ЗАҢДЫ ТҰЛҒА АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні:
Тақырыбы:

Орындаған: ЮП-18-3 тобы студенті
Жарылғапов Орынтай
Рецензент: з.ғ.к., доцент.

Ақтау - 2019
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ЗАҢДЫ ТҰЛҒА АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Заңды тұлға түсінігі және белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..12
2 МЕМЛЕКЕТ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
2.1 Мемлекет пен әкімшілік.аумақтық бөліністің азаматтық
заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
2.2 Қазақстан Республикасының азаматтық құқық
қатынастарына қатысуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 30

Кіріспе

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқықасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады. Қүқық қабілеттілігі құқық субъектісінің өлуімен бірге кыскарады.
Заң мен сот алдында бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып, әр түрлі құқықтарды ала алады, сол арқылы өзіне әртүрлі міндеттерді жүктейді де, құқық қабілеттілік мазмұнының жиынтығын құрайды. Сонымен азаматтық құқық қабілеттілігінің мазмұны азаматтардың қолданылып жүрген заңға сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттерінің жиынтығы болып табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Заң тілінде құқықтардың және міңдеттердің нелерін "кукық субъектілер; деп немесе "тұлға" деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттігін алған құқық қабілегті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Бірақ, әр түрлі топтар мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал, азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз субъектілердің азаматтық құқыққа ие болып, міндетін орындау қабілеті деп түсініледі. Алайда азаматтық құқықтығы суъектілердің анықтамалары мен оның жекелеген түрлерінің түсініктері мен шеңбері нақты анықталмаған.
Мысалыға айтар болсақ түлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері - ең алдымен адамдар (жеке тұлға). Әрбір адам - құқық субъектісі. Бірақ құқықта субъектілердің басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл - ұжымдар, толып жатқан ұйымдар, кәсіпорындар, қоғамдар коте т. б. да құқық пен міндеттердің иелері болып табылады.
Жоғарыда айтылған екі категориялы құқық субыектілерін (яғни адамдар мен йымдарды) бір-бірінен ажырату үшін заңгерлер бұларды жеке тұлғалар және заңды тұлғалар. Деп бөледі. Жеке тұлға дегеніміз Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Заңды тұлға деп мекемені ұйымдарды, кәсіпорындарды және тағы сол сияқтыларды атайды.
Азамат (жеке тұлға) азаматтық құқық қатынасының қатысушысы ретіпде, оны жекелейтін және оның құқықтық жағдайына әсерін тигізетін қоғамдық және жасанды белгілері мен қасиеттерін иеленеді. Осылайша бұған оның атын, азаматтығын жасын, отбасы жағдайын, жынысын енгізу қажет етіледі Бұнла айта кететіні жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да азамат қтың субъектілері болып табылады.
Жеке тұлғалар мен қатар, заңды тұлғалар да азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері бола алмауы.
Заңды тұлға дегеніміз Азаматтық Кодекстің 33-бабының 1- тармағынын 1 бөліміне бөліміне сәйкес меншік, шаруашылық жүргізу немесе жежел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге не болып, оларды жүзеге асыратын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымды біз заңды тұлға деп атаймыз. Мұндай анықтама тым дәстүрлі болып табылады, Салыстырып қарасақ: заңды тұлғалар деп оқшау мүлкі бар, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие бола алатын ұйымдар танымады Тағы бірін қарасақ: заңды тұлға деп меншігінде, толық шаруашылық ислігінде немесе жедел басқаруында оқшау мүлкі бар, өзінің міндеттемесі бойынша осы мүлікімен жауап беретін және сотта, төрелік сотта өз атынан сөз сөйлейтін ұйым танылады. Заңды тулғалар мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге не бола алады, ҚР АК-те ұсынылған анықтама іс-жүзінде 1963 жылғы Азаматтық Кодекстің, сол сияқты 1991 жылғы Негіздерінің идеясы мен рухын сақтап қалды. Заңды тұлғаның өз атынан құқықтар мен міндеттерге не болу мүмкіндігі туралы, оның іс-жүргізушілік құқық субъектілігі туралы, оның іс-жүргізушілік құқық субъектілігі туралы айтылған.
Заңды тұлға - мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтары мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық мағыздылығы мынада: "заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар.
Қазақстан Республикасы мен әкімшілік-аумақтық бөлініс заңды тұлға табылмағанымен азаматтық айналымда азаматтық құқық катыпастарыпыц қатысушылары ретінде корінеді. Демек бұл субъектілер құқық және әрекет қабілеттілігіне ие болады, бірақ олар сипаты жағынан азаматтық құқық қатынастары қатысушыларының өзге құқық ерекшеленеді.
Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсы бір субъектілеріне байланысты болады Біз қайсыбір субъективтік туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлде біреудің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз.
Курстық жұмыстың басты мақсаты. Ең алдымен азаматтық құқық қатынастарының субъектілерін анықтап, олардың мәнін ашып, әрқайсысына жекеше сипаттама беру, азаматтық құқық субъектілері құқық ретінде олардың рөлін маңыздылығын, азаматтық қатынастарындағы құқықтық жағдайын анықтау болып табылады. Көздеген мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді алға қойямыз:
- Жеке тұлға ұғымын ашу;
- Жеке тұлғаның құқық қабілеттілігін тақылау;
- Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігін тақылау;
- Азаматтардың іс-әрекетке, қабілеттілігі туралы түсінік және оның мағынасын ашу:
- Заңды тұлға ұғымы мен түрлерін көрсету;
- Заңды тұғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін зерттеу;
- Мемлекет және әкімшілік аумақтық бөліністі - азаматтық құқықтың субъектілері ретінде қарастыру болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу барысында теориялық деректер мен тәжірибиелік фактілерге жүйелі түрде талдау жасау, синтездеу және топтастыру әдістері сонымен қатар салыстырмалы құқықтану мен жүйелілік жаңа тарихи талдаудың әдістері, құқықтық модельдеу әдістері қолданынады. Зерттеу, жұмысында азаматтық құығы аясындағы жеке және заңды тұлғалар мен азаматтық құқықтың субъектісі ретінде мемлекет және әкімшілік аумақтық беліністі мәселелерін қарастырудың теориялық және тәжірибелік жақтарына жалпы мінездеме беріліп оларға талдау жасалынады.
Курстық жұмыстың пәні. Азаматтық құқықтың субъектілері өзі болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпта кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЗАҢДЫ ТҰЛҒА АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕ

1.1 Заңды тұлға түсінігі және белгілері

Заңды тұлға деп меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар жəне сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк жəне мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер жəне жауапкер бола алатын ұйым танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады (ҚР АК 33-бабы).
Азаматтар азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады.
Азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп танылады. Азаматтың құқыққа қабілеттілігі ол туған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқтатылады.
Азаматтың құқық қабілеттілігінің негізгі мазмұны.
Азаматтың Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріптұруға жəне тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге жəне оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен жəне заңды тұлғалармен бірігіп, заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген 24 мəміле жасасып, міндеттемелерге қатысу; өнер табыстарға, ғылым, əдебиет жəне өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық жəне моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік жəне жеке құқықтары болады.
Азамат тегі мен есімін, сондай-ақ қалауы бойынша - əкесінің атын қоса отырып, өз атымен құқықтар мен міндеттер алады жəне оларды жүзеге асырады. Заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат (ойдан шығарылған есімді) пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін.
Азаматтың туған кезде берілген есімі, сондай-ақ есімін өзгерту азаматтық хал актілерін тіркеу туралы заңдарда белгіленген тəртіп бойынша тіркелуге тиіс. Азамат өз есімін заң құжаттарында белгіленген тəртіп бойынша өзгертуге құқылы. Есімін өзгерту оның бұрынғы есімін, жасырын немесе бүркеншік атпен алған құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға немесе өзгертуге негіз болмайды. Азамат өзінің борышқорлары мен несие берушілеріне өз есімін өзгерткені туралы хабарлау үшін қажетті шаралар қолдануға міндетті жəне бұл адамдар да оның есімі өзгертілгені туралы мəліметтер болмауынан туған ықтимал зардаптарға тəуекел етеді. Есімін өзгерткен азамат өзінің бұрынғы есімін рəсімделген құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілуін талап етуге құқылы. Басқа бір адамның есімімен құқықтар мен міндеттер иеленуге жол берілмейді.
Азамат өз есімі оның келісімінсіз пайдаланылған жағдайда, оған тыйым салынуын талап етуге құқылы. Азаматтың есімін заңсыз пайдалану нəтижесінде оған келтірілген зиян өтелуге тиіс. Азаматтың тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекені оның тұрғылықты жері деп танылады. Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып танылады.
Азаматтың өз əрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға жəне оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық əрекет қабіліттілігі) кəмелетке толғанда, яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемде пайда болады.
Заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат 25 етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде əрекет қабілеттілігіне ие болады.
Егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, барлық азаматтардың əрекетке қабілеттілігі тең болады. Заң құжаттарында көзделген реттер мен тəртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен əрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды. Азаматтардың құқыққа қабілеттілігі мен əрекет қабілеттілігін шектеудің заң құжаттарында белгіленген шарттары мен тəртібінің немесе олардың кəсіпкерлік не өзге де қызметпен айналысу құқығының сақталмауы тиісті шектеуді белгілеген мемлекеттік немесе өзге де органның құжатын жарамсыз деп тануға əкеліп соқтырады.
Азаматтың құқыққа қабілеттілігінен немесе əрекет қабілеттілігінен толық немесе ішінара бас тартуы жəне құқық қабілеттілігін немесе əрекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған басқа да мəмілелер жарамсыз болады, бұған мұндай мəмілелерге заң құжаттарында рұқсат берілген реттер қосылмайды.
Азаматтар АК жəне өзге де заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда заңды тұлға құрмай-ақ, кəсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Жеке кəсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу өз бетімен тіркелу сипатында жасалады жəне жеке кəсіпкер ретінде есепке алынады.
Азаматтардың заңды тұлға құрмай-ақ жүзеге асырылатын кəсіпкерлік қызметіне, егер заңдарда немесе құқықтық қатынастар мəнінен өзгеше нəрсе туындамайтын болса, тиісінше АК коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін реттейтін ережелері қолданылады.
Төмендегі шарттардың біріне сəйкес келетін:
1) жалданбалы қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланатын;
2) кəсіпкерлік қызметтен салық заңдарына сəйкес есептелген, Қазақстан Республикасының заң актілерінде жеке тұлғалар үшін белгіленген жиынтық жылдық табыстың салық салынбайтын мөлшерлерінен артық жиынтық жылдық табыс табатын жеке кəсіпкерлер міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеусіз аталған жеке кəсіпкерлердің қызметіне тыйым салынады.
Қызметкерлердiң еңбегiн тұрақты негiзде пайдаланбайтын жеке тұлға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мынадай табыстарды алу кезiнде дара кəсiпкер ретiнде тiркелмеуге құқылы:
1) төлем көзiнен салық салынатын табыс;
2) мүлiктiк табыс;
3) өзге де табыстар.
Егер жеке кəсіпкер лицензиялануға тиіс қызметті жүзеге асырса, оның осындай қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы болуы міндетті. Лицензия лицензиялау туралы заңдарда белгіленген тəртіппен беріледі. Қазақстан Республикасының Үкіметі жеке кəсіпкерлерге лицензия берудің оңайлатылған тəртібін белгілеуге хақылы.
Азамат өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлікпен жауап береді, бұған заң құжаттарына сəйкес ақы өндіріп алуға болмайтын мүліктер кірмейді. Азаматтардың ақы өндіріп алуға болмайтын мүлкінің тізбесі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленеді.
Жеке кəсіпкердің банкроттығы: Жеке кəсіпкердің дəрменсіздігі оны банкрот деп тануға негіз болып табылады. Жеке кəсіпкерлік банкроттығы АК 21 бабының 4-5-тармақтарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, заңды тұлғалар үшін белгіленген ережелер бойынша ерікті немесе мəжбүрлі тəртіппен танылады. Жеке кəсіпкерді банкрот деп таныған кезден бастап оны жеке кəсіпкер ретінде тіркеудің күші жойылады.
Жеке кəсiпкерге банкроттық рəсiмiн қолданған кезде оның кəсiпкерлiк қызметпен байланысты емес мiндеттемелер жөнiнде несие берушiлерi, егер осындай мiндеттемелер бойынша орындау мерзiмi жетсе, өз талаптарын қоюға хақылы. Аталған несие берушiлердiң осындай тəртiппен мəлiмделмеген талаптары, сондай-ақ конкурстық жиынтықтан толық көлемде қанағаттандырылмаған талаптар күшiн сақтап қалады жəне банкроттық рəсiм аяқталғаннан кейiн жеке тұлға ретiнде борышкерден өндiрiп алуға қойылуы мүмкiн. Бұл талаптардың мөлшерi борышкердiң банкроттығы процесiнде алынған қанағаттандыру сомасына кемiтiледi.
Несие берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғанға дейiн конкурстық жиынтықтан сот шығыстары, сондай-ақ олар тағайындалған жағдайда конкурстық жəне оңалтушы басқарушыларға сыйақы төлеу жөнiндегi шығыстар өтеледi. Жеке кəсiпкер банкрот деп танылған жағдайда, оған несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру соған тиесiлi мүлiк есебiнен мынадай кезектiлiкпен жүзеге асырылады:
1) бiрiншi кезекте алимент өндiрiп алу жөнiндегi талаптар, сондай- 27 ақ өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi талаптар қанағаттандырылады;
2) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдарға еңбекақы жəне өтемақыларды төлеу, Мемлекеттiк əлеуметтiк сақтандыру қорына əлеуметтiк аударымдар бойынша берешектердi төлеу жөнiндегi, тұлғаның кiрiсiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiндегi есеп айырысулар жүргiзiледi;
3) үшiншi кезекте несие берушiлердiң жеке кəсiпкерге тиесiлi мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптарын қамтамасыз ету сомасы шегiнде қанағаттандырылады;
4) төртiншi кезекте салық жəне бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешек өтеледi;
5) бесiншi кезекте заңнамалық актiлерге сəйкес басқа да несие берушiлермен есеп айырысулар жүргiзiледi.
Əр кезектегі несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру заңды тұлғалардың банкроттығы туралы заңды актілерінде көзделген тəртіп бойынша жүргізіледі.
Банкрот деп танылған борышкер несие берушiлермен есеп айырысып болғаннан кейiн кəсiпкерлiк қызметке байланысты қалған мiндеттемелердi орындаудан босатылады, бұған банкрот деп жарияланған адамның азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапты болатын талаптары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жеке сипаттағы өзге де талаптар қосылмайды.
Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кəмелетке толмағандар мəмiлелердi ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келiсiмiмен жасайды. Мұндай келiсiмнiң нысаны заңдарда кəмелетке толмағандар жасайтын мəмiле үшiн белгiленген нысанға сай келуге тиiс. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кəмелетке толмағандар өздерiнiң табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне жəне өздерi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мəмiлелер жасасуға құқылы. Жеткiлiктi негiздер болған жағдайда қорғаншылық жəне қамқоршылық органы кəмелетке толмаған адамның өз табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне жəне өзi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк ету құқығын шектеуi немесе ол құқықтан айыруы мүмкiн.
Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кəмелетке толмағандар осы 28 баптың ережелерiне сəйкес өздерi жасаған мəмiлелер бойынша дербес жауапты болады жəне өздерiнiң əрекеттерiнен келтiрiлген зиян үшiн АК ережелерi бойынша жауап бередi.
Он төрт жасқа дейiнгi кəмелетке толмағандардың əрекетке қабiлеттiлiгi Он төрт жасқа дейiнгi кəмелетке толмағандар үшiн мəмiлелердi, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды. Он төрт жасқа дейiнгi кəмелетке толмағандар өздерiнiң жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мəмiлелердi өз бетiнше жасауға құқылы. Заң құжаттарында кəмелетке толмағандардың мəмiле жасауына жəне кəмелетке толмағандар үшiн мəмiле жасауға қорғаншылық жəне қамқоршылық органының алдын ала келiсiмi талап етiлетiн жағдайлар белгiленуi мүмкiн. Кəмелетке толмағандар банкiлерге салымдар салуға жəне өздерi салған салымдарға дербес билiк етуге құқылы. Он төрт жасқа толмаған кəмелетке толмағандардың атына басқа бiреудiң салған салымдарына олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi билiк етедi, ал он төрт жасқа толған кəмелетке толмағандар өздерiнiң атына басқа бiреу салған салымдарға өз бетiнше билiк етедi.
Жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан өз əрекеттерiнiң мəнiн түсiне алмайтын немесе не iстегенiн бiлмейтiн азаматты сот əрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп тануы мүмкiн, соған байланысты оған қорғаншылық белгiленедi. Əрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп танылған азаматтың атынан мəмiлелердi оның қорғаншысы жасайды. Əрекет қабiлеттiлiгi жоқ адам сауығып кеткен немесе денсаулығы едəуiр жақсарған жағдайда сот оны əрекетке қабiлеттiлiгi бар деп таниды, бұдан кейiн одан қорғаншылық алынады.
Спирт iшiмдiктерiне немесе есiрткi заттарға салыну салдарынан өзiнiң отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың əрекет қабiлеттiлiгiн сот Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген тəртiп бойынша шектеуi мүмкiн. Оған қамқоршылық белгiленедi. Ол тұрмыстық ұсақ мəмiлелердi өз бетiнше жасауға құқылы. Басқа мəмiлелер жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын жəне өзге де кiрiстерiн алуды жəне оларға билiк етудi ол тек қамқоршысының келiсiмiмен ғана жүзеге асыра алады. Азамат спирт iшiмдiктерiне немесе есiрткi заттарға жəне на - 29 шақорлыққа салынуды тоқтатқан жағдайда сот оның іс-əрекет қабiлеттiлiгiне қойылған шектеудiң күшiнжояды. Сот шешiмiнiң негiзiнде азаматқа белгiленген қамқоршылықтың күшi жойылады.
Заңды тұлғаның негізгі белгілері - азаматтық айналымда өз атынан жауап беру, мүліктік оқшаулық жəне өз міндеттері бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлға түсінігі мен қалыптасу тарихы
Азаматтың құқықтың субъектілері
Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері
Авторлық құқық субъектілері
Авторлық құқық субъектілерінің түсінігі
Құқықты реттеу механизмінің түсінігі
Авторлық құқық субъектілері, түрлері
Азаматтық құқық жайлы
Қоғамдық қатынастардың азаматтық – құқықтық реттеу тәсілдері
Жеке тұлғалардың азаматтық құқықтық субъектілігі
Пәндер