Люминесценция түрлері


С. Д. Асфендияров атындағы КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ УНИВЕРСИТЕТ имени С. Д. Асфендиярова
Реферат
“Биологиялық жүйелердің люминесценциясы”
Орындаған:Калимулла Б.
Тексерген:Умирбекова З. К
Факультет: Педиатрия
Тобы:П005-01
Алматы қаласы
2019-2020 жыл
ЖОСПАР
«1» Люминесценция. Люминесценция түрлері.
«2» Фотолюминесценция. Стокс ережесі
«3» Люминесцентік анализ және қосымша ақпарат
«4» Қолданылған әдебиеттер
Люминесценция деп жылулық сәуле шығарудан артық қалған, белгілі бір температурада денелердің жарық толқындарының периодынан әлде қайда ұзақ уақыт жарық шығару құбылысын айтамыз.
Люминесценцияны тудырушы сыртқы күшке байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
зарядталған бөлшектердің жасайтын люминесценциясы:
- иондармен - ионолюминесценция
- электрондармен - катодолюминесценция
- ядролармен - радиолюминесценция
- фотондармен - фотолюминесценция
- рентгендік және гамма- сәуле шығарудан - рентгенолюминесценция
Жылу сәуле шығару сияқты люминесценция құбылысы да, атомға қосымша энергия беру арқылы п. б. Осыған байланысты ол қозған күйге өтеді де, негізгі күйге ауысқанда фотон сәуле шығарады.
Негізгі күй
Қозған күй
Жылулық сәуле шығару кезінде қозған атомдар температураға сәйкес энергетикалық деңгейлерге төменнен жоғары қарай экспоненциалды түрде реттеліп орналасады.
Ал люминесценция кезінде бұл заңдылық сақталмайды, сондықтан жоғары деңгейлерде төменгі деңгейлерге қарағанда көптеген атомдардың болуы мүмкін.
Люминесценция құбылысы 19 ғасырдан бастап зерттеле бастады. Әр түрлі заттардың жарқырауын зерттей жүріп К. Рентген өзінің атымен аталатын сәулелерді ашқан болса, Беккерель радиоактивтік құбылысты ашты. Люминесценцияның негізгі заңдарын ашуда С. И. Вавилов бастаған ғалымдардың еңбегі аса зор.
Фотолюминесценция
Фотолюминесценция - люминесценцияның бұл түрі көзге көрінетін және ультракүлгін сәулелерінің әсерінен пайда болады. Фотолюминесценцияға мысал ретінде кейбір люминофорлармен боялған сағат циферларының жарқырауын келтірсекте жетеді.
Фотолюминесценция үшін
Стокс заңы
қолданылады. Люминесценцияның спектрі осы фотолюминесценцияны туғызатын жарықтың спектріне қарағанда толқын ұзындығы үлкен жаққа қарай ығысады, яғни :
сәуле шығарған фотонның энергиясы
жұтылған фотонның энергиясы
Ол флуоресценциялы , фосфоресценциялық жарықтану
деп бөлінеді. Қозу мен жарықтану бірге жүретін құбылысты
флуоресценция
деп аталады. Өшу уақыты
с
болатын люминесценция.
Сыртқы факторды алып тастағаннан кейін де ұзақ уақыт сақталатын люминесценцияны - фосфоресценция деп аталады.
Рентгенолюминесценция
Рентгенолюминесценция рентген сәулелердің әсерінен пайда болады. Оны рентген аппаратының экранына бақылауға мүмкіндік бар.
Радиолюминесценция
Радиолюминесценция деп заттардың (люминофорлардың) a, b және y сәулелерінің әсерінен жарқырауын айтады. Люминесценцияның бұл түрі сцинтилляциялық есептеуіштердің (cчетчиктердің ) экрандардан пайда болады.
Катодолюминесценция
Катодолюминесценция электрондық сәулемен шығарылады. Оны телевизордың, осциллографтың және т. б электрон сәулелік құралдардың экранынан бақылауға мүмкіндік бар.
Электролюминесценция
Электролюминесценция электр өрісінің көмегімен шығарылады. Оны газ разряды түтіктерде байқауға болады.
Люминесцентік анализ
Люминесцентік сәуле шығару спектрі бойынша заттардың табиғаты мен құрамын анықтауды люминесценттік анализ деп аталады. УК сәуленің әсерінен ағза ұлпалары (тырнақ, тістер, шаш, көз бұршағы және т. б) флуоресценциялық жарық шығарады. Жарық шығару сипатамалары бойынша ұлпаның қалыпты жағдайдан патологиялық өзгерістерін айыруға болады. Люминесценттік анализ кейбір аурулардың диагнозын анықтауда қолданылады(көбінесе дерматологияда )
Ағза ұлпалары жарық әсерінен флуоресцияланатын қасиеті бар заттардан тұрады. Мұндай флуоресценция меншікті деп аталады. Тірі ағза ұлпасының меншікті УК флуоресценциясы ақуыздардың жарық шығаруымен түсіндіріледі. Ерітінділердегі ақуыздардың УК флуоресценциясы жұтылу сияқты, сәуле шығаруы 240-300 нм аумағында ароматтық аминқышқылдармен: триптофан, тирозин және фенилаланиндермен анықталады. Әр түрлі жасушаның меншікті УК флуоресценция спектрі ұқсас болады. Бірақ олардың біреуі күштірек жарқырайтын болса, ал басқалары әлсіздеу жарқырайды. Бірдей жасушадағы әр түрлі ультрақұрылымды компоненттер бірдей флуоресцияланбайды.
УК флуоресценция спектрі
Бұлшық ет талшықтары (I), нейрондар (2), эритроцитер (3)
Хемилюминесценция
Хемилюминесценция химиялық реакциялар арқылы болатын люминесценция. Хемилюминесценцияның бір түрі - биологиялық объектілердің химиялық реакциялары арқылы өтетін биолюминесценция деп аталады. Тірі ағзалардың биолюминесценциясы сыртқы энергия көздерінің әсерінсіз өздігінен өтетін процесс болып табылады.
Биологиялық жүйелерде хемилюминесценция липидтердің еркін реакцияларының ыдырауы кезінде пайда болады. Биофизикада азқарқындылықты биолюминесценция өте әлсіз жарықталыну д. а.
Әлсіз жарықталыну - бұл тірі ағзалардың, ұлпалардың, жасушаның спектрдің көрінетін және инфрақызыл (360-800 нм) аумақтарында жарық шығаруы.
Практикадағы қолданыс:
Австралия мен Израиль зерттеушілері саусақтың көрінбейтін таңбасын люминесценция арқылы қауіпсіз анықтауға жол ашты.
Аминокислоттар қынамен әсерлеседі де, саусақ таңбасын анық көрсетеді
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Ремизов А. Н. Медицинская и биологическая физика, М., 2004г. с. 459-466
- https://ppt-online. org/81947
- https://kk. wikipedia. org/wiki/%D0%9B%D1%8E%D0%BC%D0%B8%D0%BD%D0%B5%D1%81%D1%86%D0%B5%D0%BD%D1%86%D0%B8%D1%8F
- https://stud. kz/prezentatsiya/id/24856
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz