Мәдени мұра бағдарламасы және ұлттық мұрағат қорын толықтыру мәселелері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

II. Негізгі бөлім.

2. 1. «Мәдени мұра» мелекеттік бағдарламасы туралы.

Еліміз егеменді ел болып, өз тізгінін қолына алғанға дейін Қазақстан тарих ғылымы кеңестік идеология негізінде жазылып келді. Атап айтар болсақ, қазақ тарихы бұрмаланып, оны көбінесе өзге ұлттың өкілдері зерттеді. Ал қазір еліміз өз алдында дербес ел болғаннан бері Қазақстан тарихнамасында бұрын зерттелмеген, империялық, кеңестік идеологияның көлеңкелерінде қалып келген тың тақырыптар зерттеліп, зерделеніп, шынайы тұрғыдан баға беріле бастады. Отандық тарих көптеген тың деректермен байтылып, олар ғылыми айналымға енгізілді. Дегенмен қазақ тарихына қатысты деректер әлі де болса көптеген шетелдерде сақталып отыр. Оларды елге алып келу және бұрын-соңды мәлім емес деректі іздеу үшін маңызды. Осы тұрғыда “Мәдени мұра” бағдарламасы дүниеге келді.

“Мәдени мұра” бағдарламасы еліміздің тарихи-мәдени мұрасын қайта жаңғыртып, дамытып, еліміздің салт-дәстүрі мен қазақи, мәдени, рухани құндылықтарымызды насихаттап, ғылымның әр саласы бойынша қолданысқа енгізіп, сақтап, зерделеп, одан әрі дамыту сияқты негізі аспектерді анықтайды. Бағдарлама аясында кең көлемде жұмыла, бірлесе жұмыс жасау арқылы мәдени мұраны зерделеудің тұтас бір жүйесін жасау, оның ішінде атап айтатын болса ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, фольклор, жазба және ұлттық әдебиеттер, ғылым және көркем сериялар құру, сонымен қатар, тарихи-мәдени ескерткіштерді қайта жаңғырту, мұражайландыру мәселесі бүгінгі күнде басты назарда.

2004 жылдан бастап Елбасының тікелей бастамасымен “Мәдени мұра” стратегиялық ұлттық жобасы бүгінгі күнге дейін өз жұмысын атқарып келеді. Әйтседе, алдағы уақытта да аталған ұлттық жоба одан әрі жұмысын жалғастырары анық. Бағдарлама аясында атқарылған іс-шаралар арасында ұлттық рухымызды, мәдениетімізді, тарихымызды біліп қана қоймай, алдымызда, болашақта болатын игі істерді болжайды. Бұл бағдарлама Қазақстанды әлемдік өркендеудің шыңынан ғана көрсетері анық. Ұлттық рухани мұрасын әлемдік мәдени мұраның бөлшегі ретінде танытуда республикада бірқатар шаралар атқарылып келеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің рухани және білім салаларының дамуы үшін ғылыми, әлеуметтік-эконмикалық және ұйымдастыру-әдістемелік базаны одан әрі жетілдіру, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген 2008 жылғы 6 қарашасындағы №1016 Мәдени мұра - 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық ұлттық жобасының тұжырымдамасы туралы қаулысының маңызы өте зор. Соның ішінде ерекше баса айтатын мәселелер : халқымыздың сан ғасырлық тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, сақтау, талдау, тұжырымдаманың мақсат міндеттеріне көңіл бөлу. Ұлттық тарихи-мәдени мұрамызды халықаралық деңгейде насихаттап, ғылыми айналымға енгізу [1] .

Бағдарламаны жүзеге асыру бірнеше кезеңдерге бөлінген. «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі кеңестің отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев мәдени мұра стратегиялық ұлттық жобасының бірінші кезеңі негізінен алғанда тарихи мұраларды іздестіру, жинастыру, анықтау. Ал екінші кезеңі - іздеп, тауып, жинақталған құнды деректерді сұрыптау, зерделеу, тарихи мұраға айналдыру дей келе, алда атқарылуға тиісті істердің алты бағытын жеке-жеке атап көрсетіп, маңыздығын баса айтты. Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелерге баса назар аудару керектігін нақтылады.

Тұжырымдаманың төртінші, бесінші, алтыншы бағыттарында аталған міндеттерді деректану ғылымы және деректанушы-тарихшы ғалымдарсыз елестету мүмкін емес. Себебі, ол деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі болып табылады. Сондықтан, бұл бағыттарда көрсетілген міндеттерді ұлттық деректану ғылымына сүйенбей, бұл іске ұлттық деректанушы-тарихшы мамандардың үлкен тобын бір кісідей атсалыспай жүзеге асыру мүмкін емес. Президент : «Біздің алдымызда осы жылдары табылған мұраларды кешенді түрде жан-жақты зерттеп-зерделеу міндеті тұр. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жиналған барлық деректердің ғылыми айналымға түсуін қадағалаңыздар, көне деректерді зерттейтін ғалымдарға арнайы гранттар тағайындап, қазақ тарихының «ақтандық беттерін» ашуға мән берілуін қарастыру керек» деді. [2] . Осы турасында Елбасымыздың тапсырмасы бойынша деректанушы-тарихшы ғалымдардың ұйымдастыруымен «Мәдени мұра» аясында ғылыми жобалар дайындалды.

2. 2. «Мәдени мұра» бағдарламасы және ұлттық мұрағат қорын толықтыру мәселелері.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсанындағы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағат туралы» Заңының 5-бабына сәйкес Ұлттық мұрағат қорын толықтыру көздеріне келесі мекемелер - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Парламент пен жергілікті өкілді органдардың, Конституциялық Кеңестің, Үкіметтің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, соттардың, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік заңды тұлғаларының, оның ішінде шет елдегілердің де ведомстволық мұрағаттары және жеке мұрағаттар жатқызылды. Сондай-ақ Ұлттық мұрағат қоры Қазақстан Республкасының жеке басқа мемлекеттердің жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларының меншігіндегі мұрағат құжаттарын сыйға тарту, өсиет етіп қалдыру, сатып алу жолымен де толықтырыла алады. Әрі мемлекет Қазақстан аумағынан тыс жерлерде табылған Қазақстан Республикасының тарихи мұра құжаттарын қайтаруға шаралар қолданады, жинақталған және Қазақстан Республикасымен тарихи байланысты құжаттарды іздестіру мен Отанына қайтаруды көтермелеп, қаржыландырып отырады.

Осы заңның 6-бабында «Мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекциялардың Ұлттық мұрағат қоры құрамынан шығарып тастау құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптама жасау негізінде жүргізіледі» делінген. Ол үшін облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік сараптау-тексеру комиссияларын құрады және олар туралы ережелерді бекітеді.

Аз мұрағат саласындағы уәкілетті орган, яғни Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті сараптау-тексеру қорытындысы негізінде: 1) Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру мен толықтыру көздерінің тиісті атқарушы органдармен келісе отырып, тізімдерін бекітеді; 2) мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларын Ұлттық мұрағат қоры құрамына жатқызу туралы, сондай-ақ оларды оның құрамынан шығарып тастау туралы шешім қабылдайды. Саяси және идеологиялық пікірлер бойынша Ұлттық мұрағат қоры құрамынан шығарып тастауға салынады; 3) тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзімі мен жою тәртібін белгілейді.

«Мәдени мұра» бағдарламасының алғашқы үш жылдық мерзімі аяқталуына орай оның іске асу нәтижелеріне жоғары баға берген. Елбасы бағдарламаның іске асыру мәселелері бойынша Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуінде былай деді: «Мен бағдарлама өте салмақты нәтижелер берді деп есептеймін. Өткен үш жыл көлемінде еліміздің мәдени мұрасын зерттеудің тұтас жүйесін жасау, маңызды тарихи-мәдени, сәулет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді».

Қытай, Түркия, Моңғолия, Армения, Ресей, Жапония, Египет, Өзбекстан, АҚШ, Батыс Еуропа елдерінен Қазақстанның тарихына, этнографиясы мен өнеріне қатысты ғылыми ортаға осы күнге дейін беймәлім 5000-ға жуық қол жазбалар мен басылымдар алынды. Мәселен, тек Қытайға жасалған экспедиция нәтижесінде ертеректе зерттелмеген 3500 мың деректер анықталды. Олар қазақ сұлтандарының Қытай, Хиуа және көршілес елдер билеушілерімен алысқан хаттарын қамтитын көптеген деректерден тұрады.

Осы мәселе жөнінде сөзін әрі жалғастырған Елбасы :« . . . Бағдарлама сонымен бірге ұлттық сана-сезім мен етеленуді қалыптастыру және нығайту мәселелерімен байланысты сұрақтарға жауап болып та табылады», - деді. Расында да бүкіл ұлттың болмысын өзіне танытуға жан-жақты мүмкіндік беріп отырған « Мәдени мұра » бағдарламасына бюджеттен қаражат қарастырылып, оның екінші кезеңіне мемлекеттік қолдау жасалды.

Бүгінде 2007-2009 жылдарға арналған « Мәдени мұра » бағдарламасы аясында шетел мұрағаттары мен ғылыми мекемелерінен еліміздің тарихы мен мәдениетіне қатысты тарихи деректерді іздестіру және алу ісінде мұрағатшы-тарихшылардың сіңірген еңбектері ерен.

Осы бағыттағы жұмыс « Шетелдік Қазақстан мұрағаты» « Зарубежная архивная Казахстаника» деп аталады. Мұндай тәжірибе Ресейде « Архивная Россика» деп аталады.

Жоғарыдағы кездесуде Елбасы « кітап шығару саласында үлкен жұмыстар атқарылуы қажет» деген болатын. Әрине, қазіргі таңда ақпараттық ресурстар кеңістігінде кез келген пайдалаушы үшін қандай да ақпаратты алу үшін еш мәселе туғызбайды. Алайда жүйелі тыңғылықты ғылыми ізденістер үшін деректердің тұтас жүйесі қамтылған сериялы басылымдардан артық еш нәрсе жоқ. Демек Елбасы сөзінің дәл әрі уақытылы айтылғанын ғылыми орта мойындайды деп есептеймін. Әрі « Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын шетелде белсенді түрде кеңінен презентациялау « Мәдени мұра» бағдарламасының келесі бағыты» деп атап көрсетуі де орынды айтылған.

2. 3. « Мәдени мұра » бағдарламасы және ортағасырлық Қазақстан тарихының деректері.

Тәуелсіз мемлекет ретінде танылғаннан кейін Қазақстан тарих ғылымына, әсіресе оның саласы деректануға үлкен мән беріп отырғаны баршаға мәлім. Бұл бастамаға Н. Ә. Назарбаевтың нұсқауымен қабылданған « Мәдени мұра» мемлеккетік бағдарламасы ықпал етті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің рухани және білім салаларының дамуы үшін ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-әдістемелік базаны одан әрі жетілдіру, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген 2008 жылғы 6 қарашасындағы № 1016 Мәдени мұра - 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық ұлттық жобасының тұжырымдамасы туралы қаулысының маңызы өте зор. Соның ішінде ерекше баса айтатын мәселелер: халқымыздың сан ғасырлық тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, сақтау, талдау, тұжырымдаманың мақсат міндеттеріне көңіл бөлу.

« Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жинақталған деректердің зерттеу нәтижелерін талдап, зерделеп ғылыми айналыға енгізу жолдары қазіргі Отандық тарих ғылымында жаңадан дамып келе жатқан сала. Осы орайда «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғыртып, дамытып, еліміздің мәдени мұрасын насихаттап, қолданысқаенгізіп, сақтау, және зерделеу сияқты негізгі аспектілерді анықтайды. Қазіргі таңда « Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының арқасында ұлттық құндылықтарға деген мемлекеттік көзқарас жүйеленіп, сұраныс көбею үстінде. Нәтижесінде, «Мәдени мұра» бағдарламасының негізінде жарық көрген «Қазақстан тарихы түркі деректерінде» (5 том), Қазақстан тарихы парсы деректерінде» (5 том), «Қазақстан тарихы моңғол деректерінде» (3 том), «Қазақстан тарихы араб деректерінде» (3 том), «Қазақстан тарихы қытай деректерінде» деген деректер жарық көрді. Аталған деректерде студенттердің тарихи мұраларға деген қызығушылықтпрын арттыруға ықпал ететін материалдарды кезең-кезеңдерге бөліп, топтастырылған. Осындай құнды мұралардың бірі Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. Бұл кітап бес том болып жарық көрген. Аталған еңбек қазақ елінің орта ғасырлық кезеңі бойынша бірден бір құнды дерек көздерінің бірі. Әсіресе, деректердің құндылығы жағынан екінші томның маңызы орасан зор. Бұл кітап бес том болып жарық көрген. Бірінші том - Өтеміс қажы. «Шыңғыс-наме» (факсимиле, транскрипциясы, мәтіннамалық ескертулер, зерттеу мақалалары, түсіндірмелері мен көрсеткіштері) . Екінші том - Ежелгі түрік жазбаша ескерткіштерінің жинағы: Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1998-2006 жылдардағы мұрағат ісін дамыту проблемалары
Мемлекеттік мұрағат және оның қызметі
Қазақстан Республикасының мұрағат ісінің даму тарихын талдау
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
Мұрағат ісін ұйымдастыруда іс –шараларды жүргізу
Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаның мемлекеттік мәдени саясаты ретіндегі кітапхананың рөлі
Қазақстан мұрағаттары
Мұрағаттық құжаттарды цифрлық форматқа айналдыру технологиялары, отандық және шетелдік тәжірибе
ҚАЗАҚСТАНДА АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫН САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШІРУ ПРОБЛЕМАСЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz