Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Тарих факультеті
Жүсіпбек Аймауытовтың - рухани мұрасы
Орындаған: ГИ-31к тобының студентті Байназарова Е. Т.
Тексерген: т. ғ. к. доцент Бейсенбекова Н. А.
Қарағанды 2019
Мазмұны
Кіріспе . . .
1. Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі . . .
2. Ж. Аймауытов шығармашылығы . . .
3. Ж. Аймауытовтың ғылыми мұрасы . . .
4. «Ақбілек» романы «Қартқожа» романы «Күнекейдің жазығы»романы . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған Әдебиеттер . . .
Кіріспе
Жүсіпбек Аймауытов - жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесі, романшы, жазушы, драматург, аудармашы, зерттеуші, публицист. Жастайынан арабша хат тану, оқу үстіне, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерін қатар үйренген Жүсіпбек 1914 жылы Павлодардағы орысша-қазақша екі сыныптық мектепті бітіреді. Осыдан кейін біраз уақытын ол ауылда бала оқытумен, Баяндағы мектептің үшінші класында оқуын жалғастырумен өткізеді. Содан 1911 жылы Керекуге келіп, екі класты орыс-қазақ мектебіне орналасады. Әуелі сол мектепте, кейін интернатта білім алып, 1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына түседі, осы Семейдегі оқытушылар семинариясында тәлім алып, 1919 жылы бітіріп шығады. Жүсіпбектің алашордашылардың істеріне араласатыны да осы кез. Семейде ол «Абай» журналын шығаруға ат салысады. 1919 жылы Жүсіпбек алашордадан бөлініп, Совет өкіметі жағына шығады. Коммунистік партияның қатарына кіреді. Семейде, Павлодарда партия, совет жұмыстарын атқарады. 1920 жылы Қазақстан Советтерінің Құрылтай съезіне делегат болып қатысады. Содан кейін Қазақ АССР Халық ағарту комиссариатында басшылық қызметте қалады. 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі болып ауысады. Кейін «Қазақ тілі» газетінің редакторы болып істейді. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болып, 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында қызметтер атқарады. 1926-1929 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының директоры болады. Ара-тұра сол кездегі саяси науқандарға араласады. Торғай уезінің ашыққан халқына жәрдем ұйымдастырып, жиналған малды «өзі пайдаланып кетті» деген жаламен жауапқа тартылып, артынан ақталады. қылмысты іс қозғау жайында қаулы қабылдамастан-ақ бірден айыптау мақсатына кіріскен. 14 адамның бәрі де тұтқындау үшін жеткілікті негіз боларлық айыптары жоқ болса да, прокурордың санкциясынсыз-ақ қамауға алынған. Тергеу бір жылдан астам жүргізілген және заңсыз тұтқында ұсталған осынша ұзақ мерзім ішінде сол 14 айыпталушының қылмысын дәлелдерлік бірде-бір объективті дерек табылмаған. Контрреволюциялық ұйымның болғандығына дәлел жоқ, ондай ұйымның программасы, уставы әлдебір алға қойған практикалық мақсаттары мен соларды жүзеге асыруға тырысқан іс-әрекеттері жөнінде тергеушілер ешқандай нақты дерек жинай алмаған. Соған қарамастан, айыптау қорытындысы жасалған да, ешкімнің бекітуінсіз-ақ соттан тыс органның қарауына берілген. Айыпталушылар іс материалдарымен таныстырылмаған, ешқайсысына да өздерін қорғау үшін мүмкіндік туғызылмаған. Осындай қолдан ұйымдастырылған жасанды іс бойынша жаңағы 14 адамға түгелдей сырттай үкім шығарылған» - дейді, Аймауытовтар ісін қайта қарауға қатысқан ҚазақССР Жоғарғы сотының председателі Т. Қ. Айтмұхаметов. Міне, осылардың қатарында, Ж. Аймауытовтың өмірі 1931 жылы, 42 жасында, нағыз творчестволық толысқан кезінде қыршынынан қиылды. Жүсіпбек Аймауытов В. Шекспир, В. Гюго. Г. Мопассан, А. Дюма, А. С. Пушкин, Р. Тагор, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой, Дж. Лондон шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді қазақ тіліне аударды. Ол педагогика, психология, методика, эстетика, тәрбие туралы зерттеулер жазды, әдебиет, эстетика, сын саласына араласты, сан алуан публицистикалық мақалалар жазды. «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқу жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» ғылыми еңбектері - күрделі дарынның қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалары. Жүсіпбектен қалған мұра аса бай. Ол ең алғашқы реалистік проза талаптарына, жанрдың Еуропалық шарттарына жауап беретін толыққанды, көркем, күрделі, шебер, ықшам, сондай-ақ, көркем жазылған шығармалардың авторы, реалистік роман принциптерін алғаш меңгерген қаламгерлердің бірі. Жүсіпбек шығармаларында өзімен қатарлас зиялылар туындыларындағыдай бірде қара сөз, бірде өлең сөз аралас жүретін дүбара стиль жоқ, бастан-аяқ салиқалы, сабырлы, ұстамды проза үлгісінде жазылған. Қазақ әдебиетінде айрықша орны бар поэзия, проза, публицистика, сын, зерттеу салаларына тең-қатар қалам тартқан, астан-кестен ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Жүсіпбек Аймауытов ерте қиылған, қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгерді.
- Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 1911-1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді. 1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады. Мұнан соң Алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.
1919 жылы Жүсіпбек алашордадан бөлініп, Совет өкіметі жағына шығады. Коммунистік партияның қатарына кіреді. Семейде, Павлодарда партия, совет жұмыстарын атқарады. 1920 жылы Қазақстан Советтерінің Құрылтай съезіне делегат болып қатысады. Содан кейін Қазақ АССР Халық ағарту комиссариатында басшылық қызметте қалады. 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі болып ауысады. Кейін «Қазақ тілі» газетінің редакторы болып істейді. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болып, 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында қызметтер атқарады. 1926-1929 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының директоры болады. Ара-тұра сол кездегі саяси науқандарға араласады. Торғай уезінің ашыққан халқына жәрдем ұйымдастырып, жиналған малды «өзі пайдаланып кетті» деген жаламен жауапқа тартылып, артынан ақталады. қылмысты іс қозғау жайында қаулы қабылдамастан-ақ бірден айыптау мақсатына кіріскен. 14 адамның бәрі де тұтқындау үшін жеткілікті негіз боларлық айыптары жоқ болса да, прокурордың санкциясынсыз-ақ қамауға алынған. Тергеу бір жылдан астам жүргізілген және заңсыз тұтқында ұсталған осынша ұзақ мерзім ішінде сол 14 айыпталушының қылмысын дәлелдерлік бірде-бір объективті дерек табылмаған. Контрреволюциялық ұйымның болғандығына дәлел жоқ, ондай ұйымның программасы, уставы әлдебір алға қойған практикалық мақсаттары мен соларды жүзеге асыруға тырысқан іс-әрекеттері жөнінде тергеушілер ешқандай нақты дерек жинай алмаған. Соған қарамастан, айыптау қорытындысы жасалған да, ешкімнің бекітуінсіз-ақ соттан тыс органның қарауына берілген. Айыпталушылар іс материалдарымен таныстырылмаған, ешқайсысына да өздерін қорғау үшін мүмкіндік туғызылмаған. Осындай қолдан ұйымдастырылған жасанды іс бойынша жаңағы 14 адамға түгелдей сырттай үкім шығарылған» - дейді, Аймауытовтар ісін қайта қарауға қатысқан Қазақ ССР Жоғарғы сотының председателі Т. Қ. Айтмұхаметов. Міне, осылардың қатарында, Ж. Аймауытовтың өмірі 1931 жылы, 42 жасында, нағыз творчестволық толысқан кезінде қыршынынан қиылды. Тағдыр репрессияға ұшыраған Аймауытовтың балаларын әр жаққа таратып жіберген. Оның үлкен ұлы Бектұр көп қасірет шеккен болатын. Әкесі «халық жауы» деп танылды, ал Бектұр Аймауытов он жылға Сібірге жер аударылған. Бектұр Жүсіпбекұлы тек 78 жасында Отанына қайтіп келеді. Оның естеліктеріне қарағанда: «…Бұрын Павлодар қаласы кіп-кішкентай қала болған еді. Егер біз қаланың бір шетінен басқа оның түкпіріне баратынымыз болсақ, онда жаяумен-де жүруге болады. Әкеммен бірге қаланы жиі серуендеп жүрдік. Ертіс өзені арқылы біз паром қатынасы арқылы өткенбіз. Енді бәрі өзгерді. Қала тым үлкен болып кеттті. Бала шағымды есіме алып тұрамын. Туған өлкемді, мен өскен сондай ыстық жерімді бір сәт те есімнен шығармадым». Аймауытовтың екінші ұлы - Жанақ 1920 жылдың 18, ақпанында Семей қаласында дүниеге келді. 1941 жылы оны «халық жауының ұлы» деп танылып, еңбек армиясына жібереді. Соғыстан кейін «Қуғынға ұшырап кетпеймін бе?» деген қорқыш пен тұрмыстың қиыншылықтары оның бейбіт өмір сүруіне кедергі жасады. Ол Ақтөбе қаласындағы мұғалімдер институтын бітіріп, «алған білімді жалғастырамын» деп, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-нің физико-математикалық факультетіне оқу түседі. «Менің әкем - нағыз адам, азамат, қоғам қайраткері. Мен оның дарынды жазышы, шебер ұстаз, ақын, аудармашы болған екендігімен мақтанамын», - деп жазған Жанақ Бектұров. Жазушының қызы Мәруа (Мағрипа, Муза) Жүсіпбекқызы Аймауытова 1926 жылы 3 мамырда Орынбор қаласында дүниеге келген. Әкесі репрессияға ұшыраған кезінде, ол төрт жаста болатын, кіп-кішкентай қыз еді. «Анам айтқандай, әкем өте дарынды адам болды. Қазіргі уақытқа дейін есімде келесі сәттер есімде сақталды: әкем жұмыс үстелінің басында отырып, еңбектеніп жатыр, үстелдің бетінде тұрған жасыл абажуры бар шам жанып тұр», - деген ол. Аймауытовтың зайыбы Евгения Карабатыровна күйеуін есте сақтап жүрген. Ол барлық отбасылық фотосуреттер мен Жүсіпбектің жеке заттарын да сақтаған екен.
Ж. Аймауытовтың қазақ әдебиетіндегі салмақты орны оның "Қартқожа", "Ақбілек" романдары мен "Күнікейдің жазығы" повесінен айқын байқалады. А. Пушкин, Л. Толстой, Н. Гоголь, М. Горький прозаларын аударып, олардың классикалық үлгісін бойына сіңірген Жүсіпбекке қазақ тұрмыс-тіршілігінде дәл сондай игерілмей, кенжелеп жатқан мәселелерді жазуға үлгі нұсқа болады. Бұрынырақ жарық көрген М. Дулатовтың "Бақытсыз Жамал", С. Көбеевтің "Қалың мал", Т. Жомартбаевтың "Қыз көрелік" романдарының жазылу стилі, тақырыпты игерудегі стандартты күйі, кейіпкерлердің автор қаузауымен қимыл-әрекет жасайтын жасанды-жамаулы жайлары, т. б. Жүсіпбекке жоғары мәдениетті, философиялық астары терең, қоғамдық-әлеуметтік санаға лайық дүниетанымы бар күрескерлер образын жасау қажеттілігі ниетін оятады. Сондай ниеттен туған романы - "Қартқожа". Жүсіпбек Қартқожасын туғанынан қағілез, жүрген жерін күйдіріп, опырып-жапырып, бірден биікке ұмтылған жүйрік, саңлақ жанды кейіпкер етпеген. Ол ешнәрсемен қақ-соғы жоқ, "момақан, аңқау, көзі бажырайып, аузын ашып, мұрнын қоңқитып" жүргені. Жасы 10-11 шамасында. Мұрнын қос-қостан тартып, "екі жеңі де сауыс, бетінің бір жағы да сатпақ, көзінің былшығы да жөнді тазармайтын" кәдімгі тұрмыс тақсіреті ерте жүдеткен тақыр кедейдің баласы. Жазушының кедей баласы сыртынан қарағанда азып-тозып, кір-қожалақ, жасқаншақ, енжар болып көрінгенімен, жан сарайы сәулелі, ояу, жүрегі сергек келетін себептерін осылайша тәптіштеуінде көп сыр жатыр. Бар сенгені қолындағы бірер малы есептелінген қасқа кедейдің ертеңгі бұлыңғыр күнін қаламгер жүрегі сыздай отырып баяндайды. "Жұманның құты көк биесі екен. Ол өлген соң құты кетті, мал құлдырай бастады. Жануардың құлынын бір ауылға апарып, бір байдың құлыны өлген биесіне теліп еді, оны қасқыр жеп кетті. Көк тайдың алқымына шығу шығып, басқұрт па, маңқа ма, мандам ба, бұғыла ма? Әлде кім біледі, содан бері шыр жұқпай, инеліктей қатып ол кетті. Күздігүні шөпке мініп барған жерінен көк құнанды ұры алды. Қызыл шолақ сиырдың қарадан қарап жүріп желіні ісіп, бір жағы қалпетімен беріштеніп, сүтінен айырылып, сыңар емшек болып ол қалды. Күзекте отырғанда қарт інген шығып кетіп, оны қарай қоятын көлік болмай, жеті шоқпарлар бір жұмадай шөп тасуға салып, бота тастатыпты. Содан ыстық-суықты болып, аяғы қысағаға шалдықты". "Лақтырған тас байқұсқа тиеді" демекші, Жұманды қатігез тағдыр шыр айналдырады. Ал бұт артып жүрген жалғыз атын болыс, тілмаш, шабарман мініп, зорықтырып, пышаққа ілігіп, ендігі бар үміті көк биесінің бауыры "астаудай боп ісініп" сенделіп келгенде, Жұман байқұс есінен танады. Барлық күн көрісінен айырылып, жер соғуға шаң қалғанда, бұл оттың басы ұлардай шуламасқа лажы жоқ еді. Кішкентай Қартқожа да әкесі мен әжесінің көзіндегі жасын көріп, үй айнала беріп еңірейді. Сол еңіреумен бірге "қамсыз-мұңсыз" саналған балалық шағы, молданың алдын көріп, білім алсам деген үміт шырағы да біржола сөніп, өзін "сорлы, қор" санап, құлдың қамытын кимеске лажы қалмайды. Қартқожаның жоқ-жітікке болыс, бай, тілмаш қана емес, құдайдың да ниеті алалығына әлеуметтік өмір шындығы көзін жеткізеді.
Босағаға біткен малды құдай мен адам жалмағаны аздай, жоқтың өзін бір-біріне жамап-жасқап ілдалдалап жүрген әкесі Жұманға да суық тиіп, қасіретпен көз жұмды. Өз қолы аузына жетпеген сары үрпек, сары қарындар зарлап қалады. Аш-арықты бір жағы жұт қысқан, бір жағы болыс, би-молда, қожа тұралатқан ауыр күндер Қартқожаны ерте есейтеді. Сөйтіп жүргенде, 19-31 жас аралығындағы ел азаматын шетінен тізіп майданға қара жұмысқа ала бастаған зобалаң, нәубетті 1916 жыл оқиғасы келіп араласады. Бұрын бай балаларынан әлімжеттікті көріп зығырданы қайнағанда: "Әттең, менің кедейілігім-ау! Әйтпесе солардың менен ақылы артың па? Зейіні артық па? Артық болса, малы артық. Дүние шіркін-ай! Кегімді алатын күн болар ме екен!" - деп, миы шағылатын есті бала, шілдедегі патшаның "зілді бұйрығынан" кейін тіптен ширығады. Болыс әлділердің баласын пара алып, жасын кішірейтіп жазады да, кедейлерді керісінше жасын өсіріп, майданға аттандырып жатады. Әділетсіздік, зорлық шегінен шығады. Таптық жік дегеніміз не, таптық күрес қайдан туатынынан бейхабар жігіт көтерілісшілер ішінде жүргенде осы сауалдарға толық жауап алады. Сөйтіп кешкен азап, тартқан у, көрген қорлың оны: "Дүниеде болыстан жауыз жан жоқ . . . Дәрмен біліп жүр екен. Өлтірер ме еді!" - деген ойға жетелеп әкеледі. Өзі батыр, өзі әнші, өзі жалынды қолбасшы Дәрмен іс-әрекеттері, ерен қимылдары, асқақ ойы, Бәтішпен арасындағы махаббаты Қартқожаға жер басып жүрсең тек сондай, жігіттің туы болуы қажет екен ғой деген асқақ арманға бөлейді. Арнаулы бағдарламасы жоқ, қырық рудан жиылып, қырық жаққа тартқан, "бас-басына би болған өңкей қиқымдар" басқарған жерде береке болған ба, патша өкіметінің жазалаушы отряды көтерілісшілерді қанға бояп, онысымен қоймай, "патшаға қол көтергендердің" отбасын ойрандап, мал-мүлкін жылан жалағандай жалмап кетеді. Шарасы таусылған тірі қалған боздақтар майданнан бірақ шығады. Қартқожа солардың бірі еді. Тыл жұмысында жүріп Андрей деген дос табады. Ол Қартқожаның оңы мен солын танып, көзі ашылып, қиянат жайлаған дүниеде әлеуметтік теңдік алмайынша кедейдің қолы аузына жетпейтінін ұқтырды. Әділет, теңдік, адамшылық, адам мен адам тең болып, қоғамның ұстанған жолы, ел басқару салты, құлқы өзгергенде ғана мүмкіндігін, ел көріп, жер көріп, тамұқты басынан кеше жүріп, оқып адам болуына көмектескен Хасен, жаңа қоғам орнату жолында тағдыр тоғыстырған Андрей, Полидубтар арқылы түсініп, "дүниеге қайтадан туады". Таптық теңсіздік, әлеуметтік үстемдік қай уақытта жойылатынына енді өзі де саналы түрде жауап беруге жарап қалады. "Қазақ та, орыс та Андрейдің, менің көргенімді көрсе, көзі ашылса, менің жүрегімдей бауырмал жүректері болса, зорлық, қиянат, теңсіздік жоғалар еді-ау!" - деп ойға батады. Адамның мінез-құлқын, жүрегін бір қалыпқа салғанда ғана "бірдейлік" орнайтынына ақыл-ойы өсіп жеткен шақта түсініп, күрескерлік тұлғасы осылайша біртіндеп қалыптасады. Патша тақтан құлап, елге оралғанда, ол рухани өсіп, көзі ашылған жігіт еді. Елге оралған соң қайтадан көрбалалықты басынан кешкен ортасына тап болады. Жеңгесіне желкесінен басқандай ғып зорлықпен үйлендіреді, қараңғы ортадан сытылып шығу да оп-оңай шаруа көрінбейді. Жаратылысынан бұйығы, сабырлы, ұстамды, жоқшылың етектен тартып, жасқаншақтық, тәуекелі жоқтың қанына сіңген Қартқожа оқусыз, білімсіз өмір сүрудің енді мәні жоқтығын жіті сезініп, біртін-біртін өз тізгініне ие бола бастайды. Оған уақыттың алақұйын мінезі де себепкер. Патшаның тақтан құлауы, Қос өкімет, Алашорда өкіметі жүргізген саясаттар, ұлы Қазан төңкерісінің дүмпуі саясаттың сарынына құлақ түріп, қоғам, адамдар мінезін жіті барлауға білімнің таяздығы, өмір сүруге тәжірибесінің тапшылығы қолбайлау екендігін мойындатады. Ақыры Баян, Семей, Омбы арасында сабылып, өзін-өзі қаржыландыра жүріп, білім алып, ел қатарына қосылады. Бостандық, тәуелсіздік, азаттың, әділет, халық, ел тағдыры, дос кім, дұшпан қайсы деген жұртты сол кезде сергелдеңге салып, санасын сарсылтқан көп сұраңтарға енді өзі еркін жауап беріп, елді соңынан ертетін серкелікке жарап қалады. Кеше өз қамын жеуге де жарамаған, қара басынан құлдық қамытын сыпырудың жөнін таппай тауы шағылған Қартқожа роман соңында жалпақ жұрттың қамын ойлап, қараңғылық бұлтын сейілтіп, надандықтан айықтырудың амалын судай сапырып, жаңа дүние орнатудың бағдарламасына көпшілікті ұйытып, әлеумет күресіне тартылып, заман күрескері қатарына қосылады. Сонымен, жазушы "Қартқожа" романында ескі қоғамдық құрылыс жағдайында бай есігінде езіліп жүрген жалшының ұлы Қазан төңкерісінен кейін құлдың қамытынан құтылып, азаттық күреске белсене араласып, бақытын тапқанын бейнелеген.
Роман қамтитын оқиға өте мол, қым-қуыт тарихи құбылыстарды тамыр тереңімен қазып, қопара көрсету айтуға ғана жеңіл. Әйтсе де Жүсіпбек романның екі бөлімін шынайы суреткерлікпен талдап-тарата жазғанымен, кейіннен тарихи ұлы құбылыстардың долы да, айбарлы, құпиялы шиырына енгенде солықтаңқырап қалады, публицистика, очерк жанры басымырақ белең береді. Болған жайды, әрнәрсенің басын шалып, жеделдете баяндауынан шығарманың көркемдік тіні босаң тартқан.
Ең бір сүйсінерлік жай - романның поэтикалың қуаты мығым. Жүсіпбек өмір құбылыстарын, табиғат сырын жетік біледі, қазақтың байырғы тілін балын тамыза қолданған. Айталық, жұт болатынын ел ортасында жүрген шаруа адамдары алдын ала болжайды: "Биыл жұт болады деп, күні бұрын есепшілер де айтқан: Шөптің шығымы жаман, серейген-серейген еркек шөп, бидай бас көде қаптап кетті. Тышқанның шөп жинауы бұзық, інінің төңірегін тап-тақыр қып тастапты. Құмырсқаның илеу ортасы шұқырайып кетіпті. Сиыр далаға түнеп, жусамайды, кеш болса ауылға жүгіреді. Жылқы ақырайып тыраңдап жатпайды. Малдың ындыны құрып барады, "атау кересін" жеуге асыққан немеше. Адал құс ерте қайтты". Міне, бұл - қылышын қайрап келе жатқан кәрлі қыстың, жұттың ызғары. Дәлдік, нақтылықтың дүниетанымдық мәні жоғары. Табиғат суреті, тұрмыс-тіршілік, салт-сана, наным-сенімнің ғана емес, Жүсіпбек оқиғалардың да өмірлік шындыққа жанасымдылығына, тарихилығына айрықша сергек қараған. Қартқожа Жұманов - өмірде болған адам. Ұстаздық етіп, қоғамның саяси өміріне белсене араласып жүрген ол 1937 жылдың "қылшылбырынан" аман қалмаған. Би, болыс, қожалар да өз бейнесінде алынған. Арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров та роман кейіпкерлерінің бірі. Оқиғалар Баян, Семей, Омбыда өтетіндіктен, сол аймақтарға тән тіршілік көріністері қалтқысыз суреттеліп, сол уақытта осы төңіректе күн кешіп, уақыт толқынында құлашын сермеп, басын тауға да, тасқа да ұрып "шындықтың аулын іздеген" жерлесі Сұлтанмахмұттың шығармаға араласуы қисынды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz