Биосфера - жердің тіршілік қабаты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Биосфера және ондағы адамның орны

Орындаған: Ералиева Қарлығаш

Тексерген: Омаров. М. К

Жоспар

І. Кіріспе . . .

ІІ. Негізгі бөлім . . .

2. 1 Биосфера туралы түсінік . . .

2. 2 Табиғатты қорғау . . .

2. 3 Биосферадағы табиғи әрекеттерді басқару . . .

2. 4 Адам денсаулығы және қоршаған орта . . .

2. 5 Денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторлар . . .

III. Қорытынды . . .

IV. Пайдаланылған әдебиеттер . . .

l. Кіріспе

Биосфера (гр. биос-тіршілік, өмір, гр. сфера - шар) бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.
Биосфера - жердің тіршілік қабаты. Географиялық қабық - литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфераның өзара әрекеттесуі. Биосфераны ғылымға 1875ж Зюсс енгізді
Биосфера - тірі азғалар өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10-15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2- 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде азғалар тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В. И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан - 50% -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.
Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.
«Тірі заттар» терминін әдебиеттерге В. И. Вернадский енгізген. Ол бұл терминді масса, энергия және химиялық құрам арқылы көрінетін барлық тірі ағзалардың жиынтығы деп түсіндіреді.
В. И. Вернадский айтып кеткендей, тірі зат ол - Бүкіләлемдік материялардың ең белсенді түрі. Ол өзінің туындауы барысында Жердің жоғарғы қабықшаларын түзе отырып, биосферада ауқымды геохимиялық іс жүргізеді. Тірі зат Жер қыртысы массасының 1/11 бөлігін алады. А. П. Виноградов (1975), В. Лархер (1978) т. б. дәлелдеулері бойынша тірі заттың басты құрал бөлігін табиғатта (атмосфера, гидросфера, ғарыш) өте кең тараған сутегі, көміртегі, оттегі, азот, фосфор және күкірт сияқты элементтер құрайды. Биосфераның тірі заты ғарышта өте кең тараған және өте қарапайым атомдардан тұрады.

Адам - биосфераның құрамдас бөлігі және оның жемісі. Адам алғаш рет пайда болғанда өзінің айналасындағы табиғатқа тікелей тәуелді болып өмір сүрді. Бірте-бірте адам санының артуы, еңбек құралдарын жетілдіріп, құрлықта кеңінен тарала түсуі адамның табиғат байлықтарын пайдалануын және оны игеруін жеделдете түсті. Бұрын игерілмеген жерлер игерілді, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтары пайдаға аса бастады. Әсіресе минералды байлықтарды игеру өнеркәсіп салаларының дамуына әсер етсе, ал жерді пайдалану ауыл шаруашылығының дамуына негіз болды. Ең алғашқы кезде адам өзінің өмір сүруіне қолайлы ірі өзендер мен көлдердің маңына қоныстанды. Сондай-ақ өзендер арқылы бір жерден екінші жерге баруға да ыңғайлы болды. Бірте-бірте адамның іс-әрекеті табиғатты кеңінен игеруге ұмтылдырды. Жаңадан суқоймалар, каналдар қазу, су арнасын бұру, тоғандар салу арқылы табиғатқа әсері де күшейе түсті. Адамзат өнеркәсіпті өркендету арқылы жануарлар әлемінен бөлініп оқшаулана түсті. Материалдық байлықтарды игеру мақсатымен биосфераны өз мүддесіне сай өзгерте түсті. Көрнекті ғалым В. И. Вернадскийдің айтуы бойынша адам қуатты геологиялық күшке айналды. Техникалық дамыту және энергияның жаңа көздерін пайдалану, ауыл шаруашылығын өркендету, ғылым салаларын меңгеру адамзаттың табиғатқа ықпал етуіне жол ашты.
Қазіргі кезде биология ғылымдарының да көптеген жаңа салалары - бионика, биофизика, биотехнология және гендік инженерия, т. б. салалары қарқынды түрде дамып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вернадский ілімі туралы ақпарат
Вернадский ілімі
Биосфера құрылысы. Биосфера туралы жалпы түсінік
Қазіргі кезең биосферасы
Биосфера - ғаламдық экожүйе туралы ақпарат
Биосфера жайында
Тірінің құрылымдық негізгі деңгейлері
АЛМАТЫ БИОСФЕРАДАҒЫ ЗАТ АЙНАЛЫМДАРЫ МЕН БИОХИМИЯЛЫҚ ЦИКЛДЕРІ
Биосферадағы заттар айналысы
В.И. Вернадский мен А.Л. Чижевскийдің еңбектері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz