Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 117 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ:

М. С. Караманова

Қ. Қ. Төлепберген

Картинки по запросу ассамблея народов казахстана
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ:

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ

АССАМБЛЕЯСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ: Картинки по запросу "қазақстан халқы ассамблеясы""
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ: Қызылорда, 2019
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ 314. 156. 2: 950(574) : 371. 671. 12

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ:

М. С. Караманова

Қ. Қ. Төлепберген

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ:

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ

АССАМБЛЕЯСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ: (көмекші оқу құралы)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ:

"Компас"баспасы

Қызылорда, 2019

ӘОЖ 314. 156. 2: 950(574) : 371. 671. 12
ӘОЖ 314. 156. 2: 950(574) : 371. 671. 12:
ӘОЖ 314. 156. 2: 950(574) : 371. 671. 12:
ӘОЖ 314. 156. 2: 950(574) : 371. 671. 12: Баспаға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми әдістемелік Кеңесінің шешімімн ұсынылған (Хаттама №4, 24. 04. 2019 ж. )
ӘОЖ 314. 156. 2: 950(574) : 371. 671. 12:
ӘОЖ 314. 156. 2: 950(574) : 371. 671. 12: Авторлар: М. С. Караманова, Қ. Қ. Төлепберген
ӘОЖ 314. 156. 2: 950(574) : 371. 671. 12:

Пікір жазғандар: У. С. Ибраев - Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» орталығы КММ-ң директоры, т. ғ. к.

А. Н. Аңсатова - Қорқыт Ата ҚМУ-ң Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси ғылымдар кафедрасының профессоры, т. ғ. к.

С. Жусупов - Қорқыт Ата ҚМУ-ң Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси ғылымдар кафедрасының доценті, т. ғ. к.

ӘОЖ 314. 156. 2: 950(574) : 371. 671. 12: Қазақстан халқы Ассамблеясы (көмекші оқу құралы) - Қызылорда, 2019, 1 . . . бет.
ӘОЖ 314. 156. 2: 950(574) : 371. 671. 12:

Оқу құралда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы, қызметі, бүгінгі

таңда мемлекетіміздегі халықтар достастығын нығайтудағы рөлі, көпэтносты қоғамда этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестіруші орган ретінде, қоғамдағы келісім мен бейбітшілік орнатудағы орны зерттеліп, Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсына қосымша оқу құралы ретінде оқытушыларға, студенттерге, магистранттарға арналады.

ӘОЖ 314. 156. 2: 950(574) : 371. 671. 12:
ӘОЖ 314. 156. 2: 950(574) : 371. 671. 12:

"Компас"баспасы

Қызылорда, 2019

КІРІСПЕ

Өткен ғасырдың соңғы он жылдығындағы КСРО-ның ыдырауы үдерісі ішкі және әлемдік саясатта үлкен өзгерістерге алып келді. Алып державаның ыдырау себептерінің құрамдасы көпұлтты елдегі ұлт мәселелерінің шешілмегендігінде еді. Бұрынғы империяның орнында пайда болған жас тәуелсіз мемлекеттерге ауыр мұралар қалды. Олардың ішінде аса күрделілерінің бірі ұлттық тұрақтылық және келісімді сақтау мәселесі болды. Бұл сынақтан бұрынғы кеңес республикалардың көпшілігі сүрініп жатты. Уақыт талаптарына сәйкесінше жауап беріп тұрақтылықты сақтаған республикалардың бірі - Қазақстан болды. Сондықтан посткеңестік елдердегі этникалық қатынастарды Қазақстан тәжірибесімен салыстыра отырып зерттеу отандық тарих ғылымы үшін өзекті болып табылады. Кеңес елінде ыдырау процесі жүргенде көптеген шетелдік саясаткерлер мен социологтар үлкен этникалық жанжалды нақ Қазақстаннан шығуы мүмкін деп болжаған еді. Бірақ біздің еліміз: билік пен халық бұл сынақтан абыроймен өтті. Шетелдік және Қазақстан мамандарының дискустары мен тұжырымдамаларын, дәйектер мен дәлелдерін, негіздемелік базасын саралауда көкейтесті. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың елдегі ұлттық татулық пен тұрақтылықты сақтаудағы ерен еңбегін бүкіл әлем мойындап отыр [1] . Сондай ілкімді істерінің бірі 1995 жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы болды. Жаңадан құрылған институт Қазақстандағы тұрақтылықтың сақталуындағы орны айрықша еді. 20 жылдан астам уақыттың ішінде елдегі ұлттық келісімді сақтаудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының орны ерекше. Бүгінде ол халықаралық мәнге ие болып отыр. Осы орайда Ассамблеяның 20 жылдық тарихи тәжірибелерін зерделеу, атқарған іс-шараларының ұзын ұрғасын қорытындылау заманауи Қазақстан тарих ғылымы үшін өзекті екендігіне күмән жоқ.

Посткеңестік республикалар тәуелсіз даму бағытына түскеннен кейін егемендікке барар жолда бірқатар қиындықтарға тап болғаны белгілі. Өтпелі кезең қиындықтарымен, яғни экономикалық дағдарыс, әлеуметтік тұрақсыздық, саяси айқындылықтың жоқтығымен бірге, этносаралық қатынастардың шиленісуі үлкен мәселеге айналды. Бұндай шиеленістердің қақтығыстарға ұласуы жиіледі. 1991-2001 жылдар аралығында бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған елдерден 9 млн адам саяси тұрақсыздыққа, соның ішінде ұлттық қақтығыстарға байланысты қоныс аударуға мәжбүр болған. Сол себепті тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында дербес мемлекет ретінде қалыптасудың алғышарты болатын этносаралық қатынастарды үйлестіру жолдарын іздестіру аса маңызды міндет болды.

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының жиырма жылдық тарихы Қазақстан халқының даналығы, тұңғыш Президент - Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың көрегендігі, салиқалы саясаты этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті қамтамасыз етуге негіз болды. Осындай саясаттың негізінде, айналасында ұлтаралық шиеленістер, соның ішінде қанды қақтығыстардың болып жатқанына қарамастан Қазақ елі қоғамдық келісім мен татулығын сақтай алды. Азаматтық келісім елдің динамикалық тұрғыда дамуына әрі әлемдегі дамыған елу елдің қатарына енуіне мүмкіндік берді. Сондай-ақ, дамудың 2050 жылға дейінгі стратегиясын ұсына отырып, жетекші отыз елдің ортасынан орын алуды межелеуге негіз жасады. Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін қалыптастыру үшін әлемдік тәжірибеде жоқ, өзіндік қағидаттар қажет еді. Бұл қағидаттарды қалыптастыру Қазақстан қоғамдық ғылымдары үшін аса өзекті болды. Сонықтан, этносаралық қатынастар тәжірибесінің алтын қорынан орын алуға лайықты, нақты әрі позитивті нәтижелерге ие, ондаған жылдар бойы өмірлік сыннан өткен және халықаралық қауымдастық мойындаған қайталанбас шешімдер қабылдануының барысын саралау қашанда көкейтесті.

Н. Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі осындай талаптар негізінде тәжірибеге енгізілді. Ол қазіргі кезеңде өзара тығыз байланыстағы ғаламның негізгі құрамдас бөлігі ретінде табысты дамып отырған тәуелсіз мемлекеттің, яғни «Қазақстан жолы» деген атпен әйгілі. Оның басты діңгегі - Қазақстан халқы Ассамблеясы, этносаралық қатынастарды үйлестірудің теңдесіз институты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма жылдық даму тарихының тәжірибесін жан-жақты талдау негізінде, 1992 жылы Ассамблеяны құру туралы идея көтерілген Қазақстан халықтары Форумынан бастап, оны құруды дайындау; Қазақстан Президенті, Ассамблея төрағасы Н. Назарбаевтың еңбектері мен сөйлеген сөздерін; Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын; мемлекеттік стратегия мен бағдарламаларды; Ассамблея Сессияларының, Кеңестердің, Хатшылықтың, облыстық ассамблеяның материалдары мен құжаттарын; этномәдени бірлестіктердің қызметін зерттеу; арнайы ғылыми әдебиеттерді тарихнамалық тұрғыда талдау; мұрағат деректері мен статистикалық мәліметтерді кеңінен тарту; баспасөз бен интернет материалдарына мазмұндық талдау негізінде қойылды.

1. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлт мәселесіндегі қайшылықтар мен қиыншылықтар

Көп ұлтты Қазақстандағы ұлт мәселесінің, ұлтаралық қатынастарының, олардың саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени жағдайының жоғары дәрежеде болуы ел ішіндегі саяси тұрақтылықтың, бейбіт өмірдің, дамудың кепілі екені белгілі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың 18 қаңтарындағы «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауында Мәңгілік Ел ұлттық идеясын бастамасын көтеріп, оның «жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы» болып саналатындығын қадап айтты. Қазақ халқының ғана емес республикада өмір сүретін барлық ұлт өкілдерінің тілі мен дінінің әртүрлілігіне қарамастан мүддесінің, мақсатының, болашағының бір екендігін, яғни халықтардың өзара түсіністігі, сыйластығы, соның негізіндегі бейбітішілік пен тұрақтылық басты мемлекеттік құндылық болып табылатындығына көз жеткізілуде. Уақыт өткен сайын ұлтаралық татулық арқылы Қазақстанның тәуелсіздігі нығайып келеді. Саяси, идеологиялық ерекшелігіне орай «жабық есік» саясатын ұстанған кеңестік тоталитарлық жүйе тұсындағы қазақ ұлтының, республиканы мекендеген өзге де халықтардың ұлттығын, мәдениетін, тілін, ділін, дінін, өзін-өзі қорғауы «кеңестік халықтың» құрамдас бөліктері ретінде социалистік құрылыс тұсында сақтап қалуы күрмеуі қиын күрделі мәселелердің бірі болғандығы белгілі. Қазіргі ұлт саясатымен кеңестік коммунистік ұлт саясатын мүлде салыстыруға келмейді. Кеңестік мемлекеттің 70 жылдан аса үстемдік еткен коммунистік ұлт саясатының салдары жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, тұтастай ұлттарға, олардың саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани дамуына зардапты ықпалын тигізді.

1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басындағы этностық үдерістерді Кеңестер Одағының ыдырауы мен тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан туындаған саяси және экономикалық факторлар айқындады.

Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның этнодемографиялық жағдайы айтарлықтай жақсы болмады. Мемлекет құраушы ұлт - қазақтардың Қазақ КСР-і деп аталған кеңестік ұлттық мемлекеттілік формальды сипатта еді және оған жаңа мазмұндық сипат беру қажет болды. Ал республика тұрғындарының негізгі бөлігі орыс тілінде сөйледі. Орыс халқының басым бөлігі қалаларда тұрды және өндіріс орындарында еңбек етті. Елдегі басқа этностар, шын мәнінде, әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмір ағымынан тыс қалып жатты.

1989 жылы қаңтарда КСРО-дағы соңғы халық санағы өткізіліп, санақ қорытындысы бойынша Қазақстан халқының саны 16 млн. адам болды. Қазақстан халқы сандық көрсеткішпен: қазақтар -39, 7%; орыстар - 37, 8%; украиндар - 5, 4%; немістер - 5, 8%; татарлар - 2, 0%; өзбектер -2, 0%; белорустар мен ұйғырлар - 1. 1%; корейлер - 0, 6%; әзірбайжандар -0, 5%-ды құрады [2, с. 45. ] . Қазақстанда барлығы 130-ға жуық этностар өмір сүрді.

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі алғашқы халық санағы 1999 жылы өткізілді. Санақ қорытындысы бойынша Қазақстандағы демографиялық жағдайдың біршама өзгергенін көре аламыз. Республикамыздың халықының саны 14 млн. 953 мың. 246 адамды құрады. Соңғы екі халық санағы аралығында Қазақстан халқының саны 800 мың адамға азайған. Халықтың табиғи өсімі Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударуынан қалыптасқан теріс миграциялық сальдоның орнын толтыра алмаған болатын.

Республикадағы халық санының азаюының себептері: шығысславяндық халықтардық эмиграциясына және Қазақстанды мекендеген неміс халқының да күрт азаюына, яғни жалпы санының 2/3 Германияға қоныс аударуына байланысты болды. Немістермен бірге поляк, грек, литвалық, латыш, эстон халықтарының да саны азая түсті. Сол уақыттары түркі халықтарының саны мен үлес салмағы едәуір арта бастады. Қазақстан халқының құрылымында қазақтардың үлес салмағы едәуір арта бастады. 1999 жылы Қазақстан халқының құрылымында қазақтардың үлес салмағы 53, 4%-ға жетуіне, тарихи Отанына қайта келген қазақтар себеп болды.

Ұлтаралық қақтығыстар 1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында Әзірбайжан, Армения, Өзбекстан, Грузия, Молдавия, Қызғызстан, Балтық жағалауы сияқты елдер мен бұрынғы КСРО кеңістігінің басқа да аймақтарында орын алып жатты. Бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігіндегі этносаралық қақтығыстар әртүрлі формаларда көрініс тапты: Ресей Федерациясына Шешенстанда; Кавказдағы армяндар мен әзірбайжандар арасында; Молдавияда Приднестроевьеде қақтығыстар орын алды. Тіл саясаты Балтық елдері мен Украиндағы этносаралық дағдарыстарға себеп болды.

Кеңес Одағының ыдырауы азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларының тапшылығын туындатып, жағдайды қиындатты. Жылдар бойы қалыптасып, жұмыс жасап келген шаруашылық, көлік, гуманитарлық салалардың жабылуына алып келді. Бұл күрделі кезең туралы американдық маман М. Олкотт «Қазақтар» (Казахи, 1987) атты еңбегінде: «Республиканың экономикасы өте күрделі жағдайда еді. Баға тез өсіп, тауар тапшы болды. Бұқаралық ақпарат құралдары теміржолдардағы жүктердің жиналып қалуы мен әуе рейстерінің кейінге қалдырылуы жөніндегі ақпараттарға толы болды. Мұндай жағдайда адамардың жүйкесі сыр бере бастады» деген мәліметтер береді.

Мұндай күрделі саяси-экономикалық дағдарыс жағдайында этносаралық қатынастардың шиеленісуі мен қақтығыстарға алып келуі мүмкін деген болжамдарын жасады. М. Олкотт мұдай шиеленісті жағдайларда: «көпұлтты демократиялық мемлекеттердің негізі болып табылатын ұлттық және діни толеранттылық идеалдары сырт қалуы мүмкін» деп атап көрсеті [3, с. 58] .

Бұл біздің елімізде орын алған тарихи жағдайларға сәйкес мейлінше шиеленіскен этносаралық қақтығыстардың орталығына айналады деген көп болжамдардың бірі ғана еді. Мысалы, З. Бжезинскийдің «Ұлы шахмат тақтасы» атты еңбегінде бұл елдер «екінші Югославия», «Азиялық Балқан» аймағына айналады деген болжам жасағаны белгілі. Мұндай сеуегей болжамдардың орындалмауының бірден бір себебі - Елбасы - Н. Назарбаевтың салмақты, салиқалы, көреген ұлттық саясаты болды деп түсінген жөн.

Егер М. Олкоттың зерттеулеріне назар аударсақ, Орталық Азиядағы кеңестік дәуірден қалған аса ауыр мұра ұлтаралық қатынастар болатын-ды. Бұл аймақтағы әрбір республика атауы оның жергілікті тұрғындарының атауымен аталса да, «бір ұлттың шаңырағы» емес еді.

Мұндағы ұлтаралық қарым-қатынастың күрделілігі әсіресе қырғыз, өзбек, тәжік арасындағы және қазақ, өзбек, түркімен арасындағы жер дауынан, яғни бір-біріне деген территориялық талаптардан көрініс берді. Сонымен бірге, бұл аймақтарда орыс халқының үлес салмағы да елеулі болатын [3, с. 50] .

Бұл жерде М. Олкоттың Орталық Азиядағы жас тәуелсіз мемлекеттердің даму моделі туралы талдауларына назар аударарлық. Ол «Средняя Азия: катапультирование в независимость» деген еңбегінде аталмыш мәселе бойынша төмендегі пікірін білдіреді.

Өзбекстан экономикалық дамудың «түріктік үлгісі» мен «қытайлық» бағытын үлгі ретінде алды. Тәжікстан негізінен «парсы үлгісін» құп көрсе, Түркіменстан «ирандық үлгіні» таңдады. Өтпелі кезең қиындығы ең ауыр тиген Қырзғызстан «түріктік үлгіні» таңдады.

Қазақстанның даму үлгісі жайлы М. Олкотт: «Аймақтағы барлық жетекшілердің ішінде қазақ Президенті Н. Назарбаев дамудың қандай да бір жеке үлгісін қабылдауға ыңғай білдірген жоқ. Ол Оңтүстік Корея, кейін Түркия және американдық үлгідегі нарық экономикасын тікелей Қазақстанның жағдайына бейімдеудің шетелдік тәжірибесі бойынша ізденістер жүргізген кезеңдерді басынан өткізді», - дейді. Қазіргі кезде Назарбаев Қазақстанның дамуы қандай болуы керек деген сұрақтың жауабы Қазақстанның өзінде екендігін терең түсінді, деген тұжырым жасаған [3, с. 57-58. ] .

Мұндай ұстаным бүгінгі таңда баршаға аян «Қазақстандық жол» ретінде жүзеге асырылуда. Экономикалық, саяси және этносаралық келісім мен тұрақты дамудың орталығына айналды.

Ал көрші елдерге келетін болсақ, Өзбекстанда қайта құру заманында-ақ аз ұлттарға қарсы, соның ішінде месхеттік түріктерге қарсы ұлтаралық қақтығыстар белең ала бастағанды. Өзбекстанның тәуелсіздік алуына байланысты ондағы славян халықтарының миграциялық толқыны кең етек алды. Алайда, мейлінше шиеленіскен ұлтаралық қақтығыстардың орталығы Тәжікстан болды. Кеңес Одағының ыдырауы бұл жердегі қан төгіске жол ашқан азамат соғысына алып келді. Көпұлтты Қырғыстанда да өте күрделі ұлтаралық ахуал қалыптасты. Қырғызстан аумағының бір бөлігі Ферғана өңірінде тұр. Ондағы жер мәселесі қырғыздар мен өзбектер арасындағы қақтығыстарға алып келді. Айналысындағы экономикалық, саяси және этносаралық қатынастар дағдарысы жағдайында Қазақстан этносаралық және дінаралық татулық пен келісімнің, бейбітшіліктің кіндігі болып қалды. Әрине, бұл жетістік көрші елдер мен әлемдік қауымдастықтың қызығушылығын тудырып отыр. Жер шарының қай түкпірін алып қарасақ та, барлық елдер этносаралық және дінаралық келісімді табу жолындағы ізденістер үстінде келеді. Сол себепті де Қазақстан Республикасының бұл бағыттағы тәжірибесі баға жетпес жалпыадамзаттық құндылық болып отыр. Ол қалай қалыптасып, оған қалай қол жеткізілген еді? Ол дайын күйінде беріле салмағандығы және қысқа мезеттегі тәжірибенің нәтижесі емес екендігі түсінікті. Қазақстандағы этносаралық келісім мен дін-аралық татулық Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тарапынан жүйелі жүргізілген ізденістің, ғылыми тұрғыда негізделген саясаттың нәтижесі болатын.

Сонымен, этностық, конфессиялық және мәдени тұрғыда біркелкі емес қоғам қалайша тұтастықтың берік негізге ие болып отыр? Этносаралық татулық пен келісімнің қазақстандық моделін қалыптастыру жолының мәні неде? Бұл модель адам болмысының мейлінше қайшылықты болып келетін факторларын біртұтастыққа, ортақ үйлесімге ұйыта алады. Бұл мемлекет, бір жағынан алғанда, 130 ұлт пен ұлыстардың өкілдері тұратын көпұлтты мемлекет болса, екінші жағынан алғанда, ол унитарлы мемлекет болып табылады. Сонымен бірге, мемлекеттің атауы мемлекетқұрушы ұлттың жетекші рөлін айқындап тұрса, екінші жағынан алғанда, әрбір ұлт пен ұлыс осынау бірлік пен тұтастық арқылы өз мүдделерін жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

Бұл жолды жүзеге асырудың негізі Қазақ елінің егемендікке бағыт ала бастаған кезеңінен қалана бастаған еді. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейін 1988 жылы республика басшылығы құғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз атылып кеткен Алаш қайраткерлерін, ұлт-азаттық күрес жетекшілерін ақтау арқылы тарихи әділеттілік орнатуды қолға алды. Мұндай іс-шаралардың аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде 1989 жылы 22 қыркүйекте «Тілдер туралы» Заңның қабылдануы ерекше мәнге ие болған еді. Бұл Заңда қазақ тілі тұңғыш рет мемлекеттік тіл деп жарияланды.

1990 жылы 25 қазанда «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация» қабылданып, аса құнды осынау тарихи құжаттың негізінде Қазақстан халқының бірлігі басты ұстаным етіп алынған еді. Бұл тарихи құжат: «Қазақ Кеңестік Социолистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, Республиканың барлық азаматтары үшін лайықты және тең тұрмыс жағдайын жасауға ұмтыла отырып, Республикада тұратын халықтарды топтасту мен олардың достастығын нығайтуды бірінші кезекті міндет санай отырып, жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясын және ұлттардың өзін-өзі билеу құқығын тани отырып, қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті ұғына отырып, ізгілікті демократиялық құқылық мемлекетті құруға бел байлауды негізге ала отырып, Қазақ Кеңестік Социолистік Республикасының мемлекеттік егемендігін жариялайды және осы Декларацияны қабылдайды» деген жолдармен басталады.

Декларацияның баптары бейбітшілік, келісім және бірлік идеяларына негізделген. Мәселен, декларацияның 5-бабында: «Республика аумағында тұратын азаматтарға олардың қай ұлтқа және қай партияға жататындығына, тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына және діни нанымына, жұмысының түріне, тұрғылықты жеріне қарамастан, КСРО Конституциясы мен Қазақ КСР Конституциясында көзделген барлық құқықтар мен бостандықтарға кепілдік беріледі. Азаматтық және ұлттық тең құқығына қол сұғу заң бойынша жазаланады» делінген. Ал Декларацияның 12-бабы бойынша тең мүмкіндіктер жасауға кепілдік беріледі [4] .

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан әлем қауымдастығының тең құқықты мүшесі ретінде БҰҰ құрамына қабылданды. Сол жылы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында сөйлеген кезінде «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңес» шақыруды ұсынып, ЕҚЫҰ үлгісінде Азиялық құрылым жасаудың қажеттілігіне әлемдік қауымдастықтың ерекше назарын аудартты [5, 16-17-б. ] .

Сондай-ақ, Қазақстан күллі әлемге өзін бейбіт сүйгіш ел ретінде паш етті. 1991 жылы 29 тамызда Елбасы Н. Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды. Осылайша, Қазақстан үшін өте күрделі болып келген мәселе шешіліп, еліміз ядролық қару-жарақтың әлеуеті жайында: «1991 жылдың басына қарай Қазақстан аумағында жаппай қырып-жоятын қарудың орасан арсеналы болды, ол континентаралық баллистикалық зымырандарға арналған 1216 ядролық боеголовкалар мен ауыр бомбалағыштарға арналған ядролық зарядтарды қамтитын» [6, 17-29-б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі
Қазіргі таңда Қазақстанның саяси және экономикалық өрлеу кезеңінде ҚХА құрылу және даму қажеттілігі
Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы курсының типтік оқу бағдарламасы
«Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) – теңдесіз ұлтаралық және конференция аралық келісім институты»
Қазақстан Халқы Ассамблиясына 20 жыл
Ақпарат құралдарының еркіндігі және этикалық жағдайы
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ БҮГІНГІ КӨРІНІСІ
Қазақстан халықтарының ассамблеясы
Қазақ хандығы қазақ халқының алғашқы мемлекеттілігінің бір көрінісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz