Топонимдер сөздігі немесе топонимдер тізбегі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Қазақстан топонимикасының шығуы, пайда болуы және қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Біздің дәуірімізге дейінгі топонимдер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Ерте ортағасырлық топонимдер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Ортағасырлық топонимдер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Жетісу жерлері топонимикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Қазақстан аумағындағы тау аттары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Қазақстан аумағындағы өзен-көл, су аттары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
5. Қазақстан аумағындағы елді-мекен атаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6. Сарыарқа жері топонимикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7.Отаршылдық саясаттың Қазақ топонимикасына әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Адамзат қоғамы қашанда өзін қоршаған дүние құбылыстарына атау бермей тіршілік етуі, әрі қарай ілгерілеп дамуы мүмкін емес. Әдетте жер-су атаулары қандай да бір адамдар қауымдастығының, этностардың қоғамдық, шаруашылық, тұрмыстық қажеттіліктеріне сай пайда болып, өшіп, өзгеріп, қайта жаңғырып отырады және сол қауым мүддесіне қызмет етеді. Алайда атаулар табиғи түрде пайда бола ма, әлде мақсатты түрде жасанды жолмен дүниеге келе ме, одан оның басты қызметі мекенжайлық, бағдарлық қызметі өзгермейді.
Қоғамда әр кезде орын алатын саяси, әлеуметтік дағдарыстар, нақты бір территориядағы халықтың этникалық құрамының өзгеруі (көбеюі, азаюы), мемлекеттік құрылымдық өзгерістер өз кезегінде жер-су атаулар репертуарында да тікелей көрініс тауып отырады. Кез келген этностың, халықтың түрлі тарихи дәуірлерде мәдени, тілдік, әлеуметтік дамуына сыртқы, экстралингвистикалық факторлар тікелей ықпал ететіндігі белгілі. Қоғам құрылымының алмасуы, қоғамдық институттар мен оның идеологиясының ауысуы құндылықтар жүйесінің өзгеруіне алып келетіндігі анық. Қазақ қоғамы да өзінің пайда болу, даму тарихында осындай бірнеше қоғам құрылымының, мемлекеттік идеологиясының өзгеруін, басқа кеңестік республикалардағыдай бірнеше даму кезеңін бастан кешірді. Ең алдымен, бұл өзгерістер жергілікті халықтың жер-су атаулар жүйесінде көрініс тауып отырды.
Бұрынғы топонимдер орнына жаңа топонимдердің орнығуы жер-су атауларын қолдануда жарыспа варианттылыққа (ескі мен жаңаның қатар қолданылуы немесе ресми жаңа қолданыспен қатар бейресми ескі атаудың қолданылуы), алақұлалыққа жол береді. Осыған байланысты Еуропа елдерінде ертеректен бастап, қазіргі кезеңде әлемнің көптеген өркениетті мемлекеттері өз жеріндегі жер-су атауларын реттестіруге, стандарттауға әрқашан айрықша көңіл бөліп келеді
Тілдегі жер-су атаулары тобын ғылыми тұрғыдан топоним деген терминмен атайды. Жалпы географиялық жер-су атауларына қатысты арнайы ономастикалық терминологияны, осы саланың іштей жіктелуіне сай, көпшілік қауымға түсінікті болу үшін төмендегідей танымдық-деректік ақпаратты келтіреміз.
Топоним - Жер бетіндегі табиғи нысаналардың жалқы атауы (мұхит, өзен, көл, тау, т.б.), сондай-ақ Жердегі адам жасаған, нақты бір аймақта тіркелген нысана атауы (қала, ауыл және түрлі елді мекен түрлері, коммуникация жолдары, т.б.).
Топонимика - топонимдердің пайда болу жолдары мен заңдылықтарын, даму, қызмет ету ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттейтін ономастиканың дербес ірі саласы.
Топонимикон - 1. Топонимдер сөздігі немесе топонимдер тізбегі. 2. Географиялы атаулар репертуары.
Топонимия - қандай да бір нақты тілдің, нақты аймақтың, нақты мәтіннің, нақты дәуірдің топонимдер жиынтығы.
Географиялық нысаналар - орналасу нүктесінің нақтылығымен сипатталатын, қазіргі кезеңде бар немесе бұрын болған, тұрақтанған Жердің тұтас құрылымдары құрлықтар, мұхиттар, теңіздер, аралдар, бұғаздар, тау, өзен, мұздықтар, шөл далалар мен өзге де көптеген табиғи нысаналар, сондай-ақ республикалар, өлке, қала және өзге елді мекендердің түрі, аудандар, теміржол бекеттері және т.б. осы сынды нысаналар.
Географиялық нысана атаулары - географиялық нысаналарға беріледі және оларды бірінен-бірін айыру, тану үшін қызмет етеді. Терминдік мағынасы жағына топоним терминіне синонимдес болып келеді.
Географиялық нысана атауларын нормалау (нормаға келтіру, жүйелеу, бірізге келтіру) географиялық нысана атауының ең жиі қолданылатын нұсқасы таңдап алу және ол қолданылатын тілдің заңдылығына сай жазылуын анықтау және тұрақтандыру.
Қазақ тіліндегі жер-су (географиялық) атауларын орыс тілінде және орыс тіліндегі атауларды қазақ тілінде таңбалаудың Нұсқаулығы Қазақстан Республикасындағы географиялық нысаналардың бірізділігін және дұрыс пайдаланудың бірегей ережелерін белгілейді.
Қазақ даласын мекендеген ежелгі ру-тайпалардың сонау ықылым заманан басталатын ұзақ тарихы болғанымен, сол халықтар туралы, олар қоныстанған жерлер туралы жазба деректер тым аз.
Курстық жұмыстың мақсаты
Аталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Қазақстан топонимикасының шығуын, пайда болуын және қалыптасуын зерттеу
- Қазақстан топонимикасын кезеңдерге жіктеу.
- Қазақстан топонимикасын атаулар бойынша жіктеуді қарастыру.
- Қорытынды шығарып, тұжырымдама жасау.
Курстық жұмыстың тарихнамасы мен деректері. Біздің заманымызға дейін келіп жеткен, қазақ жеріне қатысты көне жазба деректердің бірі - таста қашалған Бехистун жазуы. Бехистун жазуы парсы патшасы Дарий I атынан жазылған. Дарий және одан бұрын өмір сүрген Кир сарбаздары соғысып, сак және массагет тайпалары мекендеген жерге дейін келген. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, Дарий жәе Кир әскерлері Амударияның орта тұсынан өтіп, сақтармен Арал теңізі маңында соғысқан. Тарихшы Герадот көне қазақ жері туралы біраз мағұлмат келтіреді. Ол Каспий теңізінің арғы жағындағы жән ойлы-қырлы жерлердің алып жатқанын, онда биік таулардың бар екенін баяндайды.
Қолбасшы Александр Македонский әскерлерінің құрамында жорыққа ғалымдар да аттанғаны белгілі.
Македония ғалымдарының жазбаларында Қазақстанның географялық объектілері туралы деректер ұшырасады. Орта Азия мен Қазақстанның ұлы өзені Сырдарияны олар бірде Дон (грекше Танаид, Танаис), бірде Яксар деген.
Скифтер Сырдарияны Силис десе, ал Александр Македонский әскерлері оны Танаид деп атаған. Гректердің Танаиды скифтердің дон өзен деген сөзінен алынған. Осы күнгі осетиндер қай өзен болсын оған донды қосып айтады: Донгом, Ардон, Гизельдон, Ганадон, Мамисидон. Сонау көне заманнан келе жатқан Дон өзенінің аты - скиф тілінің қалдығы.
Ал көне гректердің Яксарт деген атауы түркілердің Қасарт деген сөзінен шыққан. Бұл жөнінде ғұлама ғалым Әбу Райхан әл-Бируи өзінің шығармасында жазады.
Македония ғалымдарынан кейін Қазақстан топонимикасы жонінде Рим ғалымдары Страбон және Птолемей жазыпды. Мысалы, Птолемей Окс көлі (қазірге Арал теңізі) туралы жазған. Көне грек және Рим тарихшыларына , географтарына Қазақстан жерінің Каспий теңізінің төңірегі, Арал теңізінің маңы және Сырдария бойы жақсы мәлім болған.
IV ғасырда Орта Азия мен Қазақстан жеріне көшпенділер империясы пайда болды. Алтай түркілерінің қағанаты VII ғасырға дейін өмір сүрді. Сол кезде Византия императоры Юнистиан II түркі қағаны Дизабулға Земарх Киликийдің елшілігін жіберді.
Земарх Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларымен, Волга(Еділ), Орал (Даих),Эмба (Их) өзендерінен өтеді.Қайтарда ол Хорезмде, Әмударияда болады.Земарх 12 күн бойы үлкен көлдің құмды жағалауларымен жүріп отырған. Академик В. Бартольд өз еңбегінде ол көлді қазіргі Арал теңізі деп жазады.
Қазақ жері туралы құнды деректерді араб саяхатшылары да қалдырған. Солардың ішіне Ибн-Хордабектің, Ибн-Хаукальдың, Ибн-Рустанның еңбектерін атап өткен жөн.
Ибн-Хордабек Китаб ал-масалик ва-л-мамалик жазбасында Фараб (Отырар), Талас өңірі жөнінде әңгімелейді.Талас атырабы көшпелі өмірге ыңғайлы екенін айтады. Испиджабтан Таразға дейінгі жолды жазады. Сол арада бірнеше қала мен елді мекендер - Шараб, Тамтадж, Абарджадж, Джувикат орналасқанын айтады.
X ғасырдың араб саяхатшысы Ибн-Хаукаль Фараб қаласының маңының табиғатын, жер ерекшеліктерін жазды. Оғыздардың бас қаласы Ягикент жөнінде мағұлмат береді. Қызылорда обылысындағы Қазалы қаласының маңыдағы Жанкнт қалдықтары сол Хаукаль жазған Янгикент болуы керек.*4*
Сол дәуірдегі кейбір қала аттарының түрікше және соғдыша аталғанын авторы белгісіз Худул-ал-алам деген кітапта келтіріледі: Беклеғиг-үлкен елді мекен соғды тілінде ол Расмакана. Худуд-ал-аламда қарлұқтврдың бай өлкесіне орналасқан 25 қала мен елді мекендер жөнінде баяндалады.Соның ішінде - Құлан, Меркі, Талғар, Атлалиг, Балиг, Барсхан, Сикуль, Пенчул т.б қалалар бар.
Құлан, Талғар, Мерке деген атаулар осы күнге дейін бар. Академик Ә. Х. Марғұлан Құла деген қаланың қалдықтары қазір Қарағаты өзенінің бойындағы Лугова станциясының (Жамбыл облысы) қасыда екені жазған.
Ал Талғар атауына келсек А. Әбдірахманов Топонимика және этимология кітбында оның екі компеонеттен құралғанын айтады. Тал-ғар. Тал тәжік тілінде (холм, пригорок, горка)... Атаудың екінші бөлімі ғар көптеген тілдерде, соның ішінде түркі тілінде тау дегенді білдіреді... Сонымен,-деп түйіндейді атор, - Талғар атауы өте ертеде көптеген тіл бірлігі заманында жасалған .*5*
Моңғол шапқыншылығы кезінде қазақ жеріне қатысы географиялық мәліметтер беретін еңбекетер жоқтың қасы. Дегенмен, Мухаммед Джувайни, Фазлаллах Рашид-ад-дин еңбектерінде қазақ жеріне қатыстыгеографиялық атауларды кездестіруге болады.
XIII ғасырдан бастап Еуропа елшілері мен саяхатшылары қазақ дласының үстінен өтіп бара жатып жазып отырған жазбаларыда сол жерлер туралы кейінге ұрпаққа көптеген құнды, қызықты деректер қалдырған. 1246 жылы Рим папасы Иннокентий IV елшілік ұйымдастырады. Елшілікті басқарған Иоанн де Плано Карипни Қазақстан жерін басып өтіп, Моңғолияға жетеді. Өзінің жазбаларында ол Сырдария өзені, Жоңғар Алтауының солтүстік жағы, тарбағатай таулары жайыда баяндайды.
Моңғолияға 1253 жылы сапар шеккен француз саяхатшысы Вильгельм де Рубрук Еділден өтіп, 12 күн жол жүріп Ягак (Жайық) өзеніне жеткенін, бұл үлкен өзен Паскажир (Башқұрт) елінен ағатынын, Каспий теңізіе барып құятыын өзінің Шығыс елдеріне саяхат деген кітабында жазған.
Рубрук сапар шеге отырып, Жетісу елдеріне жетеді. Қайықпен Іледен өтіп, өзеннің арғы жағындағы егіні жайқалған тегістікке тап болды. Сол кең далада балшықтан соғылған көне қалалардың қалдықтарын көреді.
Рубрук сол көне кездегі Қарлұқ хандығының кайлак (Қаялық) деген астанасында біреше күн болды. Қарлұқтардың еліде бұрын көп қала болғанын, моңғол шапқыншылары қалаларды тс-талқан етіп қиратып, егістіктерді құртып, сол жерлерді жайылымға айналдырып жібергенін баяндайды.
Қазақстан жеріндегі біраз атауларды XVI ғасырда жазылған Мұхаммед Хайдар Дулатидің Тарихи Рашиди деген еңбегінде кездестіреміз. Мұхаммед Хайдар Дулати қазіргі Балқаш көлі Көкшетеңіз деп атйды. Мұхаммед Хайдар өмір сүрген кезде, яғни XVI ғасырда, Тараз қаласы Яны деп атағанын, ал сол қаланың тұрғындарын янлық деп атғанын Тарихи Рашиди кітабынан көреміз.
Курстық жұмысының зерттеу нысаны. Қазақ топонимикасының хронологияға байланысты өзгерісі.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 7 бөлімнен, 10 тараудан, қорытындыдан тұрады. Курстық жұмыста пайдаланылған әдебиеттер мен деректерге сілтемелер берілген.

Қазақстан топонимикасы
1.1 Қазақстан топонимикасының шығуы, пайда болуы және қалыптасуы.
Кең-байтақ, ұланғайыр жеріміздегі жүздеген, мыңдаған жер-су аттары (топонимдер) ғасырлар жәдігері, мәдениетіміз бен тарихымыздың кұнды қазына байлығы деп айта аламыз. Тек қана өзен аты 85 мың болса, көл аттары 50 мыңның үстінде. Олардың ең ірілері: Балқаиі, Алакөл, Сасықкөл, Теңіз, Марқакөл, Зайсан, Шалңар, Индер, Қарасор, Шор- танды, Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Сілеті теңіз, Қусмурын, Шагалалы теңіз, Үлкен Қараой, Сарықопа, Арыс, Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Кецгір т.б.. Ал қалалар мен кенттер, ауыл, село атауларымен қатар физика-географиялық атаулардың шамадан тыс мол екені баршаға аян.
Топонимдердің (жер-су аттарының) шығу, пайда болу тари- хы ең алдымен халық тілінің байлығына, әрбір тарихи дәуірдегі қоғамдық өмірдің құрылысына, оның әлеуметтік-экономикал ық жағдайына, ел-жұрттың кәсіби тірлігіне, мемлекеттің дамып өсуі мен елді мекендердің сан жағынан артып, молая түсуіне тікелей байланысты болып отырады.
Жеріміздегі мыңдаған атаулардың шығу, пайда болу, дамып өсуі бір ғана дәуірге тән емес, талай ғасыр, тарлан дәуірлердің куәсі, біздің заманға жеткен бай қазына, асыл мұрасы. Қазіргі қазақ жерінде сан қилы тарихи оқиғалардың болып өткені, бұл қасиетті де, қүдыретті жерімізді талай ұлыс, тайпа, ел, халықтың жерлеп, мемлекет қүрып ғұмыр кешкендігі тарих- тан мәлім.
Біздің дәуірімізден бұрынғы VII-IV ғасырл арды қазақ жерінде сақтар өмір сүріп, тарихта із тастағаны, ал ІІІ-ІІ ғ. каңлылар, ІІ-І ғасырларда Іле бойындағы сақтар мен огуздерді ығыстырып, үйсін мемлекетінің өмір сүргені, жыл санауымыздың I ға- сырынан, қытай жазбаларының көрсетуінде, қыпшақтардың, алшын, дайлардың болуы, V ғасырдан арғын тайпасының, 5 VIII ғасырдан Найман, Керей, Қоңырат, Жалайыр тайпалары- ның шығыс өлкемізді, 12 ата байұлының батыс аймағымызды мекендегені араб, батыс және қытай, грек галымдарының еңбектерінен олардың жылнамаларынан белгілі.
VI-VIII ғасырларда Іле бойында Батыс түрік қағанатының астанасы болғандығы, ал VIII-X ғасырларда Қарлұқ мемлекеті, одан соң оғұздардың ІХ-ХІІ ғ.ғ. өмір сүргені, ХІ-ХІІ ғ.ғ. Қимақтар мен Қыпшақтарды, XIII-XIV ғ. Моңғол үстемдігі, XIII-XIV ғ. қыпшақ бірлестігі, яғни Дешт-и қыпшақ, кейіннен Жетісу, Талас өңірлерінің Моғол мемлекеті қол астында болуы мыңдаған жер-су аттары арқылы өз іздерін қалдырып отыр. Бұл атаулардың ішінде тарихқа дейінгі, яғни біздің дәуірімізге дейінгі жер-су аттары мен орта ғасыр, ортағасырлық көне атау- лар көптеп кездеседі.
Б.д. дейінгі гидронимдер мен оронимдер: а) теңіз атта - ры: Каспий теңізі, Арал теңіз; ә) өзен аттары: Арыс, Та - лас, Ертіс, Есіл, Іле, Елек, Кеңгір, Шу\ ә) тау аттары: Алтай, Хантәңірі, Қаратау, Қазыгурт, Қарқара, Қарқаралы, Куршім, Тарбагатай, Маңырақ т.б.
Ерте орта ғасырға тән жер-су аттары:Тараз, Екіөгіз, Қаялық, Суяб, Сыгынақ, Сауран, Орал, Тал- киз (Талгар), Сарығ, Кермен, Кеш, Торгай .
Ортағасырлық жер-су аттары: Кулан, Отырар, Созақ, Сайрам, Суткент, Жайық, Теке, Аспара, Шымкент, Туркістан т.т.
Жоғарыда көрсетілген жер-су аттарының мағыналары қа- зіргі тіліміздің лексика-морфологиялық табиғаты жағынан түсінікті, әрі мағынасы айқын сияқты көрінеді. Мәселен, Алакөл - "ала-құла көл", Хантәңірі - "тәңірі хан", Қаратау - "қарайып жатқан тау", Үлытау - "үлкен тау" т.т. Алайда бұлайша талдап, түсіну үстірт, жеңіл қарау болар еді. Өйткені ондай ескі, көне атаулар қазіргі түркі тілдерінің лексикалық әрі фоно-морфологиялық заңдылығына бағына бермейді. 6 Сондықтан ондай атауларды тарихи-салыстырмалы және тарихи-топологиялық жолмен зерттеу нәтижелі болмақ.
Жазба деректер мен археологиялық қазба материалдар - өткен дәуірдің орта ғасырында қазақ жерінде тұрақтар мен елді мекен және қала, қалашықтардың көп болғанын растап отыр. Оның негізгі себебін Орта Азия халықтары өмірінде көшпенділікпен қатар отырықшылықтың да болғаны кеңінен дәлелдей түседі.
Тарихшылардың баяндауынша: "Отырықшылдық пен қала өмірінің даму қарқыны қазақтың барлық жерінде бірдей бол- майды. Сырдария мен Талас, Шудың оңтүстік аудандарын- да қалалардың дамуы әсіресе V-VIII ғасырда үдей бастайды" (1.107).
Қазақстанның көне дәуір қалаларының аттарын зерттеу, лингвистикалық тұрғыдан талдаудың тарихи-географиялық әрі этнографиялық мәні мен маңызы аса зор. Қазақстан тарихында "Х-ХІІ ғасырлардағы ортағасырлық қалалар мен кенттердің қалыптасу жайы толық сипатталған.
Қазақстанның ұланғайыр даласы бірнеше табиғи-шаруашылық зонаға бөлініп қаралады. Олардың әрқайсысындағы қала тірлігінің, оның тарихының өзіндік ерекшеліктері болғаны да тарихымызда жете айтылған" (2. 1972, 205).
Соңғы жылдары Қазақстан археологтары көне қалалардың орындарында қазба жұмыстарын жүргізіп, қорған аумағындағы қалалар мен қалашықтардың аумақтары мен жер көлемдерін анықтады. Мәселен, Тараз қаласының аумағы 6,5 гектар бол- са, Отырар 20, Қүлан 12, Талғар 9 гектар жерге орналасқан. Қазақстандағы Ерте ортағасырлық және ортағасырлық қалалар әсіресе Батыс түркі қағанаты заманында (VI-VIII ғ.ғ.), Қармұқтар үстемдігі кезінде (VIII-X ғ.ғ.), Оғуздар мемлекеті тұсында (ІХ-ХІІ ғ.ғ.), Қимақтар мен қыпшақтар дәуірінде (VIIIXII ғ.ғ.) көптеп салынып, ерекше гүлденгені белгілі.
Қазақстан топонимдері ерте заман оқымыстылар: Геродот, Страбон, Птолемей, Марко Поло, Земарх Клиний еңбектерінде, сондай-ақ саяхатшылар мен әртүрлі елдердің елшілерінің (Пла - но Карпини, Андре Лонжомо, Вильгельм де Рубрук) жазбала- рында біраз кездеседі. Әсіресе Х-ХІІ ғасырлардағы араб саяхат- шылары мен ғылымдарының еңбектерінде жер-су аттарының көптеп кездесетінін Ибн-Хордазбек, Ибн-Хаукал, Әл-Махдуси, Әл-Масуди, Әл-Идриси еңбектерінен анық көреміз.
"Худуд-ал-алам" мағлұматы бойынша Қарлуқтар билігі кезінде 25 тен аса қала мен елді мекендердің болғаны, олардың ішінде: Қулан, Мерке, Амлалық, Тузун, Балыг, Барсхан, Сикул, Талгар, Тоң, Пенгул сияқты қалалардың аттары аталатынын оқимыз.
XI ғ. авторы ал-Идриси "Нүзхат ал-Муштак" атты еңбегінде қимақ хандарының 16 қаласының атын атайды да, оның 12 қаласы қимақтардың түрған жері, ягни Гамаш өзені алабын- да Хоған астанасымен бір жерде орналасқан деп көрсетеді.
Бұл мәліметтерден қарлұқ, оғыз, қыпшақ тайпаларының өзбек, қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, түркімен, қарақалпақ т.б. халықтарының қалыптасуына тікелей жер еткенін байқаймыз. Қарлұқтар мен оғыз, қыпшақ тайпаларының өз- бек, қазақ, қырғыз, татар, башқүрт, түрікмен, қарақалпақ т.б. халықтарының қалыптасуына тікелей эсер еткенін байқай- мыз. Қарлүқтар мен оғыз, қыпшақ, сондай-ақ, көне үйсін, қаңлы этнонимдерінің қазақ тайпалары мен руларында сақталып отырғаны бұған дәлел. Осымен байланысты ерте орта ғасыр мен орта ғасырдағы қала аттарының тілдік сипаты жағынан қайсы халыққа тәндігін анықтау - қазіргі түркі тілдері үшін, сол тілде сөйлейтін халықтар үшін аса маңызды мәселе болып табылады.
Қазақстанның көне топонимдері тарихи лексика материал- дары ретінде де аса құнды да бағалы. Әсіресе қазіргі республи - ка аумағында замандар бойы түрлі этникалық топтардың өмір 8 сүргендігін, ал ономастикалық материалдар олардың тілдері- нің қалдықтары ретінде біздщ заманымызға жеткендігін, сол тілдердің құпия сырларын ашуға септігін тигізетін аса зор деректер боп саналатынын анық көреміз.
Тарихи-салыстырмалы, салғастырмалы-типологиялық және құрылымдық-морфологиялык әдістерді қолдана зерттеу нәти- жесінде көне топонимдердің тілдік табиғатын, қайсы тілге тәндігін анықтай аламыз.
Қазақстан топонимдерін талдау барысында олардың бірнеше хронологиялық дәуірге тәндігін байқаймыз.

2. Біздің дәуірімізге дейінгі топонимдер
Қазіргі топонимдер құрамында қазақ тілі материалы түрғысынан талдауға көнбейтін, әдеби тіл нормасында жоқ лексикалық қабаттар жиі ұшырайды. Ондай топонимдердің кейбіреулері тарих атасы Геродот Страбон (4. 1927), К. Пто - лемей т.б. кездессе, басқалары V-VIII ғ.ғ. коне түркі жазба ескерткіштерінде, енді біреулері біздің дәуірімізден бұрынғы үйсін, қаңлы тілдеріне тән болып келеді. Бұндай атаулар Қытай халқының "Ханнама. Үйсіндер тарауы", "Тарихнама" сияқты атақты тарихи ескерткіштерінде бар. Ресейдің Жоңғутану ғылымының негізін қалаушы синолог-ғалым Я.Бичуриннің "Орта Азия байырғы үлттарының тарихи материалдары" атты белгілі еңбегі, француз тарихшысы Хоутема "Ханна - ма" мен "Тарихнамадағы" Батыс өңірлерін аударып, ондағы ономастикалық материалдары көрсетсе, Жапон оқымыстысы Ушида Канпу т.б. ғалымдар бірге отырып, Жоңғу тарихи кітаптарындағы Батыс өңір тарауларын аударып, түсінік жасап, баспадан шығарды (2 томдық еңбек). Міне осылардың бәрінде де түркі атаулары, оның ішіндегі қазіргі қазақ халқын құрап отырған ірі тайпалар: үйсін, қаңлы, қыпшақтар туралы, оларға тән ономастикалық материалдар көптеп келтіріледі.
Біздің дәуірімізге дейінгі топонимдердің көпшілігі тау, теңіз, өзен, көл атаулары болса, кейбіреулері қала аттары ретінде ұшырайды. Мәселен, Алтай, Хантәңірі, Қаратау, Қазыгурт, Үлытау, Алатау, Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі (бурын теңіз аталган), Ертіс, Арыс, Талас, Іле, Есіл, Сырдария, Ойыл, Қиыл, Тобыл, Жайық, Ембі (Жем), Хантәңірі, Талгар, Шыгу, (Чегу), Тараз т.б.
Каспий теңізінің атауы біздің дәуірімізден бұрынғы II ғ. Орта және Солтүстік Закавказья да Кас елі, Мемлекеті ретін- де, ол осы дәуірде албандар басып алып, ассимиляциялаған халық аты ретінде кездескен (БСЭ, т. 20, 324). Көрнекті грек географы Страбон албандардың басып алған жерінде Каспиян мемлекетінің болғандығын, бұл мемлекет пен теңізге қазіргі кезде жоқ болган Каспи деген халық атының қойылғанын айтқан (5. 476).
Тарихшы С.В.Юшков болжамы бойынша: "в VII-IV в.в. до н.э. территорию Запада Туркменистана и регион Эмби Казах - стана населяли племена Каспи, по хозяйственно-бытовой дея - тельности схожие со скифами-саками и, по-видимому, являю - щиеся одним из их разветвлений, и что от Каспов, длительное время проживавших на этой территории, получило название Каспийское море" (6. 148).
П.В. Жило бүл теңіздің 70 м. аса аты болғанын корсетсе (7. 1960), Х.Хасанов (8.7) тагы да 10 атауын анықтады (65).
Бұдан 3300-3500 жыл шамасы бұрын жазылган ''Авеста" атты діни кітапта теңіздің бізге мәлім емес, ең алгашқы аты Воуру Каша екен, ол орта пехлеви тілінде "ең жоғары" деген мағынаны білдірген (П.В. Жило). Каспий теңізінің ең алғашқы атауларының бірі Гирхан болган. Бұдан басқа да Албан, Хва- лын, Гуржи, Гирхан, Огуз, Хазар, Табарыстан, Дейлем, Дер - бент, Турікмен, Маңгышлақ, Гулзум, Ақ, Көк, Гуз, Қыпшақ, Кара теңіз, Сарай, Хиуа тәрізді атаулары болғаны тарихтан мәлім. Бұлардың көбісі теңіз жагасында тұрған тайпалар мен қалалардың аттары. Әзербайжан, Түрікмен, Иран классикалық әдебиеттерінде бұл теңіз Хазар деген атымен белгілі (Хазар- түркі халқының аты).
В. А. Никонов тъщзтъ Айдархан (яғни Астрахань), Қузгынтеңіз (құзғын - "қарға"), Гапы (Хапужскал) деген аттардың қойыл- ғандығын айтады (9. 182).
Каспий теңізі атауы екі компоненттен тұрады. Оның Кас ком - понент! оСы теңізді иемденген ерте замандағы сақ-скифтердің бір тармағы Кас тайпасы, мүмкін халқының аты болуы керек. Ал екінші компоненті түркі-монғол, тұңғыс-манчжур тілдеріне тән дербес мағыналы жеке лексика болса керек. Оны тарихи-салыстырмалы және салғастырмалы-типологиялық тұрғыдан қарастырсақ: орочин тілінде bija "өзен, көл", эвенкі bizd "өзен", самоед ба "өзен". Қазақстанның Алматы облы- сы Ақсу ауданында Биен (Бүйен) атты өзен бар. Оның бірінші сыңарындағы би сөзі осы bija, bizd, Ъаба сөздерімен төркіндес екенін байқаймыз. Бүл айтылғандарды басқа да тілдер мате- риалдары толықтыра түседі. Мәселен, Самоди тілінде би(бу) - "өзен", Негидальд тілінде dija - "өзен", ^бастау". Басқа елдер топонимдерінде осы сөз арқылы жасалған гидронимдік атау- лар: Бия - Об өзенінің бір тармағы, Бий-Хем - Енесей өзенінің бір тармағы, Большая Бира и Малая Бира - Амурдың сол жақ тарауы (Э. Мурзаев. Словарь народных географических тер - минов. 1984, с. 84-85-86). Демек, Каспий атауының екінші компонентіндегі пи-пий сөзін жоғарыда айтылған би, bija, бира сөздерінің қатаң п дыбысымен айтылған "өзен", "көл"мәніндегі көне формасы деп білеміз. Олай болса, Каспий теңізі "Кас тайпасының (халқының) "көлі" дегенге саяды. Ол басында суы шағын көл атанғанман бара-бара, суы молайып, колем, алабы да ұлғайып теңіз болғанға ұқсайды.
Арал теңізі жазба деректерде біздің дәуірімізден бұрынғы III ғ. Оксин теңізі аталыпты. Рим ғалымдары Страбон мен Пто - лемей осы Оксин теңізі туралы өз жазбаларында мағлұматтар И қалдырған. Клавдий Птолемей "Алмагеста" атты еңбегінің 22-картасында Арал жэне Каспий теңіздерін көрсеткен. Жаңа дәуірден 138 жыл бұрын Қытай империясының елшісі Чжан Кянь: "Кан-гюй мемлекеті үлкен теңіздің жағасында. Бұл солтүстік теңізі Арал" - деп жазған екен. Бұл көрсетілген мез- гілде Кан-гюй мемлекеті үлкен теңіздің жағалауында болғаны байқалады. Көрсетілген уақытқа Кангюй мемлекеті қазіргі Фергана облсынан Ауғанстанга дейінгі жерді иемденген. Арал теңізінің Көне Сарматтың бір тармагы ретінде танымал болганы тарихи деректерден белгілі.
Кайнозой дәуірінде Арал теңізі Каспий теңізімен жалға- сыпты. Ерте дәуірде Амударья (Оксус) Каспий теңізіне құйса, Торғай өзені Арал теңізіне құйыпты. Арал теңізінің де бірнеше аты болған. Ол туралы әрбір мемлекет саяхатшыларының жаз- баларында айтылған. Мәселен, Ибн-Хордадбектің мәліметі бойынша Арал теңізі 865 ж. Курдер аталса, Әл-Масуди 943 ж. өз еңбегінде оны Курджани деп, Әл-Истахри 961 ж. Казбин, Әл-Хафизи 1339 ж. Абруда десе, Бекрон XIII г. оны Женут деп жазған. Біздің пікірімізше, Арал атауы ар және ал деген дер- бес екі компоненттен құралған. Бірсыпыра зерттеушілер оны орал-алтай тобындағы тілдерге тән деп қарайды. А.К. Матвеев оны венгер тіліндегі арер - "тасқын", "өзен ағысы" деп жазса, Е.И. Рамбендеева ол атауды Мансий тіліне тән ара - "өзен" дейді. Ар тұлғалы топотерминнің көптеген түркі тілдерінде бары аян: өзб. орол, шор. аргы - "арал", "өзен қолтығы", тув. арыг - "су жағасындағы бұта", як. арал - "өзен алабы", арыг - "арал, ағаш арасындағы алаң, шабындық", хак. арыг - "тогай, өзен тармағы, тарамы". Бұл терминдер топоним ретінде де қолданысқа түсіп отырған. Мәселен, қаз. Арал (теңізі), Арыс, Арганаты, башқ. Л?-Танап өзенінің оң жақ тармағы, Эрп-Буй өзенінің тармагы, як. Арыы - "арал", Улу Арыы - "үлкен арал", Уон Арыы - "он арал" т.б.
Бұл айтылғандарды жинақтай келгенде, Арал гидронимінің мағынасы: "су, өзен, көл, бастау", "арал, өзен, көл аралы" де - гендер қосымша мағыналар, ал тіліміздегі Арал өзінің тура мағынасындағы сөз.
Сырдария өзені жазба деректерде біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырда, біздің дәуіріміздің IV ғасырында Скиф тілінде Си- лис аталса, VI-VIII ғасырларда грекше Яксарт (түріктің Касарт дегенінен өзгерген), кейінірек VIII-X ғасырларда, Қарлықтарды үстемдігі кезінде Сейхун, одан бұрынырақ Александр Македон - ский жауынгерлері оны Танаид атанған. Бұл атау скифтің "Дон" - "өзен" атауының көшірмесі (калькасы) еді.
Бұл өзен Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Семей қалаларын және Павлодар облысының Павлодар қаласын ба- сып өтіп Тобылға, одан барып Об өзеніне құяды. XI ғ. Махмуд Қашқари еңбегінде ол Эртиш тұлғасында беріледі де "Йамак даласында ағатын өзен аты" - деп түсінік береді. Оның тура мағынасы "Қане, жарысып көр, кім озар екен" деп көрсетеді. Э.М.Мурзаев бұл мағыналарды халық аңызы деп қарайды да мұндай ұқсас гидронимдер көп кездеседі деп: Иртыш, Ыргыз, Иркут, Иірсу, Иіркөл т.б. атауларды мысалға келтіреді.
В.П. Семенов Ертісатауыныңмағынасынбасқашатүсінд іреді. А.Д. Дульзон пікірінше: ''Ертіс Кет сөзі, оны моңғолдар өз тілдеріне Эрчис, Ирцис тұлғасына өзгертіп қабылдаған, яғни кет тіліндегі Ирчис, Ирцис мұндағы сес, цис - "өзен" деп қарайды (10.98).
Қазіргі Тяншань тауы аталып жүрген тау аты ерте заман- да Үйсін тауы аталғаны тарихи деректерде бар жайт. Таудың біздің дәуірімізден бұрынғы ІІ-І ғасырларда өмір сүрген үйсін тайпасының атымен аталуының да өзіндік сыры мен себебі бар. Ерте заманда Қытайдың қазіргі Синьцзян жерін Хыши Ко- ридорына дейін үйсіндер иемденген болса, біздің дәуіріміздің I ғасырынан бастап Іле өзенінің оңтүстік батысын, Күңгей алатауды үйсіндер өз жері етіп, мемлекеттік тұтастығының 13 негізін құрған. Бұл жайт Қытайдың ''Ханнама" және ''Тарих- нама" ескерткішіндегі ''Үйсіндер туралы" тарауында толық баяндалған. Оны соңғы жылдары үйсін қабырларын зерттеген, үйсін мәдениетін археологиялық қазбалар негізінде анықта- ған Қытай және Қазақстан археологтары жазып отыр.
Қытай жылнамаларындағы үйсін сөздері мен жер-су, адам ат- тарын оқып, талдаған ресейдің тұңғыш синологы Я. Бичурин.
Оның баяндауынша, мына сөздер мен жер-су, адам аттары үйсін тіліне тән. Олар: Даган, Чаян, Темірлік, Күңгел, Нарын, Долос, Талас, Қарқара, Ақсай (жер-су аттары), Күнбег, Унге- бай, Чиригбай, Эршақ, Еркін, Нәнди, Оңқа (кісі аттары), бури, аңа, жосы, аран, ши, сойыс, may, нор-жалпы есімдер. Ал Үйсін тауы атауындағы үйсін этнонимінің этимологиясы жайлы Н.Я. Бичурин, Ш. Уәлиханов, В.В. Бартольд, А.Н. Бернштам, Н.В. Кюнер, Б.Г. Гафуров, Ю.А. Зуев т.б. ғалымдар әрқилы пікір айтты. Соңғы кезде Шынжаң музейінде түркі тілдерін зерттеу- мен шұғылданып жүрген Ыслапыр үлты (ұйғыр) азаматтың айтуынша: "Түрік тілінде "үді", "үйді" деген түбір сөзді "ұйыған", "қатқан", "еріп жүрген" деген сияқты мағынасы бар екен. Оның ауыспалы мағынасы "ынтымақтасу", "бірлесу" де - ген сөздерге саяды екен. Үйсін үшінші жақтық бұйрық райлы қосымша, фонетикалық үндестік бойынша udi+sun - uy(i)sun - uysunүйүй. Былайша ойгырүйгыр, ой- мауыт, ойрат, ойсын деген атаулардағы ой сөзі "ойпаң, ойла- уыт", "ойдым" деген магынадан гөрі "орман", "тогай" мәніне бейім. Үйсін атауының екінші компоненті сін (варианты сін) қосымша деуден гөрі жеке мағыналы түбір сөз деп қараудың реті бар сияқты. Бұл сөздің түркі, монгол, тұңғыс-манчжур тілдерінде түрлі дыбыстық тұлғада айтылып, "халық", "тайпа" деген мағынаны білдіретінін көреміз. Мәселен, монғ. бур. зон - "халық", "ел", тұңгыс-манж. зон - "халық", якут зон - "халық", "тайпа", тува чон - "халық", "тайпа", чув. сыншын - "адам- дар", "халық". V-VIII г. көне түркі жазба ескерткіштеріндегі бу- дун этнонимінің дун (дьон) компонентін Н.К. Антонов "халық", "адам" деген магынадағы жеке, дербес сөз деп таниды да: "Нам кажется, - писал он по этому поводу, - что тюрко-монгольское йон, дьон, чон, сын можо бы сравнить еще с Хуннским жун, имевшим по-видимому значение "народ, люди, племя" (12.12).
Жогарыда айтылған пікірлерге Караганда, үйсін этнонимінің екінші компонентіндегі сін (сын) сөзі шығу тегі жагынан зон (дьон, йон, шын, сын, чон, жун) сөздерімен тікелей байланыс- ты. Оның фонетикалық тұрғыдан өзгеру құбылысы әлі де зерт- тей түсуді қажет етеді.
Бұл сөздің дыбыстық тұрғыдан өзгеріске түсуі, біздіңше, дыбыстардың алмасуымен байланысты екені байқалады. Яғни зіідіійііжіічііс немесе зждйчшс. Салыстырмалы әрі салғастырмалы типологиялық түргыдан талдай келіп, үйсін~ойсын~үйсын этнонимін "орман халқы, орман адамдары" деген магынаға жуық болар деп жорамалдаймыз.

2.1 Ерте ортағасырлық топонимдер
Қазіргі Қазақстан Республикасының жерінде ерте орта гасырда кімдер, қандай тайпа, ру, ұлыстар мен елдер өмір сүріп, тіршілік еткені, ол кездегі топонимдер жайлы Қазаәстан тарихында толық әрі жан-жақты айтылса (1.1997), археологтар еңбектерінде сол кездегі қалалар, замандар табына орай жер астында қалган, қирап бөлінген, кейіннен қазба жұмыстары нәтижесінде аршылып, анықталган қала аттары белгілі болды (2.1998). 15
Ерте Ортағасырлық тайпалар мен рулар және сол кездегі қалалар мен тұрақтар, өзен, көл, тау тағы да басқа жер атаула- ры XI ғ. әйгілі ғалым Махмұт Қашқари еңбегінде және оның қалдырған географиялық картасында берілген (3.1960, 1961, 1963). Ол замандарда Жетісу өлкесін және Оңтүстік аймақты батыс түркі қағанаты билеп, орталығы Суяб қаласы атанса, Шығыста Қарлұқтар, Оңтүстікте Қараханидттер, одан соң Оғұздар, Солтүстік-Шығыста Қимақтар мен Қыпшақтар өмір сүрді. Бұл жайттар және ол кездегі топонимдер жайлы толық деректер А. Әбдірахманов (4. 1975), Қ. Рысбергенова зерт- теулерінде барынша толық баяндалып, көптеген топонимдер- дің мән-мағыналары мен сыр-сипаттары көрсетілді (5.2000).
Орталық Қазақстанның ерте орта ғасырдағы ру, тайпалары- ның шығу, пайда болу тарихын, атаулардың таралу шегін анықтау, салыстыру, оларды археологиялық тұрғыдан зерт- теу мәселелері мен академик Ә.Х. Марғүлан көп шұғылданып іргелі еңбектер жазса (6. 1978, 1979), Орталық Қазақстан топо- нимдерінің шығуы мен дамуы және қалыптасу тарихы А. Әбді- рахманов зерттеулерінде де біршама қарастырылды (7. 1989).
А. Жартыбаев, Омарбекова А.С., Бектасова Б.К. зерттеуле- рінде Қарағанды, Үлытау, Торғай, Қостанай аймақтарындағы топонимдердің құрамы мен құрылысы ғылыми тұрғыдан өз шешімін тапты (8.1991).
Атырау, Батыс Қазақстан өлкелерінде орта ғасырда өмір сүрген тайпалар. олардың тілі мен жер-су аттары да М. Кожа - нов (9.1989), Yen. Ержанов (10.2001) еңбектерінде, Шығыс Қазақстандағы арғын, найман, керей тайпаларының орта ғасырдағы қоныстануы мен таралу шегі, бұл өлкелердегі топонимдердің пайда болу тарихы мен шығу тегі, сыр- сипаттары мен этимологиясы А. Әлімхан (11.2000), Б. Бияров (12.2002) зерттеулерінде біршама қамтылды.
Ерте ортағасырлық топонимдер (қала, кент, өзен, көл, тау атаулары) осы еңбектің Топонимдер этимологиясы атты бөлімінде беріліп отырғандықтан бұл арада жеке-жеке талдап жатуды жөн санамадық.
Жазба деректерге сүйене жасалған V-VIII ғасырларда карта- да Қазақстан территориясын мекендеген түрік тайпаларының орналасу кестесі көсетілген. Бұл кестеде Суяб қаласынан басқа Испиджаб Тарбан (Отрар), Тараз, Шаш қалалары және Оксус, Яксарт (Сырдария) өзендері, Хорезм көлі (Арал теңізі), батыста Гирхан теңізі (Каспий теңізі) көрсетілген.
Батыс түрік қағанаты сақынадан кеткен соң түргештер келеді де VI ғасырдан Шу-Іле аралығына үстемдік жүргізіп, бүкіл Жетісу өлкесін иемденеді.
Оның Шу бойындағы астанасын Суяб қаласына көшіріп, оны үлкен орталық атағаны мәлім. Күнгіт қаласында кіші астанасы болады. Күнгіт және сол аттас тайпа Іле алабында тұрған. Түргеш қағанаты көп өмір сүре қоймады. Арада 62 жыл өткен соң 756 ж. оны түркі тілді Қарлық тайпасы жеңіп, тарихи сақынадан кетірді.
Сонымен VIII ғ. екінші жартысынан Қазақстан террито- риясында Қарлық мемлекетінің негізі құрылады. Бірақ 812 ж. Үйғырлар Қарлықтарды жеңіп өз үстемдігін орнатады. 840 ж. Ұйғырларды Қырғыздар жеңген соң Қарлықтар қайтадан бас көтеріп, өз әлінше әрекет жасалғанмен 940 ж. олар иемденген Баласағұн қаласын Қараханидтер басып алып, Шу өлкесінде өз үстемдігін жүргізген соң Қарлықтар Жетісуға ие болып, Қаялық қаласын орталық етеді. Арабтардың оңтүстік Қазақстанға шабуылмен келіп, Испиджаб қаласын басып алуы 714 ж. болса, одан ары Жетісуға Ислам дінін дамытады.
Қазақстан жерінде X ғасырдан өмір сүре бастаған оғуздар 22 тайпадан түрған. М. Қашқаридың ''Диван лұғат ат-түрк" атты сөздігінде оғуз тайпаларының аттары аталады. Олар: Қынъщ, байындыр, ива, салур, афшар, бектілі, букууз, баят, язгыр, имур, Қарабулақ, Алқабулақ, игдір, урегір, тутырқа, ула- йондулдуг, тугер, жебни, бәжене, жуалдар. жаруклуг.
Оғуздар Батыс Қазақстан мен Сырдария алабында, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өлкесінде көп болтан. X ғ. Оғуз мемлекетінің астанасы Янгикент болды, кейде оны Жаңа Гузия деп те атаған. Оның байындыр, имур және қан атты тайпалары Об пен Ертіс аралығында өмір сүрді. Оғуздар Сырдария өзені бойында Женд, Янгикент, Хора қалаларында, Арал, Каспий теңіздерінің Кең жазира дала- ларында, Мүгалжар тауы мен Ойыл, Ыргыз, Ембі (Жем) өзендері бойында көшіп-қонып жүрді. Муғалжар жондарын- да оғуздардың Нуджақ, Бадагақ атты қорған-бекіністері, ал Оңтүстік Оралда - Даранда (Дендер) және Дарқу деген шағын бекіністері болды.
Тарихи-географиялық деректерде Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық аудандарында қимақтар мен қыпшақ- тардың VIII-XI ғасырларда мекендегені баяндалады. Қыпшақ- тар мен Қимақтардың туыстығы біздің дәуірімізге дейінгі III ғ. басталғаны А.Н. Бернштам еңбегінде айтылса, қыпшақ этнонимі, ұйғыр ханы Баян Чорға арналған VIII ғ. ортасындағы руникалық тексте аталады. М.Қашқари ''Йемаки (Имаки) және қыпшақтар бір тілде сөйлейді, бірақ қыпшақтар өздерін қимақпен бір деп есептемейді, бөлек тайпа деп санайды", - деп көрсеткен.
Араб географы Әл-Идриси ''Нузхат ал-Муштах" деген XI ғасырдағы еңбегінде қимақтардың қалалары мен тұрақтары ту- ралы құнды деректер береді. Ол: "Қимақ хандарының қалалары он алты" деген мәліметті жалғастыра келіп, сол кездегі мемле- кеттер мен ірі тайпалардың аттарын және жер-су аттарының картасын жасаған.
Ерте ортағасырлық топонимдерге көбіне гомогенді көне түбірлі топонимдердің тән екені анық байқалады. Мысалы: Бақанас, Дегерес, Текес, Қорғас, Ертіс, Есіл, Асы, Балқаш, Елек, Еміл, Қағыл, Қиыл, Тобыл, Лабасы, Лабар, Лепсі, Ойыл, Іле, Кеңгір, Жем, Жеменей, Карагем, Жымпиты, Бөген, Сарқан, 18 Түрген, Обаған, Шамалған, Бүйен, Аягөз, Тараз, Талғар, Қаратау, Бозашы, Бегазы, Маңғыстау, Сағыз, Өлеңті, Сілеті, Шідерті т.т.
Ерте орта ғасырда Қазақстан жеріндегі қалалар мен қалашықтар және белгілі тұрақ-қыстақтардың пайда болып да- муына, өзендер мен көл, көлшік, тау, қыр, жота, шоқы, төбе т.б. объектілерге ат беруде жоғарыда аталған түркі тайпаларының рольдері ерекше болғаны даусыз.
VI-X ғасырларда Қазақстанның оңтүстігі мен Сырдария жазығында, Таласта, Іле мен Шуда сауда-саттық, шаруашылық және мәдениеті өркендеген қалалар пайда болады. Ең алғашқы қалаларда үйлер мен атақты, белгілі адамдардың қора-жайлары, хандар мен бектердің сарай, қорғандары, сауда-саттық орында- ры болды.
Тарихи жазба деректерде ондай қалалардың көрінісі мен си- паттары толық жазылып отырған.
Сырдарияның орта шенінде орталығы Отырар боп, Канга- Тарбан атты аймақта патша ордасы тұрған. Жетісуда Керминкет қаласының, ал сол жақта Яр(Жар), Барсхан, Беклик қалалары салынған.
Оңтүстікте Қуйрьщ төбе, Баба-Ата қалашықтар, Жетісудың Оңтүстік-батысында Қулан, Ақтөбе, Мерке, Жуантөбе қалашықтар ІХ-Х ғасырларда белгілі болғанды. Осы жақтағы Аспара, Нузкет, Сарыг сияқты қалалардың сауда-саттық және мәдени қарым-қатынас мәні зор болды.
Ұлы Жібек жолындағы Тараз және Суяб қалалары VI ғ. жаз - ба ескерткіштерден белгілі боп, ірі қалалар санатына қосылған. Жетісудың оңтүстік-шығысындағы Талхиз, Екіөгіз, Қаялық қалаларының жер шаруашылығымен қатар сауда-саттық, мәдени жетістіктер жағынан мәні ерекше зор еді. Осылар- мен қатар Жетісудың Алтын, Аргы-Талас-Улус, Чигил-балық, Йаканкет, Одакент қалаларының тарихта аты қалды. Қулан, 19 Жол, Бузық, Сарые, Беклик, Жар сияқты қалалар нағыз түркі сөздерінен қойылған қала аттары.
VIII ғ. Соғдылар негізін салған қалалар: Халукет, Невакет, Семена еді. Бұлардан басқа Жетісуда, оңтүстікте Сауран, Сай - рам, Қарнақ, Сунақ, Тараз, Арсубаникепг, Испиджаб, Отырар- Фараб (VIII ғ.) қалалары белгілі болды. Отырар қаласының бүрынғы аты Тарбан болған деген де пікір бар. Тарбан, Турар- банд және Отырар бәрі бір қаланың аты деген пікірлер ертеден орын алған. Тараз қаласы VI ғасырдан белгілі болған.

2.2 Ортағасырлық топонимдер
X-XVI ғасырларда Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында, солтүстік және орталық, шығысы мен батыс аудандарында түрған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғалымдардың зерттеулері
Қазақстан топонимдері
Топонимдердің қалыптасуына географиялық және тарихи факторлардың ықпалы
Орталық Қазақстан Бұқар жырау ауданы топонимдері
Оңтүстік Қазақстанның геологиялық құрылысы мен жер бедерінің топонимияда бейнеленуі
Ерте ортағасырлық топонимдер
Ақтөбе өңірінің тарихи топонимиясы
Эпостық жырлардағы топонимдер
Оңтүстік Қазақстан облысы топономиясының физикалық-географиялық астарлары
Сөз байлығының толығу арнасы - сол тілдің сөзжасау жүйесі
Пәндер