Қазақ халқының шаруашылығы мен мәдениеті



ХV-XVII ғасырларда қазақтар шаруашылығының жетекші саласы – көшпелі мал шаруашылығы. Әр рудың 800-1000 шақырымға дейін жететін көш жолдары жазда жайлауға шығып, қыс түсе қыстақтарға оралуға мүмкіндік беретін. Олардың қыстақтары малға суықта пана болатын өзен, көл бойларында, орналасатын. Ертеден қалыптасқан тіршіліктің жүйесі алыстағы шалғай жерлерге (Жетісудан басқа жерлерде) көшіп-қону, табиғи жағрафиялық жағдайларымен тарихи дәстүрлерге, ал көшіп барып қонатын жерлерді таңдап алу, көбінесе халықтар арасындағы қақтығыс, соғыс, шайқастардың бар-жоғына, саяси жағдайларға байланысты болды. Малдың негізгі түлектері қой, жылқы және түйе еді. Бұлар халықтың тұрмыс-тіршілігіне бірден-бір қолайлы түлектер. Мұндай мал халықтың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетіп, ет, сүт, қымыз, шұбат пен киімге керек материалдармен қамтамасыз етіп отырды. Әрине, мал бағу ауыр еңбекті, төзімділікті және өмірге икемділікті талап етті. Сонымен бірге ол кезде мал шаруашылығының табиғаттың дүлей құбылыстарына түгелдей тәуелді болғанын да айту керек. Жем-шөп дайындау жүргізілмейді, қыста мал тебіндеп жайылды. Міне, осыған байланысты қыс сұрапыл қатты болған жылдары малдың жаппай қырылуы (жұт) жиі кездесетін. Мұндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп қалатын.
Қазақ халқының өмірі ілгері басқан сайын мал шаруашылығын жүргізудің формасы мен оның өнімділігі жақсара түсті. Қолайлы жылдары мал басы үдемелі қарқынмен өсіп отырды. Мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнемі жетілдіріп отырған.
Көшпелі мал шаруашылығы қазақ отбасының өмірін көп жағынан қамтамасыз етіп тұрды. Бұл сала қазақтарға ішіп-жейтін тамақ өнімдерін, киім-кешек пен аяқ-киім, үй жабдықтары мен жасауларын, көшіп-қонуға қажетті тасымал құралдарын берді. Әскери жорықтар мен шайқастарда жылқының орнын ешнәрсемен алмастыруға болмайтын. Көшпелі малшылар

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ халқының шаруашылығы мен мәдениеті

ХV-XVII ғасырларда қазақтар шаруашылығының жетекші саласы – көшпелі мал
шаруашылығы. Әр рудың 800-1000 шақырымға дейін жететін көш жолдары жазда
жайлауға шығып, қыс түсе қыстақтарға оралуға мүмкіндік беретін. Олардың
қыстақтары малға суықта пана болатын өзен, көл бойларында, орналасатын.
Ертеден қалыптасқан тіршіліктің жүйесі алыстағы шалғай жерлерге (Жетісудан
басқа жерлерде) көшіп-қону, табиғи жағрафиялық жағдайларымен тарихи
дәстүрлерге, ал көшіп барып қонатын жерлерді таңдап алу, көбінесе халықтар
арасындағы қақтығыс, соғыс, шайқастардың бар-жоғына, саяси жағдайларға
байланысты болды. Малдың негізгі түлектері қой, жылқы және түйе еді. Бұлар
халықтың тұрмыс-тіршілігіне бірден-бір қолайлы түлектер. Мұндай мал
халықтың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетіп, ет, сүт, қымыз, шұбат пен киімге
керек материалдармен қамтамасыз етіп отырды. Әрине, мал бағу ауыр еңбекті,
төзімділікті және өмірге икемділікті талап етті. Сонымен бірге ол кезде мал
шаруашылығының табиғаттың дүлей құбылыстарына түгелдей тәуелді болғанын да
айту керек. Жем-шөп дайындау жүргізілмейді, қыста мал тебіндеп жайылды.
Міне, осыған байланысты қыс сұрапыл қатты болған жылдары малдың жаппай
қырылуы (жұт) жиі кездесетін. Мұндайда көшпелі малшылар тақырлана
кедейленіп қалатын.
Қазақ халқының өмірі ілгері басқан сайын мал шаруашылығын жүргізудің
формасы мен оның өнімділігі жақсара түсті. Қолайлы жылдары мал басы үдемелі
қарқынмен өсіп отырды. Мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы
қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнемі жетілдіріп отырған.
Көшпелі мал шаруашылығы қазақ отбасының өмірін көп жағынан қамтамасыз
етіп тұрды. Бұл сала қазақтарға ішіп-жейтін тамақ өнімдерін, киім-кешек пен
аяқ-киім, үй жабдықтары мен жасауларын, көшіп-қонуға қажетті тасымал
құралдарын берді. Әскери жорықтар мен шайқастарда жылқының орнын ешнәрсемен
алмастыруға болмайтын. Көшпелі малшылар өздерінде артылып қалған малдан
түскен өнімдерді Түркістанның Сығанақ, Сауран, Ясы және басқа қалаларының
базарларына апаратын, соның ішінде арбалар, төсектер мен ыдыстар жеткізетін
болған.
Малшылар бұл өнімдерімен айырбасқа қалалардан әр түрлі тауарлар: мақта
маталары мен жібек маталар, темірден соғылған бұйымдар, дайын киім-
кешектер, шапандар, орамалдар, бас киімдер, аяқ киімдер, сондай-ақ әр түрлі
үйге қажетті заттар т.б. алатын. Көшпелілердің астық өнімдерінен – бидайға,
тарыға, арпаға, жеміс-жидекке – сұранысы өте қатты болды.
Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен қатар халықта тұрақты
егіншілік маңызды рөл атқарды. Қазақстанның Оңтүстік аудандары мен Жетісуда
суармалы егіншілік дамыды. Археологиялық зерттеулер ХV-XVII ғасырларда
Отырар, Түркістан, Сауран маңындағы егістік жерлерінде құбырлар арқылы су
жіберіліп отырғанын дәлелдейді. Басқа жерлерде егіншілік мәдениетінің
дәстүрлі ошақтарын өзен алқаптары мен көл жағалауларында, шөл және шөлейт
далалардың көгалды жерлерінде дамыды. Әдетте, егіншілікпен көбіне көшіп-
қонуға мүмкіншілігі жоқ кедей жатақтар шұғылданды. Негізгі дақылдар – тары,
бидай, арпа, жүгері. Егіншілік Қаратау, Ұлытау өңірлерінде, Ертіс өзені
алқабында, Зайсан көлінің жағасында да едәуір дамыды. Егіншілік саймандары
тесе, кетпен, қарапайым соқа, тіс ағаш, тырма, қол орақ болды. Дән түю, ұн
тарту үшін ағаш келі, қол диірмен пайдаланылды. Астық ұраға көміліп
сақталды.
Қазақстанның алуан түрлі тағы жануарлары бар кеңбайтақ даласы
көшпелілерге жеке-дара және ұжым болып аңшылық етуге зор мүмкіндік берді.
Олар аң аулауды басты қаруы ретінде көбінесе садақты қолданды. Аң аулаудың
бірнеше түрі болған: құс салған, тазы иттер қосып және қаумалап аулаған.
Қыран құстардан қаршыға, бүркіт, сұңқар, лашын т.б. пайдалынылған. Қыран
құстарымен аң аулау Қазақстанда ХХ ғасырдың басына дейін кеңінен тараған.
Көшпелілер бұлғын, сусар, түлкі, қарсақ т.б. аңдардың терісін алу үшін,
арқар, киік, құлан, елік, тау ешкі, қарақұйрық сияқты аңдардың етін жеу
үшін, бұғы мен дуадақ, құр, бөдене т.б. құстарды алуан түрлі әдістермен
аулап көмекші азық етті. Аю, жолбарыс, қабылан, қасқыр сияқты жыртқыш
аңдарды қазақтар төрт түлік малын сақтау үшін аулады. Олардың терісін
тұлып, тон, ішік, тымақ т.б. қыс киімдерін тігуге жаратты. Дегенмен,
қазақтарда аң аулау дербес кәсіп болмаған, ол мал шаруашылығына тек көмекші
кәсіп болған. Оның халық шаруашылығындағы үлес-салмағы да онша көп болмады.

Өзен мен көл жағасын мекен еткен қазақтар балық аулаумен де
шұғылданған. Балықшылықпен көбінесе малы аз, тұрмысы төмен кедей шаруалар
айналысқан. Олардың балық аулаудағы құрал саймандары, қармақ, шанышқы,
өрнек, ау т.б.
Қазақ халқының тіршілік- тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды
орын алады. Өйткені мал шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуы қолөнер
кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы үшін ер-тұрман, ат
әбзелдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын
және тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар т.б. қол
өнершілердің еңбегімен дайындалады. Сондықтан Қазақстанның қалалары мен
қыстықтарында қолөнері (теріден, жүннен бұйымдар жасау, киім тігу, ағаш
өңдеу, зергерлік, ұсталық, құрылыс ісі т.б.) басым дамыды.
Дегенмен бұл кездегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қарабайыр шаруашылық
еді. Үйде істелетін кәсіп бұйымдардың көпшілігі тауарға айналмайтын,
өндірушінің өз отбасын ғана қанағаттандыруға пайдаланылатын. Хлық өнер,
әсіресе, киіз үйдің жабдықтарын, жиһаздарын жасауда (кілем, текемет, алаша,
әшекей, сандық, төсек, ыдыс-аяқтар, т.б.) ерекше өрістеді. Қолданбалы өнер
халықтың еңбек қарекетімен, оның тұрмыс-салтымен тығыз байланысты болды. Ол
халыққа өнімдер мен шикізат беріп отыратын қарабайыр мал шаруашылығының
басым болуына сәйкес келді. Қалалар мен ауыл тұрғындарының, сондай-ақ
көшпелі малшылардың қолөнершілер өнімдеріне сұраныстың өсуі сауда
қатынастарын өрістетіп, тұрақты базалар жұмыс істеді.
Бұл кезде, әсіресе оңтүстік Қазақстан қалаларының Орта Азиямен, Шығыс
Түркістанмен, Орыс мемлекетімен сауда-саттық байланысы жандады. Осының
арқасында көшіп-қонушы және отырықшы халық топтарының экономикалық, мәдени-
әлеуметтік қарым-қатынасы мүмкіндігінше кеңейе түсті. ХV-XVII ғасырларда
Ұлы жібек жолы бойында орналасқан Сығанақ, Сауран, Отырар, Түркістан,
Сайрам, Жент т.б. қалалардың тездеп өркендеуі, қазақ халқының біртұтас ел
болуына, жеке хандық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан,
Отырар, Тараз, Сайрам және т.б. қалалардың табылған күміс теңгелері мыс
ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда-саттық өркендеп, ақша айналымы
дамығандығын көрсетеді. Бұл металл ақшаларының бірсыпырасы ХV-XVII
ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған Түркістан қаласында жасалынды.
Қазақ халқы өте ауыр кезеңдерді басынан кешірсе де, өзінің ата-
бабаларының ертеден қалыптасқан мәдени қазыналарын сақтап қалды. Әрине,
мәдениеттің дамуы Қазақстанның барлық жерінде біркелкі жүрген жоқ. Атап
айтқанда, мәдени даму отырықшылап – қалалық жерлерде көшпелі және жартылай
көшпелі аудандармен салыстырғанда күштірек жүрді. Сығанақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазiргi кезеңде материалдық мәдениет және тұрмыс ескерткiштерiн сақтау және насихаттау
Азияның ортағасырлық мәдениеті
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛАР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы отандық ғалымдар еңбектерінің аннотациясы
Дәстүрлі мал шаруашылғы және егін шаруашылығы
Көшпенділер мәдениеті
Орталық Азия халықтарының ортағасырлық мәдениеті
Қазақстанның XV-XVIII ғасыр мәдениеті
Менің елім – Қазақтан
Ежелгі Қазақстан. Қазақстан тас дәуірінде
Пәндер