Тума идея


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім .

а) Рене Декарт туралы мәлімет

б) Рене Декарт дуализмі. Күмәндану теориясы.

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған əдебиеттер.

Өмірі :

Рене Декарт 1596 жылы Лаэ деген жерде дүниеге келді. Бұл елді мекен орталық Франциядағы Тур қаласынан оңтүстікке қарай 35 миля қашықтықта орналасқан. (Қазір сіз бұл жерді картадан таба алмайсыз, себебі оның атауы өзгерген. Ол бұл күнде ұлы философ және математиктің атында. ) Философ дүниеге келген үй қазір Декарт елді мекенінің Декарт көшесіндегі Декарт атындағы жиырма тоғызыншы үй және ол шағын мұражайға айналған. Декарт 8 жасында Ла Флеш иезуит колледжіне (қазір әскери академия) оқуға жіберілді. Бұл оқу орнында Декарт сегіз жыл болды, логиканы, философия мен математиканы оқыды. Ол өзін өте дарынды, білімқұмар шәкірт ретінде көрсетті. Бірақ Декарт сәл әлжуаз бала-тұғын, сол себепті еркелеп, төсекте ұзағырақ жатып алушы еді. Осындай сәттерде ол өрмекшінің өрмекті қалай тоқитынын бақылап, ақыры осы зерттеулерінің негізінде өзінің әйгілі координаталардың геометриялық принциптерін жасап шықты. Кейін Декарт алған білімі үшін иезуиттерге ризашылығын білдірді және бұл білімнің керемет сапалы болғанына кәміл сенді. Декарт «дүниенің ұлы кітабын» танып-білгісі келіп, әскери қызметін өтеуге бел байлады. Оны Франциядан тыс аймақтардағы әскери қызмет қызықтырды. Бұл денсаулығында кінәраты мол әлжуаз адам үшін мүлде қисынсыз таңдау болып көрінуі мүмкін. Бірақ Декарт әскери қызметке кірісіп, Германияда, Баварияда, Венгрия мен Чехияда қызмет етті. Декарт тегін қызмет еткен. Ол әскери өмірін математика, философия және музыканы зерттеумен ұштастыра білді. Декарт ақыр соңында өзін өмірдің негізгі мақсаты ақиқатты ақыл-ойдың көмегімен іздеу және ұғыну екеніне сендірген бірнеше түс көрген деген пікірлер бар. Жаратқанның осы аянына алғысын білдірмек ниетпен ол Лоретодағы киелі Құдай-Ана Үйіне тәуап ету үшін Италияға бармақ болды. Бірақ бұл сапар ойластырған уақыттан кейінірек жүзеге асты. Декарт біраз уақыт Парижде тұрды, алайда оны өзінің ғылыми қызметі үшін онша қолайлы жер деп есептеген жоқ. Декарт бірнеше кітап жазды. Ол кезде ғалымдар еңбектерін латын тілінде жазатын. Декарттың кітаптары француз тіліне біршама тез аударылды. Оның еңбектерінің арасында «Дүние туралы трактат», «Әдіс туралы пайым», «Алғашқы философия туралы толғаныс» және «Жан құмарлықтары туралы» сияқты туындылар ерекше көзге түседі. Декарт «Дүние туралы трактатты» жариялауға асықпады. Мұның басты себебі - инквизицияның Галилео Галилейді жалған ілім таратты деп айыптауы еді. Декарт Голландияға қоныс аударды, себебі Еуропаның басқа мемлекеттерімен салыстырғанда бұл елде цензура жұмсақтау болатын. 1649 жылы Декарт швед патшайымы Кристинаның шақыруын қабыл алып, сарайға келді. Патшайым заманауи философияны зерттеуге қатты құмар болды. Бірақ шведтің қатаң қысы Декарттың денсаулығына жақпады. Және патшайым Декарттың сабақтарды таңғы бесте өткізгенін қалады! Бұл байғұс философ үшін өте қиын болды: ол төсекте ұзағырақ жатқанды жақсы көретін және кеш тұратын. Декарттың ыстығы қатты көтеріліп, ауырып қалды. Ол 1650 жылдың 11 ақпанында, Швецияға қоныс аударғаннан кейін бес айдан соң, безгектен қайтыс болды. Декарт ешқашан үйленбеген. Ол сабырлы да қарапайым, тәрбиелі, өз қызметшілеріне мейірбан және қайырымды джентльмен еді. Декарт Рим-католик шіркеуіне шын берілген діндар болса да, бүкіл өмірін тек адамның ақыл-ойы ғана шеше алатын сұрақтар мен мәселелерге арнады. Ол жаңа философиялық жүйе жасауға саналы түрде бел байлады.

Ойлары:

Қазіргі заманға ұзақ жол Қайта өркендеу дәуірі мен XIX ғасыр арасындағы уақыт мөлшерінде шіркеу мәдениетке жургізіп отырған билігін ақырындап жоғалта бастады, ол мемлекеттің қолына көшті. Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық саласына ықпалын үздіксіз күшейте түсті. Көптеген ұлттық мемлекеттер өз корольдерін орнынан тайдырып (олар билікті Құдайдан тікелей қабылдайды деп есептелді), басқарудың жаңа формаларына ауыстырды. Сауда-саттықпен айналысатын әлеуметтік таптардың билікті өз қолдарына шоғырландыруы жиіледі. Жаңа мәдениет, жалпы алғанда, либералды болды. Жаңа институттар ортағасырлық шіркеу сияқты емес, философтарды бақылап отыруға ешқашан ұмтылмады. Осы дәуірде жаңа дүниетаным қалыптасты. Жаңа қоғамдық санада біртіндеп, ретімен болып жатқан екі айқын өзгеріс байқалды. Бірінші өзгеріс -шіркеу беделінің түсуі, әсіресе Рим-католик шіркеуі (бірақ тек ол ғана емес) беделінің төмендеуі. Екінші өзгеріс - ғылым беделінің артуы. Жаңа ғылым ақыл-ойға жүгінді. Бұл біртіндеп, рет-ретімен жасалған жаңалықтар дәуірі еді. Ол енді бұрынғыдай ғажайыптар жүйесі болудан қалды. Ортағасырлық шіркеудің ресми догматтары абсолюттік ақиқат сияқты жарияланса, жаңа, ғылыми ақиқаттар болжамды түрде, ықтималдылық негізінде тұжырымдалды және түзетулер мен өзгертулерге ашық болды. Ақылдың жаңа ғылыми түрінің сипаты авторитарлықтан гөрі көбіне ізденімпаз, әрекетшіл, жаңаға ұмтылғыш еді. Осындай құндылықтарды қабылдауда қоғам біртіндеп динамикалық сипатқа ие бола бастады, қозғалыссыз салалар азайды. Ғылыми көзқарас этикалық бейтараптыққа бейім болды. Субъективтілікке бейімділік қазіргі заианғы философияда әлі күнге дейін бар. Бұл, әрине, өзінің барлық білімін өзіндік өмір жолы негізінде қалыптастырған Декарттың еңбектерінен де айқын байқалады. Қазіргі заманғы философияның негізін қалаушы Декартты қазіргі заманғы философияның негізін қалаушы деп жиі айтады. Бұл - әділ пікір. Ол зияткерлік қабілеті өте жоғары алғашқы философ болды, оған жаңа физика мен астрономияның дамуы ықпал етті. Декарт өзінің еңбектерін оқытушы емес, зерттеуші сияқты жазды. Оның жазу мәнері өткір болды және еш зеріктірмейтін еді. Өз зерттеулерінде тек ақыл-ойға ғана жүгінген және алдыңғы философтардың беделіне сене беруден бас тартқан Декарт философияны қайта ашқандай еді. Ол болжамдар мен тұспалдардан аулақ болуға талпынып, айқын және нақты нәрселерге ғана сүйенді. Рене Декарт өзінің дәл және абстрактілі идеялармен жұмыс істеуге тиіс екеніне сенімді еді. Интуиция мен дедукция ілім-білімге жетудің ең айқын жолдары болып көрінді. Декарт үшін болмыстың құрылымын емес, білімнің құрылымын іздеуге ұмтылу маңызды еді. Оны онтология емес, эпистемология көбірек қызықтырды. Осылайша философияның заманауи дәуірі Декарттан басталды деп сенімді түрде айтуымызға болады. Қазіргі заманғы философия 1619 жылдың 10 қарашасында, Декарт оны пеш үстінде өткізген күні дүниеге келді. Ол одан «ақиқатқа жетудің әмбебап әдісі идеясымен» шықты. Ол пеш үстінде күні бойы қалай отырды? Бұл оған не үшін қажет болды? Осы туралы бірнеше болжам бар. Мүмкін, ыстық пеш тұрған бөлме үйдегі жалғыз жылы бөлме болған шығар. Тағы бір пікірге сүйенсек, пеш бөлмеге қарай шығып тұрған текшеде орналасқан болса керек. Осылайша текшеге, яғни пеш сөресінің астындағы тақтаға жайғасқан адаи отқа жақынырақ отырады екен. Қалай болғанда да, бұл қазіргі заманғы философия дүниеге келген жерге айналды. Германиядағы дәл осы пеште Декарт схоластикалық философиядан біржола бас тартуға, оны сызып тастап, бәрін қайтадан бастауға бел байлады. Осы мақсаттары оның алғашқы философиялық және ғылыми еңбегінде, ғылым әлемі үшін үйреншікті емес, жаңа тілде (латынша емес, французша) жазған еңбегінде жүзеге асты. Декарт «өзінің табиғи ақыл-ойын ғана қолданатындарға» осы кітаптың түсінікті болғанын қалады. Бұл кітап «Әдіс туралы пайым» деп аталды. Декарт осы еңбегінде өз зерттеулеріне негіз болған төрт ережені бейнеледі. Біз енді соларға нақты назар аударып көрейік.

Картезиандық ережелер :

Адамның көптеген ережелерді ұстануы көп ретте оның ақиқатты жете ұғына алмауының себебіне айналады деп атап көрсетті Декарт. (Мемлекетте заң аз болса, оны басқару әлдеқайда тиімді болатынын ол түсінді) . Сондықтан ол төрт ереже ғана ұсынды. Қазіргі заманғы саясаткерлер «мемлекеттік реттеуді бәсеңдету» туралы айтқанда, өздері байқамастан, Рене Декарттың ойларын қайталайды.

1. Ол ақиқат деп ақиқаттығы айқын нәрсені ғана қабылдады. Нені болсын өзінің лайымдауларында анық және айқын түсінбегенше, күмәндануға ешқандай негіз қалмағанша, Декарт ештеңені қабылдамады. Оның тек қана айқын және дәл идеяларды қарастыру ережесі осыдан анық көрінеді.

2. Декарт әр мәселені өз мүмкіндіктерінің аясында, көптеген қарапайым бөліктерге бөлді. Бұл бөліктер мәселені тезірек және дұрыс шешу тұрғысынан алғанда, қажеттілік принципі бойынша ажыратылып көрсетілді. Осы ереже анализ (талдау) деп аталады.

3. Оның барлық ойлары белгілі бір рет бойынша баяндалды. Декарт пайымдауларын түсінуді жеңіл қарапайым идеялардан бастады. Әрі қарай ойлау реті анағұрлым күрделене түсті. Пайымдаудағы қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп жылжу ережесінің мәні де - осы.

4. Ол жиі-жиі толық шолу жасап отырды, бұл оған ештеңені ұмыт қалдырмауға мүмкіндік тудырды. Бұл - синтез ережесі. Қандай да бір мәселе туралы пайымдаулар ақылдың маңызды екі әрекетіне: анализге және синтезге байланысты екенін атап өту маңызды. • Сараптау, анализ - мәселені жіліктеп, түсінуге ыңғайлы элементтерге бөлу. • Синтез - барлық элементтерді адам тұтас картинаны көре алатындай етіп шоғырландыра біріктіру.

Жүйелі күмәндану әдісі

Жаңа философияны жасауға қажетті толық қауіпсіз негізге ие болу үшін Декарт күмәндануға болатынның бәрін күмәнді ой елегінен өткізу қажет деп шешті. Ол біздің сезімдеріміз алдамшы болуы мүмкін екенін ескертті. Үстелім кейде қарақоңыр, кейде ашықтау болып көрінеді; бұл жағдай көбіне жарықтың түсу бұрышына және оның түсінің ашықтығына байланысты. Үстелімнің түсін қалайша дұрыс сипаттауға болады? Адам тәнінің табиғатын қарастырғанда біз адасуымыз мүмкін. Мысалы, қандай да бір себептермен аяғынан немесе қолынан айырылған адамдар сол жоқ жерлерінің ауырғанын немесе қышығанын сезгендей болады. Оларды тән сезімдері адастырады. Математиканың зерттеу мәнін қарастыра отырып та алданып қалуға болады. Біздің бәріміз бір кездері есептен қателестік! Мүмкін, мен осы дүниеде өмір сүруіме қатысты алғанда да алдаудың құрбаны шығармын? Күмән туғызбайтын нәрсе бар ма өзі? Мен ойлоймын, демек, өмір сүремін Декарт, қанша дегенмен, күмән туғызбайтын бір нәрсенің бар екенін ашық айтты. Мен мұнда отырмын және бәріне күмәнданамын. Егер мен күмәндансам, онда мен өмір сүріп отырмын деген сөз! «Мен ойлаймын, демек, мен бармын» («Je pense, done je suis») . Француз тілінің ең әйгілі сөз тіркестерінің бірі бүкіл әлемге өзінің латын нұсқасында таныс: «Cogito, ergo sum». Адамның өмір сүруінің ақиқаттығын ашатын осы дәлел көбіне жай ғана «Cogito» деп айтылады. Бірақ бұл жағдайда бір мәселе туындайды: біздің білімімізден тәуелсіз өмір сүретін нәрсе бар ма? Декарт «ойлау - адамның өмір сүретінін дәлелдейтін талассыз іргелі факт» деп сендірді. Бұл - алдын ала белгілі жалғыз дәлел, әрі қарайғы пайымдаулардың бастапқы нүктесі. Осылайша дүниедегі бүкіл болмыс өмір сүрудің адам түсінігіндегі ең қарапайым формасы болып есептелетін ойлаудың бар болуына тәуелді. Декарт: «Ойлау - бірден-бір тура шындық еді», - деп қуана мәлімдеді. Оның ізбасарларының кейбірі ой - жалғыз ғана нақты дүние деп тұжырымдады! Декарт ақыл-ойды материядан да анық және айқын етті. Оның көзқарасы бойынша, менің ақыл-ойым (мен үшін) басқалардың ақыл-ойларынан айқынырақ. «Cogito» дәлелінің дұрыс екеніне Декарт неге соншалықты сенімді болды? Себебі ол айқын және дәл еді. Декарт «ойлау» ұғымы деп нені түсінді? «Ойлау - біздің қабылдауымызға байланыстының бәрі: түсіну, қалау, елестету, тіпті сезіну де ойлаумен бірдей»

«Әдіс туралы пайым» (1637) • Дұрыс философиялық әдіс - айқын және дәл, яғни күмәндануға жатпайтын идеяларды қабылдау; күрделі сұрақтарды қарапайым сұрақтарға бөлу; пайымдауларда қарапайымнан күрделіге қарай жүру; осы жолдағы барлық кезеңдерді шолу. • Адам осы әдісті іс жүзінде қолданған кезде, ой-пікірдің бәріне де түгел күмәнмен қарауға тиіс. Күмән туғызбауға тиіс жалғыз пікір: «Ойлаймын, яғни өмір сүріп отырмын». • «Мен» - Құдай идеясын қамтитын ойлаушы субстанциямын. Мен кемелдік идеясын өз бетіммен, өзімнің өмірлік тәжірибеме сүйене отырып игере алмаймын. Сондықтан Құдай осы идеяның бастауы ретінде бар болуға міндетті. Жетілмеген тіршілік иелері кемел болмыссыз өмір сүре алмайды. Құдай міндетті түрде өмір сүруге тиіс. Егер ол жоқ болса, онда оның кемел болмағаны. • Дүниеде бар Құдай сыртқы элем туралы біздің біліміміздің негізін береді, бірақ біз Қүдайдан алынған дәл, айқын және күмәнсіз идеяларға ғана сенуге тиіспіз. Қүдайдан берілетін тек осындай идеялар ғана - біздің сезімдеріміз бен ақылойымыз игеретін нақты білімнің себептері болмақ.

Тән және ақыл:

Декарт өзін ең жоғары деңгейде ойлайтын тіршілік иесімін деп түсінді. Осыдан туындата отырып, ол өзінің жаны немесе ақыл-ойы (оның тұлғасының ойлау үшін жауап беретін құрамдас бөлігі) тәннен толығымен бөлінген және оқшауланған деген қорытынды жасады. Декарттың пікірінше, тәннен гөрі жанды танып-білу және түсіну әлдеқайда оңай. Ол «жан мен тән қатар жүреді, бірақ бір-бірімен байланыссыз» деп пайымдады. Оның идеясын түсіну тәсілдерінің бірі - қатар тұрған екі оятқыш сағатты ойша елестету. Бірінші сағаттың қоңырауы жоқ, бірақ сағат тілдері бар. Екінші сағаттың, керісінше сағат тілі жоқ, бірақ қоңырауы бар. Бірінші 86 оятқыш белгілі бір уақытты көрсеткенде, екінші сағаттың қоңырауы сыңғырлайды. Бірақ олар бір-бірімен байланыссыз. Ақыл-ой мен тән де солай. Олардың бір-бірімен байланысы жоқ, бірақ бірге өмір сүреді. Бір кесек балауызды көз алдыңызға елестетіңіз, дейді Декарт, оның сипатын қол тигізу арқылы айқындауға болады. Бұл сипаттар әртүрлі жағдайға байланысты өзгереді: балауызды қыздырсаңыз, ол жұмсарады, салқындатсаңыз, қатаяды. Сипаттың түрліше өзгеруі дәл осы балауызға тікелей қатысты дегенді білдірмейді. Біздің алдымызда балауыз тұрғанын біз ақылымызбен түсінуіміз керек, бірақ сезім арқылы қабылдамаймыз. Сондықтан қандай да бір қубылыс немесе зат туралы білім сезім арқылы емес, ақыл-ойдың көмегімен пайда болады.

Құдайдың бар екенін дәлелдеу: Декарт сыртқы дүниеге қатыстының бәріне күмәнмен қарады. Ол тек өзінің нақты өмір сүріп отырғанын ғана терістемеді, себебі оның негізі - өзінің ойлау қызметін жүзеге асырып отырғаны. Оның бар болып, өмір сүріп отырғаны ойлау үдерісімен дәлелдене алады. Ал сезімнің көмегімен қабылданатын нақты дүниеге қатысты не айта аламыз? Оның өмір сүріп отырғаны да көрнекі дәлелденуі тиіс. Декарт нақты дүниенің өмір сүретінін Құдай ұғымына жүгіне отырып дәлелдеді. Айналадағыларды алдаиайтын кемел тіршілік иесінің бар болуы ғана оны сыртқы дүниенің өмір сүруі елес емес екеніне сендірді. Декарттың Құдайға сенімі қандай философиялық принциптерге негізделді? Егер адам бірдеңеге күмәнданса, ол өзі күмәнданып тұрған нәрсенің жетілмегенінен дейді Декарт. Біз қателік жасағанымызды түсінген сәтте ғана жетілмегенімізді санамызбен ұғынамыз. Бірдеңенің жетілмегені туралы хабардар екеніміздің өзі жетілген кемелдік идеясының бар екенін білдіреді. Кемелдік идеясы жетілмеген мәнде пайда бола алмайды. Шексіз және жетілген жан иесі ғана кемелдік идеясын тудыра алады. Жоғарыда көрсетілген түсініктердің бәрі - алғаш рет Кентерберилік Ансельм ұсынған ортағасырлық ескі идеяның бір нұсқасы ғана. Бұл идеяның мәні мынада: бар болу, өмір сүру - кемелдіктің ажырамас бөлігі. Егер де бірдеңе жетілген бола тұра дүниеде өмір сүрмесе, онда оның онша кемел болмағаны. Яғни жетілген зат міндетті түрде өмір сүруі тиіс, олай болмаған жағдайда бұл заттың болмысы Декарт ұсынған ұғымдарға қайшы келеді. Бұл Құдайдың бар екенінің онтологиялық дәлелі деп аталады. Жетілмеген тіршілік иесі (мысалы, адам), әрине, жетілген тіршілік иесінің (мысалы, Құдай) билігінде. Жетілмеген тіршілік иелері өз болмысы- Рене Декарт: жүйелі күмәндану - философиялық әдістің бір түрі 87 ның ең басынан бастап және уақыттың әр кезекті сәтінде жетілген тіршілік иесіне тәуелді. Декарт батыстың қазіргі замандық философиялық-ғылыми ойлауының негізін қалаушы тұлға ретінде толық философиялық жүйе жасады. Ол философияда дуализм (қоснегіз) мен рационализм (зердешілдік) бағытын дамытты.

Декарттың пікірінше адам баласы математикалық логикалық әдіс арқылы --- яғни зерделі түрде философиялық ой жүгіртуге тиіс. Адам ақылды нәрсе және барлық нәрсені ақылмен түсіндіруге болады. Зерде сезім мүшелеріне қарағанда сенімді куәлік етеді, сенімді білм береді. Мысалы, Түс көрген кезімізде біз шын өмірде жүргендей сезінеміз. Бірақ зерделеу арқылы түстік шын өмір емес екенін тұжырымдап шығамыз деді. Ол логика, геометрия, алгебра арқылы төрт ережені ұсынды:

  1. Еш нәрсені де ақыл-зердемен танудан бұрын шын деп есептеме, тек күдіктен толық арылғанда барып ақиқат айқындалады. Күдік ақиқатқа жетуде міндетті түрде басып өтетін жол талабы.
  2. Күрделі мәселені оны құраған ұсақ мәселелерге бөліп, жеке жеке шешу арқылы шешуге болады.
  3. Ой қарапайымнан күрделіге дамиды. Ойлау қарапайымнан бастап күрделіге ауысуы керек.
  4. Әрқашан өз ізденісімізді түбегейлі қайта қарап, ізденіс желімізден адасып қалмай, әлдебір қажетті мазмұнды жоғалтып алмағанымызды, әлдебір қателікке ұрынып қалмағанымызды тексеріп тұруға тиіспіз.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f3/DescartesGraduationRegistry.JPG/200px-DescartesGraduationRegistry.JPG

Collège Royal Henry-Le-Grand, La Flèche-нің қолжазбасы, 1616 жыл.

Декарт бұл әдісті философиялық ойлауда қолданып қана қоймай, геометрияда тіке қолданып, аналитикалық геометрияның негізін қалады.

Декарт философиялық әдіснама арқылы рационалді философияның мынадай мәселелерін қарастырды:

  1. Дүниені танудағы ақыл-ойдың рөлі;
  2. Субстанция, оның атрибутары мен модустары;
  3. Философиядағы материализм мен идеализм бағыттарын келісімге келтіру, дуализмӘ;
  4. Танымның ғылыми әдісі және «туа біткен» идеялар теориясы.

Болмыс

Болмыс мәселесін зерттеу барысында Декарт болмыс мәнін сипаттайтын базалық, негіз болатын ұғымды табуға талпынды. Өз ізденістері нәтижесінде Декарт субстанция ұғымнын тұжырымдады.

Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Құдай өзі Субстанция, өзі Жаратушы болғандықтан субстанциялардан құралған дүниені жаратты. Құдай жаратқан субстанциялар да (жеке заттар, идеялар) субстанциялық басты қасиетке ие - тіршілік ету үшін өзінен басқаны қажет етпейді. Алайда бір-біріне қатысты алғанда өзіне-өзі жетімді (жеткілікті) болғанмен Құдайға қатысты алғанда олардың бәрі екінші және оған тәуелді (өйткені оларды жасаған Құдай) . Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді:

  1. материалды (заттар),
  2. рухани (идеялар) .

Сонымен қоса олардың әрқайсысының тек өздеріне ғана тиесілі қасиеттері (атрибуттарды) болатының атап көрсетеді: дәйектілік - материалды заттардікі, ойлау - рухани идеялардікі. Осылайша, барлық материалды субстанциялардың бәріне тән қасиет дәйектілік (ұзындығына, еніне, биіктігіне, тереңдігіне қарай) және олар сансыз көп рет (шексіздікке дейін) бөліне береді. Рухани субстанцияларға ойлау қасиеті тән және олар, кірісінше, бөлінбейді. Материалды және рухани субстанциялардың басты қасиеттерінен (атрибуттарынан) тарайтын басқа да қасиеттері модустар деп аталады. Мысалы, дәйектіліктің модустары - форма, қозғалыс, кеңістіктегі жағдай, т. б. ; ойлаудың модустары - сезімдер, тілектер, түйсіктер, т. б.

Адам

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аристотель – антикалық философияны жүйеге келтіруші
Дене әрекеттерінің тілі
XVIII ғ. ассоциианализм мен эмпиризмнің үстемдік құруын анықтау
Платонның қоғамдық,саяси және әлеуметтік көзқарастары
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Платонның жан мен тән туралы ұғым жайлы
Педагогиканың әдіснамалық негіздері
Платонның жан мен тән туралы ұғымы
Тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру
Сөздік құрам, лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz