Ислам мәдениетіндегі дәстүр


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 117 бет
Таңдаулыға:   

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Философия, саясаттану және дінтану институты

ӘОЖ Қолжазба құқында

ТОКТАРБЕКОВА ЛАУРА НИЯЗБЕКОВНА

Қазақстанның мәдени-әлеуметтік кеңістігіндегі ислам дәстүрі:

дінтанулық талдау

6D020600 - Дінтану

Философия докторы (PhD) дәрежесін алуға

дайындалған диссертация

Отандық ғылыми кеңесші:

философия ғылымдарының докторы,

профессор, Сатершинов Б. М.

Шетелдік ғылыми кеңесші:

PhD, доцент

Ачилов Дильшод

Массачусест Университеті

(Дартмут, АҚШ)

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2019

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1 ДІНИ ДӘСТҮР - ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ҚҰБЫЛЫС7

1. 1 Дәстүр - діни мәдениет құбылысы7

1. 2 Христиан және ислам мәдениеттеріндегі дәстүрге дінтанулық салыстырмалы талдау17

1. 3 Ислам мәдениетіндегі дәстүр - білім беру мен тәрбиелеу дәстүрі ретінде32

2 ИСЛАМ ДӘСТҮРІНІҢ ҚҰБЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИ-ӘЛЕУМЕТТІК ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ПАРАДИГМАСЫ43

2. 1 Ислам дәстүрі мен исламның дәстүрлерін тұжырымдау43

2. 2 Ислам қоғамдарында діни-мәдени дәстүрлердің қалыптасуы50

2. 3 Ислам дәстүрі және Батыс Еуропадағы мәдени интеграция мәселелері55

3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМ ДӘСТҮРІ: ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ-ӘЛЕУМЕТТІК КОНТЕКСТ76

3. 1 Қазақстандағы ислам дәстүрінің ерекшеліктері мен әмбебаптылығы76

3. 2 Ислам дәстүрі мен қазақ халқының салт-дәстүрлер: қатар өмір сүру сипаттары93

3. 3 Ислам дәстүрі және оның қазіргі қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі: тәуелсіз Қазақстанның мәдени-әлеуметтік және діни тәжірибесі98

ҚОРЫТЫНДЫ107

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ108


КІРІСПЕ

Диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі: мәдени-әлеуметтік кеңістіктегі ислам дәстүрінің проблемасын талдау исламды объективті қайта қараумен және оның қазақстандық мәдениет үшін маңызды мағынасымен байланысты.

Қазақ қоғамының рухани-адамгершілік ахуалын қалыптастырудағы ислам дәстүрінің феноменологиялық мәнін ашу және оның конфессияаралық қазіргі қазақстандық тәжірибедегі қайтадан өзектенуі қазіргі қазақстандық шындықтағы жаңа үрдістер мен дәстүрлерді анықтауға мүмкіндік беріп, исламдық дәстүрдің жаңашылдыққа, зайырлы құндылықтармен интеграциялануға және басқа діни дәстүрлермен сұхбаттасуға дайын екендігін көрсетеді.

Дін көптеген ғасырлар бойы қазақстандық қоғам өмірінің ажырамас бөлігі болып табылып, адамдардың құндылықтары мен мінез-құлық көзқарастарын қалыптастырды. Соңғы жылдары елімізде діннің рөлі едәуір артты. Діни дәстүрлердің алуан түрлілігі, әр түрлі конфессия өкілдерінің бір тарихи аумақта өмір сүруі мен өзара әрекеттесу тәжірибесі Қазақстанның ерекшелігі болып саналып және оның дамуын анықтайды.

Қоғамның мемлекеттілігі, тұрақтылығы және нығаюының одан әрі дамуы көп жағдайда жүйелі ұлттық саясатқа және ұлттардың, республиканың барлық азаматтарының елмен бірегейлігін сезінуіне байланысты болады. «Азаматтық қоғам», «азаматтық бірегейлік», «этно-конфессиялық бірегейлік», «қазақстандық патриотизм», «қазақстандық халық» ұғымдарының өзара байланысы және қазіргі өзгерістер жағдайында олардың ұлттық бірегейлікте нақты көрінісі ерекше маңызды болып табылады.

Ислам - әлемдегі дәстүрлі үш діннің бірі. Бүгінгі таңда бұл әлемдегі ең кең таралған діндердің бірі: ислам дінін ұстаушылар барлық континенттерде тұрады, әсіресе Солтүстік Африка, Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс, Орталық Азияда өте көп. Біздің елімізде мұсылман дінін ұстанушы зайырлы мемлекет болып саналады. Осындай үлкен географиялық аумаққа қарамастан, ислам дінін ұстанушы барлық халықтар біртұтас мәдени тұтастықты құрайды, сондықтан исламның мәдениеті, дәстүрі туралы айту орынды.

Ислам мәдениетінің түрі исламның діни дәстүрлерінің үстемдігіне байланысты дәстүрлі мәдениет болып табылады. Осыған байланысты мәдениеттің осы түрін қарастыру діннің мәніне терең енбей зерттеу мүмкін емес. Ислам мәдениеті адамның жер бетіне қандай мақсатпен келгенін, яғни Аллаға құлшылық ету мақсатын ескертіп отырады. Ислам дәстүрінің басты мақсаты - адамның психологиялық және физикалық әл-ауқаты және өмір сүру сипатын жақсарту.

Диссертация тақырыбының зерттелу деңгейі .

Зерттеудің нысаны : Қазақстанның мәдени-әлеуметтік кеңістігіндегі ислам дәстүрі.

Диссертациялық зерттеудің пәні: ислам дәстүрінің мәдени-әлеуметтік кеңістіктегі ықпалының рөлі мен факторының өзгеруі.

Докторлық диссертацияның мақсаты - философиялық, діни және мәдени-әлеуметтік зерттеулер негізінде Қазақстанның мәдени-әлеуметтік кеңістігіндегі ислам дәстүрінің құбылысына талдау жасау.

Зерттеу мақсатында туындайтын негізгі міндеттері:

  • дәстүрді діни мәдениеттің феномені ретінде зерттеу;
  • христиан және ислам мәдениеттеріндегі дәстүрлерге салыстырмалы түрде діни зерттеулер жүргізу;
  • ислам мәдениетіндегі дәстүрлерді оқыту және тәрбиелеу дәстүрі ретінде зерттеу;
  • ислам қоғамдарындағы діни-мәдени дәстүрлердің қалыптасуын анықтау;
  • Батыс Еуропадағы мәдени интеграция мәселелерін саралау;
  • Қазақстандағы ислам дәстүрінің ерекшеліктері мен әмбебаптылығын айқындау;
  • ислам дәстүрі мен қазақ халқының салт-дәстүрлеріне салыстырмалы талдау;
  • ислам дәстүрінің қазіргі қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлін зерделеу.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы: алғаш рет ислам дәстүрлерін дінтану талдау тұрғысынан, дін феноменологиясы, дінтану компаративистикасы, оның ішінде ислам компаративистикасы, дін социологиясы әдістерін қолдана отырып, қазақстандық қоғамның мәдени-діни парадигмасын қалыптастырған және қалыптастыратын мәдени-әлеуметтік феномен ретінде талдау жүзеге асырылады.

Алғаш рет қазақ қоғамының рухани өміріндегі ислам дәстүрінің этикалық рөлі және қазіргі қазақстандық қоғамның толеранттылығы ашылады.

Зерттеу үрдісінде жаңашылдық сипаттағы келесі ғылыми нәтижелер алынды:

Диссертациялық жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы:

Диссертациялық зерттеу жұмысы барысында алынған ғылыми-теориялық және практикалық нәтижелер Қазақстанның мәдени-әлеуметтік кеңістігінде ислам дәстүріне философиялық-дінтану және мәдени-әлеуметтік талдау жүргізілуіне байланысты маңызды теориялық мәнге ие болады. Қазіргі заманғы Қазақстанның мәдени-әлеуметтік кеңістігіндегі ислам дәстүрі мен ислам мәдениетінің рөлін, зайырлы құндылықтармен интеграциялау мәселелерін терең зерттеуге мүмкіндік береді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы отандық дінтану саласындағы ислам дәстүрі, исламтану және дін саласындағы ҚР мемлекеттік саясаты мәселелері бойынша элективті курстарды әзірлеу кезінде қолдануға болады.

Ғылыми зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі.

Қойылған мақсатқа жету әдістері мыналар болды: логикалық бірізділікпен тарихи қайта құру, діннің феноменологиясы, діни дәстүрдің герменевтикасы, діни әлеуметтану, дәстүршілік пен исламтану әдістері, діни салыстырмалы зерттеулер. Теориялық негіз классикалық дінтанудың еңбектері болды. Атақты философтардың, мәдениеттанушылардың, ислам және батыс әлемінің гуманитарлық дискурс тарихшыларының еңбектері, теологтардың шығармалары мен трактаттары. Негізгі дерек көзі ретінде діни дәстүрді калыптастырудың тарихи мәнмәтінін және оның әр түрлі этномәдени және тілдік жағдайларда бейімделуін ашуға мүмкіндік беретін тарихи хроника мен Қасиетті мәтіндер қолданылды.

Зерттеу әдістері:

Ғылыми-зерттеу жұмысы төмендегі әдістер мен әдіснамалық мақсаттардан тұратын теориялық ғылыми тұтас кешенді әдіснаманы қолдануды талап етеді:

  • кроссмәдени-тарихи компаративистика әдісі (зерттеу пәнін тұжырымдамалау) метод кросскультурно-исторической компаративистики (концептуализация предмета исследования) ;
  • негізгі философиялық әдістер: интертекстальды кеңістіктің проблемалық өрісін анықтайтын талдау және синтез тәртібіндегі герменевтика, Компаративистика және структурализм әдістері салыстырмалы зерттеу үшін қажет. Сыни әдіс, философиялық және мәдени талдау, тарихи мен логикалық бірлік;
  • дінтанулық феноменологиялық әдіс (пәнаралық қағидаларды енгізу арқылы: тарихи-философиялық, антропологиялық және тарихи-дінтанулық және т. б. ) ;
  • кроссмәдени және пәнаралық әдіс;
  • құрылымдық және функциональдық әдіс.

Қорғауға ұсынылған негізгі ғылыми тұжырымдар .

1. Діни дәстүр мәдени-діни болмысты мұра ету және беру тәсілі болып табылады;

2. Діни дәстүр - бұл діннің тұрақтылығы мен сақталуының белгісі;

3. Ислам дәстүрі ислам руханилығын және діни тәжірибенің сабақтастығын қалыптастырады;

4. Ислам дәстүрі - исламдық өмір салтының парадигмасы;

5. Қазақстанда айрықша тарихи-мәдени және аймақтық ерекшеліктерге негізделген өзіндік ислам дәстүрін қалыптасты;

6. Ислам дәстүрі қарым-қатынас, қоғам мен адамның әлеуметтенуін жалғаушы ислам мәдениетінің кодтарын құрайды;

7. Қазақстанда тарихи дамыған ислам дәстүрі конфессияаралық қатынастардың толеранттылығына диалогтық әсер етеді.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі мен жариялануы. Диссертациялық жұмыс ҚР БҒМ Ғылыми комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының Дінтану бөлімінде орындалды. Философия, саясаттану және дінтану институтының Дінтану бөлімінің методологиялық семинарларында талқылаудан өтті.

Диссертациялық зерттеудің мазмұны мен негізгі нәтижелері 12 ғылыми мақалада көрініс тапты, соның ішінде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған саяси, философиялық және мәдениеттану бойынша диссертациялардың негізгі қорытындыларын жариялауға арналған «ҚазҰУ Хабаршысы» журналында - 1 ғылыми мақала, «Адам әлемі» журналында - 2 мақала, «ҰҒА хабаршысы» журналына 1 ғылыми мақала жарияланып, нөлдік емес импакт факторы бар халықаралық ғылыми журналдар базасына тіркелген шетелдік журналда жарияланған ғылыми мақала - 1, халықаралық ғылыми конференциялар материалдарының арнайы жинақтарында - 7 ғылыми мақала (оның ішінде, 3 мақала шетелдік баспада) басылып шықты.

Диссертацияның құрылымы. Диссертацияның құрылымы зерттеу жұмысының мақсаты мен мндеттеріне сай кірісіпе бөлімнен, үш негзгі тараудан, тоғыз тараушадан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі - 120 бет.

1 ДІНИ ДӘСТҮР - ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ҚҰБЫЛЫС 1. 1 Дәстүр - діни мәдениет құбылысы

Дәстүр - ұрпақтан ұрпаққа берілген, қоғамда немесе әлеуметтік топта ұзақ уақыт бойы сақталған әлеуметтік және мәдени мұраның бір бөлігі. Бұл дәстүрлі элементтерге белгілі бір әлеуметтік институттар, мінез-құлық нормалары, құндылықтар мен нанымдар, салт-дәстүрлер және салт-жоралғылар жатады.

Рене Генон дәстүрді Батыста тек қана ауызша таралады деген түсінікте болғанын, алайда бастапқыда ауызша болғанымен, қазір таңда дәстүр ауызша да жазбаша да болып табылатынын айтады [1] .

Дәстүр - салт-жоралғылар мен әдет-ғұрыптар сияқты стереотиптік көріністермен ғана шектелмейді; ол көптеген әлеуметтік құбылыстарды да қамтиды. Барлық әлеуметтік жүйелер белгілі бір дәстүрлерге ие, олар қандайда бір дәрежеде олардың қызметін анықтайды. Дәстүр арқылы нақты бір адамдар тобы өзін-өзі дамытуға және тіпті күн көріске қажетті білімге де ие болады. Яғни, бұл термин ұжымдық қарым-қатынастың тетігі ретінде түсіндірілуі мүмкін. Ғалымдар дәстүрдің бұқаралық (этникалық), әлеуметтік, ұлттық, діни және мәдени дәстүр деген төрт негізгі түрлерін анықтап берген. Бәріне таныс «дәстүр» сөзі белгілі бір мағына береді. Егер біз бұл терминді латын тілінен тікелей аударатын болсақ, ол қандай да бір затты «беру» дегенді білдіреді. Бастапқыда «дәстүр» ұғымы сөзбе-сөз мағынасында қолданылды және жай ғана іс-әрекетті білдірген болатын. Тіпті ежелгі римдіктер біреуге әлдебір затты немесе тіпті қызын тұрмысқа берген жағдайда да осы сөзді қолданған.

Кейіннен оның материалдық мәні екінші орынға ысырылып, орнына берілетін дағдылар мен әдеттер қолданыла бастады. Дәстүр - бұл нақты бір адамға тиесілі емес, ол сырттан берілетін нәрсе. Оның туынды мағынасы қазір жаңашылдығын мүлдем жоғалтқан, өзгеріссіз және символикалық тұрақты, өткенге байланысты барлық нәрсемен ассоциацияланады.

Әлеуметтік ой-пікірлер тарихында бұрынғы заманда болып кеткен нәрсенің сақталуы, ескіліктің иісі мүңкіп тұрған құбылысты дәріптеу сияқты өткенге деген берік сүйіспеншілік байқалады. Мұндай ұстаным ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейінгі бүкіл адамзат өмірінде көрініс табады. Өткенмен осындай тығыз байланыс көбінесе дәстүрдің арқасында сақталды, яғни мәдени және әлеуметтік мұраның элементтерін ұдайы толықтыру мен ұрпақтардың, уақыт пен дәуірлердің тұрақтылығы мен сабақтастығын белгілеу әдістері арқасында сақталған. Олар мұрагерлікке лайық деп саналатындықтан, мінез-құлық ережесі мен практикасы, сана нысаны мен дүниетанымдық мақсаттары қоғамда сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріледі.

Дәстүрлер қоғамда құндылық мәртебесін қалыптастыратын бірқатар әлеуметтік функцияларды орындайды, яғни олардың жеке және әлеуметтік санада қаншалықты маңызды және қажет екендігін көрсетеді.

Дәстүр мәселесі бойынша ең беделді зерттеушілердің бірі, поляк әлеуметтанушысы және философы Э. Шацкий, құндылық аспектісіне үлкен мән беріп, дәстүрге мынадай анықтама береді: «топтың қоғамдық мұрасына олардың шынайы және жалған болуына байланысты, топ мүшелерімен пайдалы немесе жөнсіз деп бағаланған сезім, ойлау және мінез-құлық үлгілері» [2] .

Сондықтан ойшылдар өткеннің барлық мұраларын дәстүрге жатқызбайды, тек мұрагерлер толықтай мойындап және қорғауға әлі де маңызды және өзекті болып табылатын бөлігін ғана жатқызады.

Маркс дәстүрге «барлық өлі ұрпақтың дәстүрлері тірілердің ақыл-ойын қорқыныш сияқты қыспаққа алады» [3] деген анықтама берген. Ол дәстүрдің әлеуметтік маңызын мойындағанмен, оны құндылық ретінде бағаламай, әлеуметтік өзгеріске кедергі, тосқауыл ретінде сипаттады. Марксистік көзқарастар бойынша, дәстүрдің рөлі сұрыпталып бағалануы тиіс. Дәстүрлерге соқыр бағыну ескішілдік пен қоғамда тоқырауды тудыратын болса; екінші жағынан, әлеуметтік мұраға немқұрайлылық әлеуметтік және мәдени сабақтастықтың бұзылуына және адамзаттың құнды жетістіктерінің жоғалуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Американдық әлеуметтанушы Шилз: «дәстүр қоғамдағы өзгеру жылдамдығын төмендетеді, алайда ол қалыпты мөлшерде өзгерістерге жол беріп отырғандықтан, ол даму тәртібін қамтамасыз етеді және әділдікке бағытталған еркін дамуға мүмкін береді» [4] деп Маркстың көзқарасымен жартылай келіседі. Алайда Талал Асадтың өз мақаласында келтірілген мына нақыл сөзге мән берсек, «дәстүр - бұл адам үйрене алатын нәрсе емес; қалаған кезінде қажет қылатын байланыс емес, адамның ата-бабасын таңдай алмауынан да күштірек. Дәстүрі жоқ адам және оған ие болғысы келетін адам бақытсыз ғашық ұқсайды» [5], мұндағы ойланатын жағдай дәстүрді адам үйренбейді, дәстүрді адам қабылдайды, «ата-ананы таңдай алмайсың» дегендей, дәстүрді адам таңдамайды, дәстүр ол бізге ғасырлар бойында атадан балаға мирас болып сақталған үрдіс.

Дәстүрді жасаушы құндылықтарды таңдау осы құбылыстарды қозғалыста қарастыруға мүмкіндік береді, себебі бұл жағдайда қоғамдағы дәстүрге деген қарым-қатынасқа ықпал ететін факторлар мен механизмдер зерттеушінің назарына түседі, ал дәстүрдің жеке адамдардың сана-сезіміне әсер етуі бірде күшейіп, бірде бәсеңдейді.

Э. Шилз өзінің «Дәстүр және еркіндік: олардың қарама-қайшылықтары мен өзара тәуелділіктері» (6) мақаласында дәстүрге былайша түсініктеме береді: «Дәстүр - бұл өткеннің жансыз қолы емес, керісінше өздігінен пайда болмайтын рухани талпынысты айқындап, жеткізетін бағбанның қолдары тәрізді. Осыған орай дәстүр жау емес, керісінше даралықты тудыратын қолдаушы. Ол есірткіден әлдеқайда күшті адамгершілік ізденістер мен өзіндік тәртіпті қоздырғыш зат. Ол реципиент пен қоғам өміріндегі қасиетті құндылықтар арасындағы байланысты орнатады». Бұл жағдайда дәстүр икемсіз және қатал бастама ретінде емес, тек жетекші және бағыттаушы мәдени шығармашылық құбылыс ретінде әрекет етеді. Алайда, Шилз дәстүрдің өзін-өзі дамытуға қабілетті екеніне сенбейді: «Дәстүрлер бұрын қолданған қоғамда болған өзгерістерді жобалау үшін сыртқы жағдайлардағы өзгерістерге жауап ретінде өзгеруі мүмкін. Дәстүрлер өзгереді, себебі олармен барабар жағдайлар да өзгереді» [7] .

Бұл тұрғыда оның ойы дұрыс. Өйткені дәстүр адамдар бағынатын заң емес, оны адамдар тудырады, шынайы өмірлік тәжірибе арқылы көрсетіліп, таратылады.

Ш. Эйзенштадт дәстүрді кез-келген қоғамдық ұйымның ажырамас бөлігі деп санайды. Алайда ол дәстүрге « . . . әлеуметтік жүйенің қатып қалған символдар мен кодтар жиынтығы, мінез-құлық ережелері шектелген мәдениет тәртібін, оған қатысу шекарасын белгілейді, «адекватты» мақсаттар мен мінез-құлық үлгілерін ұсынады; оны (дәстүрді) бағалаудың түрлері ретінде қарастыруға болады, сондай-ақ мәдени және қоғамдық тәртіптің немесе оның кез-келген бөлігінің тұтастығын рұқсат етуге және заңдастыруға болады» [8] деген анықтама берсе, Э. Шилз «Дәстүрлер - ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз берілу үрдісі нәтижесінде бұрынғы ұрпақтардан мұраға қалған көп немесе аз дәрежеде ауызша айтылған, бірақ ешқашан толық емес, наным-сенімдер, үлгілер мен ережелер» [9] деп оның толықтырады.

Талал Асад өзінің жұмысында дәстүр терминін екі түрде қолданғанын айтады. «Біріншіден, билік, уақыт жайлы мәселелерді қозғайтын, тіл мен сөйлемді пайдаланатын теориялық орын ретінде; ал екіншіден, дискурсивтілік пен материалдылық күнделікті өмірдің күйбің тіршілігі арқылы байланысты болатын эмпирикалық құрылғы» [10] . Асад тілдік әрекеттер мәселесін дәстүрдің дискурсивті қыры деп түсіндіреді. Яғни адам кейде ол рефлексивті, кейде ойсыз «сөзді пайдалануды» үйрететін/қайта үйренетін және белгілі бір оқиғада өзін қалай сезінуге және өз денесін басқаруға үйрететін/қайта үйрететін ұрпақтан ұрпаққа берілген өмір салтының үрдісі.

Қазіргі кезде адамдар, әсіресе жастар «дәстүр» сөзіне түсініспеушілікпен тіпті күдікпен қабылдайды. «Дәстүр», «дәстүрлі», «дәстүршілдік» деген ұғымдар бағзы заманда өтіп кеткен, қажетсіз, кедергі жасаушы нәрселермен байланысты. Ал, шындығында, дәстүр бұл - өткен заманның естелігі емес, ол құндылықты ұрпақтан ұрпаққа жеткізудің тәсілі, жолы болып табылады. Дәл қазіргі таңдағы біздің қолданып жүрген білім, ілім, ой-толғамдар мен ой-пікірлер, салт-дәстүр, ғұрыптар осы кезге дейін қалай сақталды? Олар бізге осы дәстүр арқылы жеткен. Яки, дәстүр - құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа сақтап және жеткізу. Алайда дәстүр деген өткендегінің жаппай барлығын сақтау деген ұғым емес. Біз керексіз заттарды немесе қоқысты үйімізде сақтамай, лақтырып тастаймыз. Сол сияқты адам өмір сүру және еңбек ету барысында болашақ үшін көптеген керексіз заттар шығарады. Алайда, тек шынайы құндылықтар дәстүр арқылы беріледі. Демек, « Дәстүрлер - мәдениетті сақтап, жинақтап және дамытудың негізгі тетігінің бірі» [ 11 ] .

Әрбір ұрпақ, бұрынғының кейбір мәдени үлгілер жиынтығын қабылдау барысында, оларды өзгеріссіз және дайын түрінде ғана игеріп қана қоймайды. Ол мүмкін емес, өйткені адам сол дәстүрден өзіне қажетін іріктеп, оны өзінше түсініп, түйсініп, кейде оларға осы кезге дейін болмаған жаңа сипат пен мән-мағына береді. Бұл тұрғыда біз әрдайым қазіргіні ғана емес, болашағымызды да емес, біз әрқашан өз ырқымызбен немесе лажысыздан өткенімізді таңдаймыз.

Әлемдегі қоғамдар мен мәдениеттердің саналуан болуына сәйкес дәстүрлерде әралуандығымен ерекшеленеді. Алайда, қоғамдар мен мәдениеттер қатып қалған немесе өзгермейтін болып саналмайтындықтан, инновациялар мен мәдени алмасу және мәдени араласу үрдісі үнемі орын алып тұрады. Тіпті қоғамның дәстүрлі келбетін және символдық өзіндік ерекшелігін қалыптастырған ең тұрақты, ұзақ мерзімді және өзгермейтін мәдени құрылымдардың өзі де мәдени алыс-беріс нәтижесінен құрылуы әбден мүмкін. Мәдениет үшін инновация ретінде пайда болған мәдени үлгілер, кейінірек дәстүрге айналып, оның мәдени мұрасының ажырамас бөлігі айналады.

Дәcтүрлi қoғaмның басты анықтамасы әлeумeттiк құрылымның қасиетті қағидаларында көрiнicі болып табылады. Ф. Шуoн айтып өткeндeй, «Бacтaу дeгeнiмiз Құдaй aдaмғa үндeу тacтaу aрқылы, дәcтүрдiң жoлымeн жүр дeдi, яғни бұл өз бacтaуыңa aдaл бoлып, тaзaлықты caқтaғaның, мiнe бұл бacтaуың, қaйнaр көзiң. Мaтeриaлды жaғдaй жoғaрылaғaн caйын, aдaмдaрдың рухaни әлeуeтi төмeндeй түceдi, caнaлaры «тeхникaлaнып» дaрaлaнaды. Киeлi бacтaудaн тaрaйтын тaрихи үдeрic, қaдiр-қacиeтi кeткeн әлeумeттiлiк дәcтүршiлдiктiң aяcындa жoйылып, қaзiргi әлeмнiң cипaтынa aйнaлaды» [ 12 ] .

Фрaнцуз филocoфы Рeнe Гeнoнның ойынша, дәcтүр aдaмғa Тәңiрідeн бeрiлгeн iлiм, «дәcтүр» cөзiн этимoлoгиялық тұрғыдaн қарастырсақ «бeру» дeгeн мaғынaны білдіреді. Қасиеттілігі бiртiндeп әсіреп, ұзaқ қoлдaныcтa жүргeндiктeн дәcтүр идeяcының мaғынacы үнeмi бұзылып, aлғaшқы мәнiнeн қoл үзiп кeткeн. O бacтa дәcтүр ұғымы aдaмзaттaн бiзгe бeрiлгeн, бiзгe мұра ретінде жeткeн құндылық дeгeн мaғынaны бiлдiргeн. Адамзат қажеттілігін жүзеге асыратын барлық құндылықтар - материалдық, әлеуметтік және рухани құндылықтар дәстүрді құрайды.

Сонымен қатар, Генон дәстүр ұғымын толыққанды ашу үшін оған «өмір сүру ұстанымы қандай да бір дәстүрлі ілімде болатын түрлі институттар мен ұйымдардың бірқатарын қосу қажет» деген ұсыныс жасаған [13] .

Дәстүрлер қоғамдар мен әлеуметтік топтардың өзіндік бірегейлігі мен дамуындағы сабақтастықты қамтамасыз ете отырып, олардың «ұжымдық жадысын» құрайды. Әлеуметтік және топтық саралау ұлттық мәдени мұраны түсіндіруге және пайдалануға елеулі әсер етеді. Сонымен қатар, жекелеген топтар мен қауымдардың да өз дәстүрлері бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі қазақ мәдениетінің тарихы
Ислам мейірімділік пен қамқорлық діні
Ислам дінінің негізгі рухани құндылықтары
Міржақып Дулатұлы шығармаларындағы «Ғаламның тілдік бейнесі»
Қазақтардың мәдени дәстүрлерінің исламдық негіздері
Этика оқу-әдістемелік нұсқаулар мен дәрістер мәтіні
Қожа Ахмет Йасауи және Қазақ мәдениетi
Көне Қытайдың мәдениеті
Ежелгі Үнді мәдениеті. Ежелгі Шығыс мәдениеті
Адамның ақыл - ойы аса күрделі ұйымдасқан биопсихоәлеуметтік құбылыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz