Зияты зақымдалған кіші мектеп жасындағы оқушылардың адекватты өзін - өзі бағалау ерекшеліктері


Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті
Психология және педагогика факультеті
Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасы
Қорғауға жіберілді «»2020 ж.
Қолы Лиходедова. Л. Н.
(каф. меңгерушісі)
Дипломдық жұмыс
«Кіші мектеп жасындағы зияты зақымдалған оқушылардың адекватты өзін-өзі бағалау деңгейін түзету»
5В010500 - «Дефектология»
Орындаған: Бақытбек Н. Б. .
Ғылыми жетекші: Бегежанова Р. К.
аға оқытушы
Қостанай 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1 КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АДЕКВАТТЫ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Зияты зақымдалған кіші мектеп жасындағы оқушылардың адекватты өзін-өзі бағалау ерекшеліктері . . .
1. 2 Түзету бағдарламасы - өзін-өзі бағалау түсінігін реттеу құралы ретінде . . .
1. 3 Зияты зақымдалған кіші мектеп жасындағы оқушылардың тәрбие сағаттарында адекватты өзін-өзі бағалау деңгейін түзету бағдарламасы арқылы реттеу . . .
2 Кіші мектеп жасындағы зияты зақымдалған оқушылардың адекватты өзін-өзі бағалау деңгейін қалыптастырудың тәжірибелік-эксперименттік жұмысы
2. 1 Экспериментті ұйымдастыру және өткізу . . .
2. 2 Қалыптастырушы эксперимент . . .
2. 3 Қорытынды эксперименттің барысы мен нәтижесі . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Адамның психологиялық келбеті алуан түрлі, ол туа біткен қасиеттерімен қоса, тәрбие, оқыту, қоғамдық материалдық және рухани мәдениетін игеру барысында да анықталады. Даралық арқылы: жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігі - оның қабілеті, қызметінің қолайлы саласы ашылады.
Тұлғаның жеке басының негізгі қасиеттері - оның өзін-өзі бағалауы, темпераменті, мінезі, қабілеті.
Өзін - өзі бағалау - бұл өзінің жеке іс-әрекеттерін, моральдық қасиеттерін, нанымдарын, уәждерін адамгершілік бағалау; тұлғаның адамгершілік сана-сезімі мен ар-ожданының көріністерінің бірі. Өзін-өзі бағалау қабілеті адамда оның әлеуметтенуі процесінде, қоғам шығаратын моральдық принциптерді саналы түрде меңгеруіне және айналадағы адамдардың осы қылықтарға берген бағалары негізінде өз іс-әрекеттеріне өзінің жеке көзқарасын анықтауға байланысты қалыптасады. Психология бойынша белгілі кітап авторы Т. А. Рытченко өзін-өзі бағалаудың осындай анықтамасын келтіреді: "Өзін-өзі тану негізінде адам өзіне деген эмоционалды-құндылық қатынасын дамытады, ол өзін-өзі бағалауда көрінеді. Өзін-өзі бағалау өзінің қабілеттерін, психологиялық қасиеттері мен іс-әрекеттерін, өмірлік мақсаттары мен оларға қол жеткізу мүмкіндіктерін, сондай-ақ басқа адамдар арасындағы өз орнын бағалауды көздейді". Өзін-өзі сезінуіне негізделген адекватты өзін-өзі бағалау, негізінен танылмаған бейсаналық сипатқа ие екендігін өмір дәлелдейді.
Психологтардың назарын өзін-өзі бағалау мәселесі ғана емес, сонымен бірге оның қалыптасуына әсер ететін себептер де қызықтырды (Адлер А., Архипова Е. А., Андрушенко Т. Ю., Кон И. С., Роджерс К., Адвокат К., Эриксон Э. , және т. б. ) . Осы психологтардың зерттеулері өзін-өзі бағалауға айтарлықтай әсер ететін факторларды анықтады. Қалыптасқан өзін-өзі бағалау - адамның өзінен байқайтын нәрселерін басқа адамдарда көретіндігімен үнемі салыстырудың нәтижесі.
Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы, оның өзіне деген талабы, сыншылдығы, оқыту процесінде және басқа салаларында жетістіктер мен сәтсіздіктерге көзқарасы өзіндік бағалауға байланысты. Осылайша, өзін-өзі бағалау адам іс-әрекетінің тиімділігіне және оның жеке басының одан әрі әлеуметтенуіне әсер етеді. Адекватты емес, жоғары немесе төмен деңгейі тұлғаның қалыптасуында бұзушылықтардың пайда болуына әкеліп соқтырады. Интеллектісі бұзылған бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың өзін-өзі бағалау проблемасы көп қырлы және терең зерттеуді қажет етеді. Өзін-өзі бағалау балалар өмірінің барлық салаларына әсер етеді, бұл зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Тұлғаның өзіндік бағалау ерекшеліктерін қарастырған жұмыстарда тұлғаның әртүрлі даму жақтары нақты қарастырылған (Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, И. И. Чеснакова, А. И. Липкина т. б. ) . Өзіндік бағалауды адамның мінез-құлқын реттеуші, жеке бастық феномен ретінде сипатталған көптеген эксперименттік жұмыстар бар. (Б. Б. Коссов, З. В. Сафин, С. Ф. Спичак т. б. ) . Сонымен қатар, Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің ішінде профессор Ж. Ы. Намазбаеваның жетекшілігімен Р. Ш. Сабырова, С. Ж. Өмірбекова және Л. С. Пилипчуктың жұмысында балалардың өзіндік сана сезімдері, өзіндік бағалау ерекшеліктері зерттелінген.
Әдеттегідей, өзін-өзі бағалау жағымды және жағымсыз тәжірибе көзі болып табылады, ал қолайсыз жағдайларда девиантты мінез-құлықты тудыруы мүмкін. Д. Н. Исаевтың ақыл-есі кем балаларға арналған кіші мектеп сынып оқушыларының қарым-қатынасы, олардың эмоционалды тәжірибесі мен мінез-құлқы туралы пікірі қызығушылық тудырады. Егер іс-әрекетті ұйымдастыруда баланың мүмкіндіктері ескеріліп, оның әрекеттері күшейтілсе, өзіне деген сенімділікті, сабырлылықты, өзіне лайықты қатынасты және бейімделгіш мінез-құлықты қалыптастыратын жағымды эмоционалды тәжірибе пайда болады. Теріс тәжірибе белгісіздік, шиеленіс, тұрақсыз өзін-өзі бағалауында көрінеді. Егер мұндай балалар өздерінің қабілеттерін, шектеулі тәуелсіздігін бағаламаса, олардың өзін-өзі реттеуі бұзылады, бұл мінез-құлыққа тікелей әсер етеді және қоғамда бейімделуді қиындатады.
Қазіргі уақытта интеллектісі зақымдалған оқушылардың тұлғасының ерекшеліктері, яғни өзін-өзі бағалауы, қарым-қатынас, мінез-құлық туралы мәселелер зерттеушілердің назарын аудартуда. Сондықтан да, біздің ғылыми зерттеуімізде болашақ ұрпақтың, әсіресе зиятында ауытқушылығы бар оқушылардың теріс жолға түспеуін, олардың тұлғасының дұрыс қалыптасуы, осы мәселенің теориялық тұрғыдан зерттелуі және ғылыми әдістемелік жағынан қажетті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі арасында қарама - қайшылық орын алуына байланысты, зерттеу тақырыбымызды таңдауға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты: Кіші мектеп жасындағы зияты зақымдалған оқушылардың адекватты өзін-өзі бағалау деңгейін түзету бағдарламасы арқылы реттеуді теориялық жағынан негіздеу және тәжірибеде дәлелдеу.
Зерттеу нысаны: Кіші мектеп жасындағы зияты зақымдалған оқушылардың адекватты өзін-өзі бағалау деңгейін түзету үрдісі.
Зерттеу пәні: Кіші мектеп жасындағы зияты зақымдалған оқушылардың адекватты өзін-өзі бағалау деңгейін түзету ерекшеліктері.
Зерттеудің міндеттері:
- Кіші мектеп жасындағы зияты зақымдалған оқушылардың адекватты өзін-өзі бағалау ерекшеліктері бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге шолу жасау;
- Кіші мектеп жасындағы зияты зақымдалған оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктеріне сипаттама беру;
- Кіші мектеп жасындағы зияты зақымдалған оқушылардың өзін-өзі бағалауын тәрбие сағаттарында жоюдың тиімді жолдарын көрсету;
- Кіші мектеп жасындағы зияты зақымдалған оқушылардың тәрбие сағаттарында өзін-өзі бағалау деңгейін түзету бағдарламасы арқылы реттеудің ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;
- Эксперименталды бөлімінде интеллектісі бұзылған оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейін анықтауға бағытталған диагностикалық жұмыстарды жүргізу;
- Зерттеу жұмысымыздың нәтижесіне қорытынды жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер тәрбие сағаттарында түзету бағдарламасы жүйелі қолданылатын болса, онда кіші мектеп жасындағы зияты зақымдалған оқушылардың адекватты өзін-өзі бағалау деңгейі реттеледі.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: В. Г. Щурдың «Баспалдақ» әдістемесі, О. С. Богданованың «Мен қандаймын» әдістемесінің модификациясы, Де-Греефенің «Үш шеңбер» әдістемесі.
Зерттеу әдістері: ғылыми әдебиеттерге талдау жүргізу, байқау, диагностикалық әдістер, салыстыру, қалыптастырушы эксперимент.
Зерттеу базасы:
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Кіші мектеп жасындағы зияты зақымдалған оқушылардың өзін-өзі баағалау ерекшеліктеріне байланысты, ғалымдардың зерттеу тұжырымдарына жалпы сипаттама бере отырып, түзету мектептерінде зияты зақымдалған оқушылардың тәрбие сағаттарында өзін-өзі бағалау деңгейін реттеудің міндеттері мен кезеңдерін саралап нәтиже шығару.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңыздылығы: Кіші мектеп жасындағы зияты зақымдалған оқушылардыңтәрбие сағаттарына ұсынылып отырған өзін-өзі бағалау деңгейін реттеуге бағытталған түзету бағдарламасын арнайы түзету мекемелерінің мұғалімдері өз қызметтерінде кеңінен қолдана алады.
Зеттеудің қезеңдері:
Бірінші кезең: (2019 жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін) - зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалды.
Екінші кезең: (2020 жылдың қаңтар айынан наурыз айы) - кіші мектеп жасындағы зияты зақымдалған оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін анықтауға арналған диагностикалық жұмыстар жүргізілді, тәрбие сағаттары бойынша оқу жоспары, оқу бағдарламалары талданып, оқу дағдыларын қалыптастырудың мүмкіндіктері зерделенді.
Үшінші қезең: (2020 жыл сәуір - мамыр айлары) ‑ мәселелік сұрақтар жүйесі эксперименттік тексерілуден өткізіліп, талдау жүргізілді, эксперименттік тексеру жұмыстарының нәтижелері алынып, жалпы зерттеу бойынша қорытынды жасалды.
Зерттеудің құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
1 КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АДЕКВАТТЫ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Зияты зақымдалған кіші мектеп жасындағы оқушылардың адекватты өзін-өзі бағалау ерекшеліктері
Өзін-өзі бағалау - бұл күрделі динамикалық құрылым, ақыл-ой әрекетінің жеке дара өзіндік параметрі. Ол ең алдымен реттеуші қызмет атқарады. Окушының оку іс-әрекетінің тиімділігі тек қана жасы меңгерілген білімдерге ; ақыл-ой әрекетінің әдіс-тәсілдеріне және жеке бастың дамуына ғана тәуелді емес. Бұл баланың қол жеткізген табыстары мен оның болашаққа деген талпыныстарының үйлесуімен түсіндіріледі.
Отандық және шетелдік ғалымдардың пікірі бойынша өзін-өзі бағалаудың қалыптасуы бастауыш мектеп жасында пайда болады. Бұл, ең алдымен, жетекші қызметтің және әлеуметтік даму жағдайының өзгеруімен сипатталатын жас кезеңінің ерекшеліктеріне байланысты.
Р. Немов атап көрсеткендей, бастауыш сынып оқушыларының ерекшелігі - олардың ересектерге, негізінен мұғалімдерге деген толық сенімі екенін айтады. Осы жастағы балалар ересек адамның беделін толық мойындайды, оның бағасын сөзсіз қабылдайды. Өзің бағалау кезінде жеке тұлға ретінде, балалар ересек адамның берген бағалауына сүйенеді. Бұл өзіндік бағалау сияқты жеке білімнің қалыптасуымен тікелей байланысты. Адекватты өзін-өзі бағалауды қалыптастыру үшін баланың қол жеткізген жетістіктерінің деңгейі өте маңызды. Бастауыш сынып балаларында зін-өзі бағалаудың әр түрлі түрлері кездеседі: адекватты, жоғары және төмен бағалау.
Оқу іс-әрекетін меңгеруде өзін-өзі бағалау маңызды механизм ретінде үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ баланың мүмкіндіктері мен қабілетін дамытуда, құрдастарымен достық қарым-қатынас орнатуда өте маңызды болып табылады. Адекватты өзін-өзі бағалау баланың өзіне деген сенімділігі мен мүмкіндіктерін қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Ол жеке тұлғалық толық бағалылық пен жан-жақтылықты дамытудың негізі болып табылады. Адекватты емес өзін-өзі бағалау (жоғарылаған, төмендеген), керісінше, мүмкіндіктер мен қабілеттің дамуына кедергі келтіріп, ішкі жанжалдардың пайда болуына, қарым-қатынастың бұзылуына әкеледі, яғни баланың жеке тұлғасының жағымсыз дамуын сипаттайды. Зияты зақымдалған оқушыларда өзін-өзі бағалау бағаланатын сапалардан тыс болмайды. Сондықтан өзін-өзі бағалауды жалпы өзі жайлы білу аспектісінде қарастыру қажет. Өзі жайлы жалпы түсінік мен - образы және оның аспектілері арқылы көруге болады: (мен - концепция) мазмұнды бағалаушы (өзін-өзі бағалау) . Мен образының дамуына баланың өзін индивид ретінде сезінуі көп әсер етеді. Өзін индивидсіз ретінде сезіну мыналардан тұрады: дене мүмкіншілігінің бөлектілігін, әлемнен жеке екенін сезіну, субьектілікті ұғыну, өзін іс-әрекеттің немесе психикалық күйзелістің субьектісі ретінде сезіну. Өзін индивидсіз ретінде сезінудің жоғары деңгейіне бұл индивидсіз қандай, неден құралған деген сұраққа жауап жатады. Мен образы бұл осы сұраққа жауап ретінде қарастырылады: «Мен қандай индивидуалды субьектімін?». Өзін тұрақты ұғыну, эмоционалды сезіну, өзіндік сезім онтогенезде өзінің жеке сапаларымен және өзін-өзі бағалаумен, мен концепциясымен байланысты болады. Өз қалыпасуында өзін-өзі бағалау тұрақсыз болып келеді. Балалық шақтағы оқушыларды өзін-өзі бағалау адамның өмірлік ұстанымын оның деңгейінің бағалауының бүкіл жүйесін анықтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz