Жауаптылықты жеңілдететін мән жайлар


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ НЕГІЗІ …….

  1. Қылмыстық жауаптылық түсінігі . . .
  2. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
  1. ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ПЕН ЖАЗАНЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ЖӘНЕ АУЫРЛАТАТЫН МӘН ЖАЙЛАР . . . Жауаптылықты жеңілдететін мән жайлар. . Жауаптылықты ауырлататын мән жайлар. .

Кіріспе

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл курстық жұмыста қылмыстық жауаптылық ұғымы және оның негіздері жайында баяндап өтемін. Сонымен бірге жауаптылықты ауырлататын және жеңілдететін мән жайлар жайында толықтай ақпарат беріп өтемін.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелегімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі. Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық жауаптылықтың әлеуметтік мазмұнының өзі сол субьектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.

Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар қылмыс құрамының қажетті, жетілген немесе жеңілдетілгенм белгілерімен шатастыруға болмайды. Мысалы, басқа біреудің мүлкін қорқытып алушылықта ұйымдасқан топ жасаған қылмыс осы қылмыстың жетілдірілген құрамының белгісін көрсетеді. Сонымен бірге ұйымдасқан топ болып қылмыс жасау жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатады.

Егер ҚК-нің 53 немесе 54-баптарында көрсетілген мән-жайлар қылмыстың бір белгісі ретінде Ерекше бөлімінің бабында көрсетілген болса, онда ол қылмыс үшін жаза тағайындаған кезде жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жай ретінде ескерілмейді. Мысалы, жан күйзелісі үстінде ашумен кісі өлтіруде жан күйзелу осы қылмыс үшін жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жай ретінде есепке алынбайды. Демек бұл курстық жұмыстың өзектілігі жеке тұлғаға жаза тағайындау, жауаптылыққа тарту барысында ауырлататын және жеңілдедетін мән жайлардың ерекше екенін аңғарамыз.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қоғамға жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән жайлар жайында ақпарат беру үшін келесідей міндеттерге тоқталамыз.

  • Қылмыстық жауаптылық түсінігіне тоқталып өту;
  • Қылмыстық жауаптылық негіздеріне тоқталып өту;
  • Жауаптылықьы жеңілдететін мән жайларға тоқталып өту;
  • Жауаптылықты ауырлататын мән жайларға тоқталып өту:

Курстық жұмыстың құрылымы. Бұл курстық жұмысым кіріспеден, 4 тақырыпшадан тұратын 2 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ НЕГІЗІ

  1. Қылмыстық жауаптылық түсінігі

Мемлекет өз азаматтарынан Конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды катаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе жауапкершілік жүктеледі. Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі кылмыстык жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау катерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық занда көрсетілген нактылы бір кылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа касақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т. б. Мұның өзінде кылмыстык жауаптылық оның іс-әрекеті накты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.

Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылық та болмайды. Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.

Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен окшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Қылмыстык жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылыктың түрі. Өйтіені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық жауаптылыктың әлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылык жүктеу отырып, мемлекет оның істеген кылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.

Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыкка моральдык саяси баға беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары) . Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады.

Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп - заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан онын тиісті органдары арқылы мінеушілігін (айыптаушылығын) айтамыз. Қылмыстық жауаптылық-қылмыстық кұқылық катынас мәселесімен тығыз байланысты. Бұл байланыс екі жақты көрініс арқылы белгіленеді. Біріншіден, қылмыстық құқылық катынас қылмыстық жауаптылык сиякты істелген қылмыстың құқылық зардабы. Яғни, нақты қылмыс жасалмаса қылмыстық жауаптылык та, қылмыстық құқылық қатынас та жоқ, Екіншіден, нақты қылмыс жасалған уақыттан бастап қылмыстық жауаптылық, ал мұнымен бірге бір мезетте істелген қылмыстың салдарынан қылмыстық құбылыс, яғни қылмыстық құқылық қатынас пайда болады. Бұл жерде істелген қылмыс заңдылық факт болып табылады. Тараптардың арасында қылмыстың субъектісімен жасаған адаммен) мемлекеттің атынан өкілділік алған органдардың арасында тиісінше құкылык катынастар пайда болады. Қылмыстық

құқылық қатынас бір жағынан мемлекет атынан әділ соттылықты жүзеге асыратын анықтама, тергеу, прокуратура, сот органдарымен, екінші жағынан кылмыс істеген субъектінің (қылмысқердің) арасындағы қатынас болып табылады. Бұл қатынастар материалдық мазмұнға ие болады.

Олар істеген қылмыстың фактісіне қатысты: істелген қылмыстың құрамы қандай, кінәнің нысаны, дәрежесі, кылмыскердің тұлғасы, біткен немесе бітпеген қылмыс па? Мұнда қылмысқа катысу немесе қылмысқа жанасушылык болды ма және т. б. Сондай-ак жазаны тағайындау немесе жазаны өзгерту шарттары, жазадан босату сияқты мәселелерге байланысты болады. Кылмыстық құқықтық қатынас іс жүргізу құқылық қатынастармен тығыз байланысты. Өйткені, қылмыстық құқылық қатынас қылмыс істеу фактісіне байланысты болады. Істелген қылмыс бойынша оны қозғау, тергеу, сотта қарау мәселелері қылмыстық іс жүргізу құқылық қатынастар арқылы дамып, жүзеге асырылады. Бұл қатынастар субъектімен (қылмыс істеген адам) мемлекеттің оның уәкілдігін жүзеге асыратын органдар арасында іске асырылады. Қылмыстық құқықтық қатынастар субъектілері заң бойынша айрықша құқықтар мен міндеттерге ие болады. Қылмыскер қылмыстық құқықтық қатынастың объектісі болып табылады. Мемлекет қылмыскерді жазалай отырып, басқаларды қылмыс істеуден сактандырады және сотталған адамды түзеу мақсатын жүзеге асырады. Мемлекеттің осы функциясын атқару кезінде қылмыскер де мемлекетке өз көзқарасын білдіретін қатынастың субъектісі ретінде көрінеді. Мұндай жағдайда мемлекет осындай қатынастың объектісі болып қалады. Яғни, субъект және объект салыстырмалы түсініктер, сондықтан да олар сөз өзара орын ауыстырулары мүмкiн. Қылмыстық құқықтық қатынастың пайда болуын қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы деп түсiнуге болмайды. Тек соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енгеннен кейiн ғана қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылады. Сот айыптыны кiнәлi деп тани отырып, қылмыскер мен мемлекет арасында кiнәлiнiң қылмыс жасаған уақытынан бастап қылмыстық-құқықтық қатынастың орын алғандығын бекiтедi. Қылмыстық құқықтық қатынас мемлекеттiң жаза жөнiндегi құқығы мен қылмыскердiң тиiсiнше қылмыстың жауаптылығын көтеру мiндеттiлiгiмен ғана шектелiп қоймайды. Қылмыскер тиiстi өкiмет органының күштеуi арқылы ықпал ететiн объектiсi ғана емес, белгiлi бiр құқықтардың субъектiсi де. Өйткенi жазалау шаралары оған оның жасаған қылмысының табиғатына, осы қылмысқа заңда белгiленген жазаға, яғни санкцияға, Қылмыстық кодекстiң Жалпы бөлiмiндегi жаза тағайындау туралы ережелерге сай жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық құқылық қатынас мемлекеттiң қылмыскер жөнiндегi құқығын белгiлеп қана қоймайды, сонымен бiрге әдiл соттылықты жүзеге асыруда заңдылықтың кепiлi ретiнде де көрiнедi. Адамның қылмыстық жауаптылығы оған сот тағайындаған жазаны өтеумен жүзеге асырылады. Яғни, оның жүзеге асырылуы жаза өтелiп болған соң жойылады. Бiрақ та қылмыстық жауаптылық барлық уақытта да жазаны өтеу ретiнде жүзеге асырылмайды. Мысалы, қылмыс жасаған адам анықталмады делiк. Мұндай ретте қылмыстық құқықтық қатынас (қылмыс iстеген адам мен мемлекет арасындағы) жүзеге аспайды. Бұған мысал ретiнде латенттi қылмыстарды қосуға болады. Қылмыс жасаған кiнәлi адам, егер де ол ауыр қылмыс жа-саумен байланысты болса, қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тартылады. Бiрақ та қолданылып жүрген қылмыстық жазаға сәйкес барлық уақытта да қылмыс жасаған адамға жаза тағайындалуы мiндеттi емес. Мысалы: Қылмыстық кодекстiң 68-бабының 1-бөлiгiнде: «Қылмыс белгiлерi бар әрекет жасаған адамды, егер сот iстi қараған кезде жағдайдың өзгеруi салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауiптi емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.

Бiрiншi рет кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды, егер ол адамның одан кейiнгi мүлтiксiз мiнез-құлқына байланысты iс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауiптi деп есептеле алмайтындығы белгiленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн» делiнген. Осы бапта қылмыстық жа-уаптылықтан босату негiзi көрсетiлген. Ал Қылмыстық кодекстiң 74-бабының 1-бөлiгiнде: «Кiшiгiрiм және орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн сотталған адамды, егер жазаны өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесiнiң ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше мән-жайлардың салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшiн оның жазасын өтеуi аса ауыр зардапқа әкелiп соқтыруы мүмкiн болса, сот жазадан босатуы мүмкiн» деп көрсетiлген. Мұнда қылмыстық жазадан босатудың негiзi ғана көрсетiлген. Сонымен қылмыстық жауаптылық өзiнiң сипатына қарай жаза тағайындалмайтын және жаза тағайындалатын болып екiге бөлiнедi. Жаза тағайындалмайтын қылмыстық жауаптылық айып-таушылық фактiсiмен аяқталады. Ал жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылықта айыптаушылықпен бiрге жазалану фактiсi де бар. Осыған байланысты қылмыстық жауаптылық бұл жазаға қарағанда жеке, ауқымы кең, қылмыстық-құқылық түсiнiк екендiгiн оның жазасыз-ақ қолданылатындығын және орындалатынын көремiз. Қылмыстық жауаптылықсыз жаза тағайындау мүмкiн емес. Сонымен, қылмыстық жауаптылық және жаза өзара тығыз бiр-бiрiне ұқсас емес ұғымдар екендiгiн аңғарамыз. [1, 47б. ]

Қылмыстық жауаптылық мәселелері төңірегінде де зона жауапкершілік төңірегіндегі мәселелер сияқты пікірталастар жеткілікті. Көп уақыт бойы қылмыс пен жаза дәстүрлі түрде қылмыстық құқықтың негізгі ұғымдары (категориялары) ретінде келеді. Осы мәселенің кейінгі жылдарғы қарқынды зерттелгеніне карамастан, «қылмыстық жауаптылық" ұғымы қылмыстық құқық теориясында бұрынғысынша түрліше түсіндірілуде. Бұл сөз жоқ, қылмыстық жауаптылық пен қылмыстық-құқықтық қатынастың арақатысы туралы, қылмыстық жауаптылық туралы, оның пайда болуы мен тоқтатылуы туралы, қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың негіздемелері туралы кереғар пікірлер тудырды. Авторлардың бір тобы қылмыстық жауаптылықты мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде анықтайды, яғни қылмыстық жауаптылықтың мәнін жазадан көреді. "Қылмыстық жауаптылық, деп жазды А. И. Марцев, бір жағы -мемлекет атынан өкілетті органдардың өздерінің құқықтарын пайдалана отырып, қылмыс істеген адамға қылмыстық жазаның ауыртпалығы мен айыруларын жүктейтін, екінші жағы құқықбұзушы - өзінің міндетін орындай отырып, жазаның ауыртпалығы мен айыруларын арқалауымен көрінетін қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқару құқықтық қатынастарның жиынтығы"

Ғалымдардың екінші бір тобы қылмыстық жауаптылық пен қылмыстық құқықтық қатынастарды теңестіріп, яғни қылмыстық жауаптылықты құқықтық қатынасқа қатысушы субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ретінде қарастырады. Қылмыстық жауаптылықты бұлайша 228 еңбектерінен орын

түсіндіру Я. М. Брайнин, Н. С. Лейкина, Н. А. Стручкова алған. Л. В. Багрий-Шахматов былай деп ұйғарады, өзінің мағынасына қарайқылмыстық жауаптылық құқық нормаларыныңықпалымен құқықтық қатынасқа, мазмұны тараптардың құқығы мен міндеттеріне айналатын белгілі "Заңы бір қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Заңи жауаптылық, -деп жазды А. Д. Горбуза, өзінің қылығы теріс зардап шегетін, соған байланысты заңға сөйкес тиісті қылмыс істеген адамның міндеттері мен құқықтары" А. Д. Горбуза қылмыстық жауаптылық пен қылмыстық құқықтық бірдей деп санайды.

Авторлардың үшінші бір тобы қылмыстық жауаптылықты құқықтық қатынастың бір элементі (құрамдас бөлігі), нақтырақ кінәлінің істеген қылмысы үшін жауап беру міндеті лен М. П. Карпушин мен В. И. Курляндекий пікірі бойынша, жауаптылық - бүл «кінәлінің істеген қылмысы үшін белгіленген бойынша есеп беру міндеті, атап айтқанда жауаптылық туралы белгіленген тәртібінен туындайтын белгілі бікыктык шектеуге (мәжбүрлеу шараларына) тап болуы, мемлекет атынан сотқа тартылуы мен тиісті жазасын алуы. Аталған бұл пікірді ҚР Бәрімбек Қарағанды заң институтының қылмыстық құқық жөне криминология кафедрасының ұжымы да қолдайды.

Материалдық мағынасынан алғанда, қылмыстық жауаптылықтың пайла болуының негізі қылмыс істеу болып табылады. Осы бастап-ақ қылмыстық-құқық қатынас және оның нәтижесі - қылмыстық жауаптылық басталады

Соңында, авторлардың төртінші тобы мынадай қорытындыға келеді, зона жауапкершілік пен қылмыстық-құқықтық өсіресе, мемлекет атынан қылмыстық заң талаптарына негізделіп жүргізетін қоғамдық қауіпті әрекетіне баға беруі

Дегенмен, қылмыстық жауаптылық жаза тағайындаумен де, өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен шектеліп қоймайды. Қолданыстағы Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы жаза мен қылмыстық жауаптылықты бөліп қарастырады. Заң тұрғысынан алғанда … бұл бір-біріне сайма-сай келмейтін ұғым. Қылмыстық жауаптылық, әдетте, сотталған адам үшін белгілі бір құқықтық шектеулері бар мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шараларымен бірге жүреді, сонымен бірге дербес те болуы мүмкін.

Қылмыстық жауаптылық - қылмыстық заңға негізделген және соттың айыптау үкімінде көрсетілген, қылмыс істеген адамның қоғамдық қауіпті рекетіне мемлекет тарапынан берілген теріс бағасының нәтижесі. Сот адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға және оны жазадан босатуға құқылы. Соңғы жағдайда қылмыстық жауаптылық күшіне енгеннен кейін істелген қылмысы үшін қандайда бір мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары қолданыла алмайды. Қылмыстық жауаптылық қылмыстық жаза тағайындаумен емес, кәмелетке толмағандарға қолданылатын тәрбиелеу сипатындағы мәжбүрлеу щараларымен және ең соңында жазаның кейінге қалдырылуымен бірге қолданыла алады. Аталған жағдайларда қылмыстық жауаптылык пен жазаның сәйкес келмеу сәттері де болуы мүмкін.

Қылмыстық жауаптылық істелген қылмыстың құқықтық салдары болғандықтан, оны кінәліге қолданылған қылмыстық-құқықтық санкциямен салыстыру - табиғи құбылыс. Құқық теориясында жауаптылық - бұл құқықтық санкцияларды жүзеге асыру деген өкілеттілігі жеткілікті пікір бар. Мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары түріндегі кінәлінің құқық бұзушылық зардаптарының теріс жақтарын тікелей көрсететін санцияларды құқықтық норма бөлігі ретіндегі тар мағынада қарастыру, санкцияларды (демек, жауаптылықты да) жазамен және оның орнына қолданылатын өзге де шаралармен теңдестіру болып саналады, ал бұл болса, қылмыстық жауаптылықтың табиғатына (мәніне) да, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына да сай келмейді. Егер санкцияны нормалардан оқшаулап карастыратын болсақ, онда оны жүзеге асырудың нәтижесі әрбір жағдайда нақты бір жазаға тірелеген болар еді. Бұл жазаны жауаптылықпен ғана бірдейлестіріп қоймай, сонымен бірге сол немесе өзге жаза шарасыныңмазмұнымен бірдейлестірген болар еді. Солай бола тұрса да әртүрлі қылмыс үшін сол бір ғана жазаға соттау бірдей жауаптылықты білдірмейді. Санкцияны бұлайша түсіну қылмыстық жауаптылықты санкцияны ғана емес, диспозицияны да, яғни норманы тұтастай қолданудың нәтижесі деп немесе санкциясыз-ақ диспозицияны қолдану мүмкіндігі туралы түсінуге әкеп соғады. [2, 191б. ]

Қылмыстық жауаптылық институты қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды қорғайтын, сотталғандарға тәрбиелік сипатта әсер ететін, қылмыстардың алдын алатын қылмыстылықпен күресудегі манызды тәсіл ретінде қарастырылады.

Қылмыстық заңда қылмыстық жауаптылыктын түсінігі берілмеген. Мүндай анықтама тек қылмыстық күкык ғылымында ғана айқындалған. Әдебиеттерде қылмыстық жауаптылыққа әртүрлі анықтама, түсініктер берілген.

Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салған, коғамға қауіпті әрекетті кінәлі түрде жасағандык үшін ғана белгіленеді.

Қылмыстық жауаптылықты мазмұнына карай былайша түсінуге болады:

a) қоғамға қауіпті белгілі бір, нақты эрекетті істеген адамға мемлекет, қоғам тарапынан кінәсін бетіне басу;

ә) қылмыс істеген кінәлі адамға заң жүзінде қылмыстық жаза қолдану. Бұл орайда Г. Ф. Поленовтың қылмыстық жауаптылыққа берген анықтамасын дұрыс деп ұғынуға болады "Қылмыстық жауаптылық - бұл қылмыс жасаған адамның тек мемлекет алдында жауапты болуы ғана емес, сонымен қатар, қылмыстық-құқықтық шараны қолдану нәтижесінен болған кінәлінің қиналуы, оның кейіп, өкінуінен тұратын және мемлекет алдында қылмысы үшін тәуелді түрде айыпты болуы'. Мемлекет тарапынан қылмыстылықты анықтау алдын ала тергеу органдарымен жүзеге асырыла отырып, тұлғаның жасаған қылмысы сотпен заңды түрде бағаланып оны қылмыскер деп танудан тұрады. Мемлекет тарапынан қолданылатын қудалау әркез кінәліге жаза тағайындаумен ғана аяқталып қоймайды.

Қылмыстық заң қылмыс жасаған адамдарға басқа да қылмыстық-құқықтық шараларды қолдана алады. Мысалы, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын.

Қылмыстық жауаптылық пен жаза бір біріне ұқсас түсініктерге жатпайды. Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшеліктері мен мемлекет атынан қолданылатын мәжбүрлеу шаралары бар және мазмұны жағынан кең ауқымды болса, жаза қылмыстық жауаптылықтың нысаны ретінде арнаулы заңдылықтар арқылы жаза туралы ережелерге сүйене отырып қолданылады.

Қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері ҚК-тің 65-69, 76-баптарына сәйкес қылмыстық жазадан босатудың да негіздері болып табылады. (КК-тің 70, 73-76-бағыттарында қараңыз) .

Қылмыстық жауаптылық басқа заңды жауаптылық түрлерінен (азаматтық-құқықтық, әкімшілік, тәртіптік т. б. ) ерекшеленіп, ажыратылады. Яғни қылмыстык жауаптылық, қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тыйым салынған қылмыстық әрекет үшін кінәліге жаза тағайындауға және соттылыктың туындауын көздейтін қылмыстық қол сұғушылыққа қатысты күкық қорғау органдарымен қолданылатын шара болса, заңды жауаптылықтың басқа түрлері тиісінше өзге де бұзушылықтарға қолданылады.

Қылмыстық жауаптылықтың пайда болуы, іске асуы, жойылуы кылмыстық-құқықтық қатынастар шегінде болып отырады. Демек, қылмыс жасаған уақытта қылмыстық жауаптылықпен қатар бір мезетте қылмыстық құқықтық қатынастар да пайда болады. [3, 34б. ]

  1. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері

Қылмыстық жауаптылық негізі философиялық және заңдылық тұрғысынан қарастырылады. Философиялық тұрғыдағы жауаптылық негізі қылмыстық жауаптылық адамның мінез құлықты тандау еркі болуымен сипатталады. Осыған байланысты қылмыстық құқықта үш негізгі ұстанымдар бар, олар - фатализм, индетерминизм, детерминизм деп аталады.

Бірінші көзқарас бойынша сыртқы, яғни объективті мән-жайлар адам мінез-құлқын анықтайды, кейбір әрекеттерді жасауға мәжбүрлейді. Бұл көзқарасқа сәйкес, адамның санасы мен еркі жоққа шығарылады, ол адамды жауаптылыққа тартуға негіз жоқ немесе объективті түрде жауапқа тартуды қалайды, яғни кінәсісіз адам жауапқа тартылмауын ескереді.

Екінші көзқарас бойынша адамның мінез-құлқы қандайда бір сыртқы құбылыстарға тәуелді емес, адам қашанда еркіті және ол өзінің қалауы бойынша әрекет жасайды. Аталған көзқараста адам еркі абсолютті бостандықпен сипатталады. Бірақ еркіндіктің абсолютті бостандықта болуы, сыртқы мән-жайлардан тәуелсіздігі істің шын мәнін анықтауға мүмкіндік бермейді.

Үшінші, детерминизм көзқарасына сәйкес, адамның санасы мен еркі себепті байланыста, демек адамның қылығы оны қоршаған жағдайлармен, тұлғалық құндылықтарымен, әлеуметтік өзге де факторлармен байланысты болады деген тұжырымдармен сипатталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаза тағайындаусыз қылмыстық жауаптылық
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары жөніндегі сот қаруының қылмыстан сақтандыру
ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ЖӘНЕ АУЫРЛАТАТЫН МӘН - ЖАЙЛАР
Жаза тағайындау
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
Қылмыстардың қайталану жағдайында жаза тағайындау
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.
Қылмыстық жаза тағайындау қағидалары
Жазалау және оның мақсаты
Қылмыстық жаза тағайындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz