Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
1.1. Ы.Алтынсарин еңбектерінің ғылыми - теориялық негіздері

II. Негізгі бөлім
2.1. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары
2.2. Ұлы ғалым - педагог Ы.Алтынсарин
2.3. Ы.Алтынсарин тәрбиеші- ұстаз
III. Қорытынды

Біз келешекте қуатты мемлекет, зиялы қоғам құрамыз десек, дәл бүгін бесікте жатқан бөбектерді, балабақшада жүрген балдырғандарды, мектеп шәкірттерін тектілікке, инабаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеуді қазіргі уақыттың міндеті, талабы деп қарауымыз керек . Осы талап пен міндеттерді орындалудағы ең бір пәрменді құрал - оқу, тәлім - тәрбие жұмыстарында халықтық құндылықтардың алтын мұрасын пайдалану. Қазіргі таңда білімнің басты мақсаты - бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыреттілігі жоғары, жаңаша ойлайтын шығармашылықты мамандар даярлау және жасампаз іс әрекетті қалыптастыру. Олай болса, тарих көшінде өзіндік орны бар айрықша зиялы қауым өкілдерінің ұрпақ тәрбиесі туралы мәселелер ауқымындағы ой пікірлерін зерделеу, сипаттау, таразылау, жинақтау, оларды қоғамдық іс - тәжірибе шеңберіне енгізу.
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының тағдырына ерекше мән берген ұлы ағартушы - педагог. Ы.Алтынсарин педагогикасының мұраларының негізгі идеяларының бірі - адамның өзара қарым - қатынасы, жастарды еңбекке баулу. Өзінің барлық педагогикалық теориясында жас жеткіншектердің ұлттық тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген пікірді ұстанғандардың бірі Ыбырай. Оның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына әсіресе , қазақтың мәдениетін , өнерін терең білетін, ақыл - парасаты жоғары, сөзге шешен , елге сыйлы атасы Балғожаның ықпалы ерекше болды. Ыбырай бала жастан халықтық педагогикадан алған тәлім - тәрбиесін , үлгі - өнегесін көңіліне түйгендерін оқу ағарту істері арқылы қазақ балаларының бойына сіңдіре білді. Ы. Алтынсариннің ұлттық эстетикалық тәрбие проблемаларын қозғайтын арнайы еңбектерін жазып қалдырмағаны белгілі, бірақ Ы. Алтынсариннің ұлттық - эстетикалық тәрбиеге қатысты оның педагогикалық қызметінен көрініс тапты. Ы. Алтынсарин шығармалары халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрыптарын сипаттайтын этнографиялық мәнде келеді. Ы.Алтынсарин жастарды оқу - білім, өнерге үндегенде құрғақ насихатқа ұрынбайды, айтпақ пікірін оқушы зердесіне сіңіру үшін әр түрлі ұстаздық амал тәсілдерді қолданады.
Бір аллаға сыйынып
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық! - деген өлеңінде білім алуға үндесе, екінші жағынан , өмірдің бір қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым - білімге мін бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы береді. Өмірде сарқылмас мол байлық - білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей - жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді. Өнерді үйрен, үйрен де жирен деп санаған халқымыз ұл қыздарының оң қолынан өнер тамған шебер болуына да мән берген.
Ы.Алтынсарин өзінің төл туындыларында тәрбиелік , нақыл - насихаттық мәніне ерекше көңіл аударып отырды. Сол арқылы жас буынды адамгершілік пен ізгілікке, еңбек пен зейінділікке, өнер - білімге баулуды көздейді. Ол ел жұртқа қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы тұрақты мектептер арқылы жүзеге асады деп санады. Ы. Алтынсарин қызметінде балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысы ерекше орын алады. Мектептегі оқыту мен тәрбие процесін жүргізуші мұғалім деп таниды.Ы.Алтынсарин надандықтың зиянын, ғалымның қоғамдық маңызын түсіндіреді. Бұл әсіресе Талаптың пайдасы т. б. әңгімелерімен көрінеді.
Шығармаларында оның өнерге деген ықылас - ілтипаты анық байқалады. Өзінің өлеңдері мен әңгімелері арқылы жастарды табиғаттың әсемдігін , адам сезімін қабылдап, түсіне білуге тәрбиелейді, оның өлеңдері мен ғибрат әңгімелері жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ол аймақта мектептер мен кәсіптік училищелер ашу арқылы жалпы және кәсіптік білім беру ісінің негізін қалады.
Сиса көйлек үстінде,Тоқуменен табылған.Сауысқанның тамағы, Шоқуменен табылған,- деп педагогтік тәсіліменен балаға еңбек атаулыдан хабар аңғартады. Мектеп - қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осында , тек осы мектептерде ғана деп жазған болатын. Ы.Алтынсарин шығармаларында еңбекті сүю, білімдіден үйрену , талпыну, адамды сыйлау үгіттеледі.
Ы.Алтынсарин - қазақтың салт - дәстүрін зерттеумен айналысқан ғалым этнограф. Еңбек тақырыбы - Ыбырай әңгімелерінің арқауы. Ол техниканы меңгерген адам зор игілікке ие болады, жаратылыстың тілін біледі, оны өзінің айтқанына көндіреді , халықтың жалпы мәдениетін көтерумен қатар негізінен олардың тұрмысын жақсартады дейді. ХХ ғасырдың басында бір кезде Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген ағартушылық қозғалыстың туын А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатовтар жалғастырды.
Сонымен Ыбырай өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ халқының жаңа буынын тәрбиелеп, олардың озық мәдениетті елдерден үлгі ала отырып, білімді де саналы азамат болып жетілуіне айтарлықтай үлкен үлес қосты.Ыбырайдың бұл тарихи қызметі кезінде өзінің замандас достары Н.И.Ильминскийдің, А.А. Мазохиннің, Ф.Д.Соколовтың, А.В.Васильевтің, А.Е.Алекторовтың, Ғ.Балғымбаевтың естеліктерінде жылы ілтипатпен аталып жоғары бағаланды. Алайда ұлы ағартушының сан қырлы педагогикалық, ғылыми зерттеулері, сондай - ақ өлеңдері мен прозасы , аудармалары біздің заманымызда ғана терең зерттеліп, өзінің тиісті , әрі байсалды бағасын алды. Қоғамдық ой - сананың дамуына өзіндік үлес қосқан ұлы тұлғалардың қатарында Ыбырай Алтынсарин есімі де тұрады.Ұлы ғалым - педагог Ы.Алтынсариннің Қазақ хрестоматиясы және Таза бұлақ деген оқу - әдістемелік еңбектері қазақ халқының рухани мәдениетінің даму тарихында аса зор оқиға болып бағаланады. Және болашақ ұрпақтың ақыл ойы мен жеке тұлғаны қалыптастыруда адамгершілік , эстетикалық еңбек дағдылары мен қасиетін тәрбиелеудің негізі болып есептеледі. Жеке тұлғаны оқу мен өнерге , мәдениетке, адамгершілікке тәрбиелеуде Ы.Алтынсарин аса бағалы, бай қор - қазақ фольклорына ерекше назар аударды. Бұлдан ұлы ағартушының істеген ісінен, шығармаларынан бала тұрғысынан қалыптастыру мен тәрбиелеуде қазақ отбасының тәлім аларлық ең жақсы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық, психологиялық көзқарастары
Ы. Алтынсариннің әңгімелеріндегі педагогикалық - психологиялық идеялар
Ыбырай Алтынсариннің психологиялық көзқарастары
Қазіргі Қазақстандық білім беру жүйесіндегі Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеяларының өзектілігі
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері
Ыбырай қазақ мектептерінің инспекторы болып жұмыс істеп жүргенде
Ыбырай бастаған баспа
Ы. Алтынсариннің ағартушылығы мен педагогикалық идеялары
Ыбырай Алтынсарин педагогикалық жүйесіндгі тәрбие
Ыбырай Алтынсарин тағылымының құндылығы
Пәндер