Мəмілелерді мемлекеттік тіркеу
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Мәміле заң фактілерінің бірі болып табылады. Оның үстіне, азаматтық айналым саласында құқық қатынастарын үздіксіз тудырып, дамыта келе, мәмілелер осындай айналымның серпінді дамуын қамтамасыз етіп отырады. АК-ның 147-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық қүқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады. Демек, субъектiлердің мақсаты әрекеттері мәмілелер деп танылады. Олардың тікелей мақсаты азаматтық құқықтарды немесе міндеттерді белгілеу (мысалы, мүлікті сыйға тарту тікелей затқа меншік құқығының сыйға тартушыдан сый алушыға өтуіне бағытталған), мұндай құқықтар мен міндеттерді өзгерту (мысалы, тараптар жалға берілген мүлікті қайтару мерзімін ұзарту жөнінде уағдаласады), не, ең ақырында, оларды тоқтату (несие беруші борышқорды берешегін өтеуден босатты) болып табылады.
Басқаша, заңға қайшы нәтижелерге жетуге бағытталған, бірақ заңның ұйғарымына байланысты ол да азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкеп соқтыратын іс-қимылдар мінез-құлықтың өзге актілеріне қарағанда мәміленің заңдық салдарына мақсатты әсер етуімен көзге түседі.
ҚР Кoнcтитуцияcының 26 бaбы 4 тaрмaғынa cәйкec Әркiмнiң кәciпкeрлiк қызмeт eркiндiгiнe, өз мүлкiн кeз кeлгeн зaңды кәсiпкeрлiк қызмeт үшiн тәуелсіз қолдануға құқылы АК 1 бaбы 1 тaрмaғы осындaй қызмeттi іске aсырушы тaлaптaрдың қaрым-қaтынacтaры aзaмaттық зaңдaрмeн рeттeлeдi дeп айтылған. Aзaмaттық құқықтaр мeн мiндeттeмeлeрдiң жаралу нeгiздeрiнe зaңдaрды, зaңды фaктiлeрдi жaтқызaды жәнe олaрдың caлдaрлaрының бoлуын мәлімдейді. Aзaмaттық құқық ҚР құқық кешендерінің ең мaңыздылaрының бiрi. Aзaмaттық құқық саласын зерттеуден бұрын, оның пәнiн анықтап, өзгеше айқанда, мұның пәнi нe eкeнiн түciнiп алғанымыз дұрыс.
Aзaмaттық құқық Қaзaқcтaн Рecпубликacының құқық caлaлaрының eң мaңыздылaрының бiрi бoлғaндықтaн күндeлiктi өмірде, сoндaй-aқ aзaмaттaрдың, зaңды тұлғaлар мeн мeмлeкeттiң өзiмeн, oның әкiмшiлiк-aумaқтық бөлiнiстeрiмeн тығыз бaйлaныcты.
Aзaмaттaр мeн зaңды тұлғaлaрдың aзaмaттық құқықтaры мeн мiндeттeрiн бeлгiлeугe, өзгeртугe нeмeсe тoқтaтуғa бaғыттaлғaн әрeкeттeрi мәмiлeлeр бoлып тaбылaды. Мәмiлe - құқықтық(құқыққа сай әрекет) әрекет.
Мәмiлe бұл - зaңмeн рұқсaт eтiлгeн құқықтық iс әрeкeт. Құқықтық белгілерімен мәміле құқыққа қайшы бағытталған, былайша, басқаларға зиян әкелуге бағытталған әрекеттерден ерекшеленеді. Бұндай әрекеттер келтірілген залалды толтырумен байланысты азаматтық кұқықтар мен міндетемелерді шығарады, бірaқта oлaр мәмiлeдeн eмec, зaлaл кeлтiру фaктiсiнeн, дeликтeдeн пaйдa бoлaды.
Мәмілелердің ұғымына aдaмдaр мeн зaңды тұлғaлaрдың зaңды құқықтaры мeн мiндeттeрiн oрындaуғa, бeлгiлeугe, өзгeртугe нeмeсe тoқтaтуғa бaғыттaлғaн әрeкeттeрiн жaтқызaмыз.
