Мәдениет тілі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірлігі
С.АМАНЖОЛОА АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
Мәдениет морфологиясы

Орындаған: Экономика мамандығының 1
курс студенті-Крыбаева М.А
Тексерген: Философия ғылымдарының
кондидаты-Игисинова Н.Б

Өскемен,2019ж
Мәдениет морфологиясы- бұл жалпфлама мағынада өнер құрылымын зерттеу. Мәдениетті морфолгиялық зерттеу мәдени нысандар мен артефактілерді зерттеудің келесі бағыттарын қамтиды:
Генетикалық- мәдени формалардың пайда болуы және қалыптасуы
Микродинамикалық- үш буынның өмірдегі мәдени нысандардың динамикасы
Тарихи- тарихи уақыт ауқымындағы мәдени формалар мен конфигурациялардың динамикасы
Құрылымдық және функционалдық - қоғам мүшелерінің қажеттіліктерін, мүдделері мен сұраныстарын қанағаттандыру міндеттеріне сәйкес мәдени нысандар мен процестерді ұйымдастырудың формалары.
Мәдениет морфологиясы - мәдениеттің құрылымдық элементтерін жүйе ретінде, сонымен қатар оның құрылымы мен ерекшеліктерін зерттейтін мәдениеттанудың саласы.
Мәдениет морфологиясының құрылымы:
Материалдықжәнеруханиқұндылықтар
Әдебиқұрылымдар
Мифологиялыұқұрылымдар
Діниқұрылымдар
Ғылымиқұрылымдар
Соныменқатармәениетморфологиясы: материалдық; әлеуметтік;руханиболыпжіктеледі.
Мәдениет тілі
Мәдениет және оның өзіндік ерекшеліктері әрқашан философиялық ізденістер мен зерттеулердің негізгі пәні болып келді. Сондықтан мәдени даму барысын онда қалыптасқан ойлау тәсілі, дүниетаным түрі арқылы түсіндіруге тырысқан көптеген философиялық үрдістерді байқауға болады. Мысалы, мәдениетті рәміздік ойлау түрі арқылы анықтаған Э. Кассирердің, мәдениетті психофизиологиялық деңгейде қарастырған 3. Фрейдтің және тағы басқалары концепциялары соның куәсі. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап батыс ойшылдарының арасында мәдениетті тілмен теңдестіре қарау әдісі кең етек жайып, олардың барлығы дерлік тілді адам тіршілігінің негізгі, маңызды анықтауышы деп бір ауыздан қолдап отыр.[5]. Бүгінде тіл негізгі коммуникативтік құрал ғана емес, адамның бүткіл болмысын, адамның мәдениетін аңғартатын әмбебап ұғым. Фрейдизм, феноменология, экзистенциализм, аналитикалық философия, герменевтика, структурализм, семиология, т.е.с. бір ауыздан мәдениетті тілдік қарымқатынас саласы ретінде анықтайды. Рухани әлемдегі мұндай өзгерістердің лебі мәдениеттану саласынан да байқалады. Мәдениеттің өзін метатіл ретінде анықтап, оның бойындағы коммуникативтік мүмкіншіліктерді негіздеу барысында лингвистикаға басты назар аудару заңды іс. Өйткені, соңғы 50-60жылдар аралығында қарым-қатынас, коммуникация мәселесін жан-жақты зерттеген бірден-бір сала -- осы лингвистика.
Мәдениет жіне дін
Тарихи жадыға тиесілі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлыгы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті религия, сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де біріктіру, байланыстыру, қатынасты қалыптастыру дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.
Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.
Мифтік рәміздер
Миф (аңыз - ертегі) - мұнда адам хабарды (ақпаратты, білімді) алу, сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылатын табиғи және қоғамдық арнадан толық ажырап кете алмаған, ал оның ойлау жүйесі эмоционалдық ортадан мүлдем бөлуге болмайтын кездегі рухани мәдениеттің бастапқы формасы. Әдет-ғұрыппен тығыз байланысты миф өнердің өлең, саз, би түрлеріне негіз болап қаланды. Мифтің терең философиясын XVIII ғ. Италян ойшылы Джованни Баттиста Винд жасады. Ол "Жаңа ғылымның негіздері" еңбегінде мифті "Құдіретті поэзия" деп атады.
Адамзат руханилығының ең көне түрінде мифтік танымның мәні:
синкретизмде - әртүрлі көзқарастардың бір - біріне, қайшылығын елемеген кездегі үйлесімі;
антропоморфизмде - табиғи объектілерге адамдағы ерекшеліктердің тоғысуы (шабыттану, сезімталдық, қисындылық);
теңдестіруде - барлығын бір - бірімен: объектіні субъектімен, бөлшекті тұтастықпен, ақиқатты шектен тыс ақиқатпен, адамның өзін хайуанатпен, өсімдікпен, таспен және т. б. теңдестіру;
традиционализмде (дәстүрікте) - ата-бабалардың істері мен сөздерін пір тұтуда мифтің ақиқаттылығына шексіз сену;
этикеттілікте (әдептілікте)-жүріс-тұрыстың, сөздің берік діңгегіне, өнердің себептері мен түріне арқа сүйеуі;
ритуализмде (әдет - ғұрыпта) - ойынның, әңгіменің, бейненің элементтері бар әдет - ғұрып тәртіптерін ұстануы;
зерделенетін мифтер сюжеттерінің әмбебаптылығында (өмір, сенім, басталу, аяқталу).
Мифтік сана адамға әлемді игеруге, көмектесумен қатар өмір мен тіршілікке тұрақтылық бере отыра оны қорғайды. Мифтік сана беймәлімділік сырына қарамастан белсенді арна. Ол ұлттық өзіндік сананың қалыптасуына қатысады, халық үшін көзқарастың, тіршілік түрлерінің ежелгі принциптерін белгілейді.
Діни рәміздер
Құдайға, Мәңгілік Әкеге, Оның Ұлы Иса
Мәсіхке және Киелі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл мәдениеті
ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕНІ ҚОЛДАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘНІ
Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту
Мемлекеттік тіл - мемлекеттің тілі
Тіл мен мәдениет байланысы – қоғамдық құбылыс
Шет тілі сабағында шетел мәдениетіне үйретудің әдістемесі
Мәдениет морфологиясы туралы
Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау
Ұлт тілі тарихының деректері
Қазақ тілінің дәстүрлі мәдениет лексикасы
Пәндер