Қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Қылмыстық құқық бұзушылықтың ұғымы
1.1 Қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері
1.2 Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының түсінігі және маңызы

2. Қылмыстық құқық бұзушылық объектісі
2.1 Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісінің түсінігі және оның қылмыстық құқықтығы маңызы
2.2 Қылмыстық құқық бұзушылық обьектісінің түрлері
2.3 Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты
2.4 Қылмыстың объективтiк жағының түсiнiгi жəне оның қылмыстық-құқықтық маңызы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Жоспар
Соңғы жылдары заңгерлерді көптен толғандырып жүрген мәселелердің бірі заман талабына сай қылмыстық-құқықтық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару заңнамаларын жетілдіру болып отыр. ҚР қылмыстық кодексінің жаңа жобасы бүгінде көпшіліктің талқылауында. Жаңа жобаның қабылдануы қоғамдық қатынастардың жаңаруы, заңнамада қарастырылмаған қоғамдық қатынастардың мүлдем жаңа түрлерінің, сәйкесінше қауіптердің пайда болуымен байланысты. Бұл үшін жаңа қылмыстық-құқықтық институттарды енгізу қажет. Заманауи қауіптерден мүдделерді тиімді түрде қорғауды қамтамасыз ету үшін уақыт пен істәжірбиемен расталған базалық қылмыстыққұқықтық институттарды модернизациялау орынды.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті қорғау тұрғысынан алғанда қылмыс ұғымына біршама өзгеріс енгізілмек. Және де заңды тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесінің көтерілуіне орай, қылмыс құрамының бір элементі - кінәнің ұғымы да өзгермек.
Қылмысты топтастыру мәселесі де қайта қаралады. Ол үшін қылмыстық әрекеттердің ауырлықдәрежесін, олардыңқоғамғақауіптілігін бағалай отырып анықтауды тереңірек зерттеу керек.
Қылмыстық құқықбұзушылық, қылмыстық терісқылық ұғымдарының ҚК енуіне орай әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексте қайта қаралуға жатады.
Концепцияның негізінде қылмыстық заңнаманы либерализациялау және гуманизациялау жөніндегі сұрақтарды да қарап шыққан жөн. Қылмыстық жаза жүйесінде де біршама өзгерістер болмақ, жазаның жаңа түрлері еңбек. Терроризммен экстремизммен қылмыстық күрес те тереңінен ойлануды қажет етеді. Ал бизнесті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету үшін еркін кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын шектеулерге тосқауыл керек. Әскери қылмыстар саласындағы қылмыстарды қарастырғанда мемлекеттің қылмыстық саясатын елдің қорғаныс стратегиясына сәйкестендірген жөн.
Соңғы жылдары ақпараттық, сандық технологиялардың дамуымен электрон құралдарымен жасалынатын қылмыстық қолсұғушылықтардың да саны көп. Осыған орай ақпараттық қауіпсіздікті қылмыстық-құқықтық қамтамасыз ету мақсатында компьютерлік қылмыстар да қайта қаралады. Жаңа жобада осы саладағы қылмыстық қолсұғушылыққа жеке тарау арналмақ.
2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарға сай отбасындағы қиындықтар мен әлеуметтік жетімдік, қараусыздық, құқықбұзушылық пен қылмыстардың алдын алуды кешенді түрде шешу мақсатында балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қылмыстық заңнамаларды жетілдіру назарда тұр.
Жоғарыда аталған жаңа бағыттар қылмыстық кодекстің Концепциясында орын алмақ, деп күтілуде. Бұл қылмыстық заңның мақсаты қылмыстық қолсұғушылық бағытталған нәрсені қорғау болғандықтан да қолсұғылатын объектіні нақты анықтаудың орны ерекше. Себебі тек қолсұғылатын объектінің не екендігін, оған қаншалықтық дәрежеде қауіп келгендігін, не келуі мүмкін екендігін біле отырып қана біз қылмыстық құқықтық баға бере аламыз. Ендеше сол қылмыс объектісі ұғымына тоқталайық.