Мәмілелердің көп бөлігін нотариалдық куәландыру және мемлекеттік тіркеу керектігі жайлы шарттардан осы актілерді мақұлдайтын құжаттардың растығының аса маңыздылығы туындайды. Іс жүзінде өтірік материалдарды шынайы материалдар ретінде қабылдайтын адамдарға нұқсан келтіретін жалған нотариалдық куәландыру, тіркеудің қате немесе шала жүргізілуі секілді жағдайлар әлі де кездеседі.
Aзaмaттық кoдeкcтiң 155 - бaбынa cәйкec кeйбiр мәмiлeлeр зaң құжaттaрындa көрceтiлуiн, мeмлeкeттiк нeмece өзгe тiркeлугe жaтaды. Бұл мәмiлeлeр тeк oлaрды тiркeлгeннeн кeйiн ғана жacaлды дeп сaнaлaды. Тiркeу мүддeлi тaрaптың тiркeушi oргaнғa тaбыc eткeн нeмece пoчтaмен жіберген aрызы бoйыншa жүргiзiлeдi. Тiркeудeн бaс тaрту жaзбaшa түрдe рәсiмдeлугe тиic жәнe зaң тaлaптaрының бұзылуынa ciлтeмe жaсaлғaндa ғaнa мүмкiн бoлaды. Eгeр мeмлeкeттiк тiркeуi кeрeк мәмiлe тиicтi ныcaндa icтeлiнce, бiрaқ тaрaптaрдың бiрi oны тiркeудeн жaлтaрca, coт eкiншi тaрaптың тaлaп eтуiмeн мәмiлeнi тiркeу турaлы шeшiм шығaруғa құқығы бaр. Mәмiлe coттың шeшiмiнe сәйкec тiркeлeдi. Тiркeуді тоқтатқан жaқ coт aрқылы мәмiлeнe жaрaмcыз дeп тaнуды тaлaп eтугe кұқылы
Курстық жұмыстың мақсаты. Зерттеуге берілген курстық тақырыбы ҚР-ң заңнамасы бойынша мәмілелердің жарамды болуының талаптары мен жарамсыздығының алғышарттары болғандықтан, жұмыс мақсаты - Азаматтық құқықтағы мәмілелер туралы толық мәлімет жинақтау, мәмілелердің мақсаттарын, міндеттерін, мәмілелердің жарамсыздығының алғышарттары толық ашып көрсете білу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығындағы Мәмілелер бөлімін толық ашып көрсете білу;
- мәмілелердің түсінігі мен түрлерін зерттеу;
- мәмілелердің Азаматтық құқықтағы алатын орнын зерттеу;
- мәмілелердің жарамды болуының талаптарын зерттеу;
- мәмілелердің түрлеріне тоқтала отырып мәмілелердің жарамсыздығының алғышарттарын зерттеу т.б.
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 МӘМІЛЕЛЕР
1.1. Мәміленің түсінігі
Азаматтық Кодекстің 147-бабында: Мәміле - азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндетерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп белгіленеді.
Мәміленің белгілері:
1. Тұлғаның ерік (тілек немесе ниет) білдіру;
2. Рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа сәйкес әрекет;
3. Қандай - да бір құқық жасауға бағытталған;
4. Мәміле әрқашан құқықтық салаларды туғызады. [1, 33б]
4-тарау. Мәмілелер
147-бап. Мәмiле ұғымы
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады.
148-бап. Бiржақты мәмiлелер мен шарттар
1. Мәмiлелер бiржақты және екi немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкiн.
2. Заңдарға немесе тараптардың келiсiмiне сәйкес жасалуы үшiн бiр тараптың ерiк бiлдiруi қажет және жеткiлiктi болатын мәмiле бiржақты мәмiле деп есептеледi.
3. Шарт жасасу үшiн екi тараптың (екiжақты мәмiле) не үш немесе одан да көп тараптың (көпжақты мәмiле) келiсiлген ерiк бiлдiруi қажет.
149-бап. Бiржақты мәмiлелердi құқықтық реттеу
1. Бiржақты мәмiле мәмiле жасаған адамға мiндеттер жүктейдi. Ол басқа адамдарға заң құжаттарында белгiленген не сол адамдармен келiсiм болған реттерде ғана мiндеттер жүктей алады.
2. Бiржақты мәмiлелерге тиiсiнше мiндеттемелер туралы және шарттар туралы жалпы ережелер қолданылады, өйткенi бұл заңдарға, мәмiленiң табиғаты мен мәнiне қайшы келмейдi.
150-бап. Шартпен жасалған мәмiлелер
1. Егер тараптар құқықтар мен мiндеттердiң туындауын басталу-басталмауы белгiсiз мән-жайға байланысты етiп қойса, мәмiле кейiнге қалдырылатын шартпен жасалды деп есептеледi.
2. Егер тараптар құқықтар мен мiндеттемелердiң тоқтатылуын басталу-басталмауы белгiсiз мән-жайға байланысты етiп қойса, мәмiле кейiн күшi жойылатын шартпен жасалды деп есептеледi.
3. Егер шарттың басталуы тиiмсiз болатын тарап шарттың басталуына терiс пиғылмен кедергi жасаса, шарт басталды деп танылады.
Егер шарттың басталуы тиiмдi болатын тарап шарттың басталуына терiс пиғылмен ықпал етсе, шарт басталмаған деп танылады.
151-бап. Мәмiленiң нысаны
1. Мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық).
2. Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған ретте де жасалған деп саналады.
3. Жетон, билет немесе әдеттегiдей қабылданған өзге де растайтын белгi арқылы расталған мәмiле, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады.
4. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мәмiле жасауға ерiк бiлдiру деп танылады.
5. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшiн жасалған мәмiлелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келiсiмi бойынша ауызша жасалуы мүмкiн.
152-бап. Мәмiленiң жазбаша түрi
1. Мынадай мәмiлелер:
1) егер мәмiлелердiң жекелеген түрлерi үшiн заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан туындамаса, мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, кәсiпкерлiк қызмет үрдiсiнде жүзеге асырылатын;
2) мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, бір жүз айлық есептiк көрсеткiш жоғары сомаға;
3) заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасалуға тиiс.
1-1. Мәміленің жазбаша нысаны қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жасалады.
2. Егер iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмiлеге тараптар немесе олардың өкiлдерi қол қоюға тиiс.
Егер заңдарға немесе мәмiлеге қатысушылардың бiрiнiң талаптарына қайшы келмесе, мәмiле жасау кезiнде қол қоюдың факсимилелiк көшiрме, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалануға жол берiледi.
3. Екiжақты мәмiлелер әрқайсысына өзiн жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкiн.
Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс, электрондық құжаттар, электрондық хабарлар немесе субъектiлердi және олардың ерiк бiлдiруiнiң мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен өзгеше белгiленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмiлеге теңестiрiледi.
Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) тараптардың бірінің талап етуі бойынша қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн, оларға мәмiле нысаны, атап айтқанда белгiлі бір нысандағы бланкiде жасау, егер заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, аталған тұлғаның мөрімен бекемдеу сәйкес келуге тиіс.
4. Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан өзi қол қоя алмаса, оның өтiнiшi бойынша мәмiлеге басқа азамат қол қоя алады. Соңғысының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам, мәмiле жасаушының өзi қол қоя алмаған себептердi көрсете отырып, куәландыруға тиiс.
5. Жазбаша түрде жасалған мәмiленi орындаған тарап екiншi тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы.
Мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсiпкерлiк мәмiленi орындаған тараптың да осындай құқығы бар.
Ескерту. 152-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - ҚР 1998.03.02. N 211, 2003.01.08 N 372; 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
153-бап. Мәмiленiң жазбаша нысанын сақтамау салдары
1. Мәмiленiң жай жазбаша нысанын сақтамау дау болған жағдайда тараптарды мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын куәгерлiк айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда, тараптар мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге де, куәгерлiк айғақтардан басқа, дәлелдермен растауға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келiсiмiнде тiкелей көрсетiлген жағдайларда мәмiленiң жай жазбаша нысаны сақталмаған кезде мәміле маңызсыз болып саналады.
3. Жай жазбаша нысан сақталмаған кезде сыртқы экономикалық мәмiле маңызсыз болып саналады.
Ескерту. 153-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). [2]
Қазіргі замандағы нарықтық экономика жағдайында азаматтық айналымды талапқа сай қамтамасыз ететін азаматтық-құқықтық мəмілелер заңи актілердің негізгі түрі болып табылады. ҚР АК 147-бабына сəйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған əрекеттерi мəмiлелер деп танылады. Мəміле жасау субъектілеріне азаматтар мен заңды тұлғалар жатады. ҚР АК мұндай мүмкіндікті Қазақстан Республикасы мен əкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерге де береді. (ҚР АК 111-114 б.)
Мəмілелер ретінде белгілі бір құқықтық нəтижеге қол жеткізуге бағытталған əрекеттер танылады. Сондықтан мəміле ол ерікті білдіретін акті болып табылады. Ерік білдіру арқылыбелгілі бір құқықтық нəтижеге қол жеткізуге бағытталған субъектінің еркін білдіретін ісқимыл мəміле болып табылады. Мəміленің оқиғадан айырмашылығы осында.
Мəмілелер азаматтық құқықтар мен міндеттерді туындатуға, өзгертуге жəне тоқтатуға бағытталған. Дəл осы арқылы ол, азаматтық құқықтар мен міндеттерді туындатуға, өзгертуге жəне тоқтатуға бағытталатын жəне құқықтың өзге де салаларымен реттелетін басқа ерікті актілерден ерекшеленеді (мысалы, жұмысқа қабылдау туралы өтінішті ұсыну жəне жұмысқа қабылдау туралы дирекцияның бұйрығы еңбек құқықтары мен міндеттерін туындатады).
Мəмілені азаматтық құқықтар мен міндеттердің туындауына негіз болатын мемлекеттік органдардың жəне жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілерінен айыра білу қажет. Аталған актілерге қатысты ҚР АК мəмілелер туралы ережелері қолданылмайды.
Мəміленің белгілі бір құқықтық нəтижеге қол жеткізуге бағытталуы, оны заңи іс-қимылдан (ҚР АК 245-бабы - затты табу; ҚР АК 247-бабы - тұлғаның көмбені табуы жəне т.б.) ажыратады. Заңи ісқимылдың құқықтық салдары субъектінің еркіне жəне оның əрекет қабілеттілігіне қарамастан заңға орай туындайды.
Мəміленің субъектісі ретінде азамат толық əрекет қабілеттілігіне ие болуы тиіс. Мəміле құқылы əрекет болып табыладыжəне осы арқылы құқыққа қайшы əрекеттерден ажыратылады.
1.2 Мəмiленiң нысаны
Мəмiлелер ауызша жəне жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық).
Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мəмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мəмiлелердiң бəрi ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай мəмiле адамның мiнез-құлқынан оның мəмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған ретте де жасалған деп саналады.
Жетон, билет немесе əдеттегiдей қабылданған өзге де растайтын белгi арқылы расталған мəмiле, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады.
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мəмiле жасауға ерiк бiлдiру деп танылады.
Мысалы ретінде ҚР АК 558 бабындағы ережелерді атауға болады. Оған сəйкес мүлікті жалдау шартының мерзімі өткеннен кейін жəне жалға беруші жағынан қарсылық болмаса (үндемемесе) шарт жаңа мерзімге қайта жаңғырды деп саналады.
ҚР АК 152-бабына сəйкес мəмiленiң жазбаша түрi жасалуы керек:
1) егер мəмiлелердiң жекелеген түрлерi үшiн заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе iскерлiк қызмет өрiсiнiң əдеттегi құқықтарынан туындамаса, мəмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатын- дарынан басқа, кəсiпкерлiк қызмет үрдiсiнде жүзеге асырылатын;
2) мəмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, жүз есептiк көрсеткiш жоғары сомаға;

Атап айтқанда, келесі шарттарға мəміленің жазбаша нысаны міндетті болып табылады:
- кепілге,
- кепілдікке,
- кепіл болушылыққа,
- сыртқы экономикалық мəмілелерге,
-банктік салымға,
- банктік шотқа, сақтандыруға,
- айып төлеу туралы келісімге,
- кепілпұл келісіміне,
- алдын ала жасалатын шартқа,
- құрылтай шартына,
- лизингке,
- кəсіпорынды жалға алуға,
- банктік заемға жəне т.б.
Жай жазбаша нысан белгілі бір құжаттарды (хатты, хаттаманы, шарт мəтінін) жасау жолымен көрініс табады жəне онда тараптар қол жеткізген келісімнің ережелері сипатталады. Ауызшаға қарағандағы жазбаша нысанның артықшылығы даусыз.
Жазбаша түрде жасалған мəмiлеге тараптар немесе олардың өкiлдерi қол қоюға тиiс. Бірқатар ережелерді сақтай отырып, мəмілеге өзге тұлғалардың қол қоюына жол беріледі. Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс, электрондық құжаттар немесе субъектiлердi жəне олардың ерiк бiлдiруiнiң мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, жазбаша түрде жасалған мəмiлеге теңестiрiледi. Мəмiле жасау кезiнде қол қоюдың факсимилелiк көшiрмесін пайдалануға жол берiледi. Заңда немесе тараптардың келісімінде мəміленің нысанын күрделендіре түсетін арнайы ережелер қарастырылуы мүмкін (арнайы бланк, мөр).
Мəмiленiң жай жазбаша түрiн сақтамау оның жарамсыз болып қалуына əкелiп соқтырмайды, бiрақ дау туған жағдайда тараптарды мəмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куəгерлiк айғақтармен растау құқығынан айырады.
Заң құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiнде тiкелей көрсетiлген реттерде мəмiленiң жай жазбаша түрiн сақтамау оның жарамсыз болып қалуына əкелiп соқтырады.
Мəмілелерді нотариалды куəландыруды мемлекеттік, жеке нотариустар, қызмет ету аймағында нотариалды контора жоқ болған ретте атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары, шетелдегі ҚР консулдық мекемелері жəне заңмен уəкілеттілік берілген өзге де тұлғалар жүзеге асырады (қараңыз: Нотариат туралы ҚР Заңының 1-бабы).
Нотариалдық куəлəндыру мəміленің бірнеше түріне ғана қажет: - өсиет; - мүлікке билік ету сенімхаттары жəне нотариалдық нысанды қажет ететін мəмілелер жасауда;
- рента шарты;
- қайта жасау тəртібінде берілетін сенімхаттар;
- неке шарты;
- алименттер төлеу келісімі;
- шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттары.
Мəміленің міндетті нотариалдық куəландыруын сақтамау оның жарамсыздығына əкеледі.
ҚР АК 394 бабында егер тараптар белгiлi бiр нысанда шарт жасасуға уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрi үшiн бұл нысан талап етiлмесе де, шарт оған уағдаласқан нысан берiлген кезден бастап жасалды деп есептелетіндігі бекітілген.
Мəмілелерді мемлекеттік тіркеу.
Бірқатар мəмілелер мемлекеттік тіркелуге жатады.
ҚР АК 155 бабы егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, заңнамалық актілерге сəйкес мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге тиіс мəмілелер, сондай-ақ ҚР АК 118-бабының 2-тармағынның бірінші бөлігінде аталған құқықтарды туындататын, өзгертетін немесе тоқтататын мəмілелер тіркелгеннен кейін жасалған болып есептелетіндігін бекітеді.
Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде рəсімделуге тиіс жəне заңнама талаптарының бұзылуына сілтеме жасалғанда ғана мүмкін болады.
Егер тараптардың бірі мəміле бойынша құқықтарды мемлекеттік тіркеуден жалтарса, сот екінші тараптың талап етуімен мəміле бойынша құқықтарды тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Мұндай жағдайда құқықтар сот шешіміне сəйкес тіркеледі.
Мемлекеттік тіркеу келесідей мəмілелерге міндетті:
- Қозғалмайтын мүлiкпен жасалатын мəмiле;
- Қозғалатын мүліктің жекелеген түрлерімен жасалатын мəміле;
- Бағалы қағаздармен жасалатын мəміле;
- Капиталдың ағымына байланысты мəмілелер;
- Лицензиялық мəмілелер;
- Жер қойнауын пайдалануға байланысты мəмілелер;
- Заем туралы мемлекеттік шарттар.
- Қозғалмайтын мүлiкпен жасалатын мəмiлелерді мемлекеттiк тiркеу.
ҚР АК 118-бабында белгіленгендей, қозғалмайтын заттарға меншiк құқығы мен басқа да құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы жəне тоқтатылуы мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
Меншiк құқығы, шаруашылықжүргiзу құқығы, оралымды басқару құқығы, бiр жылдан астам мерзiмге жер пайдалану құқығы, бiр жылдан астам мерзiмге пайдалану құқығы, жылжымайтын мүлiктi кепiлге беру, жылжымайтын мүлiкке рента, сенiм бiлдiру арқылы басқару құқығы мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап пайда болады.
Міне осылайша, жылжымайтын мүлікке деген барлық құқықтар тіркелуге жата бермейді. Тек келесілері ғана тіркелуі тиіс:
- меншік құқығы
- шаруашылық жүргізу құқығы
- оралымды басқару құқығы
- бір жылдан артық мерзімге жерді пайдалану құқығы
- мүлік кепілі жылжымайтын мүлік рентасы мүлікті сенімгерлікпен басқару құқығы.
Қозғалмайтын мүлiкке құқықты жəне онымен жасалатын мəмiленi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы орган құқық иеленушiнiң өтiнiшi бойынша тiркелген құқық немесе мəмiле туралы құжат беру арқылы не тiркеу үшiн табыс етiлген құжатқа жазба жасау арқылы тiркеуден өткендiгiн растауға мiндеттi.
Қозғалмайтын мүлiкке құқықтарды жəне онымен жасалған мəмiленi мемлекеттiк тiркеу жария түрде өтедi. Тiркеудi жүзеге асырушы орган жасалған тiркеу мен тiркелген құқықтар туралы ақпаратты кез келген адамға беруге мiндеттi.
Қозғалмайтын мүлiкке құқықты немесе онымен жасалатын мəмiленi мемлекеттiк тiркеуден бас тартқан не тiркеуден негiзсiз жалтарған жағдайда сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
Мемлекеттiк тiркеу тəртiбi жəне тiркеуден бас тарту негiздерi қозғалмайтын мүлiкке құқықтарды жəне онымен жасалатын мəмiленi тiркеу туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленедi. [3, 111б]
2. МӘМІЛЕЛЕР ТҮРЛЕРІ
2.1 Мәмілелердің жарамды болуының талаптары
Мəмiлелер бiржақты жəне екi немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкiн. Заңдарға немесе тараптардың келiсiмiне сəйкес жасалуы үшiн бiр тараптың ерiк бiлдiруi қажет жəне жеткiлiктi болатын мəмiле бiржақты мəмiле деп есептеледi. Мысалы, біржақты мəмілеге келесілерді жатқызуға болады: азамат немесе заңды тұлға өзiне тиесiлi мүлiк бойынша меншiк құқығынан бас тартуы (ҚР АК 250-бабы); сенімхат жасап, өсиет қалдыру (ҚР АК 1046 бап); жай векселді ұсыну; мiндеттемені қарсы талапты есепке жатқызу арқылы тоқтату (ҚР АК 370 бап).
Тек, бір тұлғаның еркін сипаттауы себепті, бiржақты мəмiле оны жасаған тұлғаға мiндеттер жүктейдi.
Мысалы, тек заңды тұлғаларда, өзінің негізгі құралдарының жартысынан бас тартып оны мемлекет пайдалануына берген кезде - сəйкесінше баланстан шығарып жəне салық салынатын базадан алып тастау бойынша тапсыру рəсімдері міндеттеледі.
Ал, басқа тараптан алғанда, біржақты мəмілелер заң құжаттарында белгiленген не сол адамдармен келiсiм болған реттерде ғана мiндеттер жүктей алады (ҚР АК 149-бабы). Мысалы, мердігер ретіндегі заңды тұлға тапсырысшының кінəсінен мердігерлік жұмыстарды одан əрі орындаудан бас тартқан ретте, тапсырысшы іс жүзінде орындалған жұмыстарды акті бойынша қабылдап, сол бойынша онымен есеп айырысуы қажет (ҚР АК 631 бап).
Бiржақты мəмiлелерге тиiсiнше мiндеттемелер туралы жəне шарттар туралы жалпы ережелер қолданылады, өйткенi бұл заңнамаға жəне мəмiленiң құқықтық табиғатына қайшы келмейдi (ҚР АК 149- бап).
Бiржақты жəне көпжақты мəмiлелерді жасау үшін тиісінше екі жəне одан да көп тараптың үйлескен еркі қажет. Мұндай мəмілелер 109 шарттар деп аталады жəне кең таралған заңи фактілердің санатына жатады жəне оларға мəмілелер, міндеттемелер жəне шарттар жөніндегі жалпы ережелер қолданылады. Ал, олардың жекелеген түрлеріне міндеттемелердің жекелеген түрлері жөніндегі ережелер қолданылады ( ҚР АК 147-162, 268-960 баптары).
Мəмілелерді жасасу мақсатының бар не жоқтығына қарай азаматтық құқық мəмілелерді каузалдық жəне абстрактілік деп бөледі. Егер ондай мақсат бар болса, онда мəміле каузалдық деп танылады, ал, егер жоқ болған ретте ол абстрактілі саналады. Біріншісінің мысалына, тұрғын үй құрылыс шартын атауға болады, яғни онда мəміленің мақсаты - тұрғын үйді салу нақтыайқындалған. Абстрактілімəміленің мысалына, акцияларды сатып алу үшін жай векселді ұсынуды айтуға болады. Бұл ретте, мəмілені орындауға жəне оның қатысушыларының жауапкершілігіне қатысты ешбір талаптар қарастырылмайды. Сатып алушы (вексел ұстаушы) кейіннен акцияларды сатып алуға аударылған дивидендтердің аз мөлшерде екендігін білгенімен, ол сатушыдан векселді кері талап етуге құқығы болмайды.
Тəжірибеде мəмілелерді консенсуалды жəне нақты деп бөлу аса маңызды орын алады.
Консенсуалды мəмілелер - келісімге келген сəттен бастап азаматтардың құқықтары мен міндеттері туындайтын мəмілелер. Нақты мəмілені жүзеге асыру үшін келісімнің бір өзі жеткіліксіз, оған қоса затты тапсыру керек. Нақты мəмілелер болып табылатын шарттардың мысалы ретінде сақтау, заем, кепілпұлды жəне т.б. атауға болады. Демек, бұлардың жасалуы үшін заттың да берілуі қажет етіледі.
Сондай-ақ мəмілелер ақылы жəне ақысыз деп ажыратылады. Тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса немесе тараптар бір-біріне бір нəрсе беруі керек болса, бұл ақылы мəміле болып табылады (мəселен, оған затты, ақшаны тапсыру жатады). Ал бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнəрсе бермей бірнəрсені ұсынуды міндеттене алған мəміле ақысыз болып есептеледі.
ҚР АК 150-бабына сəйкес кейінге қалдырылатын жəне кейін күші жойылатын шарттармен жасалған мəміле ұғымы енгізіледі.
Егер тараптар құқықтар мен мiндеттердiң туындауын басталу-басталмауы белгiсiз мəн-жайға байланысты етiп қойса, мəмiле кейiнге қалдырылатын шартпен жасалды деп есептеледi. Демек, аталған мəміле жасасу сəтінен емес, көрсетілген шарттар орын алған ретте туындайды жəне ол шарттардың туындау-туындамауы белгісіз болады.
Егер ол мəн-жай туындамаса, онда мəміле өз əрекетін тоқтатады.
Мысалы екі заңды тұлға мəміле жасаған, соған сəйкес шаруашылық жылдың қорытындысы бойынша белгілі мөлшерде таза табыс алғанжағдайда бір тарап бір тарапқа автокөлік сыйлауға міндеттенген.
Егер тараптар құқықтар мен мiндеттемелердiң тоқтатылуын басталу-басталмауы белгiсiз мəн-жайға байланысты етiп қойса, мəмiле кейiн күшi жойылатын шартпен жасалды деп есептеледi.
Осы ретте, тараптардың құқықтары мен міндеттері мəмілені жасасу күнінен туындағанымен, көрсетілген мəн-жай орын алған ретте тоқтатылады. Мысалы, тараптардың арасында жасалынған тұрғын үйді жалға алу шарты жалға берушінің ұлы басқа қаладан келгенше қолданылады.
Адал емес пиғылмен шарттың басталуына кедергі жасаған немесе теріс пиғылымен оның басталуына əрекет еткен жағдайда, аталған құқық нормасы шартты мəмілелердегі адал емес пиғылды тараптарға санкциялар көздейді. Бірінші жағдайда, егер бұл теріс пиғылды əрекеттер жасалған болса - шарттар басталды деп есептеледі, екінші жағдайда басталмаған болып есептеледі.
Акционерлік қоғамдар туралы ҚР Заңның 7-тарауында акционерлік қоғамның ірі мəміле жасасу ұғымы берілген. Аталған заңнамалық анықтама ондай əрекеттерді жасасу рəсімдерінің өзіне ерекше талаптар қояды жəне аталған категориядағы заңды тұлғалардың оларды сақтамауының құқықтық салдарларын қарастырады.
Аталған Заңның 68-бабына сəйкес нəтижесінде құны қоғам активтері құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес жəне одан да көп пайызы болатын мүлікті қоғам сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн) мəміле немесе өзара байланысты мəмілелердің жиынтығы ірі мəміле деп танылады.
Заңи тұрғыдан ірі мəміле ұғымы тек, акционерлік қоғамдардың қызметіне ғана қолданылады. Заңды тұлғаның өзге ешбір түрі өз қызметінде аталған ережелерді жəне рəсімдерді қолданбайды.
Мəмілені жасасу кезінде акционерлік қоғамның атынан оның атқарушы органы, мысалы, президенті, директорлар кеңесі, сондайақ қоғамның ең жоғары органы ретіндегі акционерлердің жалпы жиналысы əрекет етеді.
Аталған баптың ережелеріне сəйкес ортақ бір міндеттеме, ортақ мақсат жəне мəмілелердің ортақ пəні, жасасу уақытының бірмезетте болуы, сондай-ақ бірнеше мəмілелерде сол бір тараптардың қатысуы арқылы біріккен бірнеше мəмілелер өзара байланысты мəмілелер деп танылады.
Міндеттемені орындау жəне бұрын жасалған ірі мəмілелерді жүзеге асыру жөніндегі əрекеттер жекелеген мəмілелер ретінде саналмауы тиіс. Атап айтқанда, мысалы бұрын қоғамның банктен несие алатындығы жөнінде ірі мəміле жасалған болса, онда бұдан кейінгі барлық мəмілелер мен əрекеттерді аталған ірі мəміленің орындалуы ретінде қарастырған жөн. Бұған аталған мəмілені қамтамасыз ету, борышты аудару немесе несиелік берешекті өтеу жөніндегі əрекеттерді жатқызуға болады. Тиісінше, директорлар Кеңесі ірі несие шартын жасасу жөніндегі шешімді қабылдау барысында осындай құқықтық салдарлары мен мəн-жайларды ескеруі жəне айрықша талқылауы қажет. Өйткені бұл болашақта акционерлік қоғамның экономикалық мүддесін лайықты түрде қорғауға мүмкіндік береді жəне оның атқарушы органына тиісті өкілеттіктерді ұсынады.
Ірі мəмілені жарамсыз деп тану туралы талап-арызды кез келген мүдделі тұлға ұсына алады. Бұлардың қатарына тараптардың өздері, сондай-ақ акционерлер мен директорлар кеңесінің мүшелері жатады.
Заңда жəне қоғамның жарғысында белгіленген талаптарды бұза отырып қасақана ірі мəміле жасаған тұлғаның, егер мұндай талап пайдакүнемдік немесе жауапкершіліктен жалтару ниетінен туса, мəмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.
Біржақты, екі немесе көп жақты;
- ақылы және ақысыз;
- нақты және консуалды;
- казуалды және абстрактілі;
- шартпен жасалған;
- биржалық.
Біржақты, екі немесе көп жақты:
Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле біржақты мәміле деп есептеледі. Ал шарт жасасу үшін екі тараптың (екіжақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көпжақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет. Біржақты мәмілелер көп кездесе бермейді. Олардың жиі кездесетін түрі өсиет. Біржақты мәміледе бір тараптың еркі болса жеткілікті.
Ақылы және ақысыз:
Тиісті тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алатын болса немесе тараптар бір-біріне бір зат беруі керек болса, бұл ақылы мәміле болып табылады. Ал, бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе еш бір зат бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған мәміле ақысыз болып есептеледі.
Нақты және консуалды:
Консенсуалды мәмілелер - тараптар келісімге келген сәттен бастап азаматтардың құқықтары мен міндеттері туындайтын мәмілелер, яғни сол сәттен бастап жасалды деп саналатын мәмілелер. Ал нақты мәміле, оны жүзеге асыру үшін жасалды деп есептеу үшін келісіммен қатар тиісті затты тапсыру қажет.
Казуалды және абстрактілі:
Мәмілелерді азаматтық құқықтану ғылымында каузальдық (себепті) және абстракциялық деп те бөледі. Әрбір мәміле тараптардың алға қойған мақсатына орай құқықтық негізбен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz