Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы ұғымына жалпы түсінік
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Гуманитарлық ғылымдар факультеті
Білім технологиялар кафедрасы
ЖОБА
Пәні: Педагогикалық технология және инновация
Тақырыбы: Бастауыш сыныптың ағылшын тілі сабағында сыни тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
Қабылдаған: Абдуллина Г.
Орындаған: ППМ-611(F) тобының студенті Кәрімова Ұ.
Түркістан-2019
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4
1. СТО технологиясының теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..5
1.1 Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы ұғымына жалпы түсінік ... ... ...5-11
1.2 Бастауыш сыныпта сто технологиясының тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ...11-14
2. СТО технологиясының әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.1 Сыни тұрғысынан ойлау технологиясында қолданылатын әдіс-тәсілдер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-21
2.2 Сыни тұрғысынан ойлау технологиясына арналған сабақ жоспары
Story time ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21-24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Ұсынылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алып, демократиялы қоғам құруға бет алғалы қоғамдағы өзгерістер білім беру саласына да өз әсерін тигізді.
"Болашақ оқу үшін өздерін ұйымдастыратын қоғамның қолында, ... халықты жұмыспен толық қамтуды қалайтын, биiк табыстарға ұмтылатын ұлттарға білім мен дағдыларды [ойлауды] тек таңдаулылар ғана емес, әр адам алуды күшейтетін саясатты дамыту қажет."
Рэй Маршал және Марк Такер, Өмір үшін ойлау: Ұлттың білімі және игілігі, Негізгі кітаптар. Нью Йорк. 1992.
Білім беру үрдісінде ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам дәрежесіне келтіру керек. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу - кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктейді.
Балалардың ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері ( Ф.И. Буслаев, К.Д. Ушинский, Н.А. Корф, В.И. Водовозов және т.б. ) аса мән берген.
Қазіргі кезде өмір сүру күрделенді, біздің елімізде демократиялық құрылымдар пайда бола бастады. Бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуды үйрететін жаңа технологиялардың бірі - "Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту".
СТО-ды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі. СТО дегеніміз - не нәрсенің анығына барып, оның себеп салдарына барып анықтау, бағалау одан шығатын салдарына көз жеткізе білу, қорытынды жасау. Джон Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушының табиғи әуесқойлығын оятып, СТО-уға итермелейді.
Бүгінгі мектеп алдындағы басты міндет - ағылшын тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау жобасын басшылыққа ала отыра, оқушылардың ой-өрісін дамытуға жағдай жасау.
Сол себептен, зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: Бастауыш сыныптың ағылшын тілі сабағында сыни тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты: оқушының ой-өрісін дамытудағы сын тұрғысынан ойлау жобасының қолданудың тиімділігін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
сын тұрғысынан ойлау технологиясының ғылыми теориялық негізін ашу;
сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқушылардың жан-жақты танып білуін қамтамасыз ететін шығармашылық жүйе жасау, әдістерін ұсыну;
сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың өз бетінше ізденудің және ой-өрісін дамытудың тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеу нысаны: мектеп бағдарламасы бойынша сын тұрғысынан ойлау жобасын ағылшын тілі сабақтарында қолдану процесі.
Зерттеу пәні: педагогикалық технология мен инновация.
Зерттеу болжамы:
Егер бастауыш сыныпта ағылшын тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасымен оқытудың тиімді жолдарын қарастыру оқушының санасына, ақыл-ойына қозғау салып, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға, тілге деген сүйіспеншілік сезімін оятуға игі ықпалын тигізер еді. Сын тұрғысынан ойлау жобасын оқу-тәрбие үрдісіне енгізетін болсақ, онда:
# оқыту үрдісін ұйымдастырудың жаңа әдіс, тәсілдері мен формаларын тиімді пайдалануға;
# оқушыларды өз бетімен ізденуге, олардың ойлау қабілеттерін арттыруға;
# берілген оқу материалын толық меңгеруге, өз бетімен білім алуға, сөйтіп білім сапасын арттыруға және ой-өрісін дамытуға қол жеткізуге болар еді.
1. СТО технологиясының теориялық негіздері
1.1 Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы ұғымына жалпы түсінік
Бүгінгі заманда жаңа компьютерлік технологияларды енгізумен бірге технология деген ұғым жиі кездеседі. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ пен Англияда пайда болып, содан бұл термин өмір қажеттілігіне байланысты дүниежүзіне таралып кетті. Педагогикада бұл ұғым оқушылардың аз ғана күш жұмсап, ең жақсы жоғарғы нəтижеге жетудің тиімді принциптері мен əдістерін анықтауға бағытталған.
Егер материалдық өндіріс саласында еңбек затын бірте-бірте терең меңгеру негізінде еңбек өнімінің өсуіне əкелетін жаңа технологиялар жасалса, ол білім беру саласында басқаша, технологиялар ұстаз іс-əрекетінің жеке жақтарына сай жасанды, қолдан істелген конструкциялар ретінде жасалынады[1].
Технология деген термин гректің түп тамыры techne - өнер, шеберлік, кəсіп жəне logos - ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе білімді беретін деген сөзді құрайды. Ол өндірістік үдерістерді жүргізудің тəсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы.
Қазіргі уақытта педагогикалық технология ұғымы əр түрлі түсіндіріледі.
Жаңа педагогикалық технология деген не? Ол үшін алдымен техника, технология терминдерінің мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр, соны ақылмен аңғаруымыз қажет. Ол үшін əлемдік педагогикалық тəжірибеде технология ұғымының тарихына көз жүгірткеніміз жөн.
Техника терминінің екі мағынасы бар екені айқын:
- біріншісі - өндіріс құралдарының жиынтығы;
- екіншісі - бір істі орындағанда қолданылатын тəсілдер жинағы.
Технология термині сол тəсілдер жүйесі (ілім) деген мағынаны білдіреді.
Технология түсінігі біркелкі емес түсіндіріледі. С. Смирнов оны төмендегідей анықтайды:
- оқытуды ұйымдастыруда форма немесе əдістеме түсініктерінің синонимі ретінде (бақылау жұмысын орындау технологиясы, қарым-қатынас технологиясы);
- нақты педагогикалық жүйенің синонимі ретінде (оқытудың дəстүрлі технологиясы, В. В. Давыдов пен Д. Б. Элькониннің мектепке арналған жүйесі жəне т.б.)[2]
Бірақ бұл түсіндірулер технология түсінігін ашпайды, сондықтан білім беру технологиясы, педагогикалық технология, оқыту технологиясы терминдерін қарастыру қажет. Берілген түсініктерді салыстырмалы талдау Л. А. Щукинаның еңбектерінде көрсетілген.
Көптеген уақыттар желісінде технология түсінігі педагогикалық ұғымдар қорнынан тыс қалып келді. Шынайы мəні (шеберлік жөніндегі ілім) педагогикалық міндеттерге: педагогикалық үдерісті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау - сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.
Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұштасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаланған жəне проблемалық оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б.
Алғашқыда педагогтар педагогикалық технология, оқу-оқыту технологиясы жəне тəрбиелеу технологиясы ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан педагогикалық технология мəні оқу технологиясы, тəрбие технологиясы ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.
Педагогикалық технология - бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология - кешенді үдеріс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалардың шешімін басқаруды қамтиды.
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В. Б. Беспалько, В. В. Данилов, В. К. Дьяченко жəне т.б.), екіншісі - тəжірибе арқылы жүзеге асуы (Е. Н. Ильина, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов жəне т.б.)[3].
Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда болған?
Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалық емес. Кезінде оны Я. А. Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог-ғұлама XVI ғасырда-ақ оқудың техникалық (яғни технологиялық) болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я. А. Коменский еңбектеріне үңілсек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе - 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек, - делінген[4].
Я. А. Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланылып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина, Ю. К. Бабанский жəне т.б.).
Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі əр автор мен орындаушының педагогикалық үдеріске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс енгізілуіне байланысты[5].
Педагогикалық технологияларға берілген басқа да анықтамалар бар, ол: оқыту үдерісін ұйымдастыру мен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс-əрекеттің моделі (Монахов В. М.), барлық сабақ беру үдерісін жасаудың, қолданудың жəне анықтаудың жүйелі əдісі, білімді меңгерудегі техникалық жəне олардың өзара əрекеттерін ескеру, мазмұнын қорытындылау (ЮНЕСКО).
В. Н. Бордовская жəне А. А. Реанның көрсетуінше, педагогикалық технологиялар бұл білім беру үдерісіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелілік іс-əрекеттеріне, мақсат-мазмұн əдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылығына сай нақтылы идея негізінде жасалынады.
Г. М. Құсайыновтың есебінше, педагогикалық технология əдеттегі түсініктерден басқа. Ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тəрбиелеудегі мақсаттары мен нəтижелерге жетумен сабақ беру үдерісі емес, ол кəсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің жəне өзара оқыту үдерісі, ол білім берудің мазмұны мен оқу жоспарларының бағдарламаларында ескерілген іс-əрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының əрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.
В. А. Сластенин бойынша педагогикалық технология деген: ол қатал ғылыми жоспарлау жəне дəлірек айтқанда, педагогикалық əрекеттің жетістігін қамтамасыз ететіндігін елестету.
Педагогикалық технология теориялық педагогика мен практика аралығында орын алып отыр. (В. Богомолов, Т. Ильин, А. Космодемьянская, М. Кларин, Ф. Янушевич сияқты ғалымдар осылай түсіндіреді.) Педагогикалық технология деп мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелерді бүтіндей бағалаудың жəне ол жүйелердің тиімділігі жөніндегі ақпарат туындауына байланысты жаңа мақсаттар қоюдың тұтас үдерісін айтамыз[6].
Сонымен, педагогикалық технология - оқыту үдерісін түгелдей қолдану жəне бағалау, сол сияқты, білімді адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, білім берудің тиімді түріне жету үшін оларды жоспарлаудың жүйелі əдісі ретінде түсіндіріледі. Жоғарыда аталған авторлардың пікірі бір-бірінен онша алшақтамағанымен, олар педагогикалық технологияның əртүрлі белгілеріне назар аударуды ұсынады. Қазіргі кезде оқытуда дəстүрлі жəне дəстүрлі емес жаңа, дамыта оқыту əдістері пайдаланылуда. Дəстүрлі əдістің негізін сыныптың сабақ жүйесі ретінде Я. А. Коменский салса, педагогикалық жаңа əдістер 50-60-шы жылдарда пайда болып, осы заманға Л. С. Выготский, М. Н. Скаткин, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Л. В. Занков тағы басқаларының идеяларыжалғасты. М. Н. Скаткин: Бастауыш сыныпта оқушыларға өз беттерімен танымдық міндеттерді шештіруді, сабақ мазмұнында берілетін материалдарды проблемалық мəселе ретінде ұсынуды құптайды. Сабақта берілетін білім мазмұнын жан-жақты ашу үшін оқушыларға тек соңғы нəтиже ғана айтылып қоймай, оның қалай жүзеге асатын жолдары түсіндірілуі тиіс - дейді.
Ғалым дидактик В. В. Давыдов М. Н. Скаткиннің бастауыш сыныпта жаңа əдістердің енгізілуін мақұлдап, оқушылардың теориялық түсініктерін қалыптастыру мүмкіндігін, бала психикасын дамыта оқытудың тиімді шешімін табуды алға қояды. Осы тұжырымдарды мұғалімдердің озат тəжірибесімен ұштастыра отырып, қазіргі бастауыш сыныптарда білім мазмұны мен əдістерін жетілдіру мəселелері шешімін күтуде.
В. В. Давыдовтың пікірі бойынша, бастауыш сынып оқушыларына танымдық міндеттерді шештірудің жолын іздестіру арқылы шығармашылық тəжірибені меңгертуге болады. Соның нəтижесінде білім, білік жəне дүниеге деген көзқарас, қатынас қалыптасады. Осы жағдайда бастауыш сыныпта тəрбиелеу мен оқыту баланың жеке дара ерекшеліктерін дамытады. Ғалымдардың пікірінше, бастауыш мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мəселелер: оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу əрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру.
В. В. Давыдов дамыта оқыту қағидасын бүтін жүйе ретінде қарастыруды ұсынады. Оқу қызметі оқу мақсаттары мен міндеттерінен, оқыту əдістерінен тұрады. Оқу əрекетіне оқу операциялары (ұғымдарды түсіндіру) оқуды игеру, бақылау, оқылатын материалдарды меңгеру дəрежесі, ал қабылдау əрекетіне дағдылар мен біліктер жатады. Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттарының негізгі ой- тұжырымдары төмендегіше сипатталады:
- есте сақтауға негізделген оқып-білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
- білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой əрекетінің динамикасының құрылым жүйесіне көшу;
- оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жеке- леп саралап оқыту бағдарламасына өту[7].
Қазіргі кездегі Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдарыұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланыстыөздерінің қалауына сəйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің əр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға жəне тəжірибеге негізделген жаңа идеялар, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бар. Сондықтан əртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас жəне психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тəжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мүмкін емес. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кəсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық жəне басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі əсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тəрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пəнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы.
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы - əлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Бұл технология Совет өкіметі кезінде 1973 жылдан, Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады[8].
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының басты мақсаты - дамыта оқыту негізінде Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.
Қазіргі заманғы педагогикалық технология ретінде ең озық əдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нəтиже шығара білу - əрбір ұстаздың басты міндеті.
RWCT бағдарламасы - ағылшын тілінен аударғанда Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу дегенді білдіреді[9].
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының мақсаты: барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, Сорос-Қазақстан қоры арқылы келген бұл технология орыс жəне қазақ тілдерінде мектеп тəжірибелеріне енгізілуде[10].
Сын тұрғысынан ойлау ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. Сыни тұрғыдан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тəн деп ойлау аса дұрыс емес. Бастауыш сынып оқушыларының да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сəйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз[11].
Сыни ойлау - өзіндік ойлау. Сыни ойлау - сұрақ қоюдан жəне шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Бұл технология мұғалімдерді несімен өзіне баурап алғандығын бірнеше сұрақ-жауап ретінде көрсетейік.
Сын тұрғысындан ойлау дегеніміз не?
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша ол:
- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мəселелерге сын көзбен қарау;
- күрделі мəселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық;
- үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
СТО-ды дамыту технологиясы немен қызықтырады?
:: Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен.
:: Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді əдістерінің стратегияларының көптігімен.
:: Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен.
СТО-ды дамыту технологиясының өзге технологиялардан қандай ерекшеліктері бар?
:: Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс.
:: Негізгі үш кезеңінің маңыздылығы.
:: Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері.
Оқу мен жазу сын тұрғысынан ойлау сабақтарында мына мəселелерге назар аударылады:
1. Сабақты белсенді өткізіп, əр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
2. Қиялын дамыту үшін менің ойымша деген жауапқа дағдыландыру.
3. Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.
4. Жеке тұлға ретінде мен деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:
Қызығушылықты ояту ( көпір жасау, ой қозғау);
Мағынаны тану (мағынаны ажырату);
Ой-толғаныс (рефлексия, жаңа білім құрастырылады). Білім берудің маңызды шарты оқу үдерісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады[12].
1.2 Бастауыш сыныптa сыни тұрғыдан ойлау технологиясының тиімділігі
Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың бірі - оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғыснан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған əдіс-тəсілдер. Осындай əдістеме негізінде бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі, əдебиеттік оқу, дүниетану пəндерінен терең де тиянақты білім беруге болады.
Оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың дамытушылық, тəрбиелілік мүмкіндіктерін пайдаланып жəне осы жүйені қолдану барысында қазақ тілі, əдебиеттік оқу, дүниетану сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту ойдағыдай жүзеге асырылады.
Бастауыш мектептің оқу үдерісінде сабақтарды Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы стратегиялары негізінде құрып оқыту, яғни сыни тұрғыдан ойлау тəсілін бастауыш сынып мұғалімі іс-тəжірибесіне енгізу нəтижесі оқушылардың бойында мынадай іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға болатынын байқатты.
:: Əрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен жəне ойлау қабілетімен ерекшеленеді;
:: Жеке дауысты (кейіпкер, жазушы, бірге оқитын оқушы) қабылдауға үйренеді;
:: Ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді мағынаны тану кезеңінде;
:: Өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдайды;
:: Өздеріне белгіліні пайдалана алады;
:: Өз біліміне сүйеніп, мəселенің шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе біледі, яғни Мен деген сөзді ұғады. (Сызба-1 "СЫНИ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ")
Осындай сабақ барысында оқушылар өздерінің, бір-бірінің ой- пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа тың идеялар туғызады. Сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылар мұндай сабақтарда оқудың қызықты əрі жеңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, əрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың əдіс-тəсілдері оқушыларға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми біліміндегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды. Сабақ барысында оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға еркін ойлауға мүмкіндік береді. Тақырыптың негізі өзегін, бағытын, мəн-мағынасын түсінеді, тіл байлығын жетілдіреді, өз ойын қысқа, мазмұнды, мағыналы баяндауға дағдыланады, пəнге қызығушылығы артады, ғылым негіздерін игеру əдістерін меңгереді, сөйтіп өзін келесі мəселені талдауға дайындайды.
Осындай əдіспен бастауыш мектептің дүниетану сабақтарында оқушыларға Гүл өсімдік сəукелесі тақырыбы бойынша өткізілген сабақ жоспары төмендегідей мазмұнда жасалды.
Сабақтың білімділік, дамытушылық, тəрбиелік мақсаттары белгіленді. Мұнда гүлдің тірі табиғат өкілі екенін дəлелдеу, оның мүшелері, атқаратын қызметі жəне оған қажетті жағдайлар жасау жөнінде түсінік беріледі.
Сабақта суреттер, альбомдар, жұмбақтар, нобайлар қолданылады. Оқушылар топтарға бөлінеді, əр топтың қорғайтын, дəлелдейтін Гүл өсімдік сəукелесі, Гүл табаны, Аталық, Аналық сияқты тақырыптары белгіленді. Топ оқушылары берілген тақырыптар жөнінде білгендерін, оқығандарын, өз ойларын ортаға салды, бір-бірлерін сынады, толықтырды, теріс айтылған пікірлер түзетілді, шалағай жауаптардың мазмұны кеңейтілді. Нəтижесінде ұжымдық тұжырым, қорытынды жасалды, осы қорытынды тірек-сызба түрінде көрсетіледі.
Бастауыш мектептің əдебиеттік оқу пəнін оқытуда сыни тұрғыдан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалану барысында мұғалім оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып, олардың іс-əрекет түрлерін мақсатты қалыптастыру, өздік, дербес ізденуге баулып, əрбір оқушыны өз беттерімен көркем туындыны оқуға, талдауға, бағалауға жетелеу қажет. Сонымен қатар Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы дайын білімді қайталап айту емес, оны өз белсенділіктері бойынша алуға тəрбиелейді. Оқушылардың өзіндік жұмысына мақсатты бағдарлар, айқын міндеттер қойғыза білуге үйретеді.
Бастауыш мектептің оқу үдерісіне сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын пайдалану оқушыларды проблемалық сұрақтарды бөліп алу, əзірлеу, соны талқылау, өзіндік қорытынды жасау, өз беттерімен талдау, синтезге, бағағажету, өзін-өзі бақылау жұмыстары балаларды шығармашылыққа, жүйелі білімге жетелейді.
Cыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы бойынша жүргізілген сабақтарда бастауыш сынып оқушылары іздеудің мəн-жайына қанығады, білімді тереңінен айтуға төселеді, дəлелдер келтіру, дəлелдеу тəсілдеріне жаттығады, теория мен практика бірлігін игереді, жеке жəне топпен бірлесіп, мəселе түйінін шешіп, жолдарын табуға жаттығады, өз жолдастарының пікірімен санасуға, өткір сындарды тыңдап, одан тиісті қорытындылар жасай білуге машықтанады.
Сонымен қатар Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасында жұмыс жасайтын бастауыш сынып мұғалімдері бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, əрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
Бастауыш сынып оқушыларын сыни тұрғыдан ойлау технологиясы стратегиялары бойынша оқыту, үйрету барысында мынадай қорытыныды жасауға болады:
1. Оқушы өмірге деген өз ойын білдіретін жазу стилін табады.
2. Жаңа білім бойынша өз жобалары, модельдері, болжамдарын тыңдап, талқылайды (өздері талдайды, бір-бірін тыңдайды)
3. Өзіндік қорытыныдылары, оның қаншалықты ғылыми, шындыққа жақын екенін саралайды.
4. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасын, шығармашылық жұмыстарға қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін арттырады.
5. Білім дəрежесі деңгейін саралау өзіндік талдау, синтез, бағалауының деңгейі қалыптасады.
6. Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай білуі, айтыса білуге дағдыланады.
7. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады, сонымен қатар өзінің жəне өзгеледің пікірі мен тəжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді.
8. Оқушы əрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады жəне ол кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды.
9. Оқушылар өз ойымен, іс-тəжірибесімен, пікірлерімен бөлісуге үйренеді, бұл бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
10. Жұмыс барыстарын алмасу арқылы оқушының өз ойын ашық, жасқанбай айтуға, басқа адамның ойын дұрыс қабылдауға үйренеді[13].
2. СТО технологиясының әдістері
2.1 Сыни тұрғысынан ойлау технологиясында қолданылатын
әдіс-тәсілдер
Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың бірі - оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғыснан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған əдіс-тəсілдер.

Ой-толғаныс (рефлексия, жаңа білім құрастырылады). Білім берудің маңызды шарты оқу үдерісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады.
Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.
Қызығушылықты ояту. Үйрену үдерісі - бұрынғы білетін жəне жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мəселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz