Құқықтық сананың ұғымы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«Базалық» факультеті
«Құқықтану» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні : Мемлекет және құқық теориясы
Тақырыбы : Құқықтық сана және оның қоғамдық
қатынастардың дамуындағы рөлі
Орындаған: Юп-19-9 студенті
Бекғали Д. Е.
Рецензент: з. ғ. к., доцент
Абилшеева Р. Қ.
Ақтау 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА МАЗМҰНЫ . . . 5
1. 1 Құқықтық сананың ұғымы . . . 5
1. 2 Құқықтық сананың құрылымы, түрлері . . . 7
2 ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ . . . 11
2. 1 Құқықтық сана және құқық қолдануы . . . 11
2. 2 Құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие . . . 16
2. 3 Құқықтық сананың деформацияға ұшырауы . . . 20
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 25
КІРІСПЕ
Құқықтық сана - қоғамдық сананың бiр түрi. Саяси жане моральдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиiстi мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдық пен құқықтық тәртiбi қылмыс және оны жазалау. қоғам мүшелерiнiң құқықтары мен көзқарастары жатады. Антогонистiк қоғамда таптардың өзiне тән құқықтық санасы болады. оның мазмұны әр таптың қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмiрiнде алатын орнына байланысты. Тақырыптың өзектiлiгi - отандық мемлекеттiлiктiң жаңа даму сатысы, меншiк түрiнiң өзгеруi, экономикалық реттеудiң тәсiлдерiнiң өзгеруi құқықтық тәрбие нысанының әдеттегi қалыптасқан салттарының өзгеруiн талап етедi. Алайда бұрынғы қалыптасқан ережелердi жаңа талаптарға сай етiп өзгерту де жаңа құқықтық тәрбиенiң алдына қойған негiзгi мақсаттардың бiрi болып табылады.
Құқықтық сана - бұл белгілі бір қоғамдық сананың түрі, құқықтық білімнің сапалық деңгейі, оның қажеттігі мен іс-әрекеттің ішкі себептерінің қатысу түсінігі. Жоғары құқықтық санадағы адам, бір жағынан, өзінің қоғам мен адамдар алдындағы құқықтары мен міндеттерін саналы түрде сезінеді, екінші жағынан, өзі тұлға ретінде құндылықтарға лайықты ие, оларды еш бұзбайды. Өзінің құқығын білу және әркез оны қорғап отыру - құқықтық қоғам азаматының маңызды сипатын құрайды. Сондай-ақ өзгенің де құқығын мойындау және оны бұзбау да мәнді сипат болып табылады. Мұның барлығы құқықтық әлеуметтану үдерісінде қалыптасатын құқықты құрметтеу болып саналады. Әрбір әлеуметтік топ пен индивид құқықты өзінше түсінеді, өз құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ өзгенің де құқықтары мен міндеттерін өзінше көреді. Мұндай құқық туралы түсініктердің жиынтығы құқықтық сананы құрайды. Құқықтық сана - бұл объективті өмір сүретін қоғамның, топтар мен индивидтердің әлеуметтік институтты, оның жүйесі мен құрылымын, құқықтық жүйенің жеке заңдары мен сипатын құрайтын тұтас құқыққа қатынасатын көрсететін өзара байланысты идеялар мен сезімдердің жиынтығы. Сонымен құқықтық сана индивидтер мен топтардың құқыққа, оның қолданылуы мен көрінісінің түрі жөніндегі білімдер мен түсініктер жиынтығы ретінде танылады. Құқықтық сана қоғамның тарихи тәжірибесінің, сол сияқты әр түрлі индивидтер мен топтардың өзіндік әлеуметтік тәжірибелерінің ықпалымен қалыптасады. Құқықтық сананың қарапайым және теориялық деңгейден тұратын екі құрылымы бар. Қарапайым құқықтық сана көпшілік адамдарға тән құқықтық сана туралы бөлек-бөлек, көбіне теріс, әр түрлі наным-сенімге негізделген түсініктерден тұрады. Мұндай сана адамдардың күнделікті өмір сүру үдерісінде, олардың бір-бірімен қатынастарында, сот істеріне қатынасында, құқық қорғау органдарымен өзара қарым-қатынаста қалыптасады. Қарапайым құқықтық санаға құқықтық нормаларға адамгершілік тұрғыдан қарау тән. Көптеген азаматтардың құқықтың әр түрлі қырлары туралы түсініктері әлсіз, өте төмен болып келеді. Кейбір маман емес кісілер белгілі бір құқықтық білімді эмперикалық жолмен (мысалы, белгілі бір құқықтық баптармен сотталған, болмаса жәбір көрген көруші мен не куә ретінде сот істеріне қатысу т. б. ) игереді, алайда бұл құқықтың белгілі бір саласына ғана қатысты болып жатады да, заңдылықтың басқа қырлары жөнінде көмескі ғана түсініктер болады. Құқықтық сананың теориялық деңгейі құқық және оның мәні мен пайда болуы, заңдылықтар мен құқықтық тәртіп, құқықтық мемлкет және заңдық жауапкершілік туралы ғылыми білімдерден тұрады. Бұл деңгейде құқықтық сана құқықтың табиғатына көзқарастың тұтас жүйесі ретінде танылады. Әлеуметтанушылар құқықтық сананы жанды және жансызға бөледі. Жансыз құқықтық сана кітап беттерінде идеялар мен тұжырымдамалар түрінде өмір сүреді де, ал жанды құқықтық сана топтардың, ұйымдардың және индивидтердің қарым-қатынасын күнделікті өмірде реттеп отырады.
Құқықтық сананы жан-жақты зерттеу үшін әр түрлі әлеуметтік топтардың құқық пен заңдарға қатынасын қарау қажет. Мұндай әр түрлі топ ең жоғарыдан (элита) ең төменгіге (әлеуметтік түбі - люмпен-пролетариат) дейінгі қоғамның иерархиялық құрылымында белгілі орын алады. Құқықтық мәселелерде тұрғындардың жоғары жігі - кәсіпкерлер, шенеуніктер, интеллигенциялардың түсінігі көбірек болады. Олар өздерінің білім деңгейлерінің жоғарылығына байланысты құқықтық білімдар болып келеді, сондай-ақ олар өздерінің қызмет бабында құқықтық нормалармен жиі кезігіп тұрады. Бұл, әсіресе мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорын басшылары мен менеджерге, атқарушы билік органдарының қызметкерлеріне қатысты. Әлеуметтік топтардың қоғамдағы атқаратын рөліне қарай олардың құқықтық санасы қалыптасады. Мысалы, кәсіпкерлер өздеріне тиісті құқық туралы түсінігі бар топты құрайды. Көптеген менеджерлер, бизнесмендер мен әкімшілер өздерінің мамандық қызметтеріне сәйкес құқықтық дайындықты өз бетінше, түрлі курстар мен институттарда және академияларда өтеді. Нарықтық экономиканың дамуына байланысты құқықтық нормаларды білу міндетіне айналған және оны күнделікті қызметінде пайдаланатын тұтас жүйе қалыптасты. Сайлау науқанына қатысушы саясаткерлер де, сондай-ақ сайлауалды штабтардың басшылары мен активистері де белгілі құқықтық дайындықтан өтеді. Құқықтық сана құқықтың әр түрлі саласындағы білімнен басқа субъектілердің құқықтық нормаларға қатысын да қамтиды.
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА МАЗМҰНЫ
1. 1 Құқықтық сананың ұғымы
Сана - объективті шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға тән ең жоғары нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективті дүниенің мән-жайын, мазмұнын, ұғымын білуінде белсенді қызмет атқаратын психикалық процестердің түйсіну, сезіну, қабылдау, ойлау т. б заңды нәтижесі болып табылады. Сана - шындықты бейнелеудің механизмі мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия, социология мен психологияның және жалпы танымның ең басты категорияларының бірі. Сана адамдардың қоғамдық - өндірістік іс-әрекетімен еңбек процесінде пайда болып, тілдің шығуымен тығыз байланыста қалыптасады. Қай дәуірде болмасын адам туғаннан бастап алдыңғы ұрпақ жасап кеткен ззаттық дүниеге тап болады да, тек сол заттық дүниені белгілі мақсатта пайдаланып үйренгенде ғана ол саналы адам болып қалыптасады. Адам тарихи қалыптасқан іс - әрекеттер, дағды мен тәсілдерді игеріп, әсіресе тілді үйрену нәтижесінде айналадағы заттар мен құбылыстардың объективті заңдылықтары мен қасиеттерін танып біледі. Адам айналадағы дүниеге өзін қарама - қарсы қойып, белгілі мақсатта іс - әрекетпен шұғылданғанда сол объективті шындық туралы өзінің білетін түсінігі мен біліміне сүйенеді. Бүкіл адамзат тарихының барысында қалыптасып жинақталған рухани қазына, мәдениет, мораль, дін, қоғамдық психология, өнер, құрал - жабдық адамның шығармашылығынан туып, оның қолымен жасалған бүкіл заттық дүние түгелімен адамзаттың қоғамдық санасы болып табылады. Сана тарихи тәжірибені, білім мен ойлау тәсілдерін бойына сіңіріп, шындықты, рухани идеалды игеріп, алда тұрған мақсат, міндеттерді белгілеп, адамзат қоғамының бүкіл практикалық іс - әрекетін бағыттайды. Адамдар өзінің шығармашылық ойларын жүзеге асырып, табиғатты, қоғамды дамытумен бірге, өздерін де жетілдіреді . Сана негізінен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екіге бөлінеді. Қоғамдық сана - объективті дүние мен қоғамдық болмыстың адам санасында бейнеленуі. Қоғамдық сана адамның тәжірибелік іс - әрекеттерінен байқалады. Сана қоғамның рухани мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Қоғамдық сананың түрлері: саясат, құқық, философия, мораль, өнер, дін, қоғамдық болмысты бейнелей отырып, оған белсенді ықпал етеді. Қоғамдық сананың түрлерінің әрқайсысының өз объектісі мен бейнелеу тәсілі болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізеді. Идеологияның саяси құқықтық нысандары қоғамның экономикалық қатынасын саяси және құқықтық тілде, а өнер - көркемдік образдармен, мораль - адамдардың мінез - құлқының белгілі қағидалары мен ережелері түрінде бейнелейді. Қоғамдық сананың түрлері қоғамның экономикалық базисы мен байланыс жасау сипатына қарай әр түрлі болады. Мысалы, идеологияның саяси және құқықтық түрлері басқа нысандарына қарағанда экономикалық базиске жақын тұрады. Бұлар қоғамның өндірістік, шаруашылық қатынастарын тура, тікелей бейнелеп, олардың өте ықпал жасауымен қалыптасады. Қоғамдық сананың түрлері тарихи өзгерістерге түсіп, белгілі тарихи кезінде осы нысандардың бірі қоғамның рухани өмірінде үстем болып, қалғандарын өзіне бағынышты етеді. Құқықтық сана - қоғамдық сананың бір түрі. Отандық әдебиеттерде құқықтық сана адамадардың қолданыстағы немесе олар өздері қалайтын құқыққа және басқа да ұқықтық құбылыстарға қатысты қатынасын білдіретін көзқарастар мен идеялар, сезімдер мен эмоциялардың жиынтығы ретінде анықталады. Бұл ретте адамдардың құқықты қалай түсінетіні, қабылдайтыны және қалай ұғынатыны, оның қандай болғанын қалайтыны ереккше мәнге ие. Әрбір адамға өзіндік бір құқықтық сана тән болады. Оның қандай екендігі маңызды емес - жоғары немесе төмен, дамыған немесе жетілмеген, дұрыс немесе бұрмаланған. Ең бастысы, адамның ойы құқық туралы қате болса да, өз пікірі болады. Әрбір тұлға құқықты өз түсінігі бойынша бағалайды. Бұл ретте мелекет пен қоғамның басты міндеті - барлық адамдарда қажетті, тиісті және қалаулы құқықтық сананы қалыптастыру. И. А. Ильин өзінің "Құқықтық сананың мәні" атты әйгілі жұмысында былай деп жазып кеткен: "Құқықтық санасы жоқ адам болмайды, бірақ немқұрайлы, ауытқыған, бұрмаланған, тіпті жабайы құқықтық санаға ие адамдар көп. Алайда, тіпті әлсіз, сатқындық, құлдық, қылмыстық сипатқа ие құқықтық сананың ішкі рухани құрылымы қате, мазмұны мен себептері жалған және жаман болғанымен, олар құқықтық сана болып қала береді". Құқықты дұрыс түсіну жеке тұлғаның өмір сүруі, оның жүріс - тұрысы, құқықтық дүниетанымы, мәдениеті, азаматтық ұстанымдары үшін маңызды мәнге ие. Әдете құқықтық тұрғыдан дайындығы жоқ адам әлеуметтік салада бәсең болып, өз мүдделерінің шегінен шыға алмайды. Дамыған немесе бұрмаланған құқықтық сана көптеген құқық бұзушылықтарға, басқа да қоғамға қарсы жағымсыз құбылыстараға негіз болады. Құқықтық сана құқықты әділдік немесе әділетсіздік, жұмвсақтық немесе қатаңдық, жетілгендік немесе жетілмегендік, артықшылықтар немесе кемшіліктер тұрғысынан бағалауды білдіреді. Бұлар құқық туралы түрлі, тіпті, біріне - бірі қарама - қайшы пікірлер, оның әрекет етуін қолдау немесе жоққа шығару. Бұл ретте құқық заңдар ғана емес, соған қоса басқа да құқықтық феномендер - заңдылық, құқықтық тәртіп, құқық шығармашылық, сот әділдігі, сот актілері, құқықтық реформаның бағыты, яғни құқықтық салада орын алып жатқан құбылыстардың барлығы бағаланады. Құқықтық сананың ауқымы өте кең, ол қоғамның құқықтық өмірінің барлық жақтары мен аспектілерін қамтиды. Құқықтық сана сот, прокуратура және тергеу тәжірибесінде ерекше рөлге ие. Еліміздің тарихына көз жүгіртетін болсақ, революциялық құқықтық сананың қалай және қандай мақсаттарда пайдаланылғанын байқауға болады. Бұл тұрғыда Лениннің 1919 жылы РКП бағдарламасының жобасына қатысты ескертуін атап өткен жөн, "Пролетариаттың диктатурасы арқылы коммунизмге бет алу жолындакоммунистер партиясы демократиялық ұрандардан бас тартып, буржуазиялық үстемдік органдары болып табылатын бұрынғы сот жүйесін жойып, олардың орынына таптық жұмысшы - шаруалар соттарын енгізді . . . Құлаған үкімет заңдарын жоя отырып, партия кеңестік сайлаушылар сайлаған судьяларға келесідей тапсырма береді - пролетариаттың декреттерін қолдана отырып, оын еркін жүзеге асыру, ал тиісті декрет болмаған жағдайда социалистік құқықтық сананы басшылыққа алуы тиіс". Ол заманда жаңа деректер аз болғандықтан, судьялар сот төрелігін өздерінің құқықтық санасы мен ішкі сеніміне сүйене отырып, жүзеге асырған. 1917 жылғы 22 қарашадағы Сот туралы декрет соттарға өздерінің революциялық құқықтық санасы мен әділдікті революциялық тұрғыдан түсінуге негізделе отырып шешім қабылдауға өкілеттік берген. Қарастырылып отырған кезеңде судьялардың заң білімі түгел мүлдем білімі болмаған, ал кейбіреулерінің сауаты төмен болған. Осы себепті қоғамда заңдылық қағидасы жаппай бұзылып, қайғылы салдар туғызып жататын, волюнтаризм, субъектизм, түрлі жазалаулар кеңінен таралған болатын. Кейіннен И. В. Сталин қоғамдағы бұл құбылыстарды қуғын - сүргіндерге ұластырып, "социализмді құру барысында таптық күрес өрши түседі" және "халық жауларын тисінше жазалау қажет" ұрандарын басшылыққа алды. Осылайша құқық тоталитарлық режимге қызмет етті. Қазіргі заманғы сот тәжірибесінде құқықтық сана маңызды рөл атқарады, ол конституциялық және қолданыстағы заңнамаға, соттардың жоғары кәсіби біліктілігіне, олардың адамгершілік - гуманистік және демократиялық көзқарастарын, адамдардың табиғи құқықтарын тануға негізделеді. Соттардың құқық ұқсастығы институтын қолдануы барысында құқықтық сана ерекше мәнге ие болады. Құқықтық сана соттардың нақты бір істер бойынша құқық аналогиясы институтын пайдаланған жағдайда ерекше мәнге ие болады. Құқық аналогиясы бойынша сот шешімі заңға емес, судьяның істі қарауда құқықтың жалпы бастамаларын, қағидаларын, мәнін, табиғатын түсінуне, өзіндік тәжірибесіне және әділдік туралы жеке көқарастарына негізделеді. Құқытық сана саяси және адамгершілік санамен тығыз байланысты. Себебі құқықтық санамен бағаланатын көптеген құқықтық актілер, заңдар саяси және адамгершілік мазмұнға ие. Жалпы алғанда құқықтың негізінде мораль жататыны белгілі. Орыстың революцияға дейінгі заңгерлері құқықты "құқықты заңды тұрғыдан бекітілген мораль" деп анықтаған. Сондықтан құқықтық санада құқықтық, этикалық және саяси идеялар тұтасып жатады. Түптеп келгенде құқықтық сананың барлық нысандары бірімен - бірі тығыз байланыста болады[1, 257-261бб. ] .
1. 2 Құқықтық сананың түрлері, құрылымы
Құқықтық сана субьектілері бойынша бірнеше түрлерге бөлінеді:
1. Дербес құқықтық сана - жеке адамның ішкі сезімінене туындайтын құқыққа және оның қағидаларына деген көзқарастары мен қатынастары.
2. Топтық (корпоративтік) құқықтық сана - қоғамдық қатынастарға түскен және олардың субьектілердің қызметтері мен мүдделеріне байланысты қалыптасады. Мысалы, мұғалімдер, фермерлер, бір партияның мүшелері, қозғалыстар және т. б. ұжым біріктірген адамдардың топтары.
3. Қоғамдық құқықтық сана - белгілі бір мемлекетте немесе жалпы қоғамда бастапқылық дәрежедебүкіл социум мүшелері мойындаған сананың түрі: қоғамдық құқықтық сана өз дәрежесінде билікті тұрақтылықта қамтамасыз етуі мүмкін. Сонымен қатар адамдардың сана наразылығы бақылаудан шығып, қақтығыстар мен шиеленістерді қалыптастыруы әбден мүмкін. Қоғамдық құқық сананың тұрақтылықта болуы көп жағдайда мемлекеттегі материалдық жағдайларға тікелей байланысты.
4. Жасөспірімдердің құқықтық санасы - жас ерекшеліктеріне, кәмелетке толмағандығына байланысты, өзіндік ерекшеліктері бар сана. Бұл сана жасөспірімнің организмі қалыптасып, жетілу кезеңіндегі ерекшеліктерден туындайды. Құқықтық тәрбие барысында осы өлшемдер міндетті түрде ескеріледі.
5. Студенттердің құқықтық санасы - жоғарғы білім алу барысында қалыптасатын сана. Бұл сананың өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:
А) Болашақта құқықтық белсенділікті қалыптастырудың іргетасы қаланады, азаматтық ұстаным және патриотизм рухы қалыптасады.
Ә) Саяси прцестерге тартылып, сана болмысы шыңдалады. Бұл көрініс негізінде ірі қалаларда білім алу барысында іс жүзіне асырылады.
Б) Құқықтық сана білім алу сапасының төмен деңгейіне, сауатсыздығына байланысты маргиналдық (шетте қалу) деңгейінде қалып қоюы мүмкін. Бұл сана формасын ұялаған субьектілер Американың социологі Р. Парлатовтың айтуынша мазасыз, агрессилші, өзін ғана құрметтеуші, сезімтал, жасқаншақ, эгоцентристік қасиет мінездерімен сипатталады
6. Отбасылық құқықтық сана - негізінде отбасы, ошақ қасында некелік қатынастардан туындайтын және бір жанұяның дәстүрлік салт - санасымен қалыптасады. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің", "Әке көрген оқ жонар, шеше көрген топ пішер", "Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі", "Бала тәрбиесі бесіктен", "Мейірімділікті анадан үйрен, әділдікті данадан үйрен" және т. б.
7. Әйелдердің құқықтық санасы - әйел заты ағзаның биологиялық процестерінің ерекшеліктеріне байланысты қалыптасатын сана нормасы. Оның өзіне тән ерекшеліктері бар, психологиялық әдебиеттерде көп жазылған.
8. Қарапайым құқықтық сана - құқытық сананың алғашқы деңгейі. Бұл жағдайда субъектінің құқық туралы білімдері күнделікті өмір мен қызметтің, қоршаған адамдармен арадағы қарым - қатынастардың, түрлі ақпарат құралдарының ықпалымен қалыптасады. Қарапйым құқықтық сана көп жағдайда жетілмеген, жеткілікті болмауына байланысты дәл осы деңгейде оған деген немқұрайлы қатынас жиі кездеседі. Сонымен қатар, құқықтық дағдылар қалыптасады. Бұл жағдайда субъект өзінің тәрбиесі, білгені және отбасылық дәстүрлері осындай болуына байланысты заңдарды құрметтеп орындайды. Сонымен қатар құқықтық сана деңгейі бойынша эмприкалық (кәдімгі) кәсіби және доктриналық (ғылыми) болып бөлінеді. Эмприкалық сана адамаға сырттан қабылдаған ақпарат негізінде қалыптасады, теориялық тексеріске шалдықпай бағаланады. Сондықтан көп жағдайда бұл сана формасы дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді, дау- дамай, жанжал, қайшылықтар тудыруы әбден мүмкін. Мысалы, сот отырысының залында отырған адамдар судьяның шығарған үкіміне наразылықтарын білдіреді. Ал, шынына келгенде үкім әділетті және заңды. Заңнан мүлдем бейхабар адам теориялық білімсіздіктен, іспен таныс болмағандықтан қызуқандылық негізінде әділетсіз деп бағаланады. Кәсіби сана -арнайы білімі бар заңгерлердің немесе арнайы дайындықтан өткен мамандардың кәсіби қызметтеріне байланысты құқыққа деген көзқарастары мен идеялары. Кәсіби сана арнайы білім деңгейі арқылы қалыптасады. Доктриналық сана - заң саласында ғылыми жұмыстармен шұғылданып, заң ғылымында идея, тұжырымдама ұсынған құнды еңбектер жазған заңгерлердің санасы. Доктриналдық сана құқықтық сананың ең биік шыңы және қоғамның құқықтық ақиқатына баға беріп, болашақтағы құқықтық дамудың теориялық негізін қалыптастырады, тәжірибедене озық болады. Болжау, көргендік таныту - доктриналдық сананың ең негізгі мақсаты.
Құқықтық сананың құрылымы - бұл құқықтық сананың құырылысы, тұтастығын қамтамасыз ететін нігізгі элементтері мен байланыстарының орналасуы. Заң әдебиетінде құқықтық сана дәстүрлі қағида бойынша екі құрылымға бөлінеді: құқықтық идеология және құқықтық психология. Құқықтық идеология деп қоғамда жоғарғы деңгейде бейнеленген құқықтық көзқарастар, идеялар және теориялардың ғылыми негізде жүйеленген жиыньтығын айтады. Идеология түріндегі құқықтық сана құқықтық идеялар, көзқарастар, теориялар, пікірлер және доктриналардың жүйесін білдіреді. Бұл жинақтаушы ұғым ретіндегі идеологияның бөлігі. Құқықтық сананың ерекшеліктері оның құқықты барлық күйінде көрсетуде. Ол осы қасиеті өзіне арқылы идеологияның өзге түрлерінен ерекшеленеді. Құқықтық идеологияның тән мынандай ерекшеліктері бар:
1. Құқықтық идеология негізінде мемлекеттің жүргізген саясатының негізінде қалыптасып билікке ие болған ұлттың, таптардың, топтардың мүдделеріне тікелей байланысты болып қалыптасады. Мысалы, Кеңес мемлекетінің жеке меншікті тәркілеу саясаты, бір ғана идеологияны қалыптастыру, коммунистік партияның диктатурасын орнату, еркін пікір, плюрализмге жол бермеу, жаппай репрессия қолдану сияқты саясаты қоғамдағы құқықтық идеологиядан да өзінің шешімін тапты. Соның нәтижесінде Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары оның жүргізген саясатының әсерінен "пролетарлық құқықтық сана" құқытық қайнар көзіне айналды.
2. Құқытқы идеология тікелей немесе жанама болса да қоғамдық және жеке адамның санасынан орын тебеді.
3. Құқықтық идеология мемлекетке жүргізілген саясатқа байланысты халықтың санасына гуманистік - демократиялық, реакциялық немесе діни ұстаным, бағыттарды міндеттеуі мүмкін. Сондықтан саяси процестер мен қақтығыс, шиеленістер әрқашан құқықтық идеологияға тікелей әсерін тигізіп отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz