Тәуке ханның тұсындағы Жеті жарғы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Математика және жаратылыстану ғылымдары факультеті
Физика кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тәуке ханның Жеті жарғысы

Орындаған: АМДИ19К тобының студенті Смайыл А. А.
Тексерген: Есматова М. Т.

Петропавл, 2019ж.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Тәуке ханның тұсындағы Жеті жарғы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2 Жарғының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
3 Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

Кіріспе
Жеті жарғы - Тәуке хан (1678 - 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған "Қасым ханның қасқа жолы" мен "Есім ханның ескі жолын" одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында "Тәуке ханның Жеті жарғысы" деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады.
Жарғының түрлері
1-жарғы. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.(Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туды).
2-жарғы.Түркі халқының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі - елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).
3-жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірушілікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық).
4-жарғы. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен, неке парызына адалдықты талап еткен маңызы зор жаңалық).
5-жарғы. Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын. (Ол кезде ер қанаты - ат елдің, мемлекеттік соғыс күші ретінде бағаланады).
6-жарғы. Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін: а) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді. ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7-жарғы. Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.
Тәуке ханның тұсындағы Жеті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығын басқару жүйесі
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасы
Тұрсын ханның өлуі
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі жағдайы
Әз Тәуке Хан (1626-1718)
Қазақ хандығының заңдары
Қазақтың атақты билері
16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығы
Тәуке хан және оның билік құрған жылдары
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы туралы ақпарат
Пәндер