1. Қылмыстық құқық бұзушылықтың ұғымы
1.1 Қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері
Қоғамда жасалатын құқық бұзушылық əрқашанда əлеуметтiк зиянды зардаптарға əкеп соғады, себебi кез келген құқық бұзушылық құқықпен қорғалатын мүдделердi бұзады жəне сол арқылы жеке адам, қоғам мен мемлекеттiк мүдделерге, бекiтiлген тəртiпке зиян келтiредi немесе зиян келтiру қаупiн туғызады. Мемлекет жəне құқық теориясы қоғам үшiн қауiптiлiгi мен сипатына байланысты жəне оларды жасағаны үшiн қолданылатын санкциялардың түрiне байланысты құқық бұзушылықтарды қылмыс жəне терiсқылық деп бөледi. Терiсқылықтардың түрi ретiнде азаматтық-құқықтық деликтiлер, əкiмшiлiк терiсқылық, тəртiптiк, конституциялық жəне материалдық терiсқылықтарды айтуға болады.
Ғасырлар бойы адамзаттың ең ақылдылары қоғамдағы құқық бұзушылық себептері мен оны жою жолдарына бастарын қатырып келеді. Бүгінгі күні бұл мәселе заң ғылымында бұрынғыдай соншалық күрделі, әрі қарама-қайшылықты болып келеді. Оның өзектілігі - күмәнсіз. Құқық бұзушылық әрқашан болған. Сондықтан француз социологы Эмиль Дюркгейммен келіспеуге болмайды, ол қылмыс кез келген салауатты қоғамның элементі болып табылады деп санады. Осыған орай, бір де бір қоғам қылмысты мүлдем жоя алмайды. Олар болған, бар және әрқашан болады.
Нақ сондықтан құқық бұзушылықпен күресудің жаңа теориялық тұжырымдамаларын үнемі тұжырымдау, жаңа әдістер мен рәсімдерді құрастыру қажет. Қылмыс, басқа әлеуметтік құбылыс ретінде үнемі дамып, жаңа түрге ие болады.
Осы санкциялар өз беттерінше емес, құқық қолдану қызметі процесінде жүзеге асырылады. Оны жүзеге асыру барысында құзыретті органдар құқық бұзушылық жөнінде істерді қарастырып, шешім қабылдайды. Ізденімді қолдану, құқық бұзушылық жөніндегі істі қозғау негізі жасалған істе құқық бұзушылық құрамының болуы болып табылады. Сондықтан құқық қолдану қызметін жүзеге асыру құқық бұзушылық ұғымын терең білмейінше мүмкін емес. Қажетті білім құқық бұзушылықты дұрыс біліктілеуге, іс бойынша заңды шешімдер қабылдауға, заңдылықты сақтауды қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға көмектеседі.
Құқық бұзушылықтың ең жалпы түрі қоғамға зиян келтіретін және заңға сәйкес жазаланатын қоғамға қарсы әрекет ретінде сипатталуы мүмкін.
Құқық бұзушылықтың бәрі түгелдей табиғат пен заттардың күш әрекеттері емес, жануарлардың әрекеті емес, адамдардың іс-әрекеттері болып табылады. Адамның ойлары мен сезімдері құқық бұзушылық болып саналмайды.
Құқыққа қарсы жасалатын іс-әрекеттердің алуан түрлі себептеріне, жағдайларына, субъектілері мен сипатына қарамастан олардың бәрінде, құқық бұзушылық сияқты әлеуметтік құбылысқа жатқызуға мүмкіндік беретін ортақ белгілер бар.
Құқық бұзушылық - бұл әрекетке қабілетті тұлғаның құқық нормаларының ұйғарымдарына қайшы келетін, басқа тұлғаларға залал келтіретін және заң жүзінде жауапкершілікке тартылуыға әкеліп соғатын қылмысты әрекеті.
Қылмыс бұзушылық оны құқықтық емес мінез-құлық қағидаларын (адамгершілік нормалары, қоғамдық ұйымдардың нормалары) бұзудан өзгешелейтін қатаң белгіленген белгілермен сипатталады.
Құқық бұзушылық - бұл адамның әрекет етунен немесе әрекетсіздігінен байқалатын қылық. Құқық бұзушылыққа ой, сезім, ниет жатпайды, себебі олар адамның қылығының белгілі бір актісінде байқалмайынша, құқықпен реттелмейді. Егер адам құқық нормаларында қарастырылған белгілі бір әрекетті жасау керек болып, бірақ жасамаса (мысалы, өміріне қауіп төніп тұрған адамға көмек көрсетпегенде), онда бұл әрекетсіздік болып табылады .
Әрбір құқық бұзушылық қоғамдық, мемлекеттік немесе жеке бастың мүдделеріне залал келтіреді, қоғамға зиянды нәтижелерге алып келеді. Зиян - материалдық және моральдық, өлшеулі және өлшеусіз, физикалық және рухани, маңызды және маңызды емес, қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін болады. Осылайша, қоғамдық қауіпсіздік құқық бұзушылық белгісі ретінде құқық бұзушылық жасау нәтижесінде жеке тұлғаның, қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне зиян келтіреді.
Жазаланушылықты құқық бұзушылық белгісіне жатқызуға да болады, сондықтан кез келген құқық бұзушылықты жасағаны үшін заңды жауапкершілік қарастырылуы керек.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, келесі қорытындыға келуге болады:
Құқық бұзушылық - қоғамдық қауіпті (зиянды) сипаты бар, өз істеріне өз бетінше жауап беруге қабілетті тұлға жасаған кінәлі құқыққа қайшы іс-әрекет.
Барлық құқық бұзушылықты екі топқа бөлу қабылданған - қылмыс және теріс қылық. Оларды бөлудің басты критерийлері, біріншіден, қоғамдық зияндылықтың сипаты мен дәрежесі, екіншіден, субъективті фактор, бұл шешуші шамада құқыққа қайшылық ретінде сол немесе басқа іс-әрекетті мойындауға әсер етеді. Қоғамдық зияндылықтың сипаты мен дәрежесі нысан құндылығымен, құқыққа қайшы қастандықпен, жағдаймен, уақытпен, (зорлық немесе зорлық емес) тәсілдермен, өлшеммен және келтірілетін зиян сипатымен және т.б. анықталады.
Қылмыс құқық бұзушылықтың жеке бір көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмысты азаматтық-құқылық, әкімшілік және тәртіптік құқық бұзушылықтан және бейморальдық жат қылықтардан ажырата білудің маңызы ерекше. Қылмыс пен басқа құқық бұзушылықтың өзара басты айырмашылығы құқықтық қайшылықтың мәніне байланысты. Қылмыс әр уақытта да қылмыстық заңға қайшы болады. Басқа құқық бұзушылық құқық саласының басқа нормаларына, заңдар мен мемлекеттің ең ауыр күштеу шарасы - қылмыстық жаза және содан туындайтын сотталғандық атақ болып табылады. Басқа құқық бұзушылыққа мұндай жазалау шаралары жоқ, ал қолданылған ықпал ету шаралары сотталғандық атақ әкелмейді.
Кейбір қылмыстар басқа құқық бұзушылыққа орын алмайтын қоғамдық қатынастарға (адамның өмірі, мемлекеттің қауіпсіздігі) қол сұғады.
Қылмыстың бiрiншi белгiсi оның қоғамға қауiптiлiгi. Қоғамға қауiптiлiк қылмыстың негiзгi материалдық белгiсi жəне қандай да бiр əрекеттi қылмыс деп танудың негiзi болып табылады. Əрекеттiң қоғамға қауiптiлiгi ең алдымен заңшығарушының қол сұғылатын негiзгi объектiлердi көрсетуi арқылы анықталады. Алайда, қоғамға қауiптiлiк - өзгермелi категория. Ол бiрнеше жағдайларға: iс-əрекеттiң өзiне (əрекет немесе əрекетсiздiк); қылмыстың жасалу жағдайы, орны, уақыты, тəсiлiне; қылмыскердiң жеке басының ерекшелiктерiне; қылмыстан келген зардаптың мөлшерiне; қылмыстың мақсаты мен мотивiне жəне т.б. жағдайларға байланысты анықталуы мүмкiн. Қоғамға қауiптiлiктiң екi сипаты бар: - сапалық немесе қоғамға қауiптiлiк сипаты, - сандық немесе қоғамға қауiптiлiк дəрежесi. Қоғамға қауiптiлiктiң сипаты қылмыстың қандай қылмыстарға қол сұғатындығымен (адамның өмiрi, меншiгi, денсаулығы, мемлекет қауiпсiздiгi), ал қоғамға қауiптiлiк дəрежесi қол сұғушылықтың ерекшелiгi мен деңгейiне, қылмыстан келген зардаптың ауырлығына байланысты анықталады. Қылмыстың қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесi қылмыстық заңда көрсетiлген санкция бойынша да анықталады. Жасалған əрекетте қоғамға қауiптiлiк белгiсiнiң болмауы оның қылмыстылығы мен жазаланушылығын жояды. Сондықтан, жасалған əрекеттiң белгiлерi формальды болса да бар, бiрақ елеулi маңызы болмағандықтан қоғамға қауiптi емес iс-əрекет қылмыс болып табылмайды (ҚР ҚК 9-бабының 2-бөлiгi). Қылмыстың екiншi белгiсi - қылмыстық құқыққа қайшылық, яғни белгiлi бiр əрекетпен қылмыстық норманы бұзу. Құқыққа қайшылық қылмыстың формальды белгiсi. Қоғамға қауiптi iс-əрекет егер ол қылмыстық заңда тiкелей қарастырылған болса ғана қылмыс болып табылады. Сондықтан əрекеттiң қылмыс немесе қылмыс емес екендiгiн шешу кезiнде заңның аналогиясы қолданылмайды деп көрсетiлген (ҚР ҚК 9- бабы). ҚР ҚК Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында жекелеген қылмыс құралдары үшiн жауаптылық қарастырылған. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы iс-əрекет жасауды қылмыстық құқыққа қайшылық деп атайды. Тиiсiнше, адамның қылмыстық заң тыйым салмаған iс-əрекеттердi жасауын қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Тек заңшығарушы ғана белгiлi бiр əрекеттi қылмыс қатарына жатқызуға мүмкiндiк беретiн оның мəндi белгiлерiн анықтайды, сондықтан iс-əрекеттiң қылмыстық құқыққа қайшылығын белгiлеген тиiстi заңның жарияланған уақыттан бастап ондай iс-əрекеттер қылмыс деп танылады. Қылмыстың келесi белгiсi - кiнəлiлiк. Адамның өзi жасаған əрекетiне немесе əрекетсiздiгiне қатысты психикалық қатынасы болса, оның əрекетi кiнəлi түрде жасалған деп танылады. Бұл психикалық қатынас қасақаналық немесе абайсыздық түрiнде көрiнiс табады. Яғни, белгiлi бiр əрекеттi қылмыс деп тану үшiн онда кiнə орын алуы қажет. Белгiлi бiр психологиялық негiзден айрылған нақты əрекет немесе əрекетсiздiк қылмыс болып табылмайды (мысалы, рефлекторлық қозғалыс, ессiз жағдайдағы iс қимыл немесе гипноз, ұйқыдағы əрекеттер). Сонымен бiрге, сыртқы формальды белгiлерi қылмысты құрайтын тойтарылмайтын күш нəтижесiнде немесе күштеп мəжбүрлеу кезiнде адамның жасаған əрекетi де қылмыс ретiнде саналмайды. Яғни, кiнəсiз қылмыс та, жаза да жоқ деген сөз.
Жазаланушылық - қылмыстың соңғы белгiсiн құрайды, өйткенi қылмыстық заң жазалау қатерiмен қорқытып тиым салған əрекеттi немесе əрекетсiздiктi жасау қылмыс болып саналады. Мұның өзi қылмыс құрамы туралы сипаттама тек қылмыстық заңда ғана көрсетiлгенiн жəне осы iс-əрекет үшiн қылмыстық заңның санкциясында жазалау қатерi қарастырылатынын бiлдiредi. Мұндағы жазалау қатерiмен тыйым салу қылмыстың жазаланушылық белгiсi болып табылады.

1.2 Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының түсінігі және маңызы
Қандай қылмыс жасалғанын анықтау үшін қылмыс құрамы сияқты ерекше ұғым бар, мысалы, ұрлық немесе бұзақылық, кісі өлтіру немесе қарақшылық.
Қылмыс құрамы деп қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын объективті және субъективті белгілердің жиынтығын айтады.
Қылмыс құрамы элементтерден құралады. Егер осы элементтің біреуі болмаса қылмыс жасалды деп айта алмаймыз. Қылмыс құрамының элементтері бұл - объект және объективті жағы, субъект және субъективті жағы.
Қылмыс субъектісі жай, белгілі бір жаса толған және есі дұрыс боғандықтан өз әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабіеті бар адам болуы керек. Қылмыс объектісі - бұл қылмыстық іс - қимылға бағытталған және зиян келтіруі мүмкін қоғамдық қатынастардың жиынтығы, мысалы, өмір, жеке меншік, ар - ұят, абырой.
Қылмыстың объективтік жағы - әрекет деген жалпы ұғымды беретін адамның әрекет немесе әрекетсіздік нысанындағы сыртқы көрінісі. Қылмыстың субъективтік жағы - бұл адамның өз іс - қимылына психикалық көзқарасы. Ол қасақаналық
Жалпы қоғамда жасалатын қоғамға қауiптi əрекеттерд iңiшiнде белгiлiбiр қылмысты жеке бөлiп қарау үшiн қылмыстық құқық ғылымында қылмыстың құрамы деген ерекше ұғым пайдаланылады. Қылмыс құрамы ұғымы латынның corpus delict қылмыстық құқықтың ортағасырлық ғылымында пайда болған жəне ол тек процесуалдық мағынада қолданылды. Corpus delict ұғымы қылмыстың iс жүзi нде жасалғандығын куəландыратын обьективтiк белгiлердiң жиынтығын қамтыды жəне қылмыстық iстi қозғаудың жеткiлiктi негiзiретiнде қарастырылды. Қылмыстық құқық тарихына көз салсақ , қылмыс құрамы ұғымы 18- ғасырдың соңы мен 19- ғасырдың басында қылмыстық кодекстердiң құрылуымен байланысты материалдық қылмыстық құқыққа өттi. Қылмыс құрамы жөнiндегi тиянақты теориялық зерттеулердi 18-19 ғасырлардағы р еволюцияға дейнгi орыстың классикалық мектебi ұсынды, аталған ұғымның орыс жерiне енуiне немiстiң қылмыстық құқығы елеулi əсер еттi, өйткенi, сол кездегi көптеген орыс ғалымдары немiс университеттерi мен магистратураларында атақты немiстiң ғалымдары Белинг жəне Биндингтiң мектептерiнен бiлiм алды. Немiстiң нормативистiк Қылмыстық кодексi қылмыс құрамын " заң құрамы" ретiнде ҚК Ерекше бөлiмiнiң диспозициясымен теңдестiрдi. Немiс оқулықтары мен ҚК- ке комментариилерiнде қылмыс құрамы, тиiсiнше Қылмыстық Заң туралы тарауда қарастырылады.
Осы аталған пiкiрлер негiзiнде қылмыстық құқық оқулықтарында жəне заң əдебиеттер iнде қылмыс құрамына бiрнеше анықтамалар берiлген :
1 . Қылмыс құрамы - бұл адам əрекетiнде қылмыстық заңмен көзделген қылмыстың барлық белгiлерiнiң болуы.
2 . Қылмыс құрамы - бұл қылмыстық заңмен қарастырылған қылмыстың обьективтiк жəне субьективтiк белiлерiнiң жиынтығы.
3 . Қылмыс құрамы - қылмыстың заңдық моделi .
4 . Қылмыс құрамы - белгiлi бiр қоғамға қауiптi əрекеттi қылмыс ретiнде сипаттайтын əрекеттiң обьективтiк жəне субьективтiк белгiлерiнiң мiндеттi жиынтығы. Осы анықтамалардың соңғысы қылмыс құрамының мазмұны мен мағынасын толықтай қамтитын секiлдi. Қылмыс құрамының ұғымын теорияда қылмыс құрамының элементтерi деп аталатын белгiлердiң төрт тобы құрайды. Олар : қылмыс құрамының объектiсi, объективтiк жағы, субъектiсi жəне субъективтiк жағы. Қылмыс объектiсi- қылмыстық қол сұғушылық нəтижесiнде қауiпкелтiрiлетiн немесе қауiпкелтiрiлуi мүмкiн қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар , мүдделер немесе игiлiктер.
Қылмыстық құқықтық теориясында қылмыс құрамы деп, қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті әрекетті сипаттайтын, қылмыстық заңмен белгіленген объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы деп түсіндіріледі. Қылмыс құрамының түсінігі, теорияға қылмыс құрамының элементтері деп аталатын белгілердің төрт тобын құрайды. Бұл қылмыстың объектісі, объективтік жағы, субъектісі және субъективтік жағы. Яғни, бұл элементтердің жалпы құрамын құрайтын белгілердің мазмұны бойынша бір қылмыс екінші бір қылмыстан ажыратылады. Қылмыс объектісі - қылмыстық қол сұғушылықтың нәтижесінде зиян тигізілетін немесе тигізілуі мүмкін және осы қол сұғушылықтан қылмыстық кодекстің 2 - бабының 1 - ші бөлігінде көрсетілген: адам мен азаматтың қүқықтары, бостандықтары мсн заңды мүдделері, меншіктің, үйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, қоршаған орта, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастағы, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері және бейбітшілік пен адамзат мүдделері.
Қылмыстың объективті жағы - қылмыс объектісіне зиян тигізетін немесе зиян тигізу қаупін туғызатын, сонымен қатар белгілі шартты жағдайларда осы зиянды тигізетін қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті әрекеттердің немесе әрекетсіздіктің сыртқы сипаттамасы. Сонымен қатар қылмыстың объективті жағының белгілеріне қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздіктен және қоғамға қауіпті зардаптың басқа қоғамға қауіпті әрекет пен қоғамға қауіпті зардаптың арасындағы себептік байланыстар, қылмыс жасаудың әдісі, құралдары мен қарулары, орны, уақыты және жағдайлары жатады. Қылмыс құрамы - бұл көрсетілген объективті және субьективті белгілердің міндетті жиынтығы. Ол осы белгілердің тұтастығы арқылы болады. Сонымен қатар әрбір құрамның белгісі басқа белгілермен тығыз байланыста болады және олардың қылмыс құрамынан тысқары өз алдында болуы мүмкін емес.
Қылмыс құрамының белгілері қылмыстық заңмен реттеледі, соның ішінде ең алдымен ҚК-тің ерекше бөлімімен құрастырылады. Бірақ қылмыс құрамының белгілерін көрсететін белгілер ҚК-тің жалпы бөлімінде де бар. Көбіне олар қылмыс құрамының көпшілігіне немесе барлығына тән ортақ белгілеріне арналған. Мысалы, ҚК-тің 2-бабының 1-ші бөлігінде қылмыс объектісінің түрлері туралы 19-22-баптарда қылмыстың субъективті жағының белгілері туралы 14-16-баптарда қылмыстың субъектісі туралы, 27-31-баптарда алдын - ала және бірлесіп жасаған қылмыстың әрекеттері туралы айтылады.
Қылмыс құрамының белгілері екі топқа бөлінеді: қажетті және факультативті. Ешқандай құрамның сол белгілерсіз сипаты болмайтын белгілер қажетті деп аталады. Сондықтан олар кез - келген қылмыс құрамының белгісі болып табылады. Мұндай белгілердің жоқтығы кез-келген қылмыс құрамының жоқтығын көрсетеді. Мұндай белгілер мысалы, кінә және қылмыстың заңмен рұқсат етілмеген әрекет еткен адамның ақыл - есінің дұрыстығы.
Факультативті белгілер деп қылмыс құрамы үшін міндетті, ал екінші бір қылмыс құрамы үшін міндетті емес белгілерді айтамыз. Мысалы, ауырлататын мән - жайлар арқылы қасақана кісі өлтіруге, пайдақорлық немесе бұзақылық сияқты себеп ең керектісі болып табылады және ол ҚР ҚК-нің 96-бабының 1-ші бөлігі "3" және "И" тармақтары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады, ал қасақана ұрып соққаны үшін (ҚК-тің 106-бабы) себеп қылмыс құрамына ықпал етпейді, сондықтан да ол факультативті болып табылады. Бірақ қылмыс құрамының бар ма, жоқ па екеніне әсер етпесе де факультативті белгілер қылмыстық жауаптылықтан тысқары қала алмайды. Олар жаза тағайындаған кезде жауаптылықты жеңілдете немесе ауырлата алады.
Айтып өткендей қылмыс құрамының белгілері қылмыстық заңда қаралады. Бұл барлық белгілер ҚК-тің арнайы баптарының дизпозициясында міндетті түрде аталады деген сөз емес, бірақ қылмыс құрамының көпшілігіне байланысты бұл жағдайлар ҚК-тің диспозициясында көрсетілген. Бұл бойынша В.Н.Кудрявцев былай дейді, "заң шығарушы шын мәнінде құрамды емес, қылмыстық - қүқықтық нормаларды құрайды, ал оларда қылмыс құрамының белгілері аз мөлшерде немесе көп мөлшерде болсын толығымен айтылады. Бұл белгілер адамның санасынан тысқары объективті өмір сүреді, сонымен қатар олар әрбір нақты қылмысқа тән, заң шығарушының міндеті, бұл жерде, заңда осы белгілерді дәл және тереңірек тауып анықтау болып табылады. Сондықтан да заңның баптарының дизпозициясы, қылмыс құрамының элементтерін ғана көрсетеді, оның өзі толығымен емес"1. Сонымен, қылмыс құрамының қажетті немесе факультативті белгілерін анықтау қылмыстық заңға түсінік беру барысында пайда болады.
ҚР ҚК-нің 3-бабында, қылмыс жасау, яғни осы кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден - бір негізі болып табылады, - деп атап өткен. Қылмыс құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі екендігі туралы қылмыстық іс жүргізу заңдарында да нақты айтылған. Сондықтан да оның нормаларына сәйкес, егер жасалынған әрекетте қылмыс құрамы болмаса қылмыстық іс қозғалмайды, ал қозғалған қылмыстық іс қылмыс құрамы жоқ болғандықтан өндірістен қысқартылуға жатады. Сонымен қатар сот үкім шығарған кездегі ең басты міндеті сол істелінген әрекетте қылмыс құрамы бар ма, жоқ па соны анықтау деп көрсетілген. Егер жасалынған іс - әрекетте қылмыс құрамының жоқтығы анықталса, онда сот ақтау үкімін шығарады. Ал қылмыс құрамының жоқтығы деп біз жеке тұлғаның істеген іс-әрекетінде жоғарыда атап өткен қылмыс құрамының бір белгісінің болмауын айтамыз. Демек қылмыстық қүқықтағы қылмыс құрамының мәні сол, ол қылмыстық жауаптылыққа тартудың бірден - бір және жеткілікті көрсеткіші болып табылады.
Қылмыстық құқық теориясында барлық нақты қылмыс құрамы, елеулі белгілерінің топтасуына байланысты белгілі бір топтарга бөлінеді. Қылмыс құрамы топтастырудың алдына қойған міндеті. Әрбір нақты қылмыстың түсінігін, құрылысын және оларға тән жалпы заңдылықты тереңірек түсіндіру болып табылады.
Қылмыс құрамын мынандай белгілерді қолдану арқылы топтастырады:
1.іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесі.
2.қылмыс құрамын суреттеу тәсілі.
3. қылмыс құрамының құрылымы.

2. Қылмыстық құқық бұзушылық объектісі

2.1 Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісінің түсінігі және оның қылмыстық құқықтығы маңызы
Қылмысты іс-әрекет жасаушының қиянаты бағытталған, қылмыстың салдарынан зиян шеккен немесе шегуі мүмкін нәрсе қылмыс объектісі болып табылады.
Қылмыс объектісінің заңды тізімі ҚР қылмыстық кодексінің 2-бабының 1-ші бөлігінде көрсетілген. Олар адам мен азаматтық құқықтары, бостаңдықтары мен заңды мүдделері, меншік, ұйымдардың қүқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық қауіпсіздік пеи қоғамдық тәртіп, қоршаған орта. Қазақстан Республикасының констиуциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығы, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері және бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі.
Кеңестік заң әдебиеттерінде қылмыс объектісі, әдетте, қылмысты қиянаттан қылмыс заңымен қорғалатын қоғамдық қатынастар ретінде айқындалып келді. Ал қоғамдық қатынастар ретінде біз адамдар арасындағы бірлесіп атқарған әрекетті немесе өзара араласуы нәтижесінде пайда болған, құқықтық және моральдық нормалармен бекітілген қатынастарды түсініп келдік. Көпшілік жағдайларда қылмыс объектісін кейбір қоғамдық қатынастар ретінде пайымдау орынды да, мысалы, бұған ұрлау, тонау немесе басқа да бөтеннің мүлкін талан-таражға салу кезіндегі меншікке қатысты қылмыс объектісі деп танылуын жатқызуға болады. Бұл жағдайда, шынында да, қылмыс объектісі ретінде ұрланатын мүліктің тікелей өзі емес (оған ешқандай зиян келтірілмеуі де мүмкін) меншік құқығынан, атап айтқанда, мүлікті иелену, пайдалану немесе басқару құқығынан туындайтын қатынастар танылады. Алайда, кейбір жағдайларда қылмыс объектісін қогамдық катынастар ретінде тұжырымдайтын 6ұл теория "іске аспай" қалады. Бұл әсіресе, жеке адамдарға қарсы жасалатын қылмыстарға, соның ішінде кісі өлтіруге қатысты, адамның маңыздылығы туралы оны барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы 1 деген марксистік тұрғыдан түсініп келгендіктен, кеңестік қылмыстық заң ғылымында кісі өлтіру объектісі адам өмірінің өзі емес, тек қана қоғамдық қатынастар жиынтығы деген түсінік орын алып келді.
Әрине кісі өлтіру объектісі ретінде адам өмірін мұндай тұрғыдан түсіну-адамның биологиялық тірі организм, тіпті жалпы өмірдің биологиялық құбылыс ретіндегі абсолютті құндылығын төмендетіп жібереді. Адам тәуелсіз абсолютті құндылықтан жәй қоғамдық қатынастардың (еңбек, қорғаныс, қызметтік, отбасылық, меншіктік және тб) иесіне ғана айналып шығады. Сондықтан, қылмыс объектісін қоғамдық қатынастар деп тұжырымдап келген теорияны, ол қылмыстық заңмен қорғалған күнде де, жан-жақты деп қабылдауға болмайды. Тіпті өткен ғасырдың соңында қылмыстық-құқықтық классикалық және социологиялық мектептері көлемінде туындап, объектіні құқықтық игілік деп уағыздаған теорияға қайта оралу керек сияқты. Р. Иерингтің құқық жөніндегі анықтамасына сүйене отырып, неміс кримминалисі Ф. Лист қылмыс объектісін құқық пен қорғалған өмірлік мүдде деп түйінделген. Революцияға (кеңес заманына) дейінгі Ресейдің қылмыстық қүқық ғылымының ең ірі өкілі Н.С.Таганцев та бүл көзқарасқа жақын тұрған. Оның анықтауынша, қылмыс нормамен қорғалатын өмір мүддесіне қиянат жасайтын іс-әрекет және ол мүдденің белгілі бір елде, белгілі бір кезеңде маңызды деп саналатындығы соншалықты, тіпті мемлекеттің ізі қиянат жасаушыны жазамен қорқытады"1 қылмыстық объектіні анықтау барысында оны қылмыскер арқылы қылмыстық-құқықтық норманың бұзылуы деп қана қарастыратын тар нормативті түрғыны өзгертуге де Таганцевтің еңбегі зор. Қылмыстық объектіні мұндай тұрғыдан қарастыру классикалық қылмыстық қүқық көлемінде өткен ғасырдың орта шеңінде ойлап шығарылған нормативті теорияга тән, мысалы, ол В.Д.Спасовичтің еңбектерінде кездеседі.
Қылмыс объектiсi қылмыс құрамының мiндеттi элементтерiнiң бiрi, сондықтан да объектiсiз қылмыс жоқ. Қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектiсi деп қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауаптылық негіздері
Қылмыстық теріс қылық үшін жауаптылық
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Құқық бұзушылық түсінігі, түрлері
Құқықбұзушылық түсінігі
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу нысандары
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының факультативті белгілері
Пәндер