Құндылық ұғымы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар
және әлем тілдері университеті
Экономика және құқық факультеті
СӨЖ
Тақырыбы: Құндылықтар теориясының негіздері. Құндылық ұғымы. Бар болып отырған және болуы тиіс. Адамгершілік ережелері және құқық ережелері. Негізгі этикалық категориялар ( парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік) .
Орындаған: Кудайбергенова А. А.
Құқықтану мамандығы, 243-топ
Тексерген: Изтаева В. А.
с. ғ. к. доцент
Алматы 2019
Мазмұны
Кіріспе . . . 2
- Құндылықтар теориясының негіздері. Құндылық ұғымы . . . 3Бар болып отырған және болуы тиіс құндылықтар . . . 5
- Адамгершілік ережелері және құқық ережелері . . . 5
- Негізгі этикалық категориялар . . . 6
- Қорытынды . . . 7
- Қолданылған әдебиеттер . . . 8
1
Кіріспе
Құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі болып келеді. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуының себебі, құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен араласқан. Құндылықтар әлемін - мәдениет әлемі деп те айтуға болады. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын анықтаушы, адамның рухани байлығының өлшеуіші секілді. Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі ретінде қарастыруға болмайды. Олар салыстырмалы өзінділікке ие.
Біздің болашағымыз, еліміздің болашағы жеткіншектердің, жастардың қолында. Оларға ерте кезден бастап адами құндлықтарды бойына сіңіріп, оларды құндылықтарды сақтауға дәріптеу қажет. Біз оларға өз бойымыздағы еркіндік, білімділік, тебиелілік, парыз, игілік, ар- ұят, т. б. құндылықтар арқылы жеткізуіміз керек.
2
Құндылықтар теориясының негіздері. Құндылық ұғымы
Әлем өзінің байлығымен және алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Әлемде рухани-практикалық игеру үдерісі барысында адам болмысты өз құндылықтары арқылы қарастырады. Бұл қоршаған ортадағы заттар, құбылыстар тұлғаның сезімдеріне, ұмтылыстарына сәйкес келетін әлемге деген ерекше эмоционалдық реңге ие болатын қатынасты білдіреді. Адамның әлемге қатынасының ерекшелігі оның өзін және өзге адамдарды, қоршаған дүниедегі заттарды, құбылыстарды, үдерістерді қайырымдылық, әділеттілік, сұлулық пайдалылық т. б. тұрғысынан бағалап, құндылықтар арқылы қарастырумен сипатталады.
Жалтырағанның бәрі алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе - нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу. Ол тек теориялық жағынан алғанда ғана қиын. Біз қайырымдылық пен зұлымдықты ешқайсысына анықтама бермей-ақ ажырата аламыз. Бұл жерде барлығын шайып, күмәнсіз ететін гумандылық өлшемі қызмет етеді. Тіпті барлығы зұлым болғанда да қайырымдылықтың аты қайырымдылық. Тек қайырымдылық пен адамға қызмет ететін нәрсе ғана нағыз құндылық болып табылады. [1]
Құндылықтар әлемі - сөздің кең мағынасында мәдениет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығы өлшемін білдіретін, оның адамгершілік санасының, басымдылықтарының саласы. Әрбір мәдениеттің өз құндылықтар кешені бар. Құндылықтар адам болмысының әр түрлі формаларына деген қатынасты білдіретін адамзат мәдениеті болып табылады. Құндылықтар - өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адамгершілік насихаттарға, еркек пен әйел арасындағы байланысқа, адам өмірінің мәніне деген бағалаушы қатынас. Құндылықтар - материалдық және рухани қажеттілітерді өтеу үдерісіндегі қалыпты нәрселер. Қалыпты мәнге қайырымдылық, сұлулық, әділеттілік идеялары ие болуы мүмкін. [2]
Жалпы адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұндары көне заманнан бүгінге дейін философия, әлеуметтану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылып, қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді…
Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелге грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Ал Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданды. Құбылысты, затты жағымды бағалау адам үшін құнды игілікті түсінуге негізделген. «Ізгілік» сөзі салыстырмалы мағынада белгілі бір жағдайдағы адам үшін жақсылық,
3
пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі. Рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін ғылым ретінде этиканы белгілеген. Аристотельдің пайымдауында «этиканың мақсаты - таным емес, ізгілікке үйрету. Этикалық зерттеулер рухани-адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы рухани-адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы болмас еді» - дейді.
Философ Т. Қ. Ғабитов «құндылықтар - қасиеттер» дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше бағалайды. Яғни, философиялық тұрғыдан алсақ, құндылықтар - адам үшін пайдалы мәнге ие болатындардың барлығы, адамзат қоғамының іргелі дамуы мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндерің барлығы құндылық болып табылады. Психологтар құндылықтарды тұлға аралық қатынас тұрғысынан қараудың өзіндік мәні бар екенін айтады. Құндылық ұғымында құндылық қатынастың обьектісі болып табылатын заттардың сыртқы қасиеттерінің сипаттамасы, осы қатынастың субьектісі болып табылатын адамның психологиялық сапалары, құндылықтың жалпы мәнділігін көрсететін адамдардың өзара қарым-қатынасы ұштасады.
Құндылық - бұл қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, қалаулылығы, пайдалылығы және қымбаттығы. Ол қашанда әлдекімнің бағалылығын, яғни объективті болмысты және сонымен бір мезетте оның әлдекім үшін құндылығын, яғни субъективті бағалауды білдіреді. Дүние құндылыққа толы - материалды, табиғи, көркем және адами құндылықтар. Бір нәрсені екіншісінен артық көру жалпы тірі табиғатқа тән. Аң екеш аңның өзі төлін қызғыштай қорғайды. Дегенмен, құндылықтың антропогенді, яғни адамға тән екендігін баса айту қажет, өйткені барлық жаратылыстың ішінде адам ғана табиғи және мәдени туындыларды, идеялар мен амал-әрекеттерді, жалпы басқа адам мен қоғамды, сондай-ақ өзін-өзі бағалауға қабілетті. Құндылықтар адамның әлеуметтік болмысына тартылған, адам құндылықтарға мүдделі әрі мұқтаж болып табылады. Адам құзырындағы заттар, қоғамдық қатынастар жəне олар қамтыған табиғат құбылыстары құндылықты қатынастар нысандары ретінде танылған және бағалы заттар сипатында іс-əрекетке қосылады. Яғни бұлардың бəрі де жақсылық пен жамандық, шындық пен жалған, əсемдік пен ұсқынсыздық, əділдік пен əділетсіздік жəне т. б. тұрғысынан пайымдалады. Белгілі құбылыстарды бағалауға негіз болған тəсілдер мен өлшемдер субъективті баға түрінде қоғамдық сана мен мəдениетте бекиді де, адам əрекетін бағыттаушы құралдарға айналады.
4
Бар болып отырған және болуы тиіс құндылықтар
Жалпы құндылықты бар болып отырған және болуы тиіс құндылықтар деп қарастыруымызға болады. Бар болып отырған құндылықтарға біздің бойымыздағы адами қасиеттерді, жасаған істерімізді, тәрбиемізді жатқызумызға болады. Мысалы, біздің бойымыздағы ар-ұят, адамгершілік, сыпайылық, ізеттілік, қайырымылық, қамқорлықты жатқызуға болады. Қазіргі кезде көптеген құндылықтар жойылып бара жатыр. Мысалы, құрмет пен ізеттілікті айтуға болады. “Үлкенге құрмет, кішіге ізет” деп дана халқымыз айтып кеткет. Бірақ, қазір жастар үлкенге құрмет көрсетуді, кішілерді қорғап, ізет көрсетуді ұмытып бара жатыр. Құндылықтар адам бойынан кетпеуі тиіс деп білемін. Әркімнің өз құндылықтарын сақтап қалуы өз қолдарында.
Адамгершілік ережелері және құқық ережелері
Адамгершілік - бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды. Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы - еңбек пен ата - ана үлгісі» - деп, Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.
Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады . Құқық дегеніміз - мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.
5
Негізгі этикалық категориялар
Көптеген философиялық-теориялық пәндермен салыстырғанда этиканың категориялары күнделікті тілде кең пайдаланылатын сөздерден тұрады. Этикалык категориялардың барлығы табиғат құбылыстарына еш қатысы жоқ, тек тікелей адам әлемімен байланысты ұғымдар. Өйткені адамгершілік, аты айтып тұрғандай, тек адамға, ягни жақсылық пен жаманшылықтың арасын ажырата білетін ерік-жігері бар жан иесіне ғана тиесілі.
Ар, намыс, ұят - абырой ұғымдарының бір-бірімен тығыз байланыстылығы соншалық, оларды бөліп-жарып қарасты- рудың өзі қиын. Неміс философы Канттың жүрек тебірентерлік мынадай жолдары бар: "Бұл әлемде өзінің шексіздігі мен ғаламаттылығы тұрғысынан адамды таңдандыратын тек екі нәрсе ғана бар: төбемдегі мәңгілік шексіз аспан және менің ішкі жан дүниемдегі адамгершілік заңы". Осындағы адамгершілік заңының жүзеге асуын қадағалаушы - ар мен ұят. Ұят - адамгершіліктің жемісі, сонымен қатар ардың қосшысы. Ұят жоқ жерде әдеп, инабаттылық жоқ. Ненің ұят жөне ненің ұят еместігі туралы түсініктердің барлық жерде өр түрлі екенін айта кету керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz