алады. Күмəнді қарыздар бойынша резервтердің есебі 1290 Күмəнді қарыздар бойынша резервтер шотында жүргізіледі. Күмəнді қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылыдң соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы дебиторлық борышқа түгендеу жүргізу нəтижесіне жасалынады. Азаматтық кодекстің 1-бөліміндегі 178-бабына сəйкес борыштың өтелу мерзімінің жалпы уақыты 3 (үш) жыл болып белгіленеді. Үш жыл уақыт аралығында өтелмеген борыш күмəнді қарыздарға жасалған резерв сомасының есебінен есептен шығарылады.
Қазақстан Республикасы заңына сəйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық борыштар үмітсіз қарыз деп танылады. Ал үмітсіз қарыздар сомалары құрылған күмəнді қарыз бойынша резерв есебінен есептен шығарылады.
Егер кəсіпорындар мен ұйымдар күдікті қарыз бойынша резерв құрмаса жəне үмітсіз қарыздың айқындалу жағдайы пайда болса, онда бұл сома кезең
шығындарына жатқызылып есептен шығарылады. Сондай-ақ бұл сома қаржышаруашылық қызметінің нəтижесі туралы есеп беруде көрсетілуі тиіс. Егер сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен шығарылып жəне ол осы есептен шығарылып жəне ол осы есеп беретін кезеңде өтелсе, бухгалтерлік есепте келесідей жазу жазылады (есептен шығару осы есеп беру кезеңінде жүргізілсе):
Дт: 1290 Күмəнді қарыздар бойынша резевтер шоты
Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты
Бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыз сомасы есеп берудің келесі кезеңінде өтелсе, онда ол сома негізгі емес қызметкен түскен табыс есебінде танылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепте :
Дт: 1030 Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты
Кт: 6010 Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай кірістер шоты түрінде жазу жазылады. Күмəнді қарыздар бойынша резервтер есебі №10 журнал-ордер жүргізіледі. Кəсіпорындар мен ұйымдар өздерінің күдікті деп есептеген борыштары үшін 100000 (жүз мың) теңге көлемінде резерв құрғанда мынадай корреспонденциялар жазылады:
Күдікті қарыздар бойынша құрылған резерв сомасына;
Дт: 7210 Жалпы əкімшілік шығындар шоты 100000 тг
Кт: 1290 Күмəнді қарыздар бойынша резервтер шоты 1000тг
Кəсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы дебиторлық борыштары сомасынан күдікті қарыз бойынша құрылған резерв сомасы алынып тасталып, қалған айырма қалдығының сомасы ғана көрсетіледі.
Жалпы халықаралық тəжірибеде күмəнді қарыздарды бағалау үшін мынадай екі əдісі қолданылады:
:: Несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз əдісі (қаржы-шаруашылық қызметі туралы беруде);
:: Дебиторылқ қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу əдісі (бухгалтерлік баланста)
Бұндағы бірінші аталған əдістің мақсаты күмəнді дебиторлық борыштар нəтижесінде туындаған шығындарды дұрыс есептеу болса, екінші əдістің мақсаты дебиторлық борыштың таза өзідік құнын дұрыс есептеу болып табылады. Көпетеген кəсіпорындар мен ұйымдар да бұл əдістердің екеуі де кеңінен қолданылады.
Жоғарыда аталған несиеге сатудан алынатын таза табыстан еспетелегн пайыз əдісіне тоқталатын болсақ, бұл əдіс сəйкестік принципіне бағытталған. Бұнда күмəнді борыштардан шеккен нақты шығындар мен несиеге стаудан алынатын таза табыстан есептелінген арасындағы қатынастардың орташа пайызы тəжірибеге сүйене отырып есептеледі. Содан кейін бұл пайыз күмəнді қарыздар көлемін анықтау үшін есеп беру кезіндегі сатылған нақты өнімге қолданылады.
Негізінен несиеге стаудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз əдісі бойынша ардайым дебиторлық қарыздың таза өзіндік құнын есептеп отыру мүмкін емес. Бұл əдістің тұжырымдамалық негізі болып сəйкестілік принципі қызмет етеді. Өйткені күдікті қарыз сатылым негізінде туындаған. Əдіс қолданылуы барысында өте қарапайымдылығымен жəне тиімділігімен
ерекшеленеді. Ескеретін жағдай, несиеге сталған тауарларға қолданылатын
пайыз пайыз мөлшері əрдайым жаңартылып (жаңадан есептеліп) отыруы тиіс.
Күмəнді қарыздарда бағалу үшін қолданылатын дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу əдісі бухгалтерлік баланста таза дебиторлық қалдықтың қалуына негізделген. Бұл əдіс бойынша күдікті борыш пайызын анықтаған уақытта өткен кезеңдердегі мəліметтер пайдаланылады. Əдістің негізгі мақсаты болып күтіп отырған күдікті дебиторлық борыштың нақты ақшалай өзіндік құнын анықтау есептеледі. Несиге стаудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз əдісіне қарағанда дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу əдісі дебиторлық қарыздардың нақты өзіндік құнын өтеуге қажетті күмəнді қарыздарға жасалған резерв сомасының дұрыс жасалуына мүмкіндік береді. Кейіннен күдікті қарыздарға жасалған резерв сомасының ағымдағы қалдығы талап етілген қалдыққа сəйкес түзетіледі. Бұл жағдайда күмəнді қарыз берілген түзетілім сомасына дебиттелінеді. Жалпы күмəнді қарыздар бойынша жасалынған қажетті резерв сомасының мөлшерін анықтау үшін мыналар қолданылады:
:: Негізгі дебиторлық борышқа жасалынған бірыңғай құрамдастырылған мөлшерлеме;
:: Алынуға тиісті шоттың мерзіміне сəйкес əрбір сомасына бөлек негізделген мөлшерлеме;

1.3. Дебиторлық борыштар есебінің шетелдік тəжірибесі

Дебиторлық берешекті есепке алу белгіленген стандарт бойынша жүргізіледі. Дебиторлық қарыз халықаралық жəне қазақстандық бухгалтерлік
есептің стандарттарына сəйкес компаниянға сатып алушылардан (дебиторлардан) алынуға тиісті ақша сомасы деп анықталады.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандарттарында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында қолданылатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым əдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, оларға негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді жəне олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық борыштар шоттарында есептелінетін сомалардың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізу керек, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат - əрбір шоттағы сомалардың сəйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты мəселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушыларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен сатып алушыға қаржылық жəне есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы
деп танылады.
Халықаралық стандарттар аймақтық жəне халықаралық (əлемдік) болып бөлінеді. Аймақтық ұйымдарға:
- Еуропалық экономикалық бірлестік (ЕБ);
- Еуропалық бухгалтер - эксперттер федерациясы (ҒЕЕ);
- Бухглтерлік есеп бойынша Африкалық кеңес (ААС);
- Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы (ГАА);
- Азия жəне Тынық мұхит елдерінің бухгалтерлер федерациясы (САRА);
- АСЕАН Оңтүстік - Шығыс Азия елдерінің бухгалтерлер федерациясы (ҒА);
- Оңтүстік - Азиат бухгалтерлер федерациясы (SAFA);
- Солтүстік бухгалтерлер федерациясы (НҒА) жəне т.б.жатады.
Халықаралық (əлемдік) ұйымдарға:
- қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша Комитет (IASC);
- Бухгалтерлердің халықаралық федерациясы (IFAC);
- Біріккен Ұлттар Ұйымы (ООН);
- БҰҰ халықаралық бухгалтерлік стандарттар бойынша Үкіметаралық эксперттер жұмыс тобы (ISAR);
- БҰҰ трансұлттық корпорациясы бойынша комиссия (UNCTC);
- Экономикалық қарым - қатынас жəне дамыту ұйымдары (ОЕСД) жəне т,.б.
Қазіргі уақытта барынша тұлғалы (уəкілді) халықаралық бухгалтерлік
ұйым болып 1973 жылы 29 маусымда Австралия, Ұлыбритания, Германия, Ирландия, Канада, Мексика, Нидерландия, АҚШ, Франция, Жапония кəсіби бухгалтерлік ұйымдарымен құрылған комитет табылады. Батыстағы дебиторлық берешектің есебі Ресейдегімен сəйкес. Мұндағы дебиторлық берешектің кең тараған түрі - есепке алынуға тиісті шоттар. Алынуға тиісті шоттарға : ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке, субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек - талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күніне қарай ағымдық жəне ұзақ мерзімді дебиторлық берешек болып бөленеді. Дебиторлық берешек саудалық шот фактурамен расталады.
Алынған вексельдер бабы ресми борыштық міндеттемелермен расталады. Дебиторлық берешек пайда болатын сипатына қарай қалыпты жəне аяқталмайтын болып бөлінеді.
Батыстағы дебиторлық берешек есебі келесі шараларды қамтиды:
- Тауарды сатуда несие беру, жəне оның мерзімі мен жеңілдіктер жүйесін
ұйымдастыру;
- Несие беру кепілдіктерін анықтау;
- Сатып алушы сенімділігін анықтау, сатып алушы мен фирма арасында
сенімділік қатынасын орнату;
- Несие сомасын белгілеу.
Германиядағы дебиторлық берешек есебі батыстағымен тура сəйкес келеді. Тек ерекшелігі ретінде, шетел валютасындағы дебиторлық берешек есебін айтуға болады. Бухгалтерлік баланста дебиторлық берешек бастапқы құны мен баланс құрылған уақыттағы валюталық құнынан төмен бағамен көрсетіледі.
Соңында, шығындар валюталық курстың тербелістерінен есепке алынады, ал пайда алынбайды. Бірақ, тəжірибе жүзінде барлығы басқаша болуы мүмкін, əсіресе егер компанияның шетел валютасында байланысқан активтері немесе міндеттемелері болса. Германиядағы есептің соңғы өзгертулері бойынша, дебиторлық берешек баланста баланс құрылған уақыттағы валюталық құнымен көрсетіле алады. Бұл жағдайда, балансқа қосымша ретінде есеп əдістерін толығырақ ашып жазу керек.
Ал Испанияда дебиторлық берешек есепті кезең соңындағы бағам бойынша есептелінеді. Бағам айырмалары берешек мерзімі жəне валютасы бойынша топтастырылады. Оң нəтижелі топтама пайда түрінде есептелсе, теріс топтама шығындар мен пайдалар есебінен есептен шығарылады.

2.1 Электромир ЖШС-нің дебиторлық берешектің құжаттық рəсімделуі

Электромир жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, 22.04.1998ж. Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Қазақстан
Республикасының Заңына жəне басқа нормативтік актілерге сəйкес орта кəсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеледі. Электромир ЖШС электроматериалдарды өткізумен айналысады .
Электромир ЖШС активтердің, дебиторлық берешектер есебін, меншік капиталының, міндеттемелердің жəне олармен жасалатын шаруашылық операцияларының қосарлана немесе екі жақты жазылатын жазу тəсілімен бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспарымен сəйкестендіріліп бухгалтерлік есебін жүргізеді. Субъектінің құрылымдық бөлімшелерінде бухгалтерлік есепті жүзеге асыруға кəсіпорынның бас бухгалтері басшылық етеді. Егер де кəсіпорынның дербес бухгалтерлік қызметі болмаса, онда бухгалтерлік есеппен қаржылық есеп беру арнайы мамандандырылған фирмалардың немесе келісім шарттың негізінде жұмыс істейтін мамандардың көмегімен жүзеге асырады. Бас бухгалтерді қызметтің босатқан кезде ол жаңадан тағайындалған бас бухгалтерге субъектінің басшысы бекіткен тəртіпке сай істерді өткізіп береді, өткізу барысында бухгалтерлік есптің жағдайында жəне есеп мəліметтерінің дұрыстығына тиісті актілер жазылады. Субьект активтердің, меншік капиталының, міндеттемелерінің жəне олармен жасалатын шаруашылық операцияларының қосарлана немесе екі жақты жазылатын жазу тəсілімен бухгалтерлік есеп шотарының Бас жоспарымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күмәнді дебиторлық борыштар есебі
Дебиторлық борыштар есебінің аудиті
Дебиторлық борыштар есебінің нормативтік
Сатып - алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы
КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАУАПТЫ ТҰЛҒАЛАРЫМЕН ЕСЕПТЕСУДІҢ ЕСЕБІ
Алынуға тиісті борыштар шоты
Дебиторлық борыштар аудитi
Дебиторлық борыштар есебi
Дебиторлық борыштардың есебі туралы
Дебиторлық борыштардың аудиті
Пәндер