Құқықтық мемлекет - мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инженеринг университеті
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Мемлекет және құқық теориясы
Тақырыбы: Мемлекет механизмі
Орындаған:ЮП 19-7 тобының студенті Темірханова Ә
Рецензент: З.Ғ.К.,доцент Абилшеева Р.К.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ... ... 5
1.1 Құқықтық мемлекет пайда болу тарихы, түсінігі мен мазмұны ... ... ... ... ...5
1.2 Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері мен негізгі қағидалары ... ... ... ... ... 8
2 АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.1 Азаматтық қоғамның жалпы түсінігі және қалыптасу белгілері ... ... ... ... 12
2.2 Азаматтық қоғамның құрылымы мен қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..16
3 ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ПЕН АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
3.1 Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
3.2 Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның бір-біріне қажеттілігі мен өзара қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
3.3 Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптастырудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 27
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адами әлеуетті, азаматтардың іскерлігін жандандыру, азаматтық қоғамды одан әрі қалыптастыру негізінде ғана Қазақстанды өмір сүру сапасының стандарттары жоғары, қазіргі заманғы, серпінді мемлекет ретінде дамытуға болады.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы ел халқына Жолдауында белгіленген Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасына және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес әзірленді.
Бұл Тұжырымдамада қазіргі кезеңде Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың негізгі үрдістері талданады, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың алдағы жылдарға арналған жолдары мен нақты тетіктері баяндалған.
Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарын дамытудың негізгі бағыттары мен азаматтық бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін айқындайды. Ол азаматтық институттардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған мақсатты бағдарламалар, заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілер әзірлеу үшін негіз болады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн - деуінің мәні ерекше.
Азаматтық қоғам -- мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік -- экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтык құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге-аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.
Азаматтық қоғам -- мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің арақатынасын тәуелсіз - дербестікте дамыту.
Республика Конституциясы Қазақстандағы азаматтық қоғамның барлық даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан (оның айғағы - онда "Азаматтық қоғам" бөлімінің әдейі болмауы) әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайды. Оған: тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті (6-бап-тың 1-тармағы); адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенің (П-бөлім); отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын (27-бап); идеологиялық және саяси әр алуандылықты (5-бап) және тағы басқа жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық-азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.
ҚР - сы құқықтық мемлекет болып қалыптасуына байланысты "құқықты" пән ретінде оқу процесіне енгізу мәселесі де туды. Жалпыға бірдей құқықтық білім беру ісіне көшу, өскелең ұрпақты құқықтық рухта тәрбиелеуде оқу ұжымының рөлін күшейтуге объективтік мүмкіндік тудырады. Сол себепті құқыққа ерекше мән беру әрбір педагогикалық ұжымның көкейтесті мәселесіне айналды. Осы орайда, курстық жұмысымның тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мемлекет және азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы және оны қалыптасуы, дамуы бойынша мәліметтер жинақтап, тақырыптың мәнін ашу.
ҚР құқықтық мемлекет болып қалыптасуына байланысты "құқықты" пән ретінде оқу процесіне енгізу мәселесі де туды. Жалпыға бірдей құқықтық білім беру ісіне көшу, өскелең ұрпақты құқықтық рухта тәрбиелеуде оқу ұжымының рөлін күшейтуге объективтік мүмкіндік тудырады. Сол себепті құқыққа ерекше мән беру әрбір педагогикалық ұжымның көкейтесті мәселесіне айналды.
Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Мемлекет және азаматтық қоғамның мәнін, түсінігін анықтау;
- Мемлекет және азаматтық қоғам қағидаларын қарастыру;
- Мемлекет және азаматтық қоғам идеалын және оны қалыптастыруды зерттеу т.б.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері тек қана мемлекеттің, қоғамның мазмұнының өте күрделі болуынан немесе олардың нысанының сан қырлы өзгеруінен емес, сонымен бірге азаматтық қоғам мен мемлекеттің саяси билікті жүргізуі және олардың іс әрекеті барлық таптардың, топтардың мүдде-мақсатына қатысты болуы. Тағы да бұл мәселе қоғамдағы әр түрлі идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады.
Курстық жұмыстың объектісі азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің өзара байланысы болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі.
Курстық жұмыстың құрылымы. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның байланысы тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Құқықтық мемлекет пайда болу тарихы, түсінігі мен мазмұны
Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алдыға тартады.
Құқықтық мемлекет пайда болуы қоғамдық ұйымдық құрылымды объективті түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Құқықытық мемлекеттің пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен - Теологиялық теория, ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдыретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеологтары Августин (354-430) және Фома Аквинский (1225-1274) болып табылады.
Сонымен, мемлекет - қоғамның ұйымдық құрылымды объективті қажет ететін ұйым ретінде жұмыс жүргізеді.
Құқықтық мемлекет - мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы. Мемлекеттік органдар мемлекеттік міндеттерді орындауға тағайындалған және ортақ сипаттарға ие. Мемлекеттік органның айрықша маңызды белгісі биліктік өкілетіктермен қамтамасыз етілуі болып табылады, демек іс-әрекет міндетті сипатқа, ал бұйрықтар биліктік сипатқа ие. Мемлекеттік органның биліктік өкілетіктері оның құзыреті шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік органның құзыреті деп оны жүргізу құралының, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ұғынылады.
Құқықтық мемлекет билік органдарын ұйымдастырудың негізгі бір қағидаты - тежемелік және тепе-теңдік жүйесінің болуы. Оның мәні биліктің барлық үш тармағын, олардың ешқайсысы да бүкіл мемлекеттік билікті тұтас иемденіп кете алматындай етіп, өзара өкілеттіктермен бөлуден тұрады. Мұнымен қоса, мемлекеттік билік ұйымдастырудың қағидаттарының бірі біртұтастық болып табылады. Біртұтастық қағидаты мемлекеттік биліктің жоғары органдарының бір жүйесінің болуын көрсетеді. Мемлекеттік биліктің жергілікті органдары мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүесіне енеді, мемлекеттік биліктің жоғары органдарына бағынады.
Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет қызметіне тоқталу, мемлекеттік функцияларын жіктеу [1].
Бірыңғай мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және соттық тармақтарға бөлу қағидаты Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің конституциялық негізі болып табылады (3,4-бап). Биліктерді бөлу қағидаты биліктің осы үш тармағына жататын органдар арасындағы құзыреттерді шектеуден көрініс табады. Мәселен, заң шығарушылық қызмет, заңдар қабылдау заң шығару функциясын жүзеге асырушы өкілді орган - Қазақстан Республикасы Парламентінің жұмысы болып табылады. Заңдарды орындау, жалпы алғанда атқарушы-өкімдік қызмет атқарушы қызмет атқарушы органдарға жүктеледі. Қазақстан Республикасындағы сот билігін тәуелсіз сот органдары жүзеге асырады.
Заң шығарушы уәзіпін жүзеге асырушы жоғары өкілді орган Қазақстан Республикасының Парламенті болып табылады. Қазақстан республикасының Парламенті екі палаталық құрылымнан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Президент Қазақстан Республикасы органдары жүйесінде айрықша орынға ие. Ұйымдық ретте ол дербес, биліктің үш тармағына бірдей енбейді. Президент ең алдымен мемлекеттің басшысы болып табылады. Мемлекеттік басшысы ретінде ол ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді.
Құқықтық мемлекеттік қызмет -- азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаруы, жұмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамдағы еңбектің ерекше түрі. Бұл туралы заң, инструкция болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен, іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады. Мемлекеттік қызмет бірнеше категорияға бөлінеді:
а). Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері: (заң шығару, заңды орындау, заңды қорғау органдары).
б). Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар, мамандар, техникалық персонал [2].
в). Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді: мемлекеттік -- билік өкілеттігі бар қызметкерлер және өкілеттігі жоқ қызметкерлер.
Мемлекеттік өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар 3 топқа бөлінеді: категория а Президент, Премьер-Министр, Палаталардың басшылары, Министрлер, т.б. Жоғарғы мемлекеттік аппараттың басшылары; категория б бірінші топтағы лауазымды түлғалардың кеңесшілері, көмекшілері, орынбасарлары; категория в екінші топтағы лауазымды тұлғалардың орынбасарлары, көмекшілері.
Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер қызметінде мекемеге шығын келтірсе, оны төлейді, қылмыс жасаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі мүдде -- мақсаты -- адамның әлеуметтік, моральдық, материалдық, рухани, мәдени, экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым -- қатынастарды дұрыс реттеп, басқарады.
Сонымен, мемлекеттің фуикциясы -- қоғамды әлеуметгік баска-рудағы мемлекеттің атқаратын жүмыстарының неғізгі бағыттары мен әдістері.
Шет мемлекеттердің көбінде функция деген заңды түрде ұғым жоқ. Оларда функцияны мемлекеттің міндеттері мен мүдде -- мақсаттарына қосып түсінік береді. Ал, функция деген жеке түсінік бар мемлекеттерде бұл мәселені оқып, білуде өзгешілік кездеседі.
Біздің пікіріміз -- функцияның өзін жеке оқып, білген дұрыс. Оны мемлекеттің мүдде -- мақсаттары мен міндеттеріне қосып, біріктіріп қарау дұрысқа жатпайды. Себебі, бұл үшеуі үш түрлі мәселені қамтиды, олардың мазмұны да, орындалу жолдары да, тәсілдері де түгелімен басқа.
Дамыған елдердің біразы мемлекеттің функциясын ішкі-сыртқы деп бөлмейді. Өйткені олардың шекарасын анықтау қиынға соғады. Олар жалпылама түрде қарастырады. Біздіңше, бөлген дұрыс, функцияның басым көпшілігінің шекарасы белгілі [3].
Мемлекет -- басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік -- тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай -- ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне карай оның біржақты болуы мүмкін емес және бірнеше қабатты қамтиды.
Мемлекет дегеніміз бұл -- адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым:
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық құралдары бар;
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекеттік билік толып жатқан субъектілердің сан алуан нақты қызметтері арқылы іске асып, орындалып жатады. Осы мемлекеттің сан алуан қызметтерін мемлекеттік биліктің орындалуының құқықтық нысаны дейді.
Бұл мемлекеттік биліктің нақты орындалуының құқықтық нысаны екі түрге бөлінеді:
1). Нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны;
2). Жалпылама нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны.
Нақты нысанның өзі үшке бөлінеді:
1). Құқық шығармашылық;
2), Құқықты орындаушылық;
3). Құқықты қорғаушылық.
Мемлекеттік билікті орындаудың ерекше нақты түрі -- әкімшілік шарт арқылы іске асу. Шарттың түрлері толып жатыр. Оның бір жағының немесе екі жағының субъектісі мемлекеттік орган болады.
Мемлекет билігі жалпылама нормативтік актілерінің орындалу нысаны бірнеше түрге бөлінеді: экономикалық, саяси, идеологиялық ұйымдастырушылық, халықаралық, мемлекетаралық т.б.
Мемлекеттік билікті орындау құқықтық нысандармен шектелмейді. Бұл іске мемлекеттің ұйымдастыру қызметі көп үлес қосады. Мемлекеттің ұйымдастыру қызметі заңға тәуелді іс-әрекет, әр мемлекеттік аппарат, әр мемлекеттік орган қоғамдағы заңға, нормативтік актілерге сәйкес қызмет атқарады. Бұл қызметке нормативтік актілердің қажеті жоқ [4].
Мемлекеттің ұйымдастыру қызметінің түрлері:
-- жаңа шыққан заңдарды, нормативтік актілерді насихаттау, түсінік беру;
-- мемлекеттік органдарға көмек көрсету, бақылау, тексеру жүргізу;
-- материалдық-техникалық операциялар жүргізу, баяндамалар, іс-қағаздарын дайындау, заңдарды, нормативтік актілерді басып шығару т.б. қүжаттардың өмірге келуін қамтамасыз ету;
-- әртүрлі жиналыстар, мәжілістер, конференциялар өткізу;
-- мемлекеттік органның тәжірибелерін жинақтап, қорытынды
жасау;
-- мемлекеттің қызметі туралы қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының ой-пікірлерін, ұсыныстарын жинақтап, қорытынды жасау;
-- мемлекеттік органның жұмысына халықты, қоғамдық ұйымдарды, саяси партияларды қатыстыруды ұйымдастыру
-- шет елдермен қарым-қатынасты ұйымдастырып, басқару т.б. қызмет істері [5].
1.2 Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері мен негізгі қағидалары
Құқықтық мемлекеттің этатистік мемлекеттен принципті айырмашылығына көптеген көрсеткіштер бойынша келтіруге болады.
1. Құқықтық мемлекетте биліктің бүкіл механизмі және әрбір орган, әрбір лауазымды тұлға өз қызыметіне жеке алғанда құқықтық принциптер және нұсқаулар мен байланысты өздерінің барлық шараларын солармен сәйкестендіреді. Құқықтық нормалар жұртшылыққа ғана емес, сондай -ақ мемлекеттік органдармен лауазымды тұлғалар үшін де міндетті. Олардың құқық шегінен шығып кетуі мүлде болмайды немесе мүмкін емес нәрсе. Егер етатистік мемлекетте ресми органдар мен лауазымды тұлғалар құқықты екінші кезектегі және өзі үшін міндетті емес деп санайтын болса, мұндай көз қарасқа құқықтық мемлекет жағдайында жол берілмейді және ол біртіндеп жойылып та кетеді.
2. Құқықтық мемлекет құқық пен занның арасындағы этатистік мемлекетке тән мұндай үлкен қарама - қарсылықты білмейді. Онда мемлекеттік органдардың барлық нормативтік актілері өзінің мазмұны және бағыттылығы, қабылдау және рәсімдеу процедурасы, іске қосу ерекшеліктері, қолдану сипаты, тәртіп бұзушылықтың жүзеге асырылуы мен қорғау жөнінен құқықтың жоғары критерийлеріне сай келеді. Заң құқықтық принциптердің жүйелігіне негізделеді, одан қалмайды. Мемлекеттік органдардың құқыққа қарсы нормативті актілер қабылдап, оның жұмыс істеуі іс жүзінде мүмкін емес нәрсе.
3. Құқықтық мемлекет нормативтік нұсқауларды қабылдап оны жариялау мен ғана шектелмейді. Ол осы қабылданған нормативтік нұсқаулардың міндетті түрде жүзеге асуына, барлық жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік және қоғамдық органдардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың әрекетіне айқын бағыт беруді қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі. Мемлекеттің құқықты жүзеге асыру бағытындағы қызыметті приориттіктің қатарына жатады, қағаз жүзіндегі, қолданылмайтын заңдардың жоққа саюы осыған байланысты, ал этатистік мемлекетте оның қоқыстарын ешкімнің тіпті тазалағысы да келмейді. Қоғамдық қатнастың әрбір субьектісі мемлекеттік оргындардың қолданылып жүрген нормативті актілерін орындау міндетті түрде екендігіне көзі жеткендіктен ( басқаша болуы мүмкін емес), құқық тәртібінің тұрақты болуының айрықша жағдайын жасауға мүмкіндік туғызады және қоғамда заңдық нигилизмнің және адамдардың құқыққа деген менсенбеушілік қатнасынасының тарауына кедергі жасайды [6].
4. Құқықтық мемлекеттің айрықша атқаратын шаруасы мемлекеттің нормативті актілерінің әрекет етуінің субординациясына сақтау болып табылады. Онда құқық бастауларының иерархиялық қатал жүйесі қалыптасады, әрекет етеді және дамиды. Бұл жүйедегі әрбір актінің орны оның заңды күшіне байланысты. Бұл жүйенің шыңын, немесе, бейнелеп айтқанда, құқық бастауларының пирамидасын жоғары заң күші бар конситутция құрайды. Басқа ешқандай құқық бастаулар тура немесе жанама мағанасында конситутцияның принциптерімен нормаларына қарама - қайшы келе алмайды. Керісінше, мемлекеттік органдардың барлық нормативті актілері және құқықтың басқа да бастаулары конситутцияны негізге алып, оның мазмұнын тәптіштеп, нақтылап және дамытуы тиіс. Конситутциялық және кәдімгі заңдар соған сәйкес түзіледі, ал заң пирамидасының келесі қабаттарын мемлекет басшысының актілері, үкіметтің қаулылары мен жарлықтары,министірліктер мен ведомстволардың бұйрықтары мен нұсқаулықтары, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың актілері, құқықтық әдет - ғұрып, сот және әкімшілік прецеденттері құрайды.
5. Құқықтық мемлекетте жеке адамның және қоғамдық қатнастардың басқа субъектілерінің мәртебесі былайша ерекшеленеді, біріншіден, олардың қалыпты тіршілік әрекетін және олардың алдында тұрған міндеттерді табысты шешуді қамтамасыз етуге жеткілікті құқықтар мен бостандықтардың кең кешенін қарастырады: екіншіден, құқықпен ажырамас бірлікте болу онымен шамалас болуды жіне міндеттер жүйесінің теңбе - тең болуын міндеттейді:үшіншіден, оны міндетті түрде жүзеге асыру айқын заң кепілдіктерімен бекітілді. Қоғамдық қатынас субъектілерге теңдігін олардың бір түрі шегінде, таптық, ұлттық, рулық-топтық және басқа жеңілдіктерді және біреуінің басқалардың мұндай жеңілдіктермен артықшылықтан айырылып қалған жағдайдағы артықшылықтарын бекітуге тырысуы көрініп тұр.
6. Барлық мемлекеттік және қоғамдық институтар мен құрылымдарды заңды деп тану - құқықтық мемлекеттің ерекшелік белгілерінің бірі. Мұнда жеткілікті заң базасына арқа сүйемейтін институттар мен құрылымда аз кездеседі. Егер алда - жалда мұндайлар болатын болса , онда ұзақ уақыт тіршілік етуге және жұмысын табысты жүргізуге перспективасы бомайды және жеңуге болмайтын қйындықтарға кездескен соң өзі де сахнада тез-ах кетеді. Институттармен құрылымдардың басым көпшілігі белгіленген ережелермен проседуралармен сақтаға заңның негізіндн, құралады және олардың мақсаты, міндеті, қызымет етуінің нысаны мен әдіс ресми түрде тәптіштеп регламенттеледі. Атап айтқанда, бұл заңды деп тануды тіркеу, рұқсат ету немесе лицензиялық тәсілінің үйлесуіме, сондай ах тиісті мемлекеттік оргындардың бақылау- ривизиялық өкілетілігін пайдаланумен қамтамасыз етіледі
7 Құқықтық мемлекетте билікті болу принсіпі жариаланады және жүзеге асырылады. Осға сәйкес біп тұтас мемлекетік билік шеңберінде бір біріне тежемелік әрі тепе теңдік жүйесін пайдаланып өзара іс- қймыл жасайтын дербес арі тәуелсіз үш тармақа - заң шығарушы, атқаруш және сот тармақтарына бөліну қамтамасыз етіледі. Бір билік тармағының басқа бір билік тармағының таптауына, оларды бағынышты жағдайға қоюға жол беруге болмайды қаралып отырған принсіптің мәнісіі бір оргында немесе бір лауазымды тұлғада биліктің шектен тыс жоғырлануына қарсы әрекет етеді жән, оның мемлекеттік апарттың ішінде біріңғай бөлінуін қамтамасыз ете отырып, диктаторлық режимнің орнауына кедергі жасайды [7].
8. Құқықтық мемлекетте елдің ішкі заңымен халы аралы құқықтың көпшілік таныған принсиптері мен нормаларының арасындағы тиімді ара қатынасты орнату жөніндегі шаралары жүзеге асырылуда. Халық аралық құқық өзінің қазіргі заманғы құқықтық өркенйетің жетістіктерін нақты көрсетуде. Ол жетістіктерге құқықтық мемлекет қалай болғандада қосылады өйткені олар ідетте халықаралық келісімдер приоритетерін олардың заңдарын алдына орнықтырады және бұл келісімдер тікелей өздерінде қолданылады деп айрықша бөліп айтады. Осылайша бұл елдердің заң жүйесінде сырттқы әлемнен болуы мүмкін оқшаулануы мен тасалануынан құтылуға болады: Олар әлемдік қауымдастықтың құқықтық жүйесіне жақывндасқандай болады, оларды қабылдай отырып және өзінің нормативті актілерінің жағдайын солардың деңгейіне жеткізе отырып, оның көптеген маңызды принциптері мен нормаларын қолдана бастайды.
9. Құқық тәртібі бұзылғандығы белгілі болған жағдайда (әсіресе азаматтардың құқығы мен бостандығы бұзылса) бірден құқықтық реттеу және құқықтық қорғау механизімі іске қосылады, мұнда бірінші кезектегі роль сотқа беріледі. Бұл механизм кешенді түрде жаңа басталған құқық бұзушылықтың алдын алуды, бұзылған құқықты қалпына келтіруді, келтірілген зиянды өтеуді, кінәліліерді жазалауды, жаңа құқық бұзушылықтың алдын алуды, азаматтарға және қоғамдық қатнастардың басқа субъектілеріне мемлекеттің барлық нормативті нұсқаулар ешқандай ерекше жағдайларды ескерместен, міндетті түрде орындалуын шешеді. Құқықтық мемлекеттің юрисдикциялық, құқық қорғау және превентивті ескерту қызыметі құқықтық талаптарды қатан сақтауға негізделетіндігі, соның негізінде қоғам өмірінің құқықтық көңіл - күйі айтарлықтай жоғары болатындығы маңызды.
10. Құқықтық қоғам үшін азаматтардың мемлекет алдындағы және мемлекеттің азаматтар алдындағы өзара жауап кершілігі тән. Мемлекет әрбір адамға тумысынан берілетін, ешкім айыра алмайтын құқықтар мен бостандықтарын мойындап қана қоймайды, сондай - ақ олардың ресми рәсімделуі, жүзеге асуы, қол сұғушылықтан қорғау үшін барынша қолайлы жағдай туғызуға талпынады. Өз кезегінде, азаматтар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын мемлекетке, басқа азаматтарға, басқа қоғамдық қатнастар субъектілеріне зиян келтірмейтіндей етіп қана пайдалана алады; олар өздеріне жүктелген міндеттерді қатаң сақтауы керек.
Басқаша айтқанда мемлекет пен азаматтардың байланысы күрделі әрі көп қырлы, ол олардың бірінің біріне деген қарым - қатнасы тұрғысынан белгілі бір құқықтар мен міндеттегені сияқты, бір - бірінің алдындағы белгілі бір міндеттерін орындауы түрінде де көрінеді.
Жоғарыда көрсетілген белгілердің жиынтық әрекеті қоғамда және мемлекетте құқықтың билік құратындығы, оның үстемдігі,приоритеті, басымдық жағдайы қабылданған дегенге алып келеді. Бұл жақсы да, өйткені құқық - адамзат өркениетінің көрнекті жетістігі, реттеудің жинақталған әлуметтік тәжірибесінің квинтэссенциясы, басқару және ықпал ету, әділеттіліктің жалпы адамзатқа тән құндылықтар мен мұраттарды, демократия мен тәртіпті жүзеге асырудың нысаны, мәдениеттің қажетті компоненті. Құқықтың қоғам өміріндегі ролін және оның не үшін арналғанын терең түсініп, соған лайық іс - қимыл жасайтын мемлекетті құқықтық мемлекеттің қатарына жатқызуға болады [8].
Құқықтық мемлекеттің жоғары да аталған белгілерін бір - бірінен бөліп қарамай, біртұтас түрінде алып қараған дұрыс. Егер этатистік мемлекеттің құқықтық мемлекетке айналу динамикасын қарайтын болсақ, онда мемлекеттілік құрылымдағы, іс - қимыл нысандары мен әдістеріндегі, ағымдағы және перспективадағы міндеттердің бірте - бірте өзгеруінің сандық тұрғыда жинақтала келіп, сосын оның сипаты мен табиғатындағы сапалық өзгерістерге алып келетіндігі анықтау маңызды болмақ.
Осылайша, құқықтық мемлекет деп құқықтық құндылықтарға приоритет беретін, жұртшылық арасында, сондай - ақ мемлекеттік аппарат қызыметкерлері арасында олардың биік беделі үшін қамқорлық жасайтын, өзінің бүкіл іс - қимыл құқық пне байланысты, заң талабы шегінде әрекет ететін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермейтін мемлектті санауға болады. [4].
2 АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Азаматтық қоғамның жалпы түсінігі және қалыптасу белгілері
Азаматтық қоғам -- әлеуметтік прогресс, мәдениет пен өркениеттің бесігі. Бұл ерекше өмір стилі, ойлау және қарым-қатынас түрі, айырықша экономикалық уклад. Бұл тіршілік әрекеті мемлекеттік-саяси формасымен байланысқанның бәрі, мемлекет, саясат, партия бой көтеретін топырақасты, іргетас, бүкіл қоғамдық өмірдің негізі. Осымен байланысты азаматтық қоғамға көптеген ғылымдар: құқықтану, экономикалық теория, тарих, философия, әлеуметтану және т.б. қызығушылық танытуда. Құқықтану азаматтық қоғамды азаматтық құқықтың субъектісі және құқықтың реттеу субъектісі ретінде зерттейді. Экономикалық теорияны азаматтық қоғамның пайда болуының экономикалық себептері, олардың өмір сүруінде каржы саласынын рөлі қызықтырады.
Тарих болса, азаматтық қоғамның нақты ұлттық формаларын, қоғамдық өмірге қатысудың ерекшеліктерін суреттейді. Философия мен әлеуметтану азаматтық қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде, қоғамдық ұйымдардың формасы және қарым-қатынас ретінде қарастырады. Алайда, азаматтық қоғамды зерттеуде саясаттануға ерекше маңызды рел берілген. Тек саясаттану ғана азаматтық қоғамның саяси және қоғамдық институттармен -- жалпы мемлекетпен, федералдық және жергілікті билік органдарымен өзара әрекет етудің сипаты мен формаларын зерттейді. Ғалымдардың кол жеткізген табыстарына сүйене отырып, саясаттану азаматтық қоғамның пайда болу себептері мен алғышарттарын, оның кұрылымын, функцияларын, эволюциялық бағыттарын қарастырады. Басқа сөзбен айтқанда, саясаттану азаматтық коғамның біртұтас бейнесін жаңадан жасайды.
Саяси-әлеуметтік әдебиеттерде азаматтық қоғамды түсіндіруде екі көзқарас -- кең және тар мағынада қарастыру калыптасқан. Кең мағынадағы азаматтық қоғам -- бұл мемлекет тарапынан тікелей бақылау жасалмайтын коғамдық өмірдің бүкіл салалары. Осындай тұрғыдан алғанда кең мағынадағы азаматтық қоғам демократиялық, авторитарлық мемлекеттерде, кейде тіпті тоталитарлық (мысалы, шаруа қауымдастығындағы, отбасындағы, достар арасындағы, діни және т.б. қарым-қатынастар) мемлекеттерде болуы мүмкін. Азаматтық крғам тар мағынада қоғамдық және мемлекеттік өмірдің барлық саласында заңның жоғарылығын қамтамасыз ететін, тұлғаның бостандығына, оның негізгі мүдделері мен құқықтарына, сонымен бірге адамдардың өз экономикалық, әлеуметтік және рухани мүдделеріне жету үшін алуан түрлі қоғамдық және азаматтың өзін-өзі ұйымдастыру формаларына кепілдік беретін демократиялық институттар мен құқықтық мемлекеттің өмір сүруімен тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда азаматтық қоғам адамдық қауымдастық ретінде қарастырылады. Азаматтық коғам кісі өмірінің алуан түрлі салаларын және мемлекеттік емес қатынастарды -- экономикалық, әлеуметтік, отбасылық, ұлттық, рухани, адамгершілік, діни, өндірістік, жеке бастық және с.с. ерікті түрде қалыптасқан алғашқы мемлекеттік емес құрылымдық катынастарды өзіне косып алған. Осындай азаматтық қоғам пайда болуы үшін құқықтық, демократиялық мемлекеттің болуымен қатар қоғам мүшелерінің алуан түрлі әлеуметтік мүдделерін көрсететін, соның ішінде саны жағынан көп, экономикалык жағынан барынша қамтамасыз етілген және тәуелсіз орта тап мүшесін бейнелейтін дамыған әлеуметтік құрылым болуы қажет. Орта тап азаматтық қоғамның тірегі, саяси тұрақтылық пен демократияның әлеуметтік негізі ретінде көрінеді. Бүгінде батыс қоғамының әлеуметтік кұрылымында орта таптың үлесі шамамен 60-70 пайызды құрайды.
Азаматтық қоғам екі негізгі әрі өзара байланыскан: әлеуметтік және институционалдық өлшеуде өмір сүретінін айтуымыз керек. Азаматтық қоғамды құрайтын әлеуметтік өлшеуіш -- бұл оның тарихи тәжірибесі. Өз кезегінде саяси тәжірибе саяси үрдіске негізгі қатысушылардың, дәлірек айтқанда жекелеген түлғалар, топтар, бірлестіктер және с.с. қимыл әрекеті үшін жанама түрде мүмкіндік дәлізін (коридорын) белгілейді. Әлеуметтік-тарихи тәжірибені -- ұжымдық және дербестік деп бөлсек те, олар түптеп келгенде, тұлғаның саяси мінез-құлкын, оның ойлау қалпын және түлға аралық қатынастардың басқа да көптеген аспектілерін анықтайды.
Азаматтық қоғамның институционалдық өлшеуішіне саяси емес, өз алдына жеке ұйымдардың жиынтығы және қоғамның әр түрлі топтарының мүддесі және оларды мемлекеттен тәуелсіз іске асыратын саяси сипат ретінде қараған жөн. Бүгінде азаматтык қоғам туралы ғылыми зерттеулерде оның мәні әр түрліше түсіндіріледі. Мысалы, ғалымдардың бір тобы азаматтық қоғам үғымын социумның белгілі бір қалыпты жағдайын сипаттаушы ретінде қолданса, олардың екінші тобы азаматтық қоғамды түсіндіруді социумның белгілі саласы -- мемлекеттік емес қатынастар саласы және институттар, т.б. саласы ретіндегі түсінікпен байланыстырады. Гегельдің пікірінше, азаматтық қоғам -- бұл ең алдымен жеке меншікке негізделген қажеттіліктер жүйесі, сонымен бірге дін, отбасы, сословие, тек мемлекеттік кұрылыс, құқық, мораль, парыз, мәдениет, білім, зандар және олардан туындайтын субъектілердің өзара зандық байланыстар жүйесі. Табиғи, мәдениетсіз калыптан адамдар азаматтық қоғамға өтуі тиіс, өйткені тек азаматтық қоғамда ғана құқықтық қатынастар шындыққа айналады [9].
Азаматтық қоғам -- бүл демократиялық елдерде қалыптасқан адамдар қауымдастығы, ол, біріншіден, қоғамның барлық тіршілік әрекеті саласында құрылған ерікті түрде мемлекеттік емес қүрылымдардан (бірлестіктер, үйымдар, ассоциациялар, одақтар, орталықтар, клубтар, қорлар және т.б.), екіншіден, мемлекеттік емес -- экономикалык, саяси, әлеуметтік, рухани, діни және т.б. қатынастар жиынтығын көрсетеді. Азаматтық қоғам мемлекеттік, мемлекеттік емес органдар мен козғалыстардың теңестірілген өзара бақылауын, өзара шектеуін жорамалдайды. Себебі, мемлекеттік органдардың кызметі әркашанда мемлекеттік емес органдардың кадағалауында болуы керек, ал мемлекеттік емес органдар өз кезегінде, қызметін заңға орай ұйымдастыруы тиіс және мемлекеттің объективті қажеттіліктерін ескеруі керек.
Азаматтық қоғам -- бұл заңды кезең, индивидтердің өзін-өзі көрсетуін жүзеге асырудың жоғары формасы. Ол елдің экономикалық саяси дамуы деңгейіне, халықтың әл-ауқатының артуына, мәдениет пен сана-сезімінің өсуі деңгейіне сәйкес пісіп-жетіледі. Азаматтық қоғам нақты тарихи адамзат дамуының жемісі ретінде сословиелік-феодалдық құрылыстың қатаң шеңберін қирату мен құқықтық мемлекет қалыптасу кезеңінде пайда болады. Жеке меншік негізінде барлық азаматтардың экономикалық дербестігін алуға және бәсекелес экономикада өмір сүру мүмкіндігінің пайда болуы азаматтық қоғам қалыптасуының міндетті алғышарты болып табылады. Азаматтық қоғамды қалыптастыруда сословиелік артықшылықтарды жою және азаматтың барлық өзге де азаматтармен тең заңды құқыққа ие болған азаматқа айналған адам тұлғасы маңызының артуы мәнді алғышарттар болып есептеледі. Тұлғаның құқы мен бостандығын қамтамасыз ететін құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның саяси алғы-шарты және іргетасы қызметін атқарады. Мұндай жағдайда адам мінез-құлқы оның жеке басының мүддесімен анықталады және оған барлық кимыл-әрекеттері үшін жауапкершілік жүктеледі. Осындай тұлға өз бостандығын, еркіндігін бәрінен жоғары қояды, сонымен қатар ол басқа адамдардың заңды мүдделеріне де құрметпен қарайды.
Демократияның дамуы және тарамдануы азаматтық қоғамның тынысәрекетінің маңызды жағдайы болып табылады. Тек дамыған демократия жағдайында ғана тұлғаның ішкі еркіндігін және оның азаматтык қоғамның қайсыбір институттарына енгендігіне қарамастан, толық дербестігін сақтау қабілеттілігін қамтамасыз ету мүмкін болады. Басқарудың түрлі формалары бар мемлекеттен азаматтық қоғамның айырмашылығы сол, ол саяси деңгейде тек демократия жағдайында өмір сүре алады [10].
Азаматтық қоғамның пайда болуы тұлға, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz