Жабдықтар арасындағы өткелдердің нормалары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Алматы Технологиялық Университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Құрама жем өндірісіндегі технологиялық үрдісті жобалау

Орындаған: Ахмедова.Д.М
Группа ТЗ-16-11
Тексерген: Байболов К.Б

Алматы 2019

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазіргі заманғы өндіріс, ғылыми - техникалық процестің нәтижелерін қолдану, соның ішінде автоматизацияландыру арқылы дамиды. Әрбір өндірістік кәсіпорын - цехтардан, учаскелерден, қосалқы шаруашылықтардан, басқару және ұйымдастыру шаруашылығы ұйымдарынан тұрады.
Өндірістік бөлімдердің жиынтығы, олардың саны мен өзара қарым- қатынастары және өндірістің көлемі мен жұмысшылардың саны кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды. Кәсіпорынның өндіріске байланысты бөлімдері: цех,участок, қызмет көрсететін шаруашылықтар бірігіп, кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Өндірістік құрылым еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, табиғи байлық пен техниканы қолданудың экономикалық тиімділігін анықтауға ықпал жасайды. Кәсіпорынның негізгі өндірістік құрылымының бөлігі болып цех саналады. Цех - әкімшілік жағынан оқшауланған, жай өндіріс процесінде белгілі бір жұмысты атқаратын буын.

Жабдықты жинақтаудың қағидалары
Өндірістік ғимарат қабаттарында жабдықты орналастыру, жобаланатын технологияға сәйкес оны жинақтау кешенді жүзеге асады. Яғни, бір уақытта немесе технологиялық, көлікті, аспирациялық, электротехникалық жабдықтардың, сонымен бірге бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандыру құралдарының өзара байланысында жинақтау қажет. Жабдықты технологиялық сызба есебімен орналастыру керек, бұл көлікті механизмдердің минималды санымен өндірістің үздіксіздігін және ағымдығын қамтиды. Техникалық талаптар қызмет көрсету, пайдалану, жабдықты жөндеу жайлылығын, үрдістің кешенді механикалануы мен автоматтандырылуы үшін жағдайлар жасауды ескереді.
Технологиялық үрдісті басқару, жабдық жұмысын бақылау, жабдықты жөндеу жұмыс орындарының жақсы жаратылысты және жасанды жарықтандырылуын талап етеді. Басқа тең шарттарда, жаратылысты жарықтандыру көздеріне жақын кіші габаритті өлшемдерге ие жабдықты орналастыру керек. Жүйелік қызметті талап етпейтін жабдықты жаратылысты жарықтандыру көзінен үлкен қашықтықта немесе жабдықтау екінші қатарына орнатуға болады. Мысалы, соратын сүзгілерді, үлкен биіктікке ие батарейкалық және жалғыз циклондарды терезеге таман орналастыру өндірістік ғимарат тереңдігінде орналасқан жабдықпен бөлменің жаратылысты жарықтануын төмендететін болады. Сондай-ақ, терезе ауданында орналасқан норий құбырлары, өнім жолдары, аспирациялық ауа жолдары, өздік ағысты көлік бөлшектері жаратылысты жарықтануды төмендетеді.
Үлкен жабдықтарды жаратылысты жарықтану шығындары минималды болатындай етіп орналастырады. Мысалы, сүзгілерді қабырға жазықтығына бейімдеп, терезелерге қысқа жағымен орнатуға болады. Жобаның үнемділігі мен тиімділігі сондай, аспирациялық ауа жолдары мен көлік құрылғыларының ұзақтығына да байланысты болады. Ауа жолдарының ұзақтығын азайту үшін аспирациялық жабдықты технологиялыққа жақындатады.
Ұн тарту және жарма зауыттарында еңбектің сау және жайлы жағдайларын жасау тікелей шу мен вибрация деңгейін төмендетуге байланыты. Сонымен бірге, вибрация бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандыру құралдарының жұмысына теріс әсер етеді. Ондай жабдықтарды (автоматты таразылар, шығын өлшегіштер, түс өлшегіштер т.б.) вибрацияның жоғары деңгейін тудыратын жабдықтар (сілкитін механизммен соратын сүзгілер, жоғары қысымды желдеткіштер, ауа үрлеу машиналары т.б.) жанына орналастыруға болмайды. Жоғары қысымды желдеткіштер мен ауа үрлеу машиналары жақсы дыбыс виброшектеу мен жеке бөлмелерде, бірінші қабатта орнатады. Осындай жабдықты орнату аэродинамикалық шуды басушылар мен виброшектеу жастықтарын орнатуды талап етеді.
Жеке бөлмелерде қоршаған кеңістікке артық қысым бөле алатын жабдықтарды (жуу машиналары, дымқыл аршу машиналары, дән аулағыштар, жуу қалдықтарын сығатын престер, т.б.) орналастыру ұсынылады. Ондай бөлмелердегі қабырғалар мен еден гидрошектеуге ие болуы керек.
Машиналар мен механизмдер қызметіне тиімді жағдайлар жасау, еден деңгейінің үстінен жабдықты орнату биіктігін өзгертуге мүмкіндік беретін, арнайы құрылымдарды (жақтаулар, станина) пайдалануды талап етеді және ондай жабдықтарға ылғалдаушы аппараттар, шлюзді қоректендіргіштер, магнитті аппараттар т.б. жатады. Визуальді бақылауды талап ететін реттеу мен автоматты басқару құралдары, жабдықтар, аспаптардың тақтайлары мен шпалдары еден деңгейінен 1,4-1,6 м биіктікте болуы керек. Егер қызмет физикалық күш шығындарымен байланысты болса, онда қызметтегі телім еден деңгейінен 0,8-1,2 м биіктікте болуы керек. Егер еден деңгейінен жетекті білік өсіне дейінгі биіктік 1,8 м-ден асса, норий бастарының қызметіне арнайы алаңдар құрылысы міндетті болып табылады. Жабдықты орнатуда жоғары қабатты жабуға, жүйелі қызметке мұқтаж механизмдер мен машиналарды бекітуді болдырмау керек.
Өндірістік алаңды үнемдеу үшін, әсіресе, қайта жобалау үшін орындауда, жабдықты екі ярустан орнатуға рұқсат беріледі. Осылай металомагнитті қоспаларды бөлуге арналған аппараттарды, аспирациялық бағандарды, триерлерді орнатуға болады. Стационарлы жабдықтың барлық түрлері арасындағы минималды рұқсатты өткелдер мен ажыраулар өнеркәсіптік санитария мен қауіпсіздік техникасы бойынша бекітілген нормаларға сәйкес

регламенттеледі.

Рис.1. Білікті станоктардың топпен орналасуы

Ұн тарту және жарма зауыттарының барлық қабаттарындағы жабдықтарды 1 м-ден ке емес жол топтары арасында, аралас бөлмелерге немесе баспалдақты торларға тікелей шығумен байланысты, бос көлденең және бойлық өткелдер қалдыра отырып орналастырады. Жеке машиналар арасындағы өткелдер 0,7 м-ден кем емес болуы керек. Өз қызметіне барлық жақтан қызмет ететін өткелдерге рұқсат беріледі.
Білікті станоктар екі қарама-қарсы жақтардан ұдайы қызметті талап етеді, сондықтан оларды топпен орналастыруға болады. Топтап орналастыруда станоктар тобының жалпы ұзындығы 12 м-ден артық болмауы керек. (1 сурет.)
Төрт жақтан қызметті талап етпейтін центрифугаларды, бураттарды шығару және тегістеу машиналарын 0,25-0,3 м аралықпен топта екі машинадан орнатуға болады. Бұл кезде машиналар топтары арасындағы өткелдер шамасы 0,8 м-ден кем емес болу керек. Шеңберлі түсетін немесе тура сызықты қайтымды-түсетін қозғалысқа ие машиналар (тас бөлу, машиналары, шкафты айырғыштар, сепкіштер, падди-машиналар, т.б.) үшін, машиналар арасындағы өткел шамасын эксцентриситетке немесе екі эксцентриситетке ұлғайтады.
Аралас бөлмелереге және баспалдақты торға шығумен, сепкіштер қабатындағы өткелдер 1,15 м-ден кем, қысқа жақта-дестелі сепкіштер үшін 1 м-ден кем және шкафты сепкіштер үшін 1,25 м-ден кем болмауы қажет.
Қысқа жақтарында шкафты сепкіштер арасындағы қашықтықты ұлғайту електерді алмастыру үшін ұлғайған өткелге ие болу қажеттілігімен түсіндіріледі (2 сурет)
А= 0,8+2а,
Мұндағы а - эксцентриситет.
Барлық жағдайда өткел үлкендігі 1,2 м-ден кем болмауы керек.
Қозғалыссыз жабдықтар,мысалы нориялар,және турасызықты қайтымды түсу қозғалысына ие машиналар расындағы өткен шамасы кем емес болуы керек.
А2 = 0,8+a
Ортақ жетекпен екі сұрыптау үстелдерін орнатуда араларындағы қашықтық 0,6м болу керек.
Жылжымалы електерімен машиналар қызметінде електерді алмастыру мүмкіндіктерін ескеру керек,ол үшін ұлғайтылған өткелдерді қарастырады 50,100,одан көп тсағ. Өндірушілікті ака-електі айырғыштар үшін електерді алу жағынан өткел шамасы 1,4 мм-ден кем емес болу керек, ауа електі айырғыштардың 5-20 тсағ өндірушілігінде өткелдер 1,2-1,0м құрады. Аз өндірушілікті мен жармасұрыптауларда өткелдер шамасы 0,8м-ден кем емес болу керек. Шкафты айырғыштарды орнатуда өткелдер өлшемін сепкіштерге секілді алу керек.
Норийлер, пневмокөлік пен өздікағысты көліктің өнім жолдары және қозғалысты бөлшектері жоқ, тұрақты қызметті талап етпейтін жабдықтар бункерелер немесе ғимарат қабырғаларынан 0,15 м қашықтықта орнатылуы мүмкін. Басқа үш жақтан 0,8-1,0 м ден кем емес өткелдерде, циклон-шаңбөлгіштерді, циклон-жүктеулерді, желдеткіштерді қабырғаларадан 0,25м алшақтықта орнатуға болады.

Сурет 2. Тұқымды орналастыру (а, б) және падди - машиналарды (в)

Дән мен өнімдердің көлденең жылжуына бұрандалы, тізбекті конвейерлер мен аэронауалар қолданады. Бұл жабдықтар қабырға жанында орналасуында бойлық өткел шамасы 0,7м-ден кем емес болу керек, ал параллель орналасқан жабдық арасындағы өткел 0,8м-ден кем емес болу керек.
Пневмоаспираторлар, дәндер өлшегіштерімен конвейерлер, норийлер,т.б. қызметі алаңдардан және галерейлерден жүзеге асады. Алаңдар құрылысына келесі талаптар қойылады:
-алаңнан жабу құрылымына дейінгі қашықтықты 2,0м-ден кем емес деп алады;
-алаң еден деңгейінен 0,2м биіктіктен терең борт құрылысымен және 1,2м-ден кем емес биіктікпен қоршауға ие болу керек;
-алаңды 10м-ден артық ұзындықта екі баспалдақты марштармен және 10м-ден кем емес ұзындықта бір баспалдақты маршпен жабдықтайды.
Жабдықтар арасындағы өткелдердің нормалары
Жабдықтардың орналасуы кәсіпорындардағы өндірістік санитария мен қауіпсіздік техникасының ережелеріне сәйкес болу керек. Барлық жабдықтарды монтажы, жөндеуі, қызметі ыңғайлы және қауіпсіз болатындай етіп орналастырады.
Тікелей баспалдақ торларына немесе аралас бөлмелерге шығумен байланысты көлденең және бойлық өткелдер, сондай-ақ станоктар немесе машиналар топтары арасындағы өткелдер ені 1м-ден кем емес болу керек, ал жеке машиналар мен станоктар арасында 0,8м-ден кем емес кеңдікте болуы қажет. Қызметке барлық жақтан қатынасты талап ететін сепкіштерді, айырғыштарды, жармасұрыптау, жуу машиналарын топпен орналастыруға рұқсат берілмейді.
Егер әр топта электрқозғалтқыштармен бірге 15 м-ден кем емес жалпы ұзындықты 5 станоктардан көп емес болса және топтағы басқаларын тоқтатпай ақ, кез келген станокта жұмыс біліктерін ауыстыру мүмкіндігі қамтылса ғана білікті станоктарды топпен орнатуға болады. Топта орналасқан білікті станоктардағы шкивтер арасындағы ажыраулар, станокпен бір жабындыда орнатылған жеке электр қозғалтқыштардан станоктар жетгінде 0,7м-ден кем емес кеңдікте болуы керек, ал төмен жатқан қабатта орналасқан электрқозғалтқыштардан жетекте 0,35м-ден кем емес.
Сепкіштер немесе шкафты түрдегі айырғыштар мен ғимарат қабырғалары арасындағы бойлық және көлденең өткелдерін 1,25м-ден кем емес деп алады, ЗРШ түрдегі сепкіштер арасындағы өткелдер қысқа жағында 1,15м-ден кем емес, ұзын жағында 1м сепкіштердің бірқатармен орналасуында, сепкіштердің екіқатарлы бойлық орналасуында қысқа және ұзын жақтары бойынша өткелдер 1,5м-ден кем емес болуы керек.
Машиналар мен механизмдернорий бастары,шнектер, т.б. қызметіне арналған алаңдарда, көпіршелер мен галереяларда бойлық және көлденең өткелдерді 0,8м-ден кем емес кеңдікпен жасайды. Өткелдерде өздік ағысты құбырларды және басқа жабдықтарды орнатуға рұқсат берілмейді.
Қозғалысты бөлшектері мүлдем немес бір жағынан жоқ және бұл жағынан қызметті талап етпейтін жабдық өздікағысты құбырлар, өнімжолдары, ауажолдары, норий құбырлары,т.б. 0,25м-ден кем емес алшақтықпен қабырғалар жанына орнатылуы мүмкін. Таспалы конвейерлер мен шнектерді орналастыруда келесі негізгі өткелдер болуы керек:
- қабырға мен конвейердің бойлық жақтарының бір-бірімен арасындағы кеңдік 0,7 м-ден кем емес, басқа жағынан 0,35м-ден кем емес кеңдікпен;
- екі параллель конвейерлер арасында 0,8м-ден кем емес кеңдікті өткел жасайды.
Жоғары орналасқан жабдықтриерлер, норий бастары, магнитті қоршаулар, аспирациялық және пневмокөлік құрылғылары,т.б. қызметі үшін 2м-ден төмен емес биіктікте баспалдақтармен және 1м биіктікті таяныштармен стационарлы алаңдарды қарастырады. Бір қабатта ауырсалмақты жабдықбілікті станоктың біліктерін алуға, жылжытуға, орнатуға арналған орналасуында ұстіне электротельфермен монорельс орнату қажет. Еденнен монорельске дейінгі қашықтық 0,7м-ден кем емес болуы керек.
Дистанциялық басқарумен ысырмаларды еденнен 2м-ден жоғары емес орнатады. Өздікағысты құбырдың қызмет бөліктерін-бөлу және аудару қақпақшаларын, тізелерді еденнен 1,5м-ден артық емес деңгейде жобалау ұсынылады.көлденең аспирациялық ауажолдарын еден деңгейінен 3м-ден жоғары емес орнату керек.
Бункерледі орналастыру және дайындау бөлімінің өлшемдерін анықтау
Есептердің нәтижесінде алынған технологиялық жабдық бункерде біртұтас жүйеге біріктірілуі керек, ол дәннің өңдеуге дайындығының жүрісіне лайықты болуы керек. Жобалаудың алдын-ала нәтижесінің кезеңінде ауқымды қағазда көлденең сызықтың қатарын жасайды, аралары таңдап алынған қабаттың санына сәйкеседі. Технологиялық сызбамен сәйкестікте және ғимараттың қабаттарында шыққан есептерді қатал бақылаусыз барлық технологиялық жабдықты және бункерді безейді. Үстіңгі және төменгі қабаттарды көліктің жабдығын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астық қоймаларының сыйымдылығының ұйғарымдары
Етті бастапқы өңдеу
Дәрістік сабақ тезистері
Ғимаратты бөлудiң теориялық негiзi. Ғимаратты бөлудің жалпы принципі
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері
Құрылыс конструкцияларына қойылатын өртке қарсы талаптар
Құрылыс - монтаж жұмыстары
Микропроцессорлардың құрылымы
Коммуникалық бөлмелер
Биполярлы транзистор құрылғысы
Пәндер