Мұнай өндіруші кәсіпорындарының өндірістік
Кіріспе
1 МҰНАЙГАЗ САЛАСЫНДА МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ . ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОРНЫ МЕН ӨЗГЕШЕЛІКТЕРІ
1.1 Мұнайгаз сферасындағы маркетингтің мәні, мазмұны және даму ерекшеліктері
1.2 Мұнай кәсіпорындарының өткізу іс.әрекетінің рөлі мен алатын орны
1.3 Әлемдік мұнайгаз нарығының даму бағыттары мен ондағы Қазақстанның ахуалы
2 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ӨТКІЗУ ІС.ӘРЕКЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Мұнай өндіруші кәсіпорындарының өндірістік.шаруашылық қызметін талдау
3 МҰНАЙ ӨНДІРУШІ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ӨТКІЗУ ІС.ӘРКЕТІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, дамуы барысында, экономикалық және әлеуметтік жағдайының тұрақталып, қарқынды түрде ілгерілеуін қамтамасыз етуде, сондай- ақ нарықтық қатынастардың орнығуында басымдылыққа ие болып отырған мұнайгаз саласының алатын орны ерекше. Қазақстан-2030 ұзақ мерзімді даму стратегиясында да ел экономикасын көтерудің басты бағдарларының бірі ретінде осы желінің көзделуі нақты есептерге негізделгендігін көрсетеді[1]. Республика экономикасында мұнай өндірудің даму бағыты мен сипатын неғұрлым тереңірек айқындай отырып, жетекші позициясын ұстануда. Қазірдің өзінде өнеркәсіп өндірісі мен экспортының 40 пайыздан астамы мұнай өндіру өнеркәсібі үлесіне тиеді. Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды дамытуға кірістік, сол арқылы Қазақстандық мұнайгаз кластер жүйесінің дамуына жол аштық - деп Президент өзінің жолдауында атап көрсеткен болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруды негізге ала отырып Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді, онда өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және кластерлік бастамаларды іске асыру, оның ішінде мұнайгаз машиналарын жасау пилоттық кластерді дамыту басты назарға алынған[2]. Мұнай саласы дамуында дұрыс стратегияны, оның ішінде өткізудің және маркетингтің концепцияларын айқындаудың қаншалықты маңыздылығы осыдан-ақ айқын көрінеді. Мұнай өндіруші кәсіпорындардың өткізу қызметіне жүргізілен талдау, көздеген мақсаттарға іс-жүзінде қол жеткізу үшін маркетингтің жекелеген түрлерін қолданғанымен, мұнайды өткізу барысында оның концепцияларын кешенді жүзеге асырмайтындығын көрсетті. Кәсіпорындардың маркетингті біртұтас және жүйелі түрде пайдаланбауына бірқатар субьективті және обьективті себептерімен түсіндіріледі. Оның ішінде келесі себептерді көрсетуге болады: отандық мұнай өндірушілердің мұнай және мұнай өнімдерін өндіруде және өңдеуде, өткізуде, тасымалдауда қалыптасқан дәстүрлі схемаларды өзгертуде және оның жаңа бағытын жасақтауда мемлекетпен бірлесіп шешуге мүдделілігі; шикізат мұнайын сыртқы нарыққа жеткізуде шет ел мемлекеттерге тәуелділігі; кәсіпорында маркетингтік қызметті дұрыс жолға қоятын тәжірибелі мамандардың жетіспеушілігі; кәсіпорындардағы өткізу бөлімшелерінде құрылымдардың маркетингтік принципте бейімделген функциялары айқындалмаған және жарақтандырылмаған; мұнайгаз саласы бойынша өткізуді жетілдіретін маркетинг қызметінің сапалы түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ғылыми зерттеулер мен ізденістердің жеткіліксіздігі. Шетелдік тәжірибелер мұнайгаз саласына маркетингті табысты енгізіп, өткізуді теңдестіруде мұнай компанияларын тігінен интеграцияланған жүйеге көшірудің маңыздылығына басты назар аударған. Мұнай секторындағы өткізу саясатын дамытуда маркетингтің қолданылу әрекеттері, қағидаларымен және ерекшеліктерімен орындалатынына тұжырым жасаған. Осы бағытта қазақстандық мұнайгаз компанияларына ғылыми негізде экономикалық қайтарымдылығы есептелінген өткізудің қолданыстағы іс- әрекеттерін жетілдіретін және стратегиялық маңызы айқындалған, жаңа ұтымды және тиімді маркетинг технологиясын жасақтау - кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Мұнай және газ ресурстарын ұзақ мерзімде тиімді жаратуда және өткізудің әрбір буынын ұштастырудың кешенді тетігіне көшу бірқатар істердің оңтайлануына ықпал етпекші. Тиімсіз өткізу әдістерін бәсекеге қабілетті технологиялармен алмастыру, кәсіпорындағы өткізу бөлімдерін, қазіргі заман талабына сай жарақтандыру маңызды бола түспекші. Сондықтан да нарық жағдайында табысты жұмыс істеу үшін Қазақстан мұнай компаниялары шаруашылықты жүргізуде қолданыстағы қалыптасқан өткізу жүйелерін қайта құрудан бастау қажет. Бұл жолда маңыздысы тігінен- интеграцияланған құрылымды ұйымдастыруға бейімделу қажет. Осыған байланысты мұнай өндіруші компанияларының маркетинг және өткізу іс-әрекетін тиімді дамытудың проблемалары өзектілікке айналып, зерттеу тақырыбына сұранып тұрғаны сөзсіз. Тақырыптың жасақталу дәрежесі. Диссертациялық зерттеудің теориялық негізінде қазақстандық, ресейлік және шетелдік авторлардың мұнайгаз саласында өндірудің, өңдеудің, сондай-ақ өткізудің теориялық және тәжірибелік мәселелеріне маңыз беріледі. Маркетинг және өткізудің теориялық негізін қолдаушы ғалымдар Ф.Котлер, П.Друкер, Дж.Эванс, Б.Берман, Ж.Ж.Ламбен, басқа да мамандардың еңбектерінде осы тақырып қарастырылған. Дегенмен де мұнайгаз саласында маркетингтік іс-әрекеттерінің сипаттамалары мен тұжырымдамалары бүгінгі заман талабына сай толық деңгейде қамтылмаған. Мұнайгаз саласындағы маркетингтің ерекшеліктері, атқаратын ролі теориялық тұрғыдан да, тәжірибелік сипатта да терең қарастыруды талап етеді. Мұнайгаз саласын дамытуға салмақты үлес қосып жүрген ресейлік ғалымдар: К.Н.Миловидов, О.М.Ермилов, В.В.Ремизов, Л.С.Чугунов еңбектерінде мұнай ісіндегі маркетингтің ерекшеліктеріне мән берген. Қазақстанда маркетингтің теориялық және практикалық аспектілеріне және өткізудің ерекшеліктерінің дамуына үлес қосқан ғалымдар С.Есімжанова, С.Сатыбалдин, К.Сагадиев М.Спанов және т.б. Қазақстан Республикасында мұнайгаз өнеркәсіптерін дамытуда ғалым- экономистер: М.Б.Кенжегузин, А.Е.Надиров, О.И.Егоров, К.О.Оқаев, З.Қ. Қаражанов және т.б. талдаулар жүргізіп, тұжырымды ұсыныстармен салмақты үлес қосты. Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Диссертациялық жұмыстың мақсаты мұнай өндіруші компаниялардың көмірсутекті шикізатты өткізудегі іс-әрекеттеріне талдау жүргізудің негізінде оның іс-әрекетін жетілдірудегі тетігін әзірлеуде ілгері ықпал жасайтын ұсыныстар беру. Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер айқындалды: - мұнайгаз өнеркәсіптерінде маркетингтің мәнін, мазмұнын теориялық негізде қамти отырып, маркетингтің мұнай өнеркәсібіндегі ерекшелігін анықтау; - өткізудің теориялық негізін, оның арналарын дамытудағы тиімдісін таңдау мүмкіншіліктерін қарастыру; - әлемдік мұнай өндіруші компанияларының іс-әрекетін салыстырмалы түрде талдау жүргізу, ондағы қазақстандық мұнай өндіруші компаниялардың ара салмағын айқындау; - отандық мұнайгаз компанияларының өндіру, өткізу іс-әрекетінің даму бағыттарын бағдарлау және болжау; - Ақтөбе облысының мұнай өндіруші компанияларының өткізу іс-әрекетінің қазіргі жағдайы мен мәселелерін талдау; - өткізу және маркетинг іс-әрекетінің тиімділігін арттыруда алынатын өлшемдерді негіздеу. Зерттеу объектісі. Ақтөбе облысының мұнай өндіруші компаниялары. Зерттеу пәні ретінде мұнай өндіруші компаниялардың өткізу іс- әрекетін басқарудың жиынтығы. Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі болып маркетинг, өткізуді басқару мен ғылыми зерттеулер әдістемесі аясында отандық және шетел ғалымдарының еңбектері пайдаланылды. Диссертацияның ақпараттық базасы Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің деректері, ашық баспасөздегі-республикалық, облыстық, сондай-ақ ресейлік газет- журналдардағы жариялымдардан тұрады. Сонымен қатар мұнай-газ кәсіпорындары- "ҚазМұнайГаз"ҰК, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ, "Қазақойл-Ақтөбе" ЖШС, Қазақтүрікмұнай ЖШС-нің жылдық есебі, материалдары қолданылды. Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы мынадай ұйғарымдардан тұрады: - мұнай компанияларындағы маркетинг іс-әрекетінің ерекшеліктері айқындалған; - Қазақстан Республикасы бойынша мұнай өндіруші компаниялардың мұнай шикізатын өткізуде тасымалдаудың тиімді жолдары анықталған; - өткізудің кешенді жүйесін дамытуда тігінен - интеграцияланған құрылымға бейімделудің теориялық, тәжірибелік бағыттары талданып, кәсіпорындардың осы бағытта қол жеткізе алатын жетістіктері анықталды; - өткізудің маңызды факторы ретінде маркетингтік құрылымды дайындаудың бағыттары ұсынылған; - мұнай өнімдер нарығы сегменттеліп, жанар май бекеттеріне позициялау жүргізілген; - Ақтөбе облысының мұнай өнімдер нарығына жүргізілген маркетингтік зерттеудің нәтижелеріне сүйене отырып мұнай өңдеу зауытын ашудың қажеттілігі және тұтынушыға негізделу бойынша ұсыныстар келтірілген. Диссертацияда ұсынылған қағидалар мұнай компанияларының ұйымдық- құрылымдық, экономикалық жақтары мен маркетинге қатысты мәселелерді шешуге ықпалын тигізе алады. Диссертациялық жұмыстың тәжірибелік құндылығы. Мұнай өндіруші компаниялардың өткізу іс-әрекетіне талдаудың негізінде айқындалған мәселелерді шешудің жолдары және өткізу іс-әрекетін жетілдірудегі ұсыныстар мұнай компанияларына ұсынылды. Жариялынымы. Диссертациялық жұмыстың тақырыбы бойынша талқылаулар кезеңдік басылымдарда жарық көрді және халықаралық конференцияларда баяндалды. Олар ҚазЭМБА жаршысы (Алматы, №4. 1999), ҚазЭУ хабаршысы (Алматы, №3.2002 ), Экономика және статистика (Алматы, №1. 2004 ). Біртұтас экономикалық кеңістік: стратегиясы және жүзеге асыру механизмі халықаралық конференция (Ақтөбе - Оренбург, 2003), 8 - ші халықаралық конференция Проблемы менеджмента и рынка (Оренбург, 2004), 21 ғасырдағы Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігі мен жедел жаңаруы атты халықаралық конференция (Ақтөбе - Оренбург, 2005). 1 МҰНАЙГАЗ САЛАСЫНДА МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОРНЫ МЕН ӨЗГЕШЕЛІКТЕРІ 1. Мұнайгаз сферасындағы маркетингтің мәні, мазмұны және даму ерекшеліктері Қазіргі таңда нарық және оның субъектілерінің ұзақ мерзімде өмір сүруін қамтамасыз ету үшін маркетингке бейімделудің қажеттілігіне, көбірек назар аударылуда. Бұл, әсіресе нарық қозғалысына қатысты. Маркетингтік әрекеттердің, тұрғындардың демографиялық құрамының болашақтағы өзгеріс мүмкіндіктеріне, әлеуметті тұтынушылардың басымдылықтарына, бәсекелестер өнімдерінің пайда болатын түрлеріне болжам жасап, түзетулер енгізуге ықпалы зор. Маркетингті салыстырмалы түрде кеңінен пайдалану дамыған елдерде мейлінше бұрынырақ - ХХ ғасырдың бірінші жартысынан басталды, ал ол жеке ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында қалыптасты. Алайда маркетингтің элементтері ылғи да сауда мен айырбастың пайда болу сәтінен көзге көрінбей- ақ жүзеге асып жатты. Орта ғасырдағы қол өнершілер өздері сата алатын, яғни, тұтынушылардың қажетін қанағаттандыра алатын және сұранысқа ие заттарды жасады. Сондай-ақ дербес сала ретінде маркетинг пайда болғанға дейін тұтынушы мен өндірушінің өзара қатынасын ұйымдастырудың бастапқы нүктесі ретінде көп жағдайда өндіруші өндіріп үлгерген тауар болды. Кәсіпорын өткізу барысында негізгі бағытты өздері шығарып үлгерген өнімді ұсынуға аударды. Алғашқы кезде маркетингті толық деңгейде пайдалануға көшкен кәсіпорындар, нарықтық жетекші болуға бөлініп шықты. Алайда, нарық талабына сай, бәсекелестік ортаның заңы, маркетингті белсенді және ауқымды енгізуге мәжбүрлеп, жетекшілікті жеңіп алу құралынан, кәсіпорынның нарықта тіршілік етудің қажетті шартына алмастырды. Жалпы, нарықтық жағдайдағы ғылыми-техникалық прогрестің жеделдеуі, бәсекелестіктің күшеюі, өнеркәсіп кәсіпорындары мүмкіншіліктерінің ұлғаюы, маркетингтің қарқынды дамуына негіз салды. Соңғы жылдары халықаралық деңгейде маркетингтің қолданылуын зерттеу бұл саладағы зерттеулер аясын айтарлықтай кеңейтті. Ғалымдардың пікірі әртүрлі, мысалы: Ф. Котлер "Маркетинг - тауарды алушы және әлеуетті сатып алушылардың жиынтығы" деді [3], немесе, мәселен, Дж.Р.Эванс, Б.Берман "Маркетинг - тауарға, қызметке, ұйымдарға, идеялар аумағына айырбас арқылы сұранысты көре білу, басқару және қанағаттандыру" деді [4].Бұл тұста ғалымдардың пікірінше маркетинг сұранысты анықтаудың, қажеттілікті қанағаттандырудың жиынтық кешені ретінде топтастырылған. В.Е. Хруцкий "Маркетинг - өндірушіден тұтынушыға тауар мен қызметті ұсыну процесіне әсер ететін барлық факторларды зерттеу саласындағы шаралар комплексі" - деп тұжырым жасады [5]. Мамандардың ой-пікірі маркетингтің мәнін тауарлар мен қызметтердің сұранысын анықтауға, оны қанағаттандыруға, үнемі жаңашылдықты игеру керектігімен ұштастыруға тырысқан. В.Е.Хруцкийдің пікірімен келісуге тура келеді, себебі, маңыздысы маркетингтің алғашқы қолданылуы маркетингтік зерттеуден басталу қажеттілігіне басты назар аудару керектігіне мән берген. Біздің пікірімізше маркетингті шаруашылықты жүргізуде алдын-ала зерттеу қызметін қолдану, кәсіпорынның нарыққа жедел еніп, үлесін кеңейтуде кешенді шараларды (өндіру, өңдеу, өткізу) үйлестіру арқылы позициясын нығайтуға маңызы зор. Танымалы маркетинг жөніндегі француз мамандары Р.Ланкар және Р.Оливье, маркетингтік мәселелерге зерттеу жүргізудің нәтижесінде мынадай қорытынды жасады: Маркетинг - коммерциялық әрекеттердің жиынтығы ретінде; саясатты жасақтауда координация және интеграция қызметі ретінде; кәсіпорынның шаруашылық қызметі ретінде; өнімге меншік құқын беру және алмастыру процесі ретінде; ұсынысқа байланысты сұранысты реттеу процесі ретінде; коммерциялық іс-әрекет ретінде анықталынады [6]. Тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруға негізделген маркетингтің функционалды мәнін сипаттай отырып, ресейлік ғалымдар В.А.Клюкач, И.Ключко, И.В.Соколова, Л.Л.Татарчук былай деп жазады: Маркетинг-тұтынушылардың қажеттілігін мейлінше толыққанды және жылдам қанағаттандыруға бағытталған кәсіпорынның ұйымдық-техникалық, қаржылық және коммерциялық қызметінің жүйесі [7]. Мамандардың пікірін талдай отырып, маркетингтің мәні жаңа пікірлерді қалыптастыруға, оның негізінде жаңашылдықты енгізуде, тұтынушылардың талғамын айқындай отырып, сұраныс пен ұсынысты теңестіру деп тұжырымдаймыз. Нарықтағы тауарлардың толығуы біртіндеп, өндірістік-өткізу және сұранысқа байланысты өндіру сатысына көшіп, өндірудің маркетингтік басқару жолына өте бастады. Басқаруға маркетингтік жақындаудың негізін қалайтын талаптарды айқындауға қатысты американың осы саладағы маманы П.Друкердің айтуынша: Маркетинг бойынша маманды өндіріс соңында емес, керісінше, басына қойып, маркетингті бизнестің әрбір фазасына интегралдау керек. Маркетинг жобалау, өнімді жоспарлау, экономикалық талдау, тарату, өткізу және өнім бойынша қызмет көрсетуге әсер етеді [8]. Кәсіпорынның орындайтын маркетинг қызметінде экономикалық, әлеуметтік, қаржылық, өндірістік, өткізу және зерттеу жұмыстары белгілері болады. Маркетингтің мәні және негізгі функцияларын түсіну кәсіпорында маркетинг қызметінің әрекет етуінің қажетті құрамдасы болып табылады. Ол маркетинг қызметінің қамтитын функциялары мен мәселелерін анықтай отырып, оны жетілдіруді көздейді [9]. Тұтасынан алғанда, маркетингті рынокты, баға құрылымы мәселелерін, өндірісті, т.б.-н нақты зерттеу негізінде құрылған өндіріспен өнім өткізуді басқаруға кешенді түрде келу деп анықтауға болады. Зерттеушілердің пікірлерін зерделей келе, нарықтағы маркетингтік қызметтерді мыналармен тұжырымдаймыз: - өндірістік қызметтің түпкі нәтижесіне жету - товарларды рынокта тиімді өткізуге бағыт ұстаушылық; - рыноктағы табысты қызмет үшін жағдайды қамтамасыз ететін маркетинг құралдарының жиынтығы, келешектегі мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағдарламалық-мақсатты әдіспен кешенді келу; - жаңа тауарларды болжамдық зерттеу мен жасауға назар аударуды талап ететін, кәсіпорынның ұзақ мерзімді нәтижелік қызметінің бағыты. Жоғарыда көрсетілген қызмет түрлері кәсіпорынның маркетинтік қызметінің негізгі бағыттарын сипаттайды. Рынок жағдайында маркетинг тауарларға салыстырмалы түрде тұрақты сұраныс құруға және пайда ала отырып, бәсекелесті табысты ұстауға мүмкіндік береді. Тауар және қызмет тұтынушылармен маркетингтік ықпал ету маңыздылығын жете бағаламау бұл жағдайда өнімді логикалық түйіндеуіне дейін жеткізбей тастағандықтан ең жарқын техникалық және өндірістік бастамалардың өзін дағдарысқа ұшыратуы мүмкін. Сондықтан маркетинг өзара байланысқан екі мақсатты үйлесімді біріктіреді. Бір жағынан, бұл бәсекелестік күресінің аспабы, ал екінші жағынан өндірісті тұтынушылардың қажеттілігіне бейімделу құралы. Осындай екі жақтылығына байланысты маркетингті тұтынушылардың қажеттілігінің неғұрлым толық есебі арқылы бәсекелестік күрес құралы ретінде бағамдауға болады. Қазіргі уақытта маркетинг-бұл қатаң бәсекелестік жағдайында кәсіпорынның стратегиясы мен тактикасын жасайтын неғұрлым кең ғылым мен қызмет саласы, сатып алушыларды тарту әдістерін, нарықты жаулап алудың нарық пен бағалауға белсенді бақылаудың, пайдалылықтың белгіленген деңгейін қамтамасыз ету жолдары. Қазақстан нарығында маркетингтің алғашқы даму барысы оның бір элементі, тауарды таныстыру, яғни, жарнаманың ролінде қалыптасты. Кейіннен нарықтағы тауарлардың көбеюі белең алып, өнімді өткізудегі кедергілер, сатушыларға өткізудің жолдарын іздестіруге мәжбүрлеп сатудың бөлшек және көтерме формасына көшудің қажеттілігін талап етті. Осы тұста маркетингтің мәнінің ролі нарықты зерттеу арқылы сұранысты білуге, өнімді өткізудің мүмкіншіліктерін өндіріспен байланыстырудың маңызды екендігін дәлелдеді. Маркетингтің мәні осыдан бастап өсе түсті. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар мен маркетингті дамытуға негізделген заңдылық және нормативтік база дайындалған [10,11,12,13]. Қазақстандық нарықта маркетингтің қарқынды дамуы өндірістік сферамен салыстырғанда, банктік және қаржы, сауда саласында ерекше байқалады. Қазақстан мұнай саласының жағдайы белгілі бір дәрежеде 70-жылдай үстемдік еткен әкімшілік - әміршілдік жүйемен анықталады, ал Батыс елдерінің мұнай индустриясы құрылған күнінен бастап, рыноктық экономика принципінде дамыды. Сондықтан да, Қазақстан мұнай компанияларының қызметін жүзеге асыруда маркетинг және оны құрайтын жекелеген элементтер жүйесі ретінде қолдануда, өткізу саясатын жүзеге асыру мәселелерін шешу шаралары жеткіліксіз болғандықтан Қазақстан жағдайында пайдалану үшін мүдделерді білдіретін негізгі жағдайларды анықтау, талдау және жасау мақсатында мұнай өнеркәсібі дамуының шетелдік тәжірибесін зерттеп, талдау өте маңызды. Дамыған рыноктық экономикалы елдердің көптеген кәсіпорындары лабораториялық зерттеулерге, конструкторлық жұмыстарға, үлгілерді дайындау мен оны шегіне жеткізуге, өндіріске дайындауға, технологиялық жарақтандыруға және өнімді игеруге қанша қаржы жұмсаса, маркетингке де сонша шығындалады. Американдық мамандардың мәліметтері бойынша, АҚШ рыногында маркетингке жиынтық шығындар көптеген тауарлардың ақырғы бағасынан 55-60 %-н құрайды. Батыс Европа және Жапон рыноктарында да шамамен осындай бағалар қатынасы ұсталынады. Маркетинг бойынша американдық мамандары маркетинг аясын кеңейтуге өз еңбектерінде аса көңіл бөлген [15,16,17]. Ғалымдардың пікірлерінен түсінікті болғандай нарық жағдайында кәсіпкерлік іс-әрекетті ұйымдастырудың концепциясы ретінде маркетингті қалыптастыру үрдістерін, нарықтық экономикалық процестерден бөліп қарау мүмкін емес. Маркетинг кәсіпорын үшін мақсатты нарық көзін анықтай отырып, өндіріс пен басқаруды қоспағанда, жалпы мақсатқа жету жолына бағыттай білуі қажет. Рынок жағдайында экономиканың барлық салалары маркетингтік қатынастар негізінде әрекет етеді, ол маркетинг ұйымдастыру және басқару әдісі ретінде кәсіпорындарға рыноктық конъюнктураның ауыспалы жағдайларына сәйкес өндірістік-өткізу қызметтерін икемді реттеуге мүмкіндік беретін мұнай өндірісінің қызмет ету стратегиясын анықтайды. Алайда маркетингті практикалық игеру, оны шаруашылық қызметіне енгізу- мұнайгаз сферасындағы қызметтің бұл түрінің дамуы мен қалыптасуы бойынша нақты ұсыныстарды жасауды талап ететін күрделі процесс. Біздің пікірімізше, мұнай және газ саласының біздің Республикамыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудағы маңызды басымдылықтардың бірі екендігін ескере отырып, оның тиімділігін көтеруге маркетингтің кешенді шарттарын дайындаудың маңыздылғы зор. Маркетинг кәсіпорынның қызмет ету жағдайының түріне байланысты, оның қолданылу мүмкіндіктері мен тәсілдеріне қарай ерекшеленеді. Мұнайгаз секторындағы маркетингтің ерекшелігі өзіндік сипатымен анықталады: - өндірістің негізгі көзі - мұнай шикізаты. Басқа салаларға қарағанда мұнай мұнда өндірістің көзі ретінде көрінеді. Сондай-ақ бұл қазіргі таңда қоғамның барлық тіршілік қызметінің негізі және бастапқы шарты. Қазақстан жеріндегі мұнай өндіруші және өңдеуші компанияларға иелік ету мен шаруашылық жүргізудің қандай да тәртібін белгілеуге мемлекет ылғи да қатысып отырады. Қазақстан Республикасында шаруашылық жүргізу мен меншіктің алуан формаларына негізделген мұнайды пайдалану мен оны ұтымды игеру мен жаңа технологияларды қолданудың жаңа тәртібі қалыптасуда. Ал бұл көмірсутек ресурстарын тиімді және ұқыпты пайдалану, озық жаңа заманға сай, өнімділігі жоғары жабдықтарды игеруді тиянақты талап етеді. Сондықтан да маркетинг мемлекеттік реттеу және қолдау мен бірге мұнай өндіруші кәсіпорынның маңызды объектісі болып табылады. Ең бастысы маркетинг мұнай шикізатын іздеу, барлау жұмыстарының жүргізілу барысында стратегиялық маңызы зор кен орындары мен кеніштерді айқындау әрекетінде мұнай нарығындағы ұтымды сегменттің таңдалуына маркетингтік зерттеулер жоспарлау, болжау және бақылау, сонымен қатар, кәсіпорынға арналған жалпы басқару тәрізді жекелеген қызметтері бойынша маркетингті жүзеге асыру тиімділігімен ерекшеленеді. - мұнай шикізатын өндірудегі өндірістің жүйелі іске қосылып, өнімділігі жоғары технология мен техникалардың қолданылып, сапалы өнімнің өндірілуіне қажетті көлемде таза өнім өндірудің мүмкіндіктерін арттырудағы тиімді маркетингтік саясаттың қолданылуында. Ол өндірілетін және өндірілген өнімді жаратуда рыноктық жағдайды бағалау стратегиясы, әдістері, тәсілдері мен соған тең маркетингтік саясаттарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі кезеңдегі тиімді маркетингтік саясат-қосымша пайда алудың неғұрлым сенімді және қайтарымды жолдарының бірі. Сондықтан мұндай саясатты жасау - мұнай компанияларында құрылымдық рационализациялаудың өзекті проблемасы. - өндірілген мұнай шикізатын өңдеу арқылы мұнай өнімдерінің ассортиментін мейлінше кеңейтуде маркетингтік қызметтерді қолдану қажеттілігінің кезек күттірмейтіндігі. Ол қызметтер сегменттеу, бағаны теңестіру, төлем қабілеті сұранысын зерттеу, түпкі мұнай өнімдері нарығында әрекеттердің табыстылығына әртүрлі факторлардың әсері саласында жүзеге асырылады. Мұнай компанияларының міндеті-бұл құрамдарды жедел игеріп, оларды ұзақ мерзімді жоспарлау мен ағымдағы қызмет практикасына енгізу. Қазірдің өзінде көптеген мұнай компаниялары мұнай және мұнай өнімдерінің аймақтағы сияқты әлемдік рыноктардағы бәсекелес күштер деңгейі мен нарық сипаттамаларын, мұнай өнімдер бағасы, ұсыныс пен сұраныстың жүйені талдау мәліметтерін пайдаланады. Бұл компанияның нашар игерілген рыноктардағы қызметтерін белсендірек жүргізуге, төлем қабілеті сұранысын ынталандыра отырып, баға саласында икемді маркетингтік стратегияны жүргізуге, сұраныс пен сату деңгейін реттей отырып, өнімдерін тиеу, тасымалдау және сақтау жүйесін жетілдіруге, несиелендіру схемасын, өнімдер үшін төлемді, тапсырыстар жүйесін, т.б. жетілдіруге мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде мұнай өнімдері рыноктарында, әсіресе ірі қалаларда бәсекелестік пайда болуы, шетелдерден мұнай өнімдерін жеткізетін компаниялармен сайысу және басқа да бәсекелестік процестерінің туындауы байқалуда. Компаниялар тиімді маркетингке сүйене отырып, сондай шешімдерге әзір болуы тиіс. - Қазақстан Республикасындағы өндірілген мұнай шикізатының 93% шет ел нарығына өткізілетіндіктен халықаралық маркетингтің принциптерін қолдануымен ерекшеленеді. Мұнайды сыртқы нарыққа өткізудегі маркетингтің элементтері импортер елдердің мұнайға деген сұранысын анықтауда, сыйымдылығын өлшеуде, нарық сегментін таңдаудағы белгілерін пайдалануы халықаралық маркетингтік зерттеу әдісімен жүзеге асырлады. Қазақстандық мұнай компанияларының даму стратегиясы басты мақсатқа жетуге: оның өндірістік қуатының тұрақты өнуін қамтамасыз ету және өткізудің әлемдік нарықтағы тиімді жолдарын таңдауға бағытталған. Оны шешу интеграцияланған құрылымның барлық буындарында өндіріс тиімділігін көтеру, маркетингтік және өткізу қызметін дамыту, халықаралық нарықты маркетингтік зерттеуді қолдану арқылыы белсенді құрылымдық саясатты жүргізу есебінен мүмкін болмақ. Өз кезегінде, соңғысы компанияларды басқару жүйесін рационализациялаудың қазіргі заманғы әдістері мен құралдарын пайдалануды білдіреді. Рационализация термині өте ауқымды қолданылады және құрылымдану салаларын қосқанда бизнесті басқару мен ұйымдастырудың пайдаланатын жұмыс әдістерін, техникалық құралдарын, принциптерін, тәсілдерін жетілдіруді білдіреді. - өндірілген өнімнің кешенді іс-әрекеттерінің жүзеге асырлу барысында қазіргі заманның экологиялық талаптарын орындаудың шарттарын дайындап, оны орындаудың стратегиялық маңызы зор тетігін ұйымдастыру міндетті басымдықтардың біріне айналуы қажет. Басымдылықтар Қазақстан экономикасы мен кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартуда жасалынып жатқан жобалардың ажырамас бөлігі ретінде жүзеге асырлуы қажет. Маркетингтің жекелеген элементтерін енгізу сияқты, барлық жүйесі де жоғарыда баяндалғандай мұнай өнімдері рыногының қалыптасу, даму ерекшеліктері және бүгінгі жағдайында жәй болып қала алмайды, және дамыған елдерде жасалғандай, көптеген мәселелерді неғұрлым қысқа мерзімде шешу қажеттігімен байланысты маркетинг саласындағы барлық жинақталған әлемдік тәжірибені зерттеу және талдау мүмкіндігі маркетингтің эволюциялық даму процесінде жіберілген көптеген қателіктерден қашуға мүмкіндік береді. Маркетингтік қызметті жүзеге асыруда қолданылатын әдістер мен жолдар маркетингті ұйымдастыру сияқты әртүрлі болуы мүмкін, бірақ маркетингтен мол тиімділік кәсіпорынның барлық негізгі бағыттарын қамтитын маркетингті негізінен құрайтын призма арқылы тұтас жүйе, атап өтерлігі - маркетингтің жекелеген элементтері емес, енгізілуін жүзеге асыруда дамудың маркетингтік концепциясына бағыт ұстаумен жүйелік қадам жасалғанда қол жетеді. Әлемдік мұнайгаз компаниясында маркетинг концепциясын зерттеу мен пайдалану қажеттігі маркетингті енгізу үшін жеткілікті алғы шарттарды дәлелдейді: :: Маркетинг концепциясы экономика мен өндіріс дамуының кез-келген кезеңінде жарамды болғандықтан бұл вариант бойынша маркетинг қызметінің ұзақ мерзімділігі толассыз; :: Олигополистікке дәстүрлі қатысты ішкі отын рыногы күшті бәсекелестік болуымен сипатталады; ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz