Жердің пішіні мен көлемі туралы түсінік



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

МІ және Г кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Геодезия
(пәннің атауы)
Тақырыбы:__________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________

Қабылдаған: ____
___________ _______________________
(аты-жөні)

_______________________
(қолы) (күні)

Комиссия мүшелері: Орындаған:
___________________ _____________________
(қолы, аты-жөні) (аты-жөні)
_____МД-19-1_____
___________________ (тобы)
(қолы, аты-жөні)
___________________
(сынақ кітапшасының шифрі)

Қарағанды 2019
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТ
________________________факультеті
________________________кафедрасы
____________________тобының________ _______________мамандығының студенті
тегі_________________аты___________ _______әкесінің аты____________________
Жобалау жетекшісі__________________________ _____________________________
Жобалау мерзімі________________________баст ап______________________дейін.
Курстық жобалаудың жұмыстың тақырыбы _________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___2.Жобаның (жұмыстың) мазмұны (қандай графикалық жұмыстар мен есептеулер орындалуы қажет) ___________________________________ ____________________
___________________________________ ___________________________________ ____________________ ___________________________________ ____________________ ___________________________________ _________________________________3.Негізгі қосымша талаптар ___________________________________ ____________ ___________________________________ ___________________________________ ____________________ ___________________________________ ____________________ ___________________________________ _________________________________4.Курстық жобаны (жұмысты орындаудың жоспары)__________________________
Элементтер атауы

Мерзімдер
Ескерту
Орындалғаны туралы белгі

5.Курстық жоба аяқталды___________________________________ ______________ 6.Жобаның бағасы___________________________________ ____________________ Жетекшісі___________________________________ __________________________ Бекітемін: Каф.меңгерушісі____________________ __________________________

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БМСК РМК
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРЬАЛЫҒЫ

АНЫҚТАМА
ҚарМТУ БМСК РМК ақпараттық технологиялар орталығында МД-19-1 тобының студенті Қойшыбай Марғұлан Бегімұлының Геодезия пәні бойынша курстық жобаның салыстырмалды талдауы жүргізілді. Талдау нәтижесінде курстық жобалық жұмыстар қорымен сәйкестіктер табылмады.
Барлық мәліметтер Антиплагиат жүйесінің технологиясына сәйкес алынды. Толық ақпарат алу үшін сарапшымен толық талдау жүргізілуі тиіс.

МІ және Г кафедрасының меңгерушісі________________________ ___Хмырова Е.Н

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ 26,11,19

КІРІСПЕ
Геодезия - жер туралы өте ежелгi ғылымдардың бiрi. Геодезия деген сөздің өзі грек тілінен аударғанда, жерді бөлу мағынасын білдіретіндігі, оның адамзаттың тыныс тіршілігінде жер учаскелерін өлшеуге, бөлуге байланысты пайда болғандығының дәлелі. Қазіргі замандағы геодезияжерді бөлу мағынасы шеңберінен әлдеқашан шыққан, күрделі ғылыми, ғылыми-техникалық және инженерлік мәселелерді геодезиялық, т.б. да аспаптар көмегімен арнайы өлшеу және өлшеу нәтижелерін математикалық-графиктік өңдеу арқылы шешетін жан-жақты ғылым саласына айналып отыр.
Геодезия - жердiң немесе оның жекелеген бөлiктерiнiң пi - шiнi мен көлемiн, жердi карталар мен пландарға түcipy, сол сияқты адамның инженерлiк қызметiнiң сан алуан мiндеттерiн атқару мақсатында жер бетiн өлшеу әдiстерiн зерттейтiн ғылым.
Геодезия ежелгі ғылымдардың бірі бола тұрса да, адамзат қоғамының, ғылым мен техниканың жедел дамуына байланысты өзінің мазмұнын өзгертіп отырды. Соның нәтижесінде геодезия бірнеше дербес ғылыми және ғылыми - техникалық салаларға бөлінді.
1. Жоғарғы геодезия - жердің және планеталардың фигуралары мен көлемдерін зерттеу, сондай-ақ геодезиялық негізгі тірек жүйелерін құру жөніндегі міндеттерді шешеді.
Жоғарғы геодезия мәселелерін шешу үшін жүргізілген егжей-тегжейлі зерттеулер барысында одан геодезиялық астрономия, геодезиялық гравиметрия, ғарыштық геодезия сияқты жеке пәндер бөлініп шықты.
Геодезиялық астрономия - геодезиялық тірек жүйелерін құруда аспан шырақтарын бақылау негізінде координаталық бастапқы мәліметтерді анықтау мәселелерімен шұғылданады.
Геодезиялық гравиметрия - жер бетінің жекелеген нүктелерінің ауырлық күшін арнайы аспаптармен өлшеу арқылы жер пішінін зерттеумен айналысады.
Ғарыштық геодезия - жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді.
2. Геодезияның (топографияның) еншісіне жер бетінің шағын аймақтарын жазықтық ретінде қарап, оны өлшеу мен қағаз бетіне кескіндеу тиген.
3. Картографияда жер бетінің едәуір аймақтарының кескіндерін әртүрлі мақсаттағы түрінде жасау әдістері мен процестері және көбейту технологиясы зерттеледі.
4. Аэрофототопография - аэросуреттер бойынша топографиялық карталар мен пландар жасау әдістерін зерттейді және жетілдірумен шұғылданады.
5. Қолданбалы геодезия - ізденістер, құрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу және пайдалану, құрылыс жабдықтарын монтаждау, табиғат байлықтарын пайдалану, т.б. инженерлік жұмыстар кезінде атқарылатын геодезиялық жұмыстардың әдістерін зерттеумен айналысады. Қолданбалы геодезияда жоғарғы геодезияның, топографияның, маркшейдерлік істің де негіздері кең пайдаланылады, ал кей кездерде өзіне тән өлшеу тәсілдері мен аспаптарын қолданады.

4
Геодезия пәнінің негізгі ғылыми - техникалық міндеттеріне мына төмендегідей жұмыстар жатады:
жер бетіндегі нүктелердің координаттарын белгілі бір жүйеде анықтау;
тау-кен кәсіпорындарын жобалау, салу және пайдалану кезінде қажетті әртүрлі өлшеулерді жер бетінде, жер қойнауында, атмосфера қабатында, теңізде және ғарыш кеңістігінде жүргізу;
республикамыздың қорғаныс мұқтаждығын геодезиялық мәліметтермен қамтамасыз ету мәселері жатады.
Алдына қойылған міндеттерін атқаруда геодезия, математика, физика, астрономия, география, геоморфология, фотографияметрия, механика, радиоэлектроника сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенеді. Геодезиялық өлшеулердің нәтижелерін өңдеуде осы күнгі ғылыми математикалық өңдеу әдістері мен есептеу техникасы, оның ішінде әртүрлі цифрлы және электронды машиналар қолданылады.
Физика геодезияны электроникамен және электротехникамен қатар оптикалық, оптикалық - механикалық және электронды - оптикалық аспаптар мен жүйелердің жобалау есептерінің негіздерімен толықтырады. Астрономия геодезияны геодезиялық тірек жүйелерін дамыту үшін бастапқы мәліметтермен қамтамасыз етеді. Автоматика, телемеханика және радиоэлектроника салаларындағы ғылым мен техника жетістіктерінің негізінде аса жаңа геодезиялық аспаптар құрастырылады. Географияны білу жер бедерін құрайтын ландшафт элементтерін, жер бетінің табиғи жамылғыларын және адам қызметінің нәтижелерін дұрыс түсіндіруді қамтамасыз етеді. Жер бедерінің пішіндерін және олардың өзгеру заңдылықтарын танып білуде геология мен геоморфология көмекке келеді.
Жерді зерттеу оның сыртқы гравитациялық өрісіне зерттеулер жүргізумен байланысты. Ал гравиметрияның заңдары мен аспаптарын пайдаланбай, мұндай зерттеулер жүргізу мүмкін емес. Пландар мен карталарда графикалық сапалы безендіру топографиялық сызу тәсілдерін білуді қажет етеді.
Геодезияның халық шаруашылығының түрлі - түрлі салалары үшін практикалық үлкен маңызы бар. Мәселен, геодезиялық өлшеулер, жолдар, каналдар, жерасты кұрылыстары (метро, кабельдер, құбырлар), әуе желілері (электрлік беріліс, байланыс желілері) трассаларын белгілеу кезінде, пайдалы кен орындарын барлау және пайдалану кездерінде кең қолданылып келеді. Геодезия жер иегерлерін орналастыруда, жерді құрғату мен суландыруда, орман шаруашылығын жүргізу кезінде қолданылады. Карта әскери істе белгілі бір жерді зерттеу, оның бетіне әскери жағдайды бейнелеп түсіру, жауынгерлік операцияларға талдау жасау және т.б. үшін пайдаланылады.

5

1Жердің пішіні мен көлемі туралы түсінік
Жердiң пiшiнi мен көлемiн зерттеу жер бетiн картада дұрыс кескiндеуге мүмкiндiк туғызады және ол ғылым мен техника - ның көптеген мiндеттерiн шешу (жасанды серiктердi және ғарыш кемелерiн ұшыру, теңiзде жүзу, авиация,радиобайланыс және т. б.) үшiн қажет.
Жер - Күн жүйесіндегі планеталардың бірі және оның қыртысы әртүрлі қыраттар мен ойпаттардан тұрады. Жердің шамалы ғана бөлігіқұрлық, ол 7І% - ынмұхиттар мен теңiз шұңқырлары алып жатыр. Дүниежүзілік мұхиттың орташа тереңдігі 3800 м-ге жуық, ал құрлықтағы кейбір таулардың, мәселен, Эверестің (Джамолунгма) биіктігі 9000м-ге жетеді. Теңіз деңгейінен биіктігі 875 м-ге тең. Сонымен құрлықтың көлемі дүниежүзілік мұхитқа қарағанда едәуір аз және де құрлықтың мұхит тереңдігі, қыраттармен салыстырғанда онша биік болмағандықтан, мұхит деңгейін жердің пішіні ретінде қабылдау қажеттігі туды. Сол себептен, жер беті үшін шамамен дүниежүзілік мұхит пен теңіз суларының тыныш жағдайына сәйкес келетін деңгей беті алынады. Егер де бүкiл планета ма - териктер астымен үздiксiз жалғасып жататын дүние - жүзiлiк мұхит бетiнің ты - ныш кезiндегi жағдайымен шектелген десек, тұтас ал - ғанда жердiң пiшiнi туралы түciнік алуға болады. Осындай тұйық бет өзiнің әрбiр нүктесiнде вертикаль бағытқа яғни ауырлық күшiнiң бағытына перпендикуляр бо - лады, ал ол деңгейлік бет деп аталады. Осы деңгей бетпен шектелген денені - геоид деп атайды. Геоидтың пішіні күрделі, оның пішіні мен көлемін дәлірек анықтау үшін, жер бетінің барлығына өлшеулер жүргізіледі.
Осы жоғары дәлдікпен жүргізілген геодезиялық, астрономиялық және гравиметриялық өлшеулер нәтижесінде жердің шарға емес, 1 - суреттегі РЕ1Р1Е эллипсінің кіші осі РР1 төңірегінде айналуынан пайда болатын математикалық бетке - айналу эллипсоидына жақын келетіндігі анықталды.

Жер эллипсоиды(1-сурет)
6
Жердің өз осінде айналуынан оның бетінде күн мен түн алмасып, күн тәулігі анықталады. 1-суретте бейнеленген осы осьті - РР1 жердің айналу осі деп атайды. Бұл осьтің Жер бетімен қиылысқан екі нүктесі - Солтүстік және Оңтүстік полюстар деп аталынады. Жердің айналу осін тік бұрыш жасап және оның дәл ортасын кесіп өтетін жазықтықты - экватор жазықтығы дейді. Экватор жазықтығы мен жер бетінің қиылысу сызығы (ЕК1Е1К) - экватор деп аталады. Жердің айналу осі арқылы өтетін жазықтық - меридиан жазығы делінеді де, ал сол жазықтықтардың жер бетімен киылысқан сызықтары (РКР1К1) - меридиандар деп аталады. Халықаралық келісім бойынша, Лондондағы Гринвич обсерваториясы арқылы өтетін меридиан бастапқы (нөлдік) меридиан деп аталады.
Сөйтіп, геодезияда жердің пішіні үшін жер эллипсоиды деп аталатын сфероид алынды. Жер эллипсоиды өзінің үлкен және кіші жарты осьтерімен (a, b) және полярлық сығылушылығымен сипатталады ()
а, b және шамалары градустық өлшеулер арқылы анықталады, ол үшін меридиан доғасының ұзындығын әр 1° сайын өлшеу керек.
Меридианның әртүрлі жерлеріндегі градустың ұзындығын біле отырып, жердің пішіні мен көлемі анықталады.
Жер эллипсоидының көлемдерін әр елдің ғалымдары бірнеше рет анықтады. 1946 жылға дейін бұрынғы Одақта 1841 жылы неміс ғалымы Ф.В.Бессель есептеп шығарған жер элипсоидының көлемі қолданылады (а=6377397м, b=6356079 м, =1299,2).
Жер эллипсоидының көлемін 1940 жылы үлкен дәлдікпен Ф.Н.Красовский мен А.А.Изотовтардың басқаруымен орыс ғалымдары да анықтады (а=6378245м, b=6356863м, =1298,2).
Алынған бұл өлшемдер 1946 жылы үкіметтің қаулысы бойынша еліміздің барлық геодезиялық және картографиялық жұмыстары үшін қабылданып алынып, Красовский эллипсоиды деп аталатын болды. Осы орайда айта кететін бір жәй, ол кейбір елдерде геодезиялық өлшеулер нәтижесінде шығарылған өз эллипсоидтарының қолданылатындығы. Олар сол немесе бірнеше елдің территориясын толық не ішінара қамтиды. Мұндай эллипсоид - референц - эллипсоид деп аталады. Референц - эллипсоид дегеніміз нақты бір елде геодезиялық өлшеулерді өңдеу үшін қолданылатын, жер денесінде белгілі түрде бағдарланған, нақты көлемі анықталған эллипсоид.
Сөйтіп, қазіргі кезде Красовскийдің референц-эллипсоиды тек Ресейде ғана емес, бүкіл ТМД және Батыс Еуропаның бірнеше елдерінде қолданылады. Бұрынғы Кеңестер Одағы, Батыс Еуропа мен АҚШ-тың гравиметриялық және астрономиялық өлшеулері нәтижесінде алынған жер эллипсоидының көлемі - басқа елдердегі анықтамаларға қарағанда, қолданылған материалдардың аумағы жағынан да, оларды өңдеудің дәлдігі жағынан да неғұрлым басым.
1960 жылы Жердің үш жасанды серіктерін бақылаудың нәтижесінде жер сфероидының қысыңқылығы =1298,2-ге тең, ал АҚШ-та ұшырылған Жердің 13 жасанды серіктерін бақылау арқылы (1962) =1238,31-тең екендігінің анықталулары Красовский өлшеулерінің дүниежүзілік маңызы бар екендігінің айқын дәлелі.
7
Жер пішінінің көлемі өте жоғары дәлдікті қажет ететін геодезиялық тірек торларын құруда толық ескеріледі. Ал, жер бетінің шағын учаскелерінде геодезиялық жұмыстармен қатар, көптеген инженерлік есептерді шығаруда эллипсоид сығылушылығының аз (=1300) болғандығынан, жердің пішіні үшін шарды (R=6371,11км) қолдануға да болады.

8

2Геодезиялық топтар туралы мәлемет
2.1Тірек тораптары туралы түсінік және оның түрлері
Геодезиялық түсірістердің қай түрі болсын, олар алдын ала жер бетінде бекітілген және өте жоғары дәлдікпен пландық координаталары (Х,У) және биіктік координатасы (Н) анықталған нүктелерге сүйенеді. Мұндай пункттерді тірек пункттері дейді. Координаталары геодезиялық тәсілмен біртұтас координаталар жүйесінде анықталған тірек жүйелерін геодезиялық тірек жүйелері деп аталады.
Жалпыдан жалқыға көшу принципіне қарай мемлекетіміздегі барлық тірек жүйесі бірнеше кластарға бөлінеді.
Оларды құру ең жоғарғы кластан төменгі, күрделі және дәл геометриялық кұрылымдардан ұсақ, дәлдігі төмендеу кластарға көшеді. Жоғарғы класты пункттер бір-бірінен (бірнеше ондаған километр) әжептәуір үлкен арақашықтықта орналасады. Одан кейін олардың аралары, төменгі кластарда жиілетіледі. Геодезиялық жұмыстарды осындай принциппен жүргізу қысқа мерзім ішінде үлкен территорияны біртұтас координаталық жүйемен қамтамасыз ете алады.
Геодезиялық тірек жүйелеріпландық және биіктік жүйелері болып бөлінеді. Пландық жүйеде тірек пункттерінің тік бұрышты жазық координаталары (X,У) анықталады, ал нүктелердің биіктіктері (Н) Балтық теңізінің биіктік жүйесімен есептеледі.
Геодезиялық жүйе мемлекеттік жиілету және түсіріс жүйелері болып бөлінеді, ал олардың өзі дәлдігіне қарай өзара кластарға бөлінеді.
Геодезиялық жұмыстарды дұрыс жүргізу үшін түсіріс жүргізер алдында күні бұрын керекті өлшеу дәлдігімен тапсырма беріледі, одан соң жұмысты жүргізу әдістерімен тиісті аспаптар таңдалып алынады.
2.2. Мемлекеттік геодезиялық тораптар
Мемлекеттік геодезиялық тораптар (2-сурет) жиілету және түсіріс торларын одан әрі дамытудың, сонымен қатар ізденіс, құрылыс, жер қойнауын пайдалану, жерге орналастыру, т.б., көптеген инженерлік есептерді шешудің негізі болып табылады.
Сондықтан, геодезиялық тораптарды құрудың дәлдігін қамтамасыз ету үшін оның бұрыштық және ұзындық өлшеулері тиісті аспаптар мен тәсілдер арқылы жүргізілуге тиісті
Мемлекеттік геодезиялық тораптарға мыналар жатады:
а) 1,2,3,4 кластың пландық жүйелер, олар өзара бұрыштық және ұзындық өлшеулер дәлдігімен, жүйе қабырғаларының ұзындықтарымен ерекшеленеді. Пландық жүйелер триангуляция, триатерация, полигонометрия әдістерімен кұрылады.
ә) I, II, III және IV класты биіктік нивелирлік тораптар. Олар геометриялық нивелирлеу әдісімен құрылады.
Геодезиялық жүйелер жалпыдан жекеге қарай көшу принципімен: жоғары жүйеден, яғни І-кластан төменге қарай неғұрлым дәл құрылғаннан, соғұрлым ұсақтау және дәлдігі кемдеу класқа қарай құрылады. І-класты жүйе мейлінше жоғары дәлдікке ие болады және ол төменгі кластарға геодезиялық жүйелердің дамуы мен орлардың пункттерінің координаталарын біртұтас жүйеде есептеу үшін, негіз қызметін атқарады.
9

Триангуляция әдісі. Триангуляция әдісі жергілікті жерде үшбұрышты жүйесін құрудан тұрады, оларда барлық бұрыштар мен кейбір базис қабырғаларының ұзындығы өлшенеді. Үшбұрыштың басқа қабырғаларының ұзындықтары тригонометрияның белгілі формулалары бойынша есептеледі.
I класс триангуляциясының тұтас жүйесін орасан зор территорияда құру едәуір уақыт пен материалдық қаражатты жұмсауды керек етеді. Сондықтан I класты геодезиялық жүйені, мүмкіндігінше меридиан және параллель бағытында бірінен-бірі 200 км-ге дейінгі алыс қашықтықтарда орналасқан үшбұрыштар қатары түрінде құрады. I кластық триангуляция қатарының периметрі 800 км-ге дейінгі тұйық полигонды құрады.
2 класты триангуляция бірінші класты полигонның бүкіл ауданын толтыратын және 1 класты пункттерімен сенімді байланыстағы үшбұрыштардың жаппай жүйелі түрінде дамиды.
3 және 4 класты триангуляциялар мемлекеттік геодезиялық жүйелердің одан арғы жиілендіруі болып табылады.
I және II, III класты мемлекеттік геодезиялық жүйе 50-60 км2-қа бір пункт тығыздықпен жасалынады. Пункттердің осындай тығыздығы 1:25000 және 1:10000 масштабтағы топографиялық түсірулерді қамтамасыз етеді.
1, 2, 3 және 4 класты триангуляциялық жүйенің негізгі сипаттамалары 10-кестеде келтірілген.
Трилатерация әдістері. III және IV класты мемлекеттік геодезиялық жүйелер, трилатерация әдісімен де құрылуы мүмкін.
Трилатерация триангуляция тәрізді, барлық қабырғалар ұзындықтары өлшенген үшбұрыштар жүйесі болып саналады. Үшбұрыштарды шешу арқылы горизонталь бұрыштарын, ал одан қабырғаларының дирекциондық бұрыштарын анықтайды. Содан кейін пункттердің координаталарын есептеуді триангуляциядағыдай жүргізеді.
Трилатерация жүйесінде қабырғаларының ұзындығы әдеттегідей радио және жарық қашықтық өлшеуіштерімен өлшенеді. Бұл жағдайда қабырғаларды өлшеудің салыстырмалы қателігі мынадан аспауы керек: III класс үшін - 1:100000, IV класс үшін - 1:40000.

10

Мемлекеттік геодезиялық тораптар(2-сурет)

2.3Триангуляциялық тораптың сипаттамасы

Триангуляция кластары
Қабырға ұзындығы, км
Бұрыш өлшеудің орт. Кв.шекті қателік
Үшбұрыштардағы шекті қателік
Базисты қабырған. өлш. салыст. шекті қателік
1
20-25
0,7"
3,0
1:400000
2
7-20
1,0
4,0
1:300000
3
5-8
1,5
6,0
1:200000
4
2-5
2,0
8,0
1:200000

Полигонометрия әдісі. Орманды жазық жерде триангуляция жүйесінің дамуы қиындау немесе жергілікті жағдайдың күрделілігінен экономикалық жағынан орынсыз кезде полигонометрия әдісі қолданылады. Осы әдіс жергілікті жерде жүрістер және полигондар жүйесін салудан тұрады, олардың барлық бұрыштары мен қабырғалары өлшенеді (27-сурет).

11
Егер бір пункттің координаталары және бір қабырғасының дирекциондық бұрышы белгілі болса, онда полигонометриялық жүрістің барлық пункттерінің координаталарын есептеп шығаруға болады.
Полигонометриялық жүрістің бұрыштары тиісті дәлдіктегі теодолиттермен өлшенеді. Полигонометриялық жүрістердің қабырғаларының ұзындығын өлшеу үшін жарық және радио қашықтық өлшеуіштер, оптикалық-механикалық қашықтық өлшеуіштер, болат және инварлық сымдар, ленталар мен рулеткалар қолданылады. Қабырғаларының ұзындығы, сонымен қатар өлшенген базистен, қосалқы бұрыштары өлшенген геометриялық фигуралар арқылы анықталуы мүмкін. Сондықтан қабырғаларын өлшеу әдісіне байланысты полигонометрия;
а) траверстік немесе магистральдық (3,а-сурет), яғни қабырғаларын тікелей өлшеу арқылы;
ә) параллактикалық полигонометрия, яғни қабырғаларды қысқа базис және параллактикалық сүйір бұрыш арқылы жанама тәсілмен анықтауға негізделген (3, ә-сурет).

Полигонометриялық жүрістер
Егер базисі полигонометриялық жүрістің АВ қабырғасына перпендикуляр болса және онымен екіге бөлінсе, онда АВ қабырғасының ұзындығын анықтау үшін базисін және φ1 мен φ2 параллактикалық бұрыштарын өлшеу жеткілікті.
I класты полигонометрия меридиан және параллель бағытында созылған жүріс түрінде кұрылады, олар бірінші класты периметрі 700-800 км полигонның буындарын құрады, 2 класты полигонометрия I класты триангуляция мен полигонометрияның ішінде периметрі 150-180 км-лік тұйық полигон жүйесі ретінде дамиды.
3 және 4 класты полигонометриясы торапты пункттері бар жүрістер жүйесі немесе жоғарғы класты мемлекеттік геодезиялық жүйенің пункттеріне сүйенетін жекелеген жүрістер түрінде құрылады.
Полигонометрияның негізгі сипаттамалары 7-кестеде келтірілген.

12
Полигонометрия кластары
Қабырғалар саны
Қабырғаларұзындығы, км
Бұрыш өлш.
орт. кв. қатесі
Ұзындық өлш.салыст. қателік

1
12
8-30
0,4
1:400000
2
6
5-18
1,0"
1:200000
3
6
3-10
1,5"
1:100000
4
20
0,25-2
2,0"
1:40000

Полигонометрияның сипаттамалары

Мемлекеттік нивелирлеу жүйесі. Мемлекеттік нивелирлеу жүйесінің пункттерінің биіктіктерін геометриялық нивелирлеу әдісімен анықтайды.
I класты нивелирлеу жүйесі периметрі 2000 км-ге жуық тұтас полигонды құрайтын жүрістерден тұрады. I класты нивелирлеу мейлінше жоғары дәлдікпен жүргізіледі, оған барынша жетілдірілген аспаптар мен бақылау әдістерін қолдану арқылы жетуге болады.
Салыстырмалы биіктікті анықтаудың орташа квадраттық кездейсоқ қателігі 1 км жүрісте mh=0,5 мм болады.
II класты нивелирлеу сызығы I класты нивелирлеу
пункттерінің арасында периметрі 500-600 км полигондар түрінде
салынады. II класты нивелирлеу жүрісінде салыстырмалы биіктікті анықтаудың орташа квадраттық қателігі 1 км жүрісте mh=0,8 мм-ден аспауы керек.
III класты нивелирлеу жүйесі І және II класты нивелирлеу полигонының ішінде жүйе немесе II кластық полигонды периметрі 150-200-ден 6-9 полигонға бөлетін жеке жүрістер түрінде жасалынады (1км жүрісте mh=1,6 мм-ден аспауы керек). III класты нивелирлеу жүйесін одан ары жиілендіру IV класты нивелирлік жүрістер жүйелерін құру арқылы орындалады. Олар топографиялық түсірулердің тікелей биіктік негізі болып табылады. Оларды салу жиілігі түсіру масштабымен және жергілікті жердің жер бедерінің сипатымен сабақтас болады.
Барлық кластағы нивелирлеу жүрістері жергілікті жерде орташа есеппен алғанда 5 км сайын тұрақты реперлер және таңбалармен бекітіледі.
13
3Геодезиялық өлшеулер
3.1Геодезиялық өлшеулер туралы түсінік. Олардың дәлдігі. Өлшеудің түрлері
Геодезиялық өлшеу деп өлшенетін шаманы бастапқы бірлік ретінде қабылданатын басқа бір шамамен салыстыру процесін айтады. Геодезиялық өлшеулерді негізінен үш түрге бөлуге болады:
- сызықтықжер бетіндегі нүктелердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топография мен геодезияның даму тарихы
ЖЕРДІҢ ПІШІНІ МЕН ӨЛШЕМІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Геродоттың еңбектері
Жергілікті жерге бағдар беру
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
ГЕОДЕЗИЯ БОЙЫНША ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Жердің пішіні және жер беті бейнесінің проекциясы
Ғимараттың деформациясы туралы жалпы түсiнiк. Бөлу жұмыстарының технологиясы
Картада өлшеу ара қашықтықтарын анықтау
Жер туралы
Пәндер