Жерге орналастыруды жобалау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТІРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Инжиниринг факультеті
Құрылыс инжиниринг кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Жерге орналастыруды жобалау
Тақырыбы: Жайылымның территориясын ұйымдастыру
Орындаған: ЗУ-18-1 студенті Шамшетов Н.Н
Тексерген: аға оқытушы Есболай Г.И.
Актау 2019
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
РГПШ.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГІ УНИВЕРСИТЕТІ
Инжиниринг факультеті
5B090300 - Жерге орналастыру мамандықтары үшін Жерге орналастыруды жобалаупәнінен курстық жұмысты орындауға
ТАПСЫРМА
Вариант___
Студентке__________________________ ________________________
1. Курстық жұмыс
тақырыбы:__________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___
2.№______________2019 ж. Кафедра отырысында бекітілген
3. Аяқталған жұмыс тапсыру мерзімі: ___________2019 ж.
4. Курстық жұмыста қарастырылатын сұрақтар тізімі:
___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ __________________________
5. Тапсырма берілген мерзімі _____________ 2019 ж.
6. Оқытушы________ Каф.меңгерушісі_____________
7. Тапсырманы орындауға қабылдаған студент_______
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
I.Теориялық бөлім
1.1 Жерге ораналастыру туралы қысқаша
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.2 Жерге орналастыруды жобалаудың жалпы
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Жайылымның территориясын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2. Алқаптарды ұйымдасытыру жайында түсінік,
оның мазмұны және шешетін мәселелері ... ... ... ... ... ... . ..16
III. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ...
Жерге ораналастыру туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кезде ауыл шаруашылығық өндірісін дамытуда еліміздің жер
ресурстарын ұтымды және интенсивті пайдалану ең негізгі мәселе болып саналады. Осыған орай қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған жалпы шаралар жүйесінде жер ресурстарын пайдалануды жақсарту ең алдыңғы жоспар ретінде танылады.
Жер ресурстарын тиімді пайдалану проблемасы шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту барысында жер пайдалану мен топырақ құнарлығын арттыру шараларының толық кешенінен тұрады.
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінде жерге орналастыру Қазақстан Республикасы жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ететін және жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі екені көрсетіледі.
Жерге орналастыру - жерді тиімді (ұтымды) пайдалануды ұйымдастыру мен қорғауға, нақтылы табиғи, экономикалық, мелиоративтік, агротехникалық, әлеуметтік және басқада шарттарды ескере отыруға, қолайлы экологиялық орта жасауға және шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамытуға бағытталған шаралар жүйесі.
Жерге орналастырудың мазмұны мен формалары жерге орналастыру әрекеттерімен құрылады және шаруашылық жүргізудің барлық нысандары мен жерді иеленудің әртүрлі түрлерімен анықталады. Осыған орай мұнда жер өндірістің негізгі құралы және тауары ретінде қызмет етеді, сондықтан жерге орналастыру негізінен көп нысанды экономиканың талаптары сай міндеттерін анықтайтын әлеуметті-экономикалық проблема болып қаралады.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жер пайдалану мен жер иеленуінің жалпы шарттары мынаған тұжырымдалады: әр шаруашылықтың жер массивінің қоршаған табиғи ортаның бір бөлігі ретінде қызмет етуін анықтайтын жер, еңбек және материалды-техникалық ресурстарын, сонымен қатар қалыптасқан экологиялық байланыстар сәйкестілігін қамтамасыз ету болып саналады. Сондықтан жер пайдаланудың қалыптасуы мен оның аумағын ішкі ұйымдастыру тығыз байланысқан.
Жер Кодексінің ережелеріне сәйкесті жерге орналастырудың негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
а) ландшафтық-экологиялық көзқарас негізінде жерге орналастырудың, жерді аймақтарға бөлудің республикалық, облыстық және аймақтық схемаларын ( жобаларын) және жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеу;
ә) қолданыстағы жер пайдалануды қалыптастыру және ретке келтіру жөніндегі шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын жасауды, белгілі бір жерде жер учаскелерін бөліп беру мен шекарасын белгілеуді, жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар жасау;
б) белгілі бір жерде елді мекендердің шекарасын (шегін) анықтау мен белгілеуді, олардың жер-шаруашылық орналастыру жобаларын жасау;
в) белгілі бір жерде әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше шарттары бар басқа да жер учаскелерінің шекарасын белгілеу;
г) жерге орналастыру, бүлінген жерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобаларын, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобалар әзірлеу;
ғ) жерді түгендеу ісін жүргізу, пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай отырған жерді анықтау;
д) топографты-геодезиялық, картографиялық, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеулер мен іздестіру жұмыстарын жүргізу;
е) жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланылуының тақырыптық карталары мен атластарын құрау
Әлеуметтік-экономикалық мәні келесі сұрақтардың шешуін қарастырады:
еліміздің жер қорын халық шаруашылығының әр саласының арту деңгейіне, жер пайдаланушылар мен жер иеленушілердің қажетті сұранысына қарай қайта бөлу;
еліміздің жер қорының бар аумағында өндірістік, әлеуметтік-экономикалық, табиғат жағдайлары, меншік формасын есепке ала отырып мемлекеттік жерге орналастыруды жоспарлы жүргізу;
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мақсатында еліміздің әртүрлі табиғи-экономикалық аймақтарындағы жақсы және нашар жерлерді экономика тұрғыдан дұрыс және құқық жағынан үйлесімді пайдалану;
халық шаруашылығының барлық салаларында жерді пайдаланудың кешендік болжамдарын құрастыру, әсіресе ауыл шаруашылық өндірісінде;
Қазіргі кезде қалыптасқан ауыл шаруашылығының әлеуметтік жүйесі мемлекеттік және жеке меншіктік формаларға негізделген. Шаруашылық субъектілері мыналар: жауапкершілігі шектелген серіктестік (ЖШС), акционерлік ұйымдар (АҰ), шаруа (фермерлік) қожалығы (ШҚ), өндірістік кооперативі (ӨК) және өзіндік қосалқы шаруашылық. Сондықтан жерге орналастырудың әлеуметтік мәні бекітілген өндірістік және жер қатынастары, жер меншігі мен жерде шаруашылық жүргізу формаларымен анықталады.
Жерге орналастырудың құқықтық мәні. Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер және жекеленген азаматтарға, былайша айтқанда жер пайдаланушы және жер иеленуші барлық жеке және заңды тұлғаларға жерге деген мемлекеттік актілер беріледі:
- жер учаскесіне жеке меншік құқығы актісі;
- тұрақты жер пайдалану құқығы актісі;
- уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығы актісі;
- уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы актісі.
Жерге орналастыру кезіндегі басқа да құқықтық істер (жерге орналастыру, жерлерді және жер алқаптарын қалпына келтіру және ауыстыру немесе трансформациялау жобасын бекіту) аудандық атқару органдарының шешімдері негізінде ресімделеді.
Жер пайдалану мен қорғауды мемелекеттік тарапынан бақылау кезіндегі жерге орналастыру органдарының барлық амалдары құқықтық тұрғыдан жүреді және заңдармен негізделеді (Жер кодексі, экологиялық кодексі, жер және азамат құқығы, су және орман кодекстері және т.б.)
Жерге орналастырудың технологиялық мәні. Жер және жер учаскелері, алқаптар халық шаруашылығының әртүрлі салаларында ғылым, практика жетістіктерін ескере отырып, өндірістің техникамен жетілдірілген жағдайларда және әртүрлі технологиялық процестерді орындау жағдайларында пайдаланылады. Сонымен қатар табиғат факторлары: климат, жер бедері, топырақ, грунт сулары және с.с рөлі зор болады, әсіресе ауыл шаруашылығық өндірісінде.
Ауыл шаруашылығының ғылыми-техникалық прогресс жағдайында аймақты - салалық жерге орналастыру ұғымына зор мән беріледі және әсіресе оның аймақтық егіншілік жүйесі түріндегі технологиялық мәніне.
Жерге орналастыру ғылыми пән ретінде көптеген жақындығы бар ғылымдардың ережелері негізінде қалыптасады. Жерге орналастырудың инженерлік негізін құрайтындар: геодезия, агроорманмелиорациясы, гидротехника, ауыл шаруашылық өндірісін механикаландыру және б., олар инженерге лайықты және ғылыми-техникалық деңгейде есептер жасауға, жобалардың құраушы бөлімдерін негіздеуге мүмкіндік жасайды (жер пайдалану шекараларын айқындау, құрғату және суландыру желісін жобалау, гидротехникалық құрылыстарды орналастыру, көпжылдық екпе ағаштарды жобалау және орналастыру және т.б.).
Жерге орналастырудың әлеуметтік-техникалық мәнін ауыл шаруашылық өндірісінің экономикасы және ұйымдастыру, аудандық және елді мекендік жоспарлау, жер ресурстарын жобалау және басқа да өндіріс күштері мен еңбек ресурстарын орналастыру мәселесін шешетін ғылымдар.
Жерге орналастырудың өндірістік (технологиялық) бағытын өндірістің әр саласының даму жағдайын ескеретін өндірісті ұйымдастыру және оның технологиясы анықтайды. Жол құрылысына жерді бөлу жол жұмысының талаптарына, ал елді мекендерге қалалық және ауылдық жағдайлар талаптарына сай жоспарлау жүргізіледі.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында өндірісті ұйымдастыру және басқару мына пәндердің: егіншілік, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, топырақтану негізгі ережелеріне негізделеді (негізгі технологиялық процесстерді орындау үшін қажетті жер ауданын аумақты орналастыруы бекітіледі). Өсімдік шаруашылығында аумақты орналастыру өндірістік процестерді механикаландыру жағдайлары арқылы анықталады (себу, күту, егінді ору ).
Жер пайдаланудың құқықтық нормалары және оларды жер пайдаланушылар мен жер иеленушілердің орындау жағдайлары Жер құқығы, Азамат құқығы пәндерімен анықталады. Сонымен, жерге орналастыру ғылыми пән ретінде - бұл еліміздің жер ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ғылымдар мен пәндердің негізгі ережелерінің кешенді үйлесуі.
Жерге орналастырудың жалпы принциптері
Жерге орналастыруды жобалау принциптері дегеніміз жобалау жұмыстарын орындауда міндетті түрде басшылыққа алатын қағидалар. Олар жобалауда жер заңдылығында қабылданған жағдайларды бұлжытпай орындауға, жоғары тиімділіктерге жетуге, капиталдық шығыстың минимальды болуына және оның тез арада қайтарылуына бағыттайды. Жерге орналастыру принциптері жобалаудағы есептеулерде прогрессивтік нормативтерді және технологияларды пайдалануды; ұзақ және қысқа мерзімдік жоба алды болжамдардың материалдарын пайдалануды; жоғары сапалы зерттеу және ізденіс материалдарын пайдалануды талап етеді. Сондықтан жерге орналастыруды жобалауда жерге орналастырудың жалпы принциптері басшылыққа алынады:
- жерге орналастыру жұмыстарын орындауда жерге жеке меншіктің, жерді пайдаланудың және онда шаруашылық жүргізудің формалары жайында заңдылықтарды қатал орындау;
- жерді аймақтау материалдарын пайдалану;
- ауыл шаруашылығының, басқа салалардың мүдделерін неғұрлым толық есепке ала отырып, жерді пайдаланудағы ауыл шаруашылығының приоритеттілігін сақтау;
- ауылшаруашылықтық құрылымдардың жер пайдалануларының тұрақты болуын, әрқашан оларды жетілдіре отырып, қамтамасыз ету;
- жерге орналастыру жұмыстарын орындауда оның объектілерінің табиғи, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайларын, жердің кеңістіктік қасиеттерін және бағалық аймақтарды түбегейлі есепке алу;
- жер пайдалануды ұйымдастыруды және территорияны ұйымдастыру-шаруашылықтық орналастыруды экономикалық, экологиялық және технологиялық біріңғай жолмен орындау;
- жер учаскесінің топырағы мен бедеріне, өсімдігіне және т.б. ерекшеліктеріне байланысты экономикалық және қоғамдық тиімді пайдалану;
- жерді тиімсіз, берекесіз пайдаланудан сақтау;
- жобалау жұмыстарын бір жүйеде орындау және оларды орындауда аудандандыру жерге орналастыру схемаларының, мелиоративтік, жол салу және т.б. жобалардың шешімдерін есепке алу.
Жоғарыда аталған жалпы принциптердің ішінен жерге орналастыруды жобалауда міндетті түрде орындалуға тиісті принциптер:
- ҚР жер заңдылығына сәйкес жерге меншік құқығы мен пайдалану құқығын қамтамасыз ету қажет;
- ауыл шаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге жерді ысырапсыз пайдалануды болдырмау;
- ауылшаруашылық өнімдерін максимал көлемде алу үшін әр жер учаскесінің болашақта пайдалану қарқындылығын әрдайым бірте-бірте жоғарылатуды белгілеу қажет;
- жобаланатын шараларды мекеменің, шаруашылықтың, ұйымның және әкімшілік ауданның экономикасымен байланыстыру, жердің нарықтық механизмге енгізілуін ескере отырып, игерілетін капиталдың нақты мүмкіншілігінен және оны тез қайтару қажеттілігінен шығу қажет.
- жоба шешімдерінде минимальды транспорттық және машина-тракторлық агрегаттарды пайдалану шығындарын қамтамасыз ету, адамдардың пайдасыз бір жерден екінші жерге жаяу немесе көлікпен бару шығындарын азайту, мал және егіншілік шаруашылықтарында еңбекті ұйымдастырудың прогрессивтік формаларын енгізуге қолайлы жағдай жасау.
- жоба шешімдерін топырақ эрозиясына қарсы немесе оның қалдықтарын жою шараларымен және жерге тиетін басқа кері әсерлермен (екінші тұздану, ластану және т.б.) күресу іс-әрекеттерімен байланыстыру.
- жерді тиімді пайдалану және қорғау бойынша жоба шараларын басқа инженерлік жобалармен (жерді мелиорациялау, рекультивациялау; автомобиль жолын, су шаруашылық ғимараттарын салу; елді мекендерді жоспарлау және жер шаруашылық орналастыру және т.б.) бірге кешенді түрде өзара байланыстыруды қамтамасыз ету.
- жобалауда зерттеу және ізденіс жұмыстарының нәтижелерін, жер кадастры және жерді бағалау деректерін, жоба алды және болжау шешімдерін максимал қолдану.
Жоғарыда аталған талаптар жобалаудың барлық кезеңдерінде шешім қабылдауда және кез келген объектілерде: аудан, шаруашылықтар немесе олардың бірлестіктерінде, жеке учаскелерде (массивтерде) орындалуы тиіс.
Жерге орналастырудың жалпы принциптерін және оның ең негізгі бөлігі - жобалаудың талаптарын ескере отырып, жерге орналастыруды жобалаудың принциптерін келесідей қысқаша тұжырымдауға болады.
Жерге орналастыруды жобалаудың негізгі шешетін сұрақтары жалпы жерге орналастырумен бірдей: жерді неғұрлым толық, ғылыми негіздеу арқылы, тиімді және өнімді пайдалануды ұйымдастыру. Соған байланысты келесі жерге орналастыруды жобалау принциптері орындалуы тиіс:
а) жоба ұсыныстарының экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тиімділігінің жоғары болуы;
ә) жерді тиімсіз пайдаланудан, нәтижесіз шаруашылық жүргізуден және табиғаттың жағымсыз құбылыстарынан сақтау;
б) жоба мәселелерін кешенді шешу;
в) жобалауда табиғи-ауылшаруашылық аймақтау нәтижелерін міндетті түрде есепке алу.
г) қазіргі кездегі жерге құқықтық қатынастарды есепке алу.
Бірінші принципті алатын болсақ, әр жоба шешімі экономикалық тұрғыдан негізделуі тиіс. Экономикалық тұрғыдан негіздеу - жерді тиімді пайдаланудан алатын қосымша өнімнің мөлшерін есептеу немесе адамдардың бір жерден екінші жерге баруына, техника мен транспорттың бір жерден екінші жерге ауысуына байланысты шығындардың азаю мөлшерін есептеу. Экономикалық тиімділік экологиялық және қоғамдық тиімділікпен тығыз байланыста, яғни жоба шешімдерінің негізінде табиғатты тиімді пайдалану және адамдардың өміріне, еңбек етуіне және дем алуына ыңғайлы жасау нәтижесіне келу.
Екінші принцип, жоба шешімдері құқықтық және экологиялық негізделуі тиіс. Әр жер учаскесін әріқарай пайдалану ұсыныстары оны тиімсіз пайдаланудан сақтауды, оның өнімділігінің арттырылуының, мәдени агроландшафтының сақталуын және әріқарай дамуының нақты нормативтік актіге негізделуін қамтамасыз етуі тиіс.
Үшінші принцип жоба мәселелерін кешенді шешу. Жоба құрам бөліктері және оның элементтері өзара бір-бірімен және олар басқа жерге орналастыру жобаларымен, болжам схемалармен, мелиорациялау жобаларымн, жол салу, аудандық пландық жоспарлау және тағы басқа осы территорияны қамтитын жобалармен байланыса орындалуы тиіс.
Төртінші принцип бойынша жобалауда табиғи-ауылшаруашылық аймақтау нәтижелерін міндетті түрде есепке алу керек. Ол үшін жер-кадастрлық құжаттамалар, әртүрлі ізденіс және зерттеу материалдары кең пайдалануы тиіс.
Бесінші принцип, жерді нарықтық механизмнің объектісі ететін қазіргі кездегі жерге құқықтық қатынастарды есепке алу.
Келтірілген негізгі талаптар мен принциптерге әртүрлі жерге орналастыру жобаларын құру және негіздеу жалпы әдістемелік ережелерін жасауда сүйенеді.
Жерге орналастыру жобалары көп түрлілігімен ерекшеленеді. Олардың мазмұны мен құру әдісі жерге орналастыру түрлерімен, шешетін мәселелерімен және формаларымен анықталады. Одан басқа жерге орналастыру жобасы жерді пайдалану қарқындылығына және ауылшаруашылығы өндірісінің даму қарқындылығының деңгейіне, аумағын орналастырудың кеңістік жағдайына, сала аралық масштабтағы қойылған мәселелеріне байланысты ерекшеленеді.
Жобалар жерге орналастыру түрлеріне сәйкес үлкен үш топқа бөлінеді: шаруашылық аралық, ішкі шаруашылық және учаскелік жерге орналастыру.
Жерге орналастыру объектісіне қарай шаруашылық аралық жерге орналастыру екі түр тармаққа бөлінеді:
- біреуі, ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер пайдалануларын және жер иеліктерін құру, қайта құру, реттестіру және жетілдіру;
- екіншісі, әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық және жеке шаруашылық мұқтаждықтарға (өнеркәсіптік, азаматтық, энергетикалық, гидротехникалық және басқа құрылыстарды жүргізуге, қорғаныс, транспорт, байланыс, ғылым, мәдениет және т.с.с.) жер бөліп беруге байланысты. Екінші түр тармаққа жататын жерге орналастыру жобаларын ауылшаруашылығына жатпайтын кәсіпорындардың жер пайдалануларын және жер иеліктерін құру деп атайды.
Соңғы кезде шаруашылық аралық жерге орналастыруды тек екі түрге бөлу - оның объектілерінің түбегейлі жіктелмейтіндігіне назар аударылады. Мысалы, елді мекендердің шекараларын белгілеу, арнайы жер қорының жер массивтерін құру, әкімшілік-территориялық құрылымдардың шекараларын белгілеу, ерекше қорғалатын табиғи территориялардың жер массивтерін жер бетінде белгілеу және шекараларын бекіту жерге орналастыру іс-қимылдарының мазмұны және орындау әдістері жеке кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға жер бөліп беруге байланысты жерге орналастыру іс қимылдарынан ерекше. Сондықтан қазіргі кезде шаруашылық аралық жерге орналастыру алты түр тармаққа бөлінеді. Қазіргі кездегі шаруашылық аралық жерге орналастырудың құрылымы 4.4 кестеде берілген.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру(ШАЖО) бір топ шаруашылықтардың, ал кейбір кезде бүкіл ауданның территориясында немесе жеке саланың (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және т.с.с.) шеңберінде жүргізіледі. Нақтылы түрде шаруашылық аралық жерге орналастыру әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың мүдделерін олардың жер иеленулері мен жер пайдалануларын құру немесе қайта құру арқылы қанағаттандырып отырады.
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру (ІШЖО) тек ауылшаруашылық кәсіпорындарының, серіктестіктердің, кооперативтердің және шаруа (фермерлік) қожалықтардың (ШФҚ) шеңберінде ғана жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты жерді өңдеудің жаңа технологиясын енгізуге, топырақты әртүрлі техногендік және табиғи теріс ықпалдардан қорғауға, мәдени ландшафттарды жойылудан сақтап қалуға және жаңаларын қалыптастыруға қолайлы территориялық жағдай жасау.
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру формаларының бөлінуі тәлімі және суармалы егіншілік аймақтарында жобалау әдіс-тәсілдерінің әртүрлі болуымен байланысты.
Қазіргі кездегі шаруашылық аралық жерге орналастырудың құрылымдық бөлініуі
1-кесте
№
Кезегі-
мен
Түр тармақтары
Шаруашылық жүргізу субьектісінің типіне немесе жер қорының құрылу көзіне қатысты шаруашылық аралық жерге орналастырудың фомалары
I.
II.
III.
IV.
V.
VI.
Ауылшаруашылық жер пайдалануды құру және жетілдіру
Ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге жер бөлу, жер пайдалануды құру және жетілдіру
Елді мекендердің шекараларын белгілеу
Арнайы жер қорының жер массивтерін құру
Әкімшілік-территориялық құрылымдардың шекараларын белгілеу
Ерекше қорғалатын табиғи массивтерін жер бетінде белгілеу және шекараларын бекіту.
1. Мемлекеттік кәсіпорындар және оладың бірлесстіктеры.
2. Кооперативтік кәсіпорындар және олардың бірлестіктері.
3. Жеке, шаруа қожалықтары және юасқа кішк құрылымдар.
4. Жалға алушы шаруашылықтар.
1. Ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер пайдаланулары есебінен
2. Орман шаруашылығы кәсіпорындарының жерлерінің есебінен.
3. Ауылшаруашылығына жатпайтын кәсіпорындардың жер пайдаланулары есебінен.
1. Қала шекараларын белгілеу және қалалық және поселкелік жерлерді жер-шаруашылықтық орналастыру
2. Село шекараларын белгілеу және селолық елді мекен жерлерін жер-шаруашылық орналастыру.
1. Қалалық және поселкелік әкімшіліктердің жер қорын құру
2. Аудандық әкімшіліктердің жер қорвн құру.
3. Иммиграциялық қорлар.
1. Облыс шекараларын белгілеу
2. Аудан шекараларын белгілеу
1. Қорықтардың
2. Санитарлық аймақтардың
3. Қорғау аймағы
4. Күзет аймағы
Әр түрлі тармағына шаруашылық аралық жерге орналастырудың формасы көрінеді. Кестеде берілген формалары шаруашылық аралық жерге орналастырудың жоба шешімдерінің өзіндік ерекшеліктерін, шаруашылықтың өндірістік типіне немесе жер пайдаланудың және жер иелігінің құрылу көдеріне байланысты анықтайды.
Жоғарыда аталған шаруашылық аралық жерге орналастырудың түрлері оның мақсат-міндетерге, жобалау обьектісіне және оның аймақтық және табиғи ерекшеліктеріне қарай шаруашылық аралық жерге орналастырудың мазмұны, маңызы, жүзеге асыру реттілігі, әдістемесі өзгеріп отырады.
Жайылымның территориясын ұйымдастыру
Табиғи шабындық пен жайылымның отынының өнімділігі мен сапасы климаттық жағдайға, әсіресе ылғалдыққа, сумен қамтамасыздық етуіне байланысты болады.
Ауылшаруашылық алқаптардың құрамында табиғи мал азықтық алқаптардың үлесі солтүстіктен оңтүстікке қарай өседі.
Жайылымды ұйымдастыру мына қажеттіктерді шешу үшін жасалады:
- Малды далада жою мерзімінде үзбей көк шөппен қамтамасыз ету;
- Жайылымның өнімділігін әрқашан орнына келтіріп, жақсартып отыру;
- Малды алысқа айдамауды, мал азығын тасу және адамдарды
тасымалдау транспорттық шығынын азайту;
- Малды семірту, өнімділігін жақсарту және т.б
Жайылымды ұйымдастыруды жобалау үшін өте көп деректерді жинау және оларды таңдау қажет. Мысалы геоботаникалық, су шаруашылық жағдайларын (вегетациялық уақытта жауын қай жерде жиі немесе аз жауады, жер асты суларының орналасу тереңдігі) және басқа өсімдіктердің өсуіне, өнуіне әсер ететін факторлар бойынша мәліметтерді жайылымды ұйымдастыруда ескеру өте қажет.
Жайылымның территориясын ұйымдастыру дегеніміз :
oo Жайылымды мал тобына бекіту;
oo Отарлар мен табындарды, жазғы лагерлерді, мал суаратын орындарды орналастыру;
oo Ауыспалы жайылым жүйесін орналастыру және оның территориясын ұйымдастыру;
oo Кезегімен малды жаю, загондарға бөлу, мал айдау жолдарын орналастыру.
Жайылатын малдың түріне, жасына қарай топтарға бөлінеді және олардың түрлеріне қарай жайылымның оптималдық мөлшері белгіленеді. Бір табынға тиісті жердің көлемі (Р), га:
Онда: Т - бір топтағы мал басы, басы:
Н - бір бас малға бір күнде тиісті жасыл шөп, ц;
К - ауыспалы жайылым коэффиценті (мал жайылатын танаптың жалпы ауыспалы жайылым бойынша талаптардың санына қатынасы);
М - жайылу мерзімі, күн;
У - жайылымның өнімділігі, цга.
Жайылымды және шабындықты тиімді пайдалану үшін олардың территориясында ауыспалы жайылым мен ауыспалы шабындық жүйелері енгізіледі.
Жайылымның типіне және шөптің өсіп шығу жылдамдығына қарай керекті жайылым және ауыспалы шабындық сызбанұсқалары таңдалып алынады. Мысалы кейбір зонада жайылым мерзімінде шөп бір - екі - үш рет өсіп шығып үлгереді. Сондықтан кейбір жерде жайылым мерзімінде мал бір - екі - үш рет жайылады.
Шөл және шөлейттік жайылымда жыл бойы қой жаю үшін төрт танапты ауыспалы жайылым ұсынылады:
Төрт танапты ауыспалы жайылым сызбанұсқасы
Танап нөмірлері
1
2
3
4
Пайдалану мерзімі
Көктемде
жазда
күзде
қыста
Шөп бір рет қана оталады. Ол үшін жайылымның танаптары загондарға бөлінеді.
Құрғақ - дала жайылымында үш танапты ауыспалы жайылым орташа екі рет оталады.
Танап өнімері
1
2
3
Жайылым
мерзімі
3 рет
көктемде
2 рет
жазда
1 рет
күзде
Ауыспалы жайылымның әр танабы мал жайыларда загондарға бөлінеді.
Суландыратын жерлерде көпжылдық мәдени жайылым 5-6 рет оталады және 3-5 жылда бір демалынады.
Жайылымды ауыспалы жайылым жүйесінде пайдалану оның жер отының ботаникалық құрамын және табиғи өнімділігін сақтауға әсер етеді.
Жайылым территориясын ұйымдастыру загонның қолайлы көлемі мен санын, мал айдайтын жерлерді, суаратын және дем алдыратын орындарды анықтауға байланысты жасалады. Загонның қажетті көлемін есептеу үшін (бір отар қойға, гектар есебімен, мыналарды білу керек:
oo Мал жейтін азық массасының қоры (цга) және оның қажеттілігі;
oo Бір қойға және барлық отарға тәулігіне қажетті азық мөлшері;
oo Бір загонда жаю ұзақтығы.
Қазақ шабындық және жайылым шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының деректері бойынша ауыспалы жайылым жүйесіндегі жусан-эфимерлі типіндегі жайылымды пайдалану кезінде оның орташа көпжылдық шығымдылығы гектарларына:
oo Көктемде - 5.1 ц;
oo Жазда - 5.6 ц;
oo Күзде - 4,5 ц.
Бір қойдың жайылым шөбіне тәуелдік қажеттілігі:
oo Көктемде - 4.5 кг;
oo Жазда - 3.1 кг;
oo Күзде - 3.3 кг.
Ал азық өлшемі тиісінше:
oo Көктемде - 1.12;
oo Жазда - 1.24;
oo Күзде - 1.20
Жыл маусымдары бойынша малды жаю ұзақтылығы мынадай:
oo Көктемде - 60 күн;
oo Жазда - 90 күн;
oo Күзде - 90 күн, барлығы 240 күн (Алматы облысы бойынша).
Санитарлық - гигиеналық талаптарға сәйкес бір загонда қой күннен артық ұстамайды.
Осы көрсеткіштерді пайдалана отырып, бір загонның көлемін мына формула бойынша анықтауға болады:
П = А·Б·В ,
Г·К
Онда:З - загонның ауданы,га;
А - бір қойға қажетті жайылымдық азықтың тәуліктік нормасы, кг;
Б - малдың жалпы саны;
В - малды загонда жаю ұзақтығы, күн;
У - мал жаю кезеңіндегі жайылым шөбінің шығымы (цга);
К - орташа дәрежеде мал жаюға сәйкес алынған түзету коэффиценті, К=0.6.
Мысалы 300 қойдан тұратын отарды загонда алты күн жаятын болса, оның ауданы (З) мынадай болады:
Көктемде:
П = 4.5·700·6 = 61 га,
510·0.6
Жазда:
П = 3.1кг·700бас ќой·6кџн = 40 га,
560 кгга·0.6
Күзде:
П = 3.3·700·6 = 51 га.
450·0.6
Маусымдағы жайылым кезеңінің ұзақтығы, отардың загонда болу мерзімі, отардағы малдың саны туралы мәліметтерге сүйене отырып, маусымға қарай загонның санын және тұтастай алғанда ауыспалы жайылым бойынша оңай есептеп шығаруға болады. Мысалы, көктемдегі маусымның ұзақтығы 60 күн және бір отардың загонда болу ұзақтығы 6 күн болғанда көктемде жайғанда көлемі 26,5 гектардан 10 загон, жазда жайғанда 16,5 гектардан 15 загон және күзде жайғанда 22,0 гектардан 15 загон қажет болады.
Сөйтіп ауыспалы жайылым жыл маусымдарына қарай шығымдылығы мен шөбінің желінгендігіне байланысты ауданы әртүрлі (26,5, 16,6, 22,0) 40 загоннан тұрады. Загонның орташа мөлшері 21,5 га.
Загонның тік бұрышты болғаны жақсы, мұндай загонның ұзындығы көлденеңдігінен бір жарым-екі есе үлкен болады. Жайылымдардың әртүрлі типінде загонның ұзындығы мен көлденеңі бірдей емес. Біздің жағдайымызда 300 қойдан құралған отар үшін орташа загонның көлемі 716м х 300м (21,5 га) болуы керек. Загонның пішіні, оның көлемі мен орналасуы қойды жайылымнан суатқа, тынықтыратын орынға айдап әкелудегі артық жүрісті болдырмауы , сондай - ақ жайылымдық жерді пайдалануға байланысты қолданылатын техниканы айдауға ыңғайлы болуы қажет. Жан- жағы қоршалған жайылымдарда суат көздері, ашық сулар, шахталы құдық, ал мүмкіндігіне қарай арнайы су құбырлары болуы қажет. Қой бір күнгі жайылым кезінде орта ееппен 4-5 литр су қажет етеді. 300 қойдан құралған ортаға бір күнде 1200-1500 литр су керек. Жайылымда тұрақты су көздері болмаған жағдайда мұндай мөлшердегі су тасып беру арқылы қамтамасыз етіледі.
Қойды суаруға арналған астаудың алып жүруге ыңғайлы болғаны дұрыс. Оларды загонның шетіне, яғни оның бір жағы мал жүріп өтетін жаққа қаратылып орнатылады.
Жайылымда қойды тынықтыратын орын бөлінуі тиіс және негізгі мал өтетін территория қалқанмен қолшалу тиіс. Қоршау жайылым территориясын тиімді пайдалануға жағдай жасайды , табиғи және екпелі шөптердің шығымдылығын, 1гектардан түсетін өнім мөлшерін көбейтеді, сөйтіп, шопанның еңбек өнімділігін арттырып, еңбегін түбегейлі өзгертіп, жақсартады. Қоршау құрылғысын Жер ресурстары және жерге орналастыру МемҒӨО жасаған Мәдени жайылымдарда арналған қоршау құрылғысын салу жобасына сәйкес салу қажет.
Қоршалған жайылымдарды пайдалану
Малды жайылымға шығармастан бұрын жайылымдарды пайдалану графигі жасалу тиіс, онда барлық жайылым кезеңінің ішінде ауыспалы жайылым жүйесінде загондарды пайдалану кезектілігі, отарды әр загонға әкелу мерзімі шамамен көрсетілуі керек. Көктем учаскесінің загрнына көктемгі жаюды шөп өсе бастағаннан кейін 12-15 күн өткен соң оның негізгі массасы түптену-бүршіктену кезеңіне жеткенде, яғни шөп 10-12 сантиметр өскенде, ал шөп және шөлейт жайылымда 7-8 сантиметр болғанда бастаған жөн. Шөл жағдайынла ерте жайғанда жайылым шығындылығының массасының 2-2,5 ц аспайды. Бұл кезде мал негізінен өткен жылғф жусан мен сораңның қалдықьарын жейді.
Күн жылынып, тұрақты температура орныққанша шөптің нашар өсуіне байланысты бір загонда малды екі күннен көп жаюға болмайды. Одан әрі температураның артуына қарай жайылым шөбі қаулап шығатындықтан, оны да төрт күннен артық пайдалануға болмайды.
Жаз және Күз учаскелеріне малды графикке, сондай-ақ жыл маусымдары бойынша жасалған жайылым күннің тәртібіне сәйкес 6 күннен жаю керек.
Ауыспалы жайылым жүйесі бойынша қой жағдайынды шөл және шөлейт жайылымдарды пайдаланудың тиімділігі артады. Жайылымның биологиялық тұрақты шығымдылығы мен мәдени жайылымдардың ұзақ жылдық өнімділігі қамтамасыз етіледі.
Алқаптарды ұйымдасытыру жайында түсінік, оның мазмұны және шешетін мәселелері
Алқаптарды ұйымдастыру дегеніміз - оларды экономикалық тізімді және экологиялық нәтижелі құрамға және өзара ара қатынасқа келтіру және аймақта орналастыру.
Жобаланған шаруашылық алқаптардың құрамы, ара қатынасы және орналасуы келесі талаптарға сәйкес болуы керек:
- табиғи қасиеттеріне байланысты барлық жерлер нәтижелі пайдаланулары тиіс;
- эрозиялық процестер тоқтатылып, олардың болмауына әсері тию керек;
- әрқашан алқаптардың өнімділігі орнына келтіріліп, жақсарылуы тиіс;
- алқаптарды ұйымдастыру бойынша жоба шешімдері белгіленген мамандыққа сәйкес болуы тиіс;
- мал азығын қамтамасыз етуді;
- өнімді тасымалдауға және сақтауға аз шығын шығаруды қамтамасыз етуі;
- өндірістің нәтижелігін көтеруге;
- ауылшаруашылық алқаптардың ішкі территориясын ұйымдастыруға ыңғайлы жағдай жасау.
Өндірісте пайдалануына және табиғи қасиеттеріне байланысты ауылшаруашылық алқаптарды бірнеше түрлерге бөлінеді.
Ауылшаруашылық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz