Болашақ мамандардың қарым - қатынас мәдениетін дамытуда ұлттық құндылықтарды пайдалану мәселесі
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Нұртай Гүлфайра Қанатқызы
Болашақ мамандардың қарым-қатынас мәдениетін ұлттық құндылықтар негізінде дамыту
Развитие основ национальных курьтурных ценностей в взаимоотношениях будущих специалистов
Development of culture of communication of future specialistists ob the basis of national values
Ғылыми жетекші
п.ғ.д., профессор ____________ Шалғынбаева Қадиша Қадырқызы
Нұр-сұлтан
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі күні білім беру саласында ойланатындай тың өзгерістер орын алып отыр.Халық арасында қызу талқыға түскен негізгі мәселе - үш тұғырлы тіл. Қазақ тілі - ана тіліміз болса, орыс тілі - ресми тіл, ағылшын тілі - халықаралық қатынастар тілі.
Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты халыққа жолдауында Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз дей келе: Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл - өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет. Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Кез келген тіл өзге тілмен қарым-қатынасқа түскенде ғана өсіп, өркен жаятынын әрдайым есте сақтаған жөн. Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу керек. Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу қажет. Бұл мәселе оқшауланған қайраткерлердің ортасында шешілмеуге тиіс. Үкімет мұны реттегені жөн-деді.
Осыған орай, бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық, рухани мәдениеті салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы болашақ мамандарға жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Сондықтан қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындап, қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру көкейкесті мәселеге айналып отыр.
Қарым-қатынас - білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адамзаттық дүниетаным мен сана-сезімді жетілдірудің ерекше жолы. Ұлттық құндылықтарға негізделген қарым-қатынас мәдениеті студенттердің саналы көзқарасын, ізгілікті қарым-қатынас орнатуына, рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына, жүйелі іс-әрекет жасауына мүмкіндік береді.
Ғұлама ойшылдар Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.А.Яссауи және т.б. адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселесіне, мәдениеттілік ерекше назар аударған. Орта ғасырларлық ғұламалардың мұраларындағы бұл мәселе төңірегіндегі айтылған ой-пікірлер ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ыбырай, Абай, Шәкәрім мұраларында жалғасын тапты.
Қарым-қатынас мәдениеті жөніндегі маңызды пікірлер М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан. Бір қатар ғалымдардың (В.М Коротов, И.С Марьенко, М.В Новоштова, А.Е Дайрабаева, А.Қ Қисымова, Ж.Б Сәдірмекова, В.А Ким. т.б.) зерттеулерінде жастарды саламатты өмір салтына тәрбиелеу жан -жақты қарастырылғанымен, оларды оған ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мағынасына көңіл бөлу мәселесі жете ескерілмегені анықталды.
Бұл міндетті шешудің алғы шарттары соңғы кездері дайындалған кейбір зерттеулерде қарастырылған. Ол зерттеулердің мынандай бағыттарда дамып келе жатқанын атап көрсетуге болады: Ұлттық құндылықтар мәні,тәрбиелік маңызы туралы ұлы ойшыл ғұламалар, қоғам-қайраткерлері мен ағартушы - педагогтар ой-пікірлері мен көзқарастары (Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Қожа Ахмет Иассауи, А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, Н.Құлжанова және т.б.); Құндылыққа бағдарлау негіздері және отбасы тәрбиесіндегі ізгілік мәселері (Г.К.Нұрғалиева, Г.К.Байдельдинова, Б.Р.Айтмамбетова, т.б.); Адамсүйгіштік, имандылық қасиеттерге баулу (А.А.Бейсенбаева, Қ.Әтемова, Н.С.Әлқожаева және т.б.); Оқу - тәрбие үрдісінде оқушылар мен студент жастардың саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері (Ж.Ембергенова, Б.Қ.Мұхамеджанов, Қ.М.Рахымғали, С.С.Тілеуова, Ю.В.Салов, Г.Ж.Нұрышева, Б.К.Игенбаева және т.б.); Валеология ғылымының теориялық және әдістемелік мәселері (А.С.Иманғалиев, А.Ақанов, Ж.Ж.Нұржанова және т.б.); Ұлттық құндылықтардың әлеуметтік - философиялық негізі (С.Нұрмұратов, Е.Әлсатов, Б.С.Ерасов және т.б.); Жас білім алушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге болашақ мұғалімдерді, тәрбиешілерді даярлау А.А.Калюжный, К.С.Успанов, Э.А.Орынбасарова, А.А.Аманжолова, Ж.С.Хасанова Г.А.Мұратбекова және т.б.).
Алайда, жоғарыда аталған ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге талдау жасау барысында болашақ мамандардың қарым-қатынас мәдениетін ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастыру мәселесі бүгінгі күнге дейін арнайы ғылыми-зерттеу мәселесі болып қарастырылмағаны белгілі болды.
Бүгінгі таңда ұлттық тәрбиенің озық дәстүрлеріне қайта оралу заманның жай ғана ағымы емес, бұл қоғамдық өмір талабынан туындап отырған қажеттілік, өйткені адам баласы ұлттық мәдениеттің құндылықтарын танып-білу арқылы оның рухани бастауына терең бойлайды, туған елінің, ұлтының өзіндік ерекшелігін аялап, сақтауға үйренеді, ана тілін меңгеруге талпынады. Мұндай қажеттілікті Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы бүгінгі қоғам арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральды, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы керек. Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениеаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз деген сөздерінен де, ҚР Білім туралы Заңының жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде, жастардың өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу қажет деген жетекші міндеттерінен де байқауға болады.
Демек, болашақ мамандардың бойында ұлттық құндылықтар негізінде қарым-қатынас мәдениетін жетілдірудің қажеттілігі мен бұл мәселенің жүйелі түрде зерттелмегендігі арасында; жоғары оқу орны үдерісінде ұлттық құндылықтардың қарым-қатынас құралы ретінде қажеттілігі мен оны пайдалануға байланысты тұжырымдамалық және әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылық бар екені айқын көрінеді. Осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру бізге зерттеудің ғылыми мәселесін анықтауға және диссертация тақырыбын Болашақ мамандардың қарым-қатынас мәдениетін ұлттық құндылықтар негізінде дамыту деп таңдауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: болашақ мамандардың қарым-қатынас мәдениетін ұлттық құндылықтар негізінде жетілдіруді теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.
Зерттеудің нысаны: ЖОО-дағы педагогикалық үдеріс
Зерттеудің пәні - болашақ мамандардың қарым - қатынас мәдениетіндегі ұлттық құндылықтар жүйесі.
Зерттеудің міндеттері:
oo болашақ мамандардың қарым-қатынас мәдениетін ұлттық құндылықтар негізінде жетілдіруді теориялық тұрғыдан айқындау.
oo болашақ мамандардың қарым-қатынас мәдениетін ұлттық құндылықтар негізінде жетілдірудің өлшемдерін, көрсеткіштерін және деңгейлерін айқындау.
oo болашақ мамандардың қарым-қатынас мәдениетін ұлттық құндылықтар негізінде жетілдірудің әдістемесін жасау, оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру;
Зерттеудің жетекші идеясы: Ұлттық құндылықтар негізінде болашақ мамандардың қарым-қатынас мәдениет дағдыларын қалыптастыру ұлттық және жалпыадамзаттық құндылыққа негізделген тәрбие кеңістігін құру.Қазақстанның жарқын болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Өмірді құндылық ретінде бағалауға бағыттайды.
* Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
"Қарым-қатынас ", "Мәдениет", "Ұлттық құндылықтар" ұғымдардының мәні анықталды.
* Ұлттық құндылықтар негізінде болашақ мамандардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық моделі жасалды.
* Болашақ мамандардың қарым-қатынас мәдениетін дамытудың динамикасы анықталды.
Зерттеудің көздері: Зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтардың,әлеуметтік педагогтардың еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар (ҚР Конституциясы, " Білім беру туралы" Заңы, Қазақстан республикасының "Қазақстан-2030" даму стратегиясы т.б.), оқу - әдістемелік құралдар, бағдармалар мен озат педагогтардың іс - тәжірибелері, зерттеушінің өзінің жеке басына тән іс - әрекет тәжірибесі.
Зерттеудің әдістері: Зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, педагогикалық, әлеуметтік педагогикалық,психологиялық және әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау, ЖОО оқу - тәрбие үрдісін бақылау, оқушыларға сауалнама жүргізу, пікірталас, әнгіме өткізу, әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру, эмпирикалык жолмен алынған деректерді статистикалық өңдеу әдісі.
Диссертацияның құрылымы:
Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты, нысаны анықталады, зерттеу міндеттері мен болжамы, құрылымы, әдіснамалық негізі, басты идеясы, ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу әдістері көрсетіледі, қорғауға ұсынылған қағидалар баяндалады.
" Болашақ мамандардың қарым-қатынас мәдениетін дамытуда ұлттық құндылықтарды пайдалану мәселесі" аттыбірінші бөлімде ұлттық құндылықтар жүйесі - болашақ мамандардың қарым-қатынас мәдениет дағдыларын қалыптастырудың негізі, болашақ мамандардың қарым-қатынас мәдениетін ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастырудың ғылыми зерттелу деңгейі, болашақ мамандардың қарым-қатынас мәдениетін ұлттық құндылықтар құндылықтар негізінде калыптастырудың теориялық моделі берілді.
" Ұлттық құндылықтар негізінде болашақ мамандардың қарым-қатынас мәдениетін дамыту әдістемесі" атты екінші бөлімде болашақ мамандардың қарым-қатынас мәдениетін құндылықтар негізінде сабақтарында қалыптастыру, 5-9 сынып оқушыларының саламатты өмір сүру дағдыларын құндылықтар арқылы сыныптан тыс шаралар негізінде қалыптастыру, оқушылардың саламатты өмір сүру дағдыларын рухани - адамгершілік ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастыру динамикасы берілді.
"Жастардың бойына саламатты өмір салты мәдиниетін қалыптастырудың жолдары" атты үшінші бөлімде оқушыларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, оқушыларды саламатты өмір салтына тәрбиелеу жолдары көрсетілді.
Қорытындыда диссертациялық жұмыстың нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
Қосымшада құндылықтар арқылы оқушылардың саламатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру мәселелері бойынша анықтауға арналған сауалнама, ата-аналарға арналған сауалнама, оқушылардың саламатты өмір сүру дағдысын игеруге көмектесетін ереже, халық даналығының көңілге түйген мына жағдайлары үнемі есіңде болсын, сыныпта жүргізілетін тәрбие жұмысының негізгі тақырыптары, мысал ретінде ғұлама, ойшыл АБУЛЛАХ ИБН - МОКАФ-тың " ұлым менің..." әңгімесінен үзінді,саламатты өмір суру негіздері арнайы курсының бағдарламасы көрсетілген.
Диссертацияның көлемі. Диссертация кіріспеден, үш тараудан қорытындыдан, ғылыми әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан, 5-суреттен, 15-кестеден, көлемі 80 - беттен тұрады.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Болашақ мамандардың қарым-қатынас мәдениетін дамытуда ұлттық құндылықтарды пайдалану мәселесі
1.1. Жоғары оқу орындарында болашақ мамандардың қарым-қатынас мәдениетін дамытуда ұлттық құндылықтардың педагогикалық-психологиялық негіздері
1.2. Ұлттық құндылықтар тұрғысынан болашақ мамандардың қарым-қатынас мәдениетін дамыту ерекшеліктері
1.3. Жоғары оқу орнында болашақ мамандардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда ұлттық құндылықтарды пайдалану мүмкіндіктері
2. Ұлттық құндылықтар негізінде болашақ мамандардың қарым-қатынас мәдениетін дамыту әдістемесі
2.1 Ұлттық құндылықтар негізінде болашақ мамандардың қарым-қатынас мәдениетін дамыту әдістемесі
2.2 Болашақ мамандардың қарым-қатынас мәдениетін дамытудың жаңаша жүйесін айқындаудағы педагогикалық шарттар
0.3 Тәжірибелік-эксперимент жұмыстардың мазмұны және оларды
талдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бүгінгі таңда еліміздің егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Сондықтан қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz