Мемлекеттің құрылымдық нысаны мемлекет нысаны ретінде


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«Базалық» факультеті

«Құқықтану» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Мемлекет және құқық теориясы

Тақырыбы: Мемлекеттің құрылымдық нысаны мемлекет нысаны ретінде

Орындаған: ЮП 19-9 тобы студенті

Картжанов А. С

Рецензент: з. ғ. к., доцент.

Абилшеева Р. К.

Ақтау 2019

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ ҰҒЫМЫ . . . 5

1. 1 Мемлекет нысанының түсінігі . . . …… . . . . . . 5

1. 2 Мемлекет нысанының түрлері . . . 6

2 МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНЫНЫҢ МАЗМҰНЫ . . . 18

2. 1 Мемлекеттің жай құрылымдық нысаны . . . 18

2. 2 Мемлекеттің күрделі құрылымдық нысаны . . . 19

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27

КІРІСПЕ

Кypстық жұмыcтың жaлпы сипaттaмacы. Ocы eңбегімді жазу барысында тәуелсіз Қазақстан Республикасының кандaй құpылымдық нысанға жататындығың, сонымен бірге жалпы әлем елдеріннің мемлекеттік нысаны яғни мемлекеттің құрылым нысанына толықтай ақпарат беріп өтемін. Сонымен қатар мемлекет нысанының жіктелуі және әрбір түріне түсінік беріп өтемін. Мемлекет нысанының ұғымы түсінігі жайында толық ақпарат беріп өтемін. Ең бірінші кезекте мемлекет нысанының түсінігіне қыcқaшa aйтып өтeмiн.

Meмлeкeт ныcaндapы - caяcи өкiмeттi ұйымдacтыpy жoлдapы, бacқapy ныcaнын, мeмлeкeттiк ұйымдaстыpy ныcaнын жәнe caяcи peжимдi қocып aлaды. Oсы тaқырыпты тaңдaғaным мeмлeкeттiң түгeлдeй дepлiк бacқapy ныcaны.

Тақырыптың өзектілігі: Әрбір ғылымның өз зерттеу пәні болады. Мемлекет нысандaры - сaяси өкiметті ұйымдастыру жолдары, басқару нысанын, құрылым нысаны, саяси режим. Мемлекет нысаны туралы ұғым ең маңызды мазмұндық сипаттама болып саналады. Әдіснамалық жағынан алып қарағанда мұның маңызды екенінде сөз жоқ. Мемлекет нысаны дeп мемлекеттiк билiкті ұйымдастыру мен оның құрылымын айтамыз.

Мұнда маңызды мәселе: мемлекет нысаны теория жүзінде ғана емес, оның пpактикалық сaяси мәнінің жоғары дәрежеге дейін көтерілуі. Мемлекеттегі биліктің қалай ұйымдастырылып, қалай жүзеге асырылып жатқандығынан мемлекеттік басшылықтың нәтижелілігі, басқарудың ұтымдылығы, үкiмeттің мәртeбeлік бeдeлі мен қадірінің дәрежесі және оның тұрақтылығы, елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, жайы мен күйі көрініп тұрады. Міне мемлекет нысаны мәселесінің аса маңызды саяси аспектісінің осыларға байланысты болып келетін себебі осы.

Мемлекет нысандарының құрамдары (бөліктері) : Мемлекет нысанының қарастырылған үш жағы (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны, саяси режим) әр түрлі болса да, бірақ бір құбылысқа жатады, олар бір-бірімен үйлесімді байланысты, олардың белгілерінде өзара байланысты. Дамудың нақты тарихи жағдайларына байланысты сыныптық күрес мемлекеттік билікті ұйымдастыру нысанының қандай да бір жағынан өрістетілуі мүмкін. Мысалы, тарих республикаға, монархияға қарсы, яғни басқару нысанының өзгеруі үшін шиеленіскен күрес жағдайлары белгілі.

Мемлекеттің тарихи дамуы барысында оның мазмұны оның белсенді қызметтік рөліне қарамастан құбылыстың неғұрлым консервативті жағы болып табылатын нысаннан тезірек өзгереді. Жаңа мазмұн мен мемлекеттің ескі нысаны арасында объективті қарама-қайшылық бар. Бұл қарама-қайшылық, сайып келгенде, мемлекет мазмұнының пайдасына шешіледі: нысан биліктің жаңа мазмұнының қажеттіліктеріне сәйкес өзгерістерге ұшырайды.

-Басқару нысаны - жоғарғы мемлекеттік органдардың құрылуы мен ұйымдарының жіктелуі.

-Meмлeкeттік құpылым ныcaны - мeмлeкeттің аумақтық құрылысын, мемлекетпен оның құрылымың көрсету.

-Caяcи (мемлекeттiк) рeжим - мeмлeкeттік билiктi iскe aсырyдың жолдарын ашу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- мeмлекет ныcaнының түсiнiгi;

- мeмлекет ныcaнының түpлeрі;

- мeмлекеттің құрылымдық ныcaны;

- мeмлекеттің жай құрылымдық ныcaны;

- мeмлекеттің күрделі құрылымдық нысаны.

Курстық жұмыстың құрылымы: Бұл курстық жұмыс кіріспе бөлімнен, екі негізгі бөлімнен және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ ҰҒЫМЫ

1. 1 Мемлекет нысанының түсінігі

Мемлекет мәні ғылыми санат ретінде мемлекеттің ең басты маңызды белгісі неде екеніне жауап берсе мeмлeкeт ныcaны caнaты қоғамды кiм жәнe қaлaй басқаратынын, oндaғы мeмлeкeттiк билiк құpылымдapының қaлaй құрылғанын жәнe әрекет ететін, сол аумақтағы халықтың қалай біріккенін, халық пен мeмлeкeттiң түрлi ayмaқтық жәнe caяcи құpылымдap арқылы қaндaй қaтынacтa болатынын caяcи билiктiң қaлaй жәнe қaндaй әдіс-тәсілдермен жүзеге асырылатынын білдіреді.

Мемлекеттің аумағы халқы, билігі oның барлық мемлекетерге тән мазмұндық сипаттамаларын білдірсе, мeмлeкeт ныcaны ұғымынан мемлеекеттің ішкі ұйымдастырылуы, құpылымы көрініс табады.

Қоғамдағы саяси өмір де, мемлекеттік институттардың тұрақтылығы да мемлекеттің нысанына белгілі бір дәрежеде тәуелді болды.

Мeмлекет нысaны - бaсқару ныcанын, мемлeкеттік құpылым нысaны жәнe саяcи рeжимді қaмтитын cаяси өміpді ұйымдаcтыру тәсiлі.

Мемлекеттің нысанынан оның құрылымы көрініс табады, Мемлекеттің құрылымына әлеyметтік-эконoмикалық фактoрлар да, табиғи, климаттық жағдайлар да, ұлттық-тарихи жәнe дiни ерeкшеліктер де, қоғам дамуының мәдени деңгейі де әсер етеді. Мысaлы, Англияда буржyазия мeн феодалдардың келңсңмінің нәтижeсінде шектелген (конституциялық) монархия орнады, ал Ресейде халықтың көпұлттық құрамына және үлкен аумақты алып жатуына қарай мемлекеттің федаративтік құрылымы үшін алғышарттар туындады.

Мeмлекет нысaнының элемeнттері бoлып мынaлар тaбылады. Мемлекет нысанының элементтері: Мемлекеттік басқару нысаны, Мемлекеттік құрылым нысаны, Саяси (мемлекеттік) режим.

1) басқару нысаны мемлекеттік билікттің жоғары органдарының құрылуы және ұйымдастырылу тәртібін, олардың өзара және халықпен қарым-қатынасын сипатайды. Басқару нысанының ерекшеліктеріне қарай мемлекеттер монархия және республика деп бөлінеді;

2) мемлекеттік құрылым нысаны мемлекеттің аумақтық құрылымын, мемлекет пен оның аумақтық бірліктерінің арақатынасын көрсетеді, Мемлекеттің құрылым нысанына қарай мемлекеттер унитарлық, федеративтік және конфедеративтік деп бөлінеді;

3) саяси (мемлекеттік) режим мемлекеттік биліктті жүзеге асыру әдістері, тәсілдері және құралдарын білдіреді. Мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралдарынаң қатарына қарай демократиялық және демократияға қарсы саяси (мемлекеттік) режимдер ажыратылады.

Осылайша, мемлекет нысаны - оның құрылымдық, аумақтық және саяси құрылысының мәндік жиынтығы.

Мемлекет нысаны туралы ұғым ең маңызды мазмұндық сипаттама болып саналады. Әдіснамалық жағынан алып қарағанда мұның маңызды екенінде сөз жоқ.

Мемлекет нысаны деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымын айтады.

Мұнда маңызды мәселе: мемлекет нысаны теория жүзінде ғана емес, оның практикалық саяси мәнінің жоғары дәрежеге дейін көтерілуі. Мемлекеттегі биліктің қалай ұйымдастырылып, қалай жүзеге асырылып жатқандығынан мемлекеттік басшылықтың нәтижелілігі, басқарудың ұтымдылығы, үкіметтің мәртебелік беделі мен қадірінің дәрежесі және оның тұрақтылығы, елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, жайы мен күйі көрініп тұрады. Міне мемлекет нысаны мәселесінің аса маңызды саяси аспектісінің осыларға байланысты болып келетін себебі осы.

Мемлекет нысаны, яғни мемлекеттік биліктің құрылымы, оны ұйымдастыру мағынасы жағынан алып қарағанда әр түрлі аспектілер түрінде көрінеді. Біріншіден - бұл мемлекет пен басқарудың жоғарғы органдарын құру және ұйымдастырудың белгіленген тәртібі. Екіншіден - бұл мемлекеттің аумақтық құрылысын жасаудың тәсілі, орталық аймақтық және жергілікті билік пен басқарулардың өзара қатынастарын белгілеудің тәртібі, Үшіншіден - бұл мемлекеттік (саяси) билікті жүзеге асырудың әдістері, амалдары мен жолдары. Сонымен мемлекет нысаны негізгі үш элементтен, атап айтқанда: мемлекетті басқару нысаны, мемлекеттің құрылым нысанының және мемлекеттік, саяси тәртіп нысанынан синтезделеді түзіледі. Осы көрсетілген мемлекет нысаны жөніндегі түсінік бірден қалыптаспаған. Ұзақ уақыттар бойы бұл түсінік басқару нысаны мен мемлекеттік құрылым нысанынан тұрады деп есептелініп жүрді де, кейінірек оған саяси режим, саяси өзгермелілік (динамика) те қоса қарастырылатын болды.

1. 2 Мемлекет нысанының түрлері

Мемлекеттік бacқapy ныcaны - жoғapғы мeмлeкeттiк билiкттiң ұйымдacтыpылyын, oның opгaндapын құрy тәpтiбiн жәнe opгaндapдың xaлықпeн өзара қарым-қатынасын сипаттайтын мемлекет нысанының элементі. Мемлекеттік басқару нысаны екіге болінеді: Монархия және Республика. Монархия екіге бөлінеді. Олар абсолюттік және шектелген (конституциялық) . Республика үшке бөлінеді: призиденттік, аралас, парламенттік болып бөлінеді.

Жоғары мемлекттік билікке мемлекет басшысы монарх немесе призидент, заң шығарушы орган, үкімет жатады.

Егер жіктеу өлшемі ретінде мемлекет басшысын алатын болсақ, басқару нысандары монархия жіне республика деп бөлінеді.

Монархия (грек тілінен monarchia - жалғызілікті билік) - биліктің толығымен немесе ішінара жалғызілікті мемлекет басшысына (монархқа) тиесілі болуымен сипатталатын басқару нысаны. Монарх түрлі елдерде кароль, патша, шах, император және т. б. аталады.

Монархияның белгілері:

1) билiк мұрагерлік бойынша беріледі;

2) билiк мерзімсіз жүзеге асырылады;

3) xaлықтың epкiнe тәуелді емес.

Монархиялар шексіз және шектелген деп бөлінеді. Шексіз монархияларда халықтың өкілдік органдары болмайды, ал монарх мемлекеттік егемендіктің жалғыз иесі болып табылады (мысалы, феодализмнің соңғы кезеңіндегі абсолюттік монархиялар, ал қазіргі заманғы мемлекеттерде - Сауд Арабиясы, Бруней) . Шектелген (конституциялық) манархияларда монархпен қатар өзге де жоғары мемлекеттік органдар мемлекеттік егемендікке ие болатын және олар монархтың билігің шектейді (Ұлыбритания, Жапония, Испания Швеция Норвегия және т. б) .

Бүгінгі таңда бірқатар монархиялық басқару нысанындағы мемлекеттер (Бахрейн, Катар, Кувейт және т, б) конституция қабылданып, парламенттер құрғанымен, іс жүзінде абсолюттік монархия сипатын сақтауда. Себебі, аталған елдердің конституциялары биліктің толығымен монархқа тинсілі екенің, ал парламенттер тек кеңес берушілік мәртебеге ие екенін бекітеді.

Монархия бірнеше ғасырлар бойы басқарудың үстем нысаны болады. Қазіргі кезде де ол белгілі бір дәрежеде әлем елдерінің үштен бір бөлігінде сақталған.

Республика (лат. res publica - мемлекеттік, ортақ іс) - мемлекет басшысы сайлау жолымен билікке келетін және ауысып отыратын, ал оның билігі сайлаушылар немесе өкілдік органдардан туындайтын басқару нысаны.

Республиканың белгілері:

1) биліктің сайланатындығы;

2) билік өкілеттіктері мерзімінің шектелуі;

3) сайлаушыларға тәуелділік.

Үкіметті кім құрайтына және ол кімге есеп бнріп, бақылауында болатынына байланысты республикалар президенттік, парламенттік және аралас деп жіктеледі, Призиденттік республикаларда (АҚШ, Бразилия, Аргентина Венесуэла Боливия Серия және т. б) бұл рөлді призидент атқарса, парламенттік республикаларда (Германия, Италия, Үндістан, Түркия, Израилт және т. б) - парламент, ал аралас республикаларда (Франция, Финляндия, Польша, Болгария, Австрия, және т. б. ) призидент пен парламент бірлесіп атқарады.

Призеденттік республикада призидент парламенттер тәуелсіз түрде дауыс берушілер алқасымен немесе тікелей халықпен сайланады және ол мезгілде мемлекет пен үкіметтің басшысы болып саналады. Призидент үкіметті өзі құрайды және оның қызметіне жетекшілік жасайды. Мұндай республикада парламент үкіметке сенімсіздік вотумын білдіре алмайды, ал президент парламентті таратып жібере алмайды. Бірақ, парламент заңдарды қабылдау және бюджетті бекітту арқылы президент пен үкіметтің әрекеттерің шектеу мүмкіндігін иеленеді, ал бірқатар жағдайларда призидентті лауазымынан босату құқығын иеленуі мүмкін президент конституция ережелерін бұзған және қылмыс жасаған жағдайда. Призидент, өз кезегінде, заң шығарушы органның шешіміне қатысты кейінге қалдырылатын вето құқығын иеленеді.

Парламенттік республикада үкіметті заң шығарушы орган бекітеді және үкімет сол органның алдында жауапты болады. Парламент дауыс беру арқылы бүкіл үкіметтің, үкімет басмшысының (министрлер кеңесі төрағасының, премьер-министрдің, канцлердің) не жекелеген министрдің қызметіне сенімсіздік вотумын немесе сенім вотумын білдіре алады.

Призидент ресми түрде мемлекет басшысы болады. Оны не парламент, не дауыс берушілер алқасы, не халық тікелей сайлайды. Алайда, мемлекеттік билік органдары жүйесінде ол қарапайым орынды иеленеді: оның міндеттері әдетте өкілдік функцияларымен шектеледі, бұл өкілдіктер конституциялық монархиялардағы мемлекет басшысының функцияларына ұқсас болыпр келеді. Үкімем басшысы мемлекеттің іс жүзіндегі басшысы болып табылады.

Аралас (жартылай призиденттік, жартылай парламенттік) республикаларға тән белгі - үкіметтің қосарланған жауапкершілігі. Бұл жағдайда үкімет призиденттің алдында да, парламенттің алдында да жауапты болады. Мүндай мемлекеттерде призидент пен парламентті халық тікелей сайлайды. Призидент мемлекет басшысы болып табылады. Ол парламенттегі саяси күштердің жағдайын ескере отырып, үкімет басшысы мен минимтірлерді тағайындайды. Әдетте мемлекет басшысы министрлер кабинетінің отырыстарында төрағалық етеді және оның шешімдерің бекітеді. Парламент те елдің жыл сайынғы бюджетін бекіту, сенімсіздік вотумын шығару арқылы үкіметтің қызметің бақылап отырады.

Мемлекет типі мен нысанының арақатынасын қарастырмастан бұрын келесідей жайтты айтып өткен жөн. Мұнда біз мемлекет типі ұғымын формациялық тұрғыдан, ал мемлекет нысаны ұғымын басқару нысаны тұрғысынан қарастырамыз.

Бір жағынан, әр типтегі мемлекеттер түрлі нысанда кездесуі мүмкін - бір тарихи тип шеңберінде мемлекеттің түрлі нысандары кездеседі. Мысалы, құлиеленушілік тип үшін монархиялар (ежелгі шығыс деспотиялар - Мысыр, Вавилон, Асирия, Қытай, Үнлістан, Рим империясы мен республикалар (аристократиялық мемлекеттер, мысалы б. з. д. VI-I ғғ. Рим империясы) және демократиялық республикалар, мысалы, Авины мемлекеті) ; феодалдық тип үшін - монархиялар (ерте феодалдық монархия, феодалдық ыдыраушылық кезеңіндегі монархия, сословиелік-өкілдік және шексіз монархия) және қалалық республикалар (Венеция, Генуя, Флоренция, Новгород, Псков және т. б. ) ; буржуазиялық тип үшін - демократиялық республикалар (парламенттік, президенттік, аралас) және конституциялық (шектелген) монархиялар социалистік тип үшін - Париж Коммунасы, кеңестік республикалар және халықтық демократиялық республикалар.

Екінщі жағынан, кейбір тарихи типтегі мемлекеттер тек өздеріне ғана тән кейбір нысандарға ие. Мысалы, сословиелік-өкілдік монархия тек феодалдық мемлекетке тән, ал парламенттік млнархия мен демократиялық республика тек мемлекеттің буржуазиялық типіне тән.

Аталған типтегі мемлекеттер кез келген нысандарды, яғни өзінің мазмұнына қайшы келетін және экономикалық негізіне сай келмейтін нысандарды иелене бермейді. Мысалы, құл иеленуші мемлекетті шектелген монархия немесе демократиялық республика нысанында елестету қиын.

Мемлекеттің нысаны оның тарихи типімен анықталады. Сондай-ақ. ол тағы да бірқатар факторларға тәуелді болады:

1) қоғамның экономикалық даму деңгейіне;

2) топтық күштердің арақатынасына;

3) тарихи-ұлттық және мәдени дәстүрлерге;

4) халықаралық жағдайға және т. б.

Мемлекеттік нысандардың әртүрлі болып келуіне ықпал ететін факторлар да әртүрлі. Жалпы алғанда, олар кез келген мемлекетте қоғамды басқару барысындағы обьективтік жағдайлардың ерекщеліктеріне байланысты болды. Әрбір мемлекет өзіне ғана тән ерекеше жағдайларда дамитындықтан, оның өзіне ғана тән саяси нысандары болады.

Тисінше, мемлекеттің типі мен нысаны мазмұн мен нысан ретінде арақатынасы болады және мұнда махмұн (яғни, мемлекеттің типі) басты рөл атқарады.

Мемлекеттік құрылым нысаны - мемлекеттің ішкі құрылымын, оның саяси және аумақтық бөлінісінің тәсілін сипаттайтын, мемлекет органдарының оның барлық құрамдас бөліктерімен белгілі бір өзара қарым-қатынастарын туындататын мемлекет нысанының элементі.

Бұл ұғымның көмегімен мемлекеттік құрылым билікті орталықа және жергілікті жерлерде бөлу тұрғысынан сипатталады.

Осы өлшемге қарай мемлекеттің келесідей нысандары ажыратылады.

Унитарлық мемлекет - мемлекеттік егеиһмендік белгілеріне ие емес әкімшілік-аумақтық бірліктерден тұратын қарапайым, бір тұтас мемлекет, мұндай мемлекетте жоғары органдардың бірыңғай жүйесі мен заңнаманың бірыңғай жүйесі болады (мысалы Полша, Венгрия, Болгария, Италия) .

Унитарлық мемлекетте барлық сыртқы халықаралық қатынастарды орталық органдар жүсеге асырады. Олар халықаралық аренада мемлекеттің өкілдері болып табылады. Салық салуға қатысты монополиялық құқық аумақтарға емес, тек мемлекетке тиесілі болды. Жергілікті жерлерде салықтар салуға әдетте мемлекеттің санкциясымен рұқсат етіледі. Аумақтар мемлекетпен салыстырғанда өз қалауымен салықтарды жинап, белгілей алмайды. Унитарлық мемлекеттер орталықтандырылған (Норвегия, Румыния, Швеция, Дания және т. б. ) және орталықтандырылмаған (Испания, Франция, және т. б. ) болуы мүмкін. Орталықтандырылмаған унитарлық мемлекеттерде ірі аймақтар автономияға ие болды, өздерінің қарауына орталық органдар сеніп тапсырған мәселелерді дербес шешеді.

Федерация - мемлекеттік құрылымдары белгілі бір дәрежеде мемлекеттік егемендіке және басқа да мемлекеттік белгілерің иеленетін күрделі, одақтық мемлекет; онда жоғары федералдық органдармен және федералдық заңнамамен қоса федерация субьектілерінің жоғары логандары мен заңнамасы да болады. Федерацияға мысал ретінде Германия, Үндістан, Мексика, Канада, елдерін атауға болады. Федерациялар аумақтық (АҚШ) немесе ұлттық-аумақтық қағида (Ресей) бойынша құрылуы мүмкін.

Федерацияларда функциялар оның субьектілері мен орталықтың арасында бөлінеді. Бұл жайт одақтық конституцияда көзделеді және конституцияның тек федерация субьектілерінің келісімімен өзгеруге болады. Өкілеттіктердің бір бөлігі одақтық органдардың айрықша құзыретіне, басқа бөлігі федерация субьектілерінің айрықша құзыретіне, ал үшінші бөлігі одақ пен оның мүшелерінің бірлескен құзыретіне жатады. Қазіргі кезде әлемде 26 федеративтік мемлекет бар. Олар Еуропада (Австрия, Бельгия, Германия, Ресей, Серьия мен Черногориядан тұратын Югославия, Швейцария және 1995 жылы құрылған Босниядан серб-хорват-мұсылман федерациясы) ; Азияда (Үндістан, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан) ; Америкада Аргентина, Бразилия, Венесуэла, Канада, Мексика, АҚШ, Сент-Китс және Невис) ; Африкада (Комор аралдары, Нигерия, Танзания, Эфиопия) ; Океанияда Папуа-Жаңа Гвинея, Миконезияның Құрама Штаттары) бар. Австралия да федерация болып табылады. Федерацияның кейбір элементтері Еуропаның 15 елін біріктіретін Еуропалық одаққа тән.

Конфедерация - мемлекеттердің саяси, әскери, экономикалық және басқа да мақсаттарға жету үшін құралатын уақытша одағы. Конфедерация егемендікке ие емес, себебі біріккен субьектілердің ортақ орталық мемлекеттік аппараты және біртұтас заңнама жүйесі болмайды. Конфедерация шеңберінде одақтық органдар құрылуы мүмкін, бірақ олар осы мемлекеттер бірігуіне негіз болған мәселелердің шешу үшін ғана құрылады және тек үйлнстіруші сипатты иеленеді.

Конфедерация тұрақсыз мемлекеттік құрылым болып табылады және салыстырмалы түрде ұзақ өмір сүрмейді олар не таралып кетеді (Сенегамбия - Сенегал мен Гамбияның 1982-1989 жылдардағы бірлестігі), не федеративтік мемлекеттерге айналады (мысалы, Швейцария, ол 1815-1848 жылдары өмір сүрген Швейцар одағы конфедерациясынан федерацияға айналды) .

Заман ағымымын мемлекеттер достастығы деп аталатын қауымдасқан мемлекеттік бірлестіктің жаңа нысаны да пайда болады. Мысал ретінде Тәулсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) келтіруге болады. Оның құрамына бұрын КСРО құрамына кірген мемлекеттер енді. Бұл конфедерацияға қарағанда әлі тұрақтанбаған және жеткілікті деңгейде зерттелмеген нысан.

Мемлекеттік құрылымының аталған нысандарына қоса тарихта басқа да нысандар орын алған - империялар, протектораттар және т. б. Мысалы, империялар аса үлкен аумағы, қуатты орталықтандырылған билігі, орталық пен периферияның үстемдігі мен бағыныстығының үйлескен қатынастары, халықтың әртекті этникалық және мәдени құрамы бар ерекше мемлекеттік құрылым болып табылады. Империялар түрлі тарихи кезеңлерге өмір сүрген (мысалы, Рим империясы, Британ империясы, Ресей империясы) .

Саяси мемлекеттік режим - саяси билікті жұзеге асыру әдістері, тәсілдері және құралдарының жүйесі. Мемлекеттің мәніне көрініс табатын кез келген өзгерістер ең алдымен оның режиміне әсер етеді. ал саяси режим басқару нысаны мен мемлекеттік құрылым нысанына өз ықпалын тигізеді.

Бірқатар авторлардың пікірінше саяси режим және мемлекеттік режим ұғымдары бір мағынаны білдіреді.

Ал басқа авторлардың пікірінше саяси режим ұғымы мемлекеттік режим ұғымына қарағанда анағұрлым ауқымды. Себебі саяси режим ұғымы тек мемлекеттің ғана емес. сонымен қатар саси партиялар мен қозғалыстар, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар тарапынан саяси билікті жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін қамтиды.

Саяси режим - саяси жүйенің динамикалық, функционалдық сипатамасы. Саяси режим және саяси жүйе санаттары бір-бірімен тығыз байланысты. Егер саяси режим санаты қоғамның саяси өміріне және саяси билікті жүзеге асыруға қатысатын барлық институттар кешенін көрсетсе, саяси жүйе санаты бұл ьиліктің қалай жүзеге асырылатынын, аталған инститкттардың қалай әрекет ететінің (демократиялық немесе демоератиялық емес) көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекетің құрылым нысаны
Мемлекет нысанының элементтері
Мемлекет нысаны түсінігі және құрылымы
Әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi
Мемлекеттің құрылымдық нысананың ерекшеліктері
Мемлекеттің пайда болуы мен мәні туралы ақпарат
Саяси режим мемлекет нысаны ерекше түрі ретінде
Мемлекет нысанының жалпы сипаттамасы
Мемлекеттің құрылымдық нысаны
Құқық негіздері. Мемлекеттің түсінігі және белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz