Сатып алу сату шарты - ақылы шарт



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
2
1
Сату - сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері
5
2
Тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттері
13
3
Меншік құқығының пайда болу сәті. Заттың кездейсоқ бүліну қауіпі
24

Қорытынды
28

Қолданылған әдебиеттер тізімі
30

Кіріспе

Курстық жұмысының тақырыбы ретінде сатып алу-сату шартының ұғымы табылады. Сатып алу-сату шарты қазақ тарихының әдет құқығымен реттелетін ең көне шарттардың бірі болып табылатындығында көреміз.
Қазақстан Республикасының қалыптасуы, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейеді. Тауарлық, ақшалық, мүліктік және басқару қарым-қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түсті. Қазақстан Республикасында шарттық құқықтың тарихы дамудың ұзақ жолынан өтті және де әдеттік құқықпен реттелінді. Бұл құқықтық жүйелердің көп ғасырлық дамуының нәтижесінде шарттар жасасу сферасындағы міндеттемелік мүліктік қатынастарды, жалпы қоғамдық қатынастарды реттеудегі құқықтық нормалардан саралау арқылы пайда болады. Феодалды патриархалды қатынастардың өмір сүрген дәуірінде азаматтық құқықтық шарттардың ең көнесі болып сатып алу-сату шарты болып табылады. Олар қазақ қауымының шаруашылық өмірінде көп қолданылды. Шарттық қатынастар сатып алу-сату процесі кезінде қалыптасып қазақтардың әдет құқығымен реттелінді.
Ол ауызша келісім сипатында болады. Шарт жасасу және оны орындау шарт тараптарының моральдық принципіне негізделеді. Қазақтардың әдеттік құқығы бойынша шарттар ауызша болғандықтан олардың жарамдылығының кепілі болып куәлар табылады. Куәлар моралдық жағынан қоғамның ойынан сенім және құрмет табу керек болады. Сондықтан қазақтардың шарттық құқығында тұлғалардың мінездемесі үлкен рөль атқарады. Сатып алу-сату шарты экономикалық қатынастың өзгеруіне байланысты күрделеніп отырды. Бастапқы кезеңде шарт жасасу үшін әдеттік нормалар қолданыста болады және тараптар шарт жасасқандығын дәлелдеу үшін бір-біріне қол берісіп береке тап деп айтуы керек болады. Көбінесе мұндай жағдайда заттың фактілік берілуі шарттың жарамдылығы болып табылады. Заттың құқықтық мәртебесі де анықталған. Қазіргі кездегі терминологияны қолдансақ шарт пәні болып айналыстан алынбаған заттар ғана табылады. Бірақ билердің рұқсат етуімен айналыстан алынып тасталған заттар сатып алу-сату шартының пәні болуы мүмкін болады.
Тауар ақшалық қатынасының дамуы нәтижесінде бұл шарт өз орнын басқа шарттарға берді.Осыдан біз курстық жұмысының өзектілігін көреміз.
Курстық жұмысының мақсаты ретінде сатып алу-сату шартының ұғымына, белгілеріне және элементтеріне түсінік беру табылады. Жұмыстың мақсаты оның бөлімдеріне сай келеді.
Осы мақсатқа жету үшін алдымызға келесі мынандай міндеттер қоямыз:
Сату - сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері.
Тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттері.
Меншік құқығының пайда болу сәті.
Заттың кездейсоқ бүліну қауіпі.
Курстық жұмысы кіріспеден, үш кең бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Сатып алу-сату шарты бұл мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелгі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі колданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсак, ерекшеліктер байқалады.Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережедері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты кезқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкінішлігі жоққа шығарылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының және республикалардың Азаматтық заңдары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып қарастырылады.
Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.
Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға келісімін берген шарт ретіндс бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар найда болуына қарсы емес деп табу мүмкін.
Екіншіден, аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке негізделетін занды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы үшін көлсмі бойынша жеткілікті екенін болжауға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа өзге де заттық құқықтар иелерінде, мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз.
Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгеніне қарамастан. оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және оның құрған занды тұлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуте мүмкіншілік бере алады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде өкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.
Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген занды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (занды тұлға құру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген занды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық.
Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық катынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады.
Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау (себебі тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.

1. Сату - сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері.

Сатып алусату шарты бұл - мүлiктi ақылы берудi қамтамасыз ететiн шарттардың бiр түрi.Əрекет етушi азаматтыққұқықтық нормалар оның бiрнеше түрiн реттейдi, олардың əрқайсысының ерекшелiгi, олар қолданылатын салалардың ерекшелiгiне байланысты.Қазiргi кезде оның түрлi қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кəсiпкерлер,жеке жəне мемлекеттiк кəсiпкерлер арасындағы дəстүрлi тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттiң мұқтажы үшiн тауар сатып алу да қамтамасыз етiледi.Əрбiр шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тəртiбiмен жəне өзге қырларымен ерекшеленедi. Тауар жеткiзiлiмi шартында жəне сатып алусату шартының өзге де түрлерiнде, егер бiз оларды сатып алу сату шартының жалпы ережелерiмен салыстыратын болсақ ерекшелiктер байқалады.Дегенмен, ол өзiнiң алуан түрлiлiгiне қарамастан, азаматтыққұқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерiнiң бiрi болып табылады.Бұл шарттың жалпы ережелерi ұзақ даму жолынан өткен жəне олардың тек өмiрге сəйкес келетiндерi ғана сұрыпталған.
Сатып алусату шартына сатып алушы жағына мүлiктi меншiкке беру шартқа сияқты көзқарас дəстүрлi болып табылады. ҚР АК 270 бабының 3шi тармағына сəйкес зат үшiншi тұлға меншiгiне берiлу мүмкiншiлiгi жоққа шығарылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының жəне республикалардың
Азаматтық заңдары негiздерiнiң 1991 жылы күшiне енгiзiлуiне байланысты аталған шарт мүлiктi сатып алушы тарабының меншiгiне, толық шаруашылық жүргiзуiне, оралымды басқаруына беретiн болып қарастырылады. Мұндай шешiмдi екi тұрғыда қарастыруға болады.
Бiрiншiден, мемлекеттiк кəсiпорын, мекеме қатысуымен сатып алусату шартын онда мемлекет аталған субъектiлердiң мүлiктi оның меншiгiне алуға келiсiмiн берген шарт ретiнде бағалауға болады, осымен бiрге мемлекет аталған субъектiлерде тиiстi заттық құқықтар пайда болуына қарсы емес деп табу мүмкiн. Екiншiден, аталған заттық құқықтар мемлекеттiк меншiкке негiзделетiн заңды тұлғалар меншiк иелерi ретiнде мүлiктi сатып ала алуы үшiн көлемi бойынша жеткiлiктi екенiн болжауға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкiншiлiктер меншiк иесiнен басқа өзге де заттық құқықтар иелерiнде, мысалы, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз.
Осы екi көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгенiне қарамастан оларды одан əрi негiздеу мемлекеттiк жəне оның құрған заңды тұлғаларының қарым қатынастарының тəжiрибелiк мəселелерiн шешуге мүмкiншiлiк бере алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 406 бабына сəйкес: "Сатып алу шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының)
меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға жəне ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын бағасын) төлеуге мiндеттi". Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкiндiк бередi. Оған азаматтар жəне заңды тұлғалардан басқа мемлекет жəне субъект
ретiнде əкiмшiлiк аумақтық бiрлестiктер қатыса алады.
Мемлекеттiк кəсiпорын, қазыналық кəсiпорын, мемлекеттiк мекеме сатып алушы болған уақытта мүлiк тиiсiнше олардың шаруашылық жүргiзуiне, жедел басқаруына өтедi. Сонымен қатар, меншiк құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кəсiпорын болып келгенiне байланысты мемлекетте немесе əкiмшiлiк аумақтық бiрлестiкте пайда болады.
Бұл мемлекеттiк меншiк нысанына негiзделген заңды тұлғалар тек шартты бөлiнiп шығарылады деген пiкiрге əкелуi мүмкiн. Бiрақ бұл (заңды тұлға құру) мүлiктi бiрнеше мақсатта оқшаулау үшiн маңызды. Кейде осы жеке меншiкке негiзделген заңды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлiкке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық. Атап өтiлгендей, сатып алусату шарты мүлiктi беру бойынша барлық қатынастарды қамтиды.
Ертеректе бөлек болған тауар жеткiзiлiмi, келiсiмшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазiр сатып алу сату шартының түр түрлерi болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу сату шарты, кəсiпорынды сату шарты қарастырылған. Бiздiң ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюiне байланысты бiздiң азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет болады. Ал, негiзiнен қандай да болсын сатып алусату шартына ерекше бөлiмде 25тарауда мазмұнданған жалпы нормалар тарайды.
Сатып алусату шартын меншiкке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретiн шарт ретiнде бағалау (себебi тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншiк құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлiктi құқықтарды сату ерекшелiгiн ескерудi талап етедi. Бағалы қағаздарды жəне валюталық құндылықтарды сатып алу сатуда, егер заңнама оларды сатып алу сату үшiн арнайы ережелер қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады. Сонымен бiрге бөлшектеп сатып алусатуға, тауар жеткiзiлiмiне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен бiз жалпы ережелер мəнiн төмендетпеуiмiз керек, өйткенi осылардың көмегiмен көптеген даулы жағдайлар шешiледi.
Шарттың өзiн сипаттауға көшейiк. Сатып алу сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол,екi жақ барлық елеулi жағдайлар бойынша келiсiмге келген сəттен бастап аяқталған (сатып алу сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бiр уақытпен сəйкес келуi (жасалған сəтiнде орындалатын шарттың болуы) бұл ереженi өзгертпейдi.
Сатып алу сату шарты - ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етедi. Бiрқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе теңi болып келмейдi, бiрақ шартта кiрiптарлықпен жасалған мəмiле көрiнiс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөнiндегi мiндеттi нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мiнезiн (тепе тең айырбас ретiндегi) ескеру кəмелетке толмаған немесе əрекетке қабiлетсiз тұлғалардың құқықтарын қорғау негiзiнде болуы тиiс. Сонымен бiрге, бұл мемлекеттiк мүлiктiк мүдделердi неше түрлi алаяқтықтардан қорғау үшiн де қажет.
Кейде сатып алу сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесiнен ауытқу да болуы мүмкiн (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар). Аталған мəмiлелер өзiнiң заңдық табиғаты бойынша шартты мəмiлелер бола алады. Мысалы, егер сауда кəсiпорны мыңыншы сатып алушыға iрi жеңiлдiк жасаймын деп жарияласа (мəмiле осы жөнiндегi шартпен жасалса). Бiр бiрiне қарсы бағытталған екi тараптың субъективтiк құқықтары мен мiндеттерi сатып алу сату шартын өзара шарт ретiнде сипаттауға мүмкiндiк бередi. Əңгiме шарттың мəнiн құратын құқықтары мен мiндеттерi туралы болады. Құқықтар мен мiндеттердiң көмекшi мөлшерi екi жақтықтан ауытқу болуы да мүмкiн. Сатып алу сату мүлiк иесiнiң (басқа құқық иеленушiнiң) өзгеруiне (ауысуына) əкеледi. Көрсетiлген белгiлер, сонымен қатар бұл шарттың ерекше мазмұны аталған шарттың мүлiк жалдау (аренда), мердiгерлiк, сыйға тарту жəне басқа да шарттардан елеулi түрде ерекшеленетiнi туралы қорытынды жасауға мүмкiншiлiк бередi. Дегенмен, сатып алусату шарты туралы нормалар жалпы мəндi де иемденедi. Мысалы, олар мердiгерлiк қатынастарды реттеуде де есепке алынуы қажет. Өз материалдарымен жұмысты орындайтын мердiгер оның сатушы рөлiнде болады. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар шеңберiнде сатып алу сату туралы нормаларды есепке алу қажет жағдайлар болуы мүмкiн. Басқа да құқықтық қатынастарда сияқты, сатып алусату шартының элементтерi болып бiздiң көзқарасымыз бойынша да субъект, объект жəне мазмұн болып табылады.
Шарттар элементiнде "оның тараптары, нысанасы, бағасы өтеулi шарттар да, мерзiмi, нысаны мен мазмұны, яғни екi жақтың құқықтары мен мiндеттерi жатады" деген И.В. Елисеев жəне басқа да авторлардың пiкiрiне өзiмiздiң келiспеушiлiгiмiздi бiлдiремiз. Мұндай көзқарас азаматтық құқықтың неғұрлым тұрақты теориялық ережесiне терiс ықпал етедi, түсiнiктiң шынайы мəнiн жоғалтуға əкеледi. Сатып алу сату қатынасын 3 мəнде белгiлеуге болады.
Бiрiншiден, бұл -- сатып алусатудың экономикалық қатынасы.
Екiншiден, бұл -- адамдардың ой елегiнен өткен жəне құқық нормаларымен бекiтiлген субъективтiк идеологиялық қатынас.
Ең соңында, сатып алусату шарты бұл -- азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеуден тəуелсiз тұрмыс етiп айырбастық материалдық қатынас ретiнде аталған құқықтық реттеудiң арқасында (көмегiмен) құқықтық нысанға ие болады. Ол нысан -- құқықтық қатынас нысаны.
Шарт жағдайы, нысаны тұлғалардың белгiлi бiр əрекетiн азаматтық құқықтық шартқа айналдыруға, олардың құқықтары мен мiндеттерiн бекiтуге мүмкiндiк беретiн заң
техникасының тəсiлдерi болып келедi. Сатып алу сату шартының нысаны оның бағасына, субъектiлерiне жəне заңдық, шарттық талаптарға сəйкес анықталады. Оған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 152 бабында бекiтiлген мəмiле нысаны туралы жалпы ережелер қолданымды болып келедi.
Жүз айлық есептiк көрсеткiштен жоғары сомаға, сонымен бiрге кəсiпкерлiк қызметтi қалыптастыру барысында жасалатын мəмiлелер, жасалған кезде орындалатындарын қоспағанда жазбаша нысан да жасалуы қажет. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды жəне онымен жасалатын мəмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" заң күшi бар Жарлығына сəйкес, жылжымайтын мүлiктi сатып алу сату шарттары мемлекеттiк тiркеуге жатады. Азаматтық кодекстiң 494бабы кəсiпорынның сатып алу сату шартының бiр құжатты құру жолымен, екi жақтың қол қоюымен жазбаша түрде жасалуын, оған: инвентаризация актiсiн, бухгалтерлiк балансты, кəсiпорынның құны мен құрамы туралы тəуелсiз аудитор қорытындысының мiндеттi тiркелуiн қарастырады. Олар басқа да қозғалмайтын мүлiктi сату бойынша, шарттар сияқты мемлекеттiк тiркеуге жатады жəне мемлекеттiк тiркеу кезеңiнен жасалған деп есептеледi.
Сатып алу сату шартының субъектiлерi ретiнде азаматтық құқық субъектiлерi, яғни жеке тұлға, заңды тұлға, əкiмшiлiк аумақтық бiрлестiктер, мемлекет əрекет ете алады. Сатып алу сатудың қандай шарты жасалатынына қарап кəсiпкерлiк немесе кəсiпкерлiк емес, бөлшек сатып алу сату шарты немесе мемлекеттiк кəсiпорындар мүлкiн жекешелендiру, олардың қатысушылар құрамы да өзгередi. Басқа да жағдайларда қатысушылар құрамының ерекшелiгi сатып алу сату шарттарының жекелеген түрлерi бойынша төменде қарастырылатын болады.
Мұнда тек барынша маңызды (қағиданы) жағдайларды атап өтемiз. Арнайы құқықтық қабiлеттi иемденетiн заңды тұлғалар сатып алу сату бойынша қатынасқа тек арнайы (жарғылық) құқықтық қабiлеттiлiк шеңберiнде қатыса алады, яғни бұл жерде əңгiме қандай да бiр оның жалпы шеңберi туралы жүрмейдi, құқықтық қабiлеттiлiк көлемi əрбiр жекелеген құқықтық қатынаста нақтылануы қажет. Мысалы, шаруашылық жүргiзу құқығында мүлкi бар мемлекеттiк кəсiпорын, оның негiзгi құралдарына жататын мүлiктi, сонымен бiрге акцияларын сатуға құқығы жоқ. (2002 жылдың 21 мамырындағы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк мүлiк ережелерi бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiне кейбiр қосымшалар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Заңының редакциясындағы Азаматтық кодекстiң 200 бабының 2шi тармағы. Егер мемлекеттiк келiсiмшартқа отыруына қысқаша тоқталсақ, мыналарды атауға болады. Заңды түрде мемлекеттiң құқық қабiлеттiлiгi шектелмеген, бiрақ, олармен жасалатын шарттардың мiнезi, мазмұны мемлекет атқаратын экономикалық жəне басқа да функциялармен (қызметтермен) анықталады.
Жеке тұлғалардың сатып алусату шарттарын жасасу мүмкiншiлiгiне олардың құқық əрекетқабiлеттiктерiнiң көлемi əсер етедi. Мысалы, əрекет қабiлеттiлiгi шектелген тұлғалар тек ұсақ тұрмыстық мəмiлелердi жасай алады, ал басқа мəмiлелердi жасауға олар өзiнiң қамқоршысының келiсiмi болғанда ғана құқылы (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 27бап, Iтармақ). Егер жүйелi түрде жүзеге асырылатын саудасаттық қызметi туралы айтатын болсақ, онда жеке тұлға тек жеке кəсiпкер мəртебесiне иемденген соң ғана оны жүргiзе алатынын ескерту керек немесе бұл қызмет коммерциялық заңды тұлғамен жүргiзiлуi мүмкiн. Негiзiнен: "Құқықтық қатынас субъектiлерi болып, жеке басымен жəне мүлкiмен оқшауланған, құқықтарға ие болатын жəне мiндеттердi көтеретiн тұлғалар табылады" Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы басқа мемлекеттердiң азаматтық құқығы сияқты құқықтық қатынастарда жеке тұлғалар қауымдастықтарының (жай серiктестiктердiң) қатысуын да қарастырады, дегенмен бұл келтiрiлген анықтаманың дұрыстығына əсерiн тигiзбейдi. Сатып алусату шартының нысанасы (объектiсi).
Құқықтық қатынастың объектiсiн материалды (заттық), заңды, идеологиялық қылып бөлу толық мөлшерде азаматтыққұқықтық шарттар үшiн де жарамды болып табылады. Сатып алусату шарты өзiнiң ерекше нысанасына (затына), заңды жəне идеологиялық объектiлерiне иемденедi. Қазiргi жағдайда олардың əрқайсысының мəнi бiрдей. Дегенмен, қазiргi өндiрiстiң өсуi, тауарлардың алуан түрлiлiгi жəне оларды пайдалану мақсаттарының кеңеюi, сатып алынатын тауардың сатып алусату затына талаптардың жоғарылауына əкеледi, əсiресе, егер тауар кейбiр ерекше мақсаттарға арналса. Келiсiмшарт нормаларында олардың барынша анық бекiтiлмеуi жаңылысуға немесе сатып алу сату затындағы қателiкке əкелуi мүмкiн. Бөлшектеп сатып алу сату шарттары жасалса, заң шығарушы сатылатын өнiмнiң сапасы, қауiпсiздiгi бойынша талаптарды бекiте отырып, тұтынушы жағдайын барынша "күшейтуге" əрекет етедi.
Заттар сатып алу сату шарты нысанасының барынша кең тараған түрi болып табылады. Кез келген зат тектiк немесе жеке сипаттар арқылы анықталған, жылжитын жəне жылжымайтын тауар болуы мүмкiн.
Тектiк заттарға келсек, олар қалған тауарлық массадан жекеленуi қажет екенiн айта аламыз, сөйтiп олар жеке сипаттар арқылы анықталатын заттарға теңестiрiледi жəне осындай түрiнде сатып алусату шартының нысанасы бола алады. Егер əңгiме жекеленбеген тектiк тауарды сату жөнiнде болса, онда сатып алусату шартының нысанасы болып зат емес, мүлiктiк құқық келедi. Осындай жағдай сатып алусату шартының нысанасы "болашақ заттар" болып келгенде де орын алады.
Тауар əлi өндiрiлмеген немесе тауар табиғатта мүлдем жоқ. Батыс Еуропа елдерiнiң сауда құқығы жүйесiндегi бұған қатысты үш түрлi көзқарас бар: бiрiншiден, кезкелген жағдайда сатушы шартта көрсетiлген нысананы табыс етудi қамтамасыз етуге мiндеттi (ол табиғатта бар болғанмен теңестiрiледi), егер шарттың орындалмауы дүлей күштер салдарынан болғанын дəлелдей алмаса, ол шартты бұзушы болып саналады; екiншi көзқарас бойынша, егер тауар сатушының əрекетiне байланыссыз себептер бойынша өз қалыптасуына иемденбесе, шарт "нысананың болмауы" салдарынан тоқтатылады, ең соңында, егер сатып алушы өзiне белгiлi себептермен тауардың қалай болса да жеткiзiлгенiне үмiттенетiн болса, онда шарт нысанасы тауар емес "сатып алушының үмiтi" болып табылады.
Жоғарыдағы мысалдар нысана ерекшеленуiнiң негiзгi мəнiн көрсету үшiн келтiрiлiп отыр: шарт нысанасының сипаттамалары ең алдымен, шарт орындалмауының, сатып алу сату шарттары тиiстi орындалмауының тəуекелi үлесуiне, екi жақтың құқықтары мен мiндеттерiне əсер етедi. Нысана ерекшелiгi сонымен бiрге сатып алу сатуды жүзеге асыру тəртiбiне де əсер етедi, мысалы, шетелдiк сатып алусату Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу туралы" Заңына жəне оның орындалуы үшiн қабылданған заңға тəуелдi нормативтiк актiлерге сəйкес жүргiзiлетiн болады. Бағалы қағаздар айналымы Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар рыногы туралы" "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар мен мəмiлелердi тiркеу туралы" Заңдармен, сонымен бiрге, заңға тəуелдi нормативтiк актiлермен реттеледi. Азаматтық айналымда шектелген заттарды сатып алусату жекелеген заң актiлерi бекiткен ережелердi сақтаумен жүргiзiледi, мысалы, Қазақстан Республикасының "Қарудың жекелеген түрлерiнiң айналымы үшiн мемлекеттiк бақылау туралы" Заңымен ж.б. Күшiнде болып келетiн ҚР Азаматтық кодексi 406 бабының 4шi тармағында мүлiктiк құқықтар сатып алу сату шартының нысанасы болып келуiне қатысты жалпы мəндегi норма бекiтiлген.
Мүлiктiк құқықтарды беруге қатысты мəмiлелер кең таралуды иемденедi, оларға тауар биржаларында жасалған, жекелеп алғанда оларға биржалық тауарлар жеткiзiлiмi шартына немесе биржалық тауарлар қатынасындағы мiндеттер мен құқықтарды болашақта өткiзу, құқықтарды сату шарттары жатады. (Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Тауар биржалары туралы" заң күшi бар Жарлығының 5 бабының 1шi тармағы. Патенттiк құқықтарды беруде нысанасы мүлiктiк құқық болып келетiн сатып алу сату шарттары жасалуына əкеледi.
Шарт заты (нысанасы) туралы келiсiм сатып алу сату шартының бiр ғана елеулi жағдайы болып табылады.
Егер шарт тауарлардың атауын жəне санын айқындауға мүмкiндiк берсе, нысанаға қатысты жағдай келiсiлген деп есептеледi. (407бап 3шi тармақ). Сатып алу сату шартының бағасы дегенiмiз, оны алуға сатып алушының немесе онымен көрсетiлген үшiншi тұлғаның құқығы бар, қарсылай ақша түрiндегi қанағаттандыру. Ол Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 383бабының 1шi тармағында бекiтiлген шарт бойынша бағаны қалыптастыру бостандығына негiзделедi. Тарифтер, баға белгiлеу, ставкалар жəне т.б. заңдық актiлерде қарастырылған жағдайларда уəкiлдi мемлекеттiк органдармен орнатылады.
Орталықтандырылған тəртiпте орнатылған баға белгiлеу, тарифтерден кəсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң өздерi қойған бағаны, тарифтерiн ажырату қажет. Монополистiк қызмет субъектiлерiмен өткiзiлетiн тауарларға баға орталықтандырылған тəртiппен қойылады. Мысалы: Қазақстан Республикасының аумағында табиғи монополияны реттеу бойынша Қазақстан Республикасы Агенттiк төрағасының 1999 жылдың 25 тамызында бекiтiлген "Мемлекеттiк кəсiпорындармен монопольдi қалыптасатын қызметтерге бағаны реттеу Ережесi" сонымен бiрге, 1998 жылдың 14 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының бəсекенi қорғау жəне табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерi мен жұмыстарына баға (тарифтер) енгiзу, бекiту, қарастыру, ұсыну тəртiбi туралы нұсқау қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кəсiпорындар туралы" заң күшi бар Жарлығының 40 бабының 1шi тармағы қазыналық кəсiпорындар мен өткiзiлетiн тауар бағалары өкiлеттi органмен қойылатынын қарастырады.
Жарлықтың аталған бабының екiншi бөлiгi 1999 жылдың 4 қазанындағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кəсiпорын туралы" заң күшi бар Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы заңының редакциясында қазыналық кəсiпорындар мен монополиялық өндiрiлетiн тауарларға бағаны мемлекеттiк реттеудi қарастырады. 1999 жылдың 23 қазанындағы "Алкогольдi өнiмдерге минимальдi бағаны қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен алкогольдi өнiмге ең төменгi шектегi баға қойылған.
Басым көпшiлiк жағдайларда баға шартпен қарастырылады. Егер шарттың бағасы өзiнде нақты келiсiлмесе жəне оның жағдайларымен анықталмаса, онда бұл шарттың жарамдылығына əсер етпейдi. Мұндай жағдайда тауар бағасы бойынша əдетте қолданылатын талаптар есепке алынады, басқаша айтқанда, негiз ретiнде тауардың нарықтық құны алынады. Баға тауар салмағына байланысты қойылса, егер шартта басқаша қарастырылса, ол таза салмақ бойынша анықталады.
Бұл сатып алушы үшiн қолайлы ереже, əсiресе ыдыстың салмағы үлкен немесе тауар қымбат болса жəне салмақтың кiшiгiрiм өзгеруi (көбеюi) тауардың елеулi қымбаттауына əкелсе.
Егер шарт тауар бағасы оны негiздейтiн көрсеткiшке байланысты өзгертiлуге жататынын қарастырса, бiрақ бағаны қайта қарау тəсiлi анықталмаса, баға шартты жасасу кезеңiндегi жəне тауарды беру бойынша мiндеттi орындау уақытындағы көрсеткiштердiң өзара қатысуымен анықталады. Яғни тауарды оны өткiзу кезеңiнде өз құны көтерiлуi немесе төмендеуiне қарай шарт бойынша оның бағасы тиiстi дəрежеде көтерiлуi немесе төмендеуi қажет. Бiздiң көзқарасымыз бойынша, осы, Азаматтық кодекстiң 438 бабының 3 тармағында бекiтiлген ережелерде анықсыздық бар. Тауар бағасы шартты жасасқан кездегi көрсеткiштердiң жəне шарт бойынша ұсынылатын тауарларды сақтандыру, тиеу, буып түю, сатып алу, өндiру кезiнде қалыптасатын олардың өзiндiк құны (шығындар) қатысуының негiзiнде анықталуы керек. Осымен бiрге Азаматтық кодексте сатушының мерзiмдi өткiзiп алуынан сатып алушының мүдделерiн қорғауға арналған норма да жетiк емес деп табуға болады. Ол тек тауар құнын (бағасын) төмендетудi қарастыруы қажет, бiрақ 438 баптың 3шi тармағымен мəселе былайша шешiлмеген. Сатып алу бағасын төлеудiң мерзiмiн сатып алушы өткiзiп алса, онда ол үшiн баға тек көтерiлу бағытында өзгеруi қажет. Өкiнiшке орай бұл да Азаматтық кодексте көрiнiс таппаған. Құқықтық қатынастар (шарттар) мазмұнын қарайық. Ол екi мəнде түсiндiрiлетiнiн айтқан жөн. Бiрiншiден, құқықтық қатынастар мазмұны бұл - құқықтық реттелетiн қоғамдық қатынас. Сонымен бiрге мазмұн деп екi жақтың құқықтары мен мiндеттерiн (заңды мазмұнды) қарастырады.
В. А. Тархов мынадай мысал келтiредi: бiр субъект екiншiсiне қандай да бiр затты сатады жəне олардың арасында материалды экономикалық қатынас қалыптасады, сатып алушы ақша төлеп қажеттi затты алады, баламалы айырбас жүредi. Айырбасқа қатысушылар шарттан қандай құқықтар мен мiндеттер шығатынын ойламауына болады. Бiз осымен келiсе алмаймыз. Ақырында заңдық мазмұн меншiк құқығына иемденудiң жалпы заңдық мақсатымен анықталады. Шартқа қатысушылардың түсiнiгi меншiктi иемденудiң экономикалық мақсатымен ғана шектеледi деп болжау артық болар едi, мұндайға қазiргi өмiрдiң өзi де мүмкiндiк бермейдi. Теориялық тұрғыда болса, онда сатып алусату шартының экономикалық жəне заңдық мазмұндарын ажыратуға талпыну мүмкiн. Бiрiншiсiзаңдық мазмұн, ол құқықтар мен мiндеттердiң жеткiлiктi үлкен жиынтық элементтерiнен құралады. Кейбiр құқықтар шарт негiзiн қалайды, ал өзгелерi қосымша (көмектесу) мəнге ие бола алады. Құқықтық қатынастар мазмұнын оның қатысушыларының жүрiстұрысы құрайды дегендi толығымен дұрыс деп тануға болмайды. Аталған жағдайда құқықтық қатынас пен оның мазмұнын құрайтын қоғамдық қатынастар түсiнiгiн араластырып алу орын алады. "Нысан (құқықтық қатынас) өзiнiң мазмұнына тараптардың құқықтары мен мiндеттерiнен, ал мазмұн (реттелетiн қатынас) өз қатысушыларының əрекеттерiнен, олардың қызметтерiнен қалыптасатын өз мазмұнын иемденедi".
Дегенмен, сатып алу сату шарттарында экономикалық мазмұнмен жанама байланысты иемденетiн қатысушылардың айырықша заңды жүрiс тұрысы (əрекеттерi) барлығын мойындамасқа болмайды. Бұлардың қатарына оферта мен акцептi, келiспеушiлiктi реттеудi, жедел шараларды қолдануды жəне басқа да əрекеттердi жатқызуға болады. Шарт мазмұнына қатысты жалпы көзқарастар осындай. Осыдан əрi, бiз оны сатып алушы мен сатушының құқықтары мен мiндеттерi күйiнде жекелеп талдауға көшемiз.

2. Тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттері.

Сатушының мiндеттерi. Сатушы сатып алушыға шартпен белгiленген тауарды беруге мiндеттi. Мұнда негiзгi талаптар болып мыналар саналады: тауардың атауы, сапасы, саны (көлемi). Сапаға қатысты талаптар сатып алусату туралы нормалармен шарттың елеулi жағдайларына жатқызылмағанына қарамастан осы үш талапты да сатып алусату шарттары бойынша мiндеттi деп тануға болады. Əрбiр жекелеген жағдайда тауар атауына, сапасына, санына (көлемiне) қатысты талаптар өзгерiп тұрады. Сапа бойынша талаптар шарттардың өздерiмен емес, тiкелей заңнама нормаларымен анықталуы мүмкiн. Тауардың саны. Сатып алушыға берiлуге тиiс тауар саны шартта тиiстi өлшем бiрлiктерiне сəйкес немесе ақшалай түрде анықталады, яғни, шартта санды анықтау үшiн қажет алғашқы өлшемнiң бағасы бекiтiлуге тиiс. Тауарлардың саны туралы талап оны айқындау тəртiбiн шартта белгiлеу жолымен келiсiлуi мүмкiн. Мысалы, тауардың (сұйық заттар) саны шартты орындау кезiнде сатып алушы ыдысының (қоймасының) шектi сиымдылығымен бекiтiлсе.
Тауардың сапасы. Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сəйкес келетiн тауар беруге мiндеттi. Егер кəсiпкерлiк сатып алусату шарттарын қарастырсақ, сатылатын заттардың сапасына қойылатын талаптар шартта тiкелей сирек белгiленедi. Осыған байланысты, сапа туралы талап бiрнеше жағдайларда шартты талқылау (оның мəнiсiн ашу) негiзiнде анықталады. Тауардың сапасын анықтаудың үшiншi амалы - сапаға қатысты құқықтық болжам (презумпцияны) қолдану. Шартта сатып алушыға, əдетте осы сияқты тауар пайдаланылатын мақсаттарға жарамды тауар беруге мiндеттi. Келтiрiлген талапты тауарлардың сапасына азаматтық заңнама нормаларының тiкелей əсер етуi ретiнде бағалауға болады. Сонымен қатар, осыған ұқсас жағдайларда объективтiк құқық нормалары субъективтiк шарттық қатынастардың ерекшелiгiне бейiмделiп субъективтiк жағдай сипатына ие болады. Егер тараптардың арасында тауардың сапасы келiсiлмесе де, бiрақ сатып алушы сатып алудың нақты мақсаттарын көрсетсе, сатушының тиiстi сапалы затты беру мiндетi өзгеше болып келедi. Осындай жағдайда сатушы сатып алушыға белгiлi болып келетiн мақсатта пайдалануға жарамды тауарды беруге мiндеттi.
Тұрақты нарықты экономикасы бар елдер соттарының тəжiрибесi осындай жағдайларда сатушының жеке басына жəне сатып алушының жеке басына назар аударады. Егер сатушы болып кəсiпкерлiк қызметпен айналысатын (белгiлi бiр саладағы маман) субъект болса, тауар сапасының талап етiлетiн мақсатқа сəйкес болуын қамтамасыз етуге мiндеттi, Егер де сатып алушының бiлiктiлiгiнiң дəрежесi əлдеқайда жоғары болса, онда осы мəселе басқаша шешiледi.
Мысалы: өндiрiстiк кəсiпорын (қазiргi заманның ұйымдастыруқұқықтық нысанында мұрагер өндiрiстiк тағайындалуы бар мұрагерден сатып алғалы тұр. Мұрагер болса оның техникалық қасиеттерiн мүлдем бiлмейдi. Осындай жағдайда сатып алушы тауарды сатып алам деп шешiм қабылдайтын болса, онда тауардың тиiстi сапасы бар деп есептелуi керек, бiрақ тауарды мақсатына сəйкес пайдалануға мүмкiншiлiк бермейтiн жасырын кемiстiктерге қатысты наразылық ұсыну құқығы сақталуы керек.
Тауарды үлгiсi бойынша жəне (немесе) сипаттамасы бойынша сатқан жағдайда, сатушы сатып алушыға үлгi немесе сипаттамасына сəйкес келетiн тауарды беруге мiндеттi. Тауардың кейбiр қасиеттерi (көрсеткiштерi) бейнелеумен қамтылмаса, онда сатушының мiндетi жоғары көрсетiлген тəртiптерге сəйкес анықталуы қажет. Бiздiң көзқарасымыз бойынша, бейнелеудiң өзi белгiлi бiр талаптарға сəйкес болуы керек. Тым жалпы бейнелеудi қарастырып, сатушы iс жүзiнде өзiн тиiстi сапалы тауар беру бойынша мiндетiнен босата алады.
Егер сатылатын тауардың сапасына заң актiлерiнде белгiленген тəртiпке сəйкес, мiндеттi талаптар көзделсе, кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға осы мiндеттi талаптарға сəйкес келетiн тауар беруге мiндеттi. (Олар стандартпен, техникалық жағдайлармен қарастырылған). Тауардың сапасына қойылатын мiндеттi талаптар Қазақстан Республикасының "Сертификациялау туралы" Заңымен жəне Қазақстан Республикасы "Стандарттау туралы" Заңымен жəне заңға тəуелдi нормативтiк актiлермен анықталады. Егер шарт пен тауардың сапасына көтерiңкi талаптар қойылса, сатушы сатып алушыға соларға сəйкес тауарды беруге мiндеттi. Алдынала соларды айтып, сатушы тауардыкемшiлiктерiмен бере алады. Сатушы сатып алушыға беруге мiндеттi тауарлар берген кезде айтылып кеткен талаптардың бiрiне сəйкес болуы керек.
Ақылға сиымды мерзiм шеңберiнде ол, əдетте пайдаланылатын мақсаттарда пайдалануға жарамды болуы керек. Сатушы тауарды жарамдылық мерзiмдерi шегiнде пайдалануға мүмкiн болатындай қылып беруi керек. Жарамдылық мерзiмдерi заңдармен, мемлекеттiк стандарттардың мiндеттi талаптарымен немесе өзге мiндеттi тəртiптермен, өндiрушiнiң өзiмен орнатылады.
Жарамдылық мерзiмдерi өтiп кеткен соң тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналады. Осымен бiрге қызмет ету мерзiмi деген түсiнiк қолданылады, оның тұтынылмайтын тауарларды мақсаты бойынша пайдалану шектерiне қатысы бар, ал жарамдылық мерзiмi деген ұғым тағамдарға, дəрiлiк заттарға жəне с.с. қолданылады.
Шартпен гарантиялық мерзiмдер орындалуы мүмкiн. Бұл мерзiмдер тауарды əдеттегi немесе өзге мақсаты бойынша қолданымды мүмкiн уақыт кезеңдерiн белгiлейдi. Өзiнiң табиғаты бойынша олардың жоғарыда көрсетiлген мерзiмдермен ортақтығы бар, бiрақ гарантиялық мерзiмдер оларға толығынан тепетең болып келмейдi.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында гарантиялы мерзiмдерге бұрынғы заңдардағы сияқты мəн берiлмейдi. Азаматтық кодекстiң 425 бабына сəйкес, қазiр гарантиялық мерзiм шарттың өзiмен анықталуы керек. Ал, егер де ол шартпен қарастырылмаса, онда Азаматтық кодекстiң 430 бабының 2-шi тармағына сəйкес, егер өзгеше заң актiлерiмен немесе шартпен бекiтiлмесе, тауар сатып алушыға ұсынылған күннен бастап екi жыл көлемiнде ұсынылуы мүмкiн. Тауар сатып алушының жəне сатушының құқықтары мен мiндеттерi.
Қазiргi заманда сатып алушының мүддесiн қорғайтын бiрiншi кезекте осы норма, ал шартпен белгiленген кепiлдiк мерзiм емес. Тауар сапасына кепiлдiк, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның барлық құрамдас бөлiктерiнде де (жинақтаушы бұйымдарына) қолданылады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жинақтаушы бұйымға берiлген кепiлдiк мерзiмi негiзгi бұйымға берiлген кепiлдiк мерзiмге тең болып есептеледi. Сатушы тауарды қай кезде сатып алса немесе ол тауар қай кезде шығарылса, соған қарамастан кепiлдiк мерзiмi тауар сатып алушыға берiлген кезден есептеле бастайды. Егер сатушыға байланысты болып келетiн себептер бойынша сатып алушы тауарды пайдалану мүмкiншiлiгiнен айырылса, онда мерзiмi сатушы аталған себептердi жайғағанға дейiн өз ағымын бастамайды. Мысалы, сатушы шартқа сəйкес тауарды жинақтаған жоқ (айта кететiн болсақ, сатып алусату қатынастарына бұл жағдайда мердiгерлiк туралы нормалар да қолданымды болып келедi). Тауар (жинақтаушы бұйым) ауыстырылғанда кепiлдiк мерзiмi өз ағымын жаңадан бастайды.
Сондай-ақ, тауарды берген жағдайда, тауарды түртүрiмен, жинақтылығымен жəне жиынтығымен, үшiншi тұлғалардың құқықтарынан тыс тауарды беру, тауарды салатын ыдыс жəне оны буыптүю сатушының мiндетi болып табылады. Тауарлардың түртүрi. Тауарлардың түртүрi бөлшектеп сатып алусату, тауар жеткiзiлiмi, келiсiмшарт жасасу шарттарында көзделген (энергиямен жабдықтау шартында да теоретикалық көзқарастан оның қарастырылуы мүмкiншiлiгi туралы айтуға болады).
Тауардың түртүрi дегенiмiз (ассортимент) - бiр түрлi тауардың жиынтығының iшiндегi белгiлерiне жəне бiр түрлi тауардың үлгiсiне, мөлшерiне, сортына, түсiне, электр қуатының тиiстi өлшемдерiне байланысты бөлiнуi. Егер тұлға бiр сатушыдан тұрмыстық химия затын жəне тағы бiр электр құралын сатып алса, онда тауардың түртүрi деген сөйлем қолданылмайды. Тауардың түртүрiне қойылатын талаптарды күрделi затты беруге қатысты мiндеттемеге қойылатын талаптардан ажырата бiлу керек. Жиынтықтылықтық жəне жиынтық. Сатушы сатып алушыға жинақтылық немесе жиынтығы туралы талаптарына сəйкес тауар беруге мiндеттi. Жиынтылықтық дегенiмiз - шартта көзделген немесе заттың функционалдық тағайындалуымен анықталатын барлық құрама бөлiктердiң затта болуы. Шартпен бұйымдардың стандарттық жəне қосымша жиынтықтылығы көзделедi немесе жиынтылықтықтан кейбiр жиынтықтаушы бөлiктер алынып тасталады.Шартта тауардың жиынтықтылығы белгiленбесе, сатушы сатып алушыға жиынтықтылығы iскерлiк айналым əдет ғұрыптарымен немесе əдетте қойылатын өзге де талаптармен анықталатын тауар беруге мiндеттi.
Жиынтықтылықтың тауарлардың жиынтығын айыру қажет. Қазақстан Республикасын бiрiктiру. Азаматтық кодексi 432 бабының мағынасына сəйкес жиынтық дегенiмiз бiрнеше сатып алу сату шартының пəнi кейбiр кездерде күрделi болып келетiнiн анықтай аламыз. Осымен қатар бiздiң көзқарасымыз бойынша жиынтық Азаматтық кодекстің 121 бабымен анықталатын күрделi зат ұғымына тең болып келмейдi. Заттардың жиынтығына қатысты бiртұтас құқықтық қатынас пайда болады, одан сатушының тиiстi мiндетi өз көрiнiсiн табады. Заттардың жиынтығы болуы үшiн (оған қатысты) талап қойылуы үшiн анық айқындалған себептердiң қажетi жоқ, тараптардың iшiнен ниеттенуi жеткiлiктi болып келедi. Мысалы, альпинист тобы Эверестқа шығуға қажеттi, оны қамтамасыз ететiн заттар сатып алады. Жиынтық талабы, ассортимент жəне сапа талаптарымен тығыз байланысты. Мысалы, экспедиция сатып алатын жиынтыққа кiретiн кейбiр заттарға тау биiгiнде пайдалану жарамдығына, жоғары төзiмдiлiгiне, төмен температура тұрақтылығына талап қойылады.
Егер шартта өзгеше көзделмесе жəне ол мiндеттеменiң мəнiнен туындамаса, сатушы сатып алушыға жиынтыққа енетiн барлық тауарды бiр мезгiлде беруге мiндеттi.
Сатып алушы үшiншi тұлғалардың құқықтары жүктелген тауарды қабылдауға келiскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшiншi тұлғалардың кезкелген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
САТЫП АЛУ САТУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
АЙЫРБАС ШАРТЫ БОЙЫНША СУБЪЕКТІЛЕРІ
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу - сату шарты
Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары
Сатып алу-сату шартының ұғымы
Шарт ұғымы және оның түрлері
Сатып алу шарты
Келісімшарт жасасу және тоқтату мәселелері
Сатып алу-сату шарттары
Пәндер