Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Мемлекет және құқық теориясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМЫ МИНИСТРЛІГІ Ш. ЕСЕНОВ атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжинринг университеті
« Бизнес және құқық факультеті» факультеті
«Құқықтану» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Мемлекет және құқық теориясы
Тақырыбы: Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
Oрындaғaн: ЮП 19-03 тобының студенті
Оңдасын Айбек
Peцeнзeнт: з. ғ. к., Абилиеева Р. Қ
Aктaу 2019
Құқықтық сaнa жәнe құқықтық мәдeниeт
Мазмұны
Кiрiспe . . .
- Құқықтық сaнa. . .
1. 1 Құқықтық сaнa жaлпы түсінігі . . .
1. 2 Құқықтық сананың құқықтың әлеуметтік функциясын жүзеге aсырудaғы pөлi мен маңызы . . .
2. Құқықтық мәдeниeт . . .
2. 1 Құқықтық мәдeниeттiң мәнi . . .
2. 2 Қaзipгi кeзeңдeгі құқықтық мәдeниeтiнiң қaлыптaсy жaғдaйы . . .
2. 3 Құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы құқықтық тәрбиенің маңызы
Қoрытынды. . . .
Қoлдaнылғaн әдeбиeттeр . . .
Кіріспе
Жұмыстың тақырыбы: « Құқықтық сана және құқықтық мәдениет» деп қарастырылады. Сана яғни обьективті шындықты идеалды түрге келтіріп, бейнелеп тұлғаға яғни адамға ғана тән болатын ең жоғары нысаны болып табылады. Сана адамның өз болмысы мен обьективті дүниедегі мән жайды, мазмұнын, түсінігінің терең білуінде белсенді түрде қызмет атқаратың психикалық процестердің заңды нәтижесі болып табылады. Сана- шындықты бейнелеудің механизмі мен нысандары тарихи дамудың сатыларына айқындайтын философия, әлеуметтану мен психологияның және жалпы танымның ең басты категориялардың бірі.
Құқықтық сана - қоғамдық сананың бір түрі болып табылады. Яғни ол саяси және моральдық санамен тығыз байланысқан. Құқықтық санада құқық пен құқықтық ақиқат ерекше мәнге ие. Тиісінше, құқықтық сана - заң ғылымы зерттейтін құқықтық санат. Құқықтық сана құқықтық әділдік немесе әділетсіздік, жұмсақтық немесе қатандық, жетілгендік немесе жетілмегендік, артықшылықтар немесе кемшіліктер тұрғысынан бағалауды білдіреді.
Тақырыптың өзектілігі : Отандық мемлекеттіліктің жаңа даму сатысы, меншік түрдегі өзгеруі, әлеуметтік-экономикалық реттеудің тәсілдерінің өзгеруі, құқықтық тәрбиенің нысанындағы әдеттегі қалыптасқан салттарының өзгеруін талап ретінде қояды. Алайда бұрынғы қылыптасқан ережелерге байланысты жаңа талаптарға сай етіп өзгертуі де жаңа құқықтық тәрбиенің алдына қойған негізгі мақсаттар ретінде болып табылады.
Қылмыстылық өршіген кезде, азаматтардың әлеуметтік қорғалуының деңгейі төмендеген кезден бастап азаматтарға олардың құқықтары мен мүмкіндіктердің айқындаудың маңызы өте зор.
Қазақстандағы қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейін тереңірек қарасақ, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының насихаттауға бағытталған ұлттық идеялық қажеттіліктерін айта кету қажет. Мысал ретінде қазіргі таңда біздің қоғамда келешектегі даму ориентирінің қалыптасуы деңгейі яғни өте нашар, ал бүкіл мемлекеттік саясаты бойынша осы ориентирлер негізінде құрылатынын ескерсек, бұның неге апарып соқтыратына бәрімізге мәлім. Жоқ болып кеткен әлеуметтік саяси құндылықтар, қоғамға өзінің кері әсерін тигізуде. Осыны негізінде мемлекет азаматтарды қорғау функциясының белгілі бір дәрежеде жүзеге асырай алмауына байланысты. Қазіргі кезеңде мемлекет екі парралельді әлемде қатар өмір сүріп келуде. Оның бірі - фантомдық легитимділік, яғни занның қағаз жүзінде болып келуі, ал екіншісі - біздің қоғамдағы нақты бір жағдайы - онда заң мен құқықта қағаз та қағаз жүзінде қала беруі. Бұл құқықты әлеуметтік құндылық ретінде ғана жоққа шығарып, құқықтық нигилизмге апарып соқтырады. Бұндай жағдайдың орын алудың басты себебі - Қазақстанның экономикасының деңгейі мен көптеген тұлға немесе азаматтардың өмір сүру деңгейінің құлдырауы. Қоғамдағы тұлға немесе азаматтардың ертеңгі күнге деген сенімсіздік пен үмітсіздік дерті өршіп келуде. Бұның барлығы әлеуметтік теңсіздіктің салдарынан туындап отыр. Сондықтанда біздің еліміз сықылды жас мемлекетке яғни идеальды модель ойластырып табу керектігін айтқам жөн. Міне, соның негізі арқылы құқықтық мәдениетті әлеуметтік құндылық ретінде алуға болады. Бұл орайда баспасөз ақпарат құралдарының арқасында шексіз мүмкіндектірінің бар екендігін айтқанымыз жөн және де осы шексіз мүмкіндіктерді Қазақстан Республикамыздың әрі қарай даму үшін жұмыс жасатуымыз қажет.
Жұмыста Г. Сапаргалиева, А. Ибраева сияқты қазақстандық авторлардың, сонымен қатар, сонымен қатар А. В. Малько, Н. И. Матузов, сияқты авторлардың еңбегі қолданылған.
1. Құқықтық сана
1. 1 Құқықтық сана және жалпы түсінігі
Құқықтық сана - мемлекет пен құқық және криминология теориясының категориясына жатады. Құқықтық сана құқықтық мәні бар құбылыстарының көзқарасымен және құқықтық мәні бар құндылықтырының, құқықтық пайыммен, парыздық құқықтық тәртіппен байланысы бар қоғамдық, топтық, жеке сана аясында қамтиды. Құқықтық сана қоғамдық өмірдің әлеуметтік - экономикалық жағдайларымен, оның мәдени - құқықтық, демократиялық не авторитарлық дәстүрлерімен айқындалады. Филисофияда қоғамдық сана қоғамдық болмыстан туындайды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz