Парламент Сенатының ерекше өкілеттігі
Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасының органдар жүйесі

Мемлекеттік органдар жүйесі-Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген. Қарастырып отырған курстық жұмыстың тақырыбы Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппараты деп аталады. Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік аппарат ұғымы, нысандары, құрылымы, қағидалары туралы нақты әрі толық мазмұнын ашып беру. Мемлекеттік аппарат мемлекеттік органдардың жүйесін өзімен байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да болмасын мемлекеттің ең негізгі құрамды элементі - бұл аппарат болып табылады. Курстық жұмыстың тақырыбының мазмұнын толығымен ашып көрсету мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады. Олардың қатарына мыналар жатады: - мемлекеттік аппараттың жалпы сипаты, нақтырақ айтқанда түсінігі, белгілері және нысандары; - мемлекеттік аппараттың құрамын құрайтын мемлекеттік органдардың түрлеріне нақтырақ толық мәлімет беру, - мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі принциптерін талдап беру. Жалпы мемлекеттік аппарат өзінің мақсаты бар және оны орындау үшін - өз құзіреті бар мемлекеттік аппараттың бір буынына жатады. Курстық жұмыстың мазмұнын толық ашу үшін, әр сұрақты жеке - жеке қарастырып өтелік.
Өкілетті органдар
Өкілетті органдар
Атқарушы органдар
Атқарушы органдар
Сот билігі
Сот билігі
Өкілетті органдар
Заң шығарушы орган - Конституция бойынша елдегі заң шығарушы билікті жүзеге асырудың негізгі міндеті жүктелген мемлекеттік өкілетті алқалық орган. Кейбір елдерде заң шығарушы органға өзінің негізгі міндетіне қоса мемл. бюджетті бекіту және атқарушы билік органдарының (үкіметтің, президенттің, т.б.) қызметін бақылау құқығы берілген, сондай-ақ, кейбір өзге де өкілеттіктер: жоғары лауазымды адамдардың белгілі бір тобын (судьяларды, есеп палаталарының аудиторларын, омбудсмандарды, т.б.) сайлау (тағайындау, орнынан алу), халықар. шарттарды бекіту, рақымшылық жариялау міндеттері жүктелген.
Федерациялық принцип бойынша құрылған мемлекеттерде және бір орталықтан басқарылмайтын кейбір унитарлық мемлекеттерде заң шығарушы органжалпы ұлттық заң шығарушы органжәне аймақтық (респ., облысы, т.б.) заң шығарушы орган болып бөлінеді. Мысалы, Ресей Федерациясында Федералдық жиналыс және Федерация субъектілерінің өкілетті органдары (Татарстанда Жоғарғы Кеңес, Пенза облысында заң шығарушы жиналыс, Мәскеуде қалалық Дума) заң шығарушы орган болып табылады. Кейбір парламенттік монархияларда (Ұлыбритания, Канада) мемлекет басшысы (королева, президент) жалпы ұлттық заң шығарушы органның құрамдас бөлігі саналады.
Қазақстанда заң шығарушы билікті жүзеге асыратын жоғары өкілдікті орган - қос палаталы Қазақстан Республикасының Парламенті
Қазақстан Республикасының Парламенті - елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган.
1995 жылы 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екi рет (1995 жылы және 1999 жылы ) сайланды.
Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Өкiлеттiк Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi. ҚРП құрылымы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан: жоғарғы палата -- Сенат және төменгі палата -- Мәжiлiстен тұрады.
Парламент өз палаталарының бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды талқылайды, мемл. салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкiмшілік-аумақтық құрылымына қатысты мәселелердi шешу тәртiбiн белгiлейдi; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлер шығарады; палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкiмет мүшелерiнiң есептерiн тыңдайды; палаталардың үйлестiрушi және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54-бап) көзделген басқа да өзгерiстердi жүзеге асырады.
Парламент Палаталардың бiрлескен отырыстарында: Президенттiң ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; Конституциялық заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; республикалық бюджеттi және Үкiмет пен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетiнiң бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi; Президенттiң қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша Президент қарсылық бiлдiрген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткiзедi (бұл мерзiмнiң сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын бiлдiредi); Президенттiң бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауыс беруiмен Президентке бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығарушылық өкiлеттiк бередi; Президенттiң Премьер-министрдi; Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келiсiм бередi; Премьер-министрдiң Үкiмет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды (Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен Үкiмет бағдарламасының екiншi рет қабылданбауы Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрген болып табылады); әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiрiнiң бастамасы бойынша Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiредi; соғыс және бейбiтшiлiк мәселелерiн шешедi; Республикалық референдум белгiлеу туралы ұсыныс енгiзедi, т.б.
Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар ҚР-ның Заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң актiлерiн қабылдайды. Республика Заңдары Президент қол қойғаннан кейiн күшiне енедi. Парламент пен оның палаталарының заң актiлерi, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады, ал конституц. заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады. Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiргенде, Парламент Премьер-министрдi тағайындауға екi мәрте келiсiм бермесе, Парламенттiң Палаталарының арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік билiктiң басқа тармақтары арасындағы келiспеушiлiк салдарынан саяси дағдарыс болғанда -- Президент Парламенттi тарата алады. Бiрақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Президент өкiлеттiгiнiң соңғы 6 айында, сондай-ақ, алдыңғы таратудан кейiнгi 1 жыл iшiнде Парламенттi таратуға болмайды.
Парламенттiң ағымдағы қызметi тұрақты атқарылады, олардың саны әр Палатада жетеуден аспауға тиiс. Палаталардың бiрлескен қызметiне қатысты мәселелердi шешу үшiн Сенат пен Мәжiлiс тепе-тең негiзде бiрлескен комиссиялар құруға құқылы. Заң жобасы Мәжiлiстiң тұрақты к-тiнде алдын-ала қаралып, ол бойынша қорытынды бергеннен кейiн -- Мәжiлiстiң жалпы отырысында талқыланады. Әдетте, талқылау екi оқылымда өтедi. Ал Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және конституция заңдар қабылдау немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселелерi бойынша кемiнде екi оқылым өткiзiлуi мiндеттi.
Сенаттың қаралған заң жобасы бойынша қарсылық бiлдiруге құқы бар. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданбаған жоба Мәжiлiске қайтарылады. Егер Мәжiлiс депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен жобаны қайтадан мақұлдаса, онда жоба Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға берiледi. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгiзуге болмайды.Әр Палатаны депутаттардың арасынан сайланатын, мемл. тiлдi еркiн игерген төраға басқарады. Төрағалар палаталардың жұмысын жүргiзедi.
Тұтастай алғанда, Парламенттiң қос палаталы құрылымы Қазақстан жоғары заң шығарушы органы қызметiнiң пiкiр алшақтықтарын азайтып, өзара ынтымақтаса жұмыс iстеуiн мақсат етедi: палаталар бiр-бiрiне бағынбайды, бiр-бiрiне тәуелсiз құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке жұмыс тәртiбiнде қызмет атқарады, өздерiнiң қызмет аясы мен мiндеттерi бар. Сонымен қатар олар көптеген мәселелер бойынша бiрлесiп қызмет атқаруға мiндеттi.
Сенат - Қазақстан Республикасының қос палатадан құралған Парламентінің жоғарғы палатасы болып табылады. Сенат 47 депутаттан құралады. Сенат депутаттары тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екi адамнан сайланатын депутаттардан құралады. Сенат депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен жүзеге асырылады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулi мүдделерiнiң бiлдiрiлуiн қамтамасыз ету қажеттiлiгi ескерiлiп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президентi тағайындайды. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - 6 жыл. Парламенттің бесінші сайланымында конституциялық нормаларға сәйкес 2011 және 2014 жылдары сайланған, 2011 және 2013 жылдары Қазақстан Республикасының Президентің тағайындаған Сенат депутаттарының өкілеттігі жалғаса береді.
Қазақстан Республикасы Парламентінiң өкілеттілігі
Сенат және Мәжілістің бiрлескен отырысында Парламент:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi;
Үкiмет пен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi. Үкiметтiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебiн Парламенттiң бекiтпеуi Парламенттiң Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiргенiн көрсетедi;
Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығару өкiлеттiгiн беруге хақылы;
соғыс және бiтiм мәселелерiн шешедi;
Республика Президентiнiң ұсынысы бойынша бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшiн Республиканың Қарулы Күштерiн пайдалану туралы шешiм қабылдайды;
Конституциялық Кеңестiң Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйi туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
палаталардың бiрлескен комиссияларын құрады, олардың Төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметi туралы есептердi тыңдайды;
Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелердi әуелi - Мәжiлiсте, ал содан кейiн Сенатта өз кезегiмен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның iшiнде:
республикалық бюджеттi бекiтедi, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi;
мемлекеттiк салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды;
Қазақстанның әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы мәселелерiн шешу тәртiбiн белгiлейдi;
мемлекеттiк наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметтi, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерiн, дипломатиялық дәрежелерiн белгiлейдi, Республиканың мемлекеттiк рәмiздерiн айқындайды;
мемлекеттiк заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуi туралы мәселелердi шешедi;
рақымшылық жасау мәселелерiн шешедi;
Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшiн жояды.
Сондай-ақ:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
* республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептердi талқылайды;

* Республика Президентiнiң қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткiзедi.

* республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтередi.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Парламент Сенатының ерекше өкілеттігі
Сенаттың ерекше өкілеттігіне:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;
Республика Президентiнiң Республика Ұлттық Банкiнiң Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасын тағайындауына келiсiм беру;
Мәжiлiстiң өкiлеттiктерi мерзiмiнен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентiнiң конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөнiндегi функцияларын орындау (Парламенттiң конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөнiндегi функцияларын Сенат екі рет орындады: бірінші рет - 2007 жылғы 21 маусым -11 шілде аралығында, екінші рет - 2011 жылғы 16 қараша - 2012 жылғы 19 қаңтар аралығында);
Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
Парламент Сенатының дербес өкілеттігі
Әр Палата дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз:
Конституциялық Кеңестiң екi мүшесiн қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екi мүшесiн, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң үш мүшесiн бес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды;
Палата депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады,
өз құзыретiндегi мәселелер бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзедi;
Республика Үкiметi мүшелерiнiң өз қызметi мәселелерi жөнiндегi есептерiн тыңдайды;
Палаталардың үйлестiрушi және жұмыс органдарын құрады;
өз қызметiнiң регламентiн, Палатаның ұйымдастыру және iшкi тәртiбiне байланысты мәселелер бойынша өзге де шешiмдер қабылдайды.

Сенат Төрағасы
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.
Сенаттың қазіргі төрағасы - Дариға Назарбаева
Сенат Төрағасы:
Сенат отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;
Сенаттың қарауына енгізілетін мәселелердің әзірленуіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Палатаға Палата Төрағасының орынбасарлары қызметіне сайлауға кандидатуралар ұсынады, сондай-ақ олардың арасындағы міндеттерді бөледі;
Сенат Регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Сенаттың үйлестіру органының қызметіне басшылық етеді;
Сенат шығаратын актілерге қол қояды;
Палаталарға Конституциялық Кеңестің екі мүшесін, Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін қызметке тағайындау үшін кандидатураларды ұсынады;
Сенаттың кезекті отырысы күн тәртібінің жобасын әзірлейді;
Мәжіліс мақұлдаған заң жобаларын қарау үшін Сенаттың комитеттеріне жібереді;
Сенат қабылдаған заңдарды қол қою үшін Қазақстан Республикасының Президентіне жібереді;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ шет мемлекеттердің парламенттерімен өзара қатынастарда Парламент Сенатынан өкіл болады;
Парламент Сенатының Конституциялық Кеңестегі өкілдерін айқындайды;
жеке мәселелер бойынша азаматтардың хаттарын, шағымдарын және басқа да өтініштерін қарауды Палата Аппаратына тапсырады;
мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ азаматтардың заң шығарушылық жұмыс мәселелері бойынша өтініштерін комитеттердің шешуіне береді;
өзіне Сенат Регламентімен жүктелген басқа да міндеттерді атқарады;
осы Регламентке және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес Сенат қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелерін шешеді.
Сенатта дауыс берген кезде депутаттардың даусы тең бөлінген жағдайда Сенат Төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Сенат Төрағасы өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады.

Парламент Сенаты депутатының мәртебесi
Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары бiлiмi және кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар, тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемiнде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Парламент депутатының өкiлеттiгi оны Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретiнде тiркеген сәттен басталады. Парламенттiң бiрiншi сессиясында оның Палаталарының бiрлескен отырысында депутаттар Қазақстан халқына мынадай ант бередi: Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсiздiгiн нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, өзiме жүктелген депутаттың мәртебелi мiндетiн абыроймен атқаруға ант етемiн. Антты Президент қабылдайды және ант беру Республика Үкiметi, Конституциялық Кеңесi мүшелерiнiң, Жоғарғы Соты судьяларының, экс-Президенттерiнiң қатысуымен салтанатты жағдайда өткiзiледi.

Парламент депутатының өкілеттілігі
Депутат Парламенттiң және өзi құрамына сайланған оның органдарының жұмысына қатысуға мiндеттi. Парламентте дауыс берудi депутаттың жеке өзi ғана жүзеге асырады. Депутат Парламент сессиясында және өзi құрамына кiретiн оның органдарының отырыстарында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешушi дауыс құқығын пайдаланады. Сенат депутаты:
Парламенттің және Сенаттың жұмыс органдарын сайлауға және оларға сайлануға;
отырыстың күн тәртібі, талқыланатын мәселелердің қаралу реті мен мәні жөнінде ұсыныстар енгізіп, ескертпелер жасауға;
Парламент Сенаты сайлайтын, қызметінен босататын немесе тағайындайтын, не тағайындау үшін Парламент пен оның Сенаты келісім беретін лауазымды адамдардың кандидатуралары бойынша өз пікірін айтуға;
Парламент Палаталарының бірлескен отырысында және Парламент Сенатының отырысында қарауға ұсынылып отырған мәселелер бойынша Палата Бюросына ұсыныстар енгізуге, ал өз ұсыныстары қабылданбаған жағдайда оларды Сенаттың отырысының қарауына енгізуге;
Парламент және Парламент Сенаты органдарының отырыстарында қарау үшін мәселелер ұсынуға;
Парламент Палаталарына есеп беретін лауазымды адамдардың есебін немесе ақпаратын Парламент Палаталарының бірлескен отырысында тыңдау туралы ұсыныстар енгізуге;
заңда белгіленген тәртіппен депутаттық сауал салуға;
талқыланып отырған мәселе бойынша жарыссөзге қатысуға, баяндамашыларға, сондай-ақ отырыста төрағалық етушіге сұрақтар қоюға;
дауыс беру жағдаяттары бойынша өз ұсыныстарын негіздей отырып сөз сөйлеуге, анықтамалар беруге;
заңдардың, қаулылардың, Парламент қабылдайтын басқа да актілердің жобаларына түзетулер енгізуге;
Парламент депутаттарын азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерімен таныстыруға;
депутаттардың сөйлеген сөздерінің Парламент отырыстарының стенограммалары мен хаттамаларындағы мәтіндерімен танысуға;
мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан өз қызметіне қажетті материалдар мен құжаттарды сұратып алуға құқылы; мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар
Сенат депутаттарына сұратылған материалдар мен құжаттарды заңмен қорғалатын құпияны ескере отырып табыс етуге міндетті; :: Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Парламент пен оның Палаталарының регламенттеріне сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асыруға құқылы.

Сенат Бюросы
Сенат Бюросы:
Сенаттың комитеттері мен комиссияларының жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады;
Сенат үшін заң жобаларын және Сенаттың өзге де шешімдерін қараудың кезектілігі бойынша ұсыныстар әзірлейді;
Сенат депутаттарын халықаралық, мемлекетаралық парламенттік ұйымдарға және органдарға жіберу туралы ұсыныстарды Сенаттың қарауына енгізеді;
бірнеше комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша комитеттердің бірлескен жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсетеді;
Сенаттың тұрақты комитеттерінің парламенттік тыңдаулар өткізуі туралы шешім қабылдайды;
Сенат Аппаратының құрылымы мен штат санын бекітеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде өзге де актілерді қабылдайды;
депутаттық топтарды тіркейді, бұл ретте тіркеу келу тәртібімен жүзеге асырылады және ақпараттық сипатта болады;
консультативтік-кеңесші органдарын құрады және осы органдар туралы ережелерді бекітеді;
Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен Сенаттың басқа органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған Сенат жұмысын ұйымдастырудың өзге де мәселелерін шешеді.
Сенат Бюросы өз құзыреті шегінде қаулылар қабылдайды, Парламенттің Сенаты олардың күшін жоюға құқылы.

Депутаттық сұрау салу мен сауалдар
Депутаттық сұрау салу Парламент Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстарында Сенат депутатының мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына осы органның немесе лауазымды адамның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Парламент отырыстарында негiзделген түсiнiктеме беруiн немесе өз көзқарасын баяндауын ресми сұраған талабы болып табылады.
Сенат депутатының Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мен Үкiмет мүшелерiне, Ұлттық Банкi Төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен мүшелерiне, Бас Прокурорына, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасына, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң Төрағасы мен мүшелерiне сұрау салуға құқығы бар.

Сенаттағы депутаттық бірлестіктер
Сенат депутаттары, партияға тиесілілігі қағидаты бойынша топтарды қоспағанда, депутаттық топтар түріндегі депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. Депутаттық топ - депутаттардың өз өкілеттігін жүзеге асыруға арналған бірлестігі. Депутаттық топтарды тіркеу Палата Бюросында жүзеге асырылады.
Депутаттық бірлестіктердің ішкі қызметін олар дербес ұйымдастырады. Сенаттағы депутаттық бірлестіктердің өкілеттігі, ұйымдастырылуы мен қызметі, олардың жұмысы Парламенттің Регламентімен және Сенат Регламентімен айқындалады. Сенатта Өңір депутаттық тобы тіркелген және қызмет етеді.
Топ қызметінің негізгі мәселесі өнірлердің даму мәселесі болып табылады. Сенат жанында жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу мақсатында консультативтік-кеңесші орган - Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара байланыс жасау жөніндегі кеңес құрылған.

Парламенттік іс-шаралар
Сенаттың тұрақты комитеттері өздерінің құзыретіндегі мәселелер бойынша қызмет нысандары мен әдістерін еркін таңдап алады, мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара қарым-қатынас жасайды, қоғамдық пікірді зерделейді және ескеріп отырады, парламенттік тыңдаулар, үкіметтік сағаттар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, таныстырылымдар және басқа парламенттік іс-шаралар өткізеді.
Сенат комитеттері Парламентте талқыланып жатқан заң жобалары және басқа да өзекті мәселелер бойынша қоғамдық пікірді зерттеу мақсатымен өңірлерде көшпелі іс-шаралар өткізеді.
Депутаттар тоқсан сайын өз өңіріне немесе өзге өңірге іссапарға барады, онда халықтың әр түрлі санаттарымен кездеседі, өңірлердегі істің жағдайымен танысады, азаматтардың сұрақтарына жауап береді, Парламент қабылдаған заңдардың негізгі ережелерін түсіндіреді.

Сенаттың халықаралық және парламентаралық қызметі
Қазақстанның сыртқы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz