Мерекелер мен сауық-кештердің түрлері, маңызы және мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастыру талаптары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қарағанды «Bolawaq» жоғарғы колледжі

Реферат

Тақырыбы:

Мерекелер мен сауық-кештер

Тексерген:Еркинова З. А

Орындаған:Маратова Б. Д

2019 жыл

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-4

Негізгі бөлім

Мереке түрлері мен олардың маңызы . . . 5-6

Сауық кештердің түрлері мен маңызы . . . 7-8

Мерекелер мен сауықтарды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын талаптар . . . 9-10

Қорытынды . . . 11-12

Қолданылған әдебиеттер . . . 13

Кіріспе

Егемендік алған Ұлы Қазақстанымыздың жас болашағы бүлдіршіңдеріміздің азаматтық пен адалдық, отансүйгіштік пен мейрімділік рухында тәрбиелеу - әрбір отбасының, балабақшаның міндеті. Адамзат өмірінде, әсіресе бүлдіршіндер үшін түрлі мейрамдар тойлардың ерекше әсем, қуанышты, жадыда керемет естеліктер қалдыратыны белгілі. Сондықтан балабақша қабырғасында неғұрлым әсерлі, тек қызықтыру ғана емес, бүлдіршіндерге ұлағат боларлықтай етіп өткізудің мәні зор. Ұлттық мерекелер - Қазақстан Республикасындағы жаңа оқиғаларға, оның ішінде жеке мемлекет болып қалыптасудағы тарихи жағдайларға байланысты белгіленеді. Қазақстан Республикасында ұлттық мерекенің ең бастысы - 16-17 желтоқсанда аталып өтетін Тәуелсіздік күні. Қоғамдық-саяси мәндегі оқиғаларға орай Қазақстан Республикасы азаматтарының дәстүрлі мемлекеттік мерекелері белгіленген.

Мереке түрлері мен олардың маңызы

Балалар өміріндегі мерекелердің маңызы - адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру құралы, әдеби шығармалар, әндер мен өлеңдер патриоттық сезімдер қалыптастырады, балалар бойында тәртіптілік, мінез - құлық, ұжымшылдық негіздерін, мәдениетін тәрбиелейді. Мейрам күндері - балалар үшін жан тебірентер ән мен күйдің, әсем бидің, көз қуантар көріністердің қызғылықты бір әлемі. Сондықтан да, мейрам күндерін балабақшаның әрбір тәрбиеленушісі асыға күтеді, өз өнерлерін жолдастарына, тәрбиешілеріне және ата - аналарына көрсетуге асығады. Осы жағынан алғанда, жас жеткіншектерді тәрбиелеп, оларды жан - жақты дамытып, жетілдіруге мерекелік күннің үлесі зор. Жас жеткіншектердің өзін қоршаған ортаға дұрыс қалыптастыруға өз Отанына сүйіспеншілігін арттыруға, еңбекке ынтасын күшейтуге, интернационалдық сезімін оятуға үлкен әсер етеді. Мерекелік ертеңгіліктердің барлық түрлері (ән салу, музыка ырғағымен қимылдар жасау, би билеу, музыка аспаптарында ойнау) балаларды музыканы сүйе білуге баулудың ерекше бір түрі. Қатар отырып қуанып, толғану жас жеткіншектерді тату ұжымға топтастырады және ұжымды жауапкершілікке баулиды. Әрбір мерекеге арналған ертеңгілік сол мерекенің қоғамдық зор мәнін, идеялық мақсаттарын жас жеткіншектердің өз сезіміне лайықтап жеткізіп, сол арқылы бүкіл халықты салтанатқа үлес қосуына мүмкіндік береді. Мерекеге әзірлену және өткізу. Әрбір сценарийді алдын - ала ұқыпты, жан - жақты әзірлейді. Сценарийде ертеңгіліктің мазмұнына қарай үлкен кісілер мен балалардың айтатын сөздері және орындау реті жоспарланады. Әрине, ертеңгілікті үлкендерге арнаған балалар концертіне айналдыруға болмайды. Балалардың көрсеткен ойындары олардың өздерін де қуанышқа бөлейді, бірақ олардың естерінде ұзақ уақыт сақталатындай ерекше құбылыс бола алмайды. Сондықтан, балалар өнерін үлкен кісілердің (балабақша қызметкерлерінің) орындауындағы концерттік нөмерлерімен кезектестіріп, өткізсе, эмоциялық әсерге толы, есте қаларлық мереке болуы сөзсіз. Мерекелерді салтанатты түрде мектепке дейінгі ұйымда атап өтудің маңызы зор. Мерекелер өзінің ойластырылған бағыты мен құрылымына қарай үш түрге бөлінеді:

• Қоғамдық - саяси мерекелер

• Тұрмыстық мерекелер

• Маусымдық мерекелер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі ұйымдардағы мерекелер мен сауықтарды ұйымдастыру: маңызы, түрлері және өткізу тәртібі
Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесінде ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарының маңызы және ұйымдастыру әдістемесі
Мектепке дейінгі ұйымдарда театрландырылған әрекеттерді ұйымдастыру мен әдістемелік негіздері
Мектепке дейінгі ұйымдардағы мерекелер мен сауықтардың ұйымдастырылуы және тәрбиелік мәндері
Балабақшадағы мерекелер мен сауықтардың мектепке дейінгі балалардың ұлттық санасын қалыптастырудағы рөлі
Мектепке дейінгі ұйымдарда таңертеңгілік гимнастиканы өткізу әдістемесі мен педагогикалық-гигиеналық талаптары
Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері мен әдістемесі
Мектепке дейінгі ұйымдарда таңертеңгілік гимнастиканы ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Мектепке дейінгі топтарға арналған ойын-сауық репертуарының сипаттамасы
Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін ұйымдарда тамақтануды ұйымдастыру және қадағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